Корей тіліндегі сөзжасам жұрнақтары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Кеңесбек Ә. А.

КОРЕЙ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЗЖАСАМ ЖҰРНАҚТАРЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ

ТАЛДАУ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В021015 - «Шетел филология» мамандығы

Алматы, 2021ж

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Шығыстану факультеті

Қиыр шығыс кафедрасы

ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «КОРЕЙ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЗЖАСАМ ЖҰРНАҚТАРЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ»

«5B021015-Шетел филологиясы» мамандығы бойынша

Орындаған:

4 курс студентіКеңесбек Ә. А

Ғылыми жетекші:

Аға оқытушы, Ph. D Белялова Ә. Е

Қорғауға жіберілді

No __ хаттама«___» маусым 2020 ж.

Каф. меңгерушісіЕм Н. Б

Нормабақылаушы

Алматы, 2021 ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. КОРЕЙ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЗ ТАПТАРЫНЫҢ

ЛЕКСИКО-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1. Корей тілі сөз таптарының лексико-морфологиялық ерекшеліктері

1. 2. Қазақ тілісөз таптарының лексико-морфологиялық ерекшеліктері

2. КОРЕЙ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЗЖАСАМ ЖҰРНАҚТАРЫНА САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

2. 1. Корей тіліндегі сөзжасам жұрнақтары

2. 2. Қазақ тіліндегі сөзжасам жұрнақтары

2. 3. Корей тілі мен қазақ тіліндегі сөзжасам жұрнақтарының ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени байланыстардың қарқынды дамуына байланысты, біздің елімізде корей тілін үйренудің іргелі сәті болды.

Елбасымыз атап өткендей, «бүгінгі күні біздің мемлекетіміз әлемдік қоғамдастықтан лайықты орын алуға ұмтылып отырғандықтан, біздің халқымыздың шет тілдерін жетік білуінің маңыздылығын асыра бағалау қиын, өйткені біздің халқымыз өздерінің ұлы болашағын шетелдік серіктестермен келісім мен ынтымақтастықта көреді». Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 28 қаңтарда орнатылды. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Корея Республикасында 1995 және 2003 жылдары екі рет іс-сапармен болды. 2004 жылы Президент Но Му Хён Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

2005 жылғы желтоқсанда Каннам университетінде Қазақтың Мемлекеттік Ұлттық Әл-Фараби атындағы университеті мен Қызылорда Мемлекеттік Қорқыт Ата атындағы университетінің қолдауымен «Қазақстантану» бөлімі ашылды. Ал Қазақстанда . . .

Міне осындай екі ел арасындағы қарым-қатынас одан әрі нығаю барысында. Корея мен Қазақстан мемлекеттері арасындағы тығыз байланыс екі елдің ұлттық тілдерін меңгеру үдерісіне әкелді. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынасқа байланысты, тілді меңгеру үдерісі дами отыра, мобильдік жүйе арқылы білім алу да жүзеге асты. Корея мен Қазақстан мемлекеттері арасында экономикалық байланыстардан бөлек, білім және ғылым жақсы дамып келеді. Осыған орай қазақстандық жастар Корея мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамытуда. Қазақ халқының жастары мен корей халқының жастары екі елдің ортасына мықты көпір құруда.

Сонымен қатар К-поп - Оңтүстік Кореяда 1990-шы жылдардың ортасында батыстың электропоп, хип-хоп, заманауи - «R&B (Р’н’Б) » сынды музыкалық жанрлардың элементтерін бойына жинаған жаңа музыкалық жанр пайда болды. Ол тек ән ғана емес, бүкіләлемдік би мен Оңтүстік Кореяның киіну ерекшелігін біріктіретін, жастар арасындағы субмәдениет. Оны идолдар деп аталатын, танымал жастар тобы әншілер мен бишілер болып орындайды. Олар блюз бен рэпті араластыра отырып, тек Кореяның ғана емес, ағылшын өлеңін де қосып айтады.

Интернеттің арқасында осыдан біраз жылдар бұрын корей толқыны біздің де елге келіп жетті. Ал соңғы уақытта жастар кореялық сериалдарды тамашалап, музыкасын тыңдап қана қоймай, кәріс тілін үйренуге деген құлшыныс білдіруде. Қазақстан халқы жастарының корей тілін үйренуге деген құлшыныстары К-рор жанрына да байланысты десек те болады.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы:

Тақырыптың өзектілігі : Корей тілі мен қазақ тілін үйрену барысында сөзжасам тәсілдерін зерттеу маңызды, әрі қызығушылық тудырады және өзекті. Корей тілі мен қазақ тілінің сөзжасамдық құрылымдарын салыстыра отырып көптеген нәтижелерге жетуге болатыны анық байқалады. Сөзжасам лексиканы грамматикамен байланыстыра отырып, тіл жүйесіндегі маңызды буын болып табылады. Бір жағынан, корей тілі мен қазақ тілінің лексикалық құрамы ежелден келе жатқан түбір сөздер негізінде жасалған болғандықтан, жаңа сөздермен толықтыруға, дәлелді сөздің лексикалық мағынасын қалыптастыруға, көбінесе сөздерді лексикалық категорияларға топтастыруға қызмет етеді. Корей тілінде бір түбірлі сөздердің көп болғандығына байланысты, сөзжасам тілді меңгеру, жаңа сөздердің мағынасын түсіну үшін сөздік қорының маңызды кілті болып табылады, сөздің сөзжасамдық құрылымы әрқашан оның лексикалық мағынасын білдіреді. Қазақ тіл білімінде сөзжасамның дербес сала ретінде танылуы 1989 жылы жарық көрген. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атты монографиялық еңбекте сөзжасам жүйесі синхронды аспектіде қарастырылып, сөзжасам жүйесінің жалпы теориялық мәселелері тұңғыш рет ғылымда анықталған болатын, соның ішінде сөзжасамдық ұя мәселесі көтеріліп, ғылыми айналымға түскен. Қазіргі корей тіл білімінде де сөзжасамдық ұя мәселесі көтеріліп, арнайы ғылыми еңбектер жазылып сөзжасамдық тізбек негізгі нысанға алынған. Сөзжасамдық тізбек- корей және қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұялардың өзекті бір күрделі мүшесі, оның өзіндік құрылымы ұяда атқаратын қызметі, өзіндік белгілері бар. Сөзжасамдық тізбектік сыр сипаты ашылмай, тілдің сөзжасам жүйесінің күрделі мәселесіне жататын сөзжасамдық ұя мәселесі шешілмейді. Бұл сөзжасамдық тізбектерді зерттеудің өзектілігін дәлелдейді.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты бір түбірлі сөздерді белгілі бір грамматикалық кластарға, категорияларға жіктеу үшін туынды құралдар қолданып зерттеу болып табылады. Жұмыстың мақсаты корей тілі мен қазақ тіліндегі сөзжасам жұрнақтарына салыстырмалы талдау жасау арқылы грамматикалық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттеу болып табылады. Сонымен қатар бұл жұмысты зерттеудің тағы да бір негізгі мақсаты, зат есім, үстеу, сын есім, етістіктегі бір түбірлі сөздердің негізінде жасалған сөзжасамдық ұялардың құрамындағы сөзжасамдық тізбектерді теориялық негізде зерттеп, оның сөзжасам жүйесінен, сөзжасамдық ұялардан алатын орнын, атқаратын қызметін, тізбектердің құрылымын, өзіндік ерекшелігін анықтау, тілде жиі қолданатын бір түбірлі сөздердің жұрнақ жалғану арқылы сөзжасамдық қабілетін айқындау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін, төмендегідей міндеттерді орындауға ұмытылыс жасалды:

  • сөзжасамдық тізбекке толық сипаттама беріп, оның тұлғалық және мағыналық құрылымын анықтау;
  • сөзжасамдық тізбектің сөзжасамдық ұядағы алатын орны мен маңызын анықтау;
  • бір түбірлі сөздерге жалғанатын және үстеме мағына беретңн жұрнақтар арқылы жасалған сөзжасамдық ұялардың құрамындағы сөзжасамдық тізбектерді ішкі мүшелері бойынша талдап, түп негіз сөздердің, тізбектегі мүшелердің сөз тудыру қабілетін анықтау;
  • сөзжсамдық сатылардың сөзжасамдық тізбектің құрылымын анықтаудағы қызметін көрсету;
  • сөзжасамдық жұптың тізбек құрамында атқаратын қызметін анықтау;
  • сөзжасамдық тізбек бойындағы туынды түбір сөздердің сөзтабылық үлгілер бойынша талдап, анықтау.

Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері: Ғылыми еңбекте мәселені зерттеуде тіл білімі ғылымының қол жеткізген жоғары жетістіктері негізге алынды. Нақты айтқанда, зерттеуге жалпы тіл білімі, корей тіл білімі және қазақ тіл біліміндегі сөзжасамға қатысты сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тізбек, ситагма, негізділік, туынды түбір сөздер теориясы т. б. сөзжасамдық бірліктер теориясы негіз болды.

Зерттеудің әдістері: Диплом жұмысының зерттеу әдісі корей тілі мен қазақ тілінің сөзжасамдық құрылымдарын салыстыру болып табылады. Корей тілі мен қазақ тілінің лексико-морфологиялық ерекшеліктерін зерттей отыра, сөзжасам жұрнақтарына тоқталып олардың атқаратын қызметі мен жасалуы қарастырылды. Яғни, бұл жұмыстың ең басты зерттеу әдістері екі тіл арасындағы морфологиялық байланысты қарастыру, сонымен қатар сөзжасам жұрнақтарының құрылымдарын зерттей отыра, сөзжасам жұрнақтарына салыстырмалы талдау жасау және екі тіл арасындағы олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау болып келеді, Жұмысты жазу барысында ғылыми сипаттама, анализ, синтез әдістері, компоненттік, морфемалық талдау, салыстыру, статистикалық әдістер қолданылды.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы : Бір түбірлі сөздерге жұрнақтар жалғану арқылы жасалған сөзжасамдық ұялардың құрамындағы сөзжасамдық тізбектерді зерттеу барысында мына төмендегі мәселелер ғылыми шешімін тапты:

  • Сөзжасамдық тізбек қазақ тіл бімінде және корей тіл білімінде де бұрын-соңды арнайы зерттелмегендіктен, сөзжасамдық тізбек мәселесінің теориялық толық сипаттамасы жасалды.
  • Сөзжасамдық тізбектің сөзжасам жүйесінде алатын орны, атқаратын қызметі, өзіндік ерекшеліктері өз шешімін тапты.
  • Сөзжасамдық тізбектің тұлғалық, мағыналық құрылымы анықталды және олардың негізгі белгілері айқындалды.
  • Сөзжасам жүйесіне байланысты соның ішінде, сөзжасамдық тізбектерді топтастыруда және анықтауда қолданылатын корей тіліндегі термин сөздер анықталды.

Жұмыстың теориялық маңызы: Корей тілін үйрену барысында сөзжасам жұрнақтары ең күрделі әрі маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Сондай-ақ қазақ тілінде де басты тақырыптардың бірі cөзжасам жұрнақтары болғандықтан кез келген тілді меңгеру процесінде осы тақырыппен танысамыз. Корей тіліндегі сөз жасаушы жұрнақтар, өз кезегінде, корей тілі жұрнақтары және қытай тілінен енген жұрнақтар болып бөлінеді. Корей тілі мен қазақ тілінде де негізінен 9 сөз таптары бар, бірақ сөзжасам жұрнақтары зат есім, етістік, сын есім, үстеу сияқты сөз таптарын жасау үшін ғана қолданылады. болғандықтан, Сондықтан бұл зерттеу жұмысында корей тілі мен қазақ тілінің осы 4 сөз табының лексико-морфологиялық ерекшеліктері мен оларды жасайтын сөзжасам жұрнықтарына салыстырмалы талдау жасалып, айырмашылықтары мен ұқсастықтары анықталды. Зерттеу жұмысының нәтижелері сөзжасам теориясын толықтырады, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тізбек және ондағы туынды сөздер теориясына қосылған үлкен үлес болып табылады. Жұмыс барысында жасалған теориялық тұжырымдардың осы мәселенің одан әрі зерттелуіне, басқа да сөзжасамдық ұялардың зерттелуіне әсері болады. Сөзжасамдық кластар теориясының дамуына үлес болып қосылып оның келешегіне жол ашады.

Жұмыстың практикалық маңызы: Диссертация нәтижелерін жоғары оқу орындарында сөзжасам пәні бойынша арнайы курстар оқып, семинарлар жүргізуде пайдалануға болады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысының нәтижелері болашақта сөзжасамның оқулық, оқу құралдарын жазушы, сөзжасамдық ұя сөздігін құрастырушы ғалымдарға пайдалы болмақ.

Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, әр тарауға байланысты жеке тұжырымдар мен қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымша беріледі.

Негізгі бөлім

Тіл - адамдардың қарым-қатынасы мен өзара байланысының, дамуының маңызды элементі. Бұл адамзаттың дамуына және өркендеуіне мүмкіндік беретін құралдардың бірі болып табылады, сөйлеу арқылы қарым-қатынастың ең биік түріне қол жеткізуге болады. «Тіл - бұл адамзат қоғамының өмір сүруі мен дамуының қажетті шарты және рухани мәдениеттің элементі бола отырып, тіл- барлық басқа қоғамдық құбылыстар сияқты, материалдылықтан бөлек, елестетілмейді» [1], бұл тіл мәдениеттің элементі болып табылады қоғамның, мәдениеттің ажырамас бөлігі. Мәдениет ұғымының өзі өте маңызды. Неміс философы И. Г. Гердер, мәдениет дүниежүзілік тарихта қандай орын алатындығына қарамастан барлық халықтардың қажетті атрибутына айналады дейді. Оның үстіне «мәдениет» сөзі барлық еуропалық тілдерде көп мағынаға ие. Бүкіл әлем бойынша мемлекетті, елді танытатын ол оның мәдениеті мен тілі діні және ділі болып табылады.

[1] 24 Реформаторский А. А. Введения в языковедение, М. аспект пресс, 2006, с 42.

Әр ұлт пен халықтың ғасырлар бойы, тіпті мыңжылдықтар бойында қалыптасқан өзіндік тарихы, өзіндік мәдениеті болады және әр ұлттың басты бірегейлігі дәл оның тілінде жатыр. Тілден басқа ешнәрсе тіл немесе тілдің барлық ерекшеліктері мен нәзіктіктерін басқа ұғым көрсете алмайды. Тіл, ең алдымен, адамның ойлау қабілетін көрсетеді. Әр мемлекеттің өз ұлттық тілі, тіпті екі тілі бар. «Мәдениет» сөзі көбінесе адамның даму деңгейін білдіреді және бұл жағдайда «өркениет» терминімен синонимдес, өйткені «мәдениет» адамның рухани даму дәрежесін және оның тәрбиелену, білім алу, ағартушылық деңгейін білдіруі мүмкін. Егер біз халықтың мәдениеті туралы айтатын болсақ, онда біз халықтық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді, тұрмыстық ерекшеліктерді және т. б. айтар едік. Тіл мен мәдениеттің арақатынасы күрделі және көп қырлы мәселе болып келеді. Міне осы орайда корей тілі мен қазақ тілінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстырып, грамматикалық тұрғыдан және мәдени-рухани тұрғыдан да қандай дәрежеде екеінін байқайтын боламыз.

Сепир-Ворф теориясы бойынша адамның әлем бейнесі көбіне ол сөйлейтін тіл жүйесімен анықталады. Ворфтың пікірінше, тілдің грамматикалық категориялары сөйлеушінің ойын жеткізу құралы ретінде қызмет етіп қана қоймай, оның идеяларын қалыптастырады және оның ақыл-ой қызметін басқарады. Сондықтан әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдарда әлем туралы әр түрлі түсініктер пайда болады, егер тілдер құрылымы бойынша бір-бірінен қатты ерекшеленетін болса, онда халықтар арасында әлемді түсінуде проблемалар туындайды.

Корей әліпбиінің한글 (хангыль) алфавиті ерекше, және бұл корей мәдениетінің бір қыры. 한글 (Хангыль) 1443 немесе 1444 жылдары корей ғалымдарының тобы (нақты күні белгісіз) Чжусон әулетінің (Корей түбегі) төртінші патшасы Ұлы Сежонгтің бұйрығымен құрылған (세종대왕) . Дәл осы кезден бастап корейлер жазу үшін ескерткіштері өте көп сақталған фонетикалық жазуды қолдана бастады. [3]

[3] Ли И., Ли С., Чхэ В. Корейский язык. М. : Первое марта. - 2005 С. 16.

Бұған дейін Кореяда олар қытай таңбаларын қолданған, тек олар басқаша айтылған. Өз әліпбиін жасаудың себебі қарапайым адамдар үшін қытай таңбаларын қолдану өте қиын болғандықтан, сол кезде тек бай - қуаттыларды оқу мен жазуға үйретіп, халықтың сауатсыздығымен күресу және оның мәдени деңгейін көтеру үшін 한글 (хангыль) құрылды. Қазақ және корей мәдениетінің айырмашылықтарына келетін болсақ, корейлердің әлемді қабылдауы қазақ адамдарынан айтарлықтай ерекшеленеді. Кореяда, ең алдымен, олардың қатаң сақтайтын жасы мен лауазымдық иерархиясы бар, бұл иерархия олардың тілінде көрінеді - сондықтан корей тілінде сыпайылықтың төрт негізгі деңгейі бар, яғни жасы үлкен адам (жасына немесе дәрежесіне қарай), «жоғары» сыпайылық деңгейі. Сыйластық арнайы етістік жалғаулары мен зат есімдерді сыпайы түрде қолдану арқылы көрінеді. Сонымен, мысалы, мұғаліммен, бейресми сөйлеу мәнерінде сөйлесу мүлдем қолайсыз, мұны сыйламаушылық қана емес, қорлау ретінде де қабылдауға болады. Корей тілінде қарым-қатынастың әр түрінің өзіндік сөйлесу ережелері болады екен. Бұл жағдайда Сепир-Ворф теориясы дұрыс болып шығады. Бұл гипотеза сонымен қатар бірнеше тілде сөйлейтін адамдар әр түрлі тілдерде сөйлеу кезінде әртүрлі ойлау құрылымдарын басшылыққа алуы мүмкін деген болжам жасайды, жалпы зерттелетін елдің мәдениетін түсінбей тіл үйрену мүмкін емес. [4]

[4] Сепир Э. Избранные. труды по языкознанию и культурологии. переводы с англ. М., - 1993. C. 112.

Корей тілі ежелгі заманнан бері жазылып келеді. Корей әліпбиінің 한글 (хангыль) алфавиті ерекше 24 негізгі жазба таңбасы бар; дауыссыздар дыбыстар - он төрт, дауысты дыбыстар - үшін он таңба. Онда негізгі таңбалардан басқа 16 құрама жазбаша таңба бар - бес дауыссыздарға және он бір дауысты дыбыстарға - негізгі белгілерді біріктіру арқылы жасалады.

Қазіргі уақытта Хангыль корей ұлттық жазба позициясын берік ұстайды, оны қолдану аясы өте кең. Газеттер мен журналдар хангыльда басылып шығады (дегенмен, қытай таңбалары әлі күнге дейін газеттерде кездеседі), поэзия мен прозалық шығармалар жазылады, әртүрлі мамандандырылған әдебиеттер шығарылады және ол туралы үкіметтің қаулылары мен құжаттары жарияланады.

Кореяда Хангыль құрылғанға дейін қытай таңбалары қолданылған, сондықтан қазіргі кәріс тілі қытайлармен тығыз қарым-қатынаста. Қытайлық таңбалардың Кореяға қашан кіргені белгісіз. Ол шамамен б. з. д 3 ғасырда кең тарала бастады және б. з. д. 4-5 ғасырларда. Ол сол кездегі үш корей патшалығында да қолданылған - Когурё, Пекче және Силла. Сонымен, 375 жылы Пекче патшалығында «Соги» (서기) тарихи шежіресі қытай тілінде құрастырылды. Қытайлық иероглифтер корей жазбасында екі қызметті атқарды:

Бірінші функциясы - Қытайдан келетін кітаптарды оқу, сонымен қатар иероглифтерде әңгімелер жазу, тарихи шежірелерді сақтау болды.

Екінші функция - осы иероглифтік сценарий арқылы корей тіліндегі корей мәтіндерін жазу. Осылайша, ол тек қытай тіліндегі мәтіндерді оқу мен жазу үшін ғана емес, сонымен қатар корей тілін, яғни корей сөздері мен сөйлемдерін жазу үшін де қолданылды. Иероглифтік жазудың бұл мақсаты, ең алдымен, корейлердің жеке есімдерін жазу қажеттілігімен байланысты болды. Қытайлық таңбаларды қолдана отырып, туған корей сөздерін жеткізудің екі әдісі болды. Біріншісі - қытайлық кейіпкердің дыбысын қолдану, сондықтан бұл таңба фонетикалық кейіпкер ретінде қолданылған. Бұл әдіс «оқу үшін» деп аталады. Басқа жолды кәрістердің өздері ойлап тапқан көрінеді. Бұл жерде қытай таңбаларының мағыналары қолданылған. Мысалы, Кореядағы географиялық атау 밤고개 [Пам - коге], сөзбе-сөз «Каштан асуы» деп аударылған, қытай тілінен алынған, ол «каштан» және «асу» екі қытай таңбасында жазылған. Корей сөздерін білдірудің бұл тәсілі корейлер қажетті дыбыспен иероглифті таба алмаған жағдайларда болған болуы керек.

Корей тілін басқа тілдерден едәуір ажырататын көптеген ерекшеліктер бар. Мысалы, көптеген еуропалық тілдерден айырмашылығы, корей тілінде v және f дыбыстарына дауыссыз дыбыстар жоқ. Сондықтан, ағылшын тілінен сөздер алған кезде бұл дыбыстар «р» дыбысымен ауыстырылады.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, тұтастай алғанда корей тілі жазбаша корей сценарийі - хангыль негізінде жұмыс істейді деп айтуға болады. Осыған қарамастан, кейбір салаларда қытайлық иероглифтік жазуды қолдану әлі күнге дейін сақталған, ол Кореяда өте ұзақ өмір сүрген, ал соңғы кездері латын әліпбиі көбірек қолданылып, еуропалық тілдерден, негізінен ағылшын тілінен алынған сөздер көбейіп бара жатыр.

КОРЕЙ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЗ ТАПТАРЫНЫҢ

ЛЕКСИКО-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  1. Корей тілі сөз таптарының лексико-морфологиялық ерекшеліктері
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зат есімнің сөзжасамы және оның қызметі
Ескі қыпшақ жазба ескерткіштеріндегі сөзжасамдық ерекшеліктер ( Китаб әл-Идрак ли-Лисан әл- Aтрак ескеркіші бойынша)
Жұрнақ және оның түрлері
Ескі қазақ жазба тілі үлгілеріндегі лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктер
Қазақ тілі сөзжасамының теориялық мәселелері
Қазақ тіліндегі қосымшалардың жіктелуі
Ескі қазақ жазба ескерткіштеріндегі сөзжасам
Сөзжасам
Біріккен сөздердің жасалуы
МОДИФИКАЦИЯЛЫҚ ЖҰРНАҚТАРДЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz