Балауса аула клубының үйірмелері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Мәдениет және өнер факультеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Балауса аула клубы
Дайындаған:МТЖ-31 студенті Дарханова А.С
Тексерген:Оқытушы,магистр Сүлейменов М.Қ

Орал - 2021
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау.Балауса аула клубының тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
ІІ тарау.Балауса аула клубының үйірмелері
2.1Айгөлек би үйірмесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.2Сардар театр үйірмесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.3Мұрагер домбыра үйірмесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.4Умелые ручкиқолөнер үйірмесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 3
2.5Сурет сыры үйірмесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ІІІ тарау. Балауса аула клубында өткізілген шаралар ... ... ... ... ... 22 IV тарау.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
V тарау. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .25

Кіріспе
Қоғамның экономикасын, мәдениетін, әлеуметтік, рухани өмірін дамытуда әр адамның жеке тұлғасы, азаматтық келбеті, адамгершілігі отаншылдығы, ұлтжандылығы, еңбекке деген шығармашылық қабілеті мен белсенділігі шешуші роль атқарады. Жас ұрпақты осындай тұлға етіп тәрбиелеуде мектептің, оның шебер ұстаз - жетекшінің атқарар жүгі мол. Әрине, бұл жолда оқу - тәрбие ісін жаңаша ұйымдастыру, жаңа оқу тәрбие бағдарламалары, тәрбие құралдары да, техникалық жабдықтар да қажет. Бәрінен де жас ұрпаққа рухани дүниені дұрыс танытатын, адамдықтың, әлемдік мәдениеттің шырқау шыңына бағдарлайтын аула клубтардың орны бөлек. Әрбір күн өзгеріске толы. Қазіргі жауапты кезеңде заман көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай болу, ертеңгі болашағымыз - жас ұрпақты саналы, білімді азамат етіп тәрбиелеу, ұстаздарға зор міндет пен жауапкершілік жүктейді. Балалар мен жасөспірімдердің уақытын мазмұнды өткізу осы жердегі тәрбиешілер пен педагогтардың білім сапасы мен шығармашылық деңгейіне байланысты. Білімді үйрену және оны оқушыларға үйрету - ұстаздықты мұрат еткен әрбір адамның ең қасиетті борышы, абзал парызы. Ұстаз еңбегі - шығармашылық еңбек. Сондықтан да аула клубындағы ұстаздар әр сабаққа жауапкершілікпен қарайды. Үнемі ізденіп, балаларды өнерге баули отырып, білімдерін де шыңдау үшін қызықты сабақтар мен тәрбие сағаттары өтіп тұрады. Сонымен қатар аталған клубқа балалармен жоғары деңгейде жұмыс жүргізетін, педагогикалық білімі бар қызметкерлер ғана тартылған. Аула клубына бірінші кезекте аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балалары алынады. Барлық үйірмелерге қатысу тегін. Үйірмеге келетін балалардың төрт пен 16 жастағы аралықты қамтиды. Сондықтан да мұнда оқушылар жылдан-жылға көбейіп келеді. Бір сүйсінерлігі, кейбір үйірмелердің оқу үлгерімін нығайтуға да қосатын үлесі мол екен. Сондай-ақ, өткізілетін іс-шаралардың қызықты жаңалыққа толы болуына барынша назар аударылады. Өйткені, аталған аула клубының басты көздеген мақсаты да - балалардың шығармашылық қабілетін арттыру.

І. Қазіргі таңда баланың қызығушылығына септігін тигізіп, икеміне қарай жаңа қырынан танылуына, өмірлік жолын анықтауда аула клубтарының маңызы зор. Аула клубы дегеніміз - жастар мен жасөспірім, сондай-ақ, балаларға арналған мектептен тыс уақытта мәдени тәрбие мен қосымша әртүрлі саладағы үйірмелерге баулайтын тәрбие беретін ұйым түрі. Бұл ұйым түрі балалардың болашақта жан-жақты, білімді, мәдениетті, ең бастысы көрегенді әрі тәриелі боп қалыптасуына өз оңды ықпалын тигізеді. Клубта балалар тек қана жан-жақты үйреніп қана қоймай рухани да дем алып қалады және қоғамдық шараларға өз үлестерін қосады.
Аула клубының мақсаты - оқушылардың мектептен тыс өмірін тиімді пайдаланып, өздері оқып жүрген пәндерін тереңдетіп оқыту жалпы баланы жан-жақты дамытып, бейімін жетілдіру болып табылады. Өйткені, өз ортасында жүрген баланың жауапкершілігі артады. Бұлақ көрсең, көзін аш демекші, бала бойында жасырынып, ашылмай жатқан түрлі өнердің ұшқынын жарқырата көрсету, сол бір бұлақтан үлкен сарқырама жасау. Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: - ХХІ ғасыр мәдениеттің, ғылым мен ақыл-ой бәсекесінің ғасыры болмақ, - деп айтып өткеніндей, Ақ желкен аула клубында балалар мен жасөспірімдерді жан-жақты білімді, бәсекелестікке қабілетті етіп дамыту, қызықты көпшілік-мәдени, қоғамдық шараларға тарту арқылы белсенділігін арттыру жұмыстары қолға алынған.
Баланың бойындағы сан алуан өнердің ұшқынын жарқырата көрсету, сол бір бұлақтың көзін ашуды басты мақсат еткен аула клубы балғындарды оқудан тыс уақытта тәлім-тәрбиеге баулиды. Бұл танымдық орталық шеңберінде тіл-танымдық, көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, туристік-өлкетану, спорттық-денешынықтыру және сауықтыру бағыттары бойынша бірқатар үйірмелер жұмыс жасайды. Алдағы уақытта үйірмелер саны сұранысқа ие үйірмелермен толығады деп жоспарлануда. Өнердің қыр-сырына баулиды. Бір сөзбен айтқанда, балалардың тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізіп отырған бірден-бір шығармашылық орта. Әрбір күн өзгеріске толы. Қазіргі жауапты кезеңде заман көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай болу, ертеңгі болашағымыз - жас ұрпақты саналы, білімді азамат етіп тәрбиелеу, ұстаздарға зор міндет пен жауапкершілік жүктейді. Балалар мен жасөспірімдердің уақытын мазмұнды өткізу осы жердегі тәрбиешілер пен педагогтардың білім сапасы мен шығармашылық деңгейіне байланысты. Білімді үйрену және оны оқушыларға үйрету - ұстаздықты мұрат еткен әрбір адамның ең қасиетті борышы, абзал парызы. Ұстаз еңбегі - шығармашылық еңбек. Сондықтан да аула клубындағы ұстаздар әр сабаққа жауапкершілікпен қарайды. Үнемі ізденіп, балаларды өнерге баули отырып, білімдерін де шыңдау үшін қызықты сабақтар мен тәрбие сағаттары өтіп тұрады.
Сонымен қатар аталған клубқа балалармен жоғары деңгейде жұмыс жүргізетін, педагогикалық білімі бар қызметкерлер ғана тартылған. Аула клубына бірінші кезекте аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балалары алынады. Барлық үйірмелерге қатысу тегін. Үйірмеге келетін балалардың төрт пен 16 жастағы аралықты қамтиды. Сондықтан да мұнда оқушылар жылдан-жылға көбейіп келеді. Бір сүйсінерлігі, кейбір үйірмелердің оқу үлгерімін нығайтуға да қосатын үлесі мол екен. Сондай-ақ, өткізілетін іс-шаралардың қызықты жаңалыққа толы болуына барынша назар аударылады. Өйткені, аталған аула клубының басты көздеген мақсаты да - балалардың шығармашылық қабілетін арттыру.

ІІ.
2.1.Айгөлек би үйірмесі
Би - музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Би өнері адам өмірінің эмоциялық табиғаты мен оны қоршаған табиғи ортаны бейнелеген көркемдік шығармашылық салаларында елеулі орын алды. балалардың би өнеріне деген қызығушылықтарын арттырып, ұлттық нақыштағы халық билерді, балаларға арналған сюжеттік билерді, жеке орындаушыларға арналған арнайы қойылатын жеке билерді үйрете отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Жалпы би өнерін дұрыс оқыту - бұл тарихымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық сазымызды таныта отырып тәрбиелеу. Сонымен қатар, балалардың дене бітімін әдемі қалыптасуына үлесі зор, нағыз денсаулықты шыңдайтын пән. Би - өмір сүру символы. Ол адам баласын үнемі көтеріңкі көңіл-күйде, қанаттанып жүруге мәжбүрлейтін өнер. Сонау ерте дүниеден адам аң мен құстың қимылына қарап, жапырақтардың сыбдырына, бұлақ суының сылдырына елтіп, соларды жанына тоқып дамыған. Би өнері сұлулық, сымбаттылық, әсемдік сыйлайды, балаларды еңбектенуге баулиды. Ол этика мен эстетикалық тәрбие беріп қана қоймай, жанға қуат береді. Би өнерімен айналысу балалардың көркемдік талғамын дамытады, олардың орындаушылығының сұлулығы мен байсалдылығын тәрбиелейді, жалпы мәдениетін қалыптастырады, көркемдік-эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді.
Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-әсерлері би қимыл-қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл -- бимен бейнелеу көне дәуірде өмір талабынан туды. Келе-келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Би -- қазақтың халық фольклорының көне түрлерінің бірі. Ол туралы Қазақстан жерінде сақталған тастағы суреттер, тарихи деректер, орыс саяхатшылары, тарихшылары, ғалымдарының этнографиялық жазбалары сыр шертеді.
Би үйірмесінің басты мақсаты:
Балалардың би өнеріне деген қызығушылығын арттырып, тұлғаны қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Би үйірмесінің міндеттері:
Балаларға би қимылдарын музыка мазмұнына сәйкес орындауға үйрету
Балалардың қимыл белсенділіктерін арттыру
Әуенге сәйкес дербес би қозғалыстарын ойлау арқылы баланың ой - қиялын және елестету қабілеттерін дамыту.
Ырғақты би арқылы еркіндік, шығармашылық пен психологиялық жағымды эмоциясын арттыру.
Мақсатқа жету жолдары:
Би ырғақтарын іріктеу.
Жалпы дамыту жаттығу кешенін құрастыру.
Мерекелік іс-шаралар мен түрлі байқауларға белсенді қатысу.

2.2 Сардар театр үйірмесі

Театр - сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.
Мақсаты:
Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық, көрермендік талғамды қалыптастыру; ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
* Балалардың сана сезімін, жауапкершілігін, сауаттылығын, мәдениеттілігін, рухани дуниесін қалыптастыру.
* Балалар мен жасөспірімдерді көркемдік эстетикалық, шығармашылық, моральдік-этикалық нормаларды қалыптастыру, өнерге баулу.
* Балаларға актерлық шеберліктің негіздерін меңгерту, жеке тұлғаның таным талғамын арттыру.
* Балаға актерлық техниканы меңгерте отырып, шығармашылық көзқарас, ойлау функцияларын қалыптастыру.
* Сахна мәдениетін өн бойына қалыптастыру, сахна тілін дамыту.
* Көпшілік ортада өзін этикалық нормаларға сай ұстауға тәрбиелеу.

2.3 Мұрагер домбыра үйірмесі
Домбыра -- қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол - қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма - күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі. Менің ойымша әр қазақтын төрінде үкілі дмбыра мен қайыс қамшы ілініп тұруы қажет. Ол аспаптың құлағында бүгін ойнайтын перзентіңіз болмаса да, немерелердің бір сол домбыраны қолына алып әдемі бір ән мен күйді орындап бертіндігіне сеніңіз. Бауыржан Момышұлы: - Мен қолына домбыра ұстаған қазақтын қара баласын көрсем қуанамын. Сол баланың бойынан имандылық, тазалық, қазақ өнеріне,соның ішінде қастерлі домбыраға деген махаббатын сеземін, - деген екен. Сахнаға шыққан өнерпаздарды қараңыздаршы. Үстінде ұлттық киім, қолында домбыра. Қандай керемет. Демек үйірмеге қатысушыларды пән мұғалімдері ең алдымен мәдениеттілік пен эстетикалық тәрбиеге және тәртіпке үйретеміз. Жалпы мектептерде негізгі сабақтарға көп көңіл бөлінеді. Ал арнайы орталықтардағы домбыра, вокал, би, сурет үйірмелерінде әр баланың бойына бейімділігіне байланысты қажетті қағидалар сіңіріледі. Балалар біздің болашағымыз. Сондықтан олардың жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуы үшін біліммен қатар өнер және спорт үйірмелеріне қатысуын қамтамасыз ету әрбір ата-ананың борышы әрі парызы екендігі ақиқат.

2.4Умелые ручкиқолөнер үйірмесі
Умелые ручки атты қалдық материалдардан жасалатын онлайн қолөнер болып табылады. Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету. сабақты ұйымдастыру әдістемесін, теориялық сабақтар мен практикалық жұмыстар үшін уақытты дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Мақсаты: Ата-бабамыздың халыққа сіңірген орасан зор еңбектерін балаларға насихаттау, үйірме арқылы пайдаланушыларды қолөнер түрлерімен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу,іздену қабілеттерін дамыту, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейту және ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіру, ағаш өңдейтін токарь станогындағы жұмысты ұйымдастыру. Қолөнер бұйымды жасату барысында ұқыптылыққа, үнемділікке, қауіпсіздік ережесін сақтауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудың 2007 - 2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Театр ұжымдық өнер
Қалибек Деріпсалдиннің өмірбаяны
Қостанай облысының мәдени жерлері
Үй құстарын нормамен азықтандыру
Педагогика ғылымындағы тәрбие теориясы
Жастар арасындағы құқық бұзушылық және оның алдын алу жолдары
Қазіргі кезеңдегі кітапханада еңбек ұжымын басқару
Балалар және олардың ата-аналарының әрекеттесуімен қазақ тілін меңгерудің тиімді моделін әзірлеу
Жануарларды серуендету
Пәндер