Кино көру мәдениеті


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. Қ. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

«ӨНЕРТАНУ» ФАКУЛЬТЕТІ

«КИНО ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ

Әкімжан Айқын

КИНО КӨРУ МӘДЕНИЕТІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

МАМАНДЫҒЫ: 5В011600 - ӨНЕРТАНУ

МАМАНДАНДЫРУ: КИНОТАНУ

Алматы

2021

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. Қ. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

«ӨНЕРТАНУ» ФАКУЛЬТЕТІ

«КИНО ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

Г. Қ. Наурызбекова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: КИНО КӨРУ МӘДЕНИЕТІ

ОРЫНДАҒАН: Әкімжан Айқын

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ: Өмірбаев Дәрежан

Алматы

2021

Кино көру мәдениеті

Кіріспе

І. Ақпараттық қоғамдағы мәдениет немесе қателесу туралы баяндама.

  1. Бірінші мен екіншімен қақтығысы. Шырматылудың шиеленісуі.
  2. Мәдениет схемасы немес күнделікті күйбең тағыда мещандық бақыттан бастау алған мәдениет.

ІІ. Көру мен қараудың айырмашылығы.

2. 1. Нақыш (сурет) және қозғалыс (тыным) . Андей Тарковский және Крис Маркер

2. 2. Дыбыс (шум) пен әуен (диолок) . Эрик Ромер және Эльер Ешмухамедов

2. 3. Ойлау мен тұжырым. Дәрежан Өмірбаев және Отар Иосиоляни

2. 4. Стиль мен қолтаңба. Робер Брессон

2. 5. Вагондар еш алаңсыз ән салады. (Фильмдер мен продессерлар)

Қорытынды

Кіріспе

Тақытыптың өзектілігі : Алдыңыздағы текст белгілі жағдайлардың туындысы. Бұл- жоғары оқу орнына арналған студентің заңды тапсыруға тиісті дипломдық жұмысы дегеннің өзінде, баяндаушы эксперт емес, пікірін заңдастыруға талпынған өтініш иесі. Алдыңғысы өзінің нақты тұжырымын дәлелдей білетінін және білмейтінін дәлелдейді, соңғысы- аталғандардың ешқайсына жатпайтын жоспардың орныдалуына арналыған құжат ретінде ғана болмақ. Бірі қорытындылайды, өзгесі сауал қояды. Осындай кереғарлықтың кіріккені сонша, бірде біреуі ешнәрсеге әкелмейді. Баяндаушы ең кемінде, білімге негізделген өзіндік тұжырымды және дискурстардың формалды анализі, өзінен кейін жарық көрерін айтып жұбана алуға тиіс. Бұл нәрсені табыстаушыдан бөлек, тапсырушынның өзі сезгені екі тарапқада әлде қайда ұтымды болмақ. Сондықтан, мәденитеттің кезекті түлеуіндегі өзгерістердің білім мен ғылым, нақтырақ зерттеу жұмысның алға қойған мақсаты үшін қандай салдар тудырғаны қарастырылуға лайық. Онда ол өзінің екі түбегейлі нұсқаларында қарастырылады: алған білімді зерттеу және соны пайдаланудағы таным тәсілдері мен қызметтеріне байланысты. Бірінші жазылған жұмыстың тіпті надандарғада түсінікті үлгісін өзінің теоретикалық тұжырымнан алған нәтижесі көрсетеді. Екіншіден қазірдің өзінде ақпараттық білімнен алған қорытындыны жіктеп игеріп билеу және пайдалану өзгеріске түсетіні тақырыптан белгілі. Алдымен адам кейіннен дыбыс пен бейнелер (медия) айналымы білімге қалай ықпал етсе, ақпараттың бей берекетсіздігі мәдениетке солай ықпал етеді. Бұл жаппай өзгерісте өнердің табиғаты өзгеріссіз қалмайды. Ол таным ақпарат сапсына ауыстырылғанда ғана жаңа арналарға еніп, іске қосылады. Демек, зерттеуге көнбейтін нәрселердің бәрі ысырлып тасталынады және зерттеудің бағытының өзі мүмкін нәрселердің өзіндік салаға қатысты болуға тиіс екеніне бағындырады. Қарабайырландырсақ: дайын туындыны (киноматогафияны) кез келген адам көре алады, бірақ оның құны мен қажеттілігін өзіндік тілін анықтауда мәдениеттен көрі алған ақпаратының қаншалықты құнды әрі тұжырмды екеніне тәуелді. Егер алған ақпараты (жыйнаған білімі) сол салаға (киноматографияға) жеткіліксіз болса кино көру мәдениетінен бөлек тұрмыстық мәдениеттенде алшақтап кетеді. Оның барлығы ақпараттық қоғамдағы алған білімнің нәтежесі, қателесуге итермелеп нәтижесінде күнделікті мәдениетке айналып сіңіп кетеді. Білімді өндірушілерде, пайдаланушылар сияқты, бірі ашуға, өзгесі тануға тырысқан мамандыққа, нақтырақ салаға қатысты құралдарды хұзырында ұстауға тиіс. Осыдан ақпараттың білімге, білімнің мәдениетке, мәдениеттің кинематографияға, оның таным көкжиегі барысында танысатын белгілі нүктесіне қатысты өте зор түрде тысқары бола бастайтынын күтуге болды. Білім алу рухты жетілдіруден және тіпті тұлғадан ажыратусыз болған көне қағида жойылуға келісіп және барған сайын түлеп жаңара бермек. Нақтыласақ: кинематогафияны көру үшін базалық тұжырым, ал, тұрақты тұжырым қалыптасу үшін мещандық бақыты қанағаттандырарлық деңгейде болу тиіс. Онысыз капитализімде бәрі бекер. Өнерді есептемегенің өзінде жалпыға ортақ ғылым мен білімнің күнделікті күйбеңнен ойсырай ұтылатыны анық. Аталған сөйлемнің жалпы мазмұны трагедияға ұқсағанымен, формасы қателесуге жақын. Дәлел: өнер қазір де, кейін де сату объектісі болмақ, және ол қазір де, кейін де жаңа өндірісте бағалау үшін тұтынылады: бұл екі жағдайда да бар ғұмырын айырбас құралына айналудан қорғанумен өтпек. Ол енді өз өзіндегі өз мақсатынан айырлып, тұтыну бағасына тәуелді болады. Кинемтографияның тарихына сор болып жабысқан осы бір дерттің арқасында комерциямен әлі күнге күресіп келді. Бұл кино көру мәденитіне тәуелді емес тіпті білімгеде қатысты емес күнденлікті күн көрістен (капитализмнен) ашынған субъектінің шарасыздықтан барған ісінің салдары. Тұрмыс түзелмей ғылым, ғылым алға жылжымай өнер, өнер қозғалмай мәдениет қалыптаспайды. Тұтас суретті елестетуге қиындық туғызатын «кедергі» туындайтыны осыдан. Өйткені өнер кез- келген мемілекетте бар, ал ғылым тек дамыған өркениетті елдердің меншігінде. Сондықтан Р. Брессон киноға кездейсоқтық келіп, «Карманикті» еріккеннен түсірмеді. Оның жан дүниесінде бұл мәселенің ушыққаны соншалық артынша «Деньгиге» фильміне біреу зорлап ауыраяқ қылмады.

Шағылысқан бейне пайда болатын тұстан басқа жаққа қарамаңдар, - депті бір сиқыршы. Ең бастысы, заттың өзіне қарамаңдар, өйткені зат жоқ, тек оның шағылысқан бейнесі ғана. Міне, біздің кино көрудегі мәдениетіміз түгілі жалпы мәдениеттің жағдай осындай.

Мәдениетті қарастыру үшін ақпартты сүзу, ақпаратты ұтымды пайдалану үшін білімді меңгеру, білімді еш алаңсыз сіңіру үшін тұрмыстық тыныштық, тұрмысты тынштандыру үшін жұмыссызтықтан құтылу қажет. Ал, жұмыстан қажу яки ұнамауы мен мещандық бақытты қаншалықты деңгейде қанағаттандыруы келесі ойлар алгаритімінде (кіріспеден бөлек) қарастырылады. Моншақтай тізілген ойлар тізбегін, торға қонғай торғайдай қылып атып ала салатын бұл жазба ешқандайда қару емес. Өйткені бұл мәселе бір ғана дипломдық жұмыстың ауқымында шешілмейді, тек тырбыңдаған жазба ғана.

Тақырыптың мақсаты: Әрине, әңгімеден әңгімеге секіру, ойды қалғанша бұрмалау, тіл ойындарының құзіретін асыра пайдалану сипаттауға байланысты туатын әдіс тәсілдер. Егер сипаттау емес көрсету болатын болса қандай болмақ, міне сұрақтың нақтылануы деген осы. Киноны көру мен қараудың ара жігі, кино көру мәдениеті сынды сұрақтармен басын ауырпауға тиіс, олай істесек (екіншіде) көрсетілгендей шатасулар пайда, кинематографияға қатысы жоқ көлденең көк атылардың пікініе тәуелді болып, алаяқтардың туындысына рецензияны қалай жазғанымызды солар жайындағы теле токшоуларға қалай тамағымызды жыртып отырғанымызды өзіміз аңғармай қаламыз. Сондықтан кинематографиядағы құдайы Робер Брессонды еске ала кетуді парыз санайық. Өйткені өте нәзік саланың үлбіреген тұсына айырықша назар аудару керек екенін Брессон былай жеткізген: «Мен суретші болғам, суретші болып қала берем. Суретші болған адам суретші болып қалады . . . суретші болғандықтан, басқа өнер түрінің ықпалынан іргемді аулақ салауға тырысамын. Эдгар Дега «музалар ешқашан бір- бірімен сөйлеспеді, бірақ бірге билейді» деген еді. Егер кинематограф музасы басқа музалардың қатарынан орын тепкісі келсе, онда ол композиция пропоцйиясы сынды бірнеше заңдарға бағынуы тиіс». Брессон өз кітабын жазып жатқанда бұл проблема бар е-тін, қазірше? Енді біз, келер ұрпақ өз бетімізше жұмыс істей бастаған кезде бұл мәселе әлі сол орынында табжылмай, қазіргі заманғы практикасының қажеттілігі ретінде қалаптаса қоймаған-ды. Әлі есімде, Бальтазардың мойынындағы қоңырауын сылдырлатып топ болып қозғалған қойдардың арасында күнәлі да бейкүнә кейіпте соңғы демін қалай ішіне тартқаны. Өзге біреу түсірсе бальтазар соңғы демін күрсіне шығарар еді, балатазар олай істемеді. Расымен мүмкін бұл сәтті суреттеу үшін тіл ойындарының қулығына құрық болйламас, я болмаса елестетуіміз үйренші болғандықтан бұл сценаға мән бермейтін болармыз . . . ол жағы Кино құдайы Брессонды еш алаңдатқан емес, тағдыр түртпегі мына түста: сол қоңырау мойынымызға тап болғанда, күніне бес мезгіл мінәжәт емес, әр деміңнен күйбеңге күйіп, әр қозғалған сайын қоңыраудан шыққан сыңғырдан өзің қашатын боласың. Бірақ, ол кезде Брессонға сыйнудың мәні бар ма, жоқ па? Ол Брессонның өзіне де сұрақ шығар бәлкім. (әрине негізгі мәселе көрумен қараудың айырмашылығында) болғанымен, нақышпен оның тынымына байланысты. Кинематография көздің көргендерін емес, пайымның түйгенін бейнелейді. Пайымнан пайда болған тұжырым оның тымынын қашырып қозғалысқа итермелейді. Кинематография- көз үшін жасалған бір мейрам ғой шіркін! Көз қуанбай көңіл тыныштанбайды. Аталған ойды сезімімен қоса бір сілкіп алсақ, кинематографияны былай айтсақ болады.

Кинематография- көңілдің түрткенін емес күйдің түйгенінен көзге арналған туынды жасау.

Кинематография- көздің дүниеде көргендері ақылға қызмет еткенде кинематографияға айналады.

Кинематография- сезімге жүкті сұлулық. Демек, сұлулық дегенің бейне тынымының ырғағын табу. Сонда ғана адамзаттың ең ұялшағынан ең әдепсізіне дейін кинематографияның тек көзбен көру ләззаты екенін түсінетін болады. Махаббаттың ең ұлылары сүйіктісі жайында айтылған сөздерден емес, қараудан, бір ғана көз қарастан пайда болған. Қай салада, қандай бағытта болмасын, дініне, нәсіліне, ұлтына, жасына, жынысына, тіпті дені сау адам мен зағиптың, кез- келгенінің арманның түп төркіні бір көрсем деген ынтызарлықтан туындайды. Біз ойлаймыз күннің жылуын денемізден өткен ыстықтан білеміз деп, олай емес, нағыз күннің жылуын көзімізге шағылысқан сәулесінен сезінеміз. Кез келген сезімді, кез- келген түйінді, кез- келген мәселені бір ғана көз қарас шешуге болады. Біз байқай бермегенімізбен көздің құдыреті әр сезімнің басталуының алғы шарты. Тіпті ең алғашықы ұлы муза деп табынатын әдебеттің өзі көзбен көргенін айна қатесіз көрсете алмағандықтан поэзия болып өрілді. Тек сурет қана көрген қорлығы мен қуанышын, есінде қалғанын қағазға түсіре білді. Ал, оның өнер я өнер еместігі суреттегі атмосфераға байланысты. Атмосфераны туғызатын стиль, стиль дегеніміз - өнер. Нағыз суреткер отыра қалып қиялдан туынды жасап шығармайды, ол көзбен көрген реализімін қиялға икемдейді. Заңды бұзу үшін сол заңды қанық білуіуге тиіссің. Суреткерде дәл солай, күнделікті күйбең көрністеріне әбден қанып, мезі болып, қиялға ерік бергенде өнердің алғы бүршігі пайда болады. Оның әрі қарай нағыз өнер болуы болмауы тұлғаның аштығына байланысты.

І. Ақпараттық қоғамдағы мәдениет немесе қатесу туралы баяндама

1. Бірінші мен екіншімен қақтығысы. Шырматылудың шиеленісуі.

«Мен көгендерімді ғана түсіремін».

(Робер Брессон)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ өнері
ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ
Бейнелеу өнері туралы
Жоғары сынып оқушыларына медиа-білім берудің педагогикалық шарттары
Мәдениет семиотикасы. Мәдениет анатомиясы туралы
Дене тәрбиесі пәнін жетілдіру және әдістері
Қазақ киносындағы түс көрудің режиссерлік интерпретациясы
Елбасы айтқандай Дәстүр мен мәдениет ұлттың генетикалық коды
Оқушылардың тіл мәдениетін ұстартуда педагогикалық дағдылар
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МӘНІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz