Сайт дизайнын жасау
Корпоративтік сайттың əрбір беті сол бетке қатысы бар файлдың аты мен сайт адресінің қосындысынан тұратын өзінің жеке интернет адресі болады. Осылайша, корпоративтік сайт - бір-бірімен гипермəтіндік құжаттар арқылы байланысқан, веб-серверде орналасқан жəне жеке адресі бар ақпараттық, сауда- саттық ресурсы. Корпоративтік сайтты интернетке қосылған компьютері бар кез- келген қолданушы іздеу қызметі арқылы тауып, көре алады.
Қазіргі кезде тұтынушыларға тауарларын немесе қызметтерін ұсынатын əрбір ұйымның жеке интернет-сайттар бар. Осы заманғы ақпараттық технологияларды қолдану шарты - жарнамалық саланы кеңейту жəне осының көмегімен қосымша клиенттерді тарту арқылы нарық заманында кəсібін дөңгелету.
Интернет сайтты құру жəне өңдеуде мына міндетті шарттар орындалуы қажет:
oo интернет-сайтты өңдеуге алғашқы техникалық тапсырманы қабылдау;
oo интернет-сайттың құрылымдық сұлбасын - деректердің, бөлімдердің, навигацияның орналасу орнын айқындау;
oo веб-дизайн - интернет-сайттың графикалық элементтерін, стильдерін жəне навигация элементтерін жасау;
oo жоба жасауда керек болатын интернет -сайттың деректер қорын, бағдарламалық кодын, модульдерін жəне т.с.с. элементтерін өңдеу;
oo интернет-сайтты тестілеу жəне интернет желісіне орналастырудан тұрады.
Дұрыс жобаланған жəне құрылған интернет-сайт - сауда жасаудың ең тиімді құралы. Интернет-сайт кез келген маркетинг құралы сияқты, ең алдымен сайтқа кіруші адамды қызықтыруы қажет, содан кейін ғана тұтынушыны белгілі бір əрекеттерге итермелеуі мүмкін. Бұл қарапайым жəне басты қағиданы сайт құрушылар ескере бермегендіктен, кейбір интернет-сайттарға тұтынушылар тез кіреді де, көп ұзамай шығып кетіп қалады. Сондықтан, қаншама қызықты жəне де пайдалы ақпараттары бар интернет-сайттарда кірушілер саны аз болып жатады. Интернет-сайт құрудың бірнеше мақсаттары бар. Солардың кейбіреуіне тоқталайық:
Кез келген мекеменің жақсы атағының шығуын жəне оны қалыптастыруды қамтамасыз ету. Дəстүрлі сауда мекемелерінің интернет-дүкенінің болуы - олардың тұрақты кəсіби жұмысының сипатын көрсететін белгісі болып табылады. Сондықтан да, осы дипломдық жобалауда таңдап алынған агробизнес саласында құрылған корпоративтік сайт, оның тұтынушыларына деген негізгі ақпаратты толық және түсінікті түрде беруі тиіс. Мен осы мақсатты толық қанағаттандырдым деп ойлаймын.
Əрбір мекеменің мақсаты қолданушыларға өз қызметтері немесе тауарлары жайында мағлұмат беру. Бұл ортаға тұтынушылар, өнімді берушілер, делдалдар сияқты адамдар кіреді. Мекеме жайында, оның өнімдері мен тауарлары туралы көп адам білген сайын, клиенттер саны да артатыны мəлім.
Компания клиенттеріне ақпараттық көмек беру. Тұтынушылар интернет- сайтқа кірген кезде өзіне керекті барлық мəліметті көруі керек жəне сол арқылы тез əрі оңай таңдау жасай алуы қажет.
Клиенттерді жібермеу, яғни тұтынушылардан қажетті мəлімет алып қалу. Тұтынушының интернет-сайт арқылы сауда жасағаннан кейін, клиент туралы дерек алу керек. Клиент үнемі соңғы жаңалықтарды біліп отыруы қажет, кейіннен тұтынушы компания (мекеме) жайлы ұмытпас үшін оның ұялы телефонына немесе электрондық почтасына хабарлама жіберіліп отыруы тиіс.[8] Интернет-сайт - ол клиенттерді тарту құралы болуымен қатар, мекеменің олармен жұмыс істеу құралы. Интернет-сайттың кері байланыс, техникалық көмек, сұрақ-жауап, деген бөл імдері жəне форумдар мен чаттар клиенттермен жұмыс істеумен қатар тұтынушыларды ұстап тұрудың тамаша құралдары болып табылады.
Дипломдық жобаның тағы да бір мақсаты веб контенттерді басқару жүйесінің көмегімен интернет-сайт құру болып саналады.
Дипломдық жоба міндеттеріне келесілер жатады:
oo Корпоративті сайттардың жұмысын меңгеру.
oo Қолданыстағы CMS салыстыру жəне тиімді нұсқаны таңдау.
oo Сайт дизайнын жасау.
oo Шаблон жасау.
oo Интернет-сайт компоненттерін орнату жəне күйге келтіру.
oo Интернетке сайтты енгізудің экономикалық пайдасын есептеу.
Бұл тақырып қазіргі таңда өте өзекті болып саналады, өйткені бүгінде миллиондаған адам күн сайын үйлерінен шықпай-ақ электронды сайттардан қажетті ақпаратты алады. Əлемде, əсіресе Қазақстанда Интернет қолданушылар саны қарқындап өсіп келеді жəне сонымен қатар электронды сатып алушылар саны да артуда.
Интернеттің арқасында кез-келген жағдайдағы реакция жөнінде ақпарат іс жүзінде жылдам байқалады, ал ара-қашықтық жойылады. Виртуальді дүкендер өндірушілердің кешігуін азайтады, əдеттегі дүкендерді тауармен қамтамасыз ету уақыты да үнемделеді, нарық кеңейеді, сондай-ақ сатып алушылардың мүмкіндіктері де кеңейеді, - кез-келген елден тəулік бойы жəне қай мезгілде болса да қалаған уақытыңызда тауар сатып алуға мүмкіндіктер көбейеді. Бұл виртуалды дүкендердің əдеттегі дүкендермен салыстырғанда артықшылықтарын көрсетеді. Бұл мезетті əдеттегі сауданың электронды түрге өтуі деп қарастыруға болады [9]. Осы жерде айта кетерім, дипломдық жобалау бойынша құрылған корпоративтік сайт ақпараттық мақсатта болса да, келешекте өнідіріске (қолданысқа) енгізілетін болса оны ары қарай дамытып, ауылшаруашылық өнімдерін жарнамалап және сатумен де айналысуға болады. Өйткені сайтты ары қарай дамытып, жетілдіре түсуге болады.
Қазақстанда электронды коммерция саласында əдетте фирмалар жұмыс істейді, сонымен қатар интернет нарығы да өскен, интернет-контент жеткізушілері де (web-порталдар, іздеу машиналары, web-пошта қызметі, интернет- агенттік жаңалықтары) бар. Бұл жерде оффлайн нарығының көшбасшылары жоқ, сонымен қатар ірі халықаралық интернет-компаниялардың өкілдіктері де жоқ.
Интернет-коммерцияның əдеттегі нарығы сауда нарығы ретінде қалыптасты. Дегенмен ақырындап нарықта тұтынушыларға бағдарланған шешімдер пайда бола бастады, ол B2B, немесе business-to-business деп аталатын ұйымдар тарапынан орын алды (B2C, business-to-customer кері).
Интернет-сайттардың функциялары:
oo тұтынушыларға онлайн көмек ұсыну;
oo сатылатын тауарлардың ДҚ интерфейсін ұсыну (каталог түрінде, прайс- парақша);
oo қоймада тауар түрін көбейту;
oo есеп жүргізу (электронды түрде төлем жасау əдісін таңдаған кезде) немесе төлем жасау фактілерін бақылау (əдеттегі есеп формаларын қолдану кезінде);
oo рəсімделетін құжаттардың көшірмесі жəне сатып алушылардың өтініштерін рəсімдеу;
oo орындалған тапсырыстарды қадағалау құралдарын сатып алушыларға ұсыну;
oo тауар жеткізу;
oo маркетингтік əртүрлі ақпараттарды жинақтау жəне талдау;
oo сатып алушылардың жек ақпараттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Жаңа тұтынушыларды əркелкі жарнамалар көмегімен тартуға болады. Сан алуан əлеуметтік желілер, көптеген мастер-класстар мен акцияларды өткізу арқылы клиенттердің назарын интернет-сайтқа аударту жəне ықыласына бөлену. Қазіргі жаңа нарықта тауарлар мен қызмет түрлерін жарнамалау. Интенеттегі жарнама баспа жарнамасынан əлдеқайда арзан, əрі жылдам.
Іскер əріптестерді іздеу жəне олармен қатынастар орнату. Жаңа технологияларды пайдалана отырып компания іскер əріптестеріне өз бөлімдеріндегі қажетті жедел ақпаратты алуларына ықпал жасайды. Талаптарға сай келетін интернет дүкен мысалын қарастырайық. Интернет-сайттың концептуалдық үлгісі 1-суретте келтірілген.
Сурет 1 - Интернет-дүкеннің қызмет үлгісі
Интернет-сайттың негізгі ядросы - сайтты мəтінмен толтырудың логикалық жəне құрылымдық құрамдас бөліктерінен тұрады. Ол интернет-сайтты іздеу жүйелерінде алдыға жылжытуға пайдаланылады. Қосымша модульдерге: жаңалықтар лентасы, тапсырысты каталог бойынша оңай қалыптастыруға арналған корзина сияқты бөліктер жатады. Кері байланыс - клиенттердің компаниямен байланысы, ол форумдар, чаттар, қонақ кітаптары сияқты түрлермен іске асырылады. Сайт əкімшілігі сайттағы деректерді бақылайды жəне оларды басқару жүйесінің ішкі интерфейсі арқылы басқарады. Компания өз клиенттерін сайт көмегімен тартады, ақпарат жəне кеңестер береді [11].
Интернет-сайтты құрғанда оны пайдаланудың ыңғайлы болуын қадағалау керек. Ыңғайлы дегеніміз сайтта орналасқан ақпараттың логикалық құрылымы жақсылап ойластырылған болуы қажет. Іздеуді іске асыратын жолдардың барлығы анық жəне түсінікті болуы шарт. Іздеудің негізгі элементтеріне: мəзірлер, сілтемелер, тез өту пернелері, іздеу қалыптары жатады. Егер мəзірдің қалыбы бірнеше бір-біріне енген формалардан тұрса, алдын ала олар жайлы мəліметті жазып қою қажет. Əр деңгей пернелер, сілтеме ағаштары, түсіп тұратын мəзірлер, жайылатын парақтар сияқты формалармен өрнектелуі керек. Интернет-сайттың графикалық дизайн құрудың алдында оның ақпараттық архитектурасын (сəулетін) жасау қажет. Əйтпесе, бағдарламалаушы оның құрылымын білместен алдын ала дизайнын жасаса, онда ақпаратты қалай ыңғайлы беруге болады деген сұраққа жауап таба алмай қалады.
Пайдаланушы үнемі таңдауда болады: ары қарай сайтты қарай бере ме, жоқ басқа ыңғайлы сайтты іздей ме деген. Нашар ақпараттық архитектура сайтты пайдалануда үнемі ыңғайсыздық тудырады, кіруші адам одан кетіп қалады да, компания пайдасынан қағылады.
Дипломдық жобаның осы бөлімінде жалпы интернет-сайт, дүкен ұғымына тоқталдық. Оның компанияға тигізер пайдасы мен зияны туралы жəне де біздің жасаған интернет сайттың басқа интернет сайттардан айырмашылығы қандай екені туралы айтылды. Сонымен қатар интернет сайтты қандай бағдарламалау тілдерінің көмегімен жасауға болатыны жəне де қандай сайтты басқару жүйесінде құруға болатыны туралы айтылды.
1.3 Интернет-сайт жұмысының құрылымы жəне архитектурасы
Кез келген үлкенді-кішілі мекеменің кəсібін заман талаптарына сай ілгері дөңгелету, өз тауарлары мен өнімдерін тұтынушылар мен өзге серіктестерге жарнамалау жəне ұсыну мақсатында сол мекеменің бизнес процестерін автоматтандыру қажет. Автоматтандырудың бірден-бір құралы - мекеменің бірыңғай ақпараттық жүйесі. Бірыңғай дегеніміз мекеме жəне оның тауарлары мен өнімдері туралы бүкіл ақпараттың бір жерде жинақталып тұруы. Жүйе деген бұл жағдайда өзекті мағынаны білдіретін сөз болып табылады. Жүйе - компанияның жай-күйін көрсететін түсінікті жəне қисынды деректер. Бірыңғай ақпараттық жүйе бұл ең алдымен тұтынушылар, келісімдер, жеткізушілер, құжаттар жəне т.б. туралы барлық корпоративтік ақпарат жинағы болып табылатын программалық өнім. Ақыр аяғында осы өнімнің арқасында мекемені хаостан құтқарып, істерінде жинақылық орнатуы керек.
Əр ұйымның жұмыс аясына қарай өзінің кəсіпті автоматтандыру бағдарламасы болады.
Ендеше, мекемені автоматтандырудың артықшылықтарын тізбектеп атап шығайық:
1. Күнделікті, қарапайым операцияларды автоматтандыра отырып, жұмыс күшін азайту. Бұл тек уақыт үнемділігі емес, адами факторларды, яғни жұмыс орнындағы қателіктерді болдырмауға мүмкіндік береді.
2. Деректер қоры - ақпарат жинағы ретінде. Жұмыстың барлық салалары бойынша ортақ деректер қорының болғаны өте тиімді. Мұнда клиенттер туралы барлық ақпарат, бүкіл жұмыс құжаттары, өзара хат алмасуы сақталады. Сонымен қатар, осы ақпараттардың қауіпсіздігі. Олардың жоғалып кетуінен немесе ұрлануынан жақсы қорғалған сервер сақтап қалады.
3. Басқару біртұтастығы. Қызметкерлерге міндеттерді қою, бұйрықтарды қағаздап жинау жəне т.с.с. мұның бəрі аз жұмысты көбейтіп жібереді. Көптеген бағдарламалар қойылым, бөлу, мақсаттың орындалуын біртұтас жəне қолайлы етуге мүмкіндік береді.
4. Айқындылық. Əкімшілік ету бағдарламасына қаражат пен уақыт кетіруге немесе бірнеше сайттарға кіруге тыйым салуға болады. Дегенмен ол əрекеттер қызметкерлердің уақытын зая кетірмеу мəселесін түбегейлі шешпейді. Автоматтандыру бағдарламалары қызметкердің əрекеттерін, жұмыс жасау деңгейін қадағалауға мүмкіндік береді.
5. Өзара байланыс. Қызметкерлер мен бөлімдердің əртүрлі қалада орналасқанына қарамастан, автоматтандыру бағдарламасы мекеменің біртұтастығын сақтайды. Бұл ұжымдық жұмыс үшін ыңғайлы. [14]
Сонымен мекеменің жұмысын автоматтандыру - жұмысты жеңілдетіп, уақытты үнемдеп, басқару деңгейін жоғарылатады. Дегенмен де, кəсіпкерлерді ұстап тұратын бірнеше факторлар бар. Кішігірім мекеме үшін қымбат, пайдаланылмайтын артық функциялары бар бағдарламалар кешені керек емес, оларға өз деңгейіндегі автоматтандыру жүйесі ғана жеткілікті. Автоматтандыру тек құралы ғана, оны қандай деңгейде, нендей мақсатта қолданатынын басқарушы өзі шешуі керек.
Мəселен, кəдімгі дүкендер үшін бухгалтерлік есеп-қисаптың бағдарламасы кеңінен таралған автоматтандыру түрі болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі таңда автоматтандыру мақсатында сайт жасау əдісін көптеп қолданады, соның ішінде корпоративтік-сайт қарқынды дамуда. Интернет-сайт үлкенді-кішілі мекемелер үшін автоматтандырудың өте тиімді əдісі болып табылады.
1.4 Веб дизайнға қойылатын талаптар
Веб дизайн - сайтты дайындаудың алғашқы этапы. Ол көбіне Adobe Photoshop немесе Macromedia FlashMX бағдарламасында орындалады, веб дизайнның кейбір элементтері CorelDraw немесе Adobe Illustrator векторлы графика, 3Dmax, Maya, LightWare үшөлшемді моделдеу бағдарламаларынан импортталынады. Бірақ веб дизайн тек сайттың көркемдік жағы емес, оның қолданушыға ыңғайлы болуы - тұрақты қолданылатын элементтердің айқын ерекшеленуі, мәзірдің түсінікті болуы жатады. Сондықтан сайттың дизайны бірнеше талаптарға жауап беруі керек:
1. Веб дизайн компанияның имиджін ерекшелеп көрсететін стильді болу керек.
2. Веб дизайн команияның фирмалық стилімен үндесуі керек.
3. Веб дизайн қолданушыға қолайлылық сезімін тудыру қажет, бетте мәтіннің дұрыс құрылуы, суреттердің ыңғайлы орналасуы және ойластырылған түстердің үйлесімділігі осыған септеседі.
4. Веб дизайн қолданушы сайтта басқару элементтері мен навигацияны іздетпегені дұрыс - мәзір анық та түсінікті болу керек.
5. Веб дизайн сайтта жарнамаланатын тауар, қызмет көрсету және ақпаратқа сәйке болу қажет.
6. Веб дизайн жеңіл, яғни сайт беттері ұзақ жүктелмеу керек.
Веб дизайнда анимация жиі қолданылады. Анимацияланған суретті құрған кезде оның салмағын ескерген жөн. Олар ұзақ жүктеліп, қолданушының сіздің сайтынызбен жұмысын қиындатады. Әрине, анимацияланған суреттер статикалық суреттеге қарағанда көбірек көңіл аудартады, оларды мақсатпен және үнемді қолданса нұр үстіне нұр болар еді. Веб дизайн қалай құрылады? Веб дизайн - бұл сайт жобасының бір бөлігі ғана. Жалпы сайтқа техникалық тапсырма қойылады. Онда веб дизайнға негізгі талаптар, беттегі басты элементтердің орналасу схемасы құрылады. Осыдан кейін техникалық тапсырма дизайнерге беріледі, онымен бірігіп дизайн концепциясы жасалынып бекітіледі. Бұл негізгі беттің дизайны, ол барлық сайтқа бірдей стиль береді. Сайттың веб дизайн жобалау мен іске асыру бірнеше күннен бірнеше жұмаға созылуы мүмкін. Қазіргі таңда веб дизайнға креативті, ерекше болу талабы қойылады. Себебі онда, жоғарыда көрсетілгендей өнер, маркетинг, технологиялар қиылысады. Негізгі бетке флеш-ролик, компанияның соңғы жаңалықтарын, логотипті сурет, бөлімдердің қысқаша сипаттамасын орналастыруға болады. Веб дизайнда визуалды қабылдау үлкен рөл атқарады. Экранның әртүрлі жерінде орналасқан элементтер ақпаратты көру және психологиялық қабылдауға әртүрлі әсер етеді. Экранның сол жақ жоғарғы бөлігінде көп қолданушыға таныс логотип орналасады. Ал жаңа бастаған фирмалар логотипін оң жақ жоғарғы бөлікте орналастырса, қолданушы оны тез және оңай жаттайды. Беттің жоғары жағының веб дизайнын фотосурет, басқа графикалық суреттермен безендіру керек. Веб дизайн құрғанда кейбір нәрселерге назар аудару қажет. Суретке тышқан сілтемесін жақындатқанда көмекші сөз шыққан дұрыс. Бұл қолданушының сайтпен жұмыс жасауын едәуір оңайлатады. Гиперсілтемелер жалпы мәтіннен ерекшеленіп, анық бейнелену тиіс. Ал шрифт өзгере алатын болу керек. Бұл мониторларының өлшемі әртүрлі болатын қолданушыларға арналған. Тышқанды қолданбайтын қолданушылар үшін табуляция клавиштерінің көмегімен бетте логикалық тәсілмен қозғалатын арнайы бағдарлама орнатуға болады. Бұл веб дизайнын сапасын арттыра түседі. Тауарды жарнамалайтын сайттарда тауар бағасын суреттердің астына, ал адрес, сандық ақпараттарды беттің төменгі оң жағына орналастырғаны жөн. Баннер төменгі сол жақта орналасса үлкен танымалдыққа ие болады.
Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, web-дизайн негіздерін білу кез-келген мамандықта қажет болады, өйткені web-бет дизайны - бұл ақпараттық дизайн. Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір адам- яғни Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам жасайды. Жоғарыда аталғандар зерттеу жұмысының міндеттері болып табылады.
Веб дизайн кітап, газет немесе журнал баспасының полиграфиялық дизайны секілді маңызға ие. Оның қысқа да нұсқа мағынасы - веб-беттің әдемі, көз тартарлық бейнелеуі бірнеше мақсат көздейді: бұл жақсы имидж қалыптастыру, клиенттердің сенімін күшейту, ақпаратты, қызмет көрсету мен тауарды сатуды көбейту. Веб дизайн тартымды да пайдалы болу үшін оны құру кезінде оған қандай тапсырма жүктелетінін, осы облыстағы бәсекелес сайттарды зерттеу, клиенттің жұмыс стилі, қандай мақсатты аудиторияға арналғанын білу міндетті. Графиканы құру және оптимизациялау - күрделі жұмыс. Веб-бетті графика құрмай-ақ шрифт, скрипт, стиль кестесі (CSS) көмегімен көрнекі етіп жасауға болады. Алайда құжаттың нәтижесіне көптеген факторлар әсер етеді: браузер терезесінің көлемі, үнсіздік бойынша алынған шрифт, түсі және аты. Сонымен қатар, кей скрипт пен стилдер барлық браузерлермен ұстана бермейді. Ал егер сіз графиканы қолдансаңыз, колданушы бетті дәл сіз құрғаныңыздай көреді. Веб-графикамен жұмыстың басты қиындығы-Интернет каналдарының өткізу қасиетінің төмендігі болып табылады. Сондықтан сіз графикалық файлдың көлемі аз, бірақ сапалы болуын және оны оптимизациялауда қандай программалар қолдану қажеттігін қадағалауыныз қажет. Векторлы және растрлы графикалық редакторлар епті қолда қуатты құрал бола алады. Растрлы суретте әрбір пикселдің анықталған орны мен түсі бар, мұнда әрбір объект программаға боялған пиксел жиынтығы ретінде көрінеді. Бұл қолданушы растрлы суреттермен жұмыс жасағанда нақты суретпен емес, пикселдер тобымен жұмыс жасайтындығын көрсетеді. Растрлы суреттер түс градациясын және жартытондарды дәл береді, суреттің жоғарғы детализациясын қамтамасыз етеді. Сол себепті олар тонды суретті берудің (фотографияны сканерлеу) оптималды құралы болып табылады. Растрлы графикада пикселдердің бекітілген көлемі қолданылады. Бұл суретті өзгерту (бұру, үлкейту) кезінде бейненің бұрмалауына және объект шекараның қисық болып шығуына алып келеді. Ал векторлы графика математикалық фигура - векторлар негізінде құрылып, координатасы, түсі және басқа параметрлі қисық және боялған шектелген облыстардан тұрады. Векторлы суретті файл қисықтың координатасы мен параметрлерінен құрастырылады. Оларды өзгерткенде сапа төмендемейді. Векторлы графика ұсақ кеглдер (шрифттар) қолданған цифрлы объектілер және анық контур қажет логотиптер жасауда пайдаланылады.
Adobe Photoshop - растрлы графиканы профессионалды өңдеудің ең қуатты пакеті. Әртүрлі фильтрлер мен эффекті жиынтығынан тұратын, растрлы суретті модификациялаудың көптеген мүмкіндіктерінен құралған үлкен кешен болып табылады. Веб-беттің қалай құрастырылу принципін түсінгеннен кейін, олардың әрқилы мақсаттарда қолданатынын білеміз. Сол себепті қазіргі таңда Веб-дизайнға көп көңіл аударылады, өйткені желідегі қайсібір ақпараттық ресурстың танымалдығы тікелей соған байланысты. Веб-дизайнердің жалақысының жоғары болуының себебі де сол. Веб-бетті құрушы адам, өзінің білімін шығармашылық потенциалымен ұштастырады. Көз сүйсінерлік Веб-бетті жасап шығару үшін суретші әрі программист қасиетіне ие болу шарт. Веб қосымшаларын жасаудағы басты қиындық беттің көлемі және интернет броузерлердің сыйымдылығы болып келеді. Macromedia корпорациясы Веб-та барлық ақпарат түрлерінің соңғы жаңалықтарын қолдануға тырысты. Macromedia Flash - өте қуатты, сонымен қатар қолданыста қарапайым, интерактивтілікті ұстанатын векторлы графика негізінде анимациялық жобалар жасаудың құралы. Flash суретшілер мен дизайнерлер үшін веб-жобаны анимация және дыбыспен толықтыруда таптырмайтын жұмыс құралы болып табылады. Flash-ты Веб стандарт ретінде келісім жасалғалы, ол HTML-мен оңай интеграцияланды. Алғашында бұл программа Splash Animator деп аталды және белгісіз Future Animation фирмасымен мультфильм жасау мақсатымен сатылды. Аниматор-суретшілерге арналып, кең қолданыс таба алмады. WWW қосымшалары танымал бола бастаған кезде Macromedia секілді алып фирма оған көңіл аударып, сатып алды да Flash деп атын өзгертті. Flash құрастырушылары жобаны жасауды оңайлату және автоматтандыру үшін программа интерфейсін өзгертті. Өзгеріс тек сыртқы бейнені ғана емес, құрамына да тарады. Flash-та интерактивтілік түсінігі Action Script (Іс-әрекет) сценарийлерін қолдану арқылы кеңейді. Ол электронды дүкендерді алғаш құрастырушы behaviors (интерфейс элементтерінің орнын ауыстыру, логика және математика) күрделі іс-әрекет стилін құрастыруға мүмкіндік береді. Осы себепті программа Веб-өңдеушілерінің арасында кеңінен қолданып, аниматор маманға керемет көмекші бола алды. 1996 жылы пайда болғаннан кейін Flash көрнекі мультемидийлік Веб-бет құрастыруда стандарт болды. Мысал ретінде Citibank, Fox, PepsiCola, Paramount, Plymouth, Chrysler, Nestle және Warner Bros серверлерін көрсетуге болады. Flash-та жұмыс жасау үшін программалаудың маманы болып қажет емес, бұл jаvascript, Java немесе HTML кодтарын жазбай-ақ интерактивті Веб-түйін жасауға мүмкіндік береді. Интернетте кез келген Веб-беттің негізін құжатты белгілеу және гипертексті ақпарат беруші HTML тілі құрайды. Flash технология HTML орнын баспағанмен, қазіргі таңда Flash көмегімен толыққанды бет-ролик жасап шығаруға болады. Macromedia Flash қолданатын көптеген беттерде HTML мүлде жоқ сияқты, мұнда HTML-код Flash арқасында минимумға әкелінген. Код мағынасы - Flash-клиптің дұрыс орналасуы.
1.5 Web-дизайн пирамидасы
Web-дизайнның барлық компоненттерін 2-суретте көрсетілгендей Web-пирамиданың метафорасы арқылы көрсетуге болады. Мазмұны, бұл пирамиданы құраушы кірпіштер, ал фундамент көруші образдармен және технологиялармен негізделіп жасалады.
Сурет 2 - Web-дизайн пирамидасы
Корпоративтік сайттар негізінен бизнесті қолдау үшін құрылады. Корпоративтік сайттың негізгі аудиториясы потенциалды және ұйымның нақты клиенттері. Қосымша аудиторияға көбінесе әлеуетті және жарамды инвесторлар, қызметкерлер және ұйымның мүдделі тараптары кіреді. Осындай аралас аудиторияны есепке ала отырып, корпоративтік сайттарға келесілер кіреді:
- негізгі ақпаратты тарату-сайт ұйым ұсынатын өнімдер мен қызметтер туралы ақпаратты тарату үшін қолданылады. Берілген басқа ақпарат негізінен Web-тен басқа тәсілдермен фирмамен қалай байланысуға болатындығы туралы мәліметтерді қамтиды;
- қолдау-сайттың бір бөлігі клиенттерге ұйым ұсынатын өнімдер мен қызметтерді тиімді пайдалануға қатысты ақпараттық көмек көрсетуге арналған;
- Инвесторлармен байланыс - ашық акционерлік қоғамдар немесе сыртқы инвесторларды іздейтін компаниялар компаниядағы ағымдағы экономикалық жағдай туралы, сондай-ақ инвестиция салудың болашақ мүмкіндіктері туралы ақпаратты жариялау үшін сайт немесе сайт бөлімін құра алады;
- қоғаммен байланыс - көптеген фирмалар веб-сайттарды мәліметтер жинайтын әртүрлі ұйымдарға ақпарат беру үшін, сондай-ақ компания туралы негізгі ақпаратты өз еркімен жариялау үшін пайдаланады;
- қызметкерлерді іздеу-web-сайттар жұмысқа қабылдау және компанияда жұмыс істеудің артықшылықтары туралы хабарландыруларды орналастыру үшін жиі пайдаланылады.
Веб-дизайнерлер ретінде біз веб-сайттарымызды мұқият жоспарлауға тырысамыз, бірақ оларды жобалау қиын. Web-технологиялар біздің сайтымыздың құрылысын күрделі міндетке айналдырады, оны орындау үшін ұжымдық жұмыс және желілік ортаны тұрақты түсіну қажет. Біз әдемі және функционалды веб - сайт жасай алатын мамандар болсақ та, біздің пайдаланушылар біздің әдемі жаратылысымызды шатастырып көре алады.
Дизайнерлер көбінесе өз веб-сайттарына келушілердің қалауына қарағанда өз қажеттіліктері мен тілектерін ойлауға көп уақыт жұмсайды. Web-әзірлеумен байланысты проблемалардың деңгейі соншалықты үлкен болмаса да, интернет-уақыт сынақтарына төтеп бере алатын функционалды, тартымды веб-сайт құру оңай емес. Пирамида дизайнерлерге веб-дизайнның барлық аспектілерін өзара әрекеттесуде оңай ұсынуға мүмкіндік береді, бірақ желілік орта туралы тереңірек түсінік беру үшін ештеңе ұсына алмайды.
1.6 Сайт құрастыруға қолданылған бағдарламалық кешендер
1.6.1 CSS каскадтық стильдер тілі
Дипломдық жобаның тақырыбы бойынша сайтттың дизайнын, яғни түстерді, шрифттерді, жеке блоктардың орналасуын және веб-беттің пайда болуының басқа аспектілерін белгілеу үшін CSS-ті қолданыладым.
CSS (Cascading Style Sheets - Каскадтық стильді кестелер) - HTML, XHTML және т.б. белгілеу тілдерінде жазылған веб беттердің сыртқы көрінісін суреттейтін, әрлейтін тіл болып есептеледі. Бұл тілде веб беттердің сыртқы көрінісіндегі шрифттер, түстер, жайғасуы, блоктар сияқты элементтерді жасауға болады. CSS-тің пайда болуының негізгі себебі белгілеу тілдерінде (HTML, XHTML, XML және т.б.) веб беттердің логикалық құрылымдарымен сыртқы көріністерін суреттеуді бір-бірімен бөліп қарастыру болды. Себебі әр қайсысы бөлек болса, сайт жасағанда да, сайттың кодын оқығанда да түсінуге ыңғайлы болады.
CSS-ті дамытудың мақсаты веб-беттің логикалық құрылымының сипаттамасын сол веб-беттің сыртқы түрінің сипаттамасынан ажырату болды. Бұл бөлу құжаттың қол жетімділігін арттыруға, икемділікті арттыруға және құрылымдағы код пен қайталанатын элементтердің күрделілігін азайтуға қызмет етеді.
Артықшылықтары:
oo CSS тілі көмегімен HTML тілінде жазуға болмайтын параметрлерді беруге болады. Мысалға алатын болсақ сілтемелердің астындағы сызықты алып тастауға болады;
oo CSS арқылы веб беттің сыртқы көрінісін оңай өзгертуге болады. Көп құжаттардың сыртқы көрінісін бір кесте арқылы көрсету. Мысалға, сіз 30 бет кодтағы шрифттарды жасыл түс қылдыңыз. Бірақ уақыт өткен соң, көк не қызыл түске өзгерткіңіз келіп, барлық 20 бетке кіріп керекті атрибуттағы шрифтты өзгертіп шығасыз. Ал CSS тілі арқылы сол 20 беттің барлығын бір ғана стильдердің кестесінде өзгерте салуға болады.
oo Құрамалы және жинақталған дизайн техникасы. CSS тілінде сайт версткасы деген ұғым бар.
1.6.2 JavaScript бағдарламалау тілі
Осы дипломдық жобаның практикалық бөлімінде JavaScript мүмкіндіктері де пайдаланылды.
JavaScript -- бұл салыстырмалы қарапайым объектілі - бағытталған тіл, және ол үлкен емес клиенттік және серверлік қосымшаларды Интернет үшін жасауға және құруға арналған. JavaScript тілінде жазылған бағдарламалар HTML-құжаттамалары құрамына қосылады және солармен бірге таралады.
Көру бағдарламалары (ағылшын тілінің browser сөзінен шыққан браузерлер) Netscape Navigator және Microsoft Internet Explorer типтері бағдарлама-қоюшы құжаттамаларында тұрғызылған құжат мәтіндерін таниды (script-коды) және оларды орындайды. Олай болса, JavaScript - бағдарламалаудың интерпретацияланатын түрі. JavaScript жасалған бағдарламалардың мысалы ретінде пайдаланушымен енгізілген мәліметтерді тексеретін немесе құжаттаманы ашу немесе жабу кезінде қандай да бір әрекеттерді орындауға атқаратын бағдарламаларын қарастыруға болады. Мұндай бағдарламалар негізінен пайдаланушының әрекетіне әсер ете алады - тышқан пернесін басу, экранды формаға мәліметтерді беру немесе тышқанды жылжыту арқылы беттерде жылжуға мүмкіндік береді. Одан басқа, JavaScript-бағдарламалар браузерлердің өзін және құжаттамалар атрибуттарын басқара алады.
JavaScript тілі синтаксисі бойынша Java тілімен ұқсас бола отырып, объектілі модельді қоспағанда, өз кезегінде мәліметтердің статикалық типтері және қатаң типтеу қасиеттеріне ие емес. JavaScript бағдарламасында Java бағдарламасынан өзгешелігі, кластар түсінігі тілдің синтаксистік конструкциясының негізі болып табылмайды. Мұндай негіз болып мәліметтердің алдын ала анықталған типтерінің қатары, яғни атқарылатын жүйемен көтерілетін типтері: сандық, булевтік және қатарлық есептеледі, сонымен қатар өз бетінше дербес функцияларды орындаушылар және объектілер әдістері (JavaScript терминологиясындағы әдістер - және сол сияқты басқалар, яғни функциябағдарламалар); өз қасиетеріне және әдістеріне ие алдын ала анықталған объектілер үлкен қатарына ие объектілі модель және т.б., сонымен қатар жаңа объектілерді пайдаланушылар үшін бағдарламалардағы тапсырмалар ережелері қатары және т.б. жатады.
JavaScript бағдарламаны жасау үшін ешқандай қосымша құралдар қажет емес, тек қана сәйкес версиядағы JavaScript тілін көтере алатын және HTML - құжаттамаларды құруға мүмкіндік беретін мәтіндік редактор болса болды. Бағдарлама JavaScript тікелей HTML-құжаттама мәтінінде тұрғызылатын болғандықтан сіз өзіңіздің жұмысыңыздың нәтижесін құжаттаманы браузермен көру кезінде аша аласыз және қажет болғанда өзгерістер енгізуге мүмкіндігіңіз болады.
2 САЙТТЫ ҚҰРАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕНДЕРМЕН ЖҰМЫС
Сайтты құруды бастамас бұрын ең алдымен сайтты қарастыруда қоладанатын критериилердің тізімін құру керек. Критерии - сайттың негізгі құраушылары, олар навигация, дизайн, ақпаратты табу ыңғайлылығы және т.б.
Навигация сайттың бөлімдерінің арасында қозғалуды сипатайды. Жақсы ойластырылып жасалған навигация сайтқа қажетті сұрақтарға жауап беру керек: мен қай беттерді қарадым, мен қай беттемін, тағы қандай бөлімдерді қарай аламын деген сияқты сұрақтар.
Ақпаратты ұйымдастыру. Реттелген құрылым түріндегі деректерді ұйымдастыру кірушіге оның сайттан қандай ақпаратты таба алатындығы, оны қайдан іздеу керектігін хабарлауы керек.
Жақсы құрылым және навигация - сайттың тиімділігінің және ұйымдасқандығының белгілері.
Экраннан мәтінді оқу парақтан оқудан 25% нашар әсер етеді. Сол үшін сайттағы мәтіндер түсінікті және керек болса бірнеше беттерге бөлінуі керек.
Дизайн сайтты рәсімдеу түрін анықтайды және оны әдемі ету үшін жасалған. Кез келген сайтқа кірушінің көзіне түсетіні де алдымен оның дизайны. Сол үшін сайттың дизайнына көп көңіл бөлу керек. Ақпараттың толықтылығы. Кез келген ақпаратты анықтау бойынша тоқтаусыз толтыра беруге болады. Сол үшін оның таңдалған тақырып бойынша толықтылығын басқа көздермен салыстырып анықтайды.
Жүктелу жылдамдығы -маңызды критерилердің бірі. Сайтқа кірушілердің көбісі бірінші оның жылдамдығына қатты көңіл бөледі.
Жаңару жиілігі - ақпараттың жаңаруы бойынша сайттарды көп жаңаланатын және аз жаңаланатын деп бөлуге болады. Жоғарыда айтылған критерилердің барлығы кез келген сайттың категориялары үшін әмбебап болып табылады.
Web-сайт (ағыл. Website, web−өрмекшінің торы және site − орын) − бір ортақ тақырыппен, дизайнмен біріктірілген, өзара байланысты сілтемелер жүйесі бар Интернет желісінде орналасқан беттердің жиынтығы.
Web-сайт - бұл тек файлдар жиынтығы ғана емес, ол әдемілік пен функционалдылықтың, жұмыста ыңғайлылықтың күрделі жиыны. Сайт жасаудың ең қиындығы - барлық ұсақ компоненттерді есепке алып, олардың арасында байланыс орнату. Ал байланыссыз сайт тек файлдар жиынтығы болып қалады. Сайт бұл :
- Мәртебе және уақыттың талабы.
Технология жағынан дамыған қоғамда сайттың болуы бұл жетістік. Сайт арқылы өзіңізді, өз жұмысыңызды, өз бизнесіңізді өзіңіз қалағандай етіп көрсете аласыз. Сіз онда мәтін, фотосурет, сызбалар, суреттер қоя аласыз.
- Шексіз аудитория.
Тура мағынасындағы шексіз аудитория. Сіздің ақпаратыңызға дүние жүзінің кез келген нүктесінен, кез келген елден барлық интернет қолданушылары қол жеткізе алады. Көптілді сайт жобалары - әлемдік қоғамға нақты қадам.
- Жарнамалық алаң.
Сіздің өнімдеріңізді немесе қызметтеріңізді бәрі көреді және біледі.
- Ақпаратты басқарудағы жедел қимылдаушылық.
Сіз әр минут сайын веб-беттеріңізге өзгертулер енгізсеңіз қолданушылар сол сәтте жаңартылған нұсқаларды көреді. Жаңалықтар енгізу немесе өзгертілген жұмыс кестесі бұлардың бәрі барынша қысқа мерзімде жаңартылып отырады. Қаражатты және уақыт үнемдеуге мүмкіндік.
- Кері байланыс және байланыс нақты уақытта.
Пайдаланушылар сізбен электрондық пошта арқылы жедел байланыса алады немесе жазба қалдырады. Сіз олардың тілегіне әрқашан тез жауап қайтара аласыз.
Әрбір сайт белгілі бір мақсатпен жасалады. Ең бірінші олар желі қолданушыларына қандай да бір ақпаратты жеткізу үшін қажетті болып табылады. Web-сайтты жасау күрделі және көп уақытты талап ететін жұмыс. Сайттың логикалық құрылымын жасау, қажетті материалдарды жинақтау, оларды өңдеуден өткізу сайтты жасаудың басты кезеңі - жоспарлауға тікелей байланысты. Сайтты құрастыруды бастамас бұрын алдымен ол сайттың болашақтағы қызметі, атқаратын міндеті, қолданылу саласы, пайдаланушыларға тигізер пайдасы, мазмұны қандай болмақ, соны анықтап алу қажет.
Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:
Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:
1. Сайттың орны.
2. Сайттың аудиториясы кімдер.
3. Қандай ақпарат жарияланады.
4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.
Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың бағдарламалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:
1. Навигациялық құрылымын жасау.
2. Беттің дизайнын жасау.
3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.
Бағдарламау. Бұл кезеңдің мәні сайтты форматтауда.
Тестілеу. Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:
1. Сілтеменің жұмысы;
2. Мәтіндегі қателер;
3. Навигацияның тиімділіғі.
4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.
5. Графикалық файлдардың ашылуы.
6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.
Жариялау. Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.
Жарнамалау. Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:
1. Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;
2. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;
3. Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу;
4. Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.
Бақылау. Web-сайтта жариялап жарнамалаған сон оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады. Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып тұру керек.
Сайттың сапалы болуы оның әсемдігі мен бағдарламалық жабдығына ғана емес, сондай-ақ, ондағы мәліметтердің ақиқат болуына және олардың жылдам жаңарып отыруына байланысты.
Сайттың құрылуы - бұл циклды жолдың бастамасы болып саналады. Жақсы сайт - кез келген ортаға бейімделіп өзгеріп отыратын тірі ағза секілді. Кез келген мәліметтерге сұраныс жасаған кезде олардың web-парақтары тез ашылуы және сілтемелері дұрыс құрылуы қажет. Сайт web-парақтарының экранға жылдам жүктелуі телекоммуникациялық желі жылдамдығына ғана емес, web-бағдарламашылардың сайтты дұрыс құрылымдай білуіне де тәуелді.
Web-сайт беттерінің арасындағы тығыз байланыс оның басты сапалы белгілерінің бірі болып табылады. Бұл жай байланыс емес, алдын-ала ойластырылған құрылым бойынша байланыс болуы қажет. Мұндай құрылым біз жоғарыда айтып өткен логикалық құрылым деп аталады. Логикалық құрылымы дұрыс жоспарланған сайт мынадай бөлімдерді біріктіреді: бастапқы бет; сайт жаңалықтары; бет1; бет2; сайт құрушылар туралы ақпарат, сайт картасы.
Бастапқы бет - бұл кішкене Web-бет, ол қолданушы сайт адресін терген кезде экранда пайда болады. Әдетте, мұндай беттерде сайттың өзінің немесе оның иесінің графикалық логотипі орналасады. Бастапқы бет пайдаланушы сайт адресін ешбір файл атын немесе бетті көрсетпей терген кезде кескінделеді (мысалы, http:ayanfoto.kz ). Онда сайт жайлы қысқаша мәлімет, жаңалықтар және басқа беттерге сілтеме жасалынған гиперсілтемелер жиынтығы болады. Сайт жаңалықтары бөлек бетке орналастырылады. Оларда енгізілген толықтырулар мен өзгерістер хронологикалық тізім ретінде беріледі. Сайттағы жаңалықтар белгілі уақыт көлемінде жаңартылып тұруы тиіс.
Сайттың негізгі мазмұны бөлімдер мен беттерде беріледі. Ол кітап сияқты құрылымдалады: бір тақырыпқа арналған бөлек абзацтар бір бөлімге жинақталады, ал бөлімдердің өзі тарауға жинақталады. Осылайша пайдаланушы тараудан бөлімдерге өте отырып керекті ақпаратты тауып алады.
Сайтты құрушылар туралы мәлімет жеке бөлек бетте орналасуы немесе басты беттің ерекше бөлімінде орналасуы мүмкін. Мұнда электрондық поштасы, телефон, факс, пейджер нөмерлері, яғни хабарласуға болатын барлық мәліметтер орналасуы керек.
Сайт картасы - бұл сайттың логикалық құрылымы көрсетілген бет. Сайт картасы өзіне не керек екенін жақсы білетін пайдаланушыларға қажетті ақпаратты тез табу үшін қажет. Карта үлкен сайттардың барлығында міндетті түрде болады.
Физикалық құрылым сайтта қолданылатын файлдар мен бумалардың орналасуын көрсетеді. Мәліметтер мен файлдарды бумаларға бөліп сақтау жүздеген файлдармен жұмыс істегенде пайдалы, мұнда файлдарды ретімен бумаларға орналастырған дұрыс. Бұл әсіресе, сайтты жаңартқан кезде өте ыңғайлы.
Қорыта айтқанда, сайт жасаудың жоғарыда атап көрсетілген кейбір ұстанымдары мен технологиясын ескеру, сапалы да, мазмұнды сайт құрастыруға біршама болса да, септігін тигізеді.
2.1 Сайт құрудағы қажетті кезеңдер мен атқарылатын қызметтерге шолу
Кез келген Web сайт - контентті құрудан басталады. Сайтты құру үшін оның құру процессін жеңілдететін процесс контент пен оның техникалық тапсырмасын құру. Ол үшін бұл процесстің бизнес-жоспарының рефератын жазу қажет. Бұндай реферат сайтты құру процессінің негізгі мәнін ұғуға көп көмегін тигізеді.
Жобалау кезеңі аяқталғаннан кейін, web-құрушы қолында сайттың функционалдық элементтерінің сипаттары болады. Бұл сипаттарды ол сайт дизайнына енгізіп, ары қарай графика мен сайт макетін құру жұмысына кіріседі.
Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.
Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдің фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
Әдетте, маман Web-дизайнерлер иллюстрацияларды дайындау үшін Adobe Photoshop немесе CorelDRAW пакеттерін пайдаланады. Суреттердің аннимациясын аталған бағдарламада жасалған слайдттардан құрастырады. Ол үшін арнайы жасақталған утилиттерді пайдаланады.
Графикалық бөлімді құрған соң, сайт парақтарын қалыптастыруға өту қажет. Бұл процессте ең оңтайлы тәсіл ретінде қол коддингі деп аталатын әдісті айтуға болады. Өйткені алынған парақтардың көлемі әдеттегіден аздау болып, ондағы қажет эффектілер болмай қалуы мүмкін. Қажетті мәліметтерді одан ары қарай бөлшектеп болған соң, парақтардың макеті құрылады.
Сурет, бөлмедегі сурет. Сурет әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі-түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынады.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б. түрлері болады. Ол HTML тілінде жасалады. Макеттермен жұмыс істеу кезінде парақтарды құруға арналған кез келген арнайы бағдарламаны пайдалануға болады. (Мысалы Homesite, Microsoft FrontPage, Macromedia Dreamweaver, Macromedia ColdFusion және басқалар).
Microsoft Corporation (maɪkrəˌsɒft) - дүниежүзіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компания.
Осы кезеңде сайттың графикалық бөліміне қажетті барлық талаптар мен элементтерді анықтап алу қажет. Мысалы кнопкалар, маркерлер, фондық суреттер, бөлу сызықтары, логотиптер т.б.с.с.
Осылайша статикалық парақтарды дайындап болған соң, клиенттік скриптерді жазу қажет. Бұл кезеңге дейін сайттың статикалық парақтары дайын болуы керек. Яғни мәліметтерді клиенттік-серверлік түрде дайындау үшін қажет амалдардың бәрі жасалғаны дұрыс. Бұл жағдайда кез келген бағдарламалау тілдерін немесе бірнеше тілдерді қолдануға болады. Мысалы: JavaScript, PHP, Perl, Macromedia Flash, Java, XML, VRML және басқалар.
JavaScript (ˈdʒɑːvɑːˌskrɪpt) - объектіге бағытталған скрипттік (немесе сценарийлер) бағдарламалау тілі. ECMAScript тілінің диалекті болып табылады. ECMA-262 спецификациясының Conformance бөліміне сәйкес ECMAScript спецификациясының жүзеге асқан өнімі.
Web-серверге қажетті Дерекқорларды құру үшін, және ондағы деректерді өзгертіп отыру немесе онымен белгілі бір операциялар жасау үшін әдетте сұрату тілдері болып табылатын MySQL және mSQL пайдалануға болады. Парақтарды дайындап алып, сайтқа арналған Дерекқорды құрған соң, сайтты басқаратын модульді құру қажет. Одан кейінгі кезең ретінде сайтты тестілеуді атауға болады. Сонымен бірге сайт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мәселелерді де қарастыру қажет. Өйткені дайын болған сайтты бұзуға әрекет жасайтын да адамдар табылып қалуы мүмкін.
Біраз қосымша өңдеулерден өткен соң, Интернетке енгізілетін дайын бағдарламалық өнім пайда болады. Сайт ашылып, жұмысқа кіріскеннен кейін оның халық арасына кеңінен тарап кетуіне күш салу қажет.
Бұл кезеңдермен қатар жобада мына мәселелер анықталып қамтылуы қажет:
1. Тақырыптың ауқымдылығы. Мысалы ауқымды (дүниежүзілік), кең (мемлекеттік), белгілі бір мәселеге бағытталған.
2. Жоба бағыты. Көркем, танымдық, ғылыми, ресми, т.б.с.с.
3. Жоба формалары. Баяндайтын, суреттейтін, музыкалық немесе осылар аралас. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz