Ақпараттық жүйелерді жобалаудың кезеңдері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ

Қорғауға жіберілді

«Автоматика және ақпараттық технологиялар»

кафедрасының меңгерушісі

А. Д. Золотов

«___»2021 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Білім беру ұйымдары үшін электрондық білім беру ресурстарын жобалау және әзірлеу»

«5В070300 - Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша

Орындаған Сеитказина Б. Б.

Ғылыми жетекші, т. ғ. д. Какимов А. К.

Нормобақылаушы

Семей 2021

Мазмұны


КІРІСПЕ
4
КІРІСПЕ: 1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
4: 6
КІРІСПЕ: 1. 1 Сандық ресурстардың білім беру үрдісінде қолданылуына сипаттама
4: 6
КІРІСПЕ: 1. 2 Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі түсініктері. Жобалаудың технологиялары мен әдістері
4: 10
КІРІСПЕ: 1. 3 Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы үдерістері, стадиялары
4: 11
КІРІСПЕ: 1. 4 Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы модельдерінің классификациясы. Салыстырмалы талдау жүргізу
4: 11
КІРІСПЕ: 1. 5 Ақпараттық жүйелерді талдау мен жобалаудың негіздері. Жобалаудың негізгі қағидалары
4: 13
КІРІСПЕ: 1. 6 Ақпараттық жүйелерді құрылымдық талдау мен жобалаудың мәні. Құрылымдық жобалаудың әдістемелері
4: 16
КІРІСПЕ: 1. 7 Білім беру ұйымының сайтын құрудың алғашқы қадамдары мен принциптері
4: 17
КІРІСПЕ: 1. 8 Веб - сайттарды құрудың принциптері
4: 23
КІРІСПЕ: 2 ИНТЕРНЕТТЕГІ АҚПАРАТТЫҚ САЙТТАРДЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ ЖОЛДАРЫ
4: 26
КІРІСПЕ: 2. 1 Сайттың әкімшілік бөлімін жетілдіру
4: 26
КІРІСПЕ: 2. 2 Жетілдіру жабдықтары
4: 27
КІРІСПЕ: 2. 2. 1 HTML тілі жайлы.
4: 27
КІРІСПЕ: 2. 2. 2 Динамикалық HTML
4: 28
КІРІСПЕ: 2. 2. 3 JavaScript негізгі ерекшеліктері
4: 30
КІРІСПЕ: 2. 2. 4 РНР бағдарламалау тілі
4: 32
КІРІСПЕ: 2. 2. 5 Adobe Flash
4: 32
КІРІСПЕ: 2. 3 Web -аналитиканың аспаптары мен негізгі көрсеткіштері
4: 33
КІРІСПЕ: 2. 4 WEB - қосымшаларда қолданылатын деректер құрылымдарын зерттеу
4: 36
КІРІСПЕ: 2. 5 Beб-сайттардың сапасын бағалау стандарттары
4: 38
КІРІСПЕ: 3 WEB-САЙТТЫ ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМІ
4: 41
КІРІСПЕ: 3. 1 WEB-сайтты құрастыру принциптерін анализдеу
4: 41
КІРІСПЕ: 3. 2 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫ ТАҢДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ
4: 41
КІРІСПЕ: 3. 3 Құрылған бағдарламалық қамтамасыз етудің қолданушы нұсқасы
4: 42
КІРІСПЕ: Қорытынды
4: 47
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
4: 48
КІРІСПЕ: Қосымша
4:


КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазіргі уақытта елімізде мекемелердің өте көп түрлері жұмыс жасайды. Әрбір мекеме мемлекеттік немесе жеке кәсіпорын болсын, өз жұмысын немесе корсететін қызмет түрлерін сапалы, жылдам және ыңғайлы түрде орындағысы келеді, және әрбір басшылық өз мекемесінің жұмысын қадағалап, аз мөлшерде шығындалғанды ұнатады. Бүгінгі күнде компьютерлердің дамуымен, соның ішінде автоматтандырыған жүйлердің жасалуымен, жоғарыда айтылған мәселелер өз шешімін тапқан болатын. Себебі автоматтандырылған ақпараттық жүйе ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге және сұраным бойынша талап етушіге жеткізуге арналған программалық және техникалық құралдар кешені болып табылады.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру мен дамытудың негізгі себебі - бұл жүйе арналатын объектінің жағдайы мен жұмыс динамикасы туралы ақпаратты сақтау қажеттілігі [1] .

