Ресми құжат тілінің функциональдық формасы жазба тілі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Бүгінгі қазақ журналистикасының әр кезеңдерінде рухани дамуымызға, мәдени өркениетке, әсіресе, ұлттық дәстүрге өз шығармашылықтарымен айтарлықтай үлес қосқан қаламгерлердің туындыларын зерделей отырып, олардың журналистикадағы орнын бағамдау қажеттілігі туды деп айтуға әдбен болады. Кез-келген халықтың тағдыры оның басынан өткерген қилы тарихи кезеңдері сол ұлттың әдебиетіне, өнеріне, журналистикасына із қалдырады. Осындай үлкен із қалдырған бай мұраларымыздың бірі - эпистолярлық публицистиканы айырықша бөліп айтуға болады. Әрі бұл мұраның қай қоғамда болмасын маңызды қызмет атқара отырып өзі өмір сүрген кезеңнің суретін дәл де шынайы беріп, істің оң шешім табуына әркез ұйытқы болғаны белгілі.

Тек бүгінгі күні ғана эпостолярлық жанрдың сәл бәсең артып, оның орнын заманауи форматтардың алмастырғаны айқын. Дегенмен, аталмыш жанр өз қызметін жоғалтқан жоқ. Осы тұста өткенді саралап, жанрдың терең тарихына үңіле отырып, оның әркез оң шешімдерге ұйытқы болғандығын біліп-тану қажеттілігі бүгінгі білім-ғылымға ұмтылушылар үшін жадыларында ұстауы тиіс болғандығын көрсету өзектілігі ретінде танылады.

Эпостолярлық публицистика туралы айтқанда, оның терең тарихы сонау қазақ басылымдарынан бастау алатындығын алдыңғы кезекте айту орынды. Эпистолярлық публицистиканың қалыптасуы мен дамуы тікелей баспасөздің қалыптасуымен байланысты болғандығы да жіті назарда ұстауды қажет етеді.

Диплом жұмысының мaқсaты мен міндеттері. Эпостолярлық публицистиканың қалыптасуы мен дамуын, аталмыш жанрдың құндылығын ерекше атап өте отырып, оның әркезде де жанрлар тарихындағы орнын, маңыздылығын ашып көрсету.

Aтaлғaн мaқсaтқa қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер aлғa қойылды:

- Эпостолярлық жанр табиғаты мен публицистикадағы хат алмасу үдерісін қарастыру;

- эпостолярлық публицистиканың даму кезеңдерін, ерекшеліктерін көрсете отырып, қазақ баспасөзі тарихындағы эпостолярлық публицистиканың көрінісін бағамдау;

- Ұлы Отан соғысы жылдарындағы эпистолярлық публицистиканың жанрлық ерешеліктері мен маңыздылығын тану;

  • бүгінгі қазақ баспасөзіндегі эпостолярлық публицистиканың көрінісін

қарастыру.

Диплом жұмысының нысaны. Эпостолярлық публицистиканың қалыптасуы мен тарихына қатысты еңбектер. «Айқап», «Қазақ» басылымдарындағы хаттар, Б. Момышұлының мұрағат қорындағы эпостолярлық мұра. Сарғайған хаттар сөйлейді (Түркістан газеті, 2013) . Архив қорларындағы майдангер хаттары.

Қазақ баспасөзіндегі эпостолярлық публицистика көрінісі зерттеудің пәні ретінде алынды.

Диплом жұмысының теориялық және тәжірбиелік негіздері.

Зерттеудің теориялық негіздемесін эпостолярлық публицистиканың қалыптасуының тарихы баспасөздегі қолданысы арқылы танылатындығы арқылы көрініс табады.

Зерттеудің теориялық және тәжірбиелік негіздері ретінде соңғы жылдары журналистика саласында табысты қолданылып жүрген әдістер мен тәсілдер пайдаланылған. Тарихилығы мен логикалық өзара бірлігі жұмыстың әдістемелік негізін құрайды.

Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Зерттеу бaрысындa сипaттaмa, банядау, сaлыстырмa сынды кешенді әдіс-тәсілдер бaсшылыққa aлынды.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдaн, пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тізімінен тұрaды.

1 ЭПОСТОЛЯРЛЫҚ ПУБЛИЦИСТИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

1. 1 Эпостолярлық жанр табиғаты

Ежелгі кезеңнің өзінде-ақ көркем жазу мәдениеті болған. Сауатты және әдемі жазу арнайы оқу орындарында жүргізілген. Сол сауатты жазудың айнасы іспетті хат жазу немесе өзара хат алмасудың маңыздылығы зор.

Көптеген деректерге қарағанда «хат жазысу мектебі» біздің дәуірімізге дейінгі кезеңдерде басталса керек. Хат жанрының алғашқы үлгілері Антикалық дәуірдегі Эпикур, Цицерон, Сенека т. б. хаттарынан бастау алса, Шығыс әлеміндегі ең көне хаттарға Үнді патшасы Стратобаттың Серамидаға жіберген хаттарын жатқызады.

Нақтырақ мына бір дерекке көз жүгіртсек, көне грек елі Афины қаласында б. д. д. IV ғасырда негізін қалаған Эпикурдың «Бақ» атты ғылыми мектебі кең танымал болғандығын, әрі бұл мектеп өкілдері әйгілі жеті ойшылдың бірі сақ ойшылының атынан баяндалатын «Анақарыстың хаттарын» таратқандығын айтады. Ал көне Рим мемлекетіндегі публицистикалық эпистолография Цицеронның хаттарымен мәлім болғандығы, бұл хаттар 900 данадан асып артылатындығы турасында айтылған[1, 394б. ] .

Көне заманнан бүгінге дейін хат жанрының әлеуметтік маңыздылығы жоғары болып келді. Хат мәтінінің мәдени және тарихи да мәні де бар. Аталмыш жанр жазба тілдің ежелгі формаларының бірі ретінде жалғастық тапты.

Грецияда күнделікті кездесетін корреспонденция нағыз өнер туындысына айналды. Эпостолярлық өзара байланыс публицистикалық жанрда ежелгі Грек ойшылдарының бір-біріне жіберген философиялық хабарламаларында көрініс тапқан. Мұндай мәтіндерді жазудың өзіндік қиындықтары да болды. Мәселен, іскери хаттарды император кеңесінің мемлекеттік қызметкерлері дайындады.

Көне эпистолярлық мәтіндер ретінде Аристотельдің өзінің шәкірті Александр Македонскийге, Платонның Дионды жақтаушыларға, Македон патшасы Филиппке жазған хаттарын атауға болады. Көпшілікке мәлім, әйгілі философ Эпикур өз шәкірттеріне хат арқылы хабарласып отырған деседі. Мұндай құнды еңбектер арқылы ғылыми-публицистикалық эпистолографияның қалыптасуының сипатын тануға болады.

Эпостолярлық жанр сөз өнерінің бір бөлігі болғандықтан, риторика заңдылықтарына негізделіп стилистикалық нормаларға сүйенді. Хаттар тақырып бойынша топтастырылды.

«Эпистолярлық» деген гректің «epіstola» - «жазбаша үндеу хат» мағынасында қолданылған. Эпистолярлық публицистика көбіне хат түрінде, жедел хат түрінде көрініс тапқан. Хат - публицистиканың талдамалы жанрларының бірі. Бұл жанрға мәліметтер жиынтығы, өтініш, нұсқау, жарлық, бір адамның екінші бір адамға жолдауы да жатқызылады.

Сонымен қатар «эпистолярлық әдебиет» ұғымы да қатар қолданыста. Эпистолярлық әдебиет, эпистолография (грек т. жолдау, үндеу) » - сан алуан хат түрінде жазылған шығарма. Эпистолярлық әдебиетке жеке адамдардың бір-біріне жазған, мәдени маңызы бар, әдеби мұраға айналған хаттары да жатады»[1, 393б. ] .

Бүгінде өмір ағысы жылдамдатылған, түрленген. Адамдардың қағазбен жазуға, бір-біріне хат жазуға уақыттары тапшы. Керісінше әлеуметтік желілерде сіздің істеріңіз туралы қысқаша әңгімелесу әлдеқайда тезірек және оңай болып тұрған тәрізді. Дегенмен, эпостолярлық байланыс өміршең, бірақ көркем құндылығын жоғалтып әлдеқайда жеңілдетілген формада өмір сүріп отыр деуге болатын сынды. Қазіргі эпостолярлық жанрдың ерекшелігі - өте қарапайымдылығында. Осы аталмыш жанрдың орны мен қызметін әлеуметтік желідегі «комментарий» алмастырып отыр деуге де болады.

Осындай жаңаша үдерістер қазақ журналистикасына жаңаша ойлауды, кез-келген тосын жайды дәл тауып, лайықты түйін жасау мен алда болар беймәлім өзгерістерге дайын отыруды қажет етеді.

Тіпті журналистикадағы кейбір жанрлар тиімділігінен айырылып, жаңаша стиль өрнектерімен, тың тақырыптарға сай жазу әдісін қалыптастырып отыр. Бірақ мәселенің екінші жағы - жанрларды, олардың ішкі заңдылықтарын білмеу журналистік әдістердің, атап айтқанда, бір ғана дерек жинау әдісін еркін меңгермеу журналистің материалды ұсынуының сапасын төмендететіні сөзсіз. Дегенмен де бүгінгі БАҚ -та жаңашылдықтар басым.

Бүгінгі БАҚ арқылы қалыптасатын қоғамдық пікірдің де маңызы жоғары. Қоғамдық пікір қашан да өмірдің маңызды бір бөлігі. Осындай өз тұсында зор қоғамдық пікір қалыптастыра білген эпостолярлық жанрдың дамып қалыптасуының терең тамырлы тарихы бар.

Эпостолярлық жанрдың тарихына үңіліп, әдебиет тарихын парақтасақ, хат жазу арқылы ой-толғамын қағазға түсіріп, сыр бөлісу ежелден қалыптасқан үрдіс. Бұл жанрда қалам тербеген ақын-жазушылардың әдеби пікірі, ашық ойлары, құпия сырлары сынды өзге де толғантқан мәселелері турасындағы жазбалары жеке авторға немесе көпшілікке бағытталған.

Жанр - үнемі даму үстіндегі ұғым. Әрбір тарихи дәуір әртүрлі жанрдың негізін сақтай отырып, оның табиғатына өз ерекшеліктерін енгізеді. Жанрлық дамудың өзі - қозғалыс. Кезінде академик З. Қабдолов жанрлар да туады, өседі, өзгереді, жоғалады, жаңадан пайда болады деген болатын.

Қазақ әдебиеті әлемінде көпшілікке мәлім М. Әуезовтың, Ә. Тәжібаевтың, М. Ғабдулиннің т. б. хаттары бізге дейін маңыздылығын жоймай сақталып келді. Ал XX ғасырдың басында С. Ерубаев пен Р. Жаманқұловтың С. Мұқанов, Б. Майлин, С. Сейфуллин сынды ақын-жазушыларға арнап, «Социалистік Қазақстан» газетінің бетінде «Ақындарға ашық хат» жариялауы эпостолярлық жанрдың тамаша үлгісін танытқан болатын. Сонымен қатар бұл жанр туралы айтқанда көпшілікке таныс П. Я. Чадаевтың «Философиялық хаттары», В. Г. Белинскийдің «Гогольге хаты», А. И. Герценннің «Табиғат тану туралы хаттары»т. б. атауға болады.

Мәселен, 2007 жылы 24 тамызда орыс жазушысы Петр Чаадаевтың философиялық хаттарынан үзіндісін кезінде «Кентавр» газеті жариялайды. 1991 жылдары бұл хаттарды орыс тілінен жазушы Асқар Сүлейменов аударған екен [2] . Демек, эпостолярлық жанр табиғаты әр қырынан қарастырылып, аударма тұрғысынан да көрініс тапқандығын байқауға болады.

Эпостолярлық жанр XVIII ғасырда әдебиеттегі ең көп қолданылған, әрі ең әйгілі жанр болды. Бұл жанрды әсіресе сентименталистік жазушылар көп қолданды деседі. Бұл әр елдің белді деген жазушылары туындыларында бар. Мәселен, Н. М. Карамзиннің 1789 жыл мен 1792 жылдар аралығында жазып шыққан «Орыс саяхатшысының хаттары» атты еңбек эпистолярлық әдебиеттің тамаша үлгісі деп бағаланған.

Әдебиет тарихында сыншы В. Г. Белинский мен жазушы Н. В. Гоголь арасында жазылған бірнеше хаттар бар, солардың бірінде: «Биылғы жазда басталған көкірек ауру мені шетелге қуып жіберді, бүгін Анненков екеуміз бұл жерден шығып, Майндағы Франкфуртты басып, Парижге кетпекпіз. Сізден кенет хат алуымның арқасында кітабыңыз туралы ойымда жатқан сізге қарсы пікірлерімді атқаруыма тура келді. Мен ірке сөйлеуді, қулық жасауды білмеймін, бұл менің қолымнан келмейді. Мен сіз туралы пікірімде адасқан болсам, өзіңіз дәлелдерсіз, уақыт дәлелдер . . . », - деп жазылған жолдар кездеседі [3] .

Қазақ руханиятында да елеулі орыны бар қазақ даласының тұңғыш этнограф-ғалымы Шоқан Уәлихановтың орыс жазушылары Ф. М. Достоевкий, Г. Потанин, А. Н. Майковтермен, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин, Н. И. Ильминский, В. В. Катаринский сияқты т. б. ұлт зиялыларымен жазысқан хаттарын ерекше атауымызға болады. Бұл хаттар екі адамның жеке көңіл-күйі, денсаулығы, тұрмыс жағдайы жөнінде ғана хабар беріп қоймайды, қазақ халқының өткені мен болашағына қатысты көлемді ойлар баяндалады. Бұл хаттардың құндылығы да сонда. Мысал келтірсек, Шоқан Уәлиханов Ф. М. Достоевкийге: «Өзіңіз кеткеннен кейін мен Сіздің қалаңызда тек бір қонып, келесі күні ертемен жүріп кеттім. Сізбен бірге Семейде өткізген азғана күн маған сондай тамаша әсер етті, ендігі менің бір ойым сізбен тағы бір кездесу», - деп өз ойын білдіреді [4, 64 б. ] . Шоқан орыс досына жазылған хатының енді бірінде:«Бір кездері менің өз отандастарыма пайда келтірейін, оларды чиновниктер мен қазақ байларының озбырлығынан қорғайын деп, сұлтан болсам ба деген ниетім де болған. Сондағы көбіне ойлағаным - оқыған правитель-сұлтанның қандай пайдалы болатынын жерлестеріме өз ісіммен көрсету еді», - деп ең бір даулы мәселеге, аға сұлтандыққа неліктен сайлауға түскендігін түсіндіріп кетеді[4, 71б. ] .

1900 жылы Әлихан Бөкейхановтың «Жапан баласына ашық хат» жарық көрген. Бұл - нағыз эпистолярлық жанрдың үлгісі деп жоғары бағаланған.

Эпистолярлық стиль - жеке адамдардың бір-біріне жазысқан хаттарының тілін танытатын сөз мәнері. Бұл салада зерттелуге тиісті материалдар кез-келген адамның күнделікті тұрмыста, үй ішіне, қара басына қатысты жайларды сөз еткен хаттары емес, белгілі бір қоғам қайраткерлерінің, қалам иелерінің, ғылым-білім өкілдерінің, көбінесе әлеуметтік не өзге де мәні бар мазмұндағы корреспонденциялары болуға тиіс.

Қазақ ру-тайпалары дербес хандық құрып, өмір сүре бастаған XY-XYI ғасырларда жазба дүниелерді қажет ету фактісі болған. Ол қажеттілік ең алдымен қазақтың хан-сұлтандарының өзгелермен қарым-қатынас жасау барысында бой көрсетті. XYI ғасырдың 2-жартысынан бастап қазақтың Кіші жүзі мен Орта жүзіндегі хандар мен Ресей империясының сыртқы істер коллегиясы арасында әр алуан дипломатиялық, саясаттық және шаруашылық жағдайларына қатысты жазба қарым-қатынас күшті жүре бастаған. Содан соң жеке адамдардың кейінгі ұрпақтарына ата-бабаларын тарататын шежірелер жазу дәстүрі болғанын жоғарыда атап өттік. Ел арасында орта ғасыр шамасынан бергі жерде шежірелер жазылып, ол шежірелер көбінесе би, сқлтан, рубасылардың үйлерінде сақталған. Тарихшы М. Қойгелдиев қазақ хандары мен сұлтандары сарайларында шежірелер жазылып, оқылып отырғандығын, оның заңды құбылыс екендігін дәлелдей келіп, сонымен бірге қазақтың хан-сұлтандарының, дала ақсүйектерінің белгілі дәрежеде сауатттылықты бағалауы, өз балаларына уақыт талабына сай білім беруі, шағын кітапханалар ұстауы, дамығын қоғамға тән құбылыс деп баға береді. Демек, бұл фактілер XYI- XYII ғасырларда қазақ қауымында жазба дәстүрдің болғандығын, оны қазақтардың пайдаланғанын көруге болады. Сондай-ақ жазу салты жеке адамдардың бір-бірімен хат-хабар алмасуында да орын алған. Оған бірден-бір мысал ретінде қазақ сұлтаны Оразмұхаметтің XYI ғасырдың соңғы ширегінде қазақ даланысн билеп тұрған немере ағасы Тәуекел ханмен жазысқан хаттарын келтіруге болады. 1595жылы Мәскеуде орыс патшасы сарайында отырған Оразмұхамет ағасына хат жазып, қазақтың хылық жырлары мен шежірелерін жіберуді сұрайды. Тәуекел хан да сұлтан інісіне жауап хаттар жазып, сұраған қолжазбаларын жібереді. Бұл хаттар кезінде Оразмұхаметтің қолында болған «күміс сандықта» сақталып келгенін, бірақ орны толмас өкінішке орай патша архивіндегі 38 нөмерімен сақталып келген осы сандық 1736 жылы Ресей Ғылым академиясына сыйға тартылып, Академияның Азия музейіне тапсырылады. Бірақ ол жоғалып кетеді. Бұл жайында Ә. Марғұлан жазып, көпшілік назарына ұсынғандығын «Күміс сандық құпиясы» деп аталып, 1981жылы 1 қаңтарда «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көреді.

Оразмұхамет пен Тәуекел хан бір-біріне хатты орыс, не өзбек, татар тілінде жазыспағаны белгілі. Заманының мұсылманша сауатты адамдары хан мен сұлтан сол кезеңнің тәртібін сақтап, жалпыға ортақ түркіә жазба тілінің нормаларын ұстап, өздерінше ана тілдерінде қазақ тілдерінде жазысты. Ол жазба дәстүр әрине, шағатай тіліне негіздеген болатын. Алайда бұл хаттардаң жазба нұсқалары жоғалып кеткен деседі. Тек Оразмұхаметтің 1595жылы март айында Тәуекелге жазған хатының сол кезде жасалған орысша аудармасы сақталған деседі.

Сол сияқты XVI ғасырдың II жартысынан бастап қазақ хандары мысалы Тәуекел хан мен Ресейдің сыртқы істер коллегиясы арасында жүрген ресми қағаздардың да түпнұсқасы сақталмаған. Ондай қатынастардың болғаны даусыз екені айтылады. Осындай себептерден XVI ғасырдың соңғы кезеңдеріндегі қазақтың хан-сұлтандары қолданған жазба тіл нақты талданып берілмей жүргенін байқауға болады. Алайда болғандығы айқын.

Қазақ тілінде жеке адамдардың бір-біріне жазысқан хаттары XIX ғасырдың 30-жылдарынан бастап табылды. Олар әрине санаулы ғана болды. Дегенмен бізге жеткендерінің қатарында атақты жауынгер ақын Махамбет Өтемісұлының 1839 жылы жазған хаты, ол бұл хатты Жем, Сағыз, Қайнар бойын жайлаған Әлім, Шөмен руларының бірнеше беделді адамдары Баубек, Нәдірқұл, Сәли, Жармұхамбет, Амантай батырларға жолдаған.

Қазақ фольклоры мен әдет-ғұрып заңдарын жинаушы М. В. Ладыженский деген адам 1840 жылы Шыңғыс Уәлихановқа жазған хатының қазақша мәтіні; атақты ғалым Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңғысқа 1857 жылы Омбыдан 1860 жылы 9 августте және сол жылы ноябрьде Петербургтен қазақша жазған хаттары; інісі Жақыпқа 1857 жылы 10 ноябрьде Омбыдан жазған хаты; Шоқанға әкесінің 1860 жылы 6 июль және 19 сентябрьде жазған екі хаты; Сәдуақас Мұсаұлы Шормановтың Григорий Николаевич пен Александра Викторовна Потаниндерге 1887 жылы 25 февраль және мартта Омбы қаласынан қазақша жазған хаты; Құнанбайдың Омбыда Кадетский корпуста оқып жүрген баласы Халиоллаға 1866 жылы 8 ноябрьде жазған хат; Ыбырай Алтынсариннің Н. И. Ильминскийге және Баянділ Кейкин деген кісіге 1883 жылы 28 январьда жазған хаттары.

Бұл аталғандардың бірде-біреуін XIX ғасырдағы орыс жазушыларының әлеуметтік, ғылыми мәселелерді сөз еткен әрі көркем әдеби тілде жазылған ой-толғаныстарымен қатар қоюға болмайды. Қазақша хаттарда қоғамдық ой-пікір ішінара Ильминский мен Махамбеттің хаттарында ғана кездеседі. Дегенмен бұл аталған хаттарды көңіл аударарлық материалдар деп сануға болатыны туралы академик ғалым Р. Сыздық «Қазақ әдеби тілінің тарихы» атты еңбегінде жоғары бағалап, сол дәуірлегі қазақша эпостолярлық стильдің нақты белгілерін санамалап береді, әрі бұл хаттар арқылы өткендегі қазақша хат жазу мәнерін аңғаратынын, екіншіден, ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілдің өзара тоғысу құбылысын байқауға болатын атап өтеді[5]

Осындай мазмұндас хаттардың тілдік ерекшеліктеріне назар аудара отырып, бірнеше белгілерін санамалап көрсетсек:

-Түркі жазба әдеби дәстүрінде қалыптасқан хат жазу мәнері болған. Онда ең әуелі өзге тілдердегі сияқты хат иесінің адресатқа құрмет көрсете, сый білдіре арнаған қаратпа сөздері қолданылған. Мысалы, Махамбет хаттарында хурматлу батырлар , Шоқан Уәлиханов хаттарында Сізге улуғ хурматлу уа сүйуклү атамызға. Құнанбайдың хаттарында ғизатлу уа хурматлу болғучы баламыз Халиолла мырзаға т. б.

- Бұл дәуірдегі қазақша эпистолярлық стильдің келесі бір белгісі - түркі жазба әдеби тілдеріне тән кейбір грамматикалық тұлға-тәсілдерді пайдалануы. Мәселен, өлеңдері тек қазақша Махамбет «хурматлу батырларға» жазған хатында уа, уа һәм, бірлән, білән деген шылауларды бек, нечук деген үстеулер мен есімдіктерді қолданады. Мұндай ерекшеліктер сол кездегі хаттардың басым көпшілігінде кездесетіні байқалады.

- Қазақша хаттар тілінің бұл көрсетілген стильдік және лексика-грамматикалық ерекшеліктері барлығында бірдей емес. Біреуінде «түрікше» элементтер басым болса, екіншілері біршама қазақша жазылған, үшіншілерінде тіпті орыс сөздері мен сөз айналымдары кездеседі.

- Қазақша эпистолярлық стильдің басты ерекшелігі - оның негізі қазақ тілдік екендігінде болды. Бұл сипаты лексика, грамматикалық тұлға-тәсілдерден де көрініс берді. Хаттарда жұмсалған сөздер мен фразеологизмдер негізінен қазақ тілінікі болды, көзге түсетін тағы бір құбылыс орыс сөздерінің көп кездесетіндігі еді. Сол тұстағы хаттардан орыс сөздерін еркін пайдаланғанын мынадай сөздерден байқауға болады: военный губернатор, бригадный генерал, благородное собрание, Петербурский университет, докладная записка т. б. Хаттарда ай аттары тек қана орысша аталуынша берілген.

Зерттеушілер әдеби тілдің стильдік тармақталуын жанр принципіне негіз етеді. Соған байланысты, қазақ әдеби тілін функционалдық стильдерге топтастырады. Мысалы, көркем әдебиет жанрына көркем әдебиет стилін, қоғамдық-публицистика жанрына публицистика стилін т. б. жанрларға сай жіктейді. Орыс тіл білімінде эпистолярлық жанрға эпистолярлық стиль алынады.

Қазақ әдеби тілінде маңызды орын алатын, өлең немесе проза түрінде жазылған, ғылымға қатысты мәселелерді талқылайтын хаттар да көптеп табылады. Мысалы, қоғам қайраткерлері, ғалымдардың хаттары, Ш. Уәлихановтың «Сот реформасы жайында хат», сонымен қатар, бірқатар тілші ғалымдарымыз Қ. Жұбановтың Жанғазы Жолдаевқа 1936 жылы жазған хаты жауап хат түрінде жазылған, ғылыми тақырыпқа арналған, яғни, ғалым қазақ тіл біліміне қатысты мәселелерді өз хатында баяндайды.

Ы. Алтынсарин қазақ даласына мектеп ашып, оның жай-күйін орыс ағартушыларына хат арқылы баяндап отырғанын білеміз. XVIII ғасырдағы қазақ даласында қолданылған ресми стилінде жазылған ескерткіштерге қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының, старшиналарының патшаға және орыс әкімшілік орындарына жазған хаттары жатады. Бұл хаттар арқылы сол кезеңдегі эпистолярлық жанрдағы жазбалардың сипатымен қоса қоғамдағы әлеуметтік жағдайлар жөнінде мәлімет алып, сол кезеңдегі эпистолярлық стильдің сипаты мен хаттар тілінің қандай болғанын да көреміз. Олар:

-Қайып хан елшілерінің қазақтардың Ресеймен тату тұру тілегі туралы мәлімдемесі (1716 жылғы 13 қыркүйек)

- Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу туралы өтініш жасап император І Петрге жазған хаты (1718 жыл 10-желтоқсан)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ресми-іс қағаздар стилінің тілі және дамуы
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Қазақ тілі стилистикасы пәнінен дәрістер
Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерінің лексикалық жіктелісі
Кеңселік іс қағаздары тілінің даму, қалыптасу үдерісі
Құжат мәтінінің түрлері
XVIII ғасырлардағы қазақ ресми
Құжаттарды мемлекеттік тілде ұйымдастыру және жүргізу ұйымдастыру
Оқушылардың әдеби тіл стильдеріндегі мәтін бойынша жазбаша сөйлеу әрекетін дамыту әдістемесі
Радиодискурсының тілдік ерекшелігі мен стильдік құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz