Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
Құқықтық пәндер кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Денсаулыққа қарсы қылмыстарды саралау негіздері
Дайындаған: Нұрғалиева Ғалия Бекболатқызы
Тексерген: құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы з.ғ.м Досжанов Қ.М
Орал 2021
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.1 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру ана жеңіл зиян келтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
1.4 Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2 ДЕНСАУЛЛЫҚҚА ҚАСАҚАНА ОРТАША ЗИЯН КЕЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ -ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтірудің объектісі ... ... ... ... ... ... .. 16
2.2 Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтірудің субъектісі ... ... ... ... ... ... . 20
3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3.1 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың алдын-алу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 23
3.2 Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАНӘДЕБИЕТТЕРДІҢТІЗІМІ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28 -31
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының жеке азаматтарының денсаулығына қарсы қылмыстардың және оның қоғамда алып жатқан орны мен ерекшелігінің маңызын түсіндіре отырып, толықтай мәлімет беру.
Әрбір жеке адамның денсаулығы - адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. Денсаулық дегеніміз - адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы - адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі байлығы болып табылады.
Курстық жұмыстың ғылыми зерттелу деңгейі. Қылмыстық құқықтық ғылымда денсаулыққа орташа дәрежеде зиян келтіруге байланысты қылмыстардың түрлі аспектілеріне көп көңіл бөлінген. Осы мәселелерді шешуге үлес қосқандар: Рахметов С.М., Алауханов Е.О., Борчашвили И.Ш., Данилин И.Н., Ефимов М.А., Ағыбаев А.Н., Гаухман Л.Д., Абельцев С.Н., Абсатаров Х.Х., Абдрашит А.А., Иванов В.Д., Алексеев М.А., Авдеев Ю.И., Матышевский П.С., Горшенков Г.Н.
Осы мәселеге ғалымдардың ойларының көпжақтылығы және ғылымда жеткілікті дәрежеде жетілмегендіктен құқық қолдану тәжірибеде қиындық туғызады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері - Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексі бойынша денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру қылмысын зерттеу және оның мазмұнын ашу, оған криминологиялық сипаттама беру.
Қылмыстық заң адам өмірі мен оның құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға үлкен мән беріп отыр. Оны 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімінде 1959 жылғы ҚазКСР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміне қарағанда қарағанда жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың өзге қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстардың ішінде бірінші болып орналасуынан және жеке тұлғаға қарсы қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жазалардың өзге қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жазаларға қарағанда ауырлығынан көруге болады .
Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңына сәйкес жеке тұлғаға бағытталған қылмыстардың бірі болып ҚР ҚК 104 - бабымен көзделген денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру боп табылады. Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру кең таралған жеке тұлғаға қарсы қылмыстардың бірі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 104 - бабында денсаулыққа қасақана орташа зиян келтірудің негізгі (жай) құрамы (ҚР ҚК 104 - бабының 1 - бөлігі), сараланған құрамдары (ҚР ҚК 104 - бабының 2 - бөлігі), ерекше сараланған құрамы берілген. Аталған қылмыстық заңда денсаулыққа қасақана орташа зиян келтірудің саралаушы белгі ретінде Қазақстан қоғамында соңғы кездері кең тарала бастаған жаңа қылмыстық құбылыс жәбірленушінің мүшелерін және тәнін пайдалану мақсатында денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру белгіленген. Адамның денсаулығының мықты болуы айналадағы қоршаған орта табиғатының экологиялық жағдайының жақсы болуына да байланысты. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3 - ші бабында қылмыстық жауаптылық негізінің түсінігі берілген: қылмыс жасау яғни осы кодексте көзделген қылмыс құралының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден - бір негізі болып табылады. Осы себептерге байланысты адам денсаулығына қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстық жауаптылық негізіне жатқызады.
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз: адам мен азаматтың денсаулығына қарсы қылмыстардың ұғымы, олардың түрлері және топтау және де жекелеген түрлерінің қылмыстық-құқықтық сипатын ашу. Адам мен азаматтардың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығын анықтау.
Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі - жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек.
Осы курстық жұмысты орындау барысында, жұмыстың мақсатына сай мынандай қорытынды жасауға болады:
Осы курстық жұмыста алдымызға қойған басты мақсат - ол денсаулыққа қарсы қылмыстардың қылмыстық - құқықтық сипатын ашу. Сондықтан да жоғарыда айтып кеткеніміздей, денсаулық дегеніміз - адам организмінің дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Денсаулық - адам өміріндегі негізгі байлығы болып есептеледі, яғни, адам организмінің әрбір органы, әр мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір функцияларды атқаруы.
Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленген, осы бағдарлама бойынша ҚР Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі жұмыс істеп отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясының Адам мен Азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Курстық жұмыстың ғылыми-әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының Контитуциясынан, Ағыбаев А.Н., Алауханов Е.О., Сапарғалиев Ғ., Төлеубеков Б.К., Смитенко В.Н. тағы басқа да атақты ғалымдарымыздың еңбектерінен және кітаптарынан жазылды.
Қазіргі зерттеу әмбебап диалектикалық әдіске негізделеді. Сонымен қатар осы жұмыста формальды-логикалық, салыстырмалы-құқықтық, тарихи-құқықтық әдістері қолданған.
Осы курстық жұмыстың негізгі бөлімдеріндегі адам мен азаматтың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығына тоқталсақ:
Адамның денсаулығын сақтау құқығы - бұл мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде көрсетілген тегін медициналық көмек арқылы жүзеге асырылады. Осы құндылық заңмен қорғалаған. Соған мысал ретінде адам мен азаматтың денсаулығына қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықтың көзделуін қарастыруға болады.
Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау кезінде, оларға:
:: Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру;
:: Денсаулыққа қарсы орташа ауырлықтағы зиян келтіру;
:: Денсаулыққа қарсы жеңіл зиян келтіру;
:: Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру;
:: Науқасқа көмек көрсету тағы басқа түрлері жатады.
Осы курстық жұмыста адам денсаулығына қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері мен оларды топтаған кезде жеке-жеке тоқталдық және де ерекше мән беріле жазылды.
Адам денсаулығына қарсы қылмыстың обьектісі, субьектісі туралы түсініктер жан-жақты қаралды.
Қорғауға ұсынылған негізгі ережелер:
1)азаматтардың денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылықты анықтау тәуелсіз сот билігінің және отандық сот жүйесінің дамуының маңызды құқықтық құрамы болып табылады.
2) осы жұмыста зерттеліп жатқан қылмыстың қосымша тікелей обьектісі ретінде, адам және азаматтың, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекет мүдделері мен конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселесін мойындау қажеттігі көрсетіліп отыр.
3) зерттеліп жатқан қылмыстың құрамы материалдық сипатта болады ҚР ҚК 104 бабында көрсетілген әрекетерді жасаған сәттен бастап, қылмыс аяқталды деп есептеледі.
4) қылмыстың ауырлатылған құрамы (ҚР ҚК-нің 104-бабының 2-бөлігі) формальды-материалдық сипатта болады.
5) субъективтік жағынан көрсетілген қылмыс тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъекті 104-баптың 1-тармағы бойынша 16-ға толған, ал осы баптың 2-тармағы бойынша 14-ке толған адам болады.
6) курстық жұмыста,шешім қабылдауда орын алатын денсаулыққа зиян келудің дәрежесін анықтау талданып көрсетілген.
Зерттеудің объектісі болып денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру қылмысын саралау кезінде туындайтын қылмыстық құқықтық қатынас.
Зерттеудің пәні денсаулыққа қасақана орташа зиян келтру қылмысының құрамын белгілейтін нормалар.
Зерттеудің ғылыми - тәжірибелік маңызы зерттеу барысында алынған ғылыми тұжырымдамалар сот - тергеу тәжірибесінде, қылмыстық заңды жетілдіруге байланысты қолданыла алады.
Курстық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңызы оның ережелерін, қорытындыларын және ұсыныстарын азаматтардың денсаулығын қорғаудың қылмыстық-құқықтық шараларын жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, азаматтардың денсаулығына қарсы қылмыстарды зерттеу жүргізуде қолданылуы мүмкін.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, эксперименттік бөлімдерден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, теориялық әдіснамалық негізі және жұмыстың құрылымы айқындалған. Қорытындыда, зерттеудің нәтижелері мен негізгі тұжырымдамалары көрсетілген.
1 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері
1.1 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың сипаттамасы
Әрбip жеке адамның денсаулығы -- ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Ceбeбi адам ден - саулығы -- оның нeгiзгi байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселсі -- жалпы мемлекеттің, қоғамның, әpбip азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшeci денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі 6ip шаралар қолданып, қоғам үшін біршама ceптiгiн тигізуі керек. Қaзipгi кезде мемлекетімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес денсаулықты сақ - тау мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленген, осы бағдарлама бойынша ҚР Денсаулық сақтау ici жөніндегі агентігі жұмыс icтeп отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының Адам және Азамат бөлімінің 29-бабының тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының ден - саулық сақтауға құқығы бар. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының азаматтары заңмен белгіленген тегін әpi кепілді медициналық көмектің барша түрін алуға құқылы. "Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі" делінген. Осыған орай азаматтардың денсаулығын нығайту, айналадағы қоршаған ортаны сақтау шараларын жүзеге асыру мақсатында, әcipece өciп келе жатқан жасөспірімдердің денсаулығын сақтау үшін мемлекеттік және жеке емдеу мекемелері заңға сәйкес ақылы түрде не тегін медициналық жәрдем көрсетуді жузеге асырып отыр[2, 120 б.]
Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік. Ден - саулық дегеніміз -- адам организмінің дұрыс әpi қалыпты жұмыс icтeyi. Яғни, адам организмінің әpбip органы, әpбip мүшeci сол жаратылған қалпында сақталып, оның дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бip функцияларды атқаруы. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі -- бұл қылмыстарды жасаған кезде, бip адам екінші бip адамның денсаулығына қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қayiптi іс-әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктермен айырады. Мысалы: адам денсаулығына зиян келуі -- оның міндетін әскери қызметке шақырылуына кедергі келтіру мүмкін, сондай-ақ әскери немесе басқа да арнайы қызметтерді атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына қарсы қылмыстарды жасау -- тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ оның жақын туысқандары үшін де үлкен за - лал болып табылады. Яғни, жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан, оның жақын туысқандарына да белгілі бip көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін. Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан да адам денсаулығы -- адам өмірінің негізгі қуанышы, негізгі бай - лығы болып табылады.
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстарды топтастырайық. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам денсаулығына қарсы қылмысқа қандай қылмыстар жататыны нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстарға мыналар жатады:
1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); 2) денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру (104-бап); 3) денсаулыққа қасақана женіл зиян келтіру (105-бап); 4) ұрып - -соғу (106-бап); 5) азаптау (107-бап); 6) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап); 7) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап); 8) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап); 9) денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап); 10) қорқыту (112-бап); 11) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын-тінін алуға мәжбүр ету (113-бап); 12) медицина қызметкерін кәciптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап); 13) соз ауруларын жұқтыру (115-бап); 14) адамның иммун тапшылығы вирусын жұктыру (116-бап); 15) заңсыз аборт жасау (117-баптын 4-тармағы); 16) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап); қayiптi жағдайда қалдыру (119-бап) .
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объектісін, объективтік жағын, субъектісін, субъективтік жағын жеке-жеке талдайық.
Дене жарақатының объектісі -- бөгде адамның қалыпты ден - саулығы болып табылады.
Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объективтік жағы -- басқа адамның денсаулығына, құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер арқылы зиян келтірумен көpiнic табады. Көбінесе дене жарақаты әрекет арқылы жасалынады. Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен, атап айтсақ., механикалық әсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтіру), химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен, (токпен ұру), термикалық веер ету (организмге инфекциялы ауруларды жұктыру) арқылы, сонымен қатар психикалық әсер ету арқылы (гипноз) және басқа да тәсілдер арқылы дене жарақатын келтіреді. Әрекетсіздік арқы - лы да дене жарақаты келтірілуі мүмкін, егерде белгілі бip адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса.
Кейбір кездері дене жарақатын келтіру қылмыстық жауаптылықтан босатылуға негіз болып табылады, егер бұл жарақат мәжбүрлік қажеттілік жағдайында, яғни емдеу мақсатында болса. Мысалы, егер жәбірленуші өзінің организміне хирургиялық операциялар жургізуге келісімін берсе, онда хирургтар осы хи - рургиялық операциялардан туындайтын белгілі 6ip зардаптарға жауап бермейді, ceбeбi жәбірленуші хирургиялық операциялардан туатын салдарға қарсы болмады. Дене жарақатын келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алуы мумкін. Спорттың нақты түріне қатысты жалпы ережені сақтамау салдарынан туған дене жарақаты денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде сараланады. Мысалы, футбол кезінде футбол ережесін өрескел бұзған кінәлі бөгде адамға дене жарақатын келтірсе, онда онын әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде танылады.
Дене жарақатын келтірудін субьективтік жағы 2 нысаннан тұрады: 1) қасақана (тікелей және жанама), 2) абайсызда (менмендік және немқұрайылдық). "Тікелей қасақана дене жарақа - тын келтіру бip адамның екінші бip адамға дене жарақатын келтіpyдi тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы түрде мақсаттар жасауы, ал жанама қасақаналықта кінәлі сондай зардаптың болуын тилемейді, бipaқ оған саналы түрде жол береди. Абайсыздық нысанының өзінде сенімділік түрінде кінәлі өзінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туатын салдардын, яғни дене жарақатынын болуын көре алады, бipaқ ол салдар бола қоймас - ау деген өзше сенімділік ниетте болады, немқұрайдылық түрінде адам дене жарақатынын болатынын көре алмайды, бipaқ көруге тиісті болатын.
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың субьектілері туралы мәселеге тоқталайық.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінін 15 - бабының 2 - тармағында көрсетілген дене жарақатын салумен бай - ланысты мына қылмыстарды жасаған eci дұрыс субьектілер үшін 14 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); 2) ауырлататын мән - жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіру (104-баптың 2-тармағы).
Ал мына дене жарақаттарын салғаны үшін заң бойынша eci дұрыс субьектілер үшін 16 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап); 2) ұрып-соғу (100-бап); 3) азаптау (107-бап); 4) денсаулыққа жан күйзеліс жағдайында зиян келтіру (108-бап); 5) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап); 6) қылмыс жаса - ған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап); 7) денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап); 8) қорқыту (112-бап); 9) соз ауруларын жұктыру (115-бап);10)адамның иммун тапшылығы 11)вирусын жұқтыру (116-бап);12)зансыз аборт жасау (117-бап); 13) қayiптi жағадайда қалдыру (119-бап).
Ал мына төмендегі дене жарақаттарын салумен байланысты қылмыстарды жасағанда дұрыс арнаулы субьектілер заң бойынша жауапкершілікке тартылады: 1) заңсыз аборт жасау (117-бап); 2) медицина кызметкерің, өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап); 3) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету (113-бап); 4) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап). Осы жоғарыдағылардан айқын болғандай кейбір дене жарақатын салған eci дұрыс субьектілер үшін 14 жас, ал кейбір субьектілер үшін 16 жас.
Сонымен қатар дене жарақаты қылмысын жасайтын арнау - лы субьектілер де бар[4,109-110б.].
Енді ауыр дене жарақатын салу түсінігі мен түрлеріне тоқталайық. Жалпы денеге жарақат түcipy деп бөгде адамның ден - саулығына қасақана заңсыз түрде немесе абайсыз денедегі ұлпалардың анатомиялық тұтастығын бүлдіру жолымен, әйтпесе басқа жолмен оның ағзаларының дұрыс жұмыс icтeyiн бұзу арқылы зиян келтіруді айтамыз.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ұғымына келетін болсақ, ол былай делінген: "Адамның өмipiнe қayiптi немесе көруден, тілден, естуден, қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет әлпетінің қалпына келместей бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана-ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмipгe қayiптi немесе еңбек қaбiлетінің кемінде үштен бipiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен, денсаулықтың бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру.
1.2 Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру
Осы 103-баптың 1-тармағын талдап, тоқталып өтейік : Денсаулыққа келтірілген зиянды сот-медициналық бағалау Ережесі 1998 жылы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің № 240 бұйрығымен бекітілген. Осы Ережеге сәйкес :
а) Адамның өміріне қауіпті зиынға - миға зақым келтірілместен бас сүйегіне келтірілген жарақат, бас сүйектерінің ашық немесе жабық сынуы ; ауыр дәрежедегі мидың зақымдануы ; өмірге қауіпті түрде миға қан құйылуы ; бел омыртқаны ауыр зақымдау , адамның іш құрылысын, ас қорыту, зәр шығару органдарын жарақаттау, ауыр дәрежеде күйдіру т.б. жарақаттар келтірулер жатады. Өмірге қауіпті жарақаттың тізбегі жоғарыда айтылған Ереженің 7-тармағында тұтастай көрсетілген.
б) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан көруден айрылу - бұл адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру салдарынан адам көре алмайтын жағдайға душар болады. Айтып кететін бір жәйт, адамның көре алмауы емделусіз болуы керек, уақытша көруден айрылу ауыр дене жарақатының элементі болмайды, яғни ол орташа ауырлықтағы дене жарақаты болып табылады.
Бір көздің көруін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Бір көздің көруінен айрылу салдарынан адам көзінің көру шеңбері 30 процентке тарылады және бинокулярлық көрудің бұзылуына әкеп соғады, ал мұндай жағдайлар кейбір кездері белгілі бір нәрселерді нақты қабылдау қабілеттілігін қиынға соқтырады немесе көрудің мүмкіншілігін түпкілікті жоғалтады. Себебі, бір көзден айрылған адам мамандық түрін таңдағанда ғана емес, сонымен қатар дем алу кездерінде де қиыншылықты басынан өткереді, ал кейбір бақытсыздық жағдйлардың объектісі болуы да мүмкін емес. Сондықтан да көздің көру қабілетін 30% процентке тарылады және бинокулярлық көрудің бұзылуына әкеп соғады, ал мұндай жағдайлар кeйбip кездері белгілі бip нәрселерді нақты қабылдау қабілеттілігін қиынға - соқтырады немесе көрудің мүмкіншілігін түпкілікті жоғалтады. Ceбeбi, бip көзден айрылған адам мамандық түрін тандағанда ғана емес, сонымен қатар дем алу кездерінде де қиыншылықты басынан өткереді, ал кейбір кездері бақытсыздық жағдайлардың oбъектісі болуы да мүмкін. Сондықтан да көздің көру қабілетін 35 % мөлшерінде жоғалту немесе 2 метр қашықтықта бармақтың санын көре алмауы денсаулыққа ауыр зиян келтірілді деп есептелінеді және ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады.
в) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан тілден айрылу -- сөйлеу қабілетін, ол ойын айналасындағыларға түсінікті түрде біріккен дыбыстармен жеткізу қабілетін біржола жоғалту. Дауысын жоғалту салдарынан,яғни афония жағдайында адам өзінің ойларын тек қана сыбырлап жеткізе алады. Мұндай жағдайлар адамның еңбек ету қабілеттілігінің 25% мөлшерінде жоғалтуына әкеп соғады. Сөйлей алмау нәтижсінен адам қоғамдағы қатынастарға активті түрде қатыса алмайды, барлық уақытта өзінің бip кемшілігінің бар екенін сезінеді, адамдармен сөйлесуден аулақ жүреді, сондықтан да тілден айры - лу адам денсаулығы үшін орасан зиянды болып табылғандықтан ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді.
г) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан естімей қалу деп мүлде айықпайтын кереңдік және зардап шегуші қатты айтылған сөзді өте жақын жерден, құлағынан 3-6 см қашықтықта айтқанда ғана ести алатындай жағдайда қалуы. Жалпы есту -- адам организмінің сезім органдарының бipi. Күнделікті қарым-қатынас, жұмыс, дем алу уақыттары, теледидардан, ра-диодан хабар алу, есту сезімімен тығыз байланысты. Eкi құлақтың есітпей қалуы -- ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді. Бip құлақтың есітпей-қалуы -- жалпы еңбек қабілетінің 15 про - центін, яғни кемінде үштен бipiн жоғалту емес, сондықтан ол денсаулықтың бұзылуына әкеп соққан жеңіл жарақат деп бағаланады.
л) Қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жоғалту-ға - аяқтың, қолдың физикалық тұрғыда денеден айрылып қалуын немесе сал (паралич) қалпында қалуы жатады және бұл жағдай ауыр дене жарақаты ретінде бағалана - ды. Жыныс қатынастарының қабілетін жоғалту, eкi ені де зақымданып, оларды алып тастауға әкеп соғуы, сондай-ақ бала табу қабілетінен айрылу тұқымдылық қабілетінен айрылу деп саналады да, ауыр дене жарақаты қатарына жатады.
е) Сот медицинасы тәжірибесінде беттің жаралануы тым жиі кездеседі. Бет жарақатын бағалау кезінде бірқатар факторларды: жарақат салған кезде оның адам өміріне қауіптілігін (ми - шайқалуы т.б.), сезім мүшелерінің зақымдануын және бет пiшiнiнiң қалпына келмейтіндей болып бұзылуын ескеру керек. Бет сиқының бұзылуы туралы мәселені сот шешеді. Бет жара-қатының жазылуы дегеніміз -- тыртық көлемінің кішіреюі, табиғи жағдайлардың нәтижесінде олардың өңінің өзгеруі мысалы, тыртықтардың әжімдерге, мойын қыртыстарына және мойын қыртыстарына және т. б. ұқсап тұруы болып табылады, сондай-ак консервативтік емдеу әдістерінің нәтижелері де осыған жатады. Ал егер консервативтік емдеу жақсы нәтижеге жеткізбей, зақымданушыға косметикалық операциялар жасалса, жарақат операцияның нәтижесіне қарамастан қалпына келмейтін жарақат деп қаралады да ауыр дене жарақатына жатады, өйткені мұндай жағдайда орын алатын iш құса болып қатты қайғыруға бет-пішінінің өзгеруі ғана емес, адамның қоғаммен байланысының бұзылу қayпi де негіз болады".
и) Еңбек қабілетінің кемінде үштен бipiн тұрақты түрде жоғ - алту деп -- жалпы еңбек қабілеті, мамандықты талап етпейтін еңбекке қабілеттілік айтылады. Еңбек қабілетінің үштен бipiн жоғалту зардап шеккен адамның жалпы еңбек қaбiлетi мен оның жоғалту көлемін онша өзгертпейтін жарақат зардаптарының біршама жақсаруы организмдегі өзгерістермен бipгe байланыс - ты. Еңбек қабілетін жоғалту тек тұрақты болады. Жалпы еңбек қабілетінің 33% мөлшерін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Kәciптік еңбек қабілетін жоғалтуды анықтау зардап шеккен адамның қабілеттік еңбек қабілетінен айыруға ниеттенгендік анықталатын жағдайларда тергеушінің қаулысы немесе сот қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Еңбекке қабілетті адамның еңбек қабілетін жоғалтуына апарып соғатын жарақаттар жас балаға, қарт адамға, кәмелетке толмаған жас-қа, 1-топтағы мүгедекке, яғни еңбекке жарамсыз адамдарға салынуы мүмкін. Мұндай жағдайларда дене жарақатының қаншалықты ауыр екенін анықтағанда мыналар негізге алынады:
1) балалардың, кейін ол 10 жасқа толғанда еңбек қабілетін қандай дәрежеде жоғалтқаны көрсетіледі.
2) мүгедек адамның, алынған жарақатқа байланысты еңбек қабілетін біржола жоғалтуы дені сау адамдардікі сияқты анықталады, яғни мүгедектігі мен тобы ескерілмейді.
к) Егер келтірілген зақымдардың салдарынан түсік болса, екіқабат екендігінің мерзіміне қарамастан, ол ауыр дене жарақатына жатқызылады. Бұл орайда арнайы акушерлік-гинекологиялық зерттеулер арқылы түсіктің зардап шегуші организмнің жеке ерекшеліктеріне, яғни аурулығына немесе ішкі жыныс мүшелерінің жетілмегендігіне байланысты емес, қайта оған дене жарақатының тікелей себеп болғаны анықталуға тиіс.
ж) Жарақат алуға байланысты іш құса болу (психикасының
бұзылуы) ауыр дене жарақатының белгісі болып табылады. Мысалы: бас сүйек жарақатына байланысты пайда болатын қояншық (эпилепсия) осындай ауру. Іш құсаның диагнозын - қою және оның ceбeбi жарақат алуға байланысты екенін анықтау сот-психиатриялық сарапшының құзыретіне жатады.
з) есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудыру денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру. Бұл есірткі немесе уытты у арқылы адамды соған душар етіп, оған ауыр дене жарақатын келтipy болып табылады.
Енді жоғарыда көрсетіп кеткен 103-бапқа қайта оралып, оның 2-тармағына тоқталайық. Осы баптың 1-тармағындағы әрекеттер: a) екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса; б) адам - ның қызметтік жұмысын немесе кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты жасалса; в) кінәліге дәрменсіз күйде екені белгілі, сол сияқты адамды ұрлауға немесе кепілге алуға ұштасқан адам - ға қатысты жасалса; г) аса қатыгездікпен жасалса; д) ұйымдасқан топпен жасалса; е) жалдау бойынша; ж) бұзақылық ниетпен; з) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық тұрғысында; и)-жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында; к) бірнеше рет жасалса немесе оны осы Кодекстің 96-бабында көзделген кici өлтірген адам жасаса, -- деп атап көрсетілген.
Осы 103-баптың 1 және 1-тармағында көзделген әрекеттер абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғуы мүмкін. Ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өлімі бір құрамдағы екі кінә нысаны ретінде көрініс табады:
- қасақана ауыр дене жарақатын келтіру,
- абайсызда жәбірленушіге өлім келтіру.
Ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өліміне әкеп соғатын кінәлінің әрекеттері тікелей басқа адам - ның денсаулығына қол сұғуға бағытталады, сондықтан да жалпы кінәлілік әрекеттері адам денсаулығына қарсы қылмысқа жатады. Жалпы кінәлінің әрекеттерінің субъективтік жағын қарастырсақ, кінәлі өзінің қасақана әрекеттері арқылы жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіреді, мұндай әрекеттерді ол тілеп немесе саналы түрде жол бepiп істейді, бipaқ бұл әpeкеттердің салдарынан келетін зардап, зиян жәбірленушінің өлімі абайсызда болады, яғни кінәлі жәбірленушінің өлуін тілемейді, ол өлмейді деген менмендік немесе немқұрайлылық қатынас түрінде болады. Егер абайсызда жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе, мұның салдарынан жәбірленуші өлетін болса, онда бұл жағдай абайсызда кісі өлтіру қылмысы құрамын құрайды. Сонымен ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өлімі келген жағдайға байланысты жалпы заң бойынша 2 қорытынды шығаруға болады:
1) Егерде кінәлі тікелей немесе жанама қасақаналықпен өлтіруге бағытталған әрекеттерді жасап, мұның салдарынан жәбірленуші өлсе, онда кiнәлiнiң әрекеті қасақана кісі өлтіру қылмысы құрамын құрай - ды. Егерде кінәлінің өлтіруге бағытталған тікелей қасақаналық әрекетінің салдарынан жәбірленушіге өлім келмей, оған тек ауыр дене жарақаты салынса, онда кінәлінің әрекеті кісі өлтіруге оқталу ретінде есептелінеді, ал жанама қасақаналықта -- дене жарақаты ретінде бағаланады. Жәбipленушіге өлім келтіруді мақсат тұтпай жанама қасақаналықпен жасалған дене жарақа - ты өліруге оқталу ретінде қарастырылмайды.
2) Егерде ауыр дене жарақатының салдарынан келген жәбірленушінің өліміне кiнәлiнiң тікелей немесе жанама қасақаналық ниеті болмаған кезде, онда кінәлінің әрекетін тұтасымен 103-баптың 3-тармағымен сараланады[6,175б.].
1.3 Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру
Қылмыстық кодекстің 104-бабында көрсетілген қылмыстың денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруден өзгешелігі келтірілген зиянның дәрежесінде. Ауыр зиянға қарағанда орташа ауыр - лықтағы зиян келтіру мынадай өзіндік белгілермен: 1) адам - ның өмipiнe қауіптіліктің болмауынан; 2) Кодекстің 103-ба - бында көрсетілген зардаптарға әкеп соқпауынан; 3) денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуына; 4) жалпы еңбек қабілетін кемінде үштен бірін айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеліп соғумен сипатталады. 3 аптадан (21 күннен әpі) артық уақытқа уакытша еңбек қабілетін жоғалту денсаулықтың ұзақ уакытқа бұзылуы, ал жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бipiн (10-нан 30%-ке дейін) жоғалту тұрақты жоғалту деп танылады.
Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірудің ауырлататын түрлері. Қылмыстық кодекстін 103-бабында көзделген осындай белгілермен бірдей, сондықтан да оларды қайталап талдап жатудың қажеті жоқ.
Субъективтік жағынан көрсетілген қылмыс тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъекті 104-баптың 1-тармағы бойынша 16-ға толған, ал осы баптың 2-тармағы бойынша 14-ке толған адам болады[7,202-203б.].
1.4 Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру
Қылмыстық кодекс денсаулықтың қысқа уақыттық бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін жауаптылық белгіленген. Ұзақтығы 6 күннен кейін 21 күнге дейінгі уақыт аралығындағы денсаулыққа келтірілген зиян денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуы, ол жалпы еңбек қабілетінің 10 % дейінгісін жоғалту айтарлықтай емес тұрақты жоғалту деп танылады. Осы көрсетілген белгілердің әрқайсысы аяқталған жеке қылмыс құрамдары болып танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әртүрлі болуы мүмкін. Егер жеңіл зиян бұзақылық ниетпен қоғамдық тәртіпті бұзумен ұштаса отырылып келтірілсе, онда кінәлінің әрекеті ҚК-тің 257-бабы бойынша сараланады. Қылмысиың субъектісі 16-ға толған кез - келген есі дұрыс адам[8,215б.].
2 Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтірудің қылмыстық - құқықтық сипаттамасы
2.1 Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтірудің объектісі
Жасалатын кез-келген қылмыс тікелей немесе жанама қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Сондықтан, ол бүкіл қоғам үшін қауіпті боп келеді. Қылмыстық құқық саласындағы көпшілік ғалымдар мен криминалистер таныған жалпы ережеге сәйкес қылмыстың жалпы объектісі болып, соның ішінде Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 104 - бабымен көзделген денсаулыққа қасақана орташа зиян келтірудің де, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар табылады. Қоғамдық қатынастар - бұл кез - келген қоғамдағы адамдар арасындағы қатынастар, ал адам осы қатынастардың иегері болып табылады. Сондықтан, қылмыскер адамның жеке басына, оның өміріне, денсаулығына, ар - намысы мен қадір қасиетіне және т.б. игіліктеріне қол сұға отырып, сонымен бір уақытта қоғамдық қатынастарға да қол сұғады.
Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру жеке тұлғаға қарсы, оның ішінде денсаулыққа қарсы қылмыс болып табылады. Ал, денсаулыққа қарсы қылмыстар дегеніміз адам денсаулығының қауіпсіздігіне тікелей қол сұғатын және қылмыстық заңмен көзделген қоғамға қауіпті әрекеттер. Бұдан денсаулыққа қарсы қылмыстардың, соның ішінде ҚР ҚК 104 - бабымен көзделген денсаулыққа қасақана орташа зиян келтірудің тектік (топтық) объектісі болып адамның өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар табылады.
Қылмыстың жалпы объектісінен оның тікелей объектісін ажырата білген жөн. Көп жағдайда қылмыстық заңда кез - келген қылмыс құрамының белгілерін сипаттау кезінде объект ретінде қоғамдық қатынастар көрсетілмей, олардың материалдық көрінісі немесе кез - келген қылмыс құрамының тікелей объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастарға қатысушыларының нақты игіліктері көрсетіледі. Қылмыстың тікелей объектісі нақты қылмыс құрамын ұғыну, түсіну, бұзылған қоғамдық қатынастардың мәнін ашу қылмыстық әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесін ұғыну үшін маңызды және осы қылмыс құрамын оған ұқсас қылмыстардан ажыратуға мүмкіндік береді.
Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіруде қылмыс тікелей басқа адамның денсаулығына зиян келтіруге бағытталады. Сондықтан, адамның денсаулығы ҚР ҚК 104 - бабында көзделген денсаулыққа қасақана орташа зиян келтірудің тікелей объектісі болып табылады. Бұл көзқарас қылмыстық құқық ғылымында көпшілікпен танылған болып келеді. Қылмыстың тікелей және жалпы объектісі арасында ажырамас өзара байланыс бар. Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру кезінде адам денсаулығына зиян келтіре отырып, қылмыскер белгілі бір қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Өйткені осының нәтижесінде адам дұрыс өмір сүре алмайды, дені сау бола алмайды, тиісінше еңбек қабілеттігінен ішінара айырылады. Медициналық тұрғыдан денсаулық деп - адам организімі органдарының немесе тәндерінің дұрыс қызмет етуін түсінген жөн. Қанау, дене жарақатын келтіретін соққылар, тырнақ іздері және т.б. кез - келген түйіршіктің немесе органдардың дұрыс қызмет етуін бұзады және адам денсаулығына белгілі бір дәрежеде зиян келтіреді. Сондықтан, адам тәндері мен органдарының дұрыс қызмет етуін бұзуға бағытталған барлық іс - әрекеттердің тікелей объектісі болып адам табылады.
А.С. Никифировтың көзқарасы бойынша адам денсаулығы деп - адам организімінің тұтас алғандағы қалыпты жәй - күйін түсінген жөн дейді. Бірақ адам денсаулығы деген бұл түсінік тар мағыналы болып келеді. Адам организімінің кез - келген түйіршігі белгілі қызметтерді атқарады, сондықтан түйіршіктердің дұрыс қызмет етуін бұзу адам денсаулығына зиян келтіреді және адам организмінің тұтас алғандағы қалыпты жай - күйінің бұзылуына соқтырады.
А.А. Жижиленко мен В.В. Ореховтың көзқарастары бойынша денсаулыққа орташа зиян келтірудің объектісі болып адам денсаулығы болып табылады екен. Бұл көзқарасты П.А. Дубовец былай терістейді: Іс жүзінде адамның дене қол сұғылмаушылығы денсаулыққа ешқандай зиян келтірмей - ақ та бұзылуы мүмкін. Мысалы, қорлау іс - әрекеттері кезінде. Кейбір жағдайларда дене қол сұғылмаушылығының бұзылу фактісінде, тіпті, қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, жеке тұлғаның өзге игіліктеріне қол сұғу белгілерінсіз бір адамның басқа адамның денесіне оның еркіне қарсы қол тигізуі. Сонымен бірге, дене жарақаты дене қол сұғылмаушылығын бұзбай - ақ келтірілуі мүмкін. Мысалы, қорқудың нәтижесіндегі психикалық ауру.
Сонымен, қылмыстық заң қылмыстық қол сұғушылықтан дене қол сұғушылығын қорғамайды, керісінше тұлғаның өмір, денсаулық, ар - намыс, қадір - қасиет және т.б. сияқты белгілі бір игіліктерін ғана қорғайды.
Қылмыстық заң адамның денсаулығын оның туған сәтінен бастап өлген сәтіне дейін, яғни оның бүкіл өмір бойы денсаулығын қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көп минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі - биологиялық өлім орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен тәндерінің өміршендік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz