Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихының əдістемесі


1-тақырып. Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихының
пəні, әдістері жəне теориялық мəселелері.
1. Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихы пəні.
2. Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихының əдістемесі.
3. Саяси-құқықтық доктриналардың түсінігі жəне құрылымы.
Негізгі әдебиеттер
1 История политических и правовых учений / под ред. Несерянц В. С., издание 2, Издательство «Стреотип», Москва, 2000.
2 История политических и правовых учений / под ред. Лейст О. Э., Москва, 2000.
3 История права и правосудия в лицах / Алматы, 1996
4 Нараодная педогогика/ Педогогические воззрения народов Средней Азии и Казахстана, Москва, 1991.
Қосымша әдебиеттер
1 Политика. Аристотель. Соч. / Москва, 1989.
2 Социально-этические трактаты аль-Фараби/Алматы, 1992.
3 Записка Судебной Реформы. Ш. Валиханов. /Алматы, 1999.
4 декларация независмости. Т. Джефорсон/Алматы, 1999.
5 Идея Всеобщей истории во всемирно-гражданском плане «К вечному миру». И. Кант/Алматы, 1999.
6 Государь. Н. Макиавелли. /Алматы 2001
7 О духе законов. Ш. Л. Монтьеске. / Москва, 1999
8 Город Солнца. Компанелла/Москва, 1969.
9 Трактаты Ж. Ж. Руссо/Москва, 1990
10 Фиолсофия права. Гегель/Москва, 1990
1.
Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихы пəні əр түрлі елдердегі саяси-құқықтық идеология мен теорияның мазмұны жəне даму мəселелері болып табылады. Басқаша айтқанда, аталмыш пəнді əлемнің əр түрлі халықтарының саяси-мемлекеттік жəне заңдық қалыптасуының дамушы қоғамтанудағы дүниетанымдық жəне концептуалдық көрінісі ретінде анықтауға болады. Бұның барлығы өз заманының ақыл-ойы мен саясатына ықпалын тигізген танымал ойшылдар мен əр түрлі мектептердің шығармаларында көрініс тапты.
Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихы пəні - адамзаттың мемлекет, құқық, билік жəне олардың пайда болу шарттары мен дамуы туралы идея, теория, ілім, көзқарастарының жиынтығы.
Пəн ұлы ежелгі өркениеттер дəуірінен бастап қазіргі кезеңге дейінгі көрнекті ойшылдармен, танымал мектептер жəне дəстүрлермен болашақ маманның жалпы жəне саяси-құқықтық мəдениеті іргетасын қалай отырып таныстырады.
Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихы ғылымының негізгі белгілері:
- тарихи жəне заңдық ғылымдар аралығын қамтиды;
- құқықтық институттардың өздерін емес, оларды теоретикалық тану нысандарын зерттейді;
- адамзаттың мемлекет жəне құқықтың пайда болуы мен дамуы шарттарына орныққан жəне нақты көрініс табатын көзқарастарды зерттейді.
Біртұтас заңдық пəн көлемінде саяси жəне құқықтық ілімдердің бірігуі саяси жəне құқықтық құбылыстардың жəне оларға тиісті түсініктердің тығыз ішкі байланысымен
түсіндіріледі. Өткеннің саяси ілімдері «Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихы» пəнінде мемлекеттанудың тарихы ретінде емес, мемлекет мəселелерін ерекше саяси құбылыс ретінде, басқа саяси құбылыстар, қатынастар жəне институттармен өзара байланыста
теориялық зерттеу түрінде жүзеге асырылады. Себебі, мемлекеттілік теориясы мəселелері əр түрлі мектептер жəне бағыттар өкілдерімен саяси ілімдердің шынайы тарихында
зерттелінген. Сондай-ақ бұрынғының құқықтық ойлары юриспруденция тарихы ретінде емес, құқық пен заңнаманың табиғаты, түсінігі, мəні, құндылығы, атқаратын қызметі мен қоғамдық өмірдегі ролі айшықталатын теориялық концепциялар түрінде қарастырылады.
Саяси-құқықтық пəн ретінде «Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихы» шетел мемлекеті мен құқығы тарихына, отандық мемлекет пен құқық тарихына, жалпыадамзаттық тарихқа жақын. Екінші жағынан, ол мемлекет жəне құқық теориясын, құқық философиясын жəне өзге заңдық пəндердің теориялық аспектілерін, сондай-ақ саясаттану, мəдениеттану, əлеуметтану, логика, философияларды зерттеумен байланысты.
Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихы - заңдық ғылым. Дегенмен, оның қалыптасуына жəне гүлденуіне заңгерлерден басқа қоғамтану ғылымдарының өкілдері, əсіресе философтар ерен еңбек сіңірген. Философиялық ойдың танымал өкілдерінің бірқатары (мысалы, Пифагор, Гераклит, Демокрит, Протагор, Сократ, Платон, Аристотель, Эпикур, Конфуций, Августин, Фома Аквинский, Гоббс, Локк, Кант, Фихте, Гегель жəне басқалар)
саяси жəне құқықтық ілімдер тарихының да көрнекті өкілдері болып табылады.
Саяси жəне құқықтық ойлар дамуындағы философияның ролін ескере отырып, саяси жəне құқықтық құбылыстардың шынайы өмірдің ерекше нысаны жəне ғылыми зерттеу объектісі ретіндегі ерекшелігін ұмытпаған жөн. Əр түрлі ғылымдардың пəндік ерекшеліктері мемлекет жəне құқықтың философиялық концепциялары «Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихы» көлемінде өзіндік тұрғыдан, тиісінше ғылымның арнаулы түсініктік аппараты көмегімен, оның танымдық құралдары арқылы, мақсат жəне міндеттерін ажырата отырып қарастырудан көрінеді.
Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихы пəнінің өзге заңдық ғылымдар пəндерінен ерекшелігіне де назар аудару қажет. Мемлекет жəне құқықтың тарихын зерттеуші заң ғылымдарынан айырмашылығы Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихының пəні тарихи пайда болушы жəне дамушы саяси-құқықтық мекемелер мен институттар емес, оларды теориялық танудың тиісті нысандары болып табылады. Сонымен бірге саяси-құқықтық идеялар мен ілімдердің, бір жағынан, жəне мемлекеттік-құқықтық нысандар, мекемелер, институттардың - екінші жағынан өзара тығыз байланыстылығы жəне өзара ықпал
етушілік күші белгілі. Сол себепті мемлекет жəне құқық тарихын жетік меңгерместен, тиісінше саяси-құқықтық теориялардың нақты мазмұнын толық білу мүмкін емес, сондай-ақ тиісінше теориялық ережелер мен концепцияларсыз тарихи дамушы саяси-құқықтық шындықты ғылыми анықтау да мүмкін емес.
Жалпығылымдық заңдық ғылымдармен арақатынасында Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихы саяси-құқықтық теориялар тарихын, мемлекет, құқық, саясат, заңнама туралы теориялық білімдердің пайда болуы мен дамуының тарихи үрдісі заңдылықтарын зерттеуге бағытталған пəн ретінде əрекет етеді.
Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихының пəн ретіндегі маңыздылығы саяси-құқықтық доктриналардың замандас мемлекетінің құқықтық (заңдық, қылмыстық, пенитенциарлық жəне өзге де) саясатына ықпалын тигізгендігімен жəне тигізетіндігімен; мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік басқаруды қалыптастыруда жүзеге асатындығымен; құқық табиғатына деген көзқарастарды оның барлық компоненттерін ажырата отырып талдайтындығымен жəне мемлекет пен құқықтың тарихи байланысын көрсететіндігімен түсіндіруге болады.
2.
Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихының əдістемесі - пəнді зерттеу əдістері мен тəсілдерінің жиынтығы. Зерттеу əдістері мынандай топтардан құралады:
- жалпығылымдық;
- жалпылогикалық;
- арнаулы-заңдық.
Жалпығылымдық əдістер өз алдына тарихи, əлеуметтік, антропологиялық, нормативті-құндылық əдістер болып бөлінеді.
Тарихи əдіс құбылыстарды нақты тарихи кезеңге тиістілігіне қатысты анықтайды.
Əлеуметтік əдіс - мəдениет типін, өмір сүру деңгейін, əр түрлі əлеуметтік топтардың мүддесін ескереді.
Антропологиялық əдіс - адамның мемлекетке, құқыққа, саясатқа қатынасын оның биологиялық қажеттіліктерімен негіздейді.
Нормативті-құндылық əдіс - кез келген мемлекеттік-құқықтық құбылысты ол туралы үлгілі көзқараспен салыстыра отырып зерттейді.
Жалпылогикалық əдістер талдау, синтез, индукция, дедукция, абстрактілеу əдістерінен құралады.
Талдау - құбылыстарды ойша құрамдас бөліктерге бөліп, олардың негізгі белгілерін анықтауды білдіреді.
Синтез - құбылыстың құрамдас бөліктерін немесе талдау барысында алынған олардың негізгі белгілерін тұтасқа біріктіре отырып зерттеу.
Индукция - зерттелінетін көптеген жеке фактілерден жалпы теория қалыптастыру, заңдылықтарды анықтау əдісі болып табылады.
Дедукция - теорияның жалпы ережелерінен жеке тұжырымдар жасалатын əдіс.
Абстрактілеу - пəннің белгілі бір белгілерін ойша бөліп қарастыру əдісі.
Арнаулы-заңдық əдістер құқықтық моделдеу жəне формалды-заңдық əдістен құралады.
Құқықтық моделдеу - құқықтық құбылыстардың белгілерін үлгіге сай ойша қалыптастыру əдісі.
Формалды-заңдық əдіс құқықтық құбылыстардың сыртқы белгілеріне, нысанына басты назар аударуды білдіреді.
Саяси-құқықтық доктриналар мазмұнын түсіну жəне игеру үшін ғылым мен оқу пəнінің ара жігін ажырата білу қажет. Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихын зерттеуші ғылымда əр түрлі ғылыми əдістер, соның ішінде тарихи жəне логикалық зерттеу əдістерінің бірлігін талап ететін жалпыфилософиялық əдіс қолданылады. Тарихи əдіс ілімдердің пайда болуы мен дамуын қарастыратын болса, логикалық зерттеу əдісі іргелі ережелердің шыңдалғандығымен ерекшеленеді жəне саяси-құқықтық ойдың дамуына, əр түрлі əлеуметтік күштер мен жалпы мемлекеттің саясатына үлкен əсерін тигізеді. Өз алдына логикалық əдіс құрылымдық жəне функционалдық, ал тарихи əдіс салыстырмалы жəне биографиялық əдістерге жіктеледі. Құрылымдық əдіс ілімнің құрамдас бөліктерін жəне олардың байланысын талдаумен айналысады. Функционалдық əдіс ілімнің қоғамдағы ролі мен ықпалын анықтайды. Салыстырмалы зерттеу əдісі бұрынғыны кейінгімен, сондай-ақ тұстас ілімдермен салыстыру арқылы құбылыстың озығы мен тозығын анықтауды мақсат етеді жəне жүзеге асырады. Биографиялық əдіс қандай да болмасын ойшылдың шығармашылығына бастау немесе негіз болған оның өміріндегі атаулы фактілерді зерттеумен айналысады.
3.
Мемлекет пен құқықтың сан ғасырлық тарихы барысында көптеген саяси-құқықтық доктриналар пайда болды. Əр түрлі ойшылдармен қалыптастырылған концепциялар жəне олардың мазмұндалу нысандары (теориялық трактат, философиялық шығарма, саяси памфлет, конституция жобалары жəне басқалар) шығармашылық нəтижелері қаншалықты жан-жақты болуы мүмкін болса, соншалықты сан алуан. Дегенмен, сан қилы концепцияларды қиылыстыратын ортақ белгілер де бар: олар белгілі бір əлеуметтік топтардың мемлекетке, құқыққа қатынасын анықтайды (ілімнің бағдарламалық, бағалық бөлігі) ; тиісті дəуірге тəн идеялық-теориялық негізде құрылады (ілімнің əдістемелік бөлігі) ; мемлекет жəне құқық теориясының негізгі мəселелерін шешу жолдарын қарастырады (ілімнің теориялық мазмұны) . Сондықтан, саяси-құқықтық доктрина үш құрылымдық элементтен тұрады:
1) логика-теориялық, философиялық жəне өзге дүниетанымдық негіздер;
2) түсініктік-категориялық аппарат арқылы көрініс тапқан мемлекет жəне құқықтың пайда болуы, олардың даму заңдылықтары, мемлекет нысандары, əлеуметтік маңыздылығы мен құрылым қағидалары, құқықтың негізгі қағидалары, оның мемлекетпен, жеке тұлғамен, қоғаммен арақатынасы туралы мəселелерді шешу;
3) бағдарламалық ережелер - əрекет етуші мемлекет пен құқықты, олардың саяси мақсаты мен міндеттерін бағалау.
Сонымен, саяси-құқықтық доктринаны қарастыру барысында: а) оның дүниетанымдық (философиялық, діни) негізін; ə) теория-əдістемелік мазмұнын (категориялар, түсініктер, əдіс) ; б) берілген саяси (құқықтық) ілімге негізделген нормативті-құқықтық жобаларды, саяси бағдарламаларды, декларацияларды, манифестерді, сондай-ақ осы доктринаның элементтерін қолданушы қоғамдық қозғалыстарды бағамдап талдау қажеттілігі бар.
Саяси-құқықтық доктринаның логика-теориялық негізі қоғамдық сананың өзге нысандарымен, дəуірдің дүниетанымымен байланысты. Ежелгі таптық жəне құлиеленушілік қоғамның саяси ілімдері басым түрде діни (Ежелгі Шығыс мемлекеттерінде) жəне философиялық (Ежелгі Греция мен Ежелгі Рим) негізде болды.
Орта ғасырлық мемлекеттердің дүниетанымдық көзқарастары теологиялық (діни) сипатта еді. Жаңа заманның ойлау əдісі рационализм болып табылады. Таза рационализмнің қоғамдық жəне саяси дамудың кейбір құбылыстарын түсіндіруге жарамсыздығы жəне қоғамның əлеуметтік əрі саяси құрылымын зерттеу əлеуметтанудың, саясаттанудың жəне мемлекет пен құқықты зерттеуші өзге де қоғамдық ғылымдардың пайда болуына жəне дамуына жол салды.
Саяси-құқықтық доктриналардың мазмұны оның түсініктік-категориялық аппараты, мемлекет жəне құқықтың жалпы мəселелерінің теориялық шешімін табу, нақты доктриналардағы негізгі, маңызды категорияларға сүйенген кең салалы, түйінделген көзқарастар жүйесі болып табылады. Уақыт өте келе шешімі саяси жəне құқықтық ілімдер
мазмұнын құрайтын дəстүрлі сұрақтар көлемі анықталды. Олардың қатарында мемлекет жəне құқықтың шығу тегі, олардың қоғаммен, жеке тұлғамен, меншік қатынастарымен өзара байланысы, мемлекет нысаны, оның міндеттері, саяси əрекет əдістері, мемлекет жəне құқықтың өзара байланысы, құқықтың негізгі қағидалары мен нысандары (қайнар көздері), жеке тұлға құқықтары мəселелері алға тартылды.
Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихы пəніне мемлекет жəне құқық теориясының жалпы мəселелері шешімі қарастырылатын ілімдер ғана кіреді. Əрбір салалық заң ғылымдарының өзіндік тарихы бар екендігі белгілі, оларға саяси жəне құқықтық ілімдер тарихы тек жалпытеориялық концепцияларға ықпалы, оның көрініс табу нысаны болған жағдайда ғана қайырылады. Саяси-құқықтық идеологияның даму заңдылықтары теориялық деңгейде мемлекет, құқық, саясат туралы кез келген ілім өзіне замандас саяси-құқықтық шындықты есепке ала отырып құрылатындығын, оның абстрактілі теориялық
құрылымда міндетті түрде көрініс табатындығын білдіреді.
«Философия ойларда жинақталған дəуір» деген Гегельдің ойы тəріздес, саяси-құқықтық доктрина - түсініктер мен категориялар жүйесінде көрініс тапқан дəуірдің мемлекеттік-құқықтық шындығы. Əрбір ірі дəуірдің өзіне тəн саяси-құқықтық мекемелері, оларды теориялық негіздеу түсініктері жəне тəсілдері болған. Сондықтан əр түрлі тарихи даму кезеңдері өкілдерінің күн тəртібінде сол кезеңдегі мемлекеттік мекемелер мен құқық
қағидаларының ерекшеліктеріне байланысты əр түрлі саяси-құқықтық мəселелер туындап отырды. Мысалы, Ежелгі Грецияның құл иеленуші мемлекеттерінде мемлекет құрылымы,
саяси əрекетке қатысуға құқығы бар адамдар тобы, еркін адамдардың құлдарға билігін бекітудің мемлекеттік-құқықтық тəсілдері мəселелері алдыңғы қатарға шыққан. Бұл өз алдына мемлекет нысанын анықтау жəне жіктеу, басқарудың бір нысанынан екіншісіне өту, басқарудың барынша жағымды, үлгілі нысанын анықтау мəселелеріне басым түрде назар аударуға мұрындық болды.
Əр түрлі тарихи кезең ерекшеліктері қоғамдық өмірдегі құқық пен мемлекеттің əр түрлі арақатынасын, соған сəйкес саяси-құқықтық доктриналар мазмұнында мемлекет, саясат, құқық мəселелеріне аударылатын назар дəрежесін де анықтап отырды. «Саяси-құқықтық ілімдер» түсінігі мемлекет жəне құқық мəселелерінің тығыз байланысына негізделген, бірақ құқықты мемлекет қондырмасы, оның қосымшасы немесе «саясат нысаны» ретінде түсінуге жол бермейді.
Бірқатар саяси-құқықтық ілімдер мазмұнында құқық мəселелері басым түрде қарастырылған. Құқық мемлекетке қатысты жетекші роль атқаратын брахманизм, ислам діндеріне негізделген саяси-құқықтық ілімдердің мазмұнында құқықтық мəселелер басым түрде қарастырылады. Платонның «Заңдар», Мореллидің «Табиғат кодексі» еңбектерінде мемлекетке қоғам өмірі салаларын реттейтін заңдарды жүзеге асырушы ретінде ғана баға беріледі. Азаматтық қоғам қалыптасуы кезеңінде адамдардың заңдық теңдігін, олардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекетке адам құқықтары кепілі ролін бере отырып негіздеген саяси-құқықтық ілімдерде құқық мəселелері жаңаша қарастырылып алдыңғы қатарға шықты.
Тақырып 2. Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси және құқықтық ілімдер.
Негізгі әдебиеттер
1 История политических и правовых учений / под ред. Несерянц В. С., издание 2, Издательство «Стреотип», Москва, 2000.
2 История политических и правовых учений / под ред. Лейст О. Э., Москва, 2000.
3 История права и правосудия в лицах / Алматы, 1996
4 Нараодная педогогика/ Педогогические воззрения народов Средней Азии и Казахстана, Москва, 1991.
Саяси және құқықтық ілімдер бұл түсініктің қашан және арнайы таптық мағанасында ерте таптық қоғаммен байланысты мемлекеттің ұзақ даму жолында пайда болды. Ілімдер танымдық жоспарда саяси және құқықтық ілімдердің шығыу тегі алғашқы аңыздардың, ұсыныстардың рационализациясы арасында жүрді.
Саяси және құқықтық ілімдер барлық ежелгі халықтарда Шығыста және Батыста да өзінің ежелгі Мысырлықтарда, Үндістерде, Қытайлықтарда, Вавилондықтарда, Парсыларда, Еврейлерде, Гректерде, Римдіктерде аңыздың қайнар көзіне және әлемдегі адамның алатын орнын аңыздық ұстанымға негіздейді.
Барлық рухани білімге аңыз, барлық жинақталған тәжірибенің тарих және болашақ жолындағы көзқарастардың негізгі көзі, қалған және әдеттегі жабдықтардың арсеналының әлемді танумен түсіну тәсілі мен нысананың тәртіп ережелері жинағының тұжырымы болады. Діни көзқараспен саяси құқықтық көзқарыс және концепция арасындағы байланыстырушы маңызды рөлді дін атқарады.
Көне Үндістандағы саяси-құқықтық ілімдер
Мифологиялық және діни танымдардың ықпалымен ежелгі Үндістанда саяси-құқықтық ілімдер құрылып, дамыды. Ежелгі Үнді қоғамындағы саяси құқықтық және рухани өмірден ұзақ ғасырлар бойы аңыздардың бейлеуші орны иленуі осымен байланысты.
Брахманизм идеясының туындауы б. э. д. II мыңжылдықта ежелгі үнді ескерткіші “Веда да” кездеседі. Бұл шығармада Пурушие құдайынан құралған қоғамды 4 варнаға бөлу брахман - ұртынан, кшатри -қолынан, вайши белінен, шудрааяғынан жаратылған деп айтылады. Осындай аңыздық органикалық концепцияға сәйкес әлемдік заң қоғамының конституциясын, әр түрлі варналардың орнымен жағдайын, осы варна мүшелрінің құқығы мен міндеттерін анықтайды. Құлдар варнаға кірмейтін болғандықтан ерте үнділік варналар мүшелері тең емес болды: алғашқы 2 варна (брахман абыздар, кшатри - жауынгерлер) билеуші, ал қалғандары вайши - ұста, саудагер болса шудралар оларға бағынышты болды. Брахманизм одан әрі дамып, ежелгі үндінің басқа ескерткіштерінде саяси ойларында б. э. д. IX-VIғ. ғ. нақтыланады. Ведаға және ілімге сәйкес барлық варналар және оның мүшелері оларға құдайымен бекітілген дхарманы заң, борыш, дәстүр, тәртіп ережелерін сақтады.
Брахманизм қоғамдағы мемлекеттегі билеуші жақдайды әр-түрлі варна мүшелеріне қатысты дхарманың әлеуметтік және саяси - құқықтық брахмандық талдау мазмұнын да басқарушы маңызын анықтайды. Барахманизм идеологиясына көптеген дхарма енгізілген құқықтық жиынтықтар әр түрлі брахмалық мектептерден құрастырылған. Б. э. д. II ғ. “Ману заңдары” ежелгі кездерде негізделген жазбаша рәсімделген белгілі саяси құқықтық ескерткіш “Ману заңдарында” Вед және Упанишадтың қоғамды варнаға бөлу, олардың тең еместігі және т. б. ережелері өңделді және қозғалды. Брахмандардың басқару жағдайының негізделіуіне және дхарманы қорғау, таңдау және бекіту мәселелерінде олардың құқығының айырықшалық сипатына ерекше маңыз береді. Брахманның өзінің туылуы “вечное воплощение дхармы” Брахман дхарманың асылдарын қорғау үшін туылғандықтан жерде барлық тіршіліктің иесі ретінде жоғарғы орынды иеленді.
Әлемдегі барлық тіршілік ететін нәрсе бұл брахманның меншігі мұның бәріне тек брахман ғана құқылы. Өзінің жоғарғы құдайлық мәртебсінде бола тұра, патша, “Ману заңдары” бойынша брахмандарды құрметтеуге міндетті, олардың кеңестерімен тәлімдерін ұстауға олардан веданы үйренуге және басқарудың бастапқы өнерін анық үйрену керек. Патшаның басты міндеті варна жүйесінің және барлық драхма бойынша оларға тистілімдерге қорғаушы болыу “Манузаңдарында” жазаға маңызды рөл беріледі. Құдайлық иеленушінің ұлы бола отырып жаза жер бетінде «таяқты» білдіреді. Дәл осы маңызда жаза басқару өнерінің маңызын - данданити анықтайды яғни ол “таяқпен билеу”, - дегенді білдіреді.
“Ману заңдары” драхманы және барлық тіршілік иесі құдай мен адам қорғаушысына жазаның Жаза-патша, ол ер адам, ол бейлеушу, ол- жазалаушы деп көрсетіледі. Егер патша жаза тистілергеқолданбаса, олар әлсіздерді балық секілді қуырар еді, ешкім меншік иелене алмай, төмендегілермен жоғарғыдағылар араласып кететін еді. Барлық әлемжаза шараларына бағынады. Ол тәртіп сақталмаса варналар бұзылып барлық шектеулер жойылып жазаның бұзылуынан бүкіл халықтың қарсылығы туындауы мүмкін. Қызыл көзді, қылмыскерді жоюшы жаза жүрген жерде бағынушылар реніш білдірмейді, егер билеуші оларды жақсы бақыласа.
Әртүрлі варна мүшелерінің құқықтарымен міндеттерінің теңсіздігі заңда, қылмыс және жаза туралы ережелерде сақталады. Ерекше артықшылықтарды бұл қатнстабрахмандар қолында. Адам өлгеннен кейін оның жанының көшуі танымын пайдаланып “мынау заңдарын” көптеген жазалар қатарына мүдделік қорғанышы қосылды, бұл дхарманы бұзушыларға қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz