Инновациялық технологиялардың түрлерін талдау


М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Рамазанова Ақтілек Кенжебекқызы
Музыка пәнін оқытуда инновациялық технологияны қолдану тиімділігі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Музыкалық білім 5В010600
Орал 2021ж.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
Бабенко О. А.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Музыка пәнін оқытуда инновациялық технологияны қолдану тиімділігі»
Музыкалық білім 5В010600
Орындаған: Рамазанова А. К.
Ғылыми жетекшісі
PhD докторы, доцент: Кажимова К. Р.
Орал 2021ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 5
- «Инновация», «Инновациялық технология» . . . 5
1. 2 Инновациялық технологиялар ұғымына шетелдік және отандық ғалымдардың пікірлері . . . 8
2 ҚАЗІРГІЗАМАНҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОҚУ ПӘНІ РЕТІНДЕ . . . 12
2. 1 Оқу үрдісінде қолданылатын инновациялық технологиялар . . . 12
2. 2 Музыка пәнін оқытуда инновациялық әдістердің тиімділігі . . . 25
3 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТЕЖІРИБЕЛІК - ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ . . . 35
3. 1 Дәстүрлі және инновациялық оқыту әдістерін салыстыра отырып музыка сабағында қолдану . . . 35
3. 2 Инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық процестерін қалыптастыру бағытындағы эксперимент нәтижесі . . . 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 50
КІРІСПЕ
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» - деп білім берудегі назар аудару керек басымдықтарды атап көрсетіп берген болатын [1] .
Дипломдық зерттеу жұмысның өзектілігі. Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланып, білім сапасын арттыру бұл қазіргі заман талабы. Қазақстан Республикасының білім туралы заңында Білім берудің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, практикалық және ғылыми жетістіктер, оушының тұлға болып қалыптасуына үлес қосу, жағдай жасау деп атап көрсетілген болатын. Қазіргі кезде білім беру саласында жаңаша көзқарас, ойлау, қарым - қатынас қалыптасуда. Оқытуды тиімді ұйымдастыру жолдарын барлық әлем педагогтары қарастыру үстінде. Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде практика жүзінде оқыту бағыттарында әдістер қолданылуда. Себебі біздің елімізге заман талабына сай ойлай алатын білімді, белсенді, шығармашылық ойлау қабілеті дамыған ұрпақ керек. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық ойлау деңгейін дамыту.
Зерттеу жұмысының мақсаты : Инновациялық технологияларға жалпы сипаттама беріп, оларды оқу үрдісінде қолдану негіздерін және білім сапасын арттырудағы мүмкіншілігін айқындау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Инновациялық технологиялардың түрлерін талдау;
- Инновациялық білім беру технологияларының орны мен рөлін анықтау;
- Оқу үрдісінде инновациялық білім беру технологияларын қолдану
мүмкіндіктері;
- Музыка сабағында компьютерлік - ақпараттық технологияны қолданудың
жолдарын анықтау;
- Инновациялық технологиялар жайында отандық, шетелдік теориялық әдістемелік материалдарды талдау.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептің оқу - тәрбие және жоғары оқу орындарында болашақ кәсіби мамандарды даярлау үдерісі.
Зерттеудің пәні : Оқу үрдісінде инновациялық білім беру технологияларын қолдану жолдары.
Зерттеу жұмысының болжамы: инновациялық технологияларды оқу үрдісінде тиімді пайдалану, орынды қолдану бұл оқушылардың жан - жақты дамып, жетілуіне және танымдық процестерін арттыра отырып, олардың білімге, дамуға деген қызығушылығын ашу.
Зерттеу жұмысының әдістері мен әдістемелері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен ондағы болжамды дәлелдеу үшін технология, инновация ұғымдарына жан - жақты анықтама беріп, инновациялық технология түрлері мен оларды қолдану жолдарына талдау жүргізілді.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттен және қосымшалардан тұрады. Сонымен бірге зерттеу жұмысында сызбалар, кестелер, диаграммалар көрсетіледі.
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 «Инновация», «Инновациялық технология» ұғымдарына жалпы түсінік
Білім беру саласында қызмет ететін қызметкерлердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі - оқытудағы әдіс тәсілдерді үнемі жетілдіріп отыру мен жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық технологиялар мен интерактивті әдістерді сабақтарда қолданып, сабақтың қызықты өтуіне ықпал жасауда.
Қазіргі білім беру саласында инновация сөзі кеңінен қолданылып жүр. Бірақ ғалымдар бұл терминге нақты анықтама бермеген. Берілген анықтамалардың басым көпшілігі бұл ұғымды кеңінен түсіндіре алмайды.
Инновация ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енді. Бұл термин көп ғалымдардың еңбектерінде «жаңа», «жаңалық ашу» болып көрсетілсе, кейбірі «өзгеріс» деп сипаттама береді.
«Инновация» латынның «novis» жаңалық, «in» енгізу деген сөздерінен шыққан. Ал қазақша аудармасына келер болсақ, «жаңару, өзгеру» деген мағынаға ие [2] .
Ең алғаш ХІХ ғасырда «инновация» ұғымы мәдениеттанушылардың зерттеуінің нәтежиесінде пайда болды. Яғни бұл бір мәдениет түрін екінші ел мәдениетіне енгізуді білдірді және этнографияда бұл ұғым ақталды.
Инновация сөзін қазақша мағынада жаңа, жаңалық деген мағынаны білдірді десек, С. Ожеговтың сөздігіне сүйенетін болсақ, инновация сөзі бірінші рет шыққан, жуық арада пайда болып, бұрынның орнын басатын, бұрыннан таныс болмай жаңадан пайда болған жаңалық болып шығады. Сонымен қоса инновация ұғымын әр ел өзінше түсінген. АҚШ, Нидерланды елдерінде бұл термин кеңінен таралған. Ал Арабия, Жапония тәрізді мемлекеттерден кездестіру мүмкін емес.
«Инновация» сөзі қазіргі кезде барлық өндіріс, техника, медицина салаларында кеңінен қолданылып жүр [2, 20 б] .
Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтар жасау, оны жүзеге асыру. Кез - келген жаңа әдіс уақытша жоспарға жатады. Бұл дегеніміз оқытушы үшін жаңалық ашу болып есептеледі.
Инновацияны енгізудің кезеңдері мен алғышарттарына шолу жасасақ:
І кезең: Жаңа идеяны іздеу. Ақпараттандыру, ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру.
ІІ кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру. Оқытуда жаңалық енгізуді алғашқы байқаудан өткізу.
ІІІ кезең: Жаңалықтарды енгізу. Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдістерді пайдалану.
IV кезең: Жаңалықтарды бекіту. Енгізілген жаңалықтардың нәтижесін бағалау.
Инновациялық білім беру - іскерлік түрі болып есептеледі. Инновациялық технология оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдету мен шығармашылық жұмыстар жасауға бағытталған. Бұндай технологияны қолдану барысында оқушы ұтады, себебі сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектесіп, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға жағдай туғызады.
Бүгінгі заманда жаңа технологияларды енгізумен қатар «технология» деген ұғым жиі кездеседі. ХХ ғасырдың 60 - жылдары Анталия мен АҚШ-та пайда болып, бұл термин өмір қажеттілігіне байланысты дүниежүзіне тарады. Педагогикада бұл ұғым оқушылардың күштерін аз жұмсап, ең жоғарғы нәтижеге жетуінің принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталады.
Материалдық өндіріс саласында еңбек затын бірте - бірте терең меңгеру негізінде өнімнің өсуіне әкелетін жаңа технологиялар жасалса, білім беру саласында басқаша, технологиялар ұстаз іс - әрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конструкциялар ретінде жасалынады.
«Технология» термині гректің techne- өнер, шеберлік және logos- ғылым, білім деген сөздерден шықты.
Инновациялық технолгиялар дегеніміз білім саласында қолданылатын жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктерге негізделген әдіс [2, 36 б] .
Жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында педагогикалық тәжірибе үлкен рөл атқарады. Бұл - өз қызметіне шығармашылықпен қарау. Әрбір педагог жаңа инновациялық техналогияны меңгеру кезінде өзін - өзі дамытып, қалыптастырады.
Педагогикалық инновация мазмұнына, мағынасына, нәтижесіне қарай екіге бөлінеді:
- білім беру жүйесіндегі инновциялар;
- оқу тәрбие жұмысының жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұны мен
құрылысына жататын инновациялар.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру жүйесінің кеңістігіне кіру мақсатында Қазақсатан білім беруде жаңа жүйелер құруда. Бұл үрдіс оқу - тәрбие үрдісіне өзгерістер енгізумен қатар, елімізде іске асырылып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметтеріне жаңашыл көзқараспен қарауды, атқарылған жұмыстарға сын көзбен қарап саралауды, шығармашылық қабілетті арттыру мен мұғалімнің іс - әрекетіне жаңашылдықпен қарауды талап етеді.
Білім берудің сапасын арттыруда жаңа инновациялық технологияларды сараптай келе, төмендегідей тұжырым жасауға болады:
-оқушылардың білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологиялардың түрлері сан алуан, аларды таңдау мен нәтиже шығара білу оқушылардың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
- жаңа инновациялық технологияларды енгізу неғұрлым жүйелі, мақсатты болса ғана жетістікке жетуге болады.
Қазіргі инновациялық технологияларының педагогикалық қағидалары: білім алушыларға ізгілік тұрғысынан қарау; балалардың танымдық қуатын қалыптастыру мен дамыту; балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; оқу үдерісін оқушыларға сезіндіре алу.
Білім беру саласында инновациялық бағыттың қажеттілігін анықтайын себептерге төмендегілер кіреді:
- білім беру жүйесінің жаңашалануы, яғни оқу орындарының кредиттік жүйеге
көшуі мен орта білім беру жүйесінің 12 жылдыққа асысуы;
- білім беру мазмұнының ізгіленуі;
- мұғалім мен оқушыға қойылатын талаптардың жаңа бағытта қарастырылып,
оқушы тек тұтынушы ретінде емес, ортақ іс - шара субъектісі болуы.
Сонымен қатар педагогикалық жаңалық - жаңа идея, технология болып қана қоймай, білім беру мен тәрбиедегі белгілі міндеттердің тиімді шешілуі болып табылады.
Анық айтқанда, сабақта түрлі стратегиялық әдістердің көмегімен оқушы жеке тұлға ретінде жан - жақты дамып, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіріп, білімді меңгереді.
Жаңа педагогикалық технолгиялар - әр сабақта пайдаланатын, сол тақырыпты оқушыға жеткізудің, оқытушы тарапынан тиімді әдісі.
Педагогикалық технологиялар дұрыс жобалануы үшін міндетті 5 элемет қажет:
- Мақсат қою.
- Болжау
- Оқушылардың сабақтан тыс өз бетімен орындайтын жұмыстары.
- Логикалық құрылым
- Түзету
Қазіргі заманғы инновациялық технологиялармен жұмыс жасау үшін төмендегі алғышарттар керек:
- оқытуды интенсивтендіруді қолға алу;
- оқушылардың сабақбастылығын болдырмау шараларын қолға алу. Оның
ғылыми - әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасау;
- жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп, білім стандарттарымен жете
танысу, білімді деңгейлеу технологияларын игеру арқылы оқушыларға мемлекеттік стандарттарды игеруге қол жеткізу;
- оқыту үдерісін ізгілендіріп, демократияландыруды басшылықта ұстау.
Кез - келген елдің экономикалық қуаты, халықтың өмір сүру деңгейі, дүниежүзілік қауымдастықтағы салмағы мен орны сол елдің технологиялық дамуының деңгейін анықтайды. Қоғамның дамуы мен жаңа технологияларды енгізу сапалылығы елдегі білім беру ісінің жолға қойылуы мен саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық қарқынды дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым мен мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі көзі болып отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық, телекоммуникациялық технологияларын игеруге міндеттіміз [2, 56 б] .
Жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден - бір шарты - оқу орындарындағы білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды енгізу екендігі түсінікті. Сондықтан ғылыми - техникалық прогрестен қалмай, жаңа технологияларды дер кезінде меңгеріп, қабылдап, өңдеп, нәтижеге жете білу - әрбір адамның негізі міндеті болып табылады.
Еліміздің экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосып, әлемдік инновацияға көтерілетін мәдениетті де парасатты, дені сау азаматтарды тәрбиелеу - мектеп пен ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндеті. «Адам ұрпағымен мың жасайды» дегендей, халықтың басты мәселесі ұрпақ тәрбиесі болған.
Тарихтан білетініміз: дарынды, қабілеттері жоғары бағаланған қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдындағы үлкен мақсат - жеке тұлға қалыптастырып шығару. Педагогикада еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайтындығы дәлелденген.
- Инновациялық технологиялар ұғымына шетелдік және отандық ғалымдардың пікірлері
Жаңа педагогикалық технология - оқыту үрдісін түгелдей қолданып, бағалау, білімді адам мен техника ресурстарын ескере отырып игеру мен жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі оқу жүйесінде дәстүрлі және дәстүрлі емес жаңа, дамыта оқыту әдістері пайдаланылуда. Дәстірлі әдісті сабақ жүйесі ретінде Я. А. Коменский салса, жаңа педагогикалық әдістер 50-60 жылдары пайда болды және осы күнге Л. С. Выготский, М. Н. Скаткин, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов сынды ғалымдар идеяларымен жалғасты.
В. Беспалько өз еңбектерінде «жаңа педагогикалық технология ұғымын тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға байланысты қолданылатын әдіс - тәсілдер құрам бөлігі, ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы», - деп түсіндіреді.
Б. Т. Лихачев «педагогикалық технология - оқыту формасын, әдісін, тәсілін, тәрбие құралдарының жинақталуын анықтайтын психологиялық - педагогикалық құрылғылардың жиынтығы», - деп анықтама берді. Ал Г. К. Селевко «педагогикалық технология» ұғымын 3 аспектімен қарастырды:
- ғылыми: педагогикалық технология - жобаланған педагогикалық үдеріс пен
оқытудың әдісі мен мазмұнын, мақсатын оқытатын педагогикалық ғылым бөлігі;
- бейнелеулі іс - жүргізу: оқыту нәтижесіне жету үшін құралдар мен әдістерді, мазмұн - мақсатын бейнелейтін үдеріс.
- нақтылы іс - жүргізу: технологиялық үдерістерді жүзеге асырып, әдістемелік және тұлғалық құралдарды жинақтау.
Сонымен қатар, Б. Т. Лихачев: «педагогикалық технология өзгермейтін механикалық құрылым емес, керісінше бала мен мұғалім үнемі түрленіп отыратын өзара қарым - қатынас өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым. Педагогикалық технология мәні - шығармашылық қабілетті дамытуға жағдай туғызу» деді [2, 11 б] .
В. В. Воронов «педагогикалық технология - тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын бағыт» - деп есептейді.
В. М. Шепель: «Технология - өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, жағдайдың өзгеруі» десе, М. Чошанов: «Технология - дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі» - деп анықтама берген.
Педагогикалық технология ұғымына берілген көптеген анықтамалар бар, олар: оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді жобалауда біріккен педагогикалық іс - әрекеттің моделі (Монахов В. М. ), барлық сабақ беру үдерісін жасаудың, қолдану мен анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгеру мен олардың өзара әрекеттерін ескеру, мазмұнына қорытынды жасау (ЮНСКО) .
В. А. Сластенин бойынша педагогикалық технология деген: ол қатал ғылыми жоспарлау жəне дəлірек айтқанда, педагогикалық əрекеттің жетістігін қамтамасыз ететіндігін елестету.
Педагогикалық технология теориялық педагогика мен практиканың арасында үлкен орын алып отыр. Педагогикалық технология деп мақсат қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын үнемі жақсартудың, бағалау мен жүйелердің тиімділігі жөнінде ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюды айтамыз [2, 12 б] .
В. Н. Бордовская мен А. А. Реанның көрсетуінше, педагогикалық педагогикалық технологиялар білім беру жүйесінде ұстаз бен оқушының іс - әрекетіне, мақсат - мазмұн әдістерін ұйымдастырудың белгілі принциптеріне, өзара байланысына сай нақтылы идея негізінде жүзеге асырылған.
М. А. Мартыновичтің пайымдауы бойынша оқыту технологиялары «мұғалім әрекетінің құрылымы, алгоритімі, стратегиясы, педагогикалық қызметті ұйымдастыру» болып табылады [3] .
Инновациялық технологияларды әр елде анықтау мақсатында ғылыми - педагогикалық, саяси әдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шетелде, ТМД елдерінде, Қазақстанда «инновация» ұғымына көптеген анықтамалар беріледі.
«2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беретін мектептерінде ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатында оқыту жүйесі заманауи технологияларды пайдалануға негізделген деп көрсетеді [4] .
Қазақстанда «Инновация» ұғымына алғашқы қазақ тілді анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үдеріс дегеніміз - білім беру мекемелерінің жаңалық жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты қызметі» - деген анықтама берген.
Н. Нұрахметов «инновация» білім мазмұны мен әдістемеде, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өз жіктемелерінде инновацияны, қайта жаңғыру кеңістігін бірнеше түрге бөлді: жеке түрі (жеке - дара, бір-бірімен байланыспаған) ; модульдік түрі ( жеке - дара кешені, бір - бірімен байланысқан) ; жүйелі түрі (мектепті толықтай қамтиды) [2, 21 б] .
Қазіргі уақытта Қазақстанда Ш. Қалановтың, М. Жанпейісованың, Ә. Жүніспек пен Қ. Нағымжанованың, Ж. Қаратаевтің, Ш. Таубаеваның, Қ. Қабдықайыровтың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан - жақты қарастырылады. Бұл технологиялар теориялық тұрғыдан дәлелденіп, тәжірибе жүзінде жақсы көрсеткіш көрсетуде. Қазіргі заманғы технологияларды қолдануда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз ісіне деген сүйіспеншілік, білім сапасының жоғарылығы ерекше рөл атқарады.
Г. М. Құсайыновтың пайымдауынша, педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқаша ұғым. Ол мұғалімнің жоспарлаған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаты мен нәтижелерге жетумен сабақ беру үрдісі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылық етуімен оқушылардың өзінің және өзара оқыту үдерісі, ол білім беру мазмұны мен оқу жоспарының іс-әрекеттерін меңгеру.
Әдіскер С. Көшімбетов өзінің зерттеулерінде оқу - тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс - тәсілдерін қолданудың төмендегідей ерекшеліктерін атап көрсетті:
- ізгілендіру технологиясында «бала - субъект», «бала - объект», тұрғысынан енгізіледі де, ал ғылыми білімдерде «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы, іс - әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігі ретінде қарастырылады;
- Ақпаратты бағдарламалап оқыту - оқыту үрдісінің мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;
- Қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеру;
- Иллюстрациялы оқытуда «адам - қоғам - табиғат» үйлесімділік бағытында саналы мәдениет қалыптасады;
- Саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқыту мазмұны, әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау барысында адамның инновациялық қабілеттерін қалыптастыруға бағытталады.
- Оқытушы білмейтін шығармашылық ізденістің негізінде пайда болған жаңа қабілет;
- Дербес оқыту технологиясы оқу - тәрбие үрдісінде ғылым негіздерін игертуде ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік - психологиялық жауапкершілігін арттырады.
Қазіргі таңда Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұстынған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сай кез келген үлгі бойынша қызмет етуге мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы құрылымы, мазмұны, ғылымға және тәжірибеге негізделген идеялар, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бар. Сондықтан оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы өте зор. Қазіргі білім беру жүйесінде оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан - жақты маман болуы мүмкін емес. Қазіргі педагогикалық технологияларды меңгеру мұғалімнің кәсіптік, интелектуалдық, рухани, адами қабілеттерінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқытуды тиімді ұйымдастыруына көмектеседі [2, 14 б] .
Қазіргі таңда елімізде білім беруді ақпараттандырудың басты мақсаты - қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану негізінде біртұтас біліми ақпараттық орта құру арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру болып табылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп атап көрсетілген [5] .
2 ҚАЗІРГІЗАМАНҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОҚУ ПӘНІ РЕТІНДЕ
2. 1 Оқу үрдісінде қолданылатын инновациялық технологиялар
Қазіргі кезде мектептердің білім беру жүйесінде 50 - ден аса педагогикалық технологияларды қолданып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың барлығын бір сабақта қамту мүмкін емес.
Сондықтан мектептегі әрбір пәнді оқытуда технологияларды таңдап, іріктеу және оны іс - әрекет тұрғысында жетілдіру оқушылардың білім жетістіктерін арттыруға көмектеседі.
Білім беруді ізгілендіру технологиясы
Ш. А. Амонашвилидің зерттеуі нәтижесінде қалыптасты. Бұл технологияның мақсаты:балалардың жеке қастиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу. Баланың жаны мен жүрегіне жылулық ұялататын, танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасау. Ерекшеліктеріне келер болсақ:
- Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;
- Бала психикасын дамытуға, есеюге және еркіндікке деген құштарлығын
қалыптастыру;
- Әсемдік пен әдемілікті сезіну, қабылдау;
- Рухани жетілдіру;
- Ізгілікті, жеке қарым - қатынас жасау;
- Ата - анамен бірлесіп жұмыс жасау;
- Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі [2, 65 б] .
.
Мақсаты: талап ету педагогикасынан қарым - қатынас педагогикасына өту. Балаға ізгілік тұрғысынан қарап, оқыту мен тәрбиенің бірлігін қалыптастыру.
Ерекшелігі:
- Мұғалім де оқушы да субъект болады;
- Басымдық көрсетілмейді;
- Бірлік одақта қызмет етеді;
- Мектепте ұжым арасында өзара ынтымақтастық орнайды;
- Балаға жеке ізгілік тұрғысынан қарау;
- Қоршаған орта педагогикаланады [2, 64 б] .
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, білім саласының дамуын қамтамасыз етеді.
Мақсаты: оқушыларды қабілет, мүмкіндіктеріне қарай оқыту. Оқытуды оқушылардың ерекшеліктеріне қарай бейімдеп, ыңғайлау.
Ерекшеліктері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz