Балқаш көлінің географиялық жағдайының туризмге әсері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ

ТУРИЗМ ФАКУЛЬТЕТІ

ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЕРВИС КАФЕДРАСЫ

Батталова Р. Е.

БАЛҚАШ КӨЛІ АУМАҒЫНДА ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

5В090200 - «Туризм» білім беру бағдарламасы

Алматы, 2021

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ

ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЕРВИС КАФЕДРАСЫ

«Қорғауға жіберу»

Кафедра меңгерушісі:

PhD докторы

Абдикаримова М. Н.

«__» 2021жыл

«БАЛҚАШ КӨЛІ АУМАҒЫНДА ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» тақырыбына жазылған

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В090200 - «Туризм»

Орындады: Батталова Р. Е.

Ғылыми жетекші: Жақсыбекова Д. К.

DBA докторы, аға-оқытушы

Алматы, 2021

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
4
: 1
КІРІСПЕ. . .: ТУРИСТІК САЛАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
4: 7
: 1. 1
КІРІСПЕ. . .: Қазақстандағы ішкі туризмнің қазіргі жағдайы . . .
4: 7
: 1. 2
КІРІСПЕ. . .: Туристік саланың негізгі бағыттары мен ерекшеліктері . . .
4: 13
: 1. 3
КІРІСПЕ. . .: Экономиканы дамытудың тиімділігін арттырудағы ішкі туризмнің рөлі . . .
4: 18
: 2
КІРІСПЕ. . .: БАЛҚАШ КӨЛІ АУМАҒЫНДА ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . .
4: 24
: 2. 1
КІРІСПЕ. . .: Балқаш көлінің географиялық жағдайының туризмге әсері . . .
4: 24
: 2. 2
КІРІСПЕ. . .: Балқаш көлінің топонимикасы, климаты, гидрографиясы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ішкі туризмді дамытуда алатын орны . . .
4: 29
: 2. 3
КІРІСПЕ. . .: Балқаш өңірінің туристік ресурстарының ішкі туризмді дамытудағы мүмкіндіктері . . .
4: 35
: 3
КІРІСПЕ. . .: БАЛҚАШ КӨЛІНДЕ ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА ТУРИСТІК МАРШРУТ ҰЙЫМДАСТЫРУ . . .
4: 39
: 3. 1
КІРІСПЕ. . .: Балқаш көлі аймағындағы ішкі туризмнің қазіргі жағдайы . . .
4: 39
: 3. 2
КІРІСПЕ. . .: «Таңғажайыпқа толы Балқаш» туристік маршрутын ұйымдастыру . . .
4: 44
: 3. 3
КІРІСПЕ. . .: Балқаш өңіріндегі ішкі туризмді дамытуға арналған ұсыныстар . . .
4: 56
:
КІРІСПЕ. . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
4: 60
:
КІРІСПЕ. . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
4: 62

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының тақырыбының өзектілігі: Балқаш көлі демалыс аймағын еліміздегі туристік картаның таңдаулы ондығы қатарынан көру және осы бағытта жан-жақты нақты қадамдар жасау бүгінгі күн талабы болып отыр. Соған орай дипломдық жұмыста өңірдегі ішкі туризмді тұтынушылардың сұраныстарына сай қанағаттандыратын туристік әлеуетін артыру мақсатында іске асырылатын кешенді шаралар көрсетілген.

Қазақстанның 2021 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары шеңберінде туризм жеке кластерге бөлінген және ел экономикасын дамытудың басым бағыттарының тізіміне кірді.

Елімізде рекреациялық жағынан негізінен толық зерттелмеген аймақ болып табылады. Бұл өңір табиғат жағдайларының алуан түрлілігі, қолайлы эстетикалық тартымдылығы мен экстримальды қолайсыз жағдайлары рекреациялық іс - әрекетте асқан шеберлік пен ептілікті қажет ететін туризмнің барлық салаларын қамтуға мүмкіндік береді.

Балқаш қаласы туристік - рекреациялық ресурстарға бай, туристік саланы дамытуда потенциалы жоғары аймақтардың бірі. Бірақ қазіргі уақытта аталған саланы дамытуды тежеп отырған мәселелер қатарын қолға алсақ, болашақта еліміздің экономикасына туристік сала арқылы пайда әкелетін аймақтардың біріне айналары сөзсіз.

Балқаш өңірі еліміздің ең бір ірі және маңызды өңірлерінің бірі. Тек нарықтық экономика жағдайында ғана оның өндірістік қуатын және табиғи байлықтарын толығымен колдану, мамандандыру және кешендік тәсілдеме негізінде экономикалық байланыстарды оңтайлы дамыту мүмкіндігі туды.

Балқаш қаласы туристік - рекреациялық ресурстарға бай, туристік саланы дамытуда потенциалы жоғары аймақтардың бірі. Бірақ қазіргі уақытта аталған саланы дамытуды тежеп отырған мәселелер қатарын қолға алсақ, болашақта еліміздің экономикасына туристік сала арқылы пайда әкелетін аймақтардың біріне айналары сөзсіз [1] .

Балхаш туристік ахуалының әлсіз және мүмкіндікке ие жақтарын жан-жақты зерттей отырып бүгінгі күн талаптарына сәйкес ішкі туристік сұраныстарды қанағаттандыратын аумақтағы туристік мүмкіншіліктерін ашу.

Балқаш аумағындағы туризм саласының шешілмеген мәселелеріне, ең алдымен, рекреациялық инфрақұрылымның қазіргі заманғы стандарттар мен қойылған талаптарға сәйкес келмеуі, маркетингтің әлсіз стратегиясы, жоғары білікті қызметкерлер санының жеткіліксіздігі, осыған байланысты жұмыстың мақсаты анықталды.

Зерттеу нысаны : Балқаш көлі аумағында ішкі туризмді дамыту ерекшеліктерін қарастыру.

Зерттеу пәні : «Таңғажайыпқа толы Балқаш» туристік маршрут бағдарламасын құру.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Балқаш көлі аумағында ішкі туризмді дамыту ерекшеліктерін ашу оның ішкі туризмді дамытудағы орнын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

- Туристік саланы зерттеудің теориялық негіздерін қарастыру.

- Балқаш көлі аумағында ішкі туризмді дамыту ерекшеліктерін саралау.

- Балқаш көлінде ішкі туризмді дамыту мақсатында туристік маршрут ұйымдастыру.

Зерттеу әдісі : Балқаш көлі аумағында ішкі туризмді дамыту барысында Таңғажайыпқа толы Балқаш туристік маршрутын ұйымдастыру бойынша жиналған материалдарды жан - жақты өңдеу, талдау арқылы алынды.

Жұмыстың теориялық маңыздылығы: Балқаш өңіріне сипаттама, аумақтағы көрікті жерлерге, туристік нысандарға және турды құру барысында С. Р Ердавлетовтың, А. С Бейсенованың, Е. А Ахметовтың, Т. А. Данияров және т. б зерттеушілердің еңбектері пайдаланылды.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: Балқаш көлі аумағында ішкі туризмді дамытудың әсері мен ықпалын қарастырып, маршрут жасау. Құрастырылған маршрутты туристік мекемелерде, оқу орындарында, колледжде, мектептерде қолдану.

Дипломдық жұмыстың құрлымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, 64 беттен, 2 кестеден, 27 суреттен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Бірінші бөлімде «Туристік саланы зерттеудің теориялық негіздерін» қарастыра отырып, ішкі туризмді дамыту үшін Қазақстан Республикасының туристік мүмкіндіктерін, ішкі туризм саласының дамуының алғышарттарын анықтау.

Екінші бөлімде «Балқаш көлі аумағында ішкі туризмді дамыту ерекшеліктерімен» Балқаш өңірінің физикалық-географиялық, саяси-экономикалық жағдайы мен орналасуы, климаты, гидрографиясы және топырақ жамылғысы, флора мен фаунасын саралау.

Үшінші бөлімде «Балқаш көлінде ішкі туризмді дамыту мақсатында маршрут құрастырылып», оларды тиімді ұйымдастыруы мен оның туризмдегі маңыздылығын қарастыру.

1 ТУРИСТІК САЛАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қазақстандағы ішкі туризмнің қазіргі жағдайы

Туризмнің дүние жүзінде үздіксіз даму, жетілу үстінде, бұл ел экономикасына туризм әсерінің өсуімен байланысты. Жұмыс бастылықтың өсуімен туризм саласындағы халық саны өсіп, ұлттың ауқаттылық деңгейі жоғарылауда. Бірақ, халықаралық туризм дүние жүзіндегі біраз жерде таралмаған, бұл ең алдымен елдердің және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі деңгейімен сипатталады. Халықаралық туризм Батыс Еуропа елдерінде кеңінен даму үстінде. Халықаралық туристік байланыстың дамуы халықаралық сауда саласындағы бұл жұмысты жақсартуды қамтитын көптеген халықаралық ұйымдарды біріктіруде. Швейцария, Австрия, Франция, Түркия, Батыстың экономикасы дамыған елдері өзінің жақсы тұрмыстық жағдайына туризмнен түскен табыстары арқылы қол жеткізу үстінде. Соғыстан кейінгі жылдары қуатты зерттеу базасы мен туризм саласындағы мамандар дайындау жүйесі жасалған болатын.

Өкінішімізге орай, Қазақстанда халықаралық туризм көшбасшы орында емес. Бұрын КСРО дағы туристік әрекеттердің негізгі аймақтары Қырым, Кавказ, Балтық жағалауы және Ресейдің, Ортта Азияның тарихи орталықтары болған болатын. Сол кезде Қазақстандағы көптеген архитектуралық, археологиялық, мәдени және табиғи ескерткіштер жарияланбай қала берді. Қазақстан тәуелсіздік алуынан кейін туризм индустриясының нақты дамуына мүмкіндік пайда болған, оны бірден пайдалануға қадам жасалмаған болатын [2] .

Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі заманғы туристік индустрия туризмнің туристік қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы жүйесіне оралымды кірігуінің табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпінді дамушы және өзінің капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнінен тиімді салалардың бірі болып табылады.

Туризм қазіргі таңда әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқаруда. Дүниежүзілік туризм ұйымының деректерімен ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын ұстап, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын туризм қамтамасыз етуде.

Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында. Мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтіледі. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінде басым дамитын болып тұр. Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар деп санаймын. Дүниежүзілік туризм ұйымының болжамымен 21 ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1, 6 биллион бірлік құрайды деп есептеуде [3] .

Туристерді жағымды пікір ғана емес, қайта тұмса табиғат, тылсым құбылыс, ғажайыптар, тәуекелдер, бұрын-соңды болмаған жаңалықтар, басқа да оларды өз елдерінде бола бермейтін ерекше жағдай мен көңіл күйлер шақыруда.

Туризм ол мәжбүрлі түрде немесе жұмыс бабымен де болмау тиіс. Туысының алыс жердегі үйіне қыдырып, қонақ болып, не басқа бір себеппен бару да емес. Ол бос уақыт шығарып, тек қызықтау мен көңіл ашуға, тамашалау мен демалуға бола, жаңа нәрселерді көруге (1 кесте) .

1 кесте - Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуі [3] .

Бағыт түрлері
Резидент емес келушілерге қызмет көрсетілді (адам саны)
Бағыт түрлері:
Резидент емес келушілерге қызмет көрсетілді (адам саны): 2004ж
2005ж
2006ж
2007ж
2008ж
Бағыт түрлері: Келу туризмі
Резидент емес келушілерге қызмет көрсетілді (адам саны): 219 634
261 164
330 817
548 313
543 022
Бағыт түрлері: ТМД
Резидент емес келушілерге қызмет көрсетілді (адам саны): 84 121
96 421
111 737
175 766
150 270
Бағыт түрлері: Алыс шетел елдері
Резидент емес келушілерге қызмет көрсетілді (адам саны): 135 513
164 743
219 080
372 547
392 752

Осылайша, шығу туризмі сырттан келушілер туризмінен және ішкі туризмнен едәуір асып түседі, Өкінішке орай, бұл көрсеткіштің өсу тенденциясы байқалады. Кіру туризмінің үлесі әлдеқайда аз, бірақ мұндай күрт ауытқуларға ұшырамайды. Әлемдік туризмді дамыту тәжірибесі барлық мемлекеттер бірінші кезекте кіру және ішкі туризмді дамытуға мүдделі екенін көрсетеді, өйткені бірінші түрі мемлекет қазынасына валюталық түсімдерді қамтамасыз етеді, ал екіншісі мемлекет ішінде қаражат жинақтайды және туризм инфрақұрылымын дамытуға ықпал етеді [3] .

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректерімен туристік қызметпен 2008 жылы 1163 туристік ұйым айналысқан, олар 473947 туристке қызмет көрсетті. Туристерге қызмет көрсетуде осы көрсеткіш 2006 жылмен (520972 қызмет көрсетілген турист) және 2007 жылмен (541930 турист) салыстырғанда туристік фирмалар қызмет көрсеткен туристер санының азаюын көрсетуде.

2008 жылғы туристер санының азаюы, ең алдымен, өткен жылмен салыстырғанда келушілер санының 40% - ға және кетушілер санының 10% - ға азаюына, сондай-ақ ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілгендер санының төмендеуіне байланысты болды. Туристердің барлық санаттары санының азаюы, ең алдымен, бүкіл Әлемдегі туризм саласының жай-күйіне теріс әсер еткен әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты және Қазақстан да бұдан тыс қалмады [4] .

Қазақстандық туристік өнімнің екі базалық компонентін бөліп көрсетуге болады. Жібек жолындағы мәдени туризм (қажылық және дәстүрлі) және онымен тығыз байланысты эко-шытырман оқиғалы туризм (сафари, рафтинг, орнитологиялық, треккинг, альпинизм, аңшылық, балық аулау) . Бұл орайда Жібек жолы бағыты өтетін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары арқылы эко-шытырман оқиғалы туризм үшін ресурстары бар өңірлерді бөліп көрсеткен жөн деп саналуда.

Қазақстан бизнес - туризм сегментінде белгілі бір порны бар. Бұл алдымен Алматы, Астана, Атырау қалалары. Геосаяси жағдай мен табиғи-шикізат ресурстары Қазақстанға бизнес мәселелері және халықаралық конвенцияларға қатысу бойынша келетін бизнес-туристер санының артуына мүмкіндік беруде. Жоғарыда аталған орталықтардың инфрақұрылымы негізінен халықаралық стандарттарға сәйкес келіп тұр [5] .

Республика үшін стратегиялық (әуе, автомобиль, темір жол) қақпа Алматы қаласы болып табылады және негізгі көші-қон дәл осы қала арқылы жүреді. Форумдарды өткізуге ыңғайлы ғимараттар мен қонақ үйлерден басқа, қалада демалыс пен ойын-сауық үшін қажеттінің бәрі бар, сонымен қатар жақын маңдағы қала аумағында 500 км радиуста керемет рекреациялық аймақтар орналасқан.

Туристік ресурстарға Қазақстан өте бай. Қазақстанның табиғи-рекреациялық әлеуеті, сондай-ақ ұлттық дәстүрлер мен ерекшеліктер, менталитет, әдет-ғұрыптар шетелдік туристер үшін қызық, өйткені олар Еуропа мен Азия нарықтарында ұсынылған туристік қызметтермен қаныққан. Қазақстанда туризмнің даму деңгейі халықаралық деңгейге сәйкес келмегенімен, бірақ туристік сала шығу туризмін дамытуға бағытталған, келу және ішкі туризмді дамытуға тиісті көңіл бөлінбейді (2 кесте) .

2 - кесте Қазақстандағы ішкі туризм көрсеткіштері[5] .

Бағыт түрлері
Туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсетілді (адам саны)
Бағыт түрлері:
Туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсетілді (адам саны): 2004ж
2005ж
2006ж
2007ж
2008ж
Бағыт түрлері: Ішкі туризм
Туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсетілді (адам саны): 106 486
184 379
209 143
193 122
174 940

Қазіргі туризмді халықаралық мамандар құлдырауды білмейтін әлемдік экономика саласына жатқызады. Табыс жағынан ол тек мұнай экспорты, мұнай мен автомобильге ғана жол беруде. Шикізат сату елдің энерго тасымалдаушыларын шығынға ұшыратуда, ал туристік индустрия жанданып келе жатқан ресурстарда жұмыс істеуде. Осымен туризмді дамыту шикізат сатудан тиімдірек пе деген ойға еріксіз берілесің.

Сонымен қатар Қазақстанның ішкі туризмі - мемлекетіміздің жарнамасы болып табылады. Дегенмен соңғы жылдары кіріс және ішкі туризмге деген сұраныс өсуде. Халықаралық талдаушылар мен мамандардың ойынша туризм де Қазақстанның өсуі мен өркендеуіне зор ықпалын тигізеді. Осы орайда Алматының туристік инфрақұрылымы елеміздегі ең дамыған инфрақұрылым болып отыр. Қаламыздың туристік қызметтері даму үстінде: 600 жүзден астам туристік агенттіктер бар, 80-нен астам шетелдік компаниялармен байланыстар орнатылған. Өткен жылғы көші қон қызметінің көрсеткіші бойынша қаламызға көпшілігі «іскерлік туризм» өкілдері арқылы алыс және жақын шет елден 76000 қонақ келген. Туристік агенттіктер туристерге қызмет көрсету арқылы мемлекеттік бюджеттің қірісін ұлғатып отырғандығын байқатуды. Туристік агенттіктері арқылы туристік қызмет көрген туристердің саны күні бүгінге өсіп келеді. Ішкі маршруттық көрсеткіштер 3, 3 есе өсуде [6] .

Туризмді дамыту ішкі туризмді ынталандырусыз мүмкін емес, өйткені ол ең қол жетімді және арзан сала. Соңғы жылдары ішкі туризм құрылымы өзгерді, демалыс күні, қысқа мерзімді экскурсиялық сапарлар танымал болады. Қазақстан халқы туристік ұтқырлығының көрсеткіші - әлемдегі ең төмен көрсеткіштің бірі болып табылады. Турфирмалардың беретін бөлігі өз серіктестерін шетелге жіберумен айналысуды ұсынады, және аз ғана фирмалар Қазақстанға туристерді тарту үшін жұмыс істеуде. Негізінен туристер Алматы мен Астанаға көп келеді, бірақ басқа қалаларда бей-жай емес.

Туризм басқа экономикалық сектормен салыстырғанда мультиприкаторлықтың аса үлкен пәрменділігіне ие. Ол тікелей жене жанама түрде экономиканың 32 секторына есер етуде (бұл турфирмалар, көліктің барлық түрлері, қонақүй кешендері, тамақтандыру жүйесі, демалыс үйлері, санаториилер, ұлттық кәсіптер, парктер және тағы басқалары) . Онымен қоса-бұл әлемдік өндірістегі әрбір тоғызыншы жұмыс орны болып саналуда.

Қазіргі кезде Қазақстандағы туризмнің күйін талдап, алдымен дамуының оң динамикасын айту қажет. Әлемдік экономикалық дағдарыс енгізген шағын өзгерістерге қарамастан, Қазақстан туризмі даму қарқыны оң динамиканы көрсетіліп келуде.

Шығу туризмі даму қарқыны ішкі және келу туризміне қарағанда анағұрлым серпінді екенін атап өту қажет. Бұл біздің ел халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылауымен және баға мен сапа көрсеткіштерін үйлестіретін бәсекеге қабілетті туристік ұсыныстардың болмауымен түсіндірілген.

Кіріс және ішкі туризм мемлекет үшін ең тиімді болып табылады, себебі олардың дамуы кезінде елге ақша түседі, осылайша оның бюджетін толықтырады.

Осылайша, қазіргі кездегі Қазақстан туризмінің жағдайын айқындай отырып, ішкі және сырттан келушілер туризмді дамытуға ерекше назар аудару қажеттігін айту керек [7] .

Қазақстанның туристік саласының қазіргі жағдайын бағалай отырып, оның дамуының негізгі үрдістерін атап өткен дұрыс. Қазақстандағы Туризм экономиканың шикізаттық емес секторын дамытудың перспективалық бағыты болып танылды және жеті ұлттық басым кластерлер қатарына енгізілді. Туризмге көп көңіл бөліну қажет. Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.

Өңірлік деңгейде туризмді дамытудың өңірлік бағдарламалары қабылданды. Жаңа Іле, Ақтау, Балхаш сияқты халықаралық маңызы бар туристік жобалар атап өтілді. Осы жобаларды дамыту үшін Қазақстан жеке инвесторларды, немесе шетелдік инвесторларды белсенді түрде іздестірді.

Сонымен, туризмді қарқынды дамыту үшін біздің республикамыз бірнеше проблемаларға тап болды. Қазақстан үшін қазіргі кезеңде туризмді дамытудағы кедергілер кадр аздығы проблемасы, инфрақұрылымның дамымауы және халықаралық нарықта ұстанымының нашарлығы болып табылады. Осы проблемаларды шешу Қазақстанға туризмді дамытуға және өзінің өнімімен халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік бере алады [8] .

1. 2 Туристік саланың негізгі бағыттары мен ерекшеліктері

Қазіргі таңда туризм әлемдік экономикада басты орында және әлемдегі ең пайда көп түсіретін бизнес түріне жатады. Сондықтан да әлемдік шаруашылықтың бұл саласының болашағы жайлы сұрақ ең маңызды болып табылады. Осы заманда адамдардың туристік мақсатта сапар шегуі бүкіл елді қамтыды, осыған байланысты әр елдің адамдары арасындағы қарым-қатынас күнделікті шындыққа айналды. Көптеген кәсіпкерлердің туризмге қызығушылық білдіруі бірнеше факторлармен түсіндіріледі. Ең бірінші, туристік бизнеспен айналысуды бастау үшін, көп инвестицияның қажеті жоқ. Екіншіден, туристік нарықта ірі, орта, кіші фирмалар өзара әрекет ету. Туристік аймақтың тартымдылығының болуын анықтайтын факторларға келесілерді жатқызуға болады:

- аймақтың қолайлы болуы;

- табиғатын және климатын;

- келушілердің сол елдегі тұрғылықты халықпен ара-қатынасы;

- аймақтың инфрақұрылымы және қатынасы;

- бөлшек сауда жағдайы;

- баға деңгейі және талапқа сай келуі;

- спорттық және білім беру мүмкіншіліктері;

- мәдени және әлеуметтік жағдайдағы сипаттар. Біз үшін осындай әкімшілік рәсімінің жеңілдеуі өте маңызды Қазақстан Республикасының туризм агенттігі «Hot Line» құру ісімен айналысуда. Егер турист кез-келген аймақта туристік сапармен жүрген кезде төтенше жағдай болса, арнайы жүйе арқылы қажетті көмек жөнінде ақпарат беруге мүмкіндік туады. Бұл әрине мәселенің ұшығуының алдын алады; - тұрақты негіздегі авиарейстің жеткіліксіздігі; - көрсетілген қызметтердің бағасының деңгейін олардың сапасына сай болмауы (тұру, тамақтану, көлікпен қамтамасыз ету және т. б. ) ; - салық саясаты туризмнің дамуына кедергі жасайды, фирма туристерді жіберуге немесе қабылдаумен айналысатынына қарамастан туристік қызметке қосымша құн салығы салынады. Туристік бизнесті шектеуші елеулі факторлардың бірі туризм индустриясы материалдық базасының мүмкіндіктерінің төмендігі болып табылады. Қазіргі уақытта, республиканың қонақ үйлерінде, турбазаларында, кемпингтерінде және басқа орналастыру объектілеріндегі сыйымдылық жүктеменің 35%-ын құрайды [8] .

Негізгі ерекшеліктері:

Туристік қызметтің бірнеше негізгі ерекшеліктері бар.

Бірінші және ең маңыздысы, материалдық өндіріс салаларынан айырмашылығы, Туризм индустриясы өнімді экспорттамайды, бірақ естен кетпес әсер қалдырады.

Екінші ерекшелік өнімдер мен қызметтердің ерекшелігіне, оларды тұтынушыға жылжыту мүмкін еместігіне байланысты. Өндіруші немесе сатушы емес, турист оларды өндіретін жерге баруы керек. Бұл ерекшелік объективті себептерге байланысты.

Үшінші ерекшелік бұл туризм индустриясының өнімдері тұтыну кезінде ғана сыналуы мүмкін қызметтер жиынтығы болып табылады. Осыған байланысты туристік өнімді сәтті сату клиенттер мен сатушылар арасындағы ерекше сенімді қарым-қатынасты қамтиды. Сондықтан мұнда туроператорлар мен турагенттердің, қонақ үйлер мен авиакомпаниялардың жоғары беделі өте маңызды.

Қорытындылай келе, туризм саласын сипаттайтын маңызды ұғымдардың тізімін ұсынған жөн. Туристік ресурстар-туристер үшін қызығушылық тудыратын (оның ішінде әлеуетті) табиғи, тарихи, әлеуметтік-мәдени және өзге де объектілер.

Әдетте, туристік ресурстар көрсету үшін қолданылады. Олар адамның қызығушылығы мен рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, күш-қуат алуға, эмоционалды жағдайды жақсартуға және физикалық күштерді қалпына келтіруге арналған.

Ресурстардың сапасы олардың бірегейлігімен, түпнұсқалығымен және өзіндік ерекшелігімен, адамның физикалық және рухани денсаулығына жағымды әсер ету дәрежесімен анықталады. Белгілі бір туристік ресурстар белгілі бір туристерді тартады, олардың сыртқы түрі мен жағдайы көбінесе турлардың, туристік өнімнің тұтыну құнын анықтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАЛҚАШ КӨЛІ АУМАҒЫНДА ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстандағы шағын көлдердің туристік рекреациялық мүмкіндіктерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы
БАЛҚАШ КӨЛІНЕ ТИГІЗЕТІН АНТРОПОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ
ҚР туризм түрлерінің бағдарламалық түрде ұйымдасуы мен жүргізілуін теориялық және тәжірибелік тұрғыда қарастыру
Талдықорған өнірінің туристік рекреациялық ресурстар жағдайы
Қазақстанның көрікті жерлерінің - туризм саласындағы сапа менеджмент жүйесінің ерекшіліктері
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
ҚАЗАҚСТАНДА ЭТНО - МӘДЕНИ ТУРИЗМІН ДАМЫТУ ӘЛЕУЕТІ
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
Қазақстан Республикасында туристтік бизнестің дамуына әсерін тигізетін факторларды талдау және болжау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz