БАЛА ҚИЯЛЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Баишев жоғары медициналық колледжі ЖСШ - і

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Бала қиялын дамыту және қалыптастыру жолдары
(Психология)
0111000 Негізгі орта білім беру мамандығы

Орындаған: Сакенаева Р.Е
Жетекші: Қолғанатова М.Ж
Қорғауға жіберілді (жіберілмейді)
Білім беру пәндер бірлестігінің
Жетекшісі ________
___ __________________2020ж

Ақтөбе - 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. ТАРАУ. ҚИЯЛ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1. Қиял процесінің ерекшеліктері мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Қиял жеке адам қасиеті ретінде және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ...11
ІІ. ТАРАУ. БАЛА ҚИЯЛЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Қиял - ғажайып ертегілер туралы жалпы түсінік беру ... ... ... ... ... ... .16
2.2. Қазақ әдебиеті сабақтарында ертегі арқылы бала қиялын дамыту ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..26
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты жолдауында Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш - адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі, біліктілігі делінген. Олай болса, алға қойылған мақсаттарды орындау үшін еліміздегі оқушы жастарымыздың шығармашылық қиялын жан-жақты дамытуға ден қою қажеттілігі туындайды. Қазіргі заманда жеке тұлғаны тәрбиелеу - психология ғылымында басты мәселелердің бірі. Соның ішінде дарынды, білімді, білікті жас ұрпақ тәрбиелеу басты назарда. Қиял сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін тек адамға тән психикалық процесс болып табылады. Баланың қиялын дамыту мақсатында ертегілерді пайдалануға болады. Сондықтан осы жағдайларды ескере кетіп, біз осы бағыттағы мәселені әрі қарай терең ашуда өз үлесімізді қоссақ дейміз. Біздің Бала қиялдарын дамыту және қалыптастыру жолдары атты тақырыпты алудың мәні де осында.
Зерттеу объектісі: 5-сынып оқушыларының қиялын дамыту.
Зерттеу мақсаты: бала қиялын дамыту және қалыптастыру жолдарын теориялық негізде анықтау.
Зерттеу міндеті:
1. Қиял процесінің ерекшелігі мен түрлеріне сипаттама беру;
2. Қиялдың адам өмірінде маңызын айқындау;
3. Бала қиялын дамыту және қалыптастыру жолдарын қарастыру;
4. Қиял - ғажайып ертегілер арқылы оқушының бойында қиял түрлерін жетілдіру.
Зерттеу болжамы: егер баланың қиялында оқу тәрбие ісі арқылы ертегілерді қалыптастырса, онда оның дүниетанымы қалыптасып, ойлау қабілетінің дамуы жақсарады деген болжам бар.
Зерттеу пәні: қазақ әдебиеті сабағында ертегі арқылы бала қиялын дамыту.
Зерттеу әдістері: тақырып бойынша психологиялық, фольклорлық әдебиеттердегі қарастырылған тақырыптарға теориялық талдау жасау.
Зерттеу құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

І. ҚИЯЛ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1. Қиял процесінің ерекшеліктері мен түрлері
Біз бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып, ми уақытта көрмеген нәрселерді де санамызда бейнелей аламыз. Мәселен, өткен заманда болған оқиғаларды суреттейтін материалды оқып отырғанда не өзіміз көрмеген алыстағы елдер туралы әңгіме тыңдағанда, не кітап оқығанда бізде түрлі жаңа елестеулер пайда болады. Бұл қиял процесінің жемісі болып саналады [1,30 б].
Адамның өмір тәжірибесі, білімі неғұрлым мол болса, қиял елестері де соғырлым айқын және толық болатындығы, ал бұл айтылғандар жеткіліксіз болса, қиялдың өте солғын болатындығы байқалады. Мәселен, біз төртінші сынып оқушыларына қазан төңкерісіне дейінгі қазақ аулының өмірі туралы әңгіме айтқанымызда, кейбір оқушылар сол кездегі қазақ аулына тән өзіндік өмір көріністерін, байлардың сән-салтанатты, кедейлердің ауыр тұрмысы, сол кездегі адамдардың тұрмыс салт ерекшеліктерін онша ажырата алмайтындықтарын көрсетті. Балалардың осы секілді елестерінің солғындығы оларда қазан төңкерісіне дейінгі қазақ аулындағы өмірді бейнелейтін нақты материалдардың жетімсіздігінен туған болып шықты. Кейін осы тақырыпқа қайта оралып, көрнекілік жағына ерекше мән берілгенде (оқушыларға осы жөнінде әңгіме айту, түрлі суреттер көрсету, мұражайларға, театрға апару) оқушылардың қазан төңкерісінен бұрынғы қазақ аулы өмірі жөніндегі түсініктері нақтылана бастады [2,40 б].
Қиял дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өңдеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс. Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өңдеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
1. Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;
2. Қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп тұрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;
3. Қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер - су қоршауына байланысты да көрініп отырады. Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті, - деп жазады М.Жұмабаев .
4. Қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Себебі ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді;
5. Адам қиялы еңбек процесінде іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу - адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным түсінігі әр түрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады [3,162б].
Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп, берген И.П.Павлов болды. Түс көруді ұйқыдағы мидың фантазиясы деуге болады. Мұндай қиялды әдейілеп туғызу және оны саналы түрде басқарып отыру мүмкін емес. Сондықтан түс көру қиялдың ең пассивтік түрі болып табылады.
Пассив қиялдың ырықсыз түрі адамның алу кезінде де туып отырады. Адам алдына ешбір мақсат қоймаса да, оның көз алдынан елестер тізбектеліп өтіп жатады. Мәселен, адам аспандағы бұлтқа, үй қабырғасындағы түрлі көлеңкелерге қарап, оларды бір нәрсеге ұқсатады. Леонардо до Винчи: қабырғадағы даққа, үйілген күлге, бұлтқа қарап, осылардан адамның пішінін, табиғат көріністерін табуға болады дейді. Бұл айтылғандардың бәрі - ырықсыз қиялдың мысалдары [4,88 б].
Қиялдың екінші түрі актив қиял деп аталады. Бұл - қиялдың шарықтап дамуының жоғары сатысы, адамның творчествалық әрекетімен тығыз байланысып жатқан түрі. Актив қиял кейде ырықты қиял деп те аталады. Актив қиял қайта жасау, творчествалық қиял, арман болып үшке бөлінеді. Суреттеп жазғанға немесе сызғанға қарап адамның жаңадан бір нәрсені елестете алуын қайта жасау қиялы деп атайды. Қайта жасау қиялы арқылы адам шындыққа сай, дәл, дұрыс образдар беріп отырады. Бұл үшін түрлі сипаттау, схема сызықтарын дұрыс түсіне білумен қатар, адамда өмірден алынған көрнекті образдардың жеткілікті қоры болуы қажет. Қайта жасау қиялын тәрбиелеудің басты жолы - көркем әдебиет кітаптарын оқу. Бірақ тек оқи бергенмен қиял өспейді. Мәселен, үстіртін, тек қызық жерін теріп оқудан қиял дамымайды. Қиялды өсіру үшін кітап мазмұнын ойға түйіп, оны көргендей, естігендей болып отыру қажет. Бұл - қайта жасау қиялының көрінісі. Мұндайда адам авторлардың суреттеп жазғандарын көз алдында тұрғандай көріп, тіпті сөйлеген сөздерін есіткендей де болады. Өзін кітап кейіпкерлерімен бірге жүргізіп, онымен бірге тұратындай сезінеді.
Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің ғалымның, композитордың т.б. қиялы творчестволық қиялға жатады. Творчестволық қиял - қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиян. Абай мен Құнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Творчестволық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің т.б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем образ арқылы береді. Творчестволық қиял әрекеттің кез-келген саласында орын алып отырады. Қоғамда пайда келтіретін нәтижелі еңбекте творчестволық қиялдың болмауы мүмкін емес.
Актив қиялдың ерекше бір түрі - арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мұның творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман творчестволық әрекетпен тікелей бірінші дайындық сатысы. Арманды бағалауда оның әрекетке қандай қатынасы бар екендігі қатты ескерілуі қажет.
Егер адам әрекет етудің орнына бос қиялға сүңгісе, бұл келешектің қиялы болмай, бос лағу, құрғақ қиял болар еді. Әрбір адамға алдындағы жарқын болашағына байланысты армандай білуі қажет. Мақсатқа сай дұрыс армандай алу адамға зор қуат беріп, іске талпындырады [5,75 б].
1.2. Қиял жеке адам қасиеті ретінде және оның маңызы
Қиял жеке адамның басқа психикалық процестерімен және қасиеттерімен тығыз байланысты. Қиял әдетте әсер алумен әрлене түседі. Қиял арқылы елестеген айқын сурет, көптеген жағдайда жоғары сезімталдықтың әсерінен пайда болады. Қорқыныш сезімі адамды қиялында қауіп - қатерді елестетуге мәжбүр етеді, ал керісінше осы қауіп - қатерді қиялдау қорқыныш және реніш сезіміне де қатынасы бар. Бұл сезімдер қиялдау арқылы күшейе түседі, ал осы әсерлер қиялды күшейте түседі. Адамның ақылы мен қиялының арасында бір - біріне күшті бағыныштылық бар.
Жеке адам ақыл - ойының жоғары дәрежеде болуы көптеген жағдайда дамыған бай қиялымен байланысты. К.Д.Ушинский Әсерлі де әрекетшіл қиял ұлы ақылдың қажетті құрамына жатады; әрине, мұндай қиялдың алатын мәліметі күш, ақыл - ой , поэтикалық сезім, көңіл - күй т.б. арқылы мықтап қорытылған болуы тиіс, сонымен қатар осыларды адамның өзі басқарады... Егер қиял бос, керегі жоқ, не болмаса өнегесіз, зердесіз ассоциацияларға толы болса, онда оның айқындығы және күші, әсіресе еріктің әлсіз кезінде ақыл-ой процесін түгелдей өзгертіп жіберуі мүмкін, - деп жазған [6,60 б].
Қиял жеке адамның ерік сапаларымен тығыз байланысты болуы мүмкін, сондықтан оның пайдасы немесе зияны болуы көп жағдайларда қиял процесін адам арқылы қалай бақылауға алуына байланысты.
Жеке адамға психологиялық сипаттама беру үшін, әсіресе, творчестволық қиялдың үлкен маңызы бар. Творчествоға қажетті күш пен сезімге үлкен өрлеу туғызатын шабыт секілді психологиялық жағдай, әдетте қиялдаумен тығыз байланысты [7,30 б].
Қиял ерекшеліктері белгілі дәрежеде жеке адамның моральдық бейнесі жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді. Дәлсіздікке, фактілерді, құбылыстарды үлкейте не кішірейте көрсетуге т.б. бейімділік көп реттерде қиялға бақылаудың жоқтылығынан болып тұрады. Мұндай жағдайлар кейде өтірікті айта отырып, шын нәрселерді қиялдығымен шатастыру кейбір балаларда кездеседі. Бірақ дұрыс тәрбие болған жерде жылдар өткенде, мұндай кемшіліктерден ада болады. Егер осы кемшілік есейген адамдарда дамыса, онда мәселенің насырға шапқаны. Өзін-өзі бағалаған кезде ол менде де зор қасиеттер бар деп ойлайды. Ол шын мәнісінде онда жоқ. Мұндай адам өз кемшілігін сезбейді, сөйтіп айналасындағылар жиіркенетіндей мақтаншақ болып кетуі де мүмкін. Керісінше, ақыл-ой бақылауындағы, қиял өзін-өзі сын көзбен бақылауға әсер етеді, сөйтіп адам өзінің қандай адам болғысы келетінін анық елестетеді. Бұл оны өте байсалды етіп, өз дәрежесін көтеру үшін жұмыс істеуге итермелейді.
Басқа адамның жағдайын жақсы түсінген адам ол адамның қасіретін бірге тартып, жаны ашуға бейім болып шығады. Мұндай жағдай оны сезімтал, қайырымды, инабатты, рақымды жан етеді. Ал, қиялы әлсіз адам өзін басқа адамның орнына қоя алмайды, тек өз қамын ойлауға машықтанып белгілі бір жағдайда өзімшіл болып кетуі қиын емес.
Кейбір балалар әлі келетін жолдастарын жәбірлеп, оларды қорлап, кемсіткісі келіп тұратыны, сондай-ақ жануарларды қинауын, кейде олардың қатыгездігінен деуге болмайды, оны сол балалардың, басқа жан-жануарлардың психикалық және физиологиялық жағдайын түсіне білмеудің, өздерін солардың орнына қойып көрмеудің салдарынан болады. Арнаулы әңгіме, өнегелі тәлім беру балалардың адамдарға және жануарларға жасамақ қиянатын жоюға көмектеседі [8,74 б].
Қиял өзінің дараланған күйінде әр жеке адамның өте мәнді, ерекше қасиеттерін айқындайды. Қиял әрбір жеке тұлғада бірнеше белгілермен дараланады. Фантазия бейнелері жаңалығы, қайталанбастығы және дәлдігімен бөлектенеді. Ең алдымен қиял даралығы бейнелердің жарқындығымен еленеді. Кей адамдардағы қиял бейнелерінің айқындығы соншама тіпті тікелей қабылданған немесе ес елестеріндегі бейнелерден бірде-бір ажыралмайды. Мұндай жағдайларда болмыс шындығы мен қиялдағы бейнелер өздерінің ұқсастығымен ерекшеленеді. Мысалы, Л.Бетховен ән-күй әуенін соншалықты дәл елестете алатындығынан, тас керең болып қалған күнінде де ғажайып музыка туындыларын шығарудан қалмаған [9,20 б].
Қиялдың жарқындығы мен қуаты адамның көңіл-күй болмысымен тығыз байланысты. Көрікті картиналар тұлға қиялында оның терең сезімталдығының арқасында өрбиді, өріс алады. Қорқыныш сезімі адамға алдағы қатерді сездіреді, керісінше сол қатерді қиялдаудан адамдағы қорқыныш сезімі ұлғая түседі. Сезім күшті болған сайын, қиял бейнелері де жарқырай түседі. Ал сезімталдығы кем адамның қиялы да көмескі, бұлдыр келеді. Жеке адамдағы қиял даралығы шындық дүние, болмысқа жақындық дәрежесімен айырылып тұрады. Осыдан кей адамдар өтірікті шыңдай шынды құрай ұрғандай етіп бейнелеуге шебер келеді, ал екінші біреулер көрген, білгеннен асып қиялдауға мақұрым болады. Қиялдың бұл ерекшелігі жеке адамның болмыс шындығын қайта түзу қабілетінің артық не кем болуынан туындайды. Шынында кейбір ойға шорқақ адамдар мұрын астынан әрідегіні көрмей қоршаған дүние мен қатынасын шектеп алады да сүрлеу жолдан шыға алмай, өз қиялын өрістетуге шамасы жетпейді [9,47 б].
Қиялдың кеңдігі, аумақтылығы, әр адам қиялына қатысты болмыс дүние салаларының сан-алуандығына тәуелді. Қиял өрісі кең адамдар бір мезеттің өзінде табиғат, адам, қоғам тарихының өткені мен болашағынан, жер тұңғиығы мен ғарыш әлемінен техника мен өнер саласынан бірдей дерек елестерді қамти алады. Кейде мұнда қиялдауда шындыққа жанаспайтын фантастикалық бейнелердің де қалыпты қабылдануы ғажап емес [10,14 б].
Өрісі кең қиял мазмұн жағынан да ауқымды келеді. Мысалы, Абай жолы романын жазған М.Әуезов мазмұнды қиялдың кемеңгері десе болады. Даналық қиялдау үлгілерін О.Бөкеев, Ш.Айтматов шығармаларынан да таныған жөн.
Қиялдың даралық сипаты оның еркінділігінен, яғни қиялды алға қойылған міндетке ойыстырып, қажетті нәтижеге ерісу үшін пайдалана білу. Жоғары кемелденген қиял иелері ойға келген бейнелердің әр түрлілігіне қарамастан, негізгі бағыттан алшақтамай оларды қажетті байланыстарға келтіріп, бір идея төңірегіне орайластыру қабілетіне ие.Ой түйіні кем қиял фантазиялық бағдарлаушы міндеті болмаған, байланыссыз желек ойлар төңірегіндегі арманшылдыққа өтеді. Әр қилы адамдар олардың кәсіби қызметімен байланысып, негізгі қажеттіліктеріне тәуелді келеді. Жеке адам бағыты оның жоғары сезімталдығын көтеріп, осыған орай жарқын және сан-алуан қияли елестерді туындатады. Жеке адамның даралық ерекшелігі оның аса көп қолданымындағы елестету типіне де байланысты келеді, мысалы көз елестері, қозғалыс не есту елестері [11,5 б].
Қиял, болған құбылыстың себебі жөнінде жорамал жасау, болатын оқиғаларды болжау тағы басқалар үшін ғалымдарға қажет. Әдеби еңбекте кейіпкерлердің бейнелерін жасау үшін, жазушы әуелі оны өз қиялында жасап алуы керек, суретші салайын деген суретін ойша көз алдына келтіруі керек, мұғалім сабаққа дайындалған кезінде, сабақтың барысын, оқушылардың қалай тыңдайтынын олардың сұрақтарын, беретін жауаптарын елестетіп отырады. Тәрбие жұмысын жүргізу отырып, педагог ойша белгілі бір психикалық қасиеттері бар адам бейнесін жасайды, сөйтіп өз оқушысынан қандай адам тәрбиелеп шығаруды жобалағандай болады [12,7б].
5-сынып оқушыларының қиялын дамыту олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мәселен, көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галереяларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тындау, бала қиялын жаңа мазмұнға толтыра түседі. Шәкірт қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Мұғалім де, оқушының ата-анасы да бұл жерде тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек. Мәселен, ата - аналар балаларға күнделікті ұйықтар алдында ертегі оқып беруді әдетке айналдырулары қажет. Ертегілер балалардың киялын және де логикалық ойлауын дамытуға үлкен үлес қосады. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу, табиғатқа өндіріс орындарына экскурсиялар жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербез орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады [13,100 б].
Қиял оқушының жеке басының жалпы дамуына, дәлірек айтсақ, моральдық тәрбиесіне әсер етеді. Қиялдың арқасында кейіпкердің тамаша образы жасалады, ал адам болса соған ұқсауға тырысады. Сондықтан да көптеген жастар мен жасөспірімдер сүйікті кітап кейіпкерлеріндей болғылары келеді.
Қиялды дамыту дегенімізде ең алдымен әркім өз қиялының аз немесе көп екенін, қай дәрежеде екенін білгені жөн. Мұны көптен бері шетелдерде жиі қолданылып келе жатқан Сізде қиял бар ма? деген тест арқылы анықтауға болады. Бұл тестті №1 Қосымшадан көруге болады. Тесттегі сұрақтарға жауап берген соң иә, жоқ жауабы бойынша жиналған ұпайларды қосады да, эксперименттің қорытындысына жүгінеді [14,25 б].

ІІ. БАЛА ҚИЯЛЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Қазақ халқының ең көне жырларының бірі - қиял - ғажайып ертегілер
Барлық елдердің фольклорынан мол орын алатын жанрлардың бір түрі -- ертегілер. Ертегілер көбінесе қара сөз үлгісінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі дейміз. Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы ХІХ ғасырдың II жартысынан басталады. Қaзaқ ертегілерін ең aлғaш зерттеп, жинaқтaғaн Шоқaн Уәлихaнов, Г.Н.Потaнин, В.В.Родлов, A.Е.Aлекторов, А.Ивaновский, Л.Исaков, О.Әлжaнов, Р.Дүйсенбaев, М.Көпеевтер болса, кейін Э.Дивaев, Н.Пaнтусов, A.Мелков, М.Әуезов, С.Сейфуллин, М.Ғaбдуллиндер зерттеп жинaқтaй бaстaды. Бұл зерттеушілердің бaрлығы дa ертегілерді aдaм бaлaсының aрмaн мүддесі, болaшaқтaн күтетін үмітінен, қиялынaн туғaн деп қaрaстырaды. Бірaқ, ертегілердің тәрбиелік жaқтaрын, aдaмның не бір сaпaлық жaқтaрын қaлыптaстырудaғы оның ерекше ықпaлы турaлы пікір кездесе бермейді [15,162 б].
Ертегі жанрының мақсаты -- тыңдаушыға ғибрат беру ғана емес, сонымен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегі жанрының функциясы кең, ол әрі тәрбиелік әрі көркем - эстетикалық роль атқарады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Баланың қиялы
Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының даму үдерісі
Қиялды дамыту жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамыту жолдары
Ауыз әдебиеті арқылы бала қиялын дамыту
Бала қиялын дамыту
Мектепке дейінгі балалардың қиялдың даму ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының ертегілер арқылы қиялын дамыту
Эстетикалық тәрбие туралы жалпы түснік
Пәндер