Халықаралық патент сыныптамасы туралы Страсбург келісімі


КІРІСПЕ
Өнеркәсіптік меншік саласындағы білім кез келген тұлғаға өркениетті қоғамының бастапқы талабы болып табылатын ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін қарқынды пайдалануды көздейтін нарықтық экономика талаптарында тиімді қызмет ету үшін қажетті болып табылады. Себебі, кез келген экономикалық мәселелері ғылым мен техниканың ұтымды үлесімен құралған өнеркәсіптік меншік обьектілерін пайдалану арқылы шешіліеді.
Өнеркәсіптік меншік обьектілерін қоғам мен мемлекет мүддесі үшін тиімді қолдану алғышарттары деп құқықтық негіздерін айтамыз. Осы саладығы құқықтық қатынастардың нормативтік реттелуі қазіргі кезде орын алған экономикалық жағдайларға сай болуы қажет.
Тақырыптың өзектілігі. Мемлекеттің даму сатысында интеллектуалдық меншік объектілерінің барлығы дерлік заман талабына сай үлкен мұра екендігі даусыз. Оның құрамына мүліктік емес игіліктердің ауқымды көлемі кіреді. Нақтырақ айтқанда олар авторлық және сабақтастық құқық, сондай-ақ өнеркәсіптік меншік объектілерінен құралады. Өнеркәсіптік меншік объектілердің патенттік қорғалуын енгізу нарық қатынастарына өту кезеңінде туындайды.
Қазақстан Республикасының Патен туралы заңында 1-бабының 1 тармағында - «айрықша құқық - өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға патент иеленушiнiң мүлiктiк құқығы», - дейкеле құқықтық табиғатын сипаттайтын алғашқы заңдардың бірі нақтыланды[1] .
Қазіргі жетілген талаптарға сай келетін нарықтық экономиканың қарқынды дамуында экономикалық айналымға өнеркәсіптік меншік объектілерін тиімді енгізуді талап етеді. Өйткені, еліміздегі өнеркәсіптің жүйелі отандық тауарлардың бәсекеге қабілетсіздігі жаңа технологияларды, жаңа техникалық және дизаиндік шешімдерді іздеуге мәжбүрлейді. Сондай-ақ, өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау жүйесін құру қажеттілігі еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге ниет білдіруімен күшеймек. Себебі, бұл алға қойылған маңызды мақсаттарға жету үшін мемлекетіміздегі өнеркәсіптік меншік объектілерінің даму қарқыны шапшаң әрі жоғары дәрежелі сапаға ие болуы тиіс.
Дипломдық жұмыс объектісі және зерттеу әдістері. Құқық әдебиеттерінде өнеркәсіптік меншік құқық ұғымына қатысты бірқатар пікірлер қалыптасқан, олардың ішінде оны екі санатқа бөліп қарастыратындары да бар. Атап айтқанда өнеркәсіптік меншікке құқық инновацияларды, үлгілер мен технологияларды құруды ынталандыратын құқықтан, өнертабыс, интегралдық микрокестелер, өндірістік үлгілер мен құпия ақпарат, коммерциялық құпиялар, және ерекше белгілерді (тауар белгілері, географиялық көреткіштерді) қорғау үшін арналған құқықтардан құралатынын қарастыру.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты. Авторлық құқық туралы жаңа заң Қазақстанға осы саладағы халықаралық келісімдерге қатысуға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасы авторлық құқық бойынша келесідей халықаралық конвенциялардың мүшесі болды - 1986 жылғы Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясына және 1952 жылғы авторлық құқық жөніндегі Дүние жүзілік (Женевалық) конвенцияға қосылған болатын. Одан басқа, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде, авторлық құқықты бұзғаны үшін жауаптылықты көрсететін арнайы нормалар қарастырылған. Авторлық құқықтың мәні шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлғаның сол патент құқығын алу ол, авторы ретінде танылу құқығында жатыр. Туындының авторы ретінде саналу құқығы туындыны қандайда бір жағдайдағы пайдалану кезінде заңның сақталуын талап етуін қамтамассыз етеді және оны басқа тұлғалардың теріс әрекетінен қорғайды. Осы мақсатқа жету үшін зерттеудің келесі міндеттері анықталды.
- патентті инавациялық тұрғыда дамыту мақсаттары мен мүдделерін қорғау;
- патент институтының негізгі түрлерінің ерекшеліктерін анықтау;
- патент және тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары, заңнамаларын үздіксіз бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан дамыту мен жетілдіру
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы және тәжірибелік маңыздылығы. Жалпы ғылымның өндіріске қарай ұмтылуы біздің ел үшін маңызды, себебі олсыз біз азаматтық қоғам потенциялының қажетсіздігіне, ал ел экономикасының шикізатқа ғана негізделуіне және оның салдарынан қазба байлықтарды жоғалту қаупіне тап келуіміз мүмкін. Өнеркәсіптік меншік объектілері жүйесі құрамында өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі қарастырылады. Қазіргі уақытта жаңашылдық яғни ашылмаған ақпарттардың дамуы мен қолданысқа ендіру бағытын дамыту мақсатында патенттің қорғалуы мен патенттің ерекше өзіндік сипаты бағытында сөз болмақ. Патент иесiнiң өнiмдi қорғалған шешiмдердi қолдану арқылы өндiру, инновациялық патентпен немесе патентпен қорғалған технологиялық процестердi өз өндiрiсiнде қолдану, қорғанған шешiмi бар бұйымдарды сату немесе сатуға ұсыну, тиiстi бұйымдарды импорттау құқықтарын қоса алғанда, инновациялық патентпен немесе патентпен қорғалған өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi өз қалауы бойынша пайдалануға айрықша құқығы болады.
Бұл мәселені Батыс елдерінде ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкциялық жұмыс нәтижелерін тез арада өндіріске енгізу арқылы ұлттық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеруде және жаңа әзірлеулерді енгізуші кәсіпорындарға бірқатар ынталандыру шараларын жүзеге асыру арқылы шешуде. Ол шаралардың қатарына енгізу кезеңінде салық төлемдерінен босатылуы, өндірісті ұйымдастыру үшін қайтарымсыз қаржы қаражаттары бөлінуі, тұтынушылар нарығын табуға ақпараттар берілуі, көрмелер ұйымдастырылуы сияқты кірген
1. 2 Өнеркәсіптік меншік объектіле рін бағалауда кейбір шетелдік тәжірбиені құқықтық ерекшеліктері
Қазіргі кезде экономикалық өсудің сипатты белгісі - өнеркәсіптің негізгі факторларының үнемі жаңа, әрі жеткілікті деңгейде болуы.
Бүгінгі күнгі шаруашылық техникалық білім мен алдыңғы қатарлы технологияларға негізделген ресурс - объектілерден құралған. Аталмыш объектілердің басым бөлігі азаматтық-құқықтық айналымда өнеркәсіптік меншік объектілері ретінде көрініс табады. Техникалық прогресс заманында өнеркәсіптік меншік объектілері кез келген іскерлік оратада орын алып, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің материалдық және материалдық емес жеке базаларының басты бөлігін қамтуға қабылетті.
Осындай маңызды рөл атқаратын объектерді шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық емес активтерінің құрамына еңгізу, оларды тиімді пайдалану нәтижесінде қомақты пайда табу, кәсіпорының нарықтағы орнын көтеру мақсатында кең қолданылады.
Бұл мақсатты жүзеге асыру ең алдыменен өнеркәсіптік меншік объектілерін бағалауды қажет етеді. Себебі азаматтық айналымға қатысушы субъектілердің қатаң бәсекелестігіне төтеп беруі үшін айналымға енгізілетін өнім мен субъектінің ең дұрыс ұстанымын, өнімнің тиімді бағасын, субъектінің нарықтағы орнын нақты айқындау қажет.
Өнеркәсіптік меншік зияткерлік меншіктің нысаны ретінде өнертабысқа, пайдалы үлгілемелерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атаулар мен тауарлардың шыққан жерлерінің атауына берілген патенттерді қамтиды.
Өнеркәсіптік меншік міндетті түрде белгілі тәртіпте мемлекеттік патенттер тізімдемесіне тіркеледі және патенттің немесе айғақтың болуын талап етеді, зияткерлік меншік тек осындай жағдайда ғана өнеркәсіптік меншік (ноу-хаудан басқасы) дәрежесіне ие болады.
Мәселен, өнеркәсіптік меншік объектілеріне қатысты халықаралық құжаттар, ұлттық заңнама, мемлекеттік саясат, олардың мемлекеттегі қорғалу
деңгейі, нарық инфрақұрылым әрекеттері бағаланатын объектілерге қатысты нақты талаптары қарастыруы мүмкін. Талаптар қатарында объектілерді пайдалану үшін патент алу, мемлекеттік тіркеу, лицензиялық немесе құқықты беру шарттарын жасасу, жеке құқықтардың тек авторларға ғана тиесілі болуы, франчайзинг шартын жасасу мүмкіндігі және тағы басқалар қамтылуы мүкін.
Өнеркәсіптік меншік объектісінің құны оның мүмкіндігінше толық пайдалану арқылы алынатын табыс мөлшері басшылыққа алынып белгіленеді. Толық пайдалану мүмкіндігі ретінде өнеркәсіптік меншік объектісін экономикалық негізделген, заңнама талаптарына сай, қаржылық
жарамды талаптарды қолдана отырып барынша іске асыру табылады.
Өнеркәсіптік меншік объектісін мүмкіндігінше толық пайдалануы оны ағымды пайдалануымен сәйкес келмеуі мүмкін. Жоғарыда айтылғандар негізінде, өнеркәсіптік меншік объектілерін бағалау және оның нәтижесінде объектінің құнын анықтау өте қызықты, ауқымды, әрі күрделі жұмыс.
Өнеркәсіптік меншік объектілері материалдық емес, аса ерекше сипаттағы объектілер. Осындай объектілерді бағалау ең алдыменен қолданыстағы заңнама бойынша қорғалу деңгейін анықтауды қажет етеді. Әрекет етуші заңнамаға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілері алынған патентке сәйкес қорғалу уақыт арылығымен шектеледі.
Қорғалу уақыт аралығы объектінің түріне сәйкес объектіге патент алған сәттен бастап бес жылдан жиырма жылға дейін. Бұл объектілер азаматтық айналымның түрлі салаларында қолданылуы және нарықтың толық саласын немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Сол себепті бағалау өндірісін жүргізу кезінде өнеркәсіптік меншік объектісінің қандай да бір нарық саласына енгізу үшін жұмсалатын шығын көлемін (өндісіріс пен іске асыру
кезінде), оны игеру мен қолдану үшін қажетті инвестициялар мөлшерін анықтау қажет. Бағалау қорытынды бойынша оның нарыққа енгізудін тиімді жолдары ұсынылатын есеп болуы тиіс.
Сонымен қатар, түрлі нарық саласында объектіні пайдалану тәуекелмен тікелей байланысты. Олар техникалық, экономикалық, экологиялық, материалдық сипаттағы жетіспеушілік және жосықсыз бәсеке нысанында көрініс табуы мүмкін. Сол себепті объектінің нарықтық құнын анықтау кезінде оның болуы мүмкін тәуекелдерін де басшылыққа алу орынды.
Техникалық жаңалықтарға толы XX-ші ғасырда өнеркәсіптік меншік объектісін бағалау маңыздылығы өте жоғары. Оларды бағалау қорытындысы нәтижесінде қамтылатын ақпараттарды қолдану көптеген іскерлік шығындардан арылып, мол табысқа кеңелу ықтымалдылығына жол ашады. Ал, бұл болса, нарық экономикасының негізін құрайтын бәсекелестіктің маңызды нышаны.
1. 3 Өнеркәсіптік меншік объектілері: азаматтық құқық жүйесіндегі орны маңыздылығы мен құқықтық сипаты
Қазақстан экономикасы үшін интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелері, соның ішінде әсіресе жаңа техникалық шешімдердің маңыздылығы барған сайын кеңейе түсуде. Өнеркәсіптің жүйелі тоқырауы мен отандық өнімдердің бәсекеге қабілетсіздігі патенттік қорғалуды қажет ететін жаңа технологияларды, жаңа техникалық және көркемдік-құрылымдық шешімдерді іздеуді талап етеді. Нарық экономикасының негізгі бағыттары мен еліміздің бет алған тұрақты даму стратегиясында қамтылған міндеттерге жету техника мен технологияның жаңа нысандарының пайда болуын талап етеді. Осы талапты орындау үшін ең алдыменен табиғи жаңа, өнеркәсіпте қолдануға болатын, өнертабыстық деңгейі мен бірегей қасиеті бар материалдық бұйымдар арқылы қолданысқа енетін объектілердің құқықтық қорғау механизмі абсолютті болуы қажет. Елдің ғылыми-техникалық потенциалын ғылым дамуының қажетті бағыттарына шоғырландырып, олардың жетістіктерін өндіріске белсенді енгізу үшін жағдай жасап, ынталандыру талаптарын қою қажет. Техникалық шешім саласында қазіргі таңда орын алған жағдай мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша жасалатын ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыс өнімдерін игеру және оларды өндіріске енгізу механизмдері , көпшілік жетістіктердің қолданыссыз қалуы айтылуда.
Өнеркәсіптік меншік объектілері санының ұлғаюы, олардың өндірісте кең қолданылуы еліміздің экономикалық дамуын басқарудың жаңа жүйесін қамтамасыз етеді. Және бұл жүйе дүниежүзін күшпен емес, зияткерлікпен жаулауды білдіреді. Дүниежүзінде өнеркәсіптік меншік объектілерінің сандық деңгейі бойынша бірінші орындарды АҚШ (жылына 1 млн. халыққа 500 өнертабыс әзірленеді) пен Жапония (кемінде 1000 өнертабыс әзірленеді) иеленеді. Қазақстан өнертабысқа патент тіркеу саны бойынша ТМД елдері ішінде Ресей мен Украина сияқты елдермен бірінші үштікке кіреді. Бұл елдерде орташа есеппен жылына 1 млн. халыққа 100 өнертабыс әзірленеді.
Біздің пікірімізде, өнеркәсіптік меншік құқығы ретінде өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік меншік объектілері қатысты туындайтын құқық қатынастарын реттейтін интеллектуалдық меншік құқығының тармағын қамту жөн. Себебі, аталған объектілер басқа интеллектуалдық меншік объектілеріне қарағанда тек өндіріске қатысты пайда болады және жаңа техникалық шешімнің белгілі бір нысанынан құралады. Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні шет елдерде патенттеу жоғарғы технологиялық өнім экспортының құқықтық инфрақұрылымын қалыптастырудың негізгі факторы. Дүниежүзінің дамыған елдерінде интеллектуалдық меншік объектілерінің құқықтық қорғалуына ерекше көңіл бөлінеді, себебі патенттік қорғалу деңгейі өнім экспортын анықтайды. Ол нарықта экспортталатын өнімнің енуі мен бекітілуіне қажетті құқықтық алғышарттарды қалыптастырады, бәсекелестік тәуекелдерді төмендетуге мүмкіндік береді, бәсекелестік құрылым қызметтерін қорғайды.
Сондай-ақ, шет елде патенттеу ұзақ мерзімдік инвестициялық салым болып табылады және құқықтық қорғауды қамтамасыз етуде жүйелік, кезектілік көзқарасты талап етеді. Мәселен, шет елдерде патенттеу тәжірибесі бойынша бір технологияны сенімді құқықтық қорғалуы үшін орташа есеппен 6-8 патент алу керек және оған бес-жеті мың доллар көлемінде қаражат керек, әрі кемінде бір жыл уақытты қажет етеді. Жалпы ғылымның өндіріске қарай ұмтылуы біздің ел үшін маңызды, себебі олсыз біз азаматтық қоғам потенциялының қажетсіздігіне, ал ел экономикасының шикізатқа ғана негізделуіне және оның салдарынан қазба байлықтарды жоғалту қаупіне тап келуіміз мүмкін.
Өнеркәсіптік меншік объектілері жүйесі құрамында өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі қарастырылады. Оларды бұл жүйеде қарастырылуына ең алдыменен өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясы негіз болады. Өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі өзіне тән сипаттары бойынша басқа интеллектуалдық меншік объектілері жүйесінің құрамында қарастырылмайды.
Жүз жылға жуық тарихы бар әлемдік жүйені құру адамзаттың ең керемет жетістіктерінің бірі деп айтуға әбден болады.
Қазіргі кездегі авторлық құқық алғашқы үлгісі болып табылатын бірінші факультативтік артықшылықтардың пайда болуы орта ғасырлардың соңына келеді. XVIII ғасырдың соңынан басталған авторлық құқықтың дамуындағы жаңа кезең бірінші облигаторлық авторлықтардың пайда болуымен сипатталады. Осы кезеңнің эволюциясы, шын мәнінде, авторлық жүйенің негізгі қағидаларын белгілейтін, өнертапқыш пен мемлекет арасындағы мәмілені құрайтын 1877 жылғы герман Патент Заңының шығуымен аяқталды, оған сәйкес өнертапқыш өзі шығарған, жалпы жұрттың назарына жарияланатын жаңалығының мәнін ашады және осылайша ғылыми-техникалық прогресті ынталандырады. Оның орнына мемлекет өнертапқышқа осы жаңалықты белгілі бір мерзімде, белгіленген бір аумақта пайдалануға монопольдық құқық береді.
Әлемдік авторлық жүйесінің ХХ-ХХІ ғасырлардағы ең жаңа тарихында басқа мемлекеттерде кейіннен шыққан заңдар әлде де классикалық авторлық құқығының қалыптасқан нормаларын түбегейлі өзгерте алатындай ешбір жаңа идеяны енгізген жоқ. Осыған қарамастан, әлемдік авторлық жүйе Өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясын қабылдаған сәттен бастап даму жолында және бүгінгі таңда барынша жаһанданған болып табылады [17] .
Өнеркәсіптік меншік және авторлық құқық саласындағы 20-дан астам келісім қазіргі заманғы халықаралық зияткерлік меншік жүйесінің негізі болып табылады, олардың ішіндегі мейлінше маңыздылары мыналар:
- 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж Конвенциясы;
- 1944 жылғы 15 сәуірдегі Зияткерлік меншік құқықтарының сауда-саттық аспектілері жөніндегі келісім (бұдан әрі - ТРИПС Келісімі) ;
- 1891 жылғы 14 сәуірдегі Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі;
- 1970 жылғы 19 маусымдағы Патенттік кооперация туралы шарт (бұдан әрі - РСТ шарты) ;
- 1958 жылғы 31 қазандағы Тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау және оларды халықаралық тіркеу туралы Лиссабон келісімі;
- 1961 жылғы 2 желтоқсандағы Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау туралы халықаралық конвенция (бұдан әрі - УПОВ конвенциясы) ;
- 1968 жылғы 8 қазанда Локарнода қол қойылған Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық сыныптамасын құру туралы Локарно келісімі;
- 1967 жылғы 14 шілдеде Стокгольмде және 1977 жылғы 13 мамырда Женевада қайта қаралған, 1957 жылғы 15 маусымдағы Таңбаларды тіркеу үшін тауарлар мен қызметтердің халықаралық сыныптамасы туралы Ницца келісімі;
- 1971 жылғы 24 наурыздағы Халықаралық патент сыныптамасы туралы Страсбург келісімі;
- 1925 жылғы 6 қарашадағы Өнеркәсіп үлгілерін депозиттеу туралы Гаага келісімі.
Бұл шарттар әрбір елдегі Зияткерлік меншікті қорғаудың халықаралық деңгейде келісілген негізгі стандарттарын белгілейді. Бірақ жеделдетілген техникалық прогресс пен сауданы жаһандандыру қысқа мерзім ішінде жаңа өнертабыстар мен көптеген елдерде тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілер болып табылатын коммерциялық құндылығы бар активтерді қорғауды қамтамасыз ететін тетіктерді құру қажеттілігін туғызады.
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Өнертабыстарды, тауар таңбалары мен өнеркәсіптік үлгілерді қамтитын төрт шарты:
Патенттік кооперация туралы шарт, Тауар таңбаларын халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі, Тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау және оларды халықаралық тіркеу туралы Лиссабон келісімі, Өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық депозитке салу туралы Гаага келісімі бір халықаралық тіркеу немесе берілген өтінім қатысушы мемлекеттердің кез келгенінде күшін сақтайтындай жағдайды қамтамасыз етеді. Қазақстандық өтінім берушілерге, сонымен бірге осы өнеркәсіптік меншік объектісіне қорғау сұралатын барлық елдерде өтінімдерді оңайлатылған тәртіппен беру мүмкіндігі берілген [18] .
1970 жылы құрылған ДЗМҰ сәйкес жағдайларда кез келген басқа халықаралық ұйымдармен өзара әрекет жасау және мемлекеттердің ынтымақтастығы арқылы зияткерлік меншікті қорғауға көмектесуге шақырылған, сондай-ақ Париж одағы мүшелерінің қол қойған бірнеше шарттарының шеңберінде сонымен қатар Париж және Берн конвенцияларының шеңберінде құрылған одақтардың әкімшілік ынтымақтастығын қамтамасыз ететін Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұдан әрі - БҰҰ) жүйесінің мамандандырылған халықаралық ұйымы болып табылады.
ДЗМҰ әкімшілік ететін халықаралық келісімдерден басқа, зияткерлік меншік саласындағы елдердің ынтымақтастығы аймақтық ұйымдар аясында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Дүниежүзілік сауда ұйымы шегінде (бұдан әрі - ДСҰ) жасалған ТРИПС келісімі әлемдік зияткерлік меншікті қорғау жүйесінде аса маңыздысы болып табылады. Бұл Келісім зияткерлік меншік құқықтарының барлық дәстүрлі түрлерін - авторлық құқықтарды, сабақтас құқықтарды, өнеркәсіптік меншік құқықтарын және жабық коммерциялық ақпараттар құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. ТРИПС келісімі осы келісімге қатысушы барлық елдер үшін міндетті ең төменгі стандарттарды белгілейді.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне байланысты зияткерлік меншікті қорғау саласындағы заңдар толығымен ТРИПС Келісімінің нормаларына сәйкестендірілді деуге болады.
Соңғы кезде белсенді дамып келе жатқан экономикалық байланыстарды жаһандандыру және халықаралық сауданы одан әрі ырықтандыру инновациялардың және олардың әлемдік нарықта сенімді құқықтық қорғалу қажеттілігін күшейте түсіп, бәсекелестік сайысты шиеленістіре түсті.
Ол өз кезегінде жалпы зияткерлік меншікті және әсіресе өнеркәсіптік меншікті құқықтық қорғау жүйесінің рөлін арттырады, өйткені соңғысы өнеркәсіптік меншік зерттеулер мен өңдемелердің нәтижелерін қорғауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар, ғылыми-техникалық дамуды ынталандырады. Жапония, АҚШ, Австралия, Қытай сияқты алдыңғы қатарлы әлемдік державалар зияткерлік меншікті қорғау саласында XXI ғасырға арналған өзіндік стратегияларын қабылдаған. Мысалы, Ұлыбритания мен АҚШ-та олар басқыншылық. Олардың мәні өнертабыстардың көпшілігін басқа елдерде, көбінесе дамушы елдерде тіркеуде. Бұл стратегия ертеңгі тауарлар және қызметтер нарығын жабуға және өзіндік технологияларды ілгері тартуға көмектеседі. Осындай зияткерлік экспансияның мүмкін болуына мемлекеттік протекционизм саясаты қосымша күш береді. Жапонияның осы саладағы стратегиялық бағдарламасы «зияткерлік меншікке негізделген ұлтты қалыптастыруға бағытталған».
1985 жылдан бастап экономикалық дамыған елдердің шетелге жіберетін өтінімдер ағынының елеулі өсуі белгіленеді. 2001 жылғы деректер бойынша АҚШ шетелдік патенттеуі ең жоғары деңгейдегі ел болып табылады, жалпы әлемдік ағында американдық өтініш білдірушілерден келіп түскен өтінімдер үлесі 28 % құрайды. Жапон және Германия фирмалары өз үлестерін өсіруде, олар тиісінше 14, 3% және 19%-ға ие, келесі орында Ұлыбритания мен Франция [19] .
Жоғарыда келтірілген статистикалық деректерге сүйенсек, шетелдік патенттеу деңгейі бойынша және РСТ тәртібімен берілген өтінімдер саны бойынша, мемлекеттік деңгейде қабылданатын нақты стратегиялары мен бәсекеге қабілетті патенттік жүйелері бар әлемнің жетекші елдері көш басқаратыны айқын.
Экономикалық қатынастарды жаһандандыру зияткерлік меншікті құқықтық қорғау жүйесін интернационалдандыру және ұлттық патенттік рәсімдердің үйлесімді болу қажеттілігін тудырады. Бүгінгі таңда зияткерлік меншікті қорғаудың әлемдік жүйесінде ұлттық жүйелер арасындағы ерекшеліктерді жоюға әкеп соғатын тұрақты үрдіс байқалып отыр, ол зияткерлік меншік иегерлеріне жаһандық құқық қорғауды пайдалануға мүмкіндік береді. Ұлттық жүйелер көбінесе дамыған елдер болып табылатын мейлінше ұйымдасқан зияткерлік меншік жасаушылар мүдделерінің тұтынушылардың мүдделерінен іс жүзінде басым болуы тәуекеліне қақтығысып отыр.
Әлемдік патенттік жүйені дамытудың қалыптасып отырған жалпы әлемдік үрдісіне орай инновациялық даму мақсатында Қазақстан зияткерлік меншікті сенімді қорғауды қамтамасыз ететін, икемді әрі тиімді, қазіргі заманғы, бәсекеге қабілетті патенттік жүйенің жаңа үлгісін жасауға ұмтылып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz