Бүгінгі күннің талабына сай сәндік - қолданбалы өнер түрлері сан алуан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІ
Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
Кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті
Сәндік - қолданбалы өнер кафедрасы
Дипломдық жұмыстын тақырыбы:
Ши Таң Шолпан
Орындаған: Байтаулова А.М.
Диплом жұмысының жетекшісі: Досжанов Б.Т.
Рецензент: Мусаханова М.З.
Алматы, 2021 жыл
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І. ТАРИХИ БӨЛІМІ
1.1. Ши тоқу өнерінің тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Ши өнерінің таралу аймағы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Таң Шолпан ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ. ТЕХНОЛОГИЯ БӨЛІМІ
2.1. Ши тоқу технологиясы ... ... ... ...
2.2. Шиді өңдеу жолы және пайдаланылуы ... ... ... ...
2.3. Шидің түрлері
ІІІ. ИДЕЯЛЫҚ КӨРКЕМ СУРЕТ БӨЛІМІ
3.1.Шығармадағы композициялық үйлесім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2. Сәндік-қолданбалы өнердегі композиция
3.3. Сәндік-қолданбалы өнердегі абстракция ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КАЛЬКУЛЯЦИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Өнер - таусылмас азық, жұтамас байлық демекші әрбір өнер халықтың асыл мұрасы -халық өнері. Адамзаттың тіршілікке, күнделікті тұрмыс қажеттілігіне қатысты еңбегі қазіргі таңда үлкен өнерге алып келді. Әр бір өнер түрін алып қарасақ түбі тереңнен бастау алған. Осы өнерлердің бірі ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, тоқу ісі - ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық өнер. Қазақ халқының асыл қазынасының бірі болып саналатын қолөнерінің шығу тарихы мен сан түрлі сәндік-қолданбалы өнер туындыларының жасалу жолдары туралы мәліметтер халқымыздың мақтанышы болған белгілі ғалымдарымыз Ә.Х.Марғұлан, М.С.Мұқанов, Х.Арғынбаев, Т.К.Басенов, Ө.Жәнібеков, С.Қасиманов, К.Әмирғазин, Ұ.Әбдіғаппарованың зерттеу еңбекттерінде көп орын алған. [1]
Өмірде екі байлық бар: білім, өнер. Адамзат осы екі өнердің арқасында дамып, жахандануда. Әрбір елдің мәдениеті үшін бұл екі байлықтың алар орны ерекше. Елімізде көптеген тұлғалар осы жолда еңбек етіп, білім алуда.
Қолөнер ғасырлар бойы дамып, калыптасып келе жатқан халық творчествасының сарқылмас қайнар көзі, халық мәдениетінің айнасы. Ол талай ғасырлар кезеңінен өтіп түрленіп, жаңарып келіп, атадан балаға мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі де қастерлі өнер. Қандай халықтың қолөнері болса да оның тарихымен, қоғамдық құрылысы, әдет-ғұрып, салт-санасымен астасып қатар өркендейді. Қолөнер адам баласының әсемдікке, нәзіктікке деген ұмтылысын, сол бағытта табиғатты өзінше таңбалап бедерлеуін, сұлулықты іздеуге деген құштарлығын танытады. Ол арқылы біз үлкен рухани-эстетикалық тәлім алып, өнер әлеміне қанат қағамыз.[2, 6 б.]
Халықтық сәндік-қолданбалы өнер - әлемдік көркем мәдениеттің негізі. Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар қөзі. Онда сан ұрпақтың түрлі материалдарды: ағаш, саз, жүн, металдарды өндеу тәжірибесі бейнеленген. Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық қөркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі: әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл бұйымдардарын қамтиды. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, колдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді.
Бүгінгі күннің талабына сай сәндік-қолданбалы өнер түрлері сан алуан. Көпшілік жұрт қазақтың ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрпының сырын біле бермейді. Оларды жүйелеп, көңілге қонарлықтай етіп бекзаттыққа, имандылыққа, ізгілікке қатысты білім-танымның талаптарына сай пайдаланып жүргендер жоқтың қасы, - деп жазады өзінің бір сұхбатында Ө.Жәнібеков [3]. Негізінен, біле білген адамға қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері мейлі бала тәрбиесінде болсын, адамгершілік тұрғысынан болсын алар тағылым өте мол таптырмас құрал.
Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнерін шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау еткен. Өнер туындыларының бет бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен ақтарыла сыр шерткендей. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шебердің қолы ортақ деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының "сегіз қырлы, бір сырлы"өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген.[4,25б.]
Тақырыптың өзектілігі. ХХІ ғасыр - дамыған заман. Бірақ та ұлттық өнерді үйрену, ата - кәсіппен айналысу бүгінгі күннің басты мақсатының бірі. Ұлтымыздың шеберлігін қастерлеу, іскерлікке дағдылану барлық адамның міндеті. Ши тоқу өнері бұрын киіз үймен байланысты көрінетін. Енді қазіргі заман талабына сай күнделікті шиді сәндік бұйымдар ретінде қолдануға болады. Ши тоқуды жаңа өмір талабына сай өзгертіп, күнделікті өмірде пайдалануға болады. Сол арқылы ұлттық қолөнерімізді басқа халықтарға көрсете аламыз. Шеберлер қолынан шыққан заттар қашан да маңызды. Сондай қол өнеріміздің бірі - ши тоқу өнері. (Ұсыныс А. Сурет 1)
Ши тоқу - бұрын көшпелі және жартылай отырықшылдықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына ескі заманнан белгілі өнер. Зерттеушілердің айтуынша, ши орау өнері өте ерте заманда ХV ғасырдан бастап дамыған көрінеді. Осынау көне кәсіптердің бірі саналған ши тоқу өнері қазақ, қырғыз, түрікмен, жартылай отырықшы өзбектер мен қарақалпақтар өмірімен біте қайнасып, олардың тұрмысы мен шаруашылығында, мәдениетінде ерекше маңызға ие болған.Кез келген қолөнердің шығармашылық ізденіс екені ақиқат. Ал табиғатта кездесетін әр дүниені өз керегіне жарата білу, тіпті қу шидің өзін пайдасына асырып, оның күнделікті тұрмыста, шаруашылықта орнын айқындап, мәні мен маңызын аша білу - ата-бабаларымыздың тек біліктілігінің ғана емес, сондай-ақ шеберлігінің де арқасы деп түсінген жөн.
Сәндік қолданбалы өнер тұрмыс-тіршілікте қолданылатын заттармен байланысты. Сәндік жйне эстетикалық қасиеттерге ие. Ал қазіргі заманғы қолданбалы өнер туындылары көртеген көркем тәсілдерді пайдаланады.
Дипломдық жұмыстың міндеті: Дипломдық жұмыс барысында ши өнерінің тарихы, таралу аймағы, қажетті материалдар мен құралдар және композициялық шешім мен түстік үйлесім туралы мәліметтер талданды. Жұмыстың басты міндеті осы техниканы пайдалана отырып, туындының композициялық құрылымын және түстік шешімінің үйлесуін шығарма арқылы көрсету.
Жұмыстың мақсаты: Халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы - ши тоқу өнерін жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сапа түр беріп сәндік қолданбалы қолөнерді дамыту.
Ши жасау техникасы бойынша материалды оқу, жүндерді бояу туралы ақпаратты жүйелеу, таңдалған техникада шығармашылық жұмыстарды орындау. Тақырып бойынша ши техникасының ерекшелігін пайдалана отырып, композициялық шығарманың үйлесімділінгін табу. Табиғаттың әсемдігі әсер етпеген жан жоқ шығар, ақын-жазушылар да өздерінің сұлулыққа деген сезімін қағаз бетіне түсіре білген. Дипломдық жұмыста осы талайды тамсандырған табиғаттағы сұлулықты ши тихикасында жасау арқылы, мөлдірлікті, сұлулықты көрсету.
І. ТАРИХИ БӨЛІМІ
1.1. Ши тоқу өнерінің тарихы
Ши - астық тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік түрі. Биіктігі 50-220 см, сабағы көп, мықты, тік өседі, түсі қошқыл жасыл, екі жағы да тықыр, тұп жағы көптеген ескі жапырақты шым түзейді. Жапырақтары ұзын, жіңішке (ені 3-2 мм), өте қатты. Сыпыртқысы жіңішке, ұзындығы 15-50 см, масағының ұзындығы 5- 6 мм, ақ не күлгін түсті. Мамыр-шілдеде гүлдеп жеміс салады. Еліміздің көп жерлерінде өседі. Қыста мал шиге жақсы жайылады. Сосын ұзын сабақтарынан ши тоқиды, гүлі мен қысқа сабағынан сыпыртқы жасайды. (Ұсыныс А, Сурет 2)
Өнер тарихы ғылымы үшін халықтық қолданбалы өнердегі дәстүрлерді сақтау бүгінде ерекше маңызды зерттеу нысаны болып табылады. Халық шеберінің әрбір бұйымы ұлттық болмыстың практикалық, көркемдік және рухани жағынан өзіндік синтез болып табылады. Оның орындылығы мен сұлулығы замандастың эстетикалық дамуына әсер етіп, оның мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін оята алады.
Қазақ халқының қолданбалы өнерінің жарқын және таптырмайтын түрлерінің бірі - өрнекті ши жасау. "Киіз және тоқу сияқты төсеніштерді тоқу ұзақ тарихы бар. Мұны Қазақстан аумағындағы археологиялық олжалар растайды. Жетісудың атақты Бесшатыр қорғандарынан жерлеу камераларының жоғарғы жағынан қамыстан өрілген маттар табылды".[5, б. 74]. "Өрнекті төсеніштерді тоқу Сібір мен Орта Азия халықтары арасында кең таралған". [6, б. 44].
Шым ши - киіз үй жабдықтарының маңызды атрибуты, кереге - тор қаңқасының астындағы белгі және киіз есіктің ішкі астары-шым есік рөлін атқарады. [7, б.176]. Жылуды сақтай отырып және шаңнан қорғай отырып, ол киіз үйдің ішкі көрінісін керемет безендіреді. [7, б.176]. Қазақ шеберлері шым ши ғана жасап қойған жоқ. Шиді сырмақ, текемет, киіз басарда да, түрлі өнімдерді кептіру үшін де пайдаланды. Кейде қоға бұтақтарынан тоқылған қарапайым еденге төселген шилер де кездеседі, оларды сондықтан төсегіш ши деп аталаған [5, б.75]. (Ұсыныс А, Сурет 3)
Қазақ халқының ең көркем кәсіптерінің бірі ши тоқу болып табылады. Ши тоқудың да басқа киіз жасау қолөнері сияқты бай тарихы бар. Әрбір киіз үй шимен жабдықталып отырған, яғни ши пайдаланылмаған киіз үйді кездестірмейсіз. Иран, Қытай, Монғолия, Тибет, Ресей, Еуропа бөлігінің оңтүстік шығысында, Орта Азия, Батыс және Шығыс Сібірдің оңтүстігінде кездесетін ши өсімдігі Қазақстанның дала, шөлейт аймақтарында, тау беткейлерінде, әдетте, суға жақын жерлерде өседі. Қыста мал жайылымына таптырмас бұл өсімдіктің сабағын қазақтар ши тоқу үшін қолданған. Мірдің оғындай түп-түзу, әрі өте берік келетін шидің сабағы тұрмыста орны ерекше материалдың бірі ретінде кәдеге асты. Қазақ халқының саласында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, түр салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас қалып жатқан ұлттық өнері болып табылады. Ши бұйымының жалпы сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши, шым ши деп үш топқа бөлінеді. Мұндай ши түрлері қазақ арасында әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Мысалы, қабығынан тазартылған ақ шиді көбінесе, ірімшік, т.б. жаю үшін, сондай-ақ сүзгіш шыпта жасау, үйдің төбесін біртегіс сылауға ыңғайлы болу үшін қолданылатын болса, ұзына бойы түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһазының бірі болып есептеледі. Ал өн бойы тұтас оралмай әр жерінен аралатып оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды.
Демек, киіз үйдің керегесін орай тұтуға көбінесе жоғарыдағы айтылған шидің соңғы екі түрі: шым ши мен орама ши пайдаланылады. Шым шиді кейде жез ши деп те атайды (бұл ерте уақыттағы жез оралған кезден қалған атау болса керек). (Ұсыныс А, Сурет 4)
Суық түсе бастаған кезден бастап ши жиі қолданыла бастайды. Егер киіз жаңбырдан суланып кетсе, ши ылғалды ішке өткізбейді, сондай-ақ шаң тозаңға да тосқауыл бола алады. Әкелінген өрнекті шилер мен біздің қолөнершілер дайындаған шилердің айырмашылығы мынадай: мұнда жүннің орнына түрлі-түсті жіптер пайдаланылған. Яғни күйе боялған жүнді де жеп қойып отырған, сондықтан тоқымашылар түрлі-түсті жіптерді пайдалана бастаған. Қазіргі уақытта ши тоқу үлкен шеберлік пен төзімділікті, қажырлықты талап етеді. Өрнекті шилерді дайындаудың процесіне жан-жақты тоқталып өткен жөн.
Қазақ халқында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, түр салып тоқу ісі - ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық өнер. Шиден түрлі бейнелер жасап, ою-өрнектермен өрнектеп базарлық, кәдесый ретінде нарыққа шығарып, бұл кәсіпті нәсіп етіп, пайдасына асырып отырғандар да қазіргі таңда жоқ емес. Қазақ халқының асыл қазынасының бірі болып саналатын қолөнерінің шығу тарихы мен сан түрлі сәндік-қолданбалы өнер туындыларының жасалу жолдары туралы мәліметтер халқымыздың мақтанышы болған белгілі ғалымдарымыз Ә.Х.Марғұлан, М.С.Мұқанов, Х.Арғынбаев, Т.К.Басенов, Ө.Жәнібеков, С.Қасиманов, К.Әмирғазин, Ұ.Әбдіғаппарованың зерттеу еңбекттерінде көп орын алған. Қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің ішінде ерекше көзге түсетін және өзіндік нақышқа толы түрі-бұл ши тоқу өнері.[8, 127б.]
Ши тоқу-бұрын және қазіргі кезде қазақ халқы мен Орта Азия халықтары арасында кен тараған сәндік-қолөнер түрі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажеті үшін тоқылған шилер қазірггі күнге дейін кеңінен қолданылып та келеді. Оны киіз үйдің құрамдас бөлігі ретінде кереге сыртына тұлуға, әртүрлі үй шаруашылық мүддесіне, киіз басу жұмыстарына, жаюлы киіз-сырмақтың асты ылғал тартып бүлінбеуі үшін астына төсеуге, сонымен қатар құрт жаюға, тары сүзуге т.б. кеңінен пайдаланылады.
Қазақ халқының қолөнері саласындағы ши тоқу, оған боялған түрлі-түсті жүн орап, өрнектеп безендіру ісі-ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттық өнер. Қолөнер ісінің басқа түріне қарағанда ши тоқу әлдеқайда арзанға түседі, әрі төзімді келеді, әсем болуымен қатар ши бұйымдары көшіп-қонуға, алып жүруге өте қолайлы.[9, 108б.] Сол себепті мал шаруашылығымен айналысатын елдер оны ерте заманнан бері пайдаланып келеді, қазір де кездестіруге болады. Тарихи жазба деректерге қарағанда қазақ арасында үйшілік, тігіншілік, етікшілік, тоқымашылық тағы басқа колөнер кәсіптері дамыды.
Қазақ халқының бұрынғы және қазіргі сәндік қолтанбалы өнерінің арасында тікелей, әрі табиғи байланыс бар. Көне өнер туындылары кәсіби суретшілердің шығармашылығында қайтадан талданып, сәндік өнердің жаңа түрлері, олардың әсемдік жағын жүзеге асыру қолға алынып отыр. Әсіресе, кесте, ши, зергерлік бұйымдар жан-жақты даму үстінде. XIX ғасырдың аяғында қолөнердің осы түрлері әртүрлі ою-өрнектермен әшекейленсе, қазіргі таңда көбінесе әртүрлі сюжетті бейнелермен шебер байытылуды.
1.2.Ши өнерінің таралу аймағы
Ши өрімі Қазақстанның барлық аумағында таралған. Өсімдіктің жұқа бұтақтарын түрлі-түсті жүнмен немесе иірілген жіппен орап, халық шеберлері нағыз өнер туындыларын жасады. Бұл түр үшін композицияның негізгі құрылысы дәстүрлі болғанына қарамастан, аймақтық айырмашылықтар түс схемасында, ою-өрнектердің үйлесімінде, олардың өлшемдерінде және т. б.
Ши тоқу-қазақтың үй шаруашылығында, тіршілігіне керекті негізгі бұйым. Жалпы көшпелі халық өмірінде шидің алатын орны ерекше. Ши тоқу өнері бұрын көшпелі және жартылай отырықшылыққа тіршілік еткен Орта Азия халықтарына (қазақтар, қырғыздар, түрікмендер, өзбектер, қара қалпақтар) көне заманнан бері күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетіне, тоқылған шиді кең түрінде пайдаланып келеді. Оны киіз үйдің құрамды бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ қазақтар мен қырғыздарда оларды үйдің есігіне ұстау үшін де пайдаланады. Оны әр түрлі шаруашылық мүдесіне, мәселен, киіз басу, сияқты жұмыстарда пайдаланады.
Тоқылған шиді қазақтар сияқты қырғыздар да, жартылай көшпелі басқа да шығыс халықтары да пайдаланып келеді. Мәселен, оны құрт жайып, тары сүзіп алу сияқты күнделікті тұрмысқа қажетіне пайдаланған.
Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқанда үйдің жылы болуына әсері тисе, күннің жылы кезінде туырлығын жоғары түріп қойып, үй ішін салқындатуға жақсы.
Ши өңдеу, тоқу өнерімен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы басқа да халықтарда көбіне әйелдер айналысқан. Жай ғана ақ шиден өзіне керекті күнделікті тұрмыста пайдаланылатын затты әрбір әйел өздері тоқып алады.
Ерте кезде тұрғын үйдің негізгі түрі тек киіз үй болған уақытта ши дайындауға топталып, әйелдермен бірге ер кісілер де баратын болған. Ерлер жағы ши өсімдігін түбімен қопарып оны түйеге, езгіге немесе атқа арту сияқты ауыр жұмыстарды атқарған. Шиді күзге қарай дайындаған.[10, 87б.]
Зерттеу арқылы ерте заманда үй шаруашылығына жиі қолданылған, ал қазіргі заман талабына сай неше түрлі бұйымдар өзгертіліп, жаңартылу арқылы жасалып жатыр.
1.3. Таң Шолпан
Дипломдық тақырыпты таңдау барысында көптеген варианттарға тоқталып, ақырында Таң Шолпан тақырыбын тандадым. Себебі таңдаған тақырыбым табиғатпен тығыс байланысты. Өз жұмысымда табиғаттың әсемдігі мен ерекшелігін барынша көрсетуге тырыстым. Қазақ есепшілері таң атар алдында шығыс оңтүстік жақтан жарқырап жанып көрініп, көкжиекті ерекше жарық етіп туып тұратын нұрлы, үлкен жұлдызды шолпан жұлдызы немесе таңшолпан жұлдызы деп атаған екен.
Бағзы замандардағы ата-бабаларымыз бұл жұлдызды әр түрлі атармен атап келгені белгілі жай. Кейде алтын жұлдыз десе, кейде таңшолпан, кейде керуен жұлдыз, таңсөгер, таңтаңба, шопан жұлдыз, малшы жұлдыз деген тәрізді аттармен құбылта атаған екен. зақтың ықылым замандарындағы есепшілері шолпан жұлдызын жерден көрі күнге жақын деп ойлаған. Күннің жақын серігі, жолдасы деп білген. Шолпан жұлдызының беті жалпақ болғандықтан күннің нұрын күшті сіңіреді, оның нұры күшті болып көрінеді. Ал күнге жақын дейтін себебі шолпан туа салып артынан көп ұзамай көкжиектен шолпан жұлдызды қуып күн көтеріледі. Шолпан жұлдызын малшы қазақтар ен дала төсінде малын бағып жүріп-ақ көкжиектен көрген, тіпті шолпан жұлдызы күннің ар жағына барған сәттернін де байқаған. Ол кезде шолпан жұлдызы кішкентай жарық нүкте болып көрінсе керек. Ал күннің бер жағынан қарағанда, шолпан жұлдызы орақ бейнесіндегі ай мүйізді болып көрінген. Күн бүйірінен көргенде жарты дөңгелек ал таңда көрінгенде бүтін, толық дөңгелек, толған ай тәрізді болып көрінген. Жерге ең жақын тақап келген кезде көрінбей жасырынып қалған. Мұның себебі шолпан жұлдызы осы кезде күн мен жердің арасынан, ортасынан өтеді. Шолпан жұлдызы күннің бетін басып өткендіктен күннің күшіт жарығынан жердегі адамға көрінбейді деп топшылаған. Көрінсе де, кішкене ноқат түрінде байқалуы мүмкіндеп жорамалдаған. Мұны қазақ есепшілері шолпан жұлдызының күнді сағаап өтуі немее күнге күюі, күн нұрына шомылуы, күн бетінен срғуы, нұрға сіңуі деп есептеген. Шолпан жұлдызы күн бетін басып өткен кезде ай сияқты орағы бір-біріне тиердей тақап тұрып көрінеді. Екі мүйізі айдың ұшындай алыс болмайды. Бір-біріне жақын, бірақ тимейді деп қараған. [11]
Табиғат - жаны нәзік жаратқаннан,
Жауапсыздық келтіреді оған нұқсан.
Адамдар немқұрайлық танытпаса,
Байлығын төгіп берер асып - тасқан
- демекші, табиғаттан асып ешқайда кете алмасымыз анық. Себебі табиғатсыз тіршілік болмайды.
ІІ. ТЕХНОЛОГИЯ БӨЛІМІ
2.1. Ши тоқу технологиясы
Халқымыздың өрнекті өнерінің бірі шиді жүнмен орап, және оны өрнектеп тоқу ісі. Қолөнердің барлық түрлері сияқты, ши тоқу, оны түрлі өрнектермен безендіру әдісі өте ерте заманнан бері келе жатқан өнер мұрасы.
Сан алуан әдемі өрнектер орап тоқыған шым шилер киіз үйдің керегесі мен туырлығының арасына ыдыс-аяқ тұрған жаққа тұтуға, сондай-ақ үлкен үйлердің ішін бөлмелеп далда жасауға, итарқа құруға өте ыңғайлы. Ертеректе батырлардың оқ салып жүретін қорамсақ қаптары да шиден тоқылған.
Қолөнер ісінің басқа түрлеріне қарағанда ши тоқу әлдеқайда төзімді келеді. Әсіресе киіз үйдің ішін әсемдеуде шидің алатын орны ерекше. Неше түрлі сырмен боялып, сағанақтары күмістендірілген кереге көздері мен құлпырған құр-таңғыштарға, термелеп өріп, жібекпен шашақтаған уық бауларға, зермен кестелеп, шұғамен оюлаған туырлық пен үзіктің ішкі өрнектеріне ши жалпы түр беру ретінде үйлесіп-ақ тұрады. Осындай әдемі оралған кілем шилер малды ауылда қазір де жиі кездеседі. Әсем болумен қатар ши көші-қон жағдайында алып жүруге өте қолайлы. Сондықтан мал шаруашылығымен айналысатын елдер оны ерте заманнан бері пайдаланып келеді.[12, 108б]
Ши тарту, оны аршу, орау, жүн орап тоқу сияқты, ауыл азаматарының бәріне ортақ жұмыс. Ши тартуға ауылдың қыз-келіншектері мен жігіттері жиналып, орталарынан соятын қойын, қымызын дайындап, домбыра, қобыз алып, ұйымдасқан түрде кірісетін. Қазақтың ши тарту биі, ши шымылдық дейтін ұлттық ойындары содан қалған. (Ұсыныс А, Сурет 5)
Тоқылатын ши мал аяғы баспаған соны жерден, жаздың орта шенінде әбден бойлап өскен кезде тартылады. Шиді таңертең, кешке немесе жаңбырдан кейінгі шық кеппей тарту керек. Мұндай кезде жер жұмсақ, ши суырылғыш келеді. Әзірленген шидің қабығын аршып, бумалап, көлеңкеге кептіреді де, өрнектеп орайды.
Ши ораудың екі әдісі бар. Бірі -- тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне сала отырып орау, екіншісі -- жаңа өрнек сүретінің үлгісімен орау. Оралып тоқылған даяр шидің өрнегіне салып орайтын шиді бір-бірлеп өрнек бойынша әр түсті оралған шидің буындарын дәл келтіріп, санап отырып орайды. Оралған шилерді өрнегіне сәйкес өз алдына бөлектеп жіңішке шуда жіппен тізіп отырады.
Жаңа өрнек үлгісімен орағанда оралатын шиді үлгінің үстіне салып өлшеп, санай отырып буындарға бөліп отырады.[12, 109б.]
Оралып, өрнектеліп болған әрбір тал шиді сол талдың өзі үйлескен шиіне шуда жіппен бір шалып байластырып қояды. Сондықтан тоқығанда оларды шатастырмай, осы қатарымен алып тоқиды.
Шиге оралатын мүйіз өрнегі де осы әдіспен оралады.
Шиді орағанда оның түп жағы мен шашақ жағын үнемі кезектестіре салып отыру керек. Әйтпесе шидің бір шеті жұқа, майысқақ болып, екінші шеті тым қалыңдап кетеді. Ондай шиді жинау да қиын.
Шиді тоқуға арналып иірілген жіп екі қабатталып ширалып, бірнеше домалаққа төгіледі. Домалақтарды салмақты ету үшін жіпті темірге немесе тасқа төгеді. Мөлшері орташа бір қанат шидің өн бойы 9-11 жерден тоқылады. Тоқу ісіне керекті ең негізгі станок-арқалық. Арқалықты екі басынан жіппен байлап, биіктігі шамамен 1 м 20 см келетін ағашқа асып қояды.
Арқалықтың өң бойын әр жерден тоқылатын жіп ілінетіндей етіп кертеді. Содан кейін домалақталған жіптерді арқалыққа дәл ортасын келтіріп көлденең асады. Осылай қатарына асылып тұрған жіптің ортасына әкеліп бірінші шиді сырықты бойлата салады да, әлгі тоқушы арқалықтың ар жағындағы домалақты оң қолымен алып, бергі жағына түсіреді. Осы тәртіппен шидің өн бойы тоқылып шығады. Ши мен шиді тізетін тоқу жібі әрбір ораған сайын екі жіп өзара бір айқасып есіліп отырады. Мұны шебер өз жағындағы домалақты біресе оң қолмен, біресе сол қолмен ауыстыру арқылы оңай орындайды.
Тоқылатын шидің басталған жағы мен аяқталған жақ шетіне үш шиді қабаттап әуелі өз алдына бір рет жай жіппен ерсілі-қарсылы сирек орап байланыстырады. Қара жүннен иірілген жіппен ақ шиге оралған осы бір сайластырудың өзі үшбұрыштардың тізбегі сияқты өрнек болып шығады. Мұны ши ораушылар шыбын ұанат өрнегі дейді. Тоқи бастағанда бір немесе екі қарыстай жерге ыңғай осыларды салып тоқиды. Сонда тоқылған шидің екі жақ шеті қалыңдап, берік шығады. Ши тоқушылар мұны қарақұс деп атайды. Бұған шидің бауы бекітіледі де, оны басқа бір затпен байланыстыруға мүмкіндік жасайды. Тоқылып болған шидің бас аяғын тегістеп қырқады. Кейбір адамдар қырқылған шидің екі жақ шетін әдемі матамен, киізбен көмкеріп тігеді. [12, 110б]
Халық қолөнерінің шеберлері өрнекті шым ши, ораулы ши, ақ шилерді
2. 2. Шиді өңдеу жолы және пайдаланылуы.
Ал, бүгінде еңбек - XXІ ғасыр жағдайындағы шешуші ұлттық фактор ретінде, жаһандық бәсекелестік жағдайда алдыңғы кезекте ілгерілетілуі тиіс. Бұл - Елбасымыз ұсынып отырған келешегіміздің ұстанымы.
Осыған орай, бүгінгі заман XXІ ғасырда өмір сүретін жастарға ғалам негіздерінің жаңа жетістіктерімен қарулануды, оқып, үйренуді талап етіп отыр. Себебі, қазіргі ұрпақты ой - өрісі тар, еш нәрсеге мән бермейді, түрлі жағымсыз қылықтар жасауы көбейіп отыр деп қаралайды. Санасы сәулелі жастар бұны түсінеді.
Өнер көзі - халықта деген, алдымен, өнерді халықтан үйреніп, көне мұрасын жаңғыртып, ізденіп іске асыру перзенттік парызымыз. Қазақ ұлты - кең байтақ еліміздің ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртушы, жаңғыртып байытушы.
Ши тоқу халқымыздың өрнекті өнерінің бірі, шиді жүнмен орап және оны өрнектеп тоқу ісі. Қолөнердің барлық түрі сияқты ши тоқу, оны түрлі өрнектермен безендіру әдісі өте ерте заманнан бері келе жатқан өнер мұрасы. Сан алуан әдемі өрнектер орап тоқылған шым шилер киіз үйдің керегесі мен туылдырығының арасында, ыдыс - аяқ тұрған жаққа тұтуға, сондай - ақ үлкен үйлердің ішін бөлмелеуге. Ертеректе батырлардың оқ салып жүретін қорамсақ қаптары да шиден тоқылған. Қолөнер ісінің басқа түрлеріне қарағанда, ши тоқу әлдеқайда арзанға түседі, әрі төзімді келеді.
Әсіресе, киіз үйдің ішін әсемдеуге шидің алатын орны ерекше. Неше түрлі сырмен боялып, сағанақтары күмістендірілген кереге көздері шашақталған уық бауларға, зермен кестеленіп, шұғамен оюланған тулырлық пен үзіктің ішкі өрнектеріне ши жалпы түр беру ретінде өте үйлесіп - ақ тұрады. Осындай әдемі оралған кілем шилер бұрын ата - бабаларымыз, малды ауылдардың бәрі қолданған. Әсем болуымен қатар, ши көші - қон жағдайында алып жүруге де өте қолайлы.
Дала шөбін басқа да халықтардың пайдалануы. Дүкенде сатылатын түсті бояумен боялған Вьетнам, үнді халықтарының салфеткалары, желдеткіш, қабырғаға сәндік үшін іліп қоятын панноларын көріп, ол халықтың да өнерінде шидің алар орны ерекше деп білеміз, сол сияқты беларус, литва халықтары дала шөбі - қамыстан түрлі орындық, үстел, креслолар өріп тоқитыны да белгілі.
Дала шөбі шиден: ши қалпақ, киіз басу үшін, киіз үйдің керегесіне тұту үшін, құрт жаю үшін, терезе қап, масахана, етхана т.б дайындаған. Тоқылатын ши мал аяғы баспаған жерден, күз кезінде әбден бойлап өскен кезде тартылады. (Ұсыныс А, Сурет 6) Шиді таңертең немесе жаңбырдан кейінгі шық кеппей тартылуы керек. Мұндай кезде жер жұмсақ, ши суырылғыш келеді. Әзірленген шидің қабығын аршып, бумалап, көлеңкеге кептіреді де, өрнектеп орайды. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, алдымен шиді тоқымас бұрын ши шыбықтарын аршып тазартады, аса қысқаларын және жіңішкелерін алып тастайды. Іріктелген ши шыбықтарын өз қалауымызша ұзындықтарына 20 см немесе 30 см етіп қысқартамыз.[13, 27 б.]
2.3. Шидің түрлері
Қазақ халқының саласында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, түр салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас қалып жатқан ұлттық өнері болып табылады. Ши бұйымын жалпы сырт көрінісіне қарай үш түрге бөледі: ақ ши, ораулы ши және шым ши. Қазақ арасында осы ши түрлерінің әрқайсысы орын-орнымен қолданылады. Мәселен, ақ шиді оралмай, құр өзі тоқылатын болғандықтан көбінесе киіз басуға, өре жаюға, сүзгіге, мал сойғанда, еттің астына салуға, сырғауыл салынған уйдің төбесіне ұстайды. [12, 108б.] Өн бойы тұтас оралмай, әр жерінен аралатып оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды. Сондай-ақ орама шиді шым шимен бірге киіз үйдің керегесін айналдыра тұту үшін пайдаланған. Өнебойы түгел оралған өрнекті шиді шым ши дейді. Оны киіз үйге, ас-су, ыдыс-аяқ тұратын жерге қоршау етеді. Кейде оны түскиіз орнына да ұстайды. [12, 109б.]
Өрнектеп шым ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрылысының маңызы ерекше. Бұл саладағы қазақ шеберлерінің қолданып жүрген қазіргі барлық ою түрлерін композициялық жағынан: толық, жекелеген және тұтас ою, бір беткей ұзындық ою (компоненттері бойлай да, көлденең де тепе-теңдіктегі ұзындық ою) болып бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде кездесетін қазақ оюларының ішіндегі жоғарыдағы аталған жекелеген және тұтас ою формасын шаршы ою деп те атайды. Оған белгілі геометриялық фигурадағы төрт бұрышты, дөңгелек, үшбұрышты, тағы басқа көп бұрышты оюларды жатқызуға болады. Олар шым шидің бетін тұтас сәндеуге қолданылады. Осылай тұтас беті өрнектелген шым шиді түскиіз орнына да ұстайды. Сондай-ақ киіз үйлердің шым есігі де осы шым ши екені белгілі. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz