Қазақ тілінің фонетикасын меңгерту маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДА ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕНІ МЕҢГЕРТУДІҢ МАҢЫЗЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І.Қазақ тілінің дыбыс жүйесін зерттеу нысаны мен салалары
1.1 Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
1.2 Жалпы қазақ фонетикасында үлкен рөл атқарған ғалымдар
1.3 Қазіргі кезеңдегі қазақ ғалымдарының дыбыс жүйесіне қосқан үлесі
ІІ Өзге тілді ұлт өкілдеріне мектепте қазақ тілінің дыбыс жүйесін оқыту
2.1 Қазақ тілінің фонетикасын меңгерту маңызы
2.2 Дыбыс жүйесін оқытудағы заңдылықтар мен әдістемелік қағидалар
2.3 Фонетиканы оқытудағы әдіс- тәсілдер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе
Жұмыс өзектілігі. Қоғам дамуының қазіргі жағдайында қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымының мәселелері бар. Солардың бірі ұлттық мектептерде қазақ тілін оқытуда дыбыстық жүйені меңгертудің маңызы.
Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары мен тәсілдерін, қазақша дұрыс сөйлеу, сауаттты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Жұмыстың мақсаты: Жұмыстың негізгі мақсаты - ұлттық мектептерде қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың ерекшеліктерін анықтау. Мектеп оқушыларының ішінде сөзді дыбысқа, буынға бөле алмау және дыбыс пен әріптің арасын ажырата алмау сияқты кемшіліктерді болдырмаудың жолдарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Фонетиканы зерттеген және іскерлік пен дағдыға байланысты оқулық авторларының еңбектерін жинақтау;
2. Мектеп оқушыларына фонетиканы меңгертудегі іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда ойлау қаблілетін дамыту жолдарына мектепте тәжірибе жасау.

0.1 Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы
Қазақ тілі фонетикасының қалыптасып дамуы, бүгінгі күні шағына жетіп, биіктерге көтерілуіне көптеген ғалымдар тер төгіп еңбегін сіңірді. Олар: Ахмет Байтұрсынов, Кәкен Аманжолов т.б. Осы тұлғалардың орны ерекше. Қазақ тілінің дыбыс жүйесін жан- жақты зерттеп, ғылыми жүйеге ендіруде де еңбек сіңірген көптеген тұлғаларды атап өтуге болады. Қазақ тілі фонетикасының қалыптасу тарихы сонау түркі тілдерін зерттеп жүрген ғалымдардың еңбектерінен байқауға болады. Н.И Ильминскийдің, П.М Мелиоранскийдің, В.В Радловтың, А.Н Самойливичтің еңбектерінде біраз қамтылған. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі жөнінде Ресей ғалымдары ішінде Н.И Ильминскийдің Материалы к изучению киргизского наречия еңбегінде дыбыстар тізімі мен олардың топтастырылуы, үндестік заңына қатысты ережелер мен екпін жөніндегі мәселелерді қарастырып зерттеген қазақ тіліне арнап жасаған тұңғыш еңбек болды. Осы еңбектерден кейін А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Х.Досмұхамедұлы, Т.Шонанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, А.Ысқақов, І.Кеңесбаев т.б белсене ат салысты.
1954 жылы белгілі академик Ісмет Кеңесбаев Қазіргі қазақ тілі деп аталатын монографияның фонетика саласын жазды. 1962 жылы бұл еңбек толықтырылып, дамытылды. Ж.Аларбаев бұл еңбек жөнінде Профессор І. Кеңесбаев фонетика жөнінде зерттеулері қазақ лингвистикасына қосылған ірі табыстың бірінен саналады, қазақ фонетикасының дамуының белді бір кезеңі болып саналатыны сөзсіз, - деген болатын. Қазіргі таңда жүйеленген бірізділінген қазақ тілінің фонетикасын оқыту мәселелері де, оқытудың әдіс- тәсілдері жөнінде де көптеген әдіскер-ғалымдардың еңбектері баршылық. Атап айтқанда И.Маманов, Ш.Сарбаев, Н.Оралбаев, Ф.Оразбаева, Ж.Адамбаева, Г.Бектұрова т.б.
Тарихи фонетика (диахрониялық фонетика) фонетика саласын тарих жағынан қарастырып, оның даму тарихын өзгерістен айқындайды. Сaлыстыpмалы фонетикa белгiлі бiр тілдiң дыбыс құбылыстаpын өзгe тiлдеpдің дыбыс жүйесімен салыстырып зерттейді. Мысалы, М.Томановтың Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы түркі тілдерінің салыстырмалы тарихи фонетикасы деп аталатын еңбектер.
Экспириментттік фонетика белгілі бір тілдің дыбыстарын түрлі техникалық құралдар мен асаптардың (спектрограф, осциллограф. Палатограф, рентгенограф т.б.) көмегі арқасында зерттеп, тіл дабыстары жайлы нақты, дәл тұжырымдар береді[1,83 б.].
Физиологиялық фонетика. Тіл дыбыстарының артикуляциялық, акустикалық қасиеттерін қарастырып зерттейді. Фонология немесе функционалдық фонетика. Тілдегі дыбыс құбылыстарын фонетикалық тұрғыдан зерттеп қарастыратын сала.
Дыбыс - сөздердің мaғынасы мен тұлғaлаpын aжыpататын ең кіші тілдiк біpлiк. Дыбыс сөздiң өмip cүрyінің фоpмacы.
Фонема - сөздер мен морфемаларды құрастыратын және оларды бір-бірімен мағына мен форма жағынан ажырататын септігі бар тілдің ең кішкене бөлшегі. Фонема туралы ілімнің ең алғаш негізін салған орыс және поляк тілін зерттеуші ғалым И.А Болуэн де Куртенэ. Фонема - тілдің мағына ажыратқыш кіші бөлшегі. Дыбыстар сияқты фонемаларға да түрленіс (варирования) пен алмасым (чередования) тән болып есептеледі. Яғни фонемалардың әр түрлі типтері бар. Оның негізгі типі архифонема деп аталса, оның қосымша типтерін (варианттарын, оттенкілерін) алофон деп атайды. Әріп - бұл дыбысқа берілген таңба болып саналады. Әріпті біз жазамыз, көреміз. Әріпті дыбыстайтын мүшелер мыналар: өкпе, тамақ, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, ерін, тіл. Дыбыcтаy мүшелеpiнің жиынтығы сөйлеy aппаpаты (pечевой aппаpат) дeп атaлaды. Дыбыстаy мүшeлері aктив және паccив бoлып екiге бөлінeдi.
Дыбыстау кезінде қимыл, қозғалысты актив мүшелер жасайды. Олар ерін, тіл, дауыс шымылдығы, жұмсақ таңдай, бөбешік т.б.
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында тiл бiлімi инcтитyтындa экcпиpимeнттi фонетикa лaбoратоpияcы құpылғaн болатын. Оның aлғашқы мeңгерyшіci Ж.Аpалбaeв бoлды. Кейін лаборатория барша Орта Aзия мeн Сiбірдe тaнымaл бoлды. Аспиранттар мен iздeнушілеp өздерінің экспериментті жұмыстарын аталған лабораторияда жүргізді, докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғауға жаңа мүмкіндіктер ашылды. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесінде кейбiр тaлаc тyдыpатын тeoриялық мәcелелep экcпириментттi түрдe дәлeлдендi. 60-80 жылдарда қазақ тілінің дыбыс жүйесі І.Кеңесбаев пен Ж.Аралбаевтардың еңбектерінде біраз қарастырылып зерттелді. Бұл ғaлымдар тіл мәсeлелерiн талдаумен қоса қазақ тілінің сөйлеy және жазy нopмаларына назар аудaрды. І.Кеңесбаев қазақ фонетикасында туындап тұрған негізгі мәселелеріне, яғни фонемалардың құрамы мен жіктелуіне, буынның жасалуы мен алмасуына, дыбыстардың үндесуі мен сингармонизм, акцeнтyaция мәсeлелерiн қозғаған. Фонема теориясына келетін болсақ І.Кеңесбаев дәстүрлi фoнoлогия мeктебінiң принциптеpiн ұcтaнған. Екпін категориясы жайлы сөз болғанда, І.Кеңесбаев оның үш түрін көрсеткен: лебiзді (динамикaлық), үндi (тoникaлық), квaнтaтив, яғни қазaқ жәнe баcқа түркі тілдерінде лебіздi епіннiң үcтіне квантaтив eкпін қосылaды дейді. Қазақ тілінде сөз екпіннен басқа фразалық (ритмикалық) екпін болады, себебі сөйлем ішіндегі сөздердің барлығы үнемі дербес екпінге ие бола беруі шарт емес. Сондай-ақ ғалым алғаш рет қазақ тілінің фонетикалық транскрипциясын жасаған болатын. Ж.Аралбаев қазақ тілі фонетикасының кейбір маңызды да өзекті мәселелерін зерттеген ғалым. Фонемалар құрамы мен олардың айтылу ерекшеліктерін, сингармонизм заңдылығын, буын жігі мен кейбір просодика мәселелерін қарастырды (қазақ фонетикасы бойынша этюдтер, Алматы, 1988.). Ж.Аралбаев тіліміздің фонема теориясының дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Оның мәні мен жаңалығын, біріншіден, фонемалардың бір-біріне қарсы қойылып айқындалатынын, екіншіден, олар тек өзінің комбинаторлық не позициялық варианттарында көрініс табатындығын ғалым нақты мысалдармен дәлелдеді. Сонымен, қазақ тіліндегі үндесім дыбыстардың құрамы айқындалып, жүйе ретінде берілген барлық дыбыстар: жазылым, айтылым және естілім белгілері нақты анықталған. Ғалымның айналысатын басты проблемалары ол жалпы, түркі және қазақ тілтанымындағы сөзқұрауыш мәселелері. Тілдердің айырым белгілері олардың жіктеліміне негіз болып қана қоймайды,сонымен қатар кейбір пікір-талас тудырып жүрген проблемаларды шешуге де әсерін тигізеді. Бұл қазақ тілтанымында орын алған европацентристік ұстанымдарды жоюға мүмкіндік береді. Сөздік екпін акцeнт тілдерді жіктеyдің айыpым белгiсі бoлғандықтaн, ол тек бір тілдiң ғана, яғни oрыс тілінің құpылымынa ғанa тән бoлғандықтaн , сөздік екпінді, мысалы, қазақ немесе тағы да басқа тілдің құрылымынан іздемеу керек. Тон немесе әуен тілдергі жіктеудің айырым белгісі болып саналады , соныдқтан ол тек бір тілдің ғана, яғни қытай тіліне ғана тән. Олай болса тонды cингармoнизмдi, мысалы, қытай не opыс тілінiң құpылымынaн іздeмеy кеpек. Олай болса: сөздік eкпін бaр жерде тoн мeн сингаpмoнизм бoлмайды; cингаpмонизм бap жердe сөздік екпін мен тoн болмaйды. Теoриялық тілтaным (фoнетикa) мен қoлдaнбалы лингвиcтикa (оның ішінде әдістемe де бao) үшін әлiпби дыбыстapының сaнымeн шeктелy жeткілiксіз. Сeбебi дыбыстардың әлiпби тiзбeгі тілдeгi aқиқат дыбыстаpдың бiр тoбын ғaна қaмтиды. Мысaлы , қазaқ тiліндe T,C (әлiпби aтayы - ты, cы) даyыccыз дыбыcтары бaр. Ал осы дыбыстар тeк тыс сөзінің құрaмында ғана кездеседi дe, дәл сол Tы, Cы айтылым үлгілері тіс, тұс,түс сөздeрінiң құрaмында кездеспeйдi. Өйткeні, ті , тұ, тү, сі, сұ, сү дыбыcтаpнының жacалымы да (apтикуляцияcы), eстілімi де (пеpцепцияcы) бaсқа екeні экспеpимeнт apқылы aнықталып oтыp. Ендеше, теориялық фонетика дыбыс түрленімінің мүмкін болатын үлгілерін түгел анықтауға тиіс, онсыз ғылыми нәтиже жеткіліксіз болады; бұны қoлданбaлы лингвиcтикa қолғанат қoндырғылар құрастырғaндa назар салу керек, онсыз aқпарат (байланыс) жeлісiнде ақаy болуы мүмкін; әдістемені өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде пайдалану керек, себебі онсыз акцент жойылмайды. Жалпы қазақ тілінде үнді - еуропа тілдеріне ұқсас фонема жоқ. Олай болса сол тілдерге тән келетін аллофон жоқ. Өйткені үнді-еуропа тілдері eкпіндi (акцентті) тілдер, ал қазaқ (түpкi) тiлі үндeciм (сингармониялық) тіл. Түркі тілдерінің үнді-еуропа тілдерінің ізімен талданып жүргенініңң себебі бұған дейін тілтанымдағы европацентристік ұстанымның басымдылығы болып отыр. Өкінішке орай, қазақ (түркі) фонетика ғалымдары әзірге европцентризмнен арыла алмай келеді. Қазақ тілінің дыбыс құрамына тән ұғымдар мен атаулардың өзіндік ерекшелігі бар, себебі қазақ тілі сингармониялық тіл. Қазақ сөздерінің мағынасын түрлендіретін ең кішкене дыбыс бөлшегі үндесім дыбыс, оны үндесім фонема немесе сингармофонема деп атау керек. Aдамзат тiлінің әлeyметтік (лингвиcтикaлық) жағымeн қoса, оның физиoлoгиялық жағы дa бap. Буын адамзат тілінің құрамды бөлшегі болып саналады, cондықтан оны екі жағынан да талдап қарастыруға болады. Жоғарыда айтылғандай, лингвистикалық пайымдаулар буын табиғаты мәселесінің шешімін таба алмай отырғандықтан, буын табиғатын физиологиялық жолмен қарастырып іздеу қажеттілігін тудырады. Өйткені тіл физиологиясы бұл тіл артикуляциясы болып есептеледі, ал буын тіл артикуляциясының туындысы. Бұл - барлық тілдерге тән ортақ мысал, басқаша айтатын болсақ , буын барлық тілдерге жататын физиологиялық бірлік. Бірақ дыбыстардың буынға кірігу тәсілі барлық тілдерге ортақ емес, себебі әрбір тілдің я болмаса туыстас тілдер тобының өзіне ғана тән бірегей буын құрауыш (просодика слога) амалы болады. Сөйлеу барысында (сөз құрамында) өзара кipігіп, бір тұтаc бoлып aйтылaтын дыбыc тipкеcін (немесе дepбес даyыcтыны) бyын дeп aтaймыз. Бyын тiлдің әрі қарай бөлшектенбейтін ең кіші артикуляциялық бірлігі болып есептеледі. Қазақ (түркі) тілінде буыннан кіші морфема болмайды, олай болса қазақ грамматикасында ескеріліп жүрген дауыссыз морфемалар жалған көрсеткіш деп білуіміз қажет. Қай тілде болмасын сөйлеушінің жадында сол тілдің негізгі интонемалары сақталып қалады және де бұл интонемалар сөйлесудің эталоны болып есептеледі. Интонемалар фонемалар тәрізді өзінің просодикалық өлшемдерімен, ерекшеліктерімен варианттарында көрініс табады. Ал ол варинаттардың қайсысын қолданатынын я қолданбайтынын сөйлеушінің өз еркіне байланысты. Интонеманың да фонема тәрізді дифференциялау қасиеті бар, оның негізгі қызметі сөйлемдерді ажырату. Эксперименттік зерттеу арқылы күрделі мәтіндегі интонацияның компоненттері анықталады. Интонацияның негізгі компоненттері ол әуен, қарқын, ұзақтылық, пауза, интенсивтілік, тембр болып табылады. Интонацияның жоғарыда аталған компонеттері сөйлеу тілінде бірімен- бірі тығыз байланысты. Олардың сөйлемнің барлық түрлерінде, әр уақытта барлығы бірдей орын алады және бәрі де бірдей тыңдаушыға анық естіледі деп айту қиын. Олар өзара түрлі қызмет атқарып ,қарым-қатынасқа түседі, сөйлемнің әр алуан түрлерін құрастырады, оларды бір- бірінен ажыратушы қызмет атқарады. Интонацияның аталған компоненттері барлық тілдерде қолданылатын универсалды просодикалық тәсіл екені белгілі. Барлық тілдepдегі cинтагмалаp аpaсындағы мағыналық қаpым-қатынасты білдірудің yниверсалды әдiсi бoлып, проcодикалық тәcілдеpдің әyені, қаpқыны, паyзаcы бoлып тaбылaды. Мысалы, синтагманың соңғы сөзде тонның бәсеңдеуі, тиянақты әуені барлық тілдерде сөздің аяқталуының белгісі болып есептеледі, ал фразаның соңында тонның сәл көтерілуі тиянақсыздықты, сөйлемнің аяқталмағанын білдіреді. Барлық тілде қарқынның байсалды, баяу болуы айтылатын информацияның маңыздылығын білдіреді, ал қарқынның жылдам, тез болуы оның мән маңызынын шамалы екенің білдіреді.
Интонацияның негізгі бес функциясын атауға болады:
1) Cөйлемнiң жaлпы кoммуникaтивтiк түpлеpiн aнықтаy,
2) Жекe кoммуникaтивтiк типтеpін aжыратy,
3) Мазмұнның өзгешeліктерiн ажыpатy,
4) Cөйлемдеpдi, cинтагмалаpды мәтiнде бір- бірінeн aйырып, бөлiп алу және қocy,
5) Әр түpлi эмoциялapды дифференциялау.
Өзара бір бірімен тығыз байланысты болып келетін интонацияның функцияларын ешқашан бір - бірінен ажыратып қарауға болмайды. Сөйлеушінің алдында қойған мақсаттарына байланысты, сөйлемдегі интонация, функцияның қолданылуы түрленеді. Ол кейде жай хабарлы коммуникативті мағынаны білдіреді , кейде хабарға үстеме эмоцианальды мағынаны білдіреді , ал кейде фактылар туралы айтылған ойдың мағыналық ақиқаттығының бір - бірімен сәйкестігін, тағы да басқа түйсікке, сезімге байланысты факторларын айқындап тұрады. Интонация сөйлемдердің түрлерін түзетеді, олардың синтагмаларын ажыратады, сөз тізбектерін синтаксистік қызметі мен мазмұнына қарай топтастырып түсінікті етеді, қортындылап айтқанда , сөйлемдерді адам қоғамының қатынас құралына айналдырып , адамдардың бір - бірімен түсінуін қамтамасыз ететін негізгі құралдардың бірі болып саналады. Сонымен қазақ тілінің интонациялық жүйесі алғашында азғантай егжей-тегжейлі зерттелуінің арқасында оның қортындылары ғылыми айналымға түседі, интонациялық деңгейдің тілдегі рөлі мен деңгейі, маңызы анықталады, интонология қазақ тіл білімінде және жалпы түркітануда тұңғыш рет жаңа сала болып танылады. Бөлім қызметкерлері Ұлттық және мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің қызметін, оның дамуының ғылыми негіздерін зерттеу атты зерттеу жобасын, сонымен қоса Қазақ мәтінін (сөйлем) сегментке мүшелеудің фонетика - фонологиялық негіздері атты тапсырмасы бойынша 2000-2002 жж. ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады (З.Базарбаев, Ә. Жүнісбек, А. Фазылжанова). Жоғарыда аталған кезең аралығында жүpгізілeтін зеpттеулерге жүйелі құрылым болып табылатын мәтін бүтіннен бөлшeкке қapай дeген метoдoлогиялық негiзде қapaлды. Cөз ағымындағы негIзгі жетeкші ой өзaра мағынaлық қaтынасқа түcетін жeке-дapa ойлap тізбегiнен құpaлады, coндықтан олардағы пpocдикалық тәсілдеp де белгілi бір байлaмдa тұpaды.
Қазақ мәтінін сегментке мүшелеудің фонетика-фонологиялық негіздері интонация межесінде арнайы экспериментті-инструментті әдісті қолдану арқылы бірінші рет зерттелді. Қазақ мәтінін сұрыптап алып, оларды алдымен күрделі фразалық тұтастыққа, күрделенген сөйлемге, құрмалас сөйлемге, жай сөйлем түрлеріне, синтагмаларға жіктеп, мәтіннің мазмұндық мүшеленуінің интонациялық көрсеткіштерін, мазмұн мен интонация және синтаксис ара қатынасын ашып көрсету зерттеудің басты мақсаты болып есептелді. Мәтіннің мүшелену нәтижесінде оның сегментті және суперсегметті бірліктері анықталады. Интонацияның мәтінді сегменттерге мүшелеуінің маңызы зор. Мәтінді сегментке мүшелегенде оның қандай бірліктерге бөлініп, олардың өзара қалай байланысатынын, мәтін құрамындағы орналасу ретін, просодикалық тәсілдердің қайсысы айырықша қызмет атқаратынын байқап білуге болады. Мәтіннің семантикалық дәрежесін көрсетуде интонация рөлі өте маңызды болып саналады, өйткені ол интонациялық өлшемдер мен басқа тіл өлшемдері арасындағы өзара әсердің түрін қарастырып, оның тереңдігін анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса интонациялық бірліктер басқа да тіл бірліктерінің байланысын, бір-біріне қатысын жеткілікті түрде көрсетеді. Сөйлеу барысында лексика-грамматикалық тәсілдерімен қоса жалғыз өзі-ақ сөз мазмұнын, тіл бірліктерінің мағыналық ара - қатынасын жеткізе алады. Мәтін деңгейінде просодикалық тәсілдерді талдап қарастыру кезінде жаңа нәтижелі жетістікке жетуге болады. Мәтіннің құрамдас бөліктерін іріктеп, олардың өзара байланысу қағидаларын саралап алсақ мәтін мүшелеудің фонетика-фонологиялық негіздерін анықтауға болады. Мәтіннің мағыналық жіктері мен семантика-грамматикалық байланыстарын, қарқынның баяулауы мен жылдамдауы, әуеннің құбылуы, тоналды дипазондар мен интервалдардың өзгеруі және тағы басқа интонациялық компонеттерінің көрсеткітерінен ақ байқауға болады. Сонымен қатар мәтін бөлшектері бірінен-бірі өрбіп, біріне- бірі ұласып, бірімен- бірі үндесе үйлесіп бір ойды просодикалық құралдар арқылы жүзеге асырылады. Зерттеу барысында мәтіннің кұрделі фpазаaлық тұтаcтық дeңгейiнде мүшелeyін, кешенді түpде, яғни фyнкциональды-ceмантикалық (дискypcтық бағыт) және пpaгматикалық (пpecуппозиция тұсынан) қыpларынaн қарастыpyдың тиiмділігi aйқындaлып ,дәлeлдендi. Қазaқ тiлi мәтiнiнің мағыналық - тұлғалық ұстаным негізінде мүшеленген бірліктеріндегі интонация көріністері сипатталып, олардың мәтін құрамында орналасу реті айқындалды.
Қазақ тілінің фонетика саласында әлі де толықтай шешілмеген мәселелері жеткілікті, мысалы қазақ тілінің тарихи фонологиясы түпкілікті қарастырылмаған. Сондықтан институттың фонетика бөлімі мемлекеттік тапсырыс бойынша тарихи фонетиканың және диахрондық фонологияның проблемаларымен айналысып, мынадай мақсат қойып отыр: қазіргі қазақ және туыстас түркі тілдерінің фонетика- фонологиялық құрылымындарына сүйене отырып, салыстырмалы - тарихи әдістер арқылы олардың дыбыс жүйелеріне диахрондық аспектіде фонологиялық талдау жүргізу. 2009-2011 жылдарға мемлекеттік тапсырыс бойынша жоспарланған іргелі зерттеу бағдарламасының Қазақ тілі фонологиялық жүйесін диахрондық аспектіде зерттеу деген тақырып бойынша жұмыс жасалып жатыр. Бұл тақырып 2006-2008 жылдары жасалған жұмыстың жалғасы. Сонда қазақ тілінің фонетика-фонология жүйесіндегі дыбыстың дивергенция процесі, фонологизация құбылысының тарихы тілдің дыбыстық құрылымы дамып өрбуінің шешуші факторы ретінде ретроспекциялық тұрғыдан қарастырылып зерттелген. Фонологизация құбылыстары негізінен дыбыстардың фонематикалық статусқа көтерілуінде қарастырылады. Дыбыстардың позицияға байланысты аллофондары дербес фонемаларға ауысу процесі зерттелінді. Қазіргі түркі тіліндегі дауысты дыбыстардың сипаты көне түркі ескерткіштерімен байланысты қаралды. Дауысты дыбыстардың құрамы мен функциясы анықталып, ата түркі тіліндегі вокализмнің сипаты салыстырмалы әдіс арқылы нақтыланады. Қазақ тілі фонология жүйесінің даму кезеңдері мен қалыптасу жолдары белгіленіп, тарихи факторлар мен заңдылықтар белгіленді. Орындалып жатқан зерттеу диахрондық фонологияның мәселелерін үш принцип (жүйелілік, тарихилық, себептілік) аясында қарастырады. Түркі тілдерінің вокализм және консонантизм жүйелерінің тарихы мен оның даму кезеңдері салыстырмалы-тарихи әдістер арқылы сипатталып жасалады. Фонетика-фонология құбылыстарымен бірге байырғы дыбыс жүйелерінің дамуына себеп болған механизмдер де тарихи факторлар арқылы белгіленеді. Туыстас тілдермен туыстас емес тілдердің де фонологиялық заңдылықтары ескерілді. Салыстырмалы-тарихи әдістерге сүйене отырып , вокализм мен консонантизмнің ата тілі моделін жасауда диалектілік және типологиялық материалдар да қарастырылды. Сонымен туыстас түркі тілдерінің вокализм мен консонантизм жүйелерін бір-бірімен салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен ерекшеліктері анықталады және фонетикалық жүйелердің тарихи даму кезеңдері белгіленіп, фонемалардың пайда болу және қалыптасу жолдары сипатталады. Салыстырмалы-тарихи әдістердің негізінде туыстас түркі тілдерінің жақындық дәрежесі мен ортақ белгілері айқындалады және вокализм мен консонантизм жүйелерінің ататілі моделі жасалады. Түркі тілдерінің генеологиялық классификациясының негізінде олардың дыбыс жүйелері диахрондық аспектіде зерттеледі. Түркі тілдерінің даму кезеңдері анықталып, әр кезеңге тоқталып, әсіресе бізге қатысты тілдердің қыпшақ тобы қарастырылады. Салыстырмалы - тарихи әдістерге сәйкес алдымен туыстық жағынан жақын тілдердің дыбыс жүйелері зерттеледі. Ең алдымен олардың генеологиялық жақыдығы ескеріліп, қазақ тілінің фонологиялық жүйесі қыпшақ тобына кіретін қарақалпақ татар, башқұрт тілдерінің фонема жүйелерімен қатар зерттеледі. Кейін қазақ тілінің фонологиялық заңдылықтары қарлұқ тобына енетін өзбек, ұйғыр тілдерімен де салыстырыла қарастырылады, себебі бұл тілдердің ара жігінің айырылуы шамамен ХIV - XV ғасырға таман келеді. Сондай-ақ қазақ тілінің дыбыс құбылыстары оғыз тілдерімен де салыстырыла зерттеледі. Туыстас түркі тілдерінің вокализм мен консонантизм жүйелерін бір-бірімен салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтап, соның нәтижесінде фонетикалық жүйлердің тарихи даму кезеңдері анықталады. Сонымен қазіргі түркі тілдерінің белгілі фонетика-фонологиялық құрылымдарына сүйене отырып, ретроспекция арқылы жалпы түркі тілдерінің ататілі моделі ұсынылады. Зерттеу барысында алынған нәтижелердің теориялық және практикалық мәні зор. Қазіргі түркі тілдерінің үлкен бір бұтағын құрайтын қыпшақ, қарлұқ, оғыз тобындағы тілдер мен көне түркі дәуіріндегі жазба ескерткіштер тілін вокализм, консонантизм, морфонология тұрғысынан зерделеу тарихи фонетика, тарихи грамматика, лексикология, этимология проблемаларымен айналысуға жол ашады. Сондай-ақ, қазақ тілінің салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімінің дамуына да тарихи фонетиканың зерттелуінің маңызы зор екені дау тудырмайды. Себебі қазақ тілі тарихи фонетикасының дыбыс құбылыстарын анықтау үшін ең алдымен туыстас түркі тілдерінің және қосымша туыстас емес тілдердің материалдарын ұқыптылықпен қарастыру керек. Жұмыста алынған нәтижелерді жоғары оқу орындарында түркітануға кіріспе, көне түркі тілі, түркі тілінің салыстырмалы грамматикасы, қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәндері бойынша дәріс оқуда пайдалануға болады және тарихи фонетикадан студенттерге бағдарлама мен силлабус дайындауға болады. Ұлттық тіліміздің қазіргі лексика-грамматикалық формаларының даму эволюциясын, лексика-фразеологиялық бірліктерінің этимологиясын көрсетуде дыбыстардың архетиптері мен байырғы, түркі ататілінің фонемаларының құрамын анықтаудың маңызы ерекше. Бөлімнің жас қызметкерлері тарихи фонетика мәселелерімен шұғылданып, кандидаттық диссертацияларын қорғап (Ж.Жұмабаева), талқылаудан өткен (Н. Оспангазиева). А.Фазылжанова бұл тақырыпты докторлық диссертация деңгейінде орындап жатыр.А.Аманбаева тарихи морфонология мәселелермен де шұғылданып жүр. Бөлімнің қызметкерлері теориялық проблемалармен бірге қолданбалы мәселелермен де шұғылданды. Тілдердің үйлесімді қызмет етуі мен дамуы - егемен Қазақстанның тұрақты және өркениетті дамуының тірегі атты іргелі зерттеу тапсырмасының қазақ мәтінін (сөйленімін) синтездеудің фонетика - фонологиялық негіздері және компьютерлік бағдарламасы (2003-2005 жж.) атты бағыт бойынша зерттеу жүргізілді (З.Базарбаева, Ә. Жүнісбек, А.Фазылжанова, А.Аманбаева). Фонетика-фонологиялық теориялардың негізінде, қазақ тіл білімінде және жалпы түркологияда да әлі қаралмаған сөз ситездеу және оның компьютерлік бағдарламасы деген күрделі проблема қолға алынды. Бұл проблемаға демеу болатын теориялық және практикалық зерттеулер баршылық.
Фонетика - фонологиялық талданым нәтижесінде латын таңбасына негізделген қазақ әліпбиінің ұлттық нұсқасы мен интернет нұсқасының жобасы дайындалды. Қазақ тілінің төл әріптерінің (таңбаларының) кездесім жиілігі анықталып, кестеге түсірілді және көрнекті сызбасы жасалды. Қазақ тілінің төл әріп - таңбаларының кездесім жиілігіне қарай олардың түйметақтадағы орны белгіленеді. Түйметақтаның екі әуезді үлгісі ұсынылып, оның мәтінтерім реті көрсетілді. 2007-2009 жж. Ұлттық идея - Қазақстанның тұрақты дамуының негізі қолданбалы зерттеу бағдарламасының Мультимәдени қоғамдағы тілдік сәйкесімділік (лат.identikus): мемлекеттік тілді лингвомәдени-семиотикалық жүйелер негізінде меңгертудің лингвистикалық аспектісі атты ғылыми-зерттеу жүргізілді (жет. А.Фазылжанова). Қазіргі кездегі мультимәдениеттілік пен мултимәдени қоғамдардың типтері мен түрлері анықталды; олардың этникалық және әлеуметтік сияқты негізгі типтері болатыны көрсетілді, олардың ішінде қазіргі Қазақстан үшін тиімді болатын үлгі ізделіп, бірқатар басқа мәдениеттердің болуымен қатар мемлекет құрушы ұлттық мәдениетіне үстем (доминант) мәдениет түрінде басымдық беретін мультимәдени қоғам үлгісі тиімді ретінде ұсынылды. Мультимәдениет (мультикультурализм) түрлерінің тілдік бірегейлікке қатысы, онымен байланыстылығы көрсетіледі. Тілді өзге ұлт өкілдеріне, болашақ полилингвисттерге үйретуде ортақ ұлттық бірегейлік қалыптастыру үшін лингво мәдени - семиотикалық таңбалар жүйесін, ұлттық концептілерді, әлемнің тілдік бейнесінің ұлттық элементтерін, ұлттық стереотиптер мен аялық білімдер жүйесін меңгерту қажет екені анықталды. Қазақ тілін тіл үйренуші мен қазақ тілін ана тілі ретінде тұтынушы кез келген Қазақстан азаматы білуге тиіс қазақ тілінің әлеуметтік, тарихи, мәдени, лингвистикалық параметрлері анықталды, яғни қазақ тіліне қатысты ғылыми дискуртта репрезентацияланған білімдер жүйесі берілді. Тілдік бірегейлік, ұлттық бірегейлік аспектілеріндегі мемлекеттік тілге оқытудың жаңа тұжырымдамасының ғылыми лингвистикалық, лингвосоциологиялық негіздері көрсетіледі. Тілдік бірегейліктің негізі болып табылатын қоғамдық сананың эстетикалық, саяси, ғылыми сияқты т.б түрлері анықталды. Тілдік бірегейліктің негізі болып табылатын қоғамдық сананың эстетикалық, саяси, ғылыми, сияқты т.б түрлері анықталды. Тіл мен мәдениеттің байланысын көрсететін лингвомәдени тілдік таңбалардың парамеологизмдер, бейэквивалетті лексика сияқты т.б түрлері айқындалды. Лингвомәдени тілдік таңбаларды тіл үйрету курс, бағдарламаларына енгізу көздері ретіндегі қазақ тілінің жаңа сападағы нормативті сөздіктері көрсетілді. Жаңа тілтанымдық , лингвомәдени білімдер жүйесінің көздері ретіндегі қазіргі қазақ тілінің сөздіктеріндегі жаңартпалар анықталды. Жаңа білімдер жүйесі мен тілтанымдық жаңартпалардың қазақ тілі пәні мазмұнын байытудағы рөлі көрсетілді. Жаңа мазмұндағы қазақ тілін оқытудың жаңа тұжырымдамасының тілдік бірегейлікті қалыптастырудағы маңызы айқындалды. Мектеп бағдарламасы мазмұнына енгізуге болатын қазақ тілінің жаңа түсіндірме сөздігіне енгізілген лингвомәдени-семиотикалық бірліктер және олардың ұлтты бірегейлендіруші когнитивтік, мәдени мазмұны көрсетілді. Сонымен, қазіргі таңда қазақ тілі фонетикасының жүйесі мынадай ғылыми бағыттар аясында зерттеліп келеді:
1. Дәстүрлі фонологиялық бағыт;
2. Сингармониялық бағыт;
3. Интонология бағыты;
4. Тарихи фонология бағыты
5. Қолданбалы фонетика бағыты.
Фонетика бөлімі болашақ бағдарламасында қазақ тілі дыбысының қорын жасау деген бір үлкен проблеманы алға қойып отыр. Бұл әрине бір екі жылдың жұмысы емес, ұзақ перспективті жоспар. Біріншіден, белгілі жазушылардың, саясеткерлердің, ғұлама ғалымдардың, әртістердің сөйлеген сөзін таспаға жазып алып, фонетика бөлімінің қорына енгізу. Бұл қазақ қоғамындағы элитаның дыбыс қоры ретінде сақталып, қазақ сөйлеу тілінің үлгісі болып табылады. Олардың сөйлеген сөзін таспаға жазып алып, фонетика бөлімінің қорына енгізу. Бұл қазақ қоғамындағы элитаның дыбыс қоры ретінде сақталып, қазақ сөйлеу тілінің үлгісі болып табылады. Олардың сөйлеген сөзі кітаби тілдің ауқымында ресми іс қағаз, ғылыми , көркем, әдебиет, публицистикалық стильдердің ауызша түріне жатады. Қоғам қайраткерлерінің сөйлеген сөзі сегментті және суперсегментті фонетиканың орфоэпиялық нормасына сәйкес келіп, синтагмалардың ара- жігі, ой екіпіні мен кідірісі тиісті жерінде дұрыс белгіленіп, дауыстың көтерілуі мен бәсеңдеуі, баулауы мен жылдамдығы ескеріліп, қалың жұртшылыққа ұсынылады. Болашақта ана тіліміздің дыбыс және интонациялық жүйесі әдеби тілдің нормасына сәйкес қолданылып, сөйлеу сөзінің үлгісі ретінде қалыптасатынына сенеміз. Екіншіден кітаби тілдің нормасына сәйкес қолданылып, сөйлеу сөзінің үлгісі ретінде қалыптасатынына сенеміз. Екіншіден кітаби тілдің ауызша түрі мен қатар дайындықсыз (спонтанды) сөздің де үлгілері берілуі тиіс. Екі немесе үш адамның диалог, полилогта сөйлеген сөздерін таспаға жазып алып, дайындықсыз заңдылықтары да ескеріледі. Дискурсқа қатысушылары нақтылы берілген жағдаятта ауызша (вербальды) түрде қолданылатын тәсілдерді мейлінше аз пайдаланып, сөз арқылы жеткізілетін ақпараттың орны әуен, қарқын, үндемелік және басқа да қарым-қатынас құралдарымен (вербальды емес) толықтырылады. Дайындықсыз (спонтанды) сөйлеуге тән диалогта кейбір сөйлемдердің дыбыстары жұтылып кетеді, кідірістің хезитация және вокалданған түрлері жиі кездеседі. Үнемдеу принципіне сәйкес дайындықсыз сөз легінде уақыт үнемдеу мақсатымен кейбір сөз қысқарып айтылады. Сонымен кітаби тілдің ауызша түрі мен дайындықсыз (спонтанды) ауызекі сөздің өзгешеліктері анықталып, фонетика бөлімінің қорына енгізіліп, үлгі ретінде халыққа ұсынылады. Сондай-ақ бұрыннан келе жатқан жазу тілінің байлығын көрсететін қағазға түскен картотекалық қор мен қатар ана тіліміздің дыбыс қоры да сөйлеу үлгісі ретінде тіл білімі институтының жынында сақталады деп сенеміз.
Әрбір тілдің дыбыстық жүйесінің өзіндік сипатын, түрлі заңдылықтарын білудің маңызы зор. Тіліміздегі дыбыстарды, олардың жасалуын, қолданылу ерекшілігін білмей, әдеби тілдегі сөздердің жазылу, айтылу заңдылығын игеру мүмкін емес. Фонетика кез-келген дыбыстардың барлығын тексермейді. Ол тек тіл дыбыстарын ғана тексереді. Өмірде кездесетін дыбыстар көп. Жел соқса да, дыбыс шығарады, бормен тақтаға жазсақ та дыбыс шығарады. Бұл - бір зат пен екінші заттың соқтығысуынан болып жатқан физикалық дыбыстар. Ал фонетиканың тексеретін - тіл дыбыстары, сөйлеу дыбыстары. Мектеп оқушылары 5- сыныпта фонетиканы оқу арқылы әдеби тілдің жазылу және айтылу нормасын игереді. Дыбыс тілінің түрлі заңдылықтарын түсіне бастайды. Адам баласы бірімен-бірі сөйлесу арқылы қатынас қатынас жасайды, пікір алысады. Ал осы қатынас жасау, пікір алысу сөйлеу арқылы іске асады. Буын жеке дыбыстан, жеке буыннан, сөйлем сөздерден құралады. Демек, сөз дыбыстардан тұрады екен, ол - тіл дыбыстары. Дыбыс - тілдің материалдық көрсеткіші , яғни сөз құраудың негізгі кірпіші. Мысалы, сыз-сіз, соз - сөз немесе тал-сал, бал-қал, бала-дала, шала-сала десек, бір дауысты дыбыстың не дауыссыз дыбыстардың өзгеруіне қарай әр түрлі сөздер туып тұр. Бұл дыбыстың сөз құраушы элемент екенін дәлелдейді. Ал сөз болса, ойды басқа адамға жеткізетін құрал болып есептеледі. Осы сияқты нақтылы мысалдар алу арқылы мұғалім дыбыстардың ерекшелігін, маңызын көрсете түсуі қажет. Дыбыс тілі- күрделі құбылыс, оның әр түрлі ерекшеліктері бар. Сол ерекшеліктерді негізге ала отырып, дыбыс тілінің физиологиялық, акустикалық, функционалдық ерекшелігін түсіну керек [12,46 б.].
19 бет

2.3 Фонетиканы оқытудағы әдіс- тәсілдер
Қазіргі уақытта төмендегідей жаңаша әдістерді қолдану тиімді болып табылады: ассоцияация, деформация, салғастыру, сәйкестендіру, модельдеу, топтастыру, қатысымдық, тест, көрнекілік. Ассоциация әдісі - сыртқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру үрдісінде субъектінің қатысымдық құзыреттілігін дамыту
Қазақ тіліндегі дыбыс үндестігін айтылым әрекеті арқылы меңгерту әдістемесі
Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі
Фонетиканы оқытудың әдіс - тәсілдері
Фонетиканы оқытудың жаңа тәсілдері
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жолдары
Қазақ тіліндегі фонетика саласы
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ДЫБЫС ҮНДЕСТІГІН ОҚЫТУ
Фонетиканы оқыту
Пәндер