Сөйлем және пайымдау


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Батырхан Жансая Бекжанқызы
Синтаксистің логикалық аспектісі (қазақ тілі материалында)
7М01717- «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін алу үшін жазылған магистрлік диссертация
(ғылыми-педагогикалық бағыт)
Нұр-Сұлтан, 2021 ж.
Аннотация
Бұл жұмыста қазақ тілі синтаксистік құрылысының логикалық аспектісінде қандай сипаттар бар екені айқындалып, осыған орай тілдік айғақтар арқылы талданды. Логикадағы пайымдау санаты мен синтаксистегі сөйлем санатының сыйысатын және сыйыспайтын тұстары көрсетілді. Сонымен қатар құрмалас сөйлемнің логикалық қырлары ашылды. Құрмалас сөйлемге формалды логикалық тұрғыдан модельдеу жасалды.
Диссертацияның нәтижелері қазақ тілінің құрылысын логикалық заңдылықтар арқылы талдау мен зерттеулер жасауға септігін тигізеді.
Аннотация
В данной работе были выявлены и проанализированы характеристики логического аспекта синтаксической структуры казахского языка с помощью лингвистических данных. Показаны совместимость и несовместимость категории рассуждений в логике и категории предложения в синтаксисе. Раскрываются также логические аспекты составных предложений. Произведено формальное логическое моделирование составного предложения. Результаты диссертации способствуют анализу и исследованию структуры казахского языка посредством логических закономерностей.
Annotation
This work identified and analyzed the characteristics of the logical aspect of the syntactic structure of the Kazakh language through the usage of linguistic data. It demonstrated the coherence and incompatibility of the categories of reasoning in logic and the categories of sentences in syntax. Besides this, logical aspects of the complex sentences were also revealed. A formal logical modeling was implemented towards the complex sentences.
The results of the dissertation contribute to the analysis and study of the structure of the Kazakh language by means of logical consequence.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1 ЛОГИКА ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ . . . 10
1. 1 Тіл біліміндегі логикашылдықтың тарихына шолу . . . 10
1. 2 Тіл және ойлау . . . 14
1. 3 Тіл бірліктері мен логика санаттары . . . 23
2 СИНТАКСИСТІҢ ЛОГИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ . . . 29
2. 1 Сөйлем және пайымдау . . . 29
2. 2 Құрмалас сөйлемнің логикалық қырлары . . . 39
2. 3 Құрмалас сөйлемнің логикалық сұлбалары . . . 49
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61
КІРІСПЕ
Диссертация жұмысының өзектілігі. Кез келген тілдің синтаксистік құрылысы әр түрлі аспектіден зерттеледі. Тіл ғылымында ондай аспектілердің мынадай түрлері анықталған: құрылымдық аспект, семантикалық аспект, функционалдық аспект, коммуникативтік аспект, логикалық аспект.
Тіл білімі - логика ғылымының қойнауынан шыққан ғылым. Сондықтан тілде логикаға тән құбылыстар мен түзілімдер ерекше орын алады. Алайда тілтанушы ғалымдар тіл білімінің дербестігін тұғырлау үшін логика мен грамматика сыйыспайтын ұғымдар деп дәлелдеуге ұмтылады. Алайда тіл мен ойлаудың тығыз байланысты екенін ешкім де жоққа шығармайды, олай болса, мұндай үрдістердің шындыққа сай емес екенін анық байқауға болады. Демек, синтаксистік құрылыстың логикалық қырларын зерттеу күн тәртібінен түспейді.
Тіл білімі философияның тіл философиясы дейтін тараумен байланысты болып келеді. Бұл екеуіне ортақ мәселе - тіл мен ойлаудың байланысы. Ойлау мен оның заңдары - философияның негізгі мәселелері болып табылады. Ал тіл - ойдың жемісі, ойды қалыптастырып жарыққа шығаратын тіл, яғни ой құралы деп айтсақ қателеспейміз. Адамдар өз ойын тіл арқылы басқа адамдарға білдіріп, сөйлеу арқылы басқаның ойын ұғады. Сондықтан ойлаудың жемісі, құралы болып табылатын тілге философия ғылымы мән бермей тұра алмайтыны, онсыз ойлау заңдылықтарын дұрыс шешу мүмкін еместігі дәлелденген.
Қазақ тілінің синтаксистік құрылысы, функционалдық және коммуникативтік аспектілерден қарастырған бірлі-жарым еңбекті былай қойғанда, бүгінгі күнге дейін, негізінен, құрылымдық аспектіден зерттеліп келеді. Алайда қазақ синтаксисшілері сөйлемді анықтауда логикалық санатқа сүйенбей тұра алмайды. Оның бір дәлелі - осы күнге дейін Аристотельдің логикалық пайымдауға берген анықтамасы пайдаланылып, «сөйлем тиянақты ойды білдіреді» дейтін қағиданы ұстанып келеді. Мұның тілдің синтаксистік-семантикалық табиғатына қаншалықты сай екені дәлелденген жоқ.
Жоғарыда айтылғандарды ескере келе біз қазақ тілі синтаксистік құрылысының логикалық аспектісінде қандай сипаттар бар екенін айқындап, осыған орай тілдік айғақтарды талдап, түйіндеуді мақсат еттік.
Синтаксистің логикалық аспектісі, тіл мен ойдың байланысы және тілдің логикалық санаттары И. Сизова, В. Бабайцева, Н. Дмитриев, А. Потебня, Г. Штейнталь, А. Кудрин, Д. Горского, Ф. Тягунов, В. Кириллов, А. Никифоров, Т. Қордабаев, К. Аханов, С. Аманжолов, Р. Әміров, Ж. Жақыпов, Ә. Хасенов, А. Тұрсынбаева, Т. Ғабитов т. б ғалымдардың еңбектерінде едәуір шамада қаралған.
Тіл мен ойлау - еңбектің жемісі. Тілдің дамуына - ойлау, ойлаудың дамуына тілдің айрықша әсері болған. Адам ойлауы тілдің шығуымен және тілдің шығуы адам ойлауының шығуымен бір мезгілде шығып, бірге дамыды. Еңбек ету әрекетінсіз адам ойлауы да, тілі де туа алмаған болар еді, ойлау мен тіл дамымай еңбек етуді жолға қою да мүмкін емес еді.
Логиканың екі жарым мың жылдан астам тарихы бар. Логика - ойлауды танудың формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Грекия, Үндістан, Қытай елдерінде философия ғылымының аясында дамып, кейіннен жеке ғылым ретінде қалыптасты. Ежелгі грек философы Аристотель логиканың негізін салған. Ал Сократ әңгімелесуде ұғымдарды анықтаудың логикалық қырларын меңгерген. Сократтың шәкірті Платон таным мен логика мәселелеріне көп көңіл бөлген. Демокрит логикалық мәселелерді кең және жүйелі түрде мазмұндау жолдарын көрсетіп кеткен болатын. Ол тек таным мен ақиқаттың өлшемін ғана емес, танымдағы логикалық пікірдің рөлі мен пайымдауды жан-жақты зерттеген. Ең алғаш логиканың негізін қалаған Аристотель болды, сондықтан формалды логиканы аристотельдік деп жиі атап кеткен. Логиканың ұғым, пайымдау, ой тұжырымы сияқты бөлімдері мен болжау теорияларының логикалық негізін Аристотель жасаған. Аристотель формалды логиканың алғашқы үш заңын тұжырымдаған. Тілдің табиғаты, тіл мен ойлау Гумбольдт зерттеген мәселелер қатарына жатады. Ал К. Маркс пен Ф. Энгельс тіл мен ойдың бірге шыққандығын және олардың өзара тығыз байланыстылығын көрсеткен. К. Маркс: «Тіл дегеніміз - ойдың тікелей шындығы», - деген анықтама берді. Тіл мен ойлаудың байланысы қандай дәрежеде екінін және оның нақты сипатын анықтау - теориялық тіл білімі мен философияда ежелден-ақ әртүрлі пікірлер туындаған. Ф. Э. Шлейермахер мен И. Г. Гаман тіл мен ойлау бірдей құбылыс деп, алЛ. Леви-Брюль тілге ерекше мән беріп, оймен өте жақын құбылыс деп көрсеткен. Ф. Э. Бенеке тіл мен ойлау арасындағы байланысты жоққа шығаратын пікірлер айтқан. Американың тіл маманы Б. Уорф ойды тіл билейді деп жорамалдаған. Б. Уорф өз еңбектерінде тілді тек ой үдерістерімен байланыстырып қоймай, қабылдау үдерісін тіл билейді деген қорытынды шығарған болатын.
Логиканың ортағасырдәуірінде дамуы батыс және араб тілді философтар Ибн-Сина, әл-Фараби және Ибн Рушд есімдерімен де байланысты.
XVII-XVIII ғасыраларда логика ғылымы едәуір дамыды. Логиканық категориялардың жалпы адамзаттық болатыны, оның тілдік категоиялармен байланысы айқындала бастады. Бұл іске сол дәуірдің атақты философтары мен тіл ғалымдары қатысты. Сөйтіп, тіл мен ойлау және оның санаттарын зерттеу күн тәртібіне қойылып, әлі күнге дейін зерттеліп келеді.
Әр халықтың тілі фонетикалық, лексикалық және грамматикалық құрылымы өзіндік даму жолымен жүреді, соған қарамастан кез-келген тіл логикалық ойлаудың заңдарына бағынады.
Тіл білімі мен логиканың түйісетін жері - тіл мен ойлаудың арақатысы мәселесіне келіп тіреледі. Дұрыс ой мен сөз - адамзат баласының ғылыми тұрғыда қалыптасуына, логикалық мәдениетке ие болуына септігін тигізеді. Тіл мен ойлау тығыз байланыста, бірақ бұлардың әрқайсысының өзіндік дербестігі бар. Тілдің жасалу мен өмір сүруіне логиканың жеткілікті әсері болды. Ойлау мен тілдің байланысы көбінесе ұғым мен сөздің, пайымдау мен сөйлемнің байланысы негізінде қарастырылып дәлелденген. Логика - ойлау формаларын, олардың өзара байланысу, даму жолдарын зерттейтін ғылым болып табылады. Логика адам ойын, оның құрылымы, ойлау формалары мен қызмет ету заңдары тұрғысынан қаралады. Тіл ойдың тікелей шындығы, ал ой шындығы тек тіл арқылы ғана көріне алады. Логика тіл білімінің қалыптасуында, дамуында елеулі қызмет атқарғаны белгілі. Көптеген грамматикалық ережелер мен терминдер логиканың әсерімен және соның тікелей қатысымен дүниеге келген. Ойлау формалары тілдік элементтермен тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан ұғым, байымдау, ой қорытындысы сияқты логикалық санаттар тілдік элементтер арқылы көрініп отырады. Ойлаудың тілмен тығыз бірлікте болатынын ойлау формаларының бірі - пайымдаудың сөйлеммен байланысынан көре аламыз. Пайымдауға, мағыналық жақтан алып қарағанда, бірдемені сұрау, бұйыру, құптау, хабарлау немесе жоққа шығару тән. Ал форма жағынан субъект-предикаттық құрылымға тән. Пайымдаудың негізгі элементтері: субъект, предикат, байланыс (связка) . Ой мен тіл тығыз байланысты дегенде бұлардың бір-бірінсіз қызмет ете алмайтынын ғана айтпай, ой сөйлеу арқылы түзетіліп, жөнделіп тұратынын меңзеген. Тіл мен ой байланысты, бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтыны белгілі. Бұлар абсолюттік немесе тепе-теңдік бірлік емес, әрқайсысы өзіндік ерекшеліктер мен қайшылықтарға толы. Бұл пікір тіл мен ойдың байланысы жөніндегі соңғы шешім болып табылады.
Тіл дегеніміз - сөздік белгілердің тобы. Ал белгі - шындық пен болмысты білдіреді. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізе аламыз. Ақыл-ой жетістігі болып табылатын, ақиқат өмірдің бейнеленуін қамтамасыз ететін ең жоғарғы таным-түйсік адамға ғана тән және ол сөйлеумен тікелей байланысты. Ой - тіл арқылы айтылған мазмұнның негізі. Адамның ойы тіл арқылы, тілдегі сөздер және сөйлемдер арқылы материалдық формаға енеді. Ойдың сыртқа шығуына және жасалуына тілдің рөлі орасан зор.
Синтаксистің логикалық аспектісін орыс тіл білімінің лингвистері тіл, ойлау және болмыс арасындағы байланыс деп қарастырады. Жалпы тіл біліміне арналған еңбектерде тіл ойды қалыптастыру, білдіру және сөйлеу құралы ретінде қарастырылады. Көптеген лингвистер коммуникативті функцияны тілдің негізгі қызметі деп санайды, алайда ойлау тілдің көмегімен жүзеге асатындықтан ғана, тіл қарым-қатынас құралы бола алатындығын ұмытады. Синтаксистің логикалық аспектісі, оның ішінде пайымдау санатының сөйлемге қатысы бар екені дәлелденген. Бұл екеуінің сәйкесетін және сәйкеспейтін тұстарын алып көрсету, мысалдар арқылы дәлелдеу жұмысымыздың өзектілігін айқындайды.
Зерттеудің негізгі нысаны. Қазақ тіліндегі сөйлемдік құрылымдар мен формалды логикадағы пайымдау санаты талдауға алынады.
Диссертацияның мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - синтаксистің логикалық аспектісі (қазақ тілі материалында), оның ішінде грамматикалық және логикалық категориялардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау. Тіл және ойлаудың байланысынан туған грамматикалық категориялар мен логикалық категорияларды салыстыру, логикалық және грамматикалық зерттеулерде негізгі орынды алатын сөйлем мәселесі мен логикалық санаттардың түзілімдерін зерттеу - осы мақсат аясындағы жайттар. Бірде-бір ойдың сөзсіз пайда болуы мүмкін емес құбылыс. Адам ойын тек тіл арқылы ғана емес, белгілі бір дыбыс, жазу арқылы да жеткізе алады. Тілдің құрылымы мен логиканың арақатынасын зерттеу - логика ғылымы мақсаттарының бірі болып тағайындалады. Логика-грамматикалық зерттеулерде негізгі орынды сөйлем мәселесі алады. Жоғарыда аталған мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- тіл біліміндегі логикашылдықтың тарихын және қалыптасуын зерттеу;
- грамматикалық және логикалық санаттардың байланысын айқындау;
- грамматикалық сөйлем мен логикалық пайымдаудың айырмашылығын түсіндіру.
- логикалық пайымдау мен грамматикалық сөйлемнің диалектикалық байланысын ашу мен айырмашылықтарын мысалдар талдай отырып дәлелдеу, осы үшін жай сөйлемнің және құрмалас сөйлемнің логикалық қырларын ашып көрсету;
- құрмалас сөйлемді формалды логикалық тұрғыдан модельдеу.
Зерттеудің дереккөздері. Диссертация жұмысына құрмалас сөйлемдерден құрылған 310 мысал қолдандық. Құрмалас сөйлемнің логикалық қырларын ашу мақсатында бұрын оқулықтарда, ғылыми еңбектерде құрылымдық-мағыналық жағы ғана қарастырылған дайын мысалдарды пайдаландық.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Синтаксистің негізгі зерттеу нысаны болып табылатын сөйлемге логикалық тұрғыдан талдауға ықпал етеді. Зерттеудің пәнаралық сипаттары бар: тілдегі синтаксистік құрылыс логика ғылымының санаттары арқылы зерттеледі. Диссертацияның нәтижелері қазақ тілінің құрылысын логикалық заңдылықтар арқылы талдау мен зерттеулер жасауға септігін тигізеді. Зерттеудің практикалық маңызы сонда, орта мектепте, жоғарғы оқу орындарында қазақ тілі синтаксистік құрылысын оқытып-үйретуде логикалық негізге сүйену үшін осы диссертация материалдарын табысты түрде пайдалануға болады. Сондай-ақ филология факультеттеріндегі семинарлық сабақтарда пайдалануға болады.
Жұмыста қолданылған зерттеу әдістері мен тәсілдері. Зерттеудің әдістанулық негізі ретінде философиядағы таным амалдары туралы тұжырымдарға сүйендік. Оларға мыналар жатады: 1. тікелей бейнелеу, 2. жанама бейнелеу, 3. жекені бейнелеу, 4. эксперимент, 5. модельдеу 6. анализ бен синтез, 7. индукция мен дедукция 8. салыстыру, 9. жалпыны бейнелеу. Синтаксистің логикалық аспектісі деген тақырып атауының өзі зерттеу әдісімен байланысты. Демек, қазақ тілі синтаксисінің құрылысын зерттеу үшін логикалық әдістер қолданылды. Логикалық заңдар: тепе-теңдік заңы, қайшылықсыздық заңы, үшіншісі жоқ заңы, жеткілікті негіз заңы, дедукция. Осы заңдардың құрмалас сөйлемнің құрылымында бейнеленуін мысалдар арқылы талдадық. Логикада ақиқат пен жалған бірге жүретің заңдылықтар да кездеседі. Екі қарама-қайшы пайымдаудың бірі ақиқат, бірі жалғанға құрылады. Осыған байланысты логикалық операциялар жасадық. Зерттеу әдістемесінің жиі қолданылған түрлері: формалдау, схемаға түсіру, модель жасау.
Зерттеу жұмысы бойынша жарияланымдар (мақалалар) . «Сөйлем мен пайымдау», «Тіл мен ойлау».
Диссертация жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлім, бес тараушадан және қорытындылардан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.
Жұмыстың кіріспе бөлімінде мәселенің өзектілігі, зерттеу нысаны, зерттеудің мақсат-міндеттері, теориялық және практикалық маңызы т. б тың ақпараттардан басталады. Бірінші бөлімде тіл мен ойлаудың байланысы, тіл біліміндегі логикашылдықтың тарихы жайлы мәселелер сөз болады. Екінші бөлімде грамматикалық санаттар мен логикалық санаттардың ұқсастығы, логикалық пайымдау мен грамматикалық сөйлемнің сәйкесетін де, сәйкеспейтін де тұстарын мысалдар арқылы дәлелдедік. Құрмалас сөйлемнің логикалық қырларын ашып көрсеттік.
1. Логика және тіл білімі
1. 1 Тіл біліміндегі логикашылдықтың тарихына шолу
Логика ғылымының екі жарым мың жылдан астам даму тарихы бар. Ең әуелі Грекия, Үндістан, Қытайдың ежелгі қоғамында философия аясында туып, кейін өзіндік жеке заңдылықтары бар ғылым ретінде қалыптаса бастады.
Ежелгі грек философы Аристотель логиканың негізін қалаушы болып саналады. Дегенмен логика ғылымы одан көп уақыт бұрын пайда болған. Мұнда философияны мазмұндауда дәлелдеудің қарсы жору әдісін алғаш грек философы Элеядан шыққан. Өзінің әңгімелесуінде ұғымдарды анықтаудың логикалық операцияларын тамаша пайдаланған Сократты да атап өткен жөн. Оның замандасы Демокрит логикалық мәселелерді жүйелі түрде мазмұндау жолын көрсетті. Оның «Логика туралы» еңбегінің мәні зор болды деуге болады. Бұл еңбекте тек таным мәні, оның негізгі формалары мен ақиқаттық өлшемі ғана емес, танымдағы пікірдің рөлі, пайымдау жайлы жан-жақты сөз болған. Сонымен қатар ой-тұжырымның кейбір түрлерін сынап, логиканың ережелерін құруға ұмтылыстар жасаған. Сократтың ең танымал шәкірті Платон логика мәселелеріне, соның ішінде ұғым мен пайымдауды зерттеген.
Ең алғаш логиканың жүйелі баяндалуын Аристотель жүзеге асырған болатын, сондықтан формалды логиканы аристотельдік деп жиі атайды. Аристотелдің шығармалары ішіндегі ең көрнектісі деп, алты логикалық еңбектен тұратын «Органон» деген жинағын айтуға болады. Ол кітап әрбір ойланатын адам үшін логиканың ең қажетті құралы деп есептелінген. Логиканың ұғым, пайымдау, ой тұжырымы сияқты санаттарын Аристотель жасаған. Логиканың ортағасыр дәуірінде дамуы батыс еуропалық схоластикамен және араб тілді философтар Ибн-Сина, Әл-Фараби және Ибн Рушд есімдерінмен байланысты.
Ойлау дегеніміз - шындық дүниенің санамызда қалыптасуы. Ой - дүниені танудың нәтижесі. Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды сезім мүшелері арқылы танып білуге болмайтын қасиеттерін, тек ойлану арқылы, ой-қорытынды жасау арқылы тани аламыз. Аристотель мен Әл-Фараби дүниені тану сезімнен басталып, ақыл-ой танымына өтіп, тәжірибелік танымда қорытылады деген. Көп нәрсенің ішкі қасиеттерін ашуға, мәнін тануға ойлау мүмкіндік береді. Абстарктілі ойлау - дүниені танудың екінші сатысы, ойлау дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді. Ойлаудың заңдылықтары мен формаларын, логикалық әдістер мен амалдарды логика ғылымы зерттейді. Логика ғылым ретінде IV ғасырда пайда болды. Аристотель ойлаудың заңдылықтарын анықтады. Аристотельдің ілімін дамытуда өз пікірін ежелгі ойшыл Гален білдірген. Логика орта ғасырларда дамыды, бірақ Аристотельдің ілімін бұрмалап, оны діни догмаларға негіздеуге бейімдеді. Логика дамуындағы ең маңызды кезең ағылшын философы Ф. Бэкон жасаған индукция теориясы болды. Аристотельдің дедуктивті логикасы мен Ф. Бэконның индуктивті логикасы ұзақ уақыт бойы еуропалық білім беру жүйесінің міндетті элементі болып табылатын және қазіргі кездегі логикалық білімнің негізін құрайтын жалпы білім беру пәнінің негізін құрады. Бұл логика, әдетте, формалды деп аталады, өйткені ойлау формалары туралы ғылым ретінде пайда болды және дамыды. Оны дәстүрлі немесе аристотельдік логика деп те атайды. Логиканың одан әрі дамуы Р. Декарт, Г. Лейбниц, И. Кант және т. б басқалар сияқты батыс еуропа ойшылдарының есімдерімен байланысты [6, 14] .
Француз философы Р. Декарт логика идеяларын дамытты, ол «ақыл-ойға басшылық ету ережелері» эссесіне ғылыми тұжырымдама ережелерін жасады. 1662 жылы Парижде «Пор-Рояльдың логикасы» және «Логика немесе ойлау өнері» атты кітаптары жарық көрді. Кітап логиканың кейінгі даму тарихына айтарлықтай әсер етті. Логикалық мәселелерді зерттеуге үлкен үлес қосқан немістің ойшылы Лейбниц болды, ол ақыл-ой заңдарын тұжырымдап, тек логика идеясын алға тартты. Неміс философы И. Кант және көптеген батыс еуропалық философтар мен ғалымдар логиканың дамуына үлкен үлес қосты. Көптеген ғалымдар өзіндік идеяларымен бөлісті. Олар: М. В. Ломоносов, А. Н. Радищев, Н. Г. Чернышевский, ресейлік логик М. И. Каринский мен Л. В. Рутковский. С. И. Поварнин қарым-қатынас логикасын алғашқылардың бірі болып дамытты. Көп мәнді логиканың дамуы ерекше дами түсті.
Символдық логика жүйелеріндегі ойлау үдерістерін зерттеу жалпы формалды логиканың одан әрі дамуына айтарлықтай әсер етті. Формалды логиканың ерекшелігі - оның пайда болуын, өзгеруін, дамуын абстрактілеп, ойлау формаларын қарастырады. Гегельдің объективті-идеалистік философиялық жүйесінде философияны материалистік тұрғыдан қайта өңделген диалектикалық логикамен зерттеді. Диалектикалық логика адам ойлауының даму заңдылықтарын, сонымен қатар олардың негізінде қалыптасатын әдіснамалық принциптер мен объективті әлемнің диалектикасын тану әдісі ретінде қызмет етеді. Формалды логика мен диалектикалық логика адамның ойлауын зерттейді, бірақ екеуінің өзіндік зерттеу ерекшеліктері бар. Диалектикалық логикаформалды логиканың орнын баса алмайды. Бұл ойлаудың екі ғылымы, олар тығыз әрекеттесіп дамиды [6, 16] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz