Лингвомәдениеттану ғылымының зерттелу жайы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

1 ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Лингвомәдениеттану ғылымының зерттелу жайы . . .

1. 2 Лингвомәдениеттану - тіл мен мәдениет сабақтастығы . . .

1. 3 Лингвомәдениеттанудың ұстанымдары мен бағыттары әдістемелік негізі . . .

1. 4 М. Мағауиннің зерттеулеріндегі ХV. ХVІІІ ғасырлардағы
қазақ әдебиеті

2 М. МАҒАУИН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ТІЛДІК КӨРІНІСІ . . .

2. 1 М. Мағауин шығармаларындағы бейвербалды амалдардың ұлттық-мәдени ерекшеліктері . . .

2. 2 М. Мағауин романдарындағы тарихи шындық

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Мағауин шығармашылығы сан қырлы. Соның бірі әдебиетші, ғалым ретіндегі тұлғасы. Белгілі бір кезеңнің әдеби процесін ғалымдарымыз бүгінгі уақыт биігінен қарап, таразылап, қорытындылап жатқан болса, оның ішінде әдебиеттану ғылымыда қамтылу керек. Онсыз сол кезеңнің әдеби процесін түгел қамтып, тұтас тану мүмкін емес.
Әдебиетші, ғалымның соныңда қалдырған сала-сала еңбектерінің қайсысы болса да бүгінгі ғылым үшін көкейкесті. Бұл ретте «Қобыз сарыны», «Ғасырлар бедері» монографияларымен қатар «Алдаспан» антологиясы, «Поэты Казахстана», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарын құрастыруы ұлттық әдебиетімізде үлкен мәнге ие болды. Міне, ғалымның бұл еңбектерінен ерекше мол ізденіс аңғарылады. Мұхтар Мағауин шығармашылығы өзінің батыл жаңалығымен, ғылыми тереңдігімен әдебиет жұртшылықтың назарын бірден аударды. Сондықтан да жұмысымыздың өзіктілігі осындай мәселелерден туындайды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жазушы - халық өмірінің шежірешісі ғана емес, бақылаушысы әрі барлаушысы. Қайратты қаламгер қай тақырыпқа қол артса да, өзінің идеялық-эстетикалық мұратын бейнелеуге ұмтылады. Өнердің өмірмен өзектестігінің, ілгерішілдігінің бір тармағы осы болар. Байсалды проза туындысының көркемдік деңгейі оның жұрт көзіне көп шалына бермеген тақырып, иә обьектіге із салуында емес, қайта соны фон ретінде пайдаланып, терең тұжырымды тосын сипатта толғап, толыққанды тұлғалар арқылы таныта алуында. Екінші жағынан ғалым ретінде қазақ әдебиетінің сан ғасырлық тарихын бір жүйеге түсірді. Осы мәселелерді қатар алып жүрген жазушы, ғалымның шығармашылық жолына жүйелі барлау жасау жұмысымыздың ғылыми бағытын айқындайды.
Дипломдық жұмысымыздың мақсаты . Әдебиетші ғалым, көрнекті жазушы Мұхтар Мағауиннің ғылыми еңбектері мен көркем шығармаларын негізге ала отырып, әдебиетші мен ғалымдықты қатар алып жүрген қаламгердің шығармашылық жолын ғылыми тұрғыдан, жүйелі түрде қарастыру болмақ. Осыдан келіп, мынадай міндеттер туындайды:
- М. Мағауин алдымен ғалым ретінде танылды ма, әлде жазушы ретінде танылды ма;
- Автор жазушылық пен ғалымдықты қалай ұштастырды;
- Зерттеушінің қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудегі еңбегінің маңызы;
- Ғалымның әдебиет зерттеушісі ретіндегі ұлттық әдебиетіміздің тарихын зерделеудегі атқарған қызметі қандай.
Зерттеу нысаны. Мұхтар Мағауиннің қазақ прозасында алар орны дара. Оның «Аласапыран» атты тарихи роман-дилогиясы - бүгінгі тарихи прозаның ең озық туындылары қатарынан саналатын көркем шежіре. Оның «Көк мұнар», «Аласапыран», «Шақан шері», «Сары қазақ», «Шыңғыс хан» романдары, «Бір атаның балалары», «Тазының өлімі», «Қара қыз», «Мәңгілік күй», «Өмір жыры», «Жыланды жаз» повестері мен «Әйел махаббаты», «Көк кептер», «Қияндағы қыстау», «Иесіз», «Шешей» әңгімелері төл әдебиетіміздің пайымдық-парасаттық деңгейін тереңдеткен, көркемдік-бейнелеушілік деңгейін биіктеткен сүбелі үлес болды. Біз бұл шығармаларға да шолу түрінде тоқталып өтеміз. Бұдан соң ең негізгі қарастыратынымыз ғалымның «Қобыз сарыны», «Ғасырлар бедері», «Алдаспан» антологиясы, «Поэты Казахстана», «Бес ғасыр жырлайды» еңбектері болып табылады.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Айтар ой, идеясын тың дерек, тосын тәсілмен шиыршық аттыра жеткізу - жазушы Мұхтар Мағауиннің қаламына тән машық. Осылай әрі ғалым, әрі жазушы М. Мағауин - екі қиын өнердің тізгінін қатар ұстап келе жатқан қаламгер.
М. Мағауиннің әдебиет тарихшысы ретіндегі ізденісінің, қалыптасу жолы ерекше. Бұл тұрғыда «Қобыз сарыны» монографиясының маңызы зор. «Қобыз сарыны» кітабы ғылым жолында, талпыныста жүрген жас шағында, бетін саясат бүркеп, тарихтың қалың қатпарында көміліп қалған, біреу біліп, біреу білмейтін, білгеннің де жүрегі дуалап ауызға алуға дәті бармайтын XV-XVIII ғасырлардағы баба-жыраулар есімін жаңғыртып, сөздерін тірілтуімен құнды. Сонымен қатар ең басты құндылығы, XIX ғасырдан әріге көз сала алмай жүрген шақтағы бұл зерттеу қазақ әдебиетінің, қазақ тарихының тұтастай ұлт мәдениетінің бастауын үш ғасырға ілгерілеп, ұзартуы. Әдебиетшінің осы еңбегін ғылымдағы ерлік деп айтуға болады. Бұл «Қобыз сарыны» монографиясы ғалымның айтуынша кейін барлық кітабының нәр алған қайнар бұлағы еді.
Шындығында, аталған зерттеудің қазақ руханиятындағы маңызы ерекше еді. Өйткені қазақ әдебиеті тарихының XV ғасырдағы жыраулар мұрасы, олардың ғажайып поэзиясы ұлтымыздың төлтума сөз өнерін жаңа қырынан танытты. Сонымен, бұл бағыттағы қайсар ізденісі «Алдаспан» антологиясын құрастырумен жалғасын тапты.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бүгінгі таңда лингвистикалық бір саласы ретінде дамып келе жатқан лингвомәдениеттанудың негізгі міндеттеріне дүниенің тілдік бейнесіндегі ұлттың мәдени ерекшеліктерін, сөз мазмұнындағы мәдени мәнділіктерді айқындау, оларды тілдік әрі мәдени субъектінің когнитивтік санасымен тығыз байланыста қарастыру т. б. жатады.

Дүние бейнесі мен тіл, мәдениет өзара күрделі байланыста болады. Тіл, әр ұлттық дүниетанымын, болмысын анықтап, дүниені игерудегі тәжірибесін сипаттап, бейнелеудің тәсілі қызметін атқарады. Тіл ұлттық тәжірибені тік сипаттап қоймай, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отырады.

Әр ұлттың өзіне тән мәдени-танымдық ерекшеліктерін бойына жинақтау арқылы тіл шындық болмысты игереді. Яғни тіл ақиқатты сезіну, қабылдау тәсілдерінің бірі ретінде белгілі бір тілдік ұжым мүшелерін тік тілдік жағынан ғана емес, мәдени - танымдық жағынан да өзара жақындастырады.

Тілде алдыңғы ұрпақтың ғасырлар бойы жинақтаған рухани және материалдық мәдениетінің жетістіктері мен тәжірибесі, ұлт өркениетіне қатысты белгілер шоғырланған. Сондықтан да тіл, мәдениет пен өркениетті бір-бірінен ажырағысыз тұтас дүние ретінде қарастыру бүгінгі таңның өзекті мәселесінен саналады.

Тілдік ұжымның тілдік бірліктерде көрініс тапқан материалдық және рухани мәдениет.

М. Мағауиннің шығармаларында қазақ халқының осыдан бір жарым ғасыр бұрынғы рухани өмірі, күнделікті тұрмысы, этнографиялық ерекшеліктері молынан суреттелген. Сонымен қатар сол кездегі лингвомәдени қауымдастық басшылыққа алған адамгершілік принциптері, діни наным-сінімдер, салт-дәстүрлер, тілдік субъектінің дүниеге көзқарасы тәрізді т. б. когнитивтік құрылымдарды қаламгер тезаурусы арқылы айқын аңғаруға болады.

М. Мағауин шығармаларындағы мәдени мәңгілікке ие сөздерді қазақ халқының айнала қоршаған болмыс жайлы ғасырдан-ғасырға білім-тәжірибелерінің жинағы қоры ретінде арнайы қарастыру аса қажет деп біліміз. Жұмыста қарастырылған лингвомәдени бірліктер арқылы бұл кеңестіктің ерекше құрылым мен аса терең мағыналық мазмұнға ие екенін, мәдениеттің күрделілігі жағынан басқа өркениет түрлерінен қалыспайтынын көрсету тақырыптың өзектілігін айқындайды.

Зерттеудің негізгі әдістері мен тәсілдері. Жұмыс барысында сипаттама жасау, жүйелеу, контекстуалдық талдау әдістері мен оларды түсіндіру, салыстыру тәсілдері қолданылды.

Зерттеудің дереккөздері. Диплом жұмысын жазу барысында ұлттық-мәдени мәдениетті сипаттаушы бірліктер, тілдік материалдар М. Мағауиннің «Аласапыран» романынан алынды. Барлығы . . . -ге жуық мысал жиналды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.

Жұмыстың негізгі мақсаты - көркем мәтіндегі лингвомәдени бірліктерді ұлттық мәдениеттің тілдік көрінісін қарастырып, ұлт дүниетанымының тіл, мәдениет және өркениеттің өзара байланысындағы орнын анықтау.

Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделді:

  • жұмысымызға тиянақ болатын теориялық, әдістемелік қағидаларды айқындау және зерттеу барысында сүйенген теориялық қағидаларды негіздеу;
  • лингвомәдениеттану пәні тұрғысында бұрын зерттелген, тақырыпқа қатысы бар мәселелерге шолу жасап, оларға қысқаша баға беру;
  • лингвомәдени бірліктерді айқындай отырып, ондағы ұлттық сипатты, әлеуметтік жіктік белгілерді көрсету және олардағы мәдени ақпараттарды анықтап жүйелеу;
  • тіл, мәдениет және өркениет арасындағы айырмашылықтар мен өзара байланыстарға тоқталу.
  • Зерттеу нысанасы ретінде алынған М. Мағауин шығармаларындағы лингвомәдени бірліктерді сұрыптап, оларға түсініктеме беру.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі . Жұмыста М. Мағауин шығармаларындағы ұлттық-мәдени сипатты айқындаушы лингвомәдени бірліктерді тіл, мәдениет, өркениеттің өзара байланысы тұрғысынан талдау қазақ лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу нысанасындағы теориялық мәселелерді айқындауға жәрдемін тигізеді.

Зерттеудің теориялық негізі. Жұмыстың ғылыми теориялық негізі ретінде жалпы тіл біліміндегі, орыс және қазақ тіл біліміндегі лингвомәдениеттану теориясына арналған іргелі зерттеу жұмыстарына жүгіндік. Тіл білім теориясында тіл мен мәдениет ара-қатынасы жөніндегі ойлардың иелері В. Гумбольдт, А. Потебня, В. де Соссюр, Қ. Жұбанов, Ә. Қайдаров, Р. Сыздықова, С. Жанпейісов, А. Сейілхан, К. Хұсайынов, Ж. Манкеева, Ж. Акимишева, Г. Снасапова, Ш. Елемесова еңбектері диплом жұмысының теориялық негізі етіп алынды.

Ғылыми жаңалығы мен нәтижелері.

  • шығармадағы әрбір лингвомәдени бірлік ұлттық мәдениеттің тілдік көрінісі ретінде қарастырылды;
  • лингвомәдени көрсеткіштертіл, өзара байланысы тұрғысында талданып, таңба мазмұнындағы лингвистикалық, мәдени, өркениеттік ақпараттар анықталды;

Қорғауға ұсынылатын негізі тұжырымдар.

  • лингвомәдени көрсеткіштертіл, өзара байланысы тұрғысында қарау аса қажет екендігі;
  • жазушы шығармаларындағы лингвомәдени бірліктер, жазушының сөз қолданысының ерекшеліктерін белгілі бір жүйемен қамтуға мүмкіндік береді;

Зертеу жұмысының құрылымы . Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

1 Лингвомәдениеттану ғылымының теориялық негізі

Лингвомәдениеттану ғылымының зерттелу жайы

Лингвомәдениеттану лингвистикада өз алдына дербес сала болып қалыптасқанымен, әлі де болса ғылыми ұстанымдары мен межелері, тұжырымдамалары нақтылана қоймаған ғылым; екі ұдай түсінік тудыратын пікірлер әлі де өзі ізденісін қажет етер мәселелері де бар екенін мойындағанымыз жөн. Тіл мен мәдениеттің өзара қиысуының тілдегі көрінісін қарастыратын жағы ғылыми арнаның жекелеген мәселелеріне шолу жасауымыздың себебі - лингвомәдениеттану ғылымының көп мәселесін бірнеше тілдер материалдарын салыстыру және салғастыра зерттеу оңтайлы болатындығында, әрбір тілдік бірліктің мәдени-этникалық жүгінің қандай екені аудару процесінде де айқын белгі бертіндігіне.

Екі немесе бірнеше халықтың материалдық мәдениетінің (еңбек құралдары, үй-тұрмыс заттары, ұлттық киім-кешек пен тағам түрлері) және рухани мәдениетін (дүниетаным, адамгершілік, имандылық, тәрбие, білім, заң, т. б. ) білдіретін тілдік бірліктерді аудару барысында салғастыру жеке адамның интелектуалдық ой-өрісінің кеңеюіне ықпал жасайды, халықтардың белгілі бір хронологиялық мерзімде бір-біріне жасаған саяси, әлеуметтік, эканомикалық және мәдени әсерінің деңгейін анықтауға септігін тигізеді және ең басты, бір тілдің лексика-грамматикалық, фразеологиялық жүйесі, бейнелік құралдары ауқымының қаншалықты екенін көрсетеді. Осы орайда, ғылым В. В. Воробьев: «Лингвистикалық аумақтарды салғастыру халықтардың ұлттық ерекшеліктерін танытуды жеңілдетеді, сонымен бірге оларды (ерекшеліктерді) бағалауға лингвистикалық негіз берді, айырмашылық қатарының кеңеюіне және қалыптасып үлгерген айырмашылықтарды орындай пайдалануға септігін тигізеді», -деп жазады [1] .

Орыс тілінің фразеологиялық жүйесінің ұлттық менталитетке қарым-қатынасын зерттеген В. Н. Телия ұлттық мәдениетпен этностың ұлттық-танымдық сипатын тұрақты тіркестермен қатар, халық мәдениетінің рәсімдік нысандары, паремиолгиялық қор, образ этоландар жүйесі, символ сөздер, қанатты сөздер мен орамдар арқылы ажыратуға болатынын дәлелдеп көрсеткен [2, 215] .

Тіл қатынас құралы ретіндегі қызметін атқару үшін адамдар тілдік кедергіден (барьерден) өтуге тиіс. Бұл тұралы И. Ю. Марковин мен Ю. А. Сорокин ғылыми зертеулерінде мәдениетаралық кедергіні тудыратын мәдениеттің ұлттық ерекше компоненттері жан-жақты талданған. Сонымен, түрлі мәдениет өкілдерінің өзара қарым-қатынасы кезінде олардың мәдениетін құрайтын бөлшектердің ұлттық ерекшеліктері тілдік кедергі ретінде мәдениетаралық қарым-қатынас процесін қиындатады [3, 11] . Осы орайда, тілдік белгілердің мәдени семантикасы тіл мен мәдениеттің байланыс негізінде пайда болып, коммуниканттардың (сөйлеушілердің) мәдени-ұлттық менталдығын бейнелейді. Сондай-ақ, мәдениеттің ұлттық ерекшілік бояуын арқалайтын бөлшектердің қатарына салт-дәстүрді, тұрмыстық мәдениетті, күнделікті әрекетті, «дүниенің ұлттық суреті», көркем мәдениетті жатқызуға болады. Сонымен бірге, авторлардың жоғарыдағы бөлшектерден бөлек коммуниканттың жеке басының да ұлттық мінез ерекшеліктерін, дүниені қабылдауы мен сезінуіндегі эмоционалдық-ұлттық өзгешеліктерді ескеру қажет дейтін тұжырыммен келіспеске болмайды.

Тіл ғылымында лингвомәдениеттану - лингвистика мен мәдениеттанудың түйіскен тұсынан туындап отырған, әрі этнолингвистика мен елтануды да ортақтастыратын жаңа ғылым. Сонымен, лингвомәдениеттану-ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық этикалық, эстетикалық, саяси, адамгершілік, руханилық, тұрмыстық қағидалар мен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізу үлгісін зерттейтін тіл білімінің бағыты. Осы тұрғыдан, лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты - ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен халықтың танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады. Осы ғылым саласының зерттеу нысандары мен пәні жайындағы орыс тіл біліміндегі көзқарастар В. Н. Телияның, В. А. Маслованың, Ю. С. Степановтың, Н. Д. Артюнованың, В. Шаклейннің еңбектерінде аталған.

Этнолингвист-ғалым Ю. С. Степанов «Жалпы тіл білімі негіздері» еңбегінде ұлттық тіл мен мәдениеттің өзара ықпалын қарастыра келіп, «ұлттық тіл өзінің даму сатысында мәдениет тілін қалыптастырады» деген тұжырым айтады [4, 193] .

Лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу нысанының ауқымы ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтардың тілдегі көрінісі әдебиет, фольклорда, т. б. да берілуі арқылы кеңи түседі. Олай болса, бүгінгі қазақ тілі білімінде линвомәдениеттану ғылымы пәні ретінде жаңа қадам басып жаттқанымен, ұлттық мәдениет пен болмыстық ерекшеліктерді таныту, лингвомәдениеттану пәніне қатысты Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, М. Әуезов еңбектерінен бастау алады. Халық тілі мен мәдениеттің өзара байланысын ғылым-тілшілер І. Кеңесбаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақов, Н. Уәлиев, т. б. этнолингвистикалық тұрғыдан зерттесе, Ж. Манкеева, А. Алдашева, Г. Қажығалиева, Қ. Рысбергенова, Г. Смағұлова, А. Ислам, т. б. ғылымдар өз еңбектері арқылы қазақ тіліндегі лингвомәдениеттанудың қалыптасуына зор ықпал жасады. Қандайда болмасын жаңа ғылымға қатысты түйінделудің болжам айту, бағыт сілтеу тұрғысынан әр түрлі болатындығы сияқты, ұлттық тіл мен ұлттық мәдениет арасындағы байланысты, мәдениеттің тілге және тілдің мәдениетке әсерін пайымдайтын анықтамалық тұжырымдар да айтарлықтай көп. Алайда, осы ғылым саласының нысаны турасындағы тұжырым біреу, ол - ұлттық менталитеттің, ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтардың тілдегі көрінісі, тіл арқылы берілуі.

Этнолингвистика ғылымының кешенді сипатынан туындайтын және осы ғылыммен сабақтас этнос болмысының сан түрлі қырын зертейтін ғылымдарды академик Ә. Қайдар екіге бөледі:

1) этнос тіліне жалпы қатысты бар ( мәселен, мәдениеттану, энография, этнология, өлкетану, фольклористика, мифология, астрономия, педагогика, дидактика, т. б. ) ғылымдар;

2 ) этнос тілінің тілдік табиғатын айқындауға тікелей қатысты ғылымдар (мәселен, этимология, терминология, лексикография, спецолингвистика, этнолингвистика, психолингвистика т. б. ) [5, 12] . Демек, бұл екі топтағы ғылым салаларын этнолингвистикамен байланыстарымен, этнос болмысын танытатын тілдік дерек көздерінен көреміз. Міне, осындай сабақтастықтың бірі-этностың мәдениетін таныту мүддесін көздеген мәдениеттанумен сабақтас-лингвомәдениеттану.

Ғылыми аяда «этнолингвистика» термині ең алғаш ғылым Б. Уорфтың идеясымен туындап, осы идеясының жалғасы Э. Сепирдің еңбектерінде көрініс тауып, белгілі «Сепир-Уорф болжамын» сай тілдік этнодеректер халық мәдениеті мен жеке индивид тұрғысында қарастырылған. Ғылым Э. Сепир өз зерттеулерінде: «халық дүниетанымында туған салт-дәстүр, мифологизм, наным, т. б. ұғымдар этнос болмысымен тығыз байланысты, олар тілдің символдық қызметі ретінде көрініс табады» деп көрсетеді [6, 177] .

Этнолингвистика ғылымының жеке бағыт ретінде қалыптасу XIXғасырдың жетпісінші жылдарынан бері Американың тіл білімінде Орталық Американың Үндіс тайпаларын зерттеумен байланысты өріс алып, жаңа дәстүрдің негізін салды. Этнолингвистика ғылымының негізі американдық ғалымдар Ф. Боас, Э. Сепир, Б. Л. Уорф т. б. еңбектерінен бастау алды.

Бұл ғылыми арнаның бастауы орыс тілі білімінде ресейлік ғалымдар Ф. И. Буслаев, А. Н. Афанасьев, А. А. Потебня еңбектерімен жалғасып, XIX ғасырдың сексенінші жылдарында фольклор аясында тіл мен мәдениетті сабақтастыра зерттеудің жаңа бағытын пайдаланған Н. И. Толстой, В. Иванов, В. Н. Топоров сияқты ғалымдардың этнолингвистикалық зерттеулері атаулы саланы ғылыми биік сатыға көтеріп жіберді. Ресейлік ғалымдар өз зерттеулерінде нақты бір тілдің тарихи сол ұлттың мәдениеті, тарихы, этнографиясымен тығыз байланыстыра қарастырған. Осы тұрғыда ресейлік тілші О. С. Ахманова: «Этнолингвистика - тіл мен халықтың арасындағы қарым-қатынасты және тілдің қызмет етуі мен дамуындағы лингвистикалық және этникалық факторлардың өзара қатынасын зерттейтін микролингвистиканың бөлімі», - деп түсіндіреді [7, 539] . Сөздіктегі бұл анықтама тіл мен халықтың арасындағы тікелей байланысты көрсетеді, ал оның басқа ғылым салаларының деректері арқылы зерттеу нысанының айқындалу жағдайы шет қалған.

Ғалымдардың бірқатары этнолингвистика ұлт тілінің жалпы сипатында танылады деп анықтайды. Мәселен, Н. И. Толстой: «Этнолингвистика-халықтың рухани байлығының, менталитетінің, шығармашылығының бір-бірімен байланысын, бір-біріне тәуелділігін, астарластығын зерттейтін тіл білімінің саласы. Ол халықтың ұлттық мәдениетінің көрнекті позициясындағы негізгі формалардың бірі болып табылады», - деп тұжырымдайды [8, 181-190] .

Н. И. Толстой пікірімен мазмұндас анықтама лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте төмендегіше берілген: «Этнолингвистика қандай тәсіл арқылы берілгеніне қарамастан, мәдениеттің, халықтық психологиясын және мифологияның «мазмұнын» лингвистикалық әдістер көмегімен зерттейтін кешенді пән» [9, 597] .

Этнолингвист-ғалым Е. Жанпейісовтың «Қазақ тілінің этномәдени лексикасы» еңбегінде М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы мәдени бірліктерді тілдік әрі халықтықтық болмыс тұрғысынан зерттеуі қазақ халқының мәдеиетін тіл деректері арқылы танытуда қосқан зор үлесі деп білеміз [10] .

Кез келген тілдік құбылыстың табиғатын оның тек тілдік заңды-лықтарына ғана сүйеніп емес, сонымен бірге халықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына да қатысты қарастыру этнолингвистика мен лингвмәдениетттану пәндерінің ортақ заңдылығы деуге болады.

Профессор Қ. Жұбанов тіл арқылы халықтыктың тағлымдық мұраты этностың әр дәуірдегі ұрпақ өкілдеріне мәдени әрі тілдік мұра ретінде сақталатынын және тіл мен мәдениетті табыстыратын жаңа саланың дүниеге келетіні жөнінде ғылымыми тұрғыдан еңбектерінде болжам айтқан. Сондай-ақ, ғалымның пікірінше, халықтардың тұрмыс тіршілігі бір-бірінен ерекшеленетін болғандықтан, олардың әр затқа қоятын аттары да өзгеше болады. Тіл ұзақ уақыт бойы жасалады, бірден өзгермейді, оның өзгерісі тұрмысқа байланысты [11, 290] .

Акедемик Ә. Қайдар қазақ этнолингвистикасының негізін салып, аталған ғылым саласына мынандай тұжырымды анықтама береді: «Этнолингвистика - этностың (одан ұлыс, халық, ұлт) инсандық болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадындасақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасып, қорланып, рухани мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге үзілмей ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің құнарлы саласы» [12, 495] . Осы тұрғыдан, этнолингвистикамен сабақтас энос болмысын сипаттайтын материалдық мәдениет пен рұхани мәдениеттің үндестігін буйнелейтін мәдени лексиканы арнайы зерттеген Ж. Манкеева өз зерттеулерінде этнолингвистиканы былайша қарастырады: «Халықтың материалдық, өндірістік деңгейі мен рұқани өрісін бейнелейтін ана тілінің байлығын, асылын барынша толық жиып көрсетіп, қыр-сырын анықтау этнолингвистиканың міндеті. Этнолингвистика халық туралы шынайы хабар беретін «ақпарат көзі» [13, 5] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Мағауиннің «Аласапыран» тарихи романындағы ұлттық мәдениеттің тілдік көрініс
Лингвомәдениеттану ғылымының теориялық негізі
Көркем шығармадағы лингвомәдени бірліктер (М.Дулатов шығармашылығы бойынша)
Қазіргі кезде ұлттық символдар болмысын тіл арқылы ашуды «тіл-мәдениет-ойлау»
М.Дулатұлының шығармаларындағы сипатталатын ұлттық құндылықтарды оның өзінің тілі арқылы көрсету
Міржақып Дулатұлы шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі»
Тұрақты тіркестерді аударудағы лингвомәдени аспект
Қазақ эпостарының лингвомәдениеттанымдық, лингвокогнитивтік тұрғыда зерттелу жайттары
Лингвомәдениеттанудың тарихи-танымдық негіздері
Қайын жұрты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz