Мәліметтер қорына қосылуды құру терезесі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
5
2 ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМ
7
2.1 Жетілдірілетін АЖО-ң қолданылуы. АЖО-н жасауға арналған оптималды бағыттарды таңдау
8
2.2 АЖО-на құрылған бағдарламалау ортасы туралы жалпы мәліметтер
12
2.2.1 Бағдарламадағы қолданылған мәліметтер базасы
12
2.3 Жобаның физикалық түрде сипатталуы
12
2.3.1 Программалық қамсыздандыруды құру сатылары
13
2.4 Жобаның құрылымын сипаттау
25
2.4.1 Ақпараттық қамсыздандырудың сипаттамасы
25
2.4.1.1 Кестелер құрылымы
27
2.5 Кестелердің байланыс сұлбасы
27
2.5.1 Программалық қамсыздандырудың логикалық сұлбасы
27
2.6 Техникалық жабдықтарға талаптар
28
2.7 Программалық жабдықтарға талаптар
28
2.8 Мамандарды даярлауға талаптар
30
2.9 Қолданушы жетекшілігі
30
3 ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ. ӨНДІРІСТІК САНИТАРИЯ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ГИГИЕНАСЫ
30
3.1 Жұмыс орындарындағы және өндіріс мекемелеріндігі жалпы санитарлы - техникалық талаптар
30
3.2 Еңбек қорғау
38
3.3 Электрқауіпсіздігі
38
3.4 Шу деңгейлеріне және дірілдеуге талаптар
41
3.5 Шаң және зиянды химиялық заттар
44
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК ЕСЕБІ
45
ҚОРЫТЫНДЫ
46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
47
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынынының көбеюі кезеңінде өмір сүруде. Бұл экономика, әлеуметтік және басқару саласында айқын байқалады. Нарықтық қатынас ақпараттың уақтылы берілуіне, шынайылығына, толықтығына жоғары талаптар қояды, мұнсыз маркетингтік, қаржы - кредиттік, инвистициялық іс әрекеттер тиімді жүргізілмейді. Ақпаратқа түрлендіруші, анықтаушы қасиет тән. Информатика индустриясын құру және ақпараттық өнімнің тауарға айналуы - қоғамда терең әлеуметтік өзгерістерге алып келеді. Ақпарат материалдық өндірістен әлеуметтік салаға дейінгі қоғамның барлық салаларын қамтиды.
Дамудың әрбір кезеңінде адамзаттың алдында ақпаратты жинақтау, өңдеу және тарату мәселелері тұрды. Көп уақыт бойы осы мәселені шешудің негізгі құралдары ретінде адам миы, тіл және есту мүшелері қолданылып келді. Ең алғашқы өзгеріс жазу өнерінің келуімен, одан соң кітап басудың шығуымен болды. Осы кезеңдегі ақпарат тасығыш құралы ретінде қағаз қолданылды.
Осы жағдай ЭЕМ-нің келуімен түбірімен өзгерді. Алғашқы ЭЕМ-ры үлкен автоматты арифмометрлер ретінде қолданылды. Бұл қадам адам қызметінің ақпаратты өңдеудегі негізгі бөлім болып табылатын кешенді автоматтандыруға ауысты.
ЭЕМ-рын жүйелік қолданудың әлемдік тәжірибедегі бір мысалына мәлеметтерді өңдеу жүйесін, мысалы банктік операцияларды, бухгалтерлік есептерді, билеттерді өңдеуді автоматтандыру жатады. Осындай операциялардың тиімділігі автоматтандырылған ақпараттық базаларға сүйенеді. Бұл дегеніміз, ЭЕМ-ң жадысында жүйенің жұмысына қажетті ақпарат сақталады.
Кезекті есепті шешу кезінде жүйе көп емес қосымша ақпаратты еңгізуді ғана қажет етеді, ал қалғаны ақпараттық базаның өзінен алынады. Жаңа еңгізілген ақпараттың әр бір бөлігі жүйенің ақпараттық базасын өзгертеді.
Ақпараттың ЭЕМ-ң жадысында сақталуы оған жаңа динамамикалық сапа береді. Жаңашыл ЭЕМ-ғы автоматты баспаға шығару қызметі қажетті жағдайда осы ақпараттан таңдау бойынша кез-келген мәліметті қағазға шығарып береді.
Дипломдық жобаның жаңашылдығы қазіргі замандағы ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты кәсіпорынның қызметін автоматтандыруға қажетті бағдарламалаық кешен құрумен негізделеді. Жоғарыда көрсетілген талаптарды әзірлеу үшін қандай да бір универсалды ДББЖ-нің құралдарын пайдаланбай,Windows-та жұмыс істейтін, интерфейсі ыңғайлы жұмыс істеу үшін максималды икемденген, қосымша білімді талап етпейтін, орындалтын файл түрде жүктелетін, жеке тәуелсіз бағдарламаны әзірлеу. Осы талаптарға сәйкес мына дипломдық жобаның қажеттілігі туады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні, негізі информациялық және компьютерлік технология аймағындағы казіргі кездегі қол жеткізулерді енгізуге болатын процестерді автоматизациялау болып табылады.
Осы дипломдық жобада Автоматтандыру бағдарламалық кешенін нақты ұйымдастыру үшін деректерді тіркеу және өңдеу процесін жетілдірудің автоматтандырылуы қарастырылды. Осыған сәйкес сол программалық қамсыздандыруға кеткен, жұмсалған техника бұйымдарының технологиялық және экономикалық параметрлері туралы ақпараттар коммерциялық құпия болғандықтан базалық нұсқа ретінде жасалынатын өлшеу жүйелерінің біреуін таңдау керек. Оптималды еңбек жағдайын құру кезінде орындалатын жұмыстардың қолайлылығын қанағаттандыратын, энергияны және оператор уақытын үнемдейтін жұмыс орнын дұрыс жоспарлау үлкен мәнге ие.
Зерттеу нысаны кітап өнімдерін сатумен айналысатын мекеме.
Зерттеу пәні: деректерді тіркеуді және өңдеуді автоматтандыруға арналған басқару жүйесінің математикалық, алгоритмдік және бағдарламалық қамсыздандыруларының жиынтығы.
Осы дипломдық жобаның мақсаты кітап өнімдерін сатумен айналысатын фирманың деректерін тіркеу және өңдеу процестерін автоматтандыру үшін деректерді тіркеу және өңдеу процесін жетілдіру
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
1. Зерттеу тақырыбы бойынша ауқымды зерттеулер жасап, талдау жүргізу;
2. Тәжірибелік мәліметтерді жинау және анализдеу;
3. Бағдарламалық қамсыздандыруды құру ортасын таңдау;
4. Автоматтандыру бағдарламалық кешенін нақты ұйымдастыру үшін деректерді тіркеу және өңдеу процесін жетілдірудің бағдарламасының логикалық сұлбасын құру.
Зерттеу әдістері. Қойылған міндеттерді шешу кезінде келесі әдістер қолданылды: математикалық модельдеу, есептеу математикасы, басқарудың қазіргі заманғы теориясы.
Кез-келген АЖО-да ақпараттық-басқарушы жүйені құрудың маңызын арттыру үшін, оны құруға арналған еңбектік, материалдық және қаржылық шығындардың алдын-ала жоспарланғаны дұрыс. Бұл жағдайда жүйенің ақпараттық-басқарушы жүйесін құруға кеткен шығындар программисттің жұмысына және желіні жүктеуге кеткен машиналық уақыттың ақысына жұмсалған шығындардан тұрады.

Автоматты басқару жабдықтарын қызметтік салаға енгізудің жанашыл түрлері кешенді түрде басқаруға, реттеуге, мәлімет алмасуға мүмкіндік береді.
Кейінгі кезде әртүрлі қызмет салаларын жан-жақты басқару жүйелері, яғни ақпаратты локальды өңдеу қолданады. Жан-жақты басқару тәсілін жетілдіру үшін әрбір басқарылатын деңгейге арнайы жеке ЭЕМ-ң базасында автоматтандырылған жұмыс орнын құру қажет.
Мамандар автоматтандырылған жұмыс орнын талдай отырып, оларды қажетті жұмыс орнының өзіне автоматтандыру мақсатында орналастырылған арнайы кіші есептеу жүйелері ретінде қарастырады.
Әрбір басқару нысаны үшін олардың функционалдық қолданылуына сәйкес автоматтандырылған жұмыс орнын құрастырады. Бірақ автоматтандырылған жұмыс орнын (АЖО ) құру принциптері жалпы болуы қажет: жүйелі, икемді, тиімді.
АЖО-ның жүйелік принципін қүрылымы функционалдық түрде анықталатын жүйе ретінде қарастырады.
Икемділік принципі жүйенің мүмкін болатын өзгерістерге бейімделе алуын білдіреді.
Тұрақтылық принципі АЖО жүйесі оған әсер ететін ішкі және сыртқы факторларға қарамастан негізгі функцияларды орындаумен негіделеді. Бұл дегеніміз оны жекелеген бөліктеріндегі ақаулар жылдам жөнделіп, ал жүйенің жұмыс қабілеттілігі тез қалпына келтірілуі болып табылады.
Автоматтандырылған жұмыс орнының тиімділігін жүйені құру және эксплуатациялық шығындарына жататын, жоғарыда аталған принциптердің таралу деңгейінің интегралды көрсеткіші ретінде қарастырады.
Енді ЭЕМ-ң базасындағы АЖО-ң даму перспиктивасын және жағдайын, содан соң АЖО-ң техникалық программалық қамтамасыз етілуін қарастырайық.
Сурет 1. Жеке ЭЕМ-ң жалпыланған сұлбасы
1 - микропроцессор, 2 - негізгі жады, 3 - СЕСҚ, 4 - дисплей, 5 - клавиатура, 6 - баспаға шығарушы құрылғы, 7 - жүйелік магистраль
Электрониканың дамуы есептеу машиналарының жаңа класының жеке ЭЕМ-ң дамуына әкелді. Жеке ЭЕМ-ң басты артықшылығы - құнының төменділігі және жоғары өнімділігі. Осы күні әр түрлі мамандықты мамандарды ой және басқару енбегіне баулу үшін жеке ЭЕМ-ң базасында құрылған АЖО-ны жасау кең қолданылды.
Қыметкерлердің АЖО-н құрайтын негізгі элеметтерді қарастырайық 1- суретте АЖО-ң техникалық негізін құрайтын жалпы сұлбасы көрсетілген.
Жеке ЭЕМ-ң негізгі құрылғысы программадағы әртүрлі операцияларды орндайтын микропроцессор болып табылады. Микропоцессордың разрядтығы екілік кодтағы сөздің ұзындығын білдіреді. Сонымен қатар, олар тактілік жиіліктеріне қарай бөлінеді. Процессордың тактілік жилігіне разрядтығы неғұрлым жоғары болса, өнімділігі де жоғары болады. Жеке ЭЕМ-да секундына бірнеше ондаған миллион операцияларды орындау үйреншікті жағдай болып табылады.
ЖЭЕМ-ң өнімділігі ол жұмыс істейтін жады мөлшеріне де байланысты. Жады негізгі және сыртқы болады . Негізгі жады екі компоненттен тұрады: тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM немесе ТЕСҚ) және жедел есте сақтау құрылғысы (RАM немесе ЖЕСҚ).ЖЕСҚ-да программаның динамикалық ақпараты және өңделетін мәліметтер сақталады. Қорек ажырағанда ЖЕСҚ-дағы мәліметтер жоғалады. ТЕСҚ жедел ЕСҚ - на қарағанда кішірек, ондағы ақпарат тұрақты сақталады. Осы өзгерту тек ТЕСҚ-ң программа-торларымен іске асырылады. Жадының көлемі 8 разрядты ЭЕМ-да 64Кб - 640Кб, 16 разрядтыда-1Мб, 32 разрядтыда - 4МБ және одан жоғары. Сыртқы есте сақтау құрылғыларында әр түрлі типті болады. Ленталық жинақтағышта ақпарат магниттік лентада сақтау үшін қажет. Қазір олар бірнеше гигабайт (1Гб1024Мб) ақпаратты сақтайды.Бұл құрылғылар өте ертеде пайда болғанымен,қазіргі уақытта да үлкен сұранысқа ие. Дисктік жинақтағыштарды бірнеше топқа бөлуге болады:
1. Иілгіш дисктердегі жинағыштар (флоппи дисктер). Дискеталар сыйымдылығы аз болса да құнының арзандығынан үлкен сұранысқа ие.
2. Қатаң дисктердегі жинағыштар(винчестерлер). Олар да кең таралған, мәліметтерді беру жылдамдығы өте жоғары,сыйымдылығы жоғары, ақпаратты сақтау тұрақтылығы үлкен.Винчестерлердің бағасы төмендеп, ал жылдамдығы,тұрақтылығы,сыйымдылығы жоғарылап барады.
3. Лазерлік дисктердегі (СD-ROM)жинақтағыштар.Бірқатар кемшіліктеріне қарамастан (мәліметтерді алмау) СD-ROM-да ақпаратты сақтау жабдығы ретінде көп пайдаланылады.Артықшылығы: көп көлемді ақпаратты (600Мб)сақтайды.
Дисплей - ақпаратты кескіндеуге арналған негізгі құрылғы.
Клавиатура - ақпаратты еңгізуге арналған негізгі құрылғы.
Жинақталған тәжірибелер АЖО - ң келесі талаптарға сәйкес болуын көрсетеді:
* Маманның ақпараттық және есептеу қабілеттерін өз уақытында қанағаттандыру;
* Қолданушы сұранысына аз уақытта жауап беру;
* Қолданушының дайындық деңгейіне және кәсіби сұраныстарға бейімделуі;
* АЖО-ң жұмыс тәсілдерін меңгеру қарапайымдылығы және қамтамасыз ету оңайлығы;
* Есептеу желісінде жұмыс істеу мүмкіндігі.
2 - суретте АЖО - ң жалпыланған сұлбасы көрсетілген.
Автоматтандырылған жұмыс орны
Техникалық жабдықтар
Программалық жабдықтар
Ақпараттық қамсыздандыру және әдiстемелiк құжаттар
Жалпы ПҚ
Функционалды ПҚ
Жүйенiң қызметiн қамтамасыз ететiн есептеу жүйесiнiң ресурстарын басқару
Жаңа программалық жабдықтарды құруға
арналған құралдар

Сурет 2. Автоматтандырылған жұмыс орнының сұлбасы
Жалпы программалық қамсыздандыру (ПҚ) есептеу техникасының қызметтерін, жаңа программаларды жасау және қосуды қамтиды.
АЖО-ң кәсіби бағдары ПҚ - ң функционадық бөлімімен анықталады. Осы бөлімде нақты бір маманға бағдар жасалып, нақты бір есептер шешіледі.
Функционалдық ПҚ-ды жасау кезінде "адам мен машина" арасындағы байланыстар ұйымдастырылады. Қолданушыға ЭЕМ-да жұмыс істеудің қызықты әрі тартымды болуы оның пайдалы, қажетті іспен айналасуына байланысты.
АЖО - н ұйымдастыру мақсатында диологтық жүейелерді талдау оларды қолданушы мен машина арасындағы байланыс принципіне қарай келесі топтарға бөлінеді:
1. Командалық тілді жүйелер
2. Адам нысандар әлемінде
3. Меню формасындағы диалог
Қолданбалы жүйелерді командалық тілді қодану - мини - және микро ЭЕМ - ры үшін командалар интерпретаторларын құрастыру. Оның артықшылығы - құру және тарату оңайлығы, кемшлігі - командалар мен оның параметрлерін сақтау қажеттігі, қате егізудің қайталануы, әр түрлі деңгейдегі командаларға енудің шектелуі. Адам нысандар әлемінде тобында арнайы командалар жоқ, мұнда адам жұмыс процесінде қажетті нысанға курсорды клавиша арқылы басқарып немесе арнайы құрылғылармен (тышқан, перо) барады. Меню формасындағы, диалог тұтынушыға бірнеше альтернативті таңдау (әрекет) береді, ол осыдан қажеттісін таңдай алады. Қазіргі уақытта соңғы екі топтан тұратын қолданушы интерфейсі кең қолданылады. Мұнда жұмыс кеңістігі үш бөлікке бөлінеді. Біріншісі (әдетте экранның үстіңгі жағында орналасады) жол немесе меню жолағы деп аталады. Оның көмегімен менюдің әр түрлі бөлімдеріне кіруге болады. Екінші бөлік (төменде орналасады немесе кейбір программаларда оның болмауы мүмкін) жағдай жолы деп аталады. Үшінші бөлік жұмыс беттігі деп аталады. Адам мен машина арасында осындай диалогты ұйымдастыру формасы барлық жаңашыл программаларда қолданылады.
Қазіргі кезде текстік редакторлардың,кестелердің, графикалық редакторлардың мүмкіндіктерінен тұратын программалық пакеттерді көп көңіл бөлінеді. Сондықтан , текістік және графикалықақпарат түрлерін бір түрге біріктіру үшін мәліметтер базасын басқару жүйесі ( МББЖ ) қолданылады . Сондықтан кәсіби бағыттағы АБО-н құруға көшу қарастырылып жатыр .Ол келесілерден тұрады :
* Шешілетін есептерді белгілеу
* Басқа қызметкерлермен байланыс
* Кәсіби қызығушылықты белгілеу
* Арнайы техникалық жабдықтарды қолдану (тышқан, желі, телефон номерлерін автоматты түрде алу т.б.)
Мамандарды мұндай АЖО-мен жабдықтау мекеме қызметкерлерінің еңбек өнімділігін жоғарылатады, санын азайтады , сонымен қатар тиімді басқаруға және жоспарлауға қажетті экономикалық ақпаратты өңдеу жылдамдығын, сенімділігін арттырады.
Енді Қазақстандық нарықтағы кітапханаларға арналған программалық комплекстерді қарастырайық.

Жетілдірілетін бағдарламалық қамтамасыз ету кәсіпорындағы ақпаратты тіркеу, өңдеу, енгізу, сақтау үшін қолданылады. Осындай АЖО-н жасау сауда саласы қызметкерлерінің жұмысын көп оңайлатады:
* Қажетті ақпаратты жылдам және жедел түрде алуға мүмкіндік береді.
* Мәліметтерді енгізуді оңайлатады.
* Есептерді тез алуға көмектеседі.
* Қолданушыға товар туралы ақпаратты жылдам әрі дәл табуға көмектеседі.
Программалық қамсыздандыру Delphi ортасында жасалғандықтан ең алдымен осы программаның алатын орны мен маңызды жақтарына тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын. Сондықтан бір-екі бөлімді осы программаның жалпы қызметіне арнаймын.

Дипломдық жобадағы бағдарламалық қамтамасыз ету Delphi ортасында құрылды. Delphi - Windows операциялық жүйесінде жұмыс істеуге бағытталған бағдарлама құру ортасы. Delphi - дегі бағдарлама қазіргі көркемдік жобалау технологиясының негізінде құрылады, ал олар өз кезегінде объектілі - бағытталған бағдарламалау идеясына сүйенеді. Delphi - дегі бағдарлама Object Pascal тілінде жазылады, ол Turbo Pascal тілінің қабылдауышы мен дамушысы болып табылады. Turbo Pascal бағдарламалау тілі мен ол қолданылатын біратты интегралдық құру ортасы кезінде бағдарламалық өнімді құру құралы, соның ішінде бағдарламалауды оқып - үйренетін құрал негізінде кеңінен танымал болған. Бұл танымалдық тілдің қарапайымдылығы, жоғары сапалы компилятор және қолайлы құру ортасына байланысты. Бірақ бағдарламалық технологиялар бір орында тұрмай ары қарай дамиды, сондықтан Borland фирмасы (1998 жылдың сәуір айынан бастап Inprise Corporation) тағы бір жаңалық ашады: Turbo Pascal тілінің орнына Object Pascal тілі келеді, ол объектілі - бағытталған бағдарламалау концепциясына сүйенеді.
Delphi және Object Pascal көп жылғы эволюцияның нәтижесі болып саналады, сондықтан бүгінгі таңда олар қазіргі компьютерлік технологияның өнімі болып табылады. Жеке тұрғыдан алғанда оны былай айтуға болады, Delphi - дің көмегімен бағдарламаның әртүрлі типін - консольді қосымшалардан бастап, деректер базасы мен Internet - те жұмыс істейтін бағдарлама құруға болады.
Delphi бағдарлама құратын және жаңа бағдарламаны даярлайтын бағдарлама құру әдістерінен, сондай-ақ құрауыштар кітапханасынан тұрады. Delphi бағдарламасы - бұл өзара байланысқан бірнеше файлдар. Кез - келген бағдарлама жоба файлы (мұндай файл .dpr кеңейткішінен тұрады) және бір немесе бірнеше модульден тұрады (.pas кеңейткіші бар файлдар). Жоба файлы бағдарламаның жинақтаушы бөлігі болып табылады, ол өте үлкен емес және Delphi бағдарламалау жүйесінде автоматты түрде қалыптасады.
Класс - берілгендер мен оларға әрекет жасайтын арнайы тип. Ол өріс, әдіс және қасиеттерден тұрады. Кластың данасы болып объект табылады.
Объект - белгілі тапсырманы орындауға арналған, екілік бағдарламалық кодтың автономды бөлігі болып саналады. Объектінің барлық құрауыштары объект болып табылады, бірақ керісінше емес.
Құрауыш - Delphi - дің стандартты класы, Delphi ортасында көрнекілік бағдарламаны іске асыруға арналған. Құрауыш болып меню, батырмалар, стандартты диалогтар (мысалы, қаріпті таңдау, файлды сақтау), енгізу терезесі және редактірлеу терезесі және т.б. табылады. Құрауыштар өріс, әдіс және қасиеттерден тұрады. Қолданушының құрауыштармен жұмысы, оны негізгі терезедегі Құрауыштар палитрасынан таңдап және пішіннің терезесіне орналастырып, олардың қасиеттері мен мазмұнына қарай белгілі оқиғаға ықпалын икемдеу болып табылады. Delphi құрауыштары қолданушымен жылдам қарым - қатынас жасау үшін қолданылады.
Құрауыштар қасиеті - белгілі объекті берілгенде немесе өзгергенде автоматты түрде оның атрибутын өзгертетін құрауыштың өрісі. Құрауыштың функциясын (атқаратын міндетін) анықтайды.
Құрауыштың оқиғасы - құрауыштың қолданушы немесе операциялық жүйемен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады. Әрбір құрауыш стандартты оқиғалардың жиынынан тұрады.
Құрауыш пішінге немесе басқа құрауышқа тиісті болуы мүмкін.
Пішін деп - Windows терезесінің қасиеттеріне ие және біркелкі функционалдық тағайындалумен байланысқан, құрауыштарды орналастыруға негіз болатын көрнекілік құрауышты айтамыз.
Қосымшаның пішіні қолданушылық интерфейстің негізі болып саналады. Қосымшада бірнеше пішін болуы мүмкін. Пішін туралы ақпарат екі типті файлда сақталады: - .dfm және - .pas, файлдың бірінші типі (пішіннің файлы) - екілік - пішіннің кескінін және қасиеттерін сақтайды, екінші тип (пішіннің модульі ) сіздің қосымшаңыздың функциясын іске асыратын кодтардан тұрады және пішін мен оның құрауыштары үшін оқиғаларды өңдеуді қарастырады. Екі файл да автоматты түрде Delphi - де синхрондалады. Әрбір пішінге өзінің модульі сәйкес келеді.

Мәліметтер қоры бір файлда (Access) немесе бірнешеуінде сақталынуы мүмкін (Paradox, dBase). Дәлірек айтсақ, кестелер мәліметтері әрдайым бір файлда сақталынады, ал қосымша ақпарат жекелеген файлдарда орналасуы мүмкін. Қосымша ақпарат ретінде индекстер, шектеулер немесе үнсіз келісім бойынша нақты өрістер үшін мәндер тізімі. Егер де тым болмаса бір файл бұзылса немесе жойылып кетсе мәліметтер редакциялауға жарамсыз болуы мүмкін.
Индекстер дегеніміз не? Кестелердің мәліметтері қандай да бір өзгертулерге өте жиі әкелуі мүмкін, өйткені қайсыбір жолды түзетпес бұрын оны тауып алу қажет. Анықтамалықтар негізінде қолданылатын статистикалық кестелерде сұралатын мәліметтерді шығару алдында оны іздеу амалдарына әкеліп соқтырады. Егер кесте өте көп жолдардан тұрса іздеу операциясы қыруар жұмысты алады. Индекстерді бұл процедураны тездетуге арналған, сондай-ақ сұрыптау кезінде жіберу нүктесі ретінде де қолданылуы мүмкін. Аталған кезеңде индекстелмеген өрісті реттеу мүмкін емес екендігін білу жеткілікті.
Өз өнімдеріне ADO технологиясын бейімдеген Microsoft - қа қарағанда Borland фирмасы бізге әр түрлі технологиялар арқылы жұмыс істейтін түрлі құралдарды берді және тек қана онымен шектеліп қалған жоқ. Мұндай жағдай басқа программистер алдында үлкен абырой әкеледі. Бұған қоса кез келген уақытта қолданылуы мүмкін топтар да бар, бұл жерде мен бізге жеткілікті құралдарға шолу жасау керек.
Data Access бетбелгісінде мәліметтерге қатынаудың негізгі құрауыштары орналасқан. Бұл құрауыштар барлығына ортақ және басқа да құрауыштар топтарымен бірлесіп қолданылуы мүмкін.
Сурет 6. Құрауыштар палитрасының Data Access бетбелгісі
Data Controls бетбелгісінде кестелердегі мәліметтерді шығару және редакциялау үшін қажетті құрауыштар орналасқан. Бұл құрауыштар да сол сияқты мәліметтерге қатынаудың қолданылатын технологиясынан тәуелсіз қолданылуы мүмкін.
Сурет 7. Құрауыштар палитрасының Data Controls бетбелгісі
BDE бетбелгісі мәліметтер қорына қатынауға мүмкіндік туғызатын Borland фирмасымен құрастырылған Borland Database Engine атауы бар технологияға құрауыштардан тұрады. Бұл технология ескіріп кетті, бұрынғы нұсқалары үшін үйлесімділікке қойылады. Осыған қарамастан ол мәліметтер қорының Paradox, dBase сияқты ескі типтерімен жақсы жұмыс істейді.
Сурет 8. Құрауыштар палитрасының BDE бетбелгісі
DBЕxpress - Borland фирмасының мәліметтерге қатынаудың жаңа технологиясы. Ол ерекшеленеді және мәліметтер қоры қолданатын клиент серверлік қосымшаларды бағдарламалауға арналған. Бір бетбелгілі құрауыштарды серверлік технология бойынша құрылған Oracle, DB2 немесе MySQL сияқты мәліметтер қорына қолдану керек.
ActiveX Data Objects (ADO) технологиясы. Delphi - де мәліметтер қорымен жұмыс істеудің альтернативті мүмкіндігі енгізілген. Бұл Microsoft фирмасында құрылған Activex Data Objects (ADO) технологиясы. ADO- бұл реляциялық және реляциялық емес МҚ электрондық пошта, жүйелі, мәтінді, графикалық файлдардан тұратын мәліметтерден кез келген типіне сәйкес келетін қолданушы интерфейсі мәліметтермен байланысу OLEDB технологиясының қатысуымен жүзеге асырылады.
ADO - ны қолдану мәліметтермен жұмыс істеуге қамтамассыз етеді. ADO - мен жұмыс істеу үшін компьютерде ADO 2.1 және одан жоғары нұсқалы жүйесі орнатылуы қажет.
Сурет 9. Құрауыштар палитрасының АDО бетбелгісі
Access мәліметтер қорымен жұмыс істеу компьютерге Office бағдарламасымен бірге орнатылуы мүмкін болатын немесе жеке орнатылатын арнайы АDО баптауы арқылы жүреді. Егер біздің бағдарламамыз клиенттің компьютерінде жұмыс істемейтін болса, АDО-ны компьютерге орнатуды қамдау қажет. Бұл жұмыста құауыштардың барлығын жазып қажеті жоқ, бірақ мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған кәсіптік қосымшалар жазу мүмкін болатын қажетті ақпаратты беруге болады.
Қазір біз Access мәліметтер қорын қалай құрып қолдану керектігі жайлы қарстыраық. Ол үшін біздің компьютерімізде MS Office және оның құрауышы MS Access орнатылуы тиіс. Access-те мәліметтер қоры құрылады, ал олармен біз Delphi арқылы жұмыс істейміз.
Access-ті іске қосып менюден Файл-Создать командасын орындаймыз. Мәліметтер қорын құру шеберінде База данных (Мәліметтер қоры) пунктін таңдап және ОК батырмасына шертеміз. (сурет 10) Бізге мәліметтер қорының атын және орны орналасуын таңдау сұралады, қажеттісін көрсетіп, өз файлымызға Database.mdb атауын береміз.
Сурет 10. Жаңа мәліметтер қорын құру терезесі
Осыдан кейін Access мәліметтер қорын құрып оны көрсетілген жол бойынша сақтайды. Ал бізге мәліметтер қорымен жұмыс істеу терезесі көрінеді. Терезенің сол жағында жұмыс істеуге арналған объектілерді таңдау бағанасы орналасқан. Ең бірінші Таблицы (Кестелер) пункті орналасады (ол үнсіздіктен ерекшеленіп тұрады). Егер бұл объект бізде ерекшеленбесе онда оны ерекшелеңіз. Терезенің оң жағында үш пункт орналасады:
Сурет 11. Кесте құру
1) Кестені Конструктор режимінде құру
2) Кестені шебер көмегімен құру
3) Кестеге мәліметтерді енгізе отырып құру
Бұл командалардың көмегімен мәліметтер қоры ішінде бір файл ретінде сақталынатын кестелер құруға болады. Мәліметтер қорындағы барлық мәліметтер екі өлшемді кесте түрінде сақталынады.
Бағандар кестеде өрістер деп аталады және олар арқылы кестеде қандай мәліметтер сақталғанын анықтауға болады. Телефон анықтамасының мәліметтер қорын құруды іс жүзінде қарастырайық. Кестені Конструктор режимінде құру -ды таңдап жаңа кесте құрамыз. Біздің алдымызда 12- суретінде көрсетілгендей терезе ашылады.
Сурет 12. Кестені құру терезесі
Жоғарыдағы тордың ішінде кестенің өрістерін, олардың типін және сипаттамасын енгізесіз (соңғысы міндетті емес). Біз торға жаңа өрісті енгізіп оның типін көрсеткенде, терезенің төменгі бөлігінде жаңа өрістің қасиеті пайда болады. Өрістің типіне байланысты қасиетерінің саны да өзгереді. Олардың ішіндегі ең негізгілері:
Өрістің максимальды ұзындығы. Мәтіндік өріс үшін өлшемі 255 символдан артпауы тиіс. Егер мәтін ұзынырақ болса, онда Memo өрісін (Поле Memo) қолдану қажет.
Өріс пішімі. Бұл жерде сіз мәліметтердің ішкі түрін көрсете аласыз. Мысалы, өріс YesNo сияқты логикалық өрістерді, немесе mm yyyy сияқты күнді.
Енгізу маскасы. Бұл жерде біз өрісті редактілеуді бейнелейтін масканы енгіземіз. Егер біз Маска ввода (Енгізу маскасы) жолындағы ... жолына шертсек, масканы құру шеберін көреміз.
Үнсіздік бойынша мән. Үнсіздік, Африкадада да үнсіздік.
Міндетті өріс. Егер қолданушы бұл жерге мән енгізбесе, қате туралы хабарлама шығады. Мұндай өріс бос болуы мүмкін емес.
Бос жолдар. Алдыңғыға ұқсас, өйткені бұл өріс те бос болуы мүмкін емес.
Индекстелген өріс. Индекстелмеген, сәйкестіктері бар индекстелген, сәйкестіктері жоқ индекстелген болуы мүмкін. Негізгі индекс сәйкестіктерсіз болады. Ал қалғандары міндетті түрде сәйкестіктерімен.
Юникод қысуы - Юникод-қа сәйкес мәліметтерді қысуға арналған.
Алты өріс құраймыз:
1) Өріс атауы - Key1. Типі - санағыш (счётчик). Және ол бізде кілттік өріс болады. Өріс өлшемі - Ұзын бүтін (Длинное целое). Индекстелген өріс - Иә (Да) (Совпадения не допускаются).
2) Өріс атауы - Фамилия. Типі - мәтіндік (текстовый). Өріс өлшемі - 50. Индекстелген өріс - Иә (Да) (Допускаются совпадения).
3) Өріс атауы - Имя. Типі - мәтіндік (текстовый). Өріс өлшемі - 50. Индекстелген өріс - Иә (Да) (Допускаются совпадения).
4) Өріс атауы - Телефон. Типі - мәтіндік (текстовый). Өріс өлшемі - 10. Индекстелген өріс - Иә (Да) (Допускаются совпадения).
5) Өріс атауы - E-mail. Типі - мәтіндік (текстовый). Өріс өлшемі - 20. Индекстелген өріс - Иә (Да) (Допускаются совпадения).
6) Өріс атауы - Город. Типі - сандық (числовой). Өріс өлшемі - Ұзын бүтін (Длинное целое). Индекстелген өріс - Жоқ (Нет). Неліктен қала жолдық емес, қалалардың атаулары - мәтін емес пе? Біраздан кейін қала неге сандық болатынын көрсетеміз. Бұдан басқа барлық өрістерде Міндетті өріс (Обязательное поле) Жоқ ал Бос жолдар (Пустые строки) Иә (Да) деп тұр. Егер біз өрісті міндетті етіп орнатсақ, барлық жолдарда сәйкес өріс жазылуы тиіс. Егер біз бос жолдарды қоймасақ (Жоқ деп қою), онда көрсетілген өрісте міндетті түрде бірдеңе жазылуы тиіс, әйтпесе қателер шығады. Шынымен-ақ егер қандай да бір өрісте мән болуы үшін оны міндетті етіп тағайындау қажет.
Енді бірінші өрісті (Key1) ерекшелеп тышқанның оң жақ батырмасын басып Кілттік өріс (Ключевое поле) пунктін таңдайық (сурет 13). кілттік өрісті тағайындау міндетті іс әрекет болып есептеледі, егер біз олай етепесек кесте редактіленбейді, ал бұл дегенімізі оған жолдар қосылмайды деген сөз.
Сурет 13 Кілттік өрісті тағайындау
Енді, кестені сақтап, жабуға болады. Кестені сақтау керек пе? (Сохранить таблицу) сұрауына оң жауап беріп оны Справочник атауымен сақтайық.
Біздің бірінші мәліметтер қорымыз дайын болды. Оны жауып келесі біздің мәліметтер қорымен жұмыс мысалымызға көшейік.
Біз MS Access мәліметтер қорымен жұмыс істейтін бағдарлама жазып жатырмыз. Қолданбалар құру үшін MS-тен қарағанда ADO - ны қолданған жақсы. Мәліметтер қорымен жұмыс істегенге арналған біздің алғашқы қосымшамызды жазайық.
Жаңа жоба құрайық. Енді формаға құрауыштар палитрасынан ADO бетбелгісінен ADOConnection құрауышын кірістірейік. ConnectionString қасиеттінде жазылатын сервермен байланысты баптайық. Ол үшін ConnectionString жолында екі рет шерту қажет және бізге
-ADOConnection.
14 суретінде көрсетілгендей терезе ашылады.
Сурет 14. Мәліметтер қорына қосылуды құру терезесі
Бұл жерде бізге төмендегідей таңдау жасау қажет:
1. Арнайы файлды қолдану (Use Data Link File);
2. Қосылу жолын таңдау (Use Connection String)
Екіншісі, қосылу жолын қалай құру керек. Ол үшін Build батырмасына бассақ 15 суретінде көрсетілгендей тағы бір терезе ашылады.
Provider бетбелгісінде мәліметтер қорына қатынау мүмкіндігі бар бар ADO драйверлер көрсетілген. Егер қандай да бір драйвер жоқ болса, онда үнсіздікте ерекшеленген Microsoft OLE DB Provider for ODBC Drivers-ті қолдану болады. Бұл драйвер ODBC драйвер арқылы мәліметтер қорына қатынас жасауға мүмкіндік береді. Біздің жағдайымызда MS Access мәліметтер қорына қатынауға Microsoft Jet OLE DB Provider қолданылады. Мұндай драйвер машинаға міндетті түрде MS Office - мен бірге орнатылады, ал Windows-тың соңғы нұсқаларында ол үнсіздіктен орнатылады.
Жалпы компьютерлерде бұл драйвердің екі нұсқасы да орнатылған, сондықтан біз оның жаңасы - Microsoft Jet 4.0 OLE DB Provider -ді таңдаймыз. Бұдан кейін Next батырмасына басамыз немесе Connection бетбелгісіне өтеміз .
Сурет 15. Қосылу жолын құру терезесі
Connection бетбелгісінің түрі таңдалған драйверге байланысты болады. Біздің жағдайымызда ол 16- суретте көрсетілгендей болады.
Ең алдымен бұл терезеде мәліметтер қорының атауын (қажет болса жолды да) Select or enter a database name жолына енгізу қажет. Егер мәліметтер қоры жүктелетін файлмен бір директорияда орналасатын болса жолды көрсетіп қажеті жоқ. Біз мәліметтер қорын жүктелетін файлмен бір директорияда орналастыру туралы кеңес береміз. Егер біз файлдадарды жүктелетін файлдан бөлек сақтасақ, онда толық жолды көрсету қажет, ал ол бағдарламаны басқа компьютерге көшірген кезде қиындық туғызады. Өйткені бағдарлама мәліметтер қорын көрсетілген жол бойынша іздейді. Егер файлдарды басқа директорияда сақтағымыз келсе, онда ағымдағы директорияға қатысты жолды көрсетеміз.
Сурет 16. Connection бетбелгісі
Мәліметтер қоры файлын жеңіл таңдау үшін енгізу жолының оң жағында орналасқан нүктелерге шерту қажет. Сонымен қатар бізге келесі өрістерді толтыру қажет:
1. Қолданушы есімі (User name) үнсіздіктен қоюға болады, егер MS Access - ті құрғанда басқа есім берілмесе;
2. Пароль (Password) - егер мәліметтер қорында пароль болса, онда оны көрсету қажет;
3. Бос пароль (Blank password) - егер пароль қажет болмас, онда бұл жерде қанатбелгіні орнату орынды;
4. Парольды сақтау мүмкіндігін беру (Allow saving password). Егер бұл жерде қанатбелгіні орнатсақ, онда пароль сақталынуы мүмкін.
Мәліметтер қорын таңдағаннан кейін байланысты тестілеу үшін батырмасын бас. Егер барлығы дұрыс көрсетілсе, біз Test Connection succeeded хабарламасын көреміз. Қосылу жолын құру терезесін жабу үшін ОК батырмасын басу керек және қосылу жолының редактор терезесін жабу үшін тағы да бір рет ОК батырмасын басу керек (1.3.1 суреті). Енді ADOConnection құрауышының қасиеттерінде LoginPrompt қасиетін алып тастап, false деп орнатайық. Бұл мәліметтер қорына енуде қайта-қайта пароль енгізбес үшін қажет. Ал енді мәліметтер қорымен байланыс орнатылуы үшін Connected қасиетін True деп берелік.
Сонымен, байланысты аяқталған деп есептеуге болады. Енді бізге өзіміз құрған Справочник кестесіне қатынау алу керек. Ол үшін формаға құрауыштар палитрасынан ADO бетбелгісінен ADOTable құрауышын қоямыз. Бірден оның Name қасиетін BookName деп өзгертейік.
-TADOTable
Бұл құрауышта да ConnectionString қасиеті бар, оны да тура солай баптауға болады. Неге олай болады? Өйткені, олай жасамас үшін біз формаға ADOConnection құрауышын қойдық. Енді біз BookName құрауышындағы Connection қасиетінде өзіміз құрастырған мәліметтер қорымен байланысу құрауышын көрсете аламыз.
Connection қасиетіндегі төмен созылған тізімді шертіп жалғыз ADOConnection1 пунктін таңда. Енді бізге ConnectionString қасиетін толтырмай-ақ қоюға да болады.
TableName қасиетінде біздің кестеміздің атауын (Справочник) таңдау керек. Кестемен байланыс көрсетілді, енді қосылуға болады. Ол үшін Active қасиетін true деп орнат.
-TDataSource.
Кестедегі мәліметтерді бейнелеу үшін формаға құрауыштар палитрасынан Data Access бетбелгісінен DataSource құрауышын орнату керек. Енді бұл құрауышқа қандай кестені бейнелейтінін көрсету керек. Ол үшін DataSet қасиетінде төмен созылған тізімнен біздің BookTable кестесін таңдау қажет. Дайындықтар бітті, мәліметтерді шынайы бейнелеуге кірісуге болады. Кестені бейнелеудің ең қарапайым тәсілі - DBGrid құрауышын орнату.
-DBGrid
Бұл мәліметтерді кесте түрінде бейнелеуге арналған құрауыш-тор. Бұл құрауышта біздің кестеміздің жолдарын қосуға, жоюға және редакциялауға болады.
Енді міне біздің қосымшамыз дайын болды. Біз байқағанымыздай бірде-бір жол код жазған жоқпыз. Міне Delphi қандай дәрежеге дейін мәліметтер қорын бағдарламалау үрдісін ықшамдайды, ештеңені бағдарламалаудың қажеті де жоқ. Бұл мысалды жүктеп көрейік және бірнеше жолдар қосып, бұрыннан бар жолдарды редакциялап, жойып көрейік. Жолды қосу үшін Ins пернесін, ал жою үшін Ctrl+Del пернелерінің комбинациясын қолданамыз.
TADOTable құрауышы пайдалы қасиеттер жинынан тұрады.Олардың көпшілігі қолданыста қарапайым, сондықтан оларды қолдануға мысалдар жиынтығын жазбас үшін бұл жерде мен олардың ең негізгілерін сипаттап кетейік. Келешекте іс жүзінде біз олардың кейбіреуімен танысамыз, ал кейбірі біз үшін ойлануға қосымша ақпарат сияқты болады.
MasterSource - бұл қасиетте ағымдағы кестеге қарағанда негізгісі көрсетіледі. Біз бұл қасиетті байланысқан кестелерді қарастырған кезде толығырақ іс жүзінде де қарастырамыз.
ReadOnly - егер бұл қасиет true-ге тең болса, онда кестені редакциялау мүмкін емес. Бұл жағдайда мәліметтер тек бейнеленеді. Міндетті түрде бұл қасиетті мәліметтер өзгермеуге тиіс және қолданушы оларға ешқандай өзгертулер енгізбейтін кестелерге орнату керек.
TableDirect - бұл қасиет кестеге қатынау қалай жүргізілетінін бейнелейді. Егер бұл параметр true-ге тең болса, кестеге атауы бойынша тікелей қатынау жүргізіледі. Егер false болса онда бізге білінбей мәліметтер қорына арнайы SQL сұранысы (SQL сұраныстар туралы төмменнен оқуға болады) жүргізіледі. Мәліметтер қорының барлығы тікелей байланыс арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді, сондықтан бұл қасиет үнсіздікте false-ге тең.
TableName - біз өңдегіміз келетін кесте атауы.
CacheSize - кэш жадының өлшемі. Егер 50 санын орнатса, кестеге ең алғаш қосылғанда құрауыш алғашқы 50 жолды таңдап оны жергілікті жадқа орналастырады, оларға қатынауды тездетеді.
CanModify - ReadOnly қасиетіне ұқсас және кестенің мәліметтерін редакциялауға мүмкіндікті көрсетеді.
CommandTimeout - команданың орындалуын күту уақыты. Құрауыш команданы мәліметтер қорына бағыттаған кезде ол күту таймерін жүктейді, ол тоқтағаннан кейін (команда орындалмаса) қате туралы хабарлама шығады.
Connection - бұл жерде қосылу орындалатын TADOConnection құрауышы көрсетіледі.
ConnectionString - мәліметтер қорына қосылу жолы.
CursorLocation - мәліметтерді есептеп кестедегі ағымдық позицияны көрсететін курсордың орналасуы. Курсор серверде немесе клинет машинасында орналасуы мүмкін.
CursorType - курсор типі. Бұл жерде келесі нұсқалардың бірі болуы мүмкін:
ctUnspecified курсордың орналасуы көрсетілмеген.
ctOpenForwardOnly - курсор тек алға ғана жылжи алады.
ctKeyset мұндай курсорда бір қолданушымен енгізілген өзгертулер бұл кестеге қосылған басқа қолданушыларға көрінбейді. Егер бір кестемен бір уақытта бірнеше қолданушы жұмыс істесе, онда мұндай курсорда басқа қолданушылардың енгізген өзгерістерін бейнелеу үшін мәліметтер қорынан шығып кетіп оған қайтадан қосылу керек.
oo ctDynamic динамикалық курсор, мұнда бір қолданушың өзгерістерін басқалары да көріп отырады.
oo ctStatic статикалық курсор. Бір қолданушының өзгерістері басқаларына көрінбейді.
Ескерту!!! Егер курсор клиентте орналасса, онда статикалық курсорды ғана қолдануға болады. Курсорлардың барлық типтері белгілі бір мәліметтер қорымен жұмыс істей алмайды. Бір мәліметтер қоры бір типті қолданады, ал басқасы барлығын да қолдайды.
Filter - фильтр жолы.
Filtered - кесте фильтрленген бе? Егер мұнда false деп орнатсақ онда фильтр жолы игнорируется.
IndexFieldNames - индекстелген бағана атауы. Индекстер мәліметтерді сұрыптауға және кестелер арасындағы байланыстар үшін қажет.
RecNo - ағымдағы ерекшеленген жол нөмірі.
RecordCount - кестедегі жолдар саны.
Sort - сұрыптау көрсетілетін жол. Мысалы, Телефон өрісі бойынша сұрыптауға мына жолды жазу керек: ADOQuery1.Sort:='Телефон ASC'.
ASC операторы өсу реті бойынша сұрыптау керектігін айтады. DESC операторы кему реті бойынша сұрыптау керектігін айтады.
Active - егер бұл қасиет true-ге тең болса, онда кесте ашық.
AggFields - бұл жерде барлық агрегаттық өрістер сақталады.
AutoCalcFields - егер true болса, онда өрістерді автоматты түрде есептеу керек.
Bof - бұл қасиетке әсер етуге болмайды, бірақ true болса, онда біз файлдың басында отырмыз.
Bookmark - бұл жерде ағымдағы бетбелгі орналасқан.
Eof - бұл қасиетке әсер етуге болмайды, бірақ true болса, онда біз файлдың соңында отырмыз.
FieldCount - кестедегі өрістер саны сақталады.
Fields - бұл өріс арқылы өрістердің мәндеріне қатынауға болады. Айталық, біз 4-ші өрісте қандай мән сақталғанын білгіміз келді делік. Ол үшін Table.Fields. Fields[4].AsString. AsString әдісі бізге жол түріндегі мәнді алу керектігін көрсетеді. Бұл қарапайым тәсіл, бірақ оны қолданудың керегі шамалы.
FieldValues - бұл қасиеттің көмегімен көрсетілген өрістің кез келген мәніне қатынауға болады. Өріс атауын квадраттық жақшаға алу қажет. Мысалы, Table1.FieldValues[`Телефон']='3346 598';
FilterOption - фильтрдің баптауы. Бұл жерде келесі параметрлерді көрсету керек:
foCaseInsensitive фильтр регистрге тиіссіз болады.
foNoPartialCompare егер бұл параметр тұрса, онда ұқсастықтар фильтрдегі көрсетілген мәннің дәл көшірмесімен жүргізіледі. Егер параметр көрсетілмесе, онда фильтр оның тура көшірмесі болып табылмайтын фильтрдегі мән құралатын жолдарға түседі. Мысалы, егер фильтрде са сөздерін көрсету қажет болса, онда фильтрға са-дан басталатын барлық сөздер түседі (самолет, самокат).
Modified - егер қасиет true - ге тең болса, онда кестеде өзгерістер енгізілді.
Көріп отырғанымыздай қасиеттер өте көп және олардың көпшілігі өте пайдалы. Бұл тарауда біз олармен практикада танысамыз. Ал енді көптеген әдістердің сипаттамасын алуға дайын болыңыз.
BookmarkValid - бұл әдіс бетбелгінің дұрыстығын тексереді. Жалғыз параметр негізінде Тbookmark сияқты бетбелгі типін көрсетуге болады және ол нақты болса, онда оның нәтижесі true болады.
CancelUpdates - кэш жадыда сақталған жаңартуларды болдырмау.
CompareBookmark - екі бетбелгіні салыстыру. Бұл әдісте екі параметр бар.
Тbookmark. Бұл екі бетбелгілер салыстырылады. Егер бетбелгілер тең болса, онда нәтиже нөлге тең. Егер біріншісі екіншісінен кіші болса, нәтиже -1. Егер біріншісі екіншісінен үлкен болса, онда нәтиже бірге тең.
DeleteRecords - жазбаларды жою. Бұл әдісте бір ғана параметр - қандай жазбаларды жою. Біз параметрдің орнына келесі мәндерді көрсете аламыз:
arCurrent тек ағымдағы жазбаны жою.
arFiltered орнатылған фильтрді қанағаттандыратын жазбаларды жою.
arAll - барлық жазбалар.
arAllChapters ADO барлық бөлімдеріндегі жазбаларды жою.
Append - кесте соңына жаңа жазбаны кірістіру.
Cancel - ағымдағы жолды өзгертуді болдырмау, егер өзгертулер Post әдісінің көмегімен сақталмаған болса.
Close - кестені жабу.
Delete - ағымдағы жолды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz