Қазақтың ұлы жазушылары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

(Оқу орнының толық атауы)

ШЕРХАН МҰРТАЗА ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МНЕЗ.

тақырыбында

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

(Оқу орнының шифры-Мамандық атауы)

Орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

(Қаланың атауы, 2020-2021 оқу жылы)

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

I Тарау. Шерхан Мұртаза өмірі мен шығармашылығы.

  1. Шерхан Мұртаза-қазақтың халық жазушысы.

1. 2 Шерхан Мұртазаның публицистикалық мұрасы.

1. 3 Шерхан Мұртазаның аудармашылық еңбегі.

II Тарау. Шерхан Мұртаза шығармаларындағы ұлттық мінез.

2. 1Шерхан Мұртаза шығармаларындағы әдеби дәстүр.

2. 2. Ұлттық болмысты бейнелеудегі жазушы дүниетанымының өзіндік мәнері.

2. 3. Жазушы шығармаларындағы көркемдеуші-бейнелеуші құралдарды қолдану шеберлігі.

III Тарау. «Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романы».

3. 1«Қызыл жебе» роман-эпопеясы.

3. 2 «Жұлдызды көпір» роман-трилогиясы.

3. 3«Қыл көпір», «Тамұқ» хамса романындағы Тұрардың нар тұлғасы.

Қорытынды . .

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі - сөз өнері. Сонау көне замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сөз арқылы бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол өлмейтін сөз.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі орасан зор. Қазіргі заманда бұрыннан қалыптасып қалған идеологияны бұзып-жарып, жаңа әлеуметтік-саяси көзқарас орнықтырып жатқан заманда ол бұдан да үлкен маңыз ала түскен. Сонымен қатар мемлекеттің өткен тарихына, оның саясатына, баспасөз тарихына жаңа тұрғыдан қарау оған түзету енгізуге, қатып қалған идеологиялық қағидалардан құтылуға үйретеді. Өткен дәуірдегі таңдаулы публицистердің тәжірибесін зерттей, зерделей қолдана отырып, біздің журналистеріміз жас мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамды әрі қарай демократияландыру және адамгершілік ұрығын себуге ықпал ете алады.

Публицистика да - сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол - көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшысы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес.

Бүгінгі ақпараттар ағымының үздіксіз өсуі, өмірдің алуан ырғағы, адамның жоғары парасаттылық деңгейі публицистерден де, журналистерден де әлеуметтік ақиқат пен ақыл-ой құбылысын терең зерделеуді, оған мән беріп, жан-жақты жазуды талап етеді.

Қазақ халқының көрнекті жазушысы, мәдениет және қоғам қайраткері - Шерхан Мұртазаның рухани өміріміз бен тарихымыздан алар орны ерекше. «Шерхан Мұртаза - ұлттың ұяты, өмірлік тайталастың тарланы» - деп жазды бұл жөнінде академик Зейнолла Қабдолов. Осы пікірден қайраткер жазушыға деген бүкіл қазақ қоғамының озық ойының қатынасын көруге болады.

Шерхан Мұртазаның шығармашылығы мен әлеуметтік қызметіне көз жүгірте отырып, талдау жасау барысында сезімдік қабылдауымызда ол туралы - үлкен ойшыл, мемлекет және қоғам қайраткері, тума талант, терең таным иесі, халық жазушысы, сыншы, драматург, сөз зергері, аудармашы, публицист деген ұғымдар легі тізіліп қалыптасады.

Шерхан Мұртазаның ширек ғасырға жуық шығармашылығының тұтас көркемдік болмысы, тарихи таным арналары және одан туындаған авторлық концепцияның көркем - эстетикалық мұраттары бүгінгі тәуелсіздік көзқарас биігінен сараланды.

Таңдалған тақырыптың өзектілігі:

  • Кеше де, бүгін де шындықты бетке ұстаған ақын-жазушы Ш. Мұртазаның өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.
  • Шерхан Мұртазаның журналистік, публицистік рухани мұраларын саралап-салмақтау кейінгі ұрпаққа мол үлгі-өнеге беретіндей зерттеп-зерделеу мағлұмат беру.
  • Публицистік шеберлік тәсілінің негізгі көрінісі Шерхан Мұртазаның асыл мұрасы болып табылатын «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса» шығармаларындағы ұлттық мінез, әдеби дәстүр ерекшеліктерін оқып-біліп жан-жақты қарастыру.

Зерттеу мақсаты:

  • Ш. Мұртаза публицистикасының алатын орны мен рөлін көрсету.
  • Ш. Мұртаза шығармаларындағы ұлттық мінез бен әдеби дәстүрдің сипатын көрсету.

Міндеттері:

  • « Публицист» ұғымының түсінігін ашып, Ш. Мұртазаның қазақ публицистикасының дамуына қосқан үлесін көрсетіп сипаттау.
  • Ш. Мұртаза шығармашылық мұрасының мазмұнын, әлеуметтік-саяси мәнін зерттеу.
  • Ш. Мұртаза публицистикасының тілдік байлығын, ұлттық мінез, әдеби дәстүр сияқты ерекшеліктерді ашып көрсету.
  • Алынған деректерді талдау және қорытындылау.

Зерттеу обьектісі:

Ш. Мұртазаның публицистік шығармашылығы.

Зерттеу мәселесі:

Ш. Мұртазаның«Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса» шығармаларындағы ұлттық мінез, әдеби дәстүр ерекшеліктерін айқындау.

Зерттеу гипотезасы:

  • Публицистік шығармашылық ұлт тағдыры мен болашағының, оның ғұмырнамасының айнасы.
  • Журналистік және жазушылық екі түрлі мамандық, екі әр түрлі қызмет болса да, иесі бір көзқарастан - ұлттық идея, ұлттық санадан ешқашан айнымаған.

Зерттеу әдістері:

  • талдау әдісі;
  • танымдық әдісі;
  • жүйелеу әдісі;
  • Әдеби талдау және қорытындылау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы - Ш. Мұртазаның әдеби мұраларын тарихи-ғылыми тұрғыдан байыптап, өзіне тән ұлттық мінез, әдеби дәстүр тұрғысынан қарастырылып, кейінгі ұрпаққа берері бол үлгі-өнеге зерделенеді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» демекші әрбір кейінгі ұрпақ өз жолын алдыңғы ұрпақтың жеткен жерінен бастайды. Ш. Мұртаза сынды публицист, ақын-жазушытәжірибесінен жас ұрпақтың алары мол. Бұл орайда зерттеудің нәтижелерін семинарларда, оқу іс-әрекеттерінде, мақалалар жазуда қолдануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы:

Диплом жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Тарау. Шерхан Мұртаза өмірі мен шығармашылығы.

  1. Шерхан Мұртаза-қазақтың халық жазушысы.

Шерхан Мұртаза! Бұл есімнің халық жадында мәңгі қалды. Әдебиет пен журналистикаға небір таланттар келіп қосылды. Бірақ олардың арасында Шерхан жұлдызы еш ұмытылмай, қайта бұрынғыдан да жарқырап, әр жүрекке нұр құя түсті.

Шерхан Мұртаза 1932 жылы 2 қыркүйекте Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Талапты ауылында дүниеге келген. Белгілі кеңес және қазақ жазушысы, қоғамдық -саяси қайраткер. Қазақстанның Халық жазушысы (1992), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1984) [1], Қырғыз Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1995) . Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978) .

Зұлматты жылдардың өзге де перзенттері сияқты, оның балалық шағы ашаршылық, қанды соғыс, репрессияға дарыған. Шераға ешбір сұхбатында балалық шағын жымия еске алмаған екен. Керісінше, балалық сананың түбінде қалған ауыр ойларды күрсіне еске ала берген, ала берген . . .

«Айша шешем кеудесінен сүт шықпай қалғанда талқанды матаға түйіп, оны суға батырып, маған соны сорғызады екен. Сол қорек болыпты», - дейді жаушы бір естелігінде. Алдыңғы үш баласы шешек ауруынан шетінеген Айша ана мен Мұртаза әке аш өзегіне түскен балаларын осылай асыраған. [2; 7б]

Ол көшпелі қазақ кенеттен отырықшы елге айналған уақытта, қарапайым колхозшының отбасында дүниеге келді. Әкесі Мұртазаны халық жауы деп Сібірге айдап жібергенде кішкентай Шерхан небәрі бес жаста болатын. Осылайша, тұтқындалып, Сібірге айдалған әкесі сол күйі отанына оралмады. "Түн ішінде екі милиция мен бір "понятой" болып өзіміздің ауылдағы бір мұғалім келді. Терезеде сыртта біреу тұрғанын тағы көрдім. Естен кетпейтін жаман түн…Үйдің ішін тінтті. Жүктерді, сандықтарды ақтарды. Милиционерлердің біреуі ілулі тұрған жайнамазды жұлып алып, асты-үстін аударып көріп: "аяғым тоңып жүр еді, жақсы болды ғой. Осыны мен шылғау қылып алайыншы" деді. Бала күнімнен көрген зорлықтың, қорлықтың алғашқы түрі осы болды. Осыны көрген баланың көңілінде қандай сезім қалуы мүмкін? Өшпенділіктен басқа еш нәрсе қалмайды", - деген әкесінің "халық жауы" ретінде ұсталған түнін еске алған Шерхан Мұртаза. [3; 372б] Шерағаның әкесі Сібірге айдалып, Амур өзенінің жағасында ағаш кесетін бригадада қара жұмысқа салынған екен. Намаз оқып жатқанда екі адам кескен үлкен ағаш үстіне құлап, небары қырық жасында қаза тауыпты. Ал, әкесіз қалған Шерхан балалық шақтың не екенін де білмей өсті. Керісінше, өміршеңдіктің үздіксіз сынағын көрді. Осындай жағдайдан аман шығу үшін анасы еңбек етіп, ақы ретінде жарты қап бидай алып, отбасын асыраған. Бала күнінен қиыншылықтың тауқыметін көрген Шерхан Мұртаза 7-сыныптан кейін Жамбыл мектеп-интернатына оқуға түседі. Орыс тілін жақсы білмесе де, мектеп бітірісімен Мәскеуге оқуға кетті. Ол Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі. Қанша білім қуса да шағын ауылында өскен жазушы өзінің кіші отанын ұмытпай, үнемі жерлестеріне көмектесіп жүрді.

1950 жылы жас Шерхан Мәскеу полиграфиялық институтына түсті. Үш жыл өткен соң, ол оқыған редакторлық-баспа факультеті Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің кафедраларының бірі болды.

1955 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында;

1956-1960 жылдары “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”) ;

1960 -1963 жылдары “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор;

1970-1972 жылдары “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы;

1972 -1975 жылдары “Жұлдыз” журналының бас редакторы;

1975 - 1980 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы;

1980 - 1989 жылдары “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы;

1989 - 1992 жылдары “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы;

1989 жылдан- «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакторы. «Қазақстан» мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы;

1990 жылдан - Ұлттық саясат, мәдениет және тілді дамыту жөніндегі комитет мүшесі;

1994 жылдан - Мәдениет, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитет мүшесі, мәдениет, әдебиет және өнер бөлімдерінің комитетінің төрағасы;

1990-1993 жылдары ҚазКСР Халық депутаты, 1990-1993 - ҚР. Жоғарғы Кеңесінің депутаты;

1992 - 1994 жылы «Қазақстан» мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды;

1995 жылдан - шығармашылық жұмыспен айналысуда.

1996 жылдан - «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкері. [4; 4б]

Марапаттары:

1978-Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы

1984-Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері

1992-Қазақстанның Халық жазушысы

1995-Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Қырғыздар мен қазақтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін.

1995-"Манас - 1000" мерейтойлық медалі (Қырғызстан) - қырғыз және қазақ халықтары арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, "Манас" эпосының идеяларын насихаттауға қосқан зор үлесі үшін.

1999-«Құрмет белгісі», «Отан» ордендерімен марапатталған.

2000-Тарлан сыйлығының лауреаты

2002 - "Астана қаласының құрметті азаматы"

2012-1 дәрежелі "Барыс" ордені[5]

Журналистік қызметі қандай қарбалас, ауыр болса да, Шерхан аға жазушылықтан қол үзген жоқ. Бірақ, журналистің жұмысы - кейде жазушыға дос, кейде қас деп кетті.

"Газет жұмысы - бір жағынан жазушының досы. Ел көресің, жер көресің, сан түрлі адамдармен кездесесің. Шығармаға жем табылады. Газет - бір жағынан жазушының жауы. Ойыңда жүрген, көкірегіңді кернеген дүниені алаңсыз отырып жаза алмайсың, ұдайы оттың үстінде жүресің, түнде де тыным жоқ", - деген еді Шерхан аға. [6; 808б]

Шерхан Мұртазаның қоғамдық болмысын танытатын тағы бір қыры - тәлімгерлік. 1960 жылдары идеологиядағы жылымықтың тұсында қайраткер қазақтың беделді баспасөзіне сол кездегі жалынды, талантты, дарынды жастарды М. Шаханов, О. Бөкеев, Ф. Оңғарсынова, Б. Нұржекеұлы, Ә. Кекілбаев, Д. Исабеков, Т. Медетбеков, С. Елубай т. б. жинап, журналистік өнерге баулып, шеберліктерін шыңдады, тәрбиеледі. Қазіргі қазақтың көркем ой, көрікті сөзінің хас шеберлері болған бұл ұрпақтың өкілдері Шерхан Мұртазаны өздеріне рухани әке санайды. [ 7; 279б]

Адамдық парыз, азаматтық борышты өмірлік мүддесі санаған, сол жолда жан аямай еңбек еткен Шерхан Мұртазаның ғақылиялы ғұмырында тәңірі сыйлап, өзі сәулендірген қоғамдық тұлғасы бүкіл ұрпағына өнеге. Барша қазақ жұрты құрметтейді, шығармашылығы мен қызметін, адамдық болмысын ұлағат санайды, сүйікті ұлын - Шераға деп ардақ тұтады.

Халық жазушысы атанып, ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып, өзіндік терең танымы, тұғырлы авторлық концепциясымен ерекшеленген Шерхан Мұртазаның көркем-эстетикалық, тарихи, философиялық ой өрісі журналистикадан бастау алған болатын. Еліне көрнекті публицист, шебер редактор, әділ басшы ретінде журналистика тарихында биік орны бар Ш. Мұртазаның еңбек жолы өз айтарының тереңдігімен танымал.

Шерхан Мұртаза тек жазушымен, аудармашылықпен ғана айналысқан жоқ, ол сондай-ақ спортты жанына серік еткен атлет. Студенттік жылдары тіпті, бокспен де айналысып, факультетің намысын қорғап жарысқа қатысып, орта салмақ бойынша жүлдегер атанған. Ол спорттың бильярд және тапанша ату түрінен де алдына жан салмаған.

Шерхан Мұртазаның жас та, кәрі де іздеп жүріп оқыған кітаптары жетерлік. Соңғы уақытта көркем әдебиетті сүйетіндердің аузынан түспей жүрген "Бір кем дүние" атты туындысының өзі бір төбе. Марқұмның әрбір берген сұхбаты да жеке бір тақырыптың лекциясы сияқты еді.

Шерағаның әртүрлі дереккөзде шыққан шерлі цитаталарының бірсыпырасын оқиық.

"Жетімдіктің неше түрлі дәмін татқанбыз. Ащы дәмі және де.

Ащы болғанда, улы. Сондай зәрлі. Жетімдікті ешкімге көрсетпесін…"

"Намыс - адамның жан серігі. Көзге көрінбейді. Жеке жүрмейді. Тым болмаса, көзге көрінетін көлеңкеде де сияқты емес. Бірақ серік. Мықты серік. Бұл серігі жоқ адам қасиетсіз, әлсіз. "

"Ұрпақсыздар ұмытылады. Өмірдің заңы солай. Жалғыз ұл елу жасқа келді, баласы жоқ. Сонымен, тұқымның үзілгені ме!? Кітаптар қалар, ал олар ұрпақты жалғастыра ала ма!? Бір кем дүние деген осы да…"

"Темірді тат шірітеді. Тат темірдің өзінен шығады. Адамды аздыратын жаман қылықтары да өзінен шығады. Ол да тат. Сабындап жуып кетіре алмайсың. Адам жанын тат басса, оны тек кітап кетіре алады. Әрине, асыл кітап, адал кітап. Ең бірінші - Құран! Екінші - хадистер! Ұлы классиктер. Қазақтың ұлы жазушылары. Кітап жем, су сұрамайды. Кітап - ғажайып қазына. Кітап - өмірсерік. Бір кем дүние…"

"Самайға ақ кіріп еді, сақал-мұрт та ағара бастады. Ұялған ұрыдай болып қастың бір талы да ағарыпты. Сөйте-сөйте…сүйек те ағарады-ау…Несіне тырбаңдаймыз? Бәрі де өтеді. Өтпейтін тек уақыт қана. Адамдар: "Уақыт өтіп барады", - деп өкінеді. Шынында өтіп бара жатқан уақыт емес, өмір өтіп барады". "Қос тілді ұлт болмайды. Қос тілді жылан ғана болады". [8; 616 б]

"Бұрынғы Кеңес одағына қараған, қазір тәуелсіздік алған мемлекеттердің бір де бірінде тіл туралы біздегідей талас жоқ. Бәрінде де бір тіл, республиканың аты берілген елдің тілі - мемлекеттік тіл. Оған ешқандай талас жоқ. Талас тек бізде ғана бар. Талас шығарып жүрген Қазақстандағы орыс халқының қалың тобы емес. Халықта жазық жоқ. Талас тудырып жүрген "жаворонок" сияқты саяси пәлеқорлар. Біздің мемлекетте өмір сүріп жатқан басқа ұлттардың өкілдері қияңқылыққа бармайды". "Бидайын алып, сабанын қойған Құдай. Жақсысын алып, жаманын қойған Құдай…" [9; 2б]

Бүкіл ғұмырын ұлттық мәдениет пен әдебиеттің дамуына арнап, кейінгі ұрпаққа рухани бай мұрасын қалдырған қаламгер, тарихта халықтың Шерағасы деген есіммен қалған Шерхан Мұртаза 2018 жылы 8 қазан күні қайтыс болды. 86 жасында көз жұмған жазушы ауылдасы Бауыржан Момышұлының жанына жерленді.

1. 2 Шерхан Мұртазаның публицистикалық мұрасы.

«Шерхан Мұртаза қаламынан туған дүниелер - осы заманғы публицистиканың жоғары үлгісіндегі ерекше өтімді, дәлелді, өмір шындығын дөп басатын, алдына қойылған проблемаларды үлкен жауапкершілікпен, терең талдау жолымен көтере білетін, көп кеселді кінараттарға кінәлілерді бетің бар, жүзің бар демей осып сөгетін, ойға бай, сөзге шешен саралы көсемсөз» [10; 591б] .

Оның ұланғайыр шығармашылық бет пердесі көсемсөзден басталады. Публицистикасының ұлт қамын жеген, ел болашағына алаңдаған терең ойларының ұшқындарын тәуелсіздік алардағы әдеби мұралардан білеміз. Сол мұраларда жарқ еткен жаңа байламдар, жүректің қылын шертер ақ сезімге суарылған тебіреністі толғамдары өзгеріске толы кезеңде қоғамды гуманистік, демократиялық тұрғыдан жаңартудың саяси - рухани мәселелері жайында сөйлеген сөздері; мақалалары халқымыздың тарихына, рухани мұрасына құрмет сезімін қалыптастыратын терең әдеби және публицистік шығармаларының құндылығы халқымыз үшін қашанда жоғары.

Жалпы Шерханның Мұртазаның көлемді, күрделі шығармаларында алтын арқау болып отыратын үш желі бар. Оның біріншісі - туған жер табиғаты, екіншісі - ата-баба рухы, үшіншісі - шығарманың негізгі сюжеті, яғни кейіпкерінің басынан өтіп жатқан оқиғалар тізбегі.

Шерханның суреткерлік шеберлігінің ерекшелігі де осы үш желінің бір кейіпкердің бір сәтінде-ақ көрініс беруінде. Ол белгілі бір оқиғаны суреттегенде соның айналасындағы жаратылыс құбылыстарын қалт жібермей, табиғатын да, жануар-жәндігін де, сол адам­­ның жай-күйін де қоса қабат қамтиды. Бір сөзбен айтқанда Шерхан баяндамайды, жазумен сурет салады. Көріністі көз алдыңа келтіреді. Оның шолақтау сөйлемдерінің құдіреті оған жетеді. Ал сол шымыр сөзді шолақтау сөйлемдерде ерекше бір қуат сезіліп тұрады.

Негізгі оқиғаны, оның кейіпкерінің көңіл күйін табиғат көріністерімен астастырып беру көп жазушыларда кездеседі. Мәселен, М. Әуезовтің «Абай жолында» Абай Тоғжанмен алғаш оңаша кездескенде ағаш жапырақтары арасынан ай сәулесі нұр боп құйылады. Жәнібек жайлауында пайда болған сол сәуле Абайдың алдынан кейін де үміт оты болып шығып отырады. Ол аспанды бұлт торлаған жаңбырлы іңірде Әйгерім ауылының, ал боранды түнде адасып, жаны азап шеккенде Абайға Тоғжан ауылының оты болып, өмір үмітін жағады. Бір қарағанда табиғаттың, ауылдың көріністері болғанымен, бұл кейіпкер махаббатының образды көрінісі. Ол негізгі оқиғамен қатар өрбіп, өзінше бір желі құрайды.

Шерхан шығармаларында да мұндай символика жеткілікті. Бірақ олар жұмыр жердегі пенденің жүрегінен тартылған бір нәзік жіп жаратылыспен жымдасып жатқанын білдіреді. Адам мен ғарыштың бірлігін еске түсіреді. Мұны түйсігімен таныған кейіпкердің де, оқырманның да рухы қанаттанып, үміті жалғанады.

Алғашқы қадамын публицистикадан бастаған Шерхан Мұртаза ел өмірнін очерктер мен әңгімелерді өндіре жазды. Оның «Құрылысшы Дәку» (1958) атты тұңғыш очеркі - «Лениншіл жас» газетінің Қарағандыдағы тілшісі болған жылдардағы тынымсыз еңбегінің жемісі: Мұнда қазақ елінің Ұлы Отан соғысы, шаруашылығын қалпына келтіру жылдарындағы еңбек адамының тағдыры сөз болады. Тыңдағы отан үшін төгілген ащы тер Дәку ақсақалдың бейнесінде суреттеледі. Автор құрылысшы Дәку отбасының атадан балаға, баладан немереге беріліп отырған тәрбиесін өз заманының жастарына үлгі етеді. Жазушы оны Дәку баласы Нұрмұқанбет, алты жасар немересі Тамара арасындағы бір сәттік эпизодпен бейнелеген. «Арыдым, қалжырадым, тоқырадым, жан тыныштық керек болды» дегенді білмейтін еңбекқор қарияның өмірі «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Еңбек ер атандырар» деген халық даналығын қайта жаңартудың белгісі ретінде сипатталған. [ 11; 62б]

Оның «Табылған теңіздегі» Оралы да, «Белгісіз солдаттың баласындағы» Исатайы да, «Бұлтсыз найзағайындағы» Нариманы да тау мен даладағы ұлы еңбекті туған жердің ризығы, оны жайнату ата-баба арманы деп ұғынып, солардың аруағына әр істі бастар алдында сыйынып отырады. Нағыз шындық осы. Қаулы құдіретті емес, тәңірі құдіретті. Мыңдаған жылдық бай тарихы, тәрбиесі, ділі, діні бар елдің ұлы осылай болса керек.

«Қызыл жебе» -көлемі жағынан да, көтерген жүгі мен көркемдігі жағынан да Шерхан Мұртазаның бас кітабы. Көп оқылып, шын мәнінде, халық жазушысы еткен шығармасы. Қазақта мұндай мол ауқымды, кең тынысты романдар циклын берген санаулы жазушылардың қатарына қосқан еңбегі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХIХ ғасырдағы қазақ- татар әдеби байланыстары
ХХ ғасыр басындағы аударма
Қазақ, башқұрт әдеби байланыстары (А.Мұхамедияров және М.Кәрім шығармашылығы бойынша)
Орыс жазушылары мен ақындары қазақ өлкесінде (А. С. Пушкин, В. Гоголь, В. Даль және т.б.)
Сәрсен Аманжолов- Дұрыс сөйлей, дұрыс жаза білудің шарттары (1903-1958)
Сәкен Сейфуллин өмірбаяны
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату
«Қазақ прозасындағы ислам әуендері»
Азия мен Қазақстан халықтары әдебиеттерінің өзара жақындастығы
XX ғасыр басындағы қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz