Веб - сайттарды құрудың принциптері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4
1 АВТОМАТТАНДЫРУ НЫСАНЫНЫҢ - САЙТТЫҢ СИПАТТАМАСЫ
6
1.1 Кинотеатр сайтын құрудың алғашқы қадамдары мен принциптері
8
1.2 Веб - сайттарды құрудың принциптері
10
2 ИНТЕРНЕТТЕГІ АҚПАРАТТЫҚ САЙТТАРДЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ ЖОЛДАРЫ
10
2.1 Сайттың әкімшілік бөлімін жетілдіру
14
2.2 Жетілдіру жабдықтары
17
2.2.1 HTML тілі жайлы.
17
2.2.2 Динамикалық HTML
18
2.2.3 JavaScript негізгі ерекшеліктері
18
2.2.4 РНР бағдарламалау тілі
19
2.2.5 Adobe Flash
21
2.3 Web -аналитиканың аспаптары мен негізгі көрсеткіштері
23
2.4 WEB - қосымшаларда қолданылатын деректер құрылымдарын зерттеу
23
2.5 Beб-сайттардың сапасын бағалау стандарттары
24
3 WEB-САЙТТЫ ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМІ
27
3.1 WEB-сайтты құрастыру принциптерін анализдеу
29
3.2 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ ТАҢДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ
32
3.3 Құрылған бағдарламалық қамтамасыз етудің қолданушы нұсқасы
32
4 ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
32
4.1 Еңбекті қорғау
33
4.2 Электрқауіпсіздігі
37
4.3 Шу деңгейлеріне және дірілдеуге талаптар
37
4.4 Шаң және зиянды химиялық заттар
40
4.5 Микроклимат
41
4.6 Ақпаратты көрсету жүйелеріне эргономикалық талаптар
42
4.7 Оператордың жұмыс орнын ұйымдастыру
43
4.8 Жұмыс орынының эргономикалық талаптары
44

4.9 Жұмыс орынның жарық болуы
45
4.10 Жарықтандыруды үйрену және бағалау
46
4.11 Қоршаған ортаны қорғау туралы
47
5 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК ЕСЕБІ
48
ҚОРЫТЫНДЫ
54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
55
Қосымша А

Интенеттегі жарнама баспа жарнамасынан əлдеқайда арзан, əрі жылдам. Сондықтан сайттарды құру барысында фрейворктерді де қолданған ыңғайлы.
Фреймворкты әзірлеу (өздігінен жазылған шешімдерге қарағанда) жобаның еріп жүруінің қарапайымдылығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жүйеге бастапқыда салынған бизнес-процестерді ғана емес, кез келген бизнес-процестерді іске асыру мүмкін (салыстырмалы түрде қарапайым). Сондай-ақ фреймворк негізіндегі жобалар оңай масштабталады және жаңғыртылады.
Фреймворктағы шешімдер, әдетте, әлдеқайда жылдам жұмыс істейді және CMS және өзін-өзі жазу жүйелеріне қарағанда үлкен жүктеуге төтеп береді.
Интернет - ақпаратқа шексіз қол жеткізу және басқалармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін ұсына отырып, мобильді шлюздер мен қосылыстарды біріктіретін әлемдегі ең кең және қазіргі заманғы желі болып табылады. Интернет-қоңырау-бұл халықаралық желі. Интернет-бұл бүкіл әлем бойынша компьютерлер мен платформалардың жиынтығы және ақпаратқа қол жеткізу тіпті бағалау үшін де шешуші мәнге ие. Интернет соңғы жаңалықтарды, ауа райы туралы ақпаратты, тауарға немесе билетке тапсырыс беруді, электрондық поштаны жіберуді, видеоконференцияны және т.б. ұсынады. Ақаулықтарды жою туралы ақпарат веб-сайттарда да қолжетімді. Веб-сервердің Веб-ресурсы-веб- портал-бұл жалпы тақырып, навигация, жалпы URL мекенжайы, айқас сілтеме және бір сервермен біріктірілген веб-сайттар жиынтығы.

1.2 Веб - сайттарды құрудың принциптері

Веб - сайт (ағылш. website: web - өрмек-паутина, желі-сеть және site - орын, сөзбе-сөз желідегі орын) немесе сайт - компьютер желісінде бір мекен-жайымен (домендік атаумен немесе IP-адресімен) біріккен жеке адамның немесе ұйымның құжаттар жиыны болып табылады. Сайт ғаламторда орналасады. Клиенттердің серверлердегі веб-сайтына тікелей кіруді қамтамасыз ететін арнайы HTTP хаттама құрылған.
Веб - сайт бір - бірімен өзара байланысқан Веб-беּттердің жиынтығынан құралған болып табылады. Браузерде ақпарат қандай түрде көрсетілетінін анықтайтын арнайы басқарулар HTML-кодтан тұּратын *.htm кеңейтілуі бар мәтіндік файлды веб-сайт деп аталады. Барлық графикалық, аудио және видео ақпараттар Веб- беттердің құрамына кірмейді және *.gif, *.jpg (графика), *.mid, *.mp3 (дּыбыс), *.avi (видео) кеңейтілуінен тұратын т.б. жеке файлдар ретінде көрсетіледі. HTML-кодта мұндай файлдарға тек нұсқаулықтар ғана бар.
Веб-беттегі әрбір бетте файлмен байланысты файлдың атын және мекен- жайын қамтитын өзінің жеке мекенжайы болады. Осылайша, веб-сайт веб-сайтта орналасқан және дербес консультантымен біріктірілген гипермәтіндік құжаттармен байланысты ақпараттық ресурс болып табылады. Веб-сайтты интернетке қосылған компьютері бар кез келген адам пайдалана алады.
Веб-сайтты құруда және өңдеуде мына шарттар орындалуы керек:
oo сайтты өңдеуге алғашқы техникалық директиваны қабылдау;
oo сайттың құрылымдық негізін - деректер қорлардың, бөлімдердің, навигацияның орналасуы;
oo веб-дизайн - сайтты графикалық элементтерін, стильдерін және навигация элементтерін құру;
oo жоба жасауда керек болатын сайттың деректер қорын, бағдарламалық кодын, модульдерін және т.б. элементтерін өңдеу;
oo сайтты тестілеу және интернет желісіне орналастыру.
Барлық шартттарға сай құрылған веб-сайт - ол сауда жасаудың ең тиімді құралы. Кез келген маркетинг құралы сияқты, ол ең алдымен сайтты пайдаланушы адамды қызықтыруы қажет, содан соң ғана оны белгілі бір іс-әрекетке итермелеуге мүмкіндік береді. Бұл қарапайым шартты сайт құрушылар ескере бермегендіктен, сайтқа адам тез кіреді де, көп ұзамай кетіп қалады. Сондықтан, қызық ақпараттары аз сайттарға кірушілер саны да аз болып жатады.
Сайт құрудың бірнеше мақсаттары бар. Соның кейбіреуіне тоқталайық:
компанияның атағы шығуы және оны қалыптастыру. Компанияның жеке сайтының болуы - оның тұрақты кәсіби жұмысының сипатын көрсететін белгі;
компанияның сыртқы ортасына өзінің қызметі жөнінде мәлімет беру. Сыртқы ортаға пайдаланушылар, өнімді берушілер, делдалдар сияқты адамдар кіреді.
Компанияның клиенттеріне ақпараттық көмек беру. Клиенттерді ұстап қалу.
Клиенттерден қажетті мәлімет алу. Клиент үнемі соңғы жаңалықтарды біліп отыруы қажет. Сайт - ол клиенттерді тарту құралы болуымен қатар, олармен жұмыс істеу де құралы болып табылады. Сайттың кері байланыс, техникалық көмек, сұрақ-жауап, деген бөлімдері және форумдар мен чаттар клиенттермен жұмыс істеумен қатар клиенттерді ұстап тұрудың тамаша құралдары болып табылады;
oo диллер желісін үнемі қолдау, өнім және олардың бағалары туралы мәліметтерге дилерлердің қатынауы, дилер программаларын қолдау.
oo Ішкі ақпаратқа компания қызметкерлерінің, соның ішінде іс-сапарда жүргендердің кіре алуын қаматамасыз ету;
oo жаңа клиенттерді тарту;
oo қазіргі және жаңа нарықта тауарлар мен қызмет түрлерін жарнамалау. Ғаламтордағы жарнама баспа жарнамасына қарағанда арзан;
oo Жеделділік. Сайттың болуы прайс-парағына компанияның өзі, тауарлар жайлы ақпаратты тез кіргізуге, өзгертуге мүмкіндік береді. Ғаламтордағы ақпарат үнемі жаңа, өзгертілген, өзекті болып келеді, сондықтан ол миллиондаған пайдаланушыны қызықтырады;
oo пайдаланушы таңдауына әсер етпеу. Ғаламтор - пайдаланушы өз еркімен таңдау жасайтын көрнекті орын. Ол өзіне не ұнайды, соны таңдайды. Адамдарды еліктіретін ғаламтордың ерекше қасиеттерінің бірі осы ;
oo сатып алушы таңдаған тауарын тапсырыс арқылы алғанда сатудың автоматтандырылған жүйесінің қызмет атқаруы;
oo сатудың жаңа каналдарын қалыптастыру: тауар мен қызмет түрлерін ғаламтор арқылы іске асыру. Дүниежүзілік желімен сауда жасау идеясы қазірде көптеген адамдарды қызықтырып отыр. Осы үйден шықпай-ақ сатып алу үлгісі қазіргі заман адамдарын еліктіріп отыр. Сонымен бірге, сайт сату көлемін, сатудың саны мен сапасын, жеткізу уақыты сияқты факторларға талдау жасай алуы;
oo іскер әріптестерді іздеу және олармен қатынастар орнату. Жаңа технологияларды пайдалана отырып компания іскер әріптестеріне өз бөлімдеріндегі қажетті жедел ақпаратты алуларын қамтамасыз етеді.
2 ИНТЕРНЕТТЕГІ АҚПАРАТТЫҚ САЙТТАРДЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ ЖОЛДАРЫ

Алдыңғы бөлімдерде атап өткенімдей, бүгінгі күнде әрбір мекеменің, ұйымның өз web-сайты бар. Бұл жаңашыл ақпараттық технологияларды қолдану жағдайындағы ұйымның қызмет ету аясын кеңейтуге арналған ең басты фактор. Сайттарды құру және жетілдіру келесі кезеңдерден тұрады:
oo Сайтты құруға алғашқы техникалық тапсырманы бекіту;
oo Сайттың құрылымдық сұлбасын анықтау - бөлімдерді, контенттерді және навигацияларды орналастыру;
oo Веб-дизайн - сайт макетінің графикалық элементтерін, стильдерін, навигациялау элементтерін анықтау;
oo Жобаға қажетті сайттың бағдарламалық кодын, модульдерін, мәліметтер базаларын және басқа элементтерін жетілдіру;
oo Сайтты интернет желісіне орналастыру, тестілеу.

2.1 Сайттың әкімшілік бөлімін жетілдіру

Сайттың әкімшілік бөлімінің құрамына жаңа қолданушылар жайлы ақпараттар, сайтты күйге келтіру бөлімі және басқа мүмкіндіктер кіреді. Сайттың әкімшілік бөлімі сайт мазмұнын басқару (CМS) түрінде көрсетілген. Сайт мазмұнын басқару (англ. Content management system, CMS) - бұл сайт мазмұнын басқаруға арналған компьютерлік бағдарлама. Әдетте мұндай жүйелер құжаттардың, музыкалардың және бейне файлдардың үлкен мөлшерін сақтау үшін қолданылады. Осындай түрдегі CMS-тер веб-сайттың мәтіндік және графикалық толтырылуын басқаруға мүмкіндік береді. Қазір сайт мазмұнын басқарудың көптеген дайын жүйелері бар. Оларды жұмыс істеу тәсіліне қарай үш топқа бөледі:
oo Парақтарды сұраныс бойынша генерациялау. Осындай түрдегі жүйелер келесі байланыспен жұмыс істейді Редакциялау модулі -- Мәліметтер базасы -- Ұсыну модулі. Ұсыну модулі мәліметтер базалары негізінде оған сұраныс жасаған кезде генерацияланады. Мәліметтер базасындағы ақпарат редакциялау модулімен өзгертіле алады. Әрбір сұраныс сайын сервер парақтарды қайта құрады, ал бұл жүйелік ресурстарға жүктеме тудырады.
oo Редакциялау кезінде парақтарды генерациялау. Мұндай жүйелер сайттың мазмұнына өзгеріс енгізгенде статикалық парақтар құрамын құрады. Мұндай тәсілде қолданушы мен сайт мазмұны арасында интербелсенділік жойылады.
oo Аралас тип. Атауынан да түсінікті, мұнда алдыңғы екі тәсілдің қасиеттері жинақталады.


2.2 Жетілдіру жабдықтары
2.2.1 HTML тілі жайлы.

Гипермәтінді белгілеу тілі (HyperText Markup Language - HTML) - веб браузерде веб-беттерді жəне басқа да ақпараттарды шығару үшін қолданылатын ең басты белгілеу тілі болып есептеледі. Белгілеу тілі - бағдарламалау тілдер қатарына емес, компьютерлік тіл қатарына кіреді. Белгілеу тілі - символдар мен жүйеліліктер жиынтығы, ол қарапайым мәтіннен синтаксисі жағынан өзгешелеу болып келеді. Белгілеу тілінде жазылған мәтіндік құжат тек қана мәтіннен емес, сондай-ақ тізім, ерекшеленген сөздер немесе тақырыптардан құралады.
Веб браузердің мақсаты - осы HTML тілінде жазылған құжаттарды оқып, веб-беттерде оқуға ыңғайлы, оқырманға көрінетіндей етіп шығарып беру. Браузерлер HTML тегтерін шығармайды, алайда сол тегтерді беттің контентін интерпретациялауда қолданады. HTML элементтер кез келген веб-сайттардың негізгі құрушы блоктары болып табылады. HTML суреттер мен объектілерді қойып, оларды интерактивті формаларға айналдыра алады. Тақырып, азатжол, тізім, дəйексөз сияқты мәтіннің құрылымдық семантикасын білдіріп, құрылымдық құжаттар құрады. Веб-беттердің жұмысынан әсер ететін JavaScript сияқты тілдердің скрипттерін қояды. Веб-браузерлер контенттің сыртқы көрінісін, мәтіндердің және басқа да материалдардың орналасуын анықтау үшін каскадтық стильді кестелерді (Cascading Style Sheets - CSS) де қолданады. HTML және CSS стандарттарын қадалаушы W3C ұйымы (World Wide Web Consortium (W3C) халықаралық World Wide Web (қысқаша WWW немесе W3) стандарттау ұйымы) HTML белгілеу тіліне CSS қосып пайдаланса, көрнектілеу болатынын айтады.
Веб-браузер дегеніміз - интернеттегі ақпарат көздерін көру үшін оларды өңдеуге, бір беттен екіншісіне ауыстыруға арналған бағдарлама. Ақпарат көздері Uniform Resource Identifier (URI) арқылы анықталып, ақпарат көзі ретінде веб-беттер, суреттер, видео және контенттің басқа да бөлімдері болуы мүмкін. Жалпы браузер сайт пен оған кіруші арасындағы веб-беттерді өңдеуші, шығарып беруші қосымша болып есептеледі.
Сайт құру бағдарламасы ретінде визуалды редакторларды қолдану өте ыңғайлы, себебі веб-бетте қалай тұрса, сол қалпында жұмыс жасайсыз. Қолданушы мәтінді өңдеп форматтайды, суреттерді, кестелерді HTML код арқылы Word-та оңай жаза салады. Бағдарламада қалай жазсаң, браузерде де сол көрініс пайда болады. Танымал визуалды редакторларға Dreamweaver, MS FrontPage және Netscape жатады.
Артықшылықтары:
oo қолдану оңай;
oo Html тілінде сауаттылық қажет емес.
Кемшіліктері:
oo код оңтайландырылмаған себепті файлдың өлшемі артып, бетті жүктеу жылдамдығы өседі;
oo беттің кодын өңдеу өте күрделі;
oo құжаттың түрлі браузерде қате орналасуы мүмкін.
Визуалсыз редакторлар. HTML қолмен код жазуға арналған, толық автоматтауға арналмаған, сондықтан қазіргі күнде визуалды редакторлардың ешқайсысы HTML кодты жүз пайыз өңдей алмайды, одан тысқары абсолютті дұрыс кодты шығармайды. Сондықтан әр бетті кейін қолмен түзетіп шығуға тура келеді, ал визуалсыз редакторлар белгілеу тілін қолмен өңдеп, бағдарламашы ешқандай конструкциясыз оңай өңдеуге болатын оңтайландырылған кодты жаза алады. Визуалсыз веб-редакторларды HTML-редакторлар деп атайды. Оларға мысал: AceHTML, 1st Page, HotDog, Arachnophilia және т.б.
Артықшылығы:
oo оңтайландырылған код;
oo гипермәтінді белгілеу тілдерінің барлық мүмкіндіктері қолданылады;
oo синтаксис, код пен сілтеменің дұрыстығын тексеру;
oo көптеген редакторлар тегін таратылады.
Кемшіліктері:
oo гипермәтінді белгілеу тілінде сауаттылық қажет.

2.2.2 Динамикалық HTML

HTML тілі World Wide Web қызмет бойымен бірге дами отырып, Web беттерінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырып отырады. HTML тілі кәдімгі мәтіндерді Web парақтары түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды. HTML гипермәтінінің тіл белгілеуінің дамуы жалғасуда. Осылайша DHTML (Dynamic HTML), XML, VRML және т.б. тілдер пайда болды.
Динамикалық HTML (Dynamic HTML немесе DHTML) қандай да бір беттердің ерекше тілі болып табылмайды. Бұл жай ғана HTML беттерінде динамикалық мазмұны өзгеруі үшін қолданылатын қарапайым термин. DHTML-дің таратылуы үш жүйеден құралады: HTML, каскадты кесте стилі (Cascade Style Sheets-CSS) және сценарий тілі (JavaScript VBScript). Бұл үш компонент DHTML құжаттарының қолданбалы бағдарламалардың интерфейсі болып табылатын (АРІ) объектілі моделі бір-бірімен тығыз байланысты (Document Object Model-DOM). Құжаттың объектілі моделі (DOM) аталған үш компоненті HTML қарапайым құжаттарына жаңа сапа бере отырып, өзгерту мазмұнын ауыстыру бетіне жібермей бір бөлікке байланыстырады.
Динамикалық HTML (DHTML) - бұл бағдарламаланатын HTML. Оның арқасында бет динамикалық болады.
DHTML негізгі мүмкіндіктері:
Web-бетінің объектілі-бағытталған ұсынылуы;
Тұтынушы әрекетіне жауап ретінде құжатта мәтін немесе сурет бейнеленуін көрсетпеу;
Мәтін немесе бейне анимациясы, әр түрлі элементтердің бір-біріне қатысты орналасу тереңдігін өзгерту және т.с.с.;
CSS каскадты стиль кестелері;
Нәтижелер есептелуі мен бейнеленуінің клиент ПК-нда іске асуы.

HTML
HTML
CSS
CSS

DOM
DOM

JavaScript
JavaScript

Клей
Клей

1-Сурет Динамикалық HTML компоненті

Каскадты кестелер стилін кез-келген мәтіндік редактор файлдарының стилімен салыстыруға болады. Олардың көмегімен HTML құжатының сыртқы кескіні анықталады: қаріп түсі, құжат фоны және тағы басқалар. HTML тэгін анықтайтын әрбір элемент үшін браузер терезесінде кескінделетін өзіндік стилін анықтауға болады.
Құжаттың объектілік моделі бағдарламалау объектілерінің беттерінің барлық элементтерін жасайды. Оның көмегімен сценарийлер тілі арқылы құжатта барлық мәліметтерге қол жеткізіп басқаруға болады. HTML-дің әрбір элементіне жеке объект ретінде қол жеткізуге болады, бұл HTML бетінің тэгтерін кез келген параметрін өзгертуге болады және келесі құжат шынымен динамикалық болады. Қолданушының кез-келген әрекеті (тышқанды түрту, браузер терезесінде тышқанның орнын ауыстыру, пернетақтаны басу) құжаттың объектілі моделінде бір оқиға ретінде талқыланады және де ол жауап алынған және толықтай өзгертілген процесінің сценариі болып табылады.
DHTML жеткілікті жаңа технологиялар, сонымен қатар көптеген браузерлер, ол құжаттың объектілі моделін және каскадты кестелер жүйесін толық қамтымайды. Дегенмен DHTML стандартты HTML жүйесін қолданады. Сол себептен браузерлер тұтынушылары DOM жүйесін тұтынбайтындар толықтай бәрін көре алады. Оған жобалаушының динамикалық беттері кіреді, бірақ олар статистикалық түрде ғана кездеседі.
Құжаттың объектілі моделі. Құжаттың объектілі моделі (DOM) - бұл HTML динамикасынсыз мүмкін емес. Ең соңғы болып W3 консорциумының аралығында құжаттың объектілі моделінің (DOM) спецификалық жөндеуінің катализаторы шықты. Ол құжаттың объектілі моделінің (DOM) жүзеге асуының соңғы бағдарламалық мақсаты болып табылады. Құжаттың объектілі моделі (DOM) HTML сценарийлер тілі және каскадты кестелер стилін бүтін бөлікке байланыстырады. Сондай-ақ WEB құжат жасаушыларға тиімді жаңа сапалармен жарақталған құрал-динамикалық HTML-ді ұсынады. HTML құжаттары үшін өзінің мазмұны жағынан құжаттың объектілі моделі (DOM) қолданбалы бағдарламалардың интерфейсі болып табылады. Ол құжаттың логикалық құрылымын, кіру әдісін және құжатты құраушы элементтерінің манипуляциясын анықтайды. Құжатта беттік көрініс тілінің тэгтерімен барлық анықталғандарды өзгертуге және өшіруге болады. Бағдарламалаушы оның құрылымында оңайлатып, құжаттар құра алады және құжаттың құраушысындағы элементерді қосу, өзгерту және өшіру операцияларын орындай алады.
Internet Explorer жəне Netscape Navigator пайда болғанша сценарийлер беттердің сыртқы беттерімен мазмұнын write.document əдісі арқылы, беттердің жүктеу кезінде өзгерте алатын. Кез-келген сценарийлер, жаңа беттің жүктелуіне сұраныс жасау, ескерту терезесін шығару немесе формалар жолының мəнін өзгерту сияқты командаларын, бет жүктеліп болған кезде ғана браузерге жібере алады, ал HTML кодын сценарийлер өзгерте алмайды. Егер қолданушының іс-əрекетіне жауап ретінде өзгерте алмасақ онда қалай Web беттерін интерактивті етіп жасай аламыз? 4.0 версияның Internet Explorer-де жəне Netscape-те өңделген динамикалық HTML бұл шектеулерді жояды. Динамикалық HTML сценарийін қолдану арқылы HTML блоктарын қоюға болады, шыққан беттердің объектілерінің қасиетін өзгертуге немесе өшіруге болады. Браузер автоматты түрде жаңа қасиеттер мен жаңа HTML кодын көрсете алады. Динамикалық HTML екі принцип негізінде құрылады.
- Құжаттың объектілі моделі (DOM) - ол браузерде объектілердің аттарын жəне ұйымдастыру тəсілін сипаттайды жəне де қандай объектілер мен қасиеттерді өзгертуге болады, олар мəндерді қолдана алатынын анықтайды.
- Оқиғалы модель - сценарийдің орындалу кезінде қандай іс-əрекет жіберетіні яғни сценарийлер арқылы басқарып жіберу тəсілін анықтайды.

2.2.3 JavaScript негізгі ерекшеліктері

JavaScript - бұл салыстырмалы қарапайым объектілі - бағытталған тіл, және ол үлкен емес клиенттік және серверлік қосымшаларды Интернет үшін жасауға және құруға арналған. JavaScript тілінде жазылған бағдарламалар HTML-құжаттамалары құрмына қосылады және солармен бірге таралады. Көру бағдарламалары (ағылшын тілінің browser сөзінен шыққан браузерлер) Netscape Navigator және Microsoft Internet Explorer типтері бағдарлама-қоюшы құжаттамаларында тұрғызылған құжат мәтіндерін таниды (script-коды) және оларды орындайды. Олай болса, JavaScript -- бағдарламалаудың интерпретацияланатын түрі. JavaScript жасалған бағдарламаларпдың мысалы ретінде пайдаланушымен енгізілген мәлімттерді тексеретін немесе құжаттаманы ашу немесе жабу кезінже қандай да бір әрекеттерді орындауға атқаратын бағдарламаларын қарастыруға болады. Мұндай бағдарламалар негізінен пайдаланушының әрекетіне әрекет ете алады - тышқан пернесін басу, экранды формаға мәліметтерді беру немесе тышқанды жылжыту арқылы беттерде жылжуға мүмкіндік береді. Одан басқа, JavaScript-бағдарламалар браузерлердің өзін және құжаттамалар атрибуттарын басқара алады.
Жалпы гипермәтіндік ақпараттық жүйе көптеген ақпараттық түйіндер жиынынан, осы түйіндерде анықталған гипермәтіндік байланыстар жиыны және түйіндер мен байланыстарды басқару құралынан тұрады. World Wide Web технологиясы - бұл Internet-те гипермәтіндік үлестірілген жүйелерді жүргізу технологиясы болғандықтан, ол осындай жүйелердің жалпы анықтамасына сай болу керек.
Web-ті гипермәтіндік жүйе ретінде екі көзқарас тұрғысынан қарауға болады. Біріншіден, гипермәтіндік өтулермен (сілтемелермен - контейнер anchor) байланысқан көрсетілетін беттер жиыны ретінде. Екіншіден, көрсетілетін беттерді құрайтын элементарлы ақпараттық объектілер жиыны ретінде (мәтін, графика, мобилды код мен т.б.). Соңғы жағдайда беттің гипермәтіндік өтулер жиыны - бұл мәтінге кірістірілген сурет сияқты ақпаратты фрагмент.
Беттерді генерациялауда Web-те "клиент -- сервер" архитектурасымен байланысты дилемма пайда болады. Беттерді клиент жағында да, сервер жағында да генерациялауға болады. Соңғысы сервер жағындағы орын ауыстыру механизмімен іске асады (Server Site Includes). Netscape компаниясы 1995 жылы JavaScript программалау тілін жасап, клиент жағында да беттерді басқару механизмін таратты. Міне сол уақыттан бері осы тіл өте үлкен табыспен қоланылып келеді. Осылайша, JavaScript - бұл клиент жағында Web гипремәтіндік беттерді қарау сценарийлерін басқару тілі.
Дәлірек болсақ, JavaScript - бұл клиент жағындағы тек программалау тілі ғана емес, Netscape сервер жағындағы ауыстыру құралы болып табылады.
JavaScript-ң негізгі идеясы HTML атрибуттар мәндерін- HTML-беттерін көру кезіндегі контейнерлер мен көрсетілу ортасының қасиеттерін тұтынушының өзгерту мүмкіндігі. Осы шартта бет қайта іске қосылмайды.
Практикада бұл мысалға бет фонының түсін немесе құжатқа енгізілген суретті өзгерту, жаңа терезе ашу немесе ескерту беруде көрініс табады.
"Тірі" гипертекстті қосымшаны құру мәні өте қарапайым. Браузер, HTML кодының интерпретаторы ретінде екі қызмет атқарады: визуалды және моделельдеуші. Визуалды әсер көзге түседі: браузер құжатты экран бетіне шығарады. Бірақ, мұнымен жұмыс аяқталмайды. Браузер компьютер жадында HTML - файлының әрбір тегіне жеке объект сәйкес келетін құжаттың программалық моделін құрайды. Оны төмендегі сызбадан байқауға болады.

2-Сурет Құжаттың бағдарламалық моделі

Браузер құжаттың объектілік моделін (ол иерархиялы) құруды window объектісінен бастайды. Бұл объектіде құжат көрсетілген терезенің қасиеттері көрсетілген. Window объектісінің құрамына HTML...HTML контейнеріне сәйкес келетін document объектісі кіреді.

2.2.4 РНР бағдарламалау тілі

PHP-ең көп таралған веб-құрастыру тілдерінің бірі. Ол кез-келген күрделіліктегі веб-сайттар мен веб-қосымшаларды құру үшін қолданылады, яғни лендингтер мен блогтардан бастап Интернет-дүкендер мен шолғыш ойындарға дейін.
Оның артықшылықтары жабық бастапқы кодтың арқасындағы кең мүмкіндіктері мен қауіпсіздігі. Кемшіліктеріне интерпретаторлы серверсіз кодтың жұмыс істемеуін жатқызуға болады (бірақ жаңа версияларында бұл кемшілік жойылған).
Жұмыстың басында .php или .html кеңейтілімі бар парақ құрылады (сервердің конфигурациясына байланысты). Бұл беттің бастапқы кодында html белгілеу тегтері және тікелей PHP командалары бар.
PHP сайтында мәліметтер базасы қосылған. Бұл дамуды жеңілдетеді, өйткені барлық ақпарат кодтың өзінде емес, кестелерде сақталады. Сондықтан сайтқа деректерді өңдеу және қосу жылдамырақ жүреді.
РНР операторлары сіздің бетіңізге Web-беттерді қойып береді, сондықтан арнайы ортада жүзеге асырудың қажеттілігі туындамайды. Сіз РНР-кодының блогын тегімен аяқтайсыз. Бұл тегтердің арасындағылардың барлығы РНР код ретінде интерпретацияланады.

2.2.5 Adobe Flash

World Wide Web (Дүниежүзілік ғаламтортор) бүгінгі күні қарқынды дамуда. Əдеттегі статикалық ақпаратты Web-сайтары (Web-sites) бұрынғыдай соңғы қолдаушылардың қызығушылығын өзіне тарта алмайтын болды. Сондықтан график жəне GIF форматындағы анимациялық файлдарды еңгізу арқылы Web дизайнерлері мен өңдеушілер өз Web парақтарына керемет көрініс беруге тырысады. GIF, JPEG жəне PNG дəстүрлі форматтарда сақталған графиктер сайттарға жақсы көрініс пен эффектілер бергенімен жүктелу кезінде ондай беттердің өлшеміне байланысты графикалық файлдар көп уақыт алады. Ондай жағдайда анимация құрудың тиімді құралы ретінде, бағдарламалық өнім - Adobe Flash болып табылады. Яғни ол Web өңдеу кезіндегі Webдизайнерлері мен өңдеушілер өз Web парақтарына қойылған мақсаттарға жетуге көмек береді. Басқа графикалық қосымшалармен салыстырғанда Flash Web жəне файлдан шығаратын қорытындыларды баспаға шығаруға арналған көптеген артықшылықтары бар. Мысалы: Өзіндік математикалық формулаларымен анықталатын, формалар өлшемін, түсін жəне орналасуын сипаттайтын векторлық графиктерде қолданылады. Векторлық графиктер түзулерден жəне қисықтардан құралады. Демек ол расторлық, яғни үлкен емес растор нүктелері мен пиксельдерден тұрады. Математикалық формулаларды қолдаудың негізгі артықшылығы Web үшін ең қажеттісі файлдарды аз өлшемде сақтау. Дауыстарды, графиктерді жəне анимацияларды тығыздап сақтау. Ондай файлды тығыздау, ағымды жіберу кезінде, сайттың Web браузерінде толық жүктелгенше көрініс беруіне қызмет етеді. Бұл дегеніміз сайттың бір векторлық графика көрініс беріп жатса, ол уақытта басқа графикалар мен дауыс, анимациялар жүктелу үстінде болады.
Flash-та интерактивтілік түрлі құрамдардан тұруы мүмкін. Қарапайым графиктерді анимацияларды немесе ірі тақырыптарды кез-келген сайт объектілерінде немесе аймақтарда шексіз қолдану мүмкіндіктерінен басқа толық бағытталған құрамдарды енгізуге болдады: батырмалар, меню немесе анимациялар фрагменттері. Ондай əрекеттерді (Actions) енгізу арқылы интерактивті фильмдерді құруға болады. Flash-та интерактивті элементтерді басқаруды құру үшін сценарийлерді құру тілі - Action Script ұсынылады. Flash - та өңделген көрініс пен мəтіндер, векторлық графиканың негізінде əрқашанда анық жəне нақты көрінеді. Flash қолданушының суреттер салуына көмектеседі. Сонымен бірге қолданушының дұрыс сыза алмаған формаларын, қалауынша дұрыс геометрикалық формаға келтіруіне мүмкіндік туғызады. Мысалға доғал немесе дөңгелекті тезірек сызу керек болса, кез келген дөңгелек форма сызсаңыз, оны толқынды жəне доғал немесе дөңгелек етеді. Flash сонымен қатар тік немесе толқынды түзулер құруға көмектеседі. Flash құрамында сапалы Flash фильмдерді құруға арналған негізгі құралдары бар.

2.3 Web -аналитиканың аспаптары мен негізгі көрсеткіштері

Веб-аналитика (ағыл. Web analytics) - сайттың жұмысын жақсарту және оптималдандыру мақсатында веб-сайттарға кірушілер жайлы ақпаратты өлшеу, жинау, анализдеу, көрсету болып табылады. Сайттың жұмысын кешенді түрде қалай меңгеруге болады? Сайтқа кіру статистикасын қалай жақсартуға болады?,- деген сияқты сұрақтарды шешу үшін web -аналитикаға қатынас жасауға болады.
Веб-аналитиканың негізі - ары қарай интерпретациялау үшін интернет-жоба жөнінде мәліметтер жинауға болатын қарапайым элементтер мен бағдарламалар. Веб-аналитика - ресурстарды анализдеу технологиялары. Міндеттері - сайттың тиімділігін арттыру, жобаны оптималдандыру.
Сауатты дұрыс жасалған веб-аналитика келесі мәселелерді шешеді:

oo веб-порталдың функционалын кеңейту;
oo жарнамалық жылжуды іске қосу;
oo ресурстың жетіспеушіліктерімен жұмыс.
Веб-анализдеудің негізінде бірнеше тәсілдер бар:

1.Стандартты түрде келесі техникалар қолданылады:
oo семантикалық ядро аудиті - қолданушы аудиторияның мақсаттық сұрауларын қанағаттандыруға арналған кілттік сөздердің тізімі;
oo сайттың іздеу аудиті - жылжу процесінің тиімділігі;
oo келулерді анализдеу - статистика, трафик көздері және басқалары;
oo интернет-порталдың мінез-құлық факторларын анализдеу;
2. Аспаптар

Статистика жинау үшін веб аналитиканың әр түрлі аспаптары бар, олар екіге бөлінеді. Біріншісі - интернет-статистика жүйелері. Бұл-сайтқа кішкене бағдарлама фрагменті орналастырылатын сыртқы бағдарламалар. Мәліметтер қызмет көрсетушінің серверінде орналастырылған базаға енгізіледі. Олар ресурстың иесіне белгілі болады. Мұндай бағдарламалар қарапайым және қолдануға ыңғайлы. Олар анық көрнекі ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мысалы: Google Analytics, Яндекс.Метрика, Liveinternet және басқалары.
Лог-анализаторлар - қолданушының компьютеріне орналастырылатын бағдарламалар. Лог-файлдар белгілі-бір мерзімділікпен жинақталып, өңделіп, сыртқы архивте сақталады. Мысалы: Webalizer, Лог AWStats.
Интернет-статистика жүйелері қолайлылығы мен қарапайымдылығына қарай бұқаралық түрде қолданылады. Кең қолданылатындары Google Analytics және Яндекс.Метрика, сондықтан соларға тоқталып өтейін.
Google Analytics сервисі интернет-маркетологтарға қажетті мінез-құлық метрикаларын жеңіл анализдеуге мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде мамандар ресурс сапасын жақсарта алады, ол тиімді интернет-жылжуға мүмкіндік береді.
Google Analytics көмегімен қандай мәліметтер алуға болады? Біріншіден - қатысу көрсеткіштерін:
парақтар қанша рет қаралды;
бір келушінің сайттағы детализациясы - қайда кірді, жиілігі қанша?;
қолданушылардың жалпы саны;
сайттың жаңа кірушілері.

3-Сурет Google Analytics көмегімен анализдеу

Екіншіден - веб-ресурстың аудиториясының сипаттамасы:
географиялық орналасуы - қолданушының құрылғысының ІР-адресі бойынша;
аудиторияның белсенділік көрсеткіштері;
кірушінің қызығушылығы - қолданушының порталда өткізген уақытымен анықталады.
Үшіншіден - трафик көздері. Google Analytics-те көрсетіледі:
қолданушылар ауысып келген сайттар;
қолданушылардың қайдан келгендігі жайлы - іздеу жүйелері, жеке ресурстар мен блоктар, әлеуметтік желілер және басқалары;
өтпелі іздеу жүйелері - қолданушының веб-порталды қандай кілттік сөзбен іздеп тапқандығы жайлы.

4-Сурет Google Analytics-тің сервисі

Яндекс.Метрика сервисі Google Analytics-тің қызметіне ұқсас. Келесілерді бағалау үшін қажет:
oo ресурсқа кіруді;
oo сайттағы кірушілер мінез-құлқы;
oo жарнама компаниясының тиімділігі.
Төменде Яндекс.Метрикадағы есептер мысалдары келтірілген.
Бірінші - конверсия есебі. Ол әрбір мақсат үшін жалпы көрсеткіштерді демонстрациялайды, атап айтқанда:
oo конверсия деңгейі;
oo белгілі бір мақсатпен кіру саны;
oo тапсырыстар саны;
oo жалпы пайда;
oo қойылған мақсаттың орындалуын бақылау.
Яндекс.Метрикадағы мақсат деп нақты бір веб-ресурс үшін орнатылған айрықша көрсеткішті айтады.

5-Сурет. Яндекс.Метрика сервисі

Есептің келесі түрі қолданушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Ол аудиторияның демографиялық көрсеткіштерін бағалауды салыстыру үшін қажет.

2.4 WEB - қосымшаларда қолданылатын деректер құрылымдарын зерттеу

Интернет-технологиялар мен деректер базаларын басқару жүйелерінің (ДББЖ) дамуы интернет желісінің ақпараттық ресурстарын қолдану бойынша қосымша мүмкіндіктер береді. Дәстүрлі ережелер бойынша құрылған web-қосымшаларға талдау жасау және Интернет-технологияларға шолу нәтижесі бойынша web-қосымшаны құру үшін XML мен Java тілдеріне негізделген технология ұсынылады [1,2]. XMLтехнологиясының артықшылығының бірі - сақталатын деректердің құрылымын сипаттау деректерден бөлінген болады. Сондықтан, XML-технологиясын қолдану әртүрлі қосымшалар арасында дерек алмасудың қолайлы құралы болып табылады. XMLқұжаттары клиент жағында да, сервер жағында да қолданылуы мүмкін. Клиент жағында XML-құжаттарды қарау мүмкіндігі Internet Explorer-дің 4.0 версиясынан бастап қамтамасыз етіледі. Сервер жағында XML-құжаттармен жұмыс істеу үшін Java, Jscript құралдары қолданылуы мүмкін. Мұндай технология негізгі үш деңгейден тұрады: қосымшалар деңгейі, XML-құжаттардың құрамын интерпретациялау деңгейі, ақпаратты сақтағыш деңгейі.
XML-құжаттарды өңдеу үшін әртүрлі құралдар қолданылады. Басқа форматтағы құжатты XML-ге түрлендіру үшін XML-редакторлары, синтаксистік шолушылар мен процессорлар және т.б. қолданылуы мүмкін. Әдетте, XML-құжатты өңдеу синтаксистік талдау мен өңдеуден тұрады. Талдау синтаксистік талдаушылар көмегімен орындалуы мүмкін. Талдаушы XML-құжатты оқып, осы құжатқа сәйкес деректерді иерархиялық талдау ағашын құрады. XML-құжатты синтаксистік талдау үшін осы құжатқа кез- келген объект бейнелеуге мүмкіндік беретін құжаттың объектті моделі - DOM (Document Object Model) қолданылады. DOM объектті модель көмегімен синтаксистік талдау кезінде барлық XML-құжатты оқу, талдаудың иерархиялық ағашын құру және деректерді бұл ағаштан қайтару орындалады. XML-құжатты DOM объектті моделі көмегімен талдау үшін талдаушының экземплярын құру қажет болады. Ол үшін ActiveX құжатын қолдануға болады. Одан кейін құжаттың деректеріне, құрылған объекттің қасиеттері мен методтары көмегімен қол жеткізуге болады [3,4]. Клиент келесі функцияларды орындайды:
- XML-құжатты талдау, стильдер кестесін қосу және құжаттың құрамын көрсету;
- экранға HTML-құжатты интерпретациялау.
Қазіргі кезде XML-құжатты талдау жасайтын клиент ретінде Microsoft Internet Explorer айтуға болады. Басқалары XML-ағындарды алдын ала HTML-ге түрлендіруді қажет етеді, сондықтан бұл функция сервер жақта іске асырылады. Ең көп өнімділікті қамтамасыз ету үшін қосымша компоненттері арнайы құрылымдармен беріледі. Web-қосымшаның жұмысын қамтамасыз ететін маңызды элемент - деректер базасының сервері болып табылады. ДББЖ деректерді дереу XMLқұжат түрінде қайтара алады. Web-қосымшаның жұмысы үшін келесілер қолданылады:
- web-қосымшаның объекттерін сақтау мен манипуляциялауға қажетті ДББЖ;
- қосымшалар сервері;
- web-қосымшалар серверінің жұмыс нәтижесін визуализациялауға арналған браузер.
Сондай ақ, жүйенің жұмыс істеуі кезінде визуализациялау модулінің маңызы зор. Бұл модульді іске асыру үшін бірнеше тәсілдерді ұсынуға болады. Соның бірі XSLT технологиясына негізделген кестелік тәсіл (6-cурет).
XSLT - XML-құжатты басқа құжаттарға түрлендіру тілі болып табылады. Мұндай түрлендіру, жалпы жағдайда, ақпараттың қажетті бөлігін бөліп, оны оқу үшін қолайлы түрде беруге мүмкіндік береді. Сондай ақ, XSLT-стильдер кестелерін сипаттауға арналған функционалды тіл болып табылады. XML-құжат, арнайы жасалған стильдер кестесімен XSLT-фильтр арқылы өткізіледі, тек осыдан кейін HTML - құжат қолданушыға жіберіледі [5,6].

HTML форма
HTML форма
Визуализациялау модулі
Визуализациялау модулі
Сұраныстарды өңдеу модулі
Сұраныстарды өңдеу модулі

HTML-құжат
HTML-құжат
XSLT
XSLT

Веб-қосымша
Веб-қосымша

6-Сурет Кестелік тәсілдің сұлбасы

Интернетте пайдаланушыларды идентификациялау. Cookies механизмі. Cookies-ті қолдану. Cookies негізіндегі технологиялардың кемшіліктері мен артықшылықтары. Cookies қалай жұмыс істейді.
Веб - сайттың дерекқоры-бұл веб-ресурстың мазмұны сақталатын веб-сервердегі орын. Әрбір дерекқор жазбалар орналасқан кестелерден тұрады-мәліметтер тізбегі.
Реляциялық базалардың негізгі ерекшеліктерін келесідей тұжырымдауға болады:
oo Барлық деректер қарапайым кестелер жиынтығы түрінде ұсынылған (екі өлшемді массивтер), олардың қиылысында деректер орналасқан жолдар мен бағандарға бөлінген.
oo Әр бағанның кесте ішінде ерекше атауы бар, ал бір бағандағы барлық мәндер біртекті, яғни бір түрі бар.
oo Әр жолда бір немесе бірнеше өрістер бар, олардың мәндер жиынтығы кестеде ерекше. Бұл жиынтық бастапқы кілт (бастапқы кілт) деп аталады және жолды анықтауға қызмет етеді. Бұл принцип, атап айтқанда, кестеде бірдей жолдарды сақтауға мүмкіндік бермейді.
oo Кесте атауы, баған атауы және бастапқы кілт сақталатын деректер элементін анықтайды.
oo Реляциялық деректер базасындағы жолдар реттелмеген. Ретке келтіру сұрау салуға жауап қалыптастыру сәтінде жүргізіледі.
oo Дерекқорға сұраулар нәтижені жаңа сұраулар үшін объект ретінде әрекет ете алатын кестелер түрінде қайтарады.

2.5 Beб-сайттардың сапасын бағалау стандарттары

Қазіргі уақытта Интернетте өте көп сайттар бар. Олар алдымен қолданушыға қажетті ақпаратты жеткізу үшін құрылады. Бірақ сайт беттерінде ақпаратты көрсету және орналастыру нұсқалараның көптігі, сонымен қатар сәйкес тәжірибені ғылыми тұрғыдан өңдеудің және жүйелендірудің жеткіліксіздігі дайын бағдарламалық өнімнің (сайттың) сапасын ғана емес оны қолданудың тиімділігін арттыратын бақылау тәсілдерін жетілдіру мәселесінің көкейкестілігін білдіреді. Сонымен, жұмыстың мақсатына сәйкес құрылатын сайттардың сапасын бағалау тәсілін оларды жетілдіру сапасын бақылау әдістемесін жетілдіру жолымен өзгерту жүргізілді.
Кез-келген бағдарламалық өнімді жетілдіру оның концепциясын, яғни жарияланатын материалды берудің стилистикалық бірыңғай жүйесімен, қолданушылардың мөлшерін анықтаумен басталады. Бұл өте маңызды жағдай болып табылады. Өйткені сайт қолданушылар үшін әмебабап құрал болуы тиіс. Негізгі концепция анықталғаннан кейін және сайтқа келушілер қатары бекітілгеннен кейін жобаны модельдеуге ауысуға болады. Сайтты модельдеу оның құрылымы мен сайт картасын құрастырудан тұрады. Кез-келген сайттың құрылымы иерархиялық кірістірілу принципімен құрастырылатыны белгілі, яғни басты бөлімдерден қосалқы бөлімдерге дейін. Сайт құрылымын құрастырудағы келесі кезең тақырыптық бөлімдердің тізімін құрастыру, құжаттар мен сыртқы гиперсілтемелер арасындағы ішкі байланыстар сұлбасын анықтау. Осы кезеңде сайт парақтарының бірқалыпты толтырылуына көңіл аудару қажет. Парақтардағы ақпарат өте үлкен болса жобаның тереңдігі артып кетеді де, қолдануға ыңғайсыздау болады.
Сайтты модельдеудің соңғы кезеңі сайтқа оның толық жұмысын қамтамасыз етіп отыратын скрипттер құрамының механикасын енгізу боып табылады. Сонымен, желілік ресурсты бағалау үшін сайт құрастырылған критерилер қолданылады. Бұл дегеніміз бағдарламалық өнімнің өмірлік циклінің әрбір кезеңінде сапа көрсеткіштері жетілдірілуі және оның сапасына әсер ететін факторлар анықталуы тиіс. что на каждом этапе жизненного цикла программного продукта должны быть разработаны и комплексы показателей качества, выявлены факторы, влияющие на качество.
Демек, желіде көрсетілген бағдарламалық өнімдердің сапасын бағалау үшін келесі критерилерді көрсету қажет:
1. Жоба концепциясы;
1.1. Қолданушылардың мақсаттық аудиториясын анықтау;
1.2. Функционалдылық
2. Жоба дизайны;
2.1. Көркем образ;
2.2. Стильдік келісушілік (түс, шрифт)
3. Контент:
3.1. Қол жетімділігі;
3.2. Баяндау құрылымы;
3.3.Мазмұнының жүйелігі;
3.4. Ретттілігі;
3.5.Әдеби сауаттылығы мен стиль;
3.6. Орфографиялық сауаттылығы;
3.7. Стилистикалық сыпайылығы;
3.8. Контенттің көлемі;
4. Құрылымы және навигация:
4.1. Тақырыптық бөлімдерге бөлу;
4.2.Мәзірді қолдану ыңғайлылығы.
5. Техникалық жарақтандыру;
5.1.Функциясының сенімділігі;
3 WEB-САЙТТЫ ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМІ
3.1 WEB-сайтты құрастыру принциптерін анализдеу

Сәтті веб-сайт-бұл өте тиімді сауда құралы-ол аудиторияның назарын өзіне аудара алады. Тікелей жауап беру принципіне негізделген кез-келген басқа маркетингтік құрал сияқты, ол алдымен келушіні қызықтыруы керек, содан кейін оны белгілі бір әрекеттерге итермелеуі керек. Алайда, көптеген адамдар басты беттің бұл ерекшеліктерін елемейді, бұл көбінесе келушілерді сайтта ұзақ уақыт ұстап тұрмайды. Мұндай веб-сайттар, тіпті кейде көптеген пайдалы кеңестер мен мақалалар болса да, сатылымды айтпағанда, трафиктің болжамды деңгейіне ешқашан жетпейді.
Бірнеше өзгертулер енгізгеннен кейін қарапайым веб-сайт сенімді және тиімді құралға айналуы мүмкін. Күннен-күнге ақпарат ағыны мен түрлі жарнамалық хабарламалар әлеуетті клиенттерге түсіп жатқанын және олардың назарын аудару тұрғысынан өте қатал бәсекелестік бар екенін есте ұстаған жөн. Назар аударуға және қызығушылық тудыруға қабілетті веб-сайт клиенттерді қалған беттерді қарап, сатып алуға ғана емес, сонымен қатар біраз уақыттан кейін қайтадан келуге, достарыңыз бен таныстарыңызға кеңес беруге шақырады.

3.2 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ ТАҢДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ

Web-сайттың бағдарламалық бөлігін құрастыру үшін Adobe Dreamweaver ортасын қолдандым. Adobe Dreamweaver -әр түрлі күрделіліктегі веб-сайттар мен интернет беттерін визуалды түрде құруға және басқаруға арналған кәсіби HTML редакторы. Сіз HTML кодын қолмен жазғанды ұнатасыз ба немесе визуалды ортада жұмыс істегіңіз келсе де, Dreamweaver бұл жұмысты жеңілдетеді және өз жобаларыңызды теңдесіз ету үшін пайдалы құралдар мен құралдарды ұсынады.
Dreamweaver кәсіби веб-сайтты өңдеуге және құруға арналған көптеген құралдар мен құралдарды қамтиды: HTML, CSS, JavaScript, код редакторлары (кодты қарау және Код инспекторы), Dreamweaver-де қолдау көрсетілетін әртүрлі мәтіндік құжаттарды өңдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сіз Dreamweaver-ді ретке келтіріп, HTML-ді өзіңіз қалағандай қайта форматтай аласыз.
Dreamweaver-де визуалды редакциялау мүмкіндігі сонымен қатар жоба дизайнын кодты жазбай тез жасауға немесе өзгертуге мүмкіндік береді. Dreamweaver көрнекі редакторларға жатады, яғни сіз экранда жұмысыңыздың нәтижесін бірден көре аласыз (кем дегенде шамамен). Сонымен қатар, ол код көзіне толық қол жетімділікті қамтамасыз етеді және оған қосымша ештеңе салмайды. Осылайша, сіз өзіңіздің парағыңызды жасай аласыз және HTML-ді бір уақытта оқып, дереккөзге қарай аласыз. Сіз тірі мысалда HTML қарапайым екеніне көз жеткізе аласыз. DreamWeaver редакторымен жұмыс істеудің қарапайымдылығы-барлық орталықтандырылған элементтерді қарап, оларды ыңғайлы панельден тікелей құжатқа апаруға болады.Dreamweaver толығымен қосымша күйге келтіріле алады. Dreamweaver бағдарламасын өз нысандары мен командаларын құру, "ыстық" пернелерді өзгерту және Dreamweaver мүмкіндіктерін жаңа қасиеттермен, меншік инспекторларымен және жаңа сайт есептерімен кеңейту үшін пайдалануға болады.

3.3 Құрылған бағдарламалық қамтамасыз етудің қолданушы нұсқасы

Дипломдық жобаның тапсырмасына сәйкес құрылған Кинотеатр сайты бірнеше бөлімдерден тұрады. Сайтты ашу үшін арнайы құрылған буманың ішінен index файлын таңдаймыз. Бұл сайттың бас парағы.

7-Сурет Кинотеатр сайтының бас парағы
Басты парақта кинотеатрда болып жатқан және алдыда жоспарланып отырған фильмдердің презентациялық суреттері берілген. Парақтың сол жақ шетінде бас меню орналасқан. Осы меню арқылы басқа парақтарға ауысуға болады. Сонымен қатар осы парақтың төменгі жағында билеттер жөнінде ақпарат және жаңалықтар қойылған.

8-Сурет Youtube арнасына сілтеме

Парақтың ортаңғы бөлігіне сайтқа келушілер үшін youtube арнасына сілтеме қойылған, осы жерде көрсетілген фильмдердің тізімінен қалаған фильмін тамашалауына болады.

9-Сурет Сайттың екінші парағы - шетелдік кинотуындыларға шолу

10-Сурет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Django жобасының негізгі каталогы
Оқыту орталығына арналған бағдарламалық қосымша әзірлеу
Ақпараттық жүйелерді жобалаудың кезеңдері
Электротехника пәні бойынша электрондық оқулық
Веб - сайттың негізгі маңыздылығы
WEB бет дизайны
ВЕБ СЕРВИСТІ ҚҰРУ
Калькулятор бағдарламасының интерфейсін жасау
JSP, PHP, ASP Web программалау тілдеріне шолу. Сайт құру кезеңдері
Балалар әлемі интернет-дүкенің құру
Пәндер