Жұмыстың өзектілігі
Үржар өңірінің жартылайқатты қанаттылары және оларды мектептің биология курсын оқытуда қолдану
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Жартылай қатты қанаттылар немесе қандалалар (Hemiptera) -бунақденелілер ішіндегі ең көп таралған топ. Дүние жүзінде 50 тұқымдасқа біріктірілген, 43000-нан астам түрді қамтиды. Қазақстан фаунасы 1250-ден астам түрден тұрады. Бұл топ биоценоздар құрылымында елеулі орын алады, табиғи және жасанды әртүрлі қауымдастықтардың жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарады. Жартылай қатты қанаттылар (Hemiptera) - түрі мен мөлшері әртүрлі құрлық және су бунақденелілері. Сонымен қатар, жартылай қаттықанаттыларға тән тағы бір маңызды ерекшелігі - барлық тіршілік орталарында кездесетіндігі.
Отрядтық түрлік құрамының көп болуы және экологиялық жағынан әртүрлілігі оларды аймақтық биоалуантүрлілікті зерттеуге нысанды топ ретінде пайдалануға мүмкіндік туғызады. Жартылай қаттықанаттылардың экологиялық аспектісін зерттеу республиканың биоалуантүрлілігін анықтауда да маңызы бар.
Жартылай қатты қанаттылардың көптеген түрлері өсімдік шырынын сорып, ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына, су қандалалары балық уылдырығын, майда шабағын жеп, балық шаруашылығына зиян келтіреді. Жыртқыш түрлері адам және жануарлар арасында әр түрлі аурулардың қоздырғыштарын таратады. Бұлардың ішінде (Anthocoridae, Nabidae, Miridae, Petaromidae тұқымдасының өкілдері) зиянды жәндіктер мен кенеленрді құртатын "биологиялық реттеушілері" қызметін атқаратындығымен маңызды, өсімдіктерді тозаңдандыратын, балыққа жем болатын пайдалы түрлері де кездеседі.
Жұмыстың өзектілігі: Зерттеу жұмысын жазуға негіз болып отырған 2020 жылы Уржар өңірінен жиналған материалдар. Бұрындары бұл өңірде жартылай қатты қанаттыларға арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Қазіргі кездегі өзекті экологиялық мәселелердің бірі - биосфера және қоғам қызметіне әсет ететін фактор ретінде биоалуантүрлілікті сақтау болып табылады. Соған байланысты табиғат экожүйелерінің құрылымдық - қызметтік алуантүрлілігін зерттеу маңызды болып отыр.
Аймақтық жағдайда биоалуантүрлілікті зерттеудің маңызды аспектісі - түрлердің инвентаризациясын жүргізу. Жартылай қаттықанаттыларды (Hemiptera) зерттеу биоалуантүрлілікті зерттеудің негізгі бөлімі болып табылады. Сол себепті Уржар өңірінде кездесетін жартылай қаттықанаттылар отрядының түрлерін анықтап, олардың ауыл шаруашылығындағы зияны мен қазіргі заманғы биологиялық тепе-теңдікті сақтаудағы рөлін анықтаудан басталады.
Жұмыстың мақсаты: Уржар өңірінің жартылай қаттықанаттыларының түрлік құрамын анықтау және оларды мектептің биология пәнін оқытуда қолдану әдістемелерін дайындау.
Осы мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер қойылды:
1.Уржар өңірінде кездесетін жартылай қаттықанаттылардың түрлік құрамын және морфологиясын анықтау;
2. Уржар өңірінде кездесетін жартылай қаттықанаттылардың экологиялық ерекшеліктерін көрсету, табиғаттағы маңызына тоқталу;
3. Жартылай қаттықанаттылар өкілдерін мектептің биология сабағында оқыту әдістемелерін дайындау.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Уржар өңірінде кездесетін жартылай қаттықанаттылардың 13 тұқымдас, 20 туысқа жататын 24 түрі анықталды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспе, ғылыми теориялық, ғылыми зерттеу, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі бөлімдерінен тұрады. Дипломдық жұмыстың мазмұнын ашу үшін 3 кесте, 33 сурет, 2 диаграмма келтірілген, 50 әдебиет қолданылған. Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі 66 беттен тұрады.
1 ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Ғылыми әдебиеттерге шолу
Жартылай қаттықанаттылар фаунасы бойынша көптеген шетелдік және отандық ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Кужугет С.В. 2013-2017 жж. Тува фаунасының жер үсті жартылай қаттықанаттыларыныңтаксономиялық әртүрлілігін зерттеді. 388 түрді анықтады. Тува үшін 7 түр, Ресей үшін 1 жаңа түр енгізді.
Софронова Е.В. 2009-2013 жж. жүргізген зерттеу жұмыстары нәтижесінде
Бурятия республикасының фаунасынан жартылай қаттықанаттылардың 209
түрін анықтаған. Ол гемиптерофаунаға зоогеографиялық талдау жүргізді және жартылай қаттықанаттылардың трофикалық байланыстары мен қоректену спектірінің кеңдігін зерттеді.
2010 жылы жарияланған Ресейдің Азиялық бөлігінің жартылайқатты қанаттылар каталогында Туваның жартылай қатты қанаттыларының 24 тұқымдасынан 316 түрдің таралуы туралы мәліметтер бар.
Зиновьева 2007ж. Ресейдің еуропалық солтүстік-шығысына зерттеуі бойынша жартылай қатты қанаттылардың фаунистік және экологиялық ерекшеліктеріне сипаттама берілді. Зерттеу нәтижесінде Ресейдің еуропалық солтүстік-шығыс аумағында 157 туыс, 27 тұқымдасқа жататын жартылай қанаттылардың 271 түрі тіркелеген. Оның ішінде 19 тұқымдас 96 түрі зерттеу ауданы үшін алғаш рет келтіріледі. Ресейдің еуропалық солтүстік-шығысына алғаш рет Палеарктикалық (65%) , Голарктикалық( 26%), мультирегионистік (9%) және космополит (0,4%) сияқты 4 кешенге жататын топтардан тұратын жартылай қатты қанаттылар фаунасының ареалогиялық құрылымы талданды.
Ресей фаунасының негізін трансеуразиялық (50 %) және Голарктикалық (23 %) ареалдары бар кең таралған температуралық түрлер құрады.
Қоректену типі бойынша жартылай қатты қанатты аймақтар фитофагтарға (55 %), зоофагтарға (22 %), зоофитофагтарға (15 %) және мицетофагтарға (4%) бөлінді.
Мингазова, 2002; Яковлев, 2003; шығармалары Татарстан Республикасының су жартылайқаттықанаттыларына арналды. Кейінірек гемиптерофаунасы мен зоогеографиясы бойынша үлкен жұмыс Ильясова еңбектерінде жарияланды. Зерттеулер нәтижесінде ТРаумағындағы жартылайқатты қанаттылардың түрлік құрамы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz