Ақша қаражатының түсінігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
1 бөлім. Ақша қаражаты
1.1 Ақша қаражатының түсінігі
1.2 Кәсіпорындағы касса және кассадағы ақша қаражаты түсінігі
2 бөлім. Кассадағы ақша қаражат есебі, оның құжатталуы
2.1 Кассадағы ақша қаражаты қозғалысын құжаттық рәсімдеу
2.2 Кассалық кітапты жүргізу және касса бойынша
есеп беруді тапсыру әдісі
2.3 Кәсіпорын кассасындағы ақша
қаражатының кіріске алынуы
2.4 Кәсіпорын кассасындағы ақша қаражатының
шығысқа шығарылуы
2.5 Кассадағы ақша қаражатының синтетикалық және талдау есебі

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша слайд, құжат үлгілері

Кіріспе

Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
Шаруашылық субъектінің кассасы қол ақша қаражаттарын (ұлттық және шетел валютасында), сондай-ақ ақша құжаттарын (бағалы қағаздар, қатаң есеп берілетін бланкілер) сақтау, қабылдау және беруге арналған.
Кассада қол ақшаны сақтау, қабылдау және беру, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекітетін кассалық операцияларды жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Әрбір шаруашылық субъектісі қол ақшамен есеп айырысуды жүргізу үшін кассасы болуы керек. Касса - бұл қол ақша қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған және оқшауланған бөлме. Субъекті жетекшілері кассаны жабдықтауға және касса бөлмесінде ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды банк мекемесінен әкелу және банк мекемесіне тапсыру кезінде оның сақтығын қамтамасыз етуге және олардың кінәсінен сақтау және тасымалдау кезінде ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар жасалмаған жағдайларда белгіленген заң тәртібінде жауапкершілік көтереді.
Кәсіпорын кассасы қажет болған жағдайда оны сақтандыру ұйымдары сақтандыруы мүмкін.
Ақша қаражаты - кәсіпорын кассасындағы қолма-қол және ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаттары.
Ақша қаражаттарының баламалары (эквиваленті) - бұл ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасына айналатын және құндылықтар өзгеруінің аздаған тәуекеліне салынатын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.
Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алынған мағлұматтың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржылық жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.
Ақша қаражат қозғалысының есебі №7 ХҚЕС және №2 ҰҚЕС 7 бөліміне сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді. Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.

Ақшалай қаражат қозғалысының ішкі бақылау жүйесі - активтерді қорғау, субъектілердің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар. Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ақшалар - шаруашылық қызметі өлшемі мен есебінің ағымдағы қаржылық ақпараттың негізгі бірлігі.
Курстық жұмыстың мақсаты - ақша қаражатының кәсіпорын үшін маңызын талдау, оның кәсіпорында жүргізу тәртібі мен қозғалысын құжаттық рәсімдеу, кассаның құрылымын талдау, кассалық кітапты жүргізу, касса бойынша есеп беру тәртібі, синтетикалық есебін талдау.

0.1 Ақша қаражатының түсінігі

№2 ҰҚЕС №7 бөліміне сәйкес ақша қаражаты -ақша қаражаты, оның баламалары және ағымы болып жіктеледі.
Аталған стандартқа сәйкес ақша қаражаттарына келесі анықтама беріледі:
Ақша қаражатттары бұл - қолма қол ақшалар мен талап етілгенге дейінгі жинақтар.
Ақша қаражаттарының баламалары (эквиваленті) - бұл, қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар, тез арада ақша қаражатына айналуына мүмкіндігі бар, бірақ осының салдарынан құндылығы шамалап өзгерістерге тәуекелденеді, ол - қазыналық вексель, коммерциялық құнды қағаз, депозиттік сертификаттар.
Қазыналық вексель - 1жыл мерзімді үкіметтік пайызсыз міндеттеме. Ол жеңілдікпен сатылады, белгіленген мерзімде өтеледі.
Нарықтағы құнды қағаз - қысқа мерзімді ақша қаражатының қажеттілігін өтеуге корпорациялардың шығарылған қаражаттары.
Депозиттік сертификаттар - қысқа мерзімді инвестициялар. Қосымша ақша қаражатты қолдану үшін кәсіпорындар банктік қарыз ретінде пайдалана алады, оны - овердрафт деп атайды.
Ақша қаражатының ағымы аталған стандарт бойынша операциялық, инвестициялық, қаржылық қызметтер нәтижесіндегі ақша қаражаты мен оның баламаларының кірісі мен шығысы.
Ақша қаражатының қозғалысы кәсіпорында операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтерден туындайды.
Операциялық қызмет - кәсіпорынның негізгі кіріс келтіретін қызметі.
Кәсіпорын операциондық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының ағымын екі әдіс арқылы көрсетеді.
1.Тура әдіс - бұл әдістежалпы ақша түсімі мен жалпы ақша төлемдерінің негізгі түрлері анықталады.
2.Жанама әдіс арқылы таза табыс пен шығыс ақшалай емес операциялардың нәтижесін есепке алумен сипатталады.
Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалы, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, көлік-дайындау шығыстарының төлемін, несие үшін пайыз төлемдері, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.
Операциялық қызметте тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражатының түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен түсімдер, алынған аванстан, пайыздан, дивиденттен, роялтиден және басқа да табыстардан, жабдықтаушылар мен мердігерлердің қарызын төлегеннен, берілген аванстан, төленген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен және басқа шығыстарынан тұрады.
Жанама әдістер - бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығындарға түзету жасалады. Бұл әдісте баланс міндеттемелері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізеді.
Инвестициялық қызмет - ақша қаражатының баламаларына жатпайтын активтер мен тағы басқа инвестициялары немесе кәсіпорын өзінің инвестициялық және қаржылық қызметінен түсетін жалпы ақша түсімі мен ақша төлемдерінің түрлері туралы жеке ақпарат беріп отыруы керек. Инвестициялық қызметке мыналар жатады:
oo Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа кәсіпорындардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да түсімдер;
oo Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жұмсалған ақша қаражттарының шығысы;
oo Қаржылық инвестицияларды алу, басқа кәсіпорынға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер;
Инвестициялық қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерінің құрамына кіреді. Оған қаржылық инвестицияларға әсер ететін операциялар да кіреді. Инвестициялық қызмет қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруінде көрініс табады. Онда ол акцияларды сатудан алынған табыс және шығыс ретінде көрінеді, сондықтан негізгі құралдарды және басқа да сатудың нәтижесі көрініс табады.
Қаржылық қызмет меншік капиталы мен қарыз капиталының құрамы мен мөлшерінің өзгерісінің нәтижесі болып табылады. Оларға мыналар жатады:
-шығарылған акциялардан түскен ақша қаражаттары және басқа да бағалы қағаздарды сатқаннан алынған банктік және банктік емес несиелер, басқа да түсімдер;
-алынған банктік және банктік емес несиелерді өтеуге жұмсалған ақша қаражаты, өз акционерлерінің акциясын сатып алу үшін жұмсалған қаражаттар, дивиденттер және басқа да жұмсалған қаражаттар;
Кәсіпорын қаржылық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Оларға: материалдық емес активтер, негізгі құралдарды ұзақ мерзімді несиенің есебінен алу, кредиторлық қарызды кредиторларға акцияны және басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен өтеу; басқа кәсіпорынның акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу және т.б. жатады.

0.2 Кәсіпорындағы касса және кассадағы ақша қаражаты түсінігі

Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы мәлім. Сол кездегі операциялардың барлығы толықтай ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңдарға сәйкес жүргізілуі тиіс. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіптерге сүйеніп жүргізіп отырады. Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:
* Ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
* Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгенділігін және олардың тиімді пайдалануын бақылау;
* Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығысқа шығарылуын дұрыс есептеу;
Қазірге кезде ақша қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі - кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы кезеңдерде дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада қабілетті активтер есептелінеді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың ақшаларынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.
Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
Ақша баламалары - бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да оларды кассадағы ақшалар шотында есептемейді.
Ақша баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары, алынған вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іссапар шығындары үшін аванс ретінде берілген сомалары, жұмысшылар мен қызметкерлердің басқа дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатпайды. Оларды бухгалтерлік есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.
Овердрафт - дегеніміз кәсіпорынның иелігінде, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш болып есептеледі. Овердрафт кәсіпорындар мен ұйымдардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп айырысу шотындағы қалдық соиадан артық болған уақытта ғана пайда болады. Егер овердрафт үлкен көлемде болатын болса, онда бұл сома кәсіпорынның балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатында бөлек көрсетілуі тиіс.
Ақшалай қаражатқа міндеттемені жедел төлеу үшін қолдануға болатын қаржы ғана кіреді. Оларға қаржылық мекемелердегі ағымдағы шоттағы қалдықтар, қолма-қол ақша қаражаты, монеталар, валюта мен субъект кассасына нақты берілетін ақшалай құжаттар (жай чектер, кассалық ордерлер, клиенттердің чектері, ақшалай аударымдар және басқа да есеп айрысу құралдары) жатады.
Мысалы, Азияавто жеке шаруашылық серіктестігінің өз қолма-қол кассасы бар. Себебі, біздің серіктестік автокөлік сатумен айналысқандықтан, бізде қол астымызда қолма-қол ақшаның болуы үлкен рөл атқарады. Касса - арнайы жабдықталып, дабылдатқыш орнатылған. Сонымен қатар сақтандыру ұйымдарымен сақтандырылуда. Кассада бүкіл шаруашылық операциялар тіркеліп отырғандықтан, онда арнайы ақша қаражатын сақтауға арналған сейф орнатылған. Бүкіл операцияларды тіркеп отыру үшін және ақша қаражатын қабылдап, оны шаруашылық қажеттіліктер үшін босатуға кассаға жауапты тұлға қажет. Кассаға жауапты тұлға - кассир болып саналады. Кассирді жұмысқа алмас бұрын, шаруашылық серіктестігі мен жеке тұлғаның арасында келісімшарт жасалынады. Яғни, сол келісімшарт бойынша жеке тұлға кассир ретінде жұмысқа алынады және кассаға жауапты тұлға болып саналады. Яғни, ЖШС Азияавто кассирі Муканова К.М. Кассада жүргізілетін барлық шаруашылық операцияларды тіркеу соның мойнында.

2.1 Кассадағы ақша қаражаты қозғалысын құжаттық рәсімдеу

Есеп-қисап құжаттамаларын қолмен өңдеу, сол сияқты автоматтандырылған өңдеу кезіндегі кассаға ақшаның түсуі кассалық кіріс ордерімен (№КО-1) (ҚОСЫМША) бір данада рәсімделіп, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды.
Кассалық операциялар қолма-қол ақша қабылдаған соң бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға қол қойған кірістік кассалық ордермен рәсімдейді. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдаған туралы түбіртек (квитанция) (ордердің қиынды бөлігі) беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир "Төлем таңбаларын анықтау тәртібін" басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен (цифрмен) жазылады.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс (№КО-2) (ҚОСЫМША) ордерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен, ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені - жазумен, тиынды - сандармен көрсетеді.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: "Сенімхат бойынша" деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.
Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.
Еңбекақы, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақылар мен сыйлықтар төлеу, ақшаны беру мерзімі жалпы сомасы жазу түрінде көрсетілуімен ұйым жетекшісі мен бас бухгалтер қол қойған төлем ведомостері бойынша жүзеге асырылады. Оның қас бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем тізімдемесіне еңбекақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты тегінің тұсына мөртаңба соғады немесе "Депозитке салынды" деп қолмен жазып, белгі соғады, берілген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуы тиісті сома жазылады. Егер төлемді кассир емес, өкілетті адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: "Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы)" деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерлерінің толтырылған күні мен номері, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың нысаналы мақсаты көрсетіледі (жалақы, сыйлықтар, степендиялар, іссапарға төленген және басқа да шығыстар). Егер ақша қаражатының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.
Кіріс және шығыс кассалық құжаттарды тіркеу үшін "Кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу журналы" қолданылады (ҚОСЫМША, №КО-3), шығыс құжаттарға бөлек, кіріс кассалық құжаттарға бөлек журнал ашылады. Бұл журналда мыналар көрсетіледі:
1. Кіріс және шығыс ордерінің күні мен нөмірі;
2. Кімнің қолына ақша берілді немесе кімнен алынды, сол адамның аты-жөні немесе кәсіпорынның атауы;
3. Берілген немесе алынған ақшалардың қандай мақсаттарға берілгені;
4. Түскен немесе берілген ақшалардың сомасы;
Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарын, олардың дұрыс рәсімделуін, ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен күнін, айы мен жылын көрсете отырып "Алынды" немесе "Төленді" деп белгі соғады.
Кассадағы сақталатын ақша қаражаттары мен қатаң есептегі бланкілеріне тексеру, есеп саясатында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі. Оны кәсіпорын жетекшісі тағайындайтын комиссия жүргізеді. Тексеру нәтижелері қолға берілетін ақша қаражаттарын түгендеу Актісімен (№ТҮГЕНДЕУ-15) және құндылықтарды түгендеу тізімдемесімен және қатаң есептегі құжаттар бланкілерімен (№ТҮГЕНДЕУ - 16) рәсімделеді.
Кассада анықталған артық шыққан ақша қаражаттары кіріске алынады, кем шыққан ақша қаражаттары кассирден өндіріледі.
Қолға берілетін ақшадан өзге, кассада акциялар, мемлекеттік зайымдардың акциялары, вексельдер, чек кітапшалары, өзге де бағалы қағаздармен қатаң есептегі бланкілер сақталуы мүмкін.
Қатаң есептегі бланкілерге мыналар жатады: асханадан тамақ алуға, белгілі бір ас қабылдауға, оқу орындарының асханаларынан тамақ алуға, емдеу профилактикалық ас қабылдауға берілетін абонементтер, қызметкерлерге тегін арнайы тамақ босатуға арналған талондар (сүт немесе соған тең тамақ өнімдері) және басқа да Билеттер, талондар, абонементтер және қатаң есептегі өзге де бланкілер, материалдық құндылықтар ретінде, оларды сатып алынған нақты өзіндік құны бойынша 1350 "Өзге қорлар" шотында есепке алынады. Материалға жауапты тұлғалар бланкілер есебінен кіріс-шығыс кітабында қатаң есептегі бланкілер есебі бойынша әрбір атауы және нақты құны бойынша жүргізіледі. Бланкілердің кіріс және шығыс операциялары қатаң есептегі бланкілерде кіріс шығыс (накладной) құжатымен рәсімделеді. Материалға жауапты тұлға ай сайын бухгалтерияға қатаң есептегі бланкілердің қозғалысы туралы есеп береді. Белгілерді (бланкілерді) өткізуге дайындау кезінде, субъект жетекшісі арнайы тағайындайтын комиссия материалға жауапты адамның қатысуымен қапшықтарды ашып, бланкілерді әр парақ бойынша түгендеп, санап шығады. Ашылған қапшықтағы бланкілерді парақтап санап шығу кезінде анықталған нәтижелер абонементтерді, талондарды және өзге де белгілерді тексеру нәтижелері туралы Актіге жазылады. Актіде алшақтықтар анықталған жағдайда, орауындағы құлақша қағаздағы деректер мен қапшықтан шыққан нақты белгілер жазылады. Акт негізінде белгілерді (бланкілерді) жасаушыларға талап білдірілуі мүмкін. Тамақ алуға берілетін абонементтерге және өзге белгілерге оларды сатуға дайындау кезінде субъектінің мөрі басылады.
Есеп саясатында белгіленген мерзімдерде кассада сақталатын ақша қаржаттары мен қатаң есептегі бланкілерге тексеру жүргізу қажет. Оны субъект жетекшісі тағайындайтын комиссия жүргізеді.
Кассалық операциялар есебін компьютерлендіру кезінде, сондай-ақ кассалық құжаттарды өңдейтін бағдарламалық құралдар жұмысының дұрыстығына тексеру жүргізіледі. Оның бұзылуына кінәлі тұлғалар белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады. Ақша қаражаттары мен қатаң есептегі бланкілерді тексеру нәтижелері қолға берілетін ақша қаражаттарын түгендеу Актісімен және құндылықтар мен қатаң есептегі құжаттар бланкілерін түгендеу тізімдемесімен рәсімделеді. Кассада анықталған артық шыққан ақша қаражаттары кіріске алынады. Бұл операция дебет бойынша 1010 "Кассадағы теңгемен ақша қаражаты" шотында және кредит бойынша 6280 "Басқа да кірістер" шотында көрсетіледі. Кем шыққан ақша қаражаттары мен бағалы қағаздар кассирден өндіріледі:
1280 "Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек"шотының дебеті.
1010 "Кассадағы теңгемен ақша қаражаты" шотының кредиті.
Қатаң есептегі бланкілердің кем шығуынан субъектіге келтірілген шығын олардың нақты құны негізінде есептеледі. Осыған орай келесі шоттар корреспонденциясы жасалады:
Кассадағы қатаң есептегі бланкілердің кем шығуы анықталды:
а) нақты өзіндік құн мен көрсетілген құн арасындағы айырма бойынша:
1280 "Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шотының дебеті, субшот "кем шығу, жетпеу және талан-тараж бойынша дебиторлар."
1350 "Өзге қорлар" шотының кредиті, субшот "қатаң есептегі бланкілер."

б) көрсетілген құны бойынша:
1280 "Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шотының дебеті, субшот "кем шығу, жетпеу және талан-тараж бойынша дебиторлар."
3520 "Алдағы кезеңнің кірістері" шотының кредиті.
Қатаң есептегі бланкілердің жетпейтін құны кассаға салынды:
1010 "Кассадағы теңгемен ақша қаражаты" шотының дебеті.
1250 "Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі" шотының кредиті, субшот "кем шығу, жетпеу және талан-тараж бойынша дебиторлар."
Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша есебі. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлерінде, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі.
Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақша есебі. Қоғамдық тамақтандыру мен бөлшек сауда кәсіпорындарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кассадағы ақша қаражат есебі, оның құжатталуы
Кассадағы ақша қаражатының есебі
Айналым капиталының қалыптасу көздері
Кәсіпорын кассасындағы ақша қаражатының шығысқа шығарылуы
Ақша қаражаты және ақша қаражатының баламалары
Айналым капиталы түсінігі
Инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі техникалық-экономикалық есептердің сатылары мен түрлері
Ақша қаражаттарын басқару
Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы
Кәсіпорынның айналым капиталын бағалау
Пәндер