Автоматтандырылған ақпараттық жүйені пайдаланудан пайда болатын, бірақ кепілдік берілмеген нәтижелер:

  • Қызметкерлердің жұмыс өнімділігін арттыру;
  • Клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру;
  • Қызметкерлердің еңбек қарқындылығы мен көлемін төмендету;
  • Мекеме әрекеттеріндегі қателер санын азайту.

Қандай мекеме болмасын оның жұмысына автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу оңай жұмыс емес. Алайда соңғы уақытта енгізу мәселелері толығымен анықталып шешілді. Енгізу меселелерін алдын ала талқылау мен жоспарлау автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізуді және жұмыс жасау сапасы мен мерзімін жақсартады.

Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Қазіргі заман ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Осыған орай адамзат баласы оның соңынан ілесуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Компьютерлік техниканы барлық қызмет ету саласына енгізу жоғары кәсіптік деңгейлі мамандарды дайындау үшін жаңа талаптар қойып отыр, соның нәтижесінде бұрыннан қалыптасқан оқытудың әдістері мен тәсілдері біртіндеп қазіргі заманғы ғылымның қолы жеткен жоғары технологияларды қолданып оқытатын прогрессивті тәсілдерімен ығыстырылып келеді. Ақпараттық-комуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Оқу-ағарту жұмысына келетін болсақ, оқытудың компьютерлік технологиясы информатика пәніне негізделген және компьютер көмегімен іске асырылатын оқу технологиясына негізделген. Оқу-білім ордаларында заманның ағымына байланысты білім беру әдісі де өзгеріске ұшырап отыр. Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды қолдану, жан-жақты оқу, тәжірибелік және теориялық мәселелерін зерттеуді, комплекстік ізденістерді жүргізуді талап етеді. Мысалға алсақ, бірнеше жылдар бұрын ақпаратты игеру үшін оқушылар тек кітап қолданса, қазіргі кезде мектептерде интерактивті тақталар, мультимедиа кабинеттері орнатылған. Ақпараттық-комуникациялық технологияның келешек ұрпақты жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол [2] .

Зерттеу нысаны - білім беру ұйымдары үшін электрондық білім беру ресурстарын құру әдістемесі.

Зерттеу пәні - білім алушыларды қолдау құралы ретіндегі білім беру кешенінің веб-қосымшасы.

Зерттеу мақсаты білім беру ұйымдары үшін электрондық білім беру ресурстарын және химия пәнінен электронды оқулықты жобалау және әзірлеу.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

1) білім беру ресурстарының құрылымын және оны қалыптастырудағы интернет-ресурстардың рөлін таңдау және анализдеу;

2) ақпараттық ортадағы веб-сайттарының рөлі мен мағынасын анықтау;

3) веб-сайттардың критерилерін шығару және сипаттау;

4) веб-сайттарды бағалау әдістемесін жетілдіру және жетілдірілген әдістемені білім беру ресурстарының құрылымы мен мазмұнын анализдеу жолымен сынақтан өткізу;

5) оқу үрдісінде электронды оқулықтарды құруды және жобалауды меңгеру;

6) Химия пәнінен электронды оқулық құру.

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр » делінген. Осылайша оқу - тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1 Сандық ресурстардың білім беру үрдісінде қолданылуына сипаттама

Қазіргі таңда әлемде мемлекеттің ұлттық құндылығы мен бәсекелесу қабілеті туралы объективті ақпарат адам капиталының интеллектуалдық өлшемі арқылы анықталады. Бәсекелестіктің жоғарғы қабілетіне жету үшін заманауи, әрі тиімді білім беру жүйесін қолдау керек.

Сандық білім беру ресурстары (бұдан әрі - СБР) білім беру мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады.

Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде өскелең ұрпақтың СБР белсенді қолдану, бүгінгі таңда берілген бағдарлама аясындағы педагогикалық қоғамдастықтың алдында өзекті мәселелердің бірі болып табылады[2] .

Білімді бақылау автоматтандырылған тестілеу есебінен жүргізіледі, ол оқушылардың білім жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді. Әрбір тақырып бойынша бақылау сұрақтарының саны оқушылардың жас ерекшелігіне қарай және тестілеуге берілетін уақытқа қарай ауытқып отырады.

Электрондық оқытудың уәждемелік-мақсатты компонентін қамтамасыз ететін СБР төмендегілерге бағытталған:

  • көрнекі және көзге түсерлік түрдегі оқытудың мақсаттарын анық ұғуды қабылдауға;
  • дыбыстық түсініктемелерді беру арқылы оқытудың мақсаттарын түсінуге;
  • иерархиялық блок-сызбада пән бойынша негізгі ұғымдарды жалпылауға;
  • оқыту мақсаттарын ұғынуды бекітуге;
  • оқытудың мақсаттарын оның шығармашылық толықтырулары мен қайта ойлауы арқылы тәжірибелік тұрғыдан қолдануға.

Электрондық оқытудың мазмұнды компонентін қамтамасыз ететін СБР төмендегілерге бағытталған:

  • оқу-танымдық ақпаратты қабылдау, оқушылардың танылатын пәндер, құбылыстар, үдерістердің сезілетін сыртқы қаситеттері мен сапаларын ұғыну; танылатын пәндердің, құбылыстар мен үдерістердің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын әрі дәлелді мысалдар мен деректерді енгізу;
  • оқу-танымдық ақпаратты ұғыну және келесі операциялар енетін бейнелі ұғымдарды қалыптастыру: оқылатын пәндер мен құбылыстардың қабылдаған қасиеті мен белгісін талдау;
  • оқу материалын түсіну және үйренушінің ой әрекетін белсендіру: проблемалық элементтері бар құбылыстарды салыстыру және талдау (көрнекті және диалогтық проблемалық мазмұндау) ; оқылатын материалдың дұрыс жарқын бейнелерін құру;
  • оқу ақпаратын жалпылау: оқылатын құбылыстардың маңызды және маңызы жоқ белгілерін айқындау; талқылау, болжам айту және териялық тұрғыдан жалпылау;
  • жаңа мәтіндік дереккөздердегі оқылатын пәндерді, құбылыстар мен үдерістерді ауыстыру арқылы оқылатын материалды бекіту, функционалдық сауаттылықты дамыту, түрлі формадағы ұсынылған ақпаратты қабылдау және талдау.

Электронды оқытудың операциялық-әрекеттік компонентін қамтамасыз ететін СБР төмендегілерге бағытталған:

  • оқушыларда тапсырмаларды өз бетінше орындау қабілетін мақсатты қалыптастыруға бағытталған міндетті, мәселенің мәнін, сұрақты, педагогикалық алғышарттарды нақты және анық құрастыру арқылы интерактивті тапсырмалардың шарттарын қабылдау;
  • міндеттерді орындау әдістерінің, жаңғыртқыш, ауызша, жазбаша, пысықтау, графикалық, проблемалық-зерттеу жаттығуларды орындаудың; жобалау және шығармашылық тапсырмаларды өткізудің; оқушыларда тапсырмаларды өз бетінше орындау қабілетін мақсатты қалыптастыруға бағытталған тәжірибелік және лабораториялық жұмыстарды орындаудың анимациялық үлгілерінің негізінде тәжірибелік және лабораториялық жұмыстардың мәнін түсіну;
  • жай ғана механикалық еске сақтауды емес, құрастырылатын жауапты талап ететін, ойлау әрекетіне бағытталған бақыланатын пысықтау әрекеттерге (ауызша / жазбаша жаттығуларға; жаңғыртқыш, пысықтау, жобалау, графикалық, проблемалық-зерттеу, эвристикалық, зерттеу, шығармашылық тапсырмаларға; тәжірибелік және лабораториялық жұмыстарға және т. б. ) мүмкіндік беретін тапсырмалар түрлерінің сан алуандығының арқасында барынша мүмкін әрекеттер түрлеріне енгізілудің негізінде оқыту ақпаратын түсіну;
  • міндеттерді орындау әдістерін, жаттығулардың түрлерін, жобалау және шығармашылық тапсырмаларды өткізу тәртібін; тәжірибелік және лабораториялық жұмыстарды орындау алгоритмін жалпылау; білімнің жалпылануы мен жүйеге келтірілуінің қалыптастырылуын қамтамасыз ететін алуан түрлі интерактивті тапсырмалардың бар болуы;
  • қандай да үзілістен кейін игерілген оқыту ақпаратын жаңа жағдайда,
  • «жаңа негізде», жаңа мысалдарда, зерттеліп жатқан құбылыстардың, заңдардың, заңдылықтардың, себеп-салдар тәуелділіктердің өз үлгілерінде қолдануға және білімді ұзақ мерзімді жадқа аударуға жәрдемдесетін оқу материалдарын бекіту, шамасы келетін және олар үшін маңызды оқу мәселелерін шешу;
  • тәжірибе: оқушылар өз ниеттерін іске асыратын, өз атынан әрекет ететін шығармашылық жобаларда; эссе, шығармалар жазуда; тарихи оқиғаларды бағалауда игерілген білімдерін, қабілеттері мен дағдыларын шығармашылық тұрғыда қолдануға бағытталған интерактивті тапсырмаларың бар болуы[3] .

Электронды оқытудың бағалау-нәтижелік компонентін қамтамасыз ететін СБР төмендегілерге бағытталған:

  • оқушылардың оқудағы жетістіктерінің тәуелсіз бақылануы мен бағалануын қамтамасыз ететін педагогикалық нұсқамалармен және ұсынымдармен тестілеу бағдарламаларын, жалпылау тестілерін, диктанттарды қабылдау; нәтижені, дұрыс және бұрыс жауптардың санын көрсету;
  • тестілеу бағдарламаларының мәнін бақылаудың сан түрімен бірге түсіну: бақылау-түзеткіш, бақылау-алдын алу, бақылау-ынталандырушы және бақылау-жалпылау; бастапқы, аралық, қорытынды; көп деңгейлі;
  • өз оқу жетістіктерінің деңгейін түсіну және кемістіктерді анықтау;
  • тестілеу бағдарламаларының мазмұнын, олардың электрондық оқулықтың оқыту материалына сәйкес келуін және тестілеу материалының оқушылардың бағаланып жатқан әрекет деңгейіне сәйкес келуін жалпылау;
  • тестілерді сұрақтарды кездейсоқ іріктеу әдісі арқылы бағдарламалау негізінде білімді ұзақ мерзімді жадыға аударуға жәрдемдесетіндей оқу материалын бекіту;
  • тәжірибе: ақиқаттың нақты міндеттерін орындау үшін абстрактылы теориялық білімді ұсынады;
  • оқушы орындаған тапсырмалар туралы ақпарат деректер базасында (оқыту тарихы) сақталады. Мұғалім оқушылардың тапсырмаларды орындау нәтижелерін көре алады.

Жалпыға арналған СБР-лар арасында Интернет-ресурстар ерекше орынға ие, олар жаңа ақпараттың маңызды көзіне айналуда және сабақтарды модельдеу үшін айрықша материалды ұсына алады. Мұғалімдер бұны өздерінің күнделікті педагогикалық тәжірибесінде есепке ала алады. Интернет-технологияларды игеру қазіргі заманда мұғалімнің негізгі құзыретінің біріне айналды. Интернет- ресурстар мұғалім мен оқушылардың өз бетінше білім алуларының көзі және ұйымдастырушысы болып табылады, өз және өзгенің тәжірибесінің кәсіби рефлексиясына жәрдемдеседі, қоғамның заманауи даму деңгейінде қажет болатын оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамытады.

Оқу үдерісінде төмендегі Интернет-ресурстарды пайдалану тиімді болады:

  1. арнайы тақырыптарды зерттеу мақсатында жоғары оқу орындары, компьютерлік фирмалар негізін қалаған білім беру ресурстары. Мысалы, биология, химия, физика, астрономия мұғалімдері сабақтарда заманауи ғылыми деңгейде ғарыш обсерваториялардың, жер серіктерінің деректері, физикалық, химиялық үдерістердің, динамикалық компьютерлер модельдерінің анимациясы және т. б. сияқты біріктірілген ғылыми мәліметтерді ұсынатын білім беру ресурстарын қолдана алады;
  2. электронды кітапхана, әртүрлі энциклопедиялар, мәтіндер, сондай-ақ энтуазиасттар құрастырған әртүрлі ресурстар. Мысалы, жұмыстың топтық түрі қолданылған кезде көлемі үлкен материал қамтылады, бағалау, талдау, басты мәселені анықтау, өз көзқарасын қорғау жүзеге асырылады;
  3. өткізілген телекоммуникациялық жобалардың нәтижелері бойынша құрастырылған сандық білім беру ресурстары. Мысалы, педагогтер мен олардың оқушылары жасаған сайттар қолданады. Сондай Интернет- ресурстардың үлгісі болып Қашықтан Оқытатын Олимпиадалар, семинарлар, тренингтер сайттары табылады;
  4. материалды ұсынған кезде гипермәтін арқылы өзара байланысты байқауға мүмкіндік беретін желілік ресурстар. Бұндай ресурстарға педагогтар ерекше көңілдерін бөлген жөн, оларды жобаларды өткізу, педагогтер мен оқушылардың ең қарапайым СБР-ларды құрастыру алаңы ретінде қарастыруға болады, сондай-ақ ресурста ұйымдастырылған сан түрлі энциклопедиаларының дайын материалдарын қолдануға да болады.

Әлеуеметтік қызметтердің алуан түрлілігі әр мұғалімге жоба қатысушыларының ерекшеліктерін есепке ала отырып оларды таңдауға және қолдануға мүмкіндік береді.

СБР деген пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес нақты оқу тақырыбына арналған дидактикалық материалдарды білдіреді. Оларға мультимедиалық түсіндірмелер элементтері, интерактивті тапсырмалар, тестік сұрақтар енеді [5] .

СБР-дегі оқу материалының мазмұны мәтіндер, анимациялық мәтіндер, фотосуреттер, суреттер, иллюстрациялар, анимациялар, бейнероликтер арқылы берілуі мүмкін. Меңзерді жүгірту арқылы мәтін өзгерген кезде СБР-дегі мәтіндер статикалық және анимациялық болуы мүмкін. СБР-дің әр беті өз мазмұнға ие - мәтін, видео немесе анимациялар. Анимациялар мен бейнероликтер анимацияның немесе видеоның уақытын көруге, демонстрацияны тоқтатып және оны қайтадан қосуға мүмкіндік беретін стандартты басқару үстеліне ие.

СБР-дің барлық тапсырмалары интерактивті болғандықтан, пайдаланушының кез келген әрекетіне жүйе сәйкес әрекетті орындайды немесе хабарламаларды шығарады. Біріншіден, тапсырмаларды орындаған кезде оқушының бұрыс әрекетін бағдарлама қабылдамайтын тәсіл қолданылады. Сөйтіп, оқушы өзі ойлау, қателесу арқылы бір дұрыс жауапты табуы керек. Тапсырмаларды батырмалар арқылы басқаша тексеруге болады: тексеру, тапсырманы қайтадан орындау, кері байланыс/ ұсыныс немесе тексеріс, тастау, қате талпыныстар саны. Кері реакцияның тағы бір формасы түстермен ерекшелеу болып табылады: дұрыс жауаптар жасыл түспен ерекшеленеді, ал қатесі - қызыл түспен немесе дұрыс орындалған тапсырмаларға дұрыс орындалған тапсырма туралы ауызша немесе жазбаша түсіндірмелер беріледі («Жарайсың») және/немесе тапсырма шарты мен жауаптың қасында жасыл қанат белгісімен және т. б. белгіленеді.

СБР материалдарын оқығаннан кейін тестілеуге көшуге болады.

Әр тестте 10-15 сұрақ. Тестілеу жабық түрде өтеді: әр сұраққа бес түрлі жауап ұсынылады. Тышқан арқылы бір дұрыс жауапты таңдау керек. Терезенің төменгі жағында тест бойынша навигацияға арналған панель орналасқан. Бұл панельде «Әрі қарай», «Сұрақтар» батырмалары және жауаптардың есептегіші, оқушылар туралы деректер бар. Оқушы барлық сұрақтарға жауап бергеннен кейін тестілеудің аяқталуы деген терезе пайда болады. Тестілеу аяқталғаннан кейін нәтижелері бар кесте пайда болады.

1. 2 Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі түсініктері. Жобалаудың технологиялары мен әдістері

Ақпараттық жүйелер дегеніміз ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге, талдауға және таратуға бағытталған қолданбалы бағдарламалық өнім.

Ақпараттық жүйелер кіріс ақпаратты (қандайда бір мәліметтер, нұсқаулар) және шығыс ақпаратты (есептеу, есептеулер) қамтиды, яғни ақпараттық жүйелер кіріс ақпараттарды өңдеп, шығыс ақпараттарды нәтиже ретінде береді. Амалдарды, әрекеттерді бақылап отыратын кері байланыс механизмі де жүзеге асырылынады. Басқа жүйелер сияқты ақпараттық жүйелер де қоршаған ортада болады.

Ақпараттық жүйелердің құрамына кіретін типтік бағдарламалық компоненттер жүзеге асырады:

- енгізу/шығару диалогын;

- диалог логикасын;

- мәліметтерді өңдеудің қолданбалы логикасын;

- мәліметтерді басқару логикасын;

- файлдармен немесе мәліметтер қорын басқару әрекеттерін;

Соңғы уақыттарда мекемелерде корпоротивті ақпараттық жүйелерді тұрғызу маңыздылығы қазіргі таңдағы шарттарда бизнесті басқарудың қажетті инструменті ретінде қарастырылып отыр. Корпоративті ақпараттық жүйелер - бағдарламалық қамтамасыздандыру орнатылған және бапталған арнайы бағдарламалық өнім және есептегіш аппараты платформаның жиынтығы.

Жүйелер мен жүйелік талдау. Жүйе, иерархия, иерархия принциптері, сыртқы орта, декомпозицияның әртүрлі түрлері. Жүйелік талдау сатылары: есептің қойылымы, жүйені құрылымдау, модельді құру және зерттеу. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың кеңейтілген кезеңдері мен сатылары[7] .

АЖ жобалаудың әдіснамасының негізгі түсініктерінің бірі - оның бағдарламалық қамтамасыздандыруының (БҚ) өмірлік циклі түсінігі. БҚ ОЦ-оны жасаудың қажеттілігі туралы шешім қабылдаған уақыттан қолданудан толық шығарылып тасталатын уақытына дейінгі үзіліссіз процесс.

Жобаны басқару жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру, әзірлеушілердің колективін жинақтаумен, орындалатын жұмыстардың мерзімін және сапасын бақылаумен айналысады.

Жобаны техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жобаны жүзеге асыратын әдістермен инструменталды құралдарды таңдауды қамтамасыз етеді.

Ақпараттық жүйелерді жобалаудың кезеңдері. Концептуальды, логикалық және физикалық жобалау. Ақпараттық және оптимизациялық есептер. Ең тиімдісін таңдау мақсатымен алгоритмдердің сапасын бағалау. Ақпараттық жүйелердің әртүрлі құрылымдарын көрсетудегі формальдық көзқарас.

1. 3 Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы үдерістері, стадиялары

Әр жобаның өмірлік айналымы (жобаның пайда болу мезетінен оны жүзеге асыру, аяқталу мезетіне дейінгі аралық) бар.

Өмірлік айналымның фазаларға, фазаларды стадияларға, стандияларды сатыларға бөлу қабылданған. Жоба сатылары: жобаны жоспарлау; жобаның ашылуы; жоба алдындағы зерттеу; өндіру; жұмысты сынау және өткізу; қызметкерлерді оқыту; жобаның аяқталуы. Жобаның өмірлік айналымын үш фазаға бөлуге болады: бастапқы, инвестициялық, эксплуатациялық. Бірінші фазада жобаның дамуын зерттеу мен жоспарлау, жоба негіздемесін жасау, алғашқы ойларды іске асыруды талдау, инвестициялық жоба алдындағы негіздемесі мен өміршеңдігін бағалау, объектінің орналасу орнын таңдау және келісімін беру, жобаның жоба-сметалық құжаттарын және жоспарын құру жүргізіледі. Инвестициялық фаза сауданы жүргізу, ресурстарды сатып алу мен жеткізуге келісім жасау мен құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуден тұрады. Осы этапта жобаны басқару жүйесін, коммуникация жабдықтарын қосу жүргізіледі, құрылыстың жедел жоспары мен машиналар механизмдерінің жұмыс графигі жасалады, мониторинг жүргізіледі, жоба жоспары бақыланады және қажет жағдайда түзетулер енгізіледі. Инветициялық фаза объектісін өткізу, ресурстарды демобилизациялау, жұмыстарды іске қосумен аяқталады. Аяқталу фазасында объектіні эксплуатациялау, жабдықтарды айырбастау, жобаны модернизациялау және оны жабу жүргізіледі. Жинақталған тәжірибе жобаны басқарудың ұйымдастырушылық және техникалық жүйесіне өзгерістер енгізу кезінде қолданылуы мүмкін. Жобаны бөлу төрт ірі сатыдан тұрады: жобаны бастау, жоспарлау, іске асыру, аяқтау. АЖ жобасының сатылары: мақсатты анықтау, жобалау, орындалу; қолдану. Программалық өнімнің өмірлік айналымы - бұл оны құру мен жүзеге асырудың бүкіл кезеңі, яғни оның пайда болу мезетінен бастап қолдануды тоқтатқанға дейін кезең. ISO:1995 халықаралық стандартпен анықталатын өмірлік айналымның үдерістері 3 топқа бөлінеді. 1. Негізгі үдерістер: алу, жеткізу, құру, эксплуатация, сүйемелдеу. 2. Қосымша үдерістер: құжаттар, конфигурацияны басқару, сапаны қамтамасыз ету, варификация, аттестация, бірлесіп бағалау, аудит, мәселелерді шешу. 3. Ұйымдастыру үдерістері: басқару, инфроқұрылымды құру, жетілдіру, оқыту.

1. 4 Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы модельдерінің классификациясы. Салыстырмалы талдау жүргізу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық жүйені жобалау кезеңін автоматтандыру
Ақпараттық жүйелерді жобалау концепциясы
Заманауи жобалаудың технологиялары
Педагогикалық әрекеттерді жобалау технологиясы
CASE жабдықтары және CASE технологиялар
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Деректер қорларын жобалау
Технологиялық ақпараттарды қайта өңдеу
Әлеуметтік жобалау және болжау ғылыми таным әдісінің методологиялық аспектілері
Дерекқорлар мен Ақпараттық жүйелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz