Ақпараттық басқару жүйесінің классикалық үлгісі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
8
: 1
Кіріспе: Веб-технологиялар туралы жалпы сипаттама
8: 9
: 1. 1
Кіріспе: Қазіргі таңдағы веб-технологиялардың маңызы
8: 9
: 1. 2
Кіріспе: Веб-технологияларды электронды оқыту жүйесінде қолдану артықшылықтары
8: 10
: 1. 3
Кіріспе: Деректер қорын жобалау және құру ерекшеліктері
8: 14
: 2
Кіріспе: Өңдеу құралдары және жобаны талдау
8: 17
: 2. 1
Кіріспе: HTML тілінде жобалау
8: 17
: 2. 2
Кіріспе: MySQL деректер қорының басқару жүйесі
8: 18
: 2. 3
Кіріспе: Apache серверімен байланыс орнату
8: 19
: 2. 4
Кіріспе: PHP тілінде бағдарламалау
8: 23
: 2. 5
Кіріспе: JavaScript тілінде өңдеу
8: 24
: 2. 6
Кіріспе: AJAX технологиясының мүмкіндіктерін қолдану
8: 26
: 3
Кіріспе: Жобалау бөлімі
8: 29
: 3. 1
Кіріспе: Жобаның логикалық құрылымы
8: 29
: 3. 2
Кіріспе: Жобаның физикалық құрылымы
8: 30
: 3. 3
Кіріспе: Microsoft Visio Professional бағдарламасымен жұмыс
8: 31
: 3. 4
Кіріспе: Прецеденттер диаграммасы
8: 32
: 3. 5
Кіріспе: Тізбектер диаграммасы
8: 33
: 3. 6
Кіріспе: Класстар диаграммасы
8: 34
: 3. 7
Кіріспе: Кооперация диаграммасы
8: 35
: 3. 8
Кіріспе: Күйлер диаграммасы
8: 36
: 4
Кіріспе: Қолданбалы бөлім
8: 37
: 4. 1
Кіріспе: Оқушы профилінің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру және ендіру
8: 37
:
Кіріспе: Қорытынды
8: 46
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
8: 47
:
Кіріспе: А Қосымшасы. Техникалық тапсырма
8: 48
:
Кіріспе: Б Қосымшасы. Бағдарлама мәтіні
8: 55

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде «Веб-сайт неге керек?» деген сұрақ азайып кетті, бірақ ол таңғалатындай жағдай емес. Себебі сайт негізінен интернет пайдаланушыларға ақпаратты жеткізу, оның иесіне өнімді немесе қызметті сатуға көмектесу үшін қажет екені барлығына мәлім.

Көптеген веб-сайттар жұмыс істеуі үшін деректер қорын пайдаланады. Деректер қоры әр түрлі мәліметтерді ыңғайлы сақтау үшін керек. Деректер қорын пайдалану арқылы жылдам және оңай мәліметтерді басқаруға болады. Сайт бойынша іздеу, авторизация, т. с. с. жұмыстарды осы деректер қорларын басқару жүйелері көмегімен ұйымдастыруға болады.

Бүгінгі күнде көптеген деректер қорларын басқару жүйелері (ДҚБЖ) белгілі, солардың арасынан қолдану саны жағынан танымалы - MySQL.

MySQL - бұл жылдам, сенімді және қолдануда жеңіл реляциялық деректер қорымен басқарылатын жүйе. Бірнеше жыл бойы MySQL өндірістік жағдайларда тиімді қолданады және қажетті тұрақтылық пен жұмыстың жоғары жылдамдығын қамтамасыз ете отыра, үлкен дерекқорлармен басқаруда қолданылады.

Жобаның мақсаты - білім беру үрдісінде оқушылардың әкімшілік басқару жүйесін автоматтандыруға арналған бірыңғай ақпараттық жүйе құру.

Жобаның өзектілігі - оқушылар туралы ақпарат алуға онлайн режимінде қолдануға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе құру болып табылады.

Жобаның міндеттері:

  • веб-сайт негізінде ақпараттық басқару жүйесінің моделін таңдау;
  • оқыту үрдісін автоматтандыратын веб-қосымша дайындау;
  • сапалы оқу материалдарын деректер қорына енгізу;
  • оқушы, ата-ана және мұғалім профильдерін тіркеу жүйесін ұйымдастыру;
  • оқушы өзінің үй жұмысын дербес компьютердің көмегімен ұйымдастыруына мүмкіндік беру;
  • әр оқушыға жүргізілетін рейтинг оның үлгерімі мен сапа көрсеткішін арттыру үшін мониторинг жүргізу мүмкіндігін туғызу.

Құрылған жүйе арқылы мектеп әкімшілігі мен ата-аналар арасын байланыстыратын желі іске қосылды және онымен қоса оқушылардың оқу үлгерімдерімен танысуға мүмкіндіктері бар. Бұл оқыту форматы, білім беру контенттерінің электрондық формасына электрондық құралдарды қолданып, білімді басқару жүйесіне негізделген сабақ беру формаларының бірі.

Ақпараттық жүйе толықтай HTML, PHP, MySQL технологияларын қолдану арқылы жасалды. HTML тілі құжаттардың құрылымын суреттеу үшін берілетін командалық қарапайым тегтерден тұрады. Ал PHP тілі сол HTML тілі жасай алмайтын мүмкіндіктерді жасай алады, яғни сайт бетіне процедуралық бағдарламалау жолын ұсына алады.


1 Веб-технологиялар туралы жалпы сипаттама

1. 1 Қазіргі таңдағы веб-технологиялардың маңызы

Қазіргі таңда компьютер комуникацияларын пайдалану үшін аса білімді қажет етпейді. Кез-келген қарапайым қолданушыға түсінікті және еш қиындықсыз интернет желісін пайдалануы веб-технологияның жетістігі десе болады. Себебі интернет желісіндегі ақпараттар белгілі бір технология негізінде құрылады.

Веб-сайт - HTTP/HTTPS протоколдары арқылы іске асырылатын және тек бір ғана адреске бағытталған бір немесе бірнеше веб-беттердің жиынтығы. Сайт беттері ортақ түпкі адреспен, сонымен қатар, әдетте, басты атаумен, логикалық құрылымы мен, авторымен және бет келбетімен біріккен. Барлығына қол жететін сайттар жиынтығы дүниежүзілік өрмекті құрады [1] .

Веб-сайт - ол жарнама орны. Онда мекеме жайлы барлық керекті ақпаратты (мекеме қызметі, орындалған жұмыстары, байланыс телефондары, реквезиттер және т. б. ) орналастыруға болады.

Сайт тәулік бойы жұмыс істейді және ақпаратты тұтынушыларға ыңғайлы уақытта жеткізуге мүмкіндік береді.

Сайт адресін барлық жарнамалық материалдарда (визитка, әр түрлі анықтамалық кітаптарда және т. б. ) орналастыруға болады. Әрдайым өзгертулер енгізу, жаңалықтарды жаңарту, хабарламалар орнату жылдам және оңай орындалады. Сонымен қатар, өте аз уақыт, күш және қаражат жұмсалады.

Сайтқа кіруші тұтынушы болып саналады. Тұтынушы санына қарай сайт мәртебесі артады. Веб-сайт арқылы потенциалды тұтынушылар шеңбері кеңейеді. Тұтынушылар іздеу серверлері арқылы сайтты таба алады, ол арқылы мекеменің қызметтерімен танысып, хабарласып, нағыз тұтынушыға айналады.

Сайттағы пайдаланушылар интернет арқылы қажетті деректерді көрсетіп, сұраныс жасап және тапсырыс беруі мүмкін. Сондай қызмет жасау арқылы пайдаланушылар сайттан керек деректерін тез тауып ала алады.

Веб-сайт - пайдаланушылармен қарым-қатынас орнату үшін керек. Сайт көмегімен пайдаланушыларға жаңалықтарды және т. б. жеткізуге болады. Сонымен қатар, сайтта «сұрақ-жауап» бөлімін құруға болады, онда пайдаланушылар өз сұрақтарын, ойларын жазады және сол сұрақтарға жауап жазуға болады.

Міне, алда айтылған жағдайларға қарасақ, веб-технологиясының біздің өмірімізде алатын орны ерекше. Қандай салада болмасын адамдардың тез және оңтайлы жұмыс істеуіне көмек береді. Инновация заманына сай бұл салада ерекше қарқынмен дамуда. Енді бұл технологияның басқа да қырлы жақтарынан көрінуін уақыт өте келе күтудеміз.

1. 2 Веб-технологияларды электронды оқыту жүйесінде қолдану артықшылықтары

Бүгінгі таңда электронды білім беру жүйесі әлемнің көптеген елдерінде үлкен қарқынмен енгізіліп жатқан алдыңғы қатарлы үлгілердің бірі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында қазіргі замандағы білім беру жүйесінің жаңа технологияларымен қамтамасыз етілуі міндеттелген. Электронды білім беру бойынша жүзеге асырылатын ақпараттық жүйе Қазақстан Республикасының білім беру сапасын арттыруға үлесін қосады.

Электрондық білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - білім беру ұйымдары қызметкерлеріне алдын ала енгізілген бірыңғай білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге негізделген.

Қазіргі білім беру жүйесінің дамуы оның әртүрлі буындарын басқарудың тиімділігімен анықталады. Оқу орындарын жаңа талаптарға сай басқару керек. Мектептегі оқу пәндерін оқытуды сапалы дәрежеге көтеруге ықпал ететін интернеттегі программалардың қоры оқыту үрдісіне жаңа мүмкіндіктер жасайды. Осымен бірге оқушының жеке тұлғасын қалыптастырудағы компьютерлік оқыту технолгиясының маңыздылығы күн өткен сайын анық аңғарылуда. Қазіргі заманда ақпараттың көптігі мен жету жылдамдығы, осы мәселенің психологиялық ерекшелігі де мектеп қабырғасында, сабақта ақпараттық технологияны меңгерудің маңызы мен қажеттілігін дәлелдейді.

Оқушы профилінің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру және ендіруді жүзеге асыру мектептерді компьютерлендіру, бағдарламалық және контенттік жабдықталуға сәйкес оларды электрондық инфраструктурамен қамтамасыз ету, ең бастысы, педагогика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы кәсіптік қызметке мұғалімдерді даярлау жағдайына әкеледі.

Мектепті басқару жүйесінде төмендегі құралдарды негізге ала отырып жұмыс жүргізу керек. Басқаруды ұйымдастыру басшы білігіне байланысты екенін ескере отырып, қазіргі педагогикалық инновацияның негізгі бағытынан хабардар болу қағидасын ұстану қажет. Жоспарлау барысында негізгі мақсаттар мен міндеттерді нақты белгілей отырып, мақсатқа жеткізетін тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау, шешімді қызметкерлердің тапсырманы орындау мүмкіндіктерін ескеріп қабылдау өте маңызды. Мектеп қызметін жаңаша ұйымдастыру, әр мектеп басшысының өз деңгейіндегі басқару рөлін арттыру, оқушылардың, мұғалімдердің және мектептің қызметін бағалау тәсілдерін басқаша, тиімді негізде қайта құру - мектепті басқару құрылымының негізгі қағидаларының бірі болып саналады.

Жүйе мұғалімдерге дербес блогтар арқылы кәсіби тәжірибелермен және портфолиомен пікір алмасуды, оқушылардың үлгерім динамикасын зерттеп отыруды, оқушылар рейтингісін жүргізуді, мектеп ұстаздарының және әкімшілігінің жаңалықтары мен хабарламаларын беруді және тағы басқа әрекеттерді орындауды қамтамасыз етеді. Ал оқушы өз кезегінде оқу үлгерімін арттыруға, жеке портфолиосына кіруге, күнтізбесін қарауға, күнделігін қолдануға мүмкіндігі бар. Ақпараттық жүйе әр оқушыға жүргізілетін рейтинг, оқушының үлгерімі мен сапа көрсеткішін арттыру мақсатында мониторинг жүргізу мүмкіндігін туғызады [2] .

Ақпараттандыру үрдісі - бұл жай ғана компьютерлер мен жабдықтар және оларды интернет желісіне қосу емес, бұл құралдар білім беру үрдісінің барлық қатысушыларын (әкімшілік, мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар) біріктіру үшін және олардың арасындағы ақпарат алмасуды қамтамасыз ету үшін қызмет ету керек. Білім беру үрдісінің барлық қатысушыларын біріктіруді ұйымдастырудың ең дұрыс жолы ақпараттық басқару жүйесін (1. 1-сурет) пайдалану болып табылады.

1. 1-сурет - Ақпараттық басқару жүйесінің классикалық үлгісі

Ақпараттық басқару жүйесінің классикалық үлгісіне негізделген ақпараттық жүйелер әр түрлі үлгілер ұсына алады. Солардың ішінен электронды білім беру жүйесіне веб-сайт арқылы ішкі және сыртқы қолданушылар жұмыс істейтін жалпылама үлгісі сәйкес келеді. Мектеп басқару жүйесі үшін сыртқы қолданушыларға мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар кіреді, ал ішкі қолданушыларға мектеп әкімшілігі кіреді.

Бүгінгі мектеп - күрделі де жауапты жүйе. Мектеп қабырғасына жаңа заманның мұғалімдері келіп жатыр. Олар компьютерді, интернетті меңгерген. Демек, барлық мектептер электронды білім беру жүйесіне көшу, мектепке басшылық ету тәсілдерінің өзгеруіне бейімделу оңайға түседі.

Мектеп үшін ең қолайлы функционалды веб-сайт жасау және оны уақыт өте одан әрі дамыту. Бүгінгі таңда ақпараттық технология арасында веб-технологияның орны ерекше. Сондықтан электронды білім беру жүйесін веб-сайт арқылы ұйымдастырған жөн. Бұл жағдайда веб-сайт ақпараттық жүйенің негізіне айналады. Мұндай ақпарттық жүйемен жұмыс істеу өте жеңіл болады, себебі ол тек браузерге ғана тәуелді болады, ал компьютердің үлгісіне жəне басқа да техникалық жабдықтардың түріне тәуелсіз болады (1. 2-сурет) .

1. 2-сурет - Веб-сайт негізінде ақпараттық басқару жүйесінің моделі

Веб-сайт негізінде ақпараттық басқару жүйесінің үлгісі оларды тарату және дамыту үшін үлкен мүмкіндік береді, себебі ақпараттық басқару жүйесінің классикалық үлгісіне қарағанда мынандай артықшылықтары бар:

  • жүйе тек қана серверде орнатылады;
  • қолданушы өз құрылғыларымен жүйеге кіру үшін қосымша бағдарлама орнатпай-ақ стандартты браузерді пайдалана алады;
  • жүйемен үйде, жұмыста және т. б. жерде техникалық жабықтамаға тәуелді болмай жұмыс істеуге болады;
  • қызметкерлердің жүйемен жұмыс істеуді үйрену үшін материалдық шығындарды талап етпейді.

Веб-сайт негізінде ақпараттық басқару жүйе үлгісінің кемшіліктері мыналарды жатқызуға болады:

  • интернет желісі жоқ болған жағдайда ішкі және сыртқы қолданушыларға жүйемен жұмыс істеу мүмкін емес;
  • ақпараттық қауіпсіздікке байланысты өткір мәселелер туындайды.

Веб-сайт арқылы мектеп әкімшілігі мен ата-аналар арасын байланыстыратын желі іске қосылады және онымен қоса оқушылардың өздерінің оқу үлгерімдерімен танысуға мүмкіндіктері бар.

Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесіндегі ең басты міндеті - білім берудің жаңа модуліне көшу арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Қазіргі заман талабына сай пән оқытушысы ғана болу аз, оқытушы - мұғалім, инноватор болуы тиіс.

Яғни әрбір инновациялық технологияларды меңгереді, содан кейін меңгерген технологияларды апробациядан (сабақ барысында қолдану) өткізеді, мұғалім талдау жасай отырып, тақырыпқа сай технологияны таңдайды. Оқытушы білім алушының табиғи дарын, қабілетін ашу, жас ерекшелігін ескере отырып, технология элементтерін тиімді пайдалана алу керек.

Инновация дегеніміз - бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру, ғылым жүзінде пайда болса да практикада негізделген. Жаңалық енгізу - мекемеге, ұйымға жергілікті аймақтық, мемлекеттік мекемелерге енгізілген үлгіге бағытталған [3] .

Технологиялық инновациялар - бұл жаңа заманның компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялары. Технологиялық инновациялар экономикалық механизмдерде, оқытушылар мен білім алушылар еңбегін ұйымдастыруда түбегейлі өзгерістерге, оқытушылық қызмет сипатына зор үлес қосады.

Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:

  • оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;
  • оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;
  • оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы;
  • оны үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.

Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі - «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы - педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Интерактивті әдіс-тәсілдерді жиі пайдалану, әр сабақта оның мүмкіндіктерін түрлендіріп отыру - педагогтар қауымының басты міндеті.

Мектепті электронды басқару жүйесіне көшу мектептегі үрдістердің күнделікті ағымдағы кәсіби қызметтері мен есебін жүргізуді автоматтандыру мүмкіндіктерін береді.

Бүгінгі таңдағы ерекше талаптың бірі - мектепті басқару жүйесінде ақпаратты сапалы қамтамасыз ету. Басқару жүйесінде ақпаратты сапалы қамтамасыз ету мектептің «өмір сүруін» қолдап қана қоймай, оның дамуын жүзеге асырады. Себебі, жүзеге асырылып жатқан оқушы профилінің бірыңғай ақпараттық жүйесінің ақпараты қолда болмаған жағдайда білім мекемесі басшыларының мақсат пен міндеттерін дұрыс жолға қоюы және оны табысты шешуі екіталай. Мектеп басшылығын ұйымдастырудағы маңызды жағдай - педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп, әрекетшеңдік жағдайында болуы және оны іске асыру жолдарын әрбір басшының жіті білуі тиіс.

1. 3 Деректер қорын жобалау және құру ерекшеліктері

Көптеген мәселелерді шешуде ақпаратты өңдеу негізгі мәселе болып табылады. Оны жеңіл өңдеу үшін ақпараттық жүйелер қолданылады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйе деп есептеуіш машиналар қолданылатын жүйені айтады. Көп жүйелер осы түрде болады. Оларда жинақталған ақпараттар өте құнды материалар құрамына жатады және қазіргі кезде мәліметтерді өңдеудің жалпылама және әртүрлі қосымша тәсілдерімен байланысты болатын білімдерді, әдістерді деректер қорынан ажыратып алу тұрғысында оларды өңдеу әдістері кеңінен даму үстінде [4] .

Ақпараттық жүйеге ақпаратты өңдеуші жүйелердің барлығы қатынасады. Қолдануына байланысты ақпараттық жүйелерді бөліп көрсетуге болады, олар өндірісте, білім беруде, денсаулық сақтауда, әскери істе, саудада және тағы басқа орталарда қолданылады.

Мақсатына қарай ақпараттық жүйені басқарушы, ақпаратты-анықтамалық және тағы басқа сатыларға бөлуге болады. Ақпараттық жүйелердің тиімді жұмыс жасауы олардың архитектурасына байланысты. Қазіргі уақытта клиент-сервер архитектурасы пайдаланылады.

Архитектура коорпоративті деректер қоры және дербес деректер қорын қосатын компьютерлік желі. Ақпараттық жүйелердің клиент-сервер архитектурасы бойынша ұйымдастырудың артықшылығы орталықтардан сақтау, қызмет көрсету үйлесімдігі, жалпы коорпоративті ақпарат ұйымы болып табылады.

Деректер қоры түсінігі мен деректер қорын басқару жүйесі түсінігі тығыз байланысты. Бұл программалық құралдар кешені жаңа деректер қорын құру, оның мазмұнын толықтыру, мазмұнын түзету және ақпаратты визуалдауға арналған. Ақпаратты визуалдау түсінігіне ұсынылған критерилерге сәйкес деректерді жинақтау, реттеу, көркемдеу, басып шығару және байланыс каналдары арқылы жіберу түсінігі енгізіледі. Әлемде деректер қорын басқарудың көптүрлі жүйелері бар. Олардың барлығы әртүрлі объектілермен әрқалай жұмыс атқарады, пайдаланушыға әртүрлі функциялар мен құралдарды ұсынады, ДҚБЖ көпшілігі қалыптасқан негізгі түсініктер кешеніне сүйеніп жұмыс жасайды.

Деректер қоры деректерді сақтау, жаңарту, өшіру барысын жеңілдету мен жалпы деректерді өңдеу бойынша өзге де операцияларды жүзеге асыру үшін құрылымдалады.

Деректер қоры файлдан немесе жеке жазбаларға бөлінетіндей файлдар жиынтығынан құралады. Әр жазба бір немесе бірнеше өрістен тұрады. Өрістер деректерді сақтаудың қарапайым түрі болып саналады. Қолданушылар ақпараттарды деректер қорынан көбінесе сұрау салу арқылы алады.

Деректерді алу үшін деректер қорын басқару жүйесін пайдалану ережелерін сақтай отырып, негізгі сөздер мен сұрыптау командаларын пайдалану арқылы жедел түрде іздеу салуға, олардың орналасу тәртібін өзгертуге, көп жазбалардың арасынан бір өрісті ерекшелеп алуға және топтастыруға болады.

Деректер қоры сөзі мағынасын кеңінен алып қарастырсақ ол қандай бір заттақ аймақта, шынайы әлемдегі нақты объектілер жайындағы мәліметтердің жиынтығы.

Деректер қоры бүгінгі таңда өте танымал ұғым болып отырғандығы белгілі. Адамзат іс-әрекетінің әртүрлі салаларындағы объектілер туралы ақпараттарды сақтау үшін есептеу техникасы құралдарын пайдалануға байланысты мәліметтер қоры туралы түсінік әрбір тұлғаға таныс.

Деректер қорының құрылымы әртүрлі мәліметтер сақталған өрістерден құралады. Күрделі түрде құрылған деректер қорында кестелерді бір-бірімен байланыстырып және деректер қорының жинақты түрде жасалған ерекше түрі реляциялық деп аталады. Реляциялық деректер қорында әрбір тізім кестелерден сақталады [3] .

Көптеген деректер қоры кестелік құрылымда болады. Кестелік құрылымда берілгендердің адрестері жол мен бағананың қиылысуымен анықталады. Кестелерді жобалау кезінде олардың құрылымдарын алдымен қағазда жасаған ыңғайлы. Кестедегі әрбір өріс оның тақырыбына сәйкес болатын жеке мәліметтен тұрады. Әр түрлі кестедегі берілгендерді байланыстыру үшін, әрбір кестедегі әрбір жазбаның өзіндік жеке мәнін бере алатын өріс не өрістер жиынтығы болуы тиіс. Мұндай өріс не өрістер жиынтығын негізгі кілт деп атайды.

Деректер қорын құру төмендегі бөлімдер бойынша жүргізіледі:

  • деректер қорының мақсаттарын анықтау;
  • деректер қорында қандай мәліметтерден (кестелерден) тұратыны туралы шешім қабылдау;
  • кестелерге кіретін өрістерді анықтау және ерекше мәндерге кіретін өрістерді таңдау;
  • кестелер арасындағы байланыстардың мақсаты;
  • кестелер құру, оларды бір-бірімен байланыстыру, эксперимент түрде кестелерді толтыру;
  • енгізілген мәліметтерге форма, сұрату және есеп құру.

Дерекқорды басқару жүйесі (ДҚБЖ) - дерекқорларды құруға, оларды өзекті жағдайда қуаттауға және оларда қажетті ақпараттарды іздеуді ұйымдастыруға қажетті бағдарламалық және тілдік құралдардың кешені. ДҚБЖ компьютердің сыртқы жадында күрделі құрылымды деректердің үлкен көлемін сенімді сақтау және оларға тиімді жетімділікті қамтамасыз етеді.

ДҚБЖ көптеген қолданушылар деректер қорын құру, енгізу, бірлесіп пайдалану және програмалау құралдардың жиынтығын айтады.

ДҚБЖ әдетте келесі құрамдастардан тұрады:

  • сыртқы және оперативтік жадта деректерді басқаруға жауап беретін ядро;
  • деректерді шығару мен өзгерту және машина-тәуелсіз атқарылатын ішкі кодқа сұранысты оңтайландыруды қамтамасыз ететін дерекқор тілінің процессоры;
  • ДҚБЖ мен қолданушы интерфейсін құратын деректерді қозғалтатын бағдарламаларды интерпретациялайтын атқару уақытын қуаттайтын қосалқы жүйе;
  • ақпараттық жүйеге қызмет көрсету бойынша бірқатар қосымша мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін сервистік бағдарламалар (сыртқы утилиттер) .

Бұл программалық құрылымдар кешені жаңа қордың құрылымын құруға, оны деректермен толтыруға, мазмұнын редактрлеуге және ақпаратты визуалдандыруға арналған. Қор ақпараттарын визуалдау дегеніміз берілген критерий бойынша экранға шығаратын мәліметтерді таңдап, оларды белгілі бір ретке келтіріп, безендіріп артынан баспаға немесе байланыс каналдарына беруді айтамыз. Әлемде деректер қорын басқаратын көптеген жүйелер бар.

2 Өңдеу құралдары және жобаны талдау

2. 1 HTML тілінде жобалау

Интернеттегі мәліметерді бейнелеу HTML тілінде жазылады. Бірақ программалауға ұқсас болғанмен программалау тілі емес, гипермәтінді белгілеу тілі деп аталады.

HTML () - бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипермәтіндік белгілеу тілі. HTML беттер ғаламторда браузерден серверге, жай текст немесе жасырын символдар (шифрлар) арқылы HTTP және HTTPS хаттамаларымен жіберіледі [6] .

Гипермәтін - бұл форматтау, илюстрация, мультимедиялық қойылымдар және гиперсілтемелер сияқты қосымша элементтерді басқаратын арнайы кодтары бар мәтін. Бұл баяндамадағы ең маңыздысы - тіл.

Компьютер экранында өңделген түрде берілуіне қарамастан HTML тілі құжаттарды өңдеу үшін тағайындалмаған және құжат форматын баяндауға арналмаған. Ол құжаттың функцияналды белгіленуі үшін, яғни мәтін фрагменттерінің тағайындалуын анықтау үшін қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теорияның даму және қалыптасу кезеңдеріне жалпы сипаттама
Басқару принциптерін дамыту
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің дамуындағы стратегиялық басқару
Жалпы, әмбебап – ұйымдар мәдениеті
Қашықтықтан білім беру технологиясының мәні
Коммерциялық банктің валюталық операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің орны мен рөлі
Менеджменттің Классикалық мектебі
Менеджмент
Ақпараттық жүйелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz