Дән массасының негізі - дән


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Сәрсен Аманжолов атындығы

Шығыс Қазақстан Университеті

Серік Р.

Тақырыбы: «Сыйымдылығы 20 мың тонна болатын аз қуатты өндірістік элеватордың жобасы»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В072800 «Өңдеу өндірісінің технологиясы» білім беру бағдарламасы

Өскемен қ., 2021ж.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Сәрсен Аманжолов атындығы

Шығыс Қазақстан Университеті

«Қорғауға жіберілді»

«» 2021 ж.

«Инженерия және технологиялар»

кафедрасының меңгерушісі м. а

М. Б. Баяндинова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Сыйымдылығы 20 мың тонна болатын аз қуатты өндірістік элеватордың жобасы»

5В072800 «Өңдеу өндірісінің технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша

Орындаған 4 курс студенті Р. Серік

Ғылыми жетекші

ИжТ кафедрасының доценті:

т. ғ. к. М. С. Агзамов

«» 2021 ж

Нормабақылаушы Ж. С. Кошубаева

«» 2021 ж

Өскемен қ., 2021 ж

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

5В072800-«Өңдеу өндірісінің технологиясы» білім беру бағдарламасы

Диплом жұмысын орындауға арналған

ТАПСЫРМА

Студент: Серік Рүстем

Жұмыстың тақырыбы: Сыйымдылығы 20 мың тонна болатын өндірістік элеваторының жобасы

Университет бойынша бекітілді бұйрық №910-ст, «»

Дайын жұмысты өткізу мерзімі

Жұмыстың бастапқы мәліметтер:

Элеватор типі . . . өндірістік элеватор

Элеватор сыйымдылығы . . . 2тн

Айналым коэффициенті . . . 1, 1

Дайындау уақыты . . . 30тәулік

Элеваторға келіп түскен астық мәдениеті . . . бидай

Астықты қабылдау:

Автомобильден қабылдау . . . 100%

Өндіріске жіберу . . . 100%

Астық сапасы:

Құрғақ астық . . . 40%

Ылғал астық . . . 60%

Шөпті қоспа:

Таза . . . 0%

Орташа таза . . . 20%

Шектік кондицияға дейінгі қоспа . . . 50%

Шектік кондициялан жоғары қоспа . . . 30%

Дәнді қоспа:

Таза (1%) . . . 10%

Орташа қоспа (1-3%) . . . 60%

Шектік кондицияға дейінгі қоспа . . . 30%

Шектік кондициялан жоғары қоспа . . . 20%

Түсіндірме хатында жобаланып отырған мекемеге сипаттама, астықты қабылдаушы және жіберуші құрылғыларды есептеу және таңдау, автокөлік транспортымен астықты қабылдау, таразылы құрал жабдықты есептеу, аастықты тазалауға арналған құрал-жабдықтарды таңдау және есептеу, кептіргіштерді есептеу және таңдау, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы,

сонымен қатар жобаланып отырған мекеменің экономикалық тиімділігі жазылған.

Графикалық материалдар тізімі:

Графикалық бөлімде бас жоспар, элеватордағы астық қозғалысының дайындау бөлімінің технологиялық сұлбасы, жобаланып отырған элеватор өндірісінің жалпы түрімен қимасы құрал-жабдықтарын қабатқа орналастыру, желдеткіштерді орналастыру сызбасы, жобаның техно-экономикалық көрсеткіштері сипатталған.

Ұсынылған негізгі әдебиеттер:

Өсімдік өнімдерін өңдеу және сақтау : оқулық / Ә. І. Ізтаев, О. Н. Нәлеев, М. Ж. Қизатова, т, б. ; ҚР ҰҒА академигі, т. ғд., проф. Ә. Ізтаевтың редакциялануымен жасалған. - Алматы:ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. - Ізтаев Ә. Астықтану мен астық қоймалары [Мәтін] / Ізтаев А. Ш., Рахметшин С. А. - Алматы. ; Ізтаев Ә. Өңдеу өндірісінің технологиясы : оқулық. - Алматы /Ә. Ізтаев, С. Т. Жиенбаева, М. П. Байсбаева. - Алматы : Дәуір, 20103. - 632б. ; Анторпов П. А, Казыбекова Т. М, Исаева Ж. М. Методическое пособие по дисциплине Технология элеваторной промышленности / П. А Антропов, Т. М Казыбеков - Усть-Каменогорск ВКГУ, 2005г; Веселов С. А Вентиляционные, аспирационные установки; Предприятие хлебопродуктов / С. А Веселов, В. Ф. Веденеев. - М. : Агропромиздат, 1987. - 257с. ; 1987. - 360б. ; Пунков С. П. Ппроектирование элеваторов и хлебоприемных предприятий / С. П. Пунков. - М. :Колос, 1984. - 289б. ;

Жұмысқа енетін бөлімдерді көрсетіп жұмыс бойынша берілген кеңестер:

Жұмыс бойынша кеңес беретін жетекші

Тапсырманың берілген мерзімі 20ж

Кафедра меңгерушісі М. Б. Баяндинова

қолы

Жетекшісі М. С. Ағзамов

қолы

Тапсырманы орындауға

алған студент Р. Серік

қолы

Мазмұны

Кіріспе 3

1 Жобаланатын кәсіпорынның сипаттамасы 5

1. 1 кәсіпорынды жобалайтын орынды негіздеу және таңдау 5

1. 2 кәсіпорынның бас жоспары 6

2 Элеватор өндірісіне мінездеме 12

2. 1 дәннің құрылымы, химиялық құрамы және технологиялық қасиеттері 13

3 Технологиялық бөлім 19

3. 1 Автокөлік транспортымен астықты қабылдау және жіберу 19

3. 2 Таразылы құрал-жабдықты есептеу 23

3. 3 Астықты автотранспорттан түсіру кезіндегі

құрал - жабдықтарды есептеу 24

4. Астықты тазалауға арналған құрал - жабдықтарды

таңдау және есептеу 28

5. Кептіргіштерді есептеу және таңдау 30

6. Тасымалдау құрылғысын есептеу және таңдау 33

6. 1 Нориялар 33

6. 2 Конвейерлер 35

7. Қалдықты сақтау және өңдеу 36

8. Астықты өңдеуге және сақтауға арналған ғимараттардың

сыйымдылығы 39

8. 1 Силос пен бункер сыйымдылығын анықтау 39

9 Желдеткіш желілерінің пайдалануы 40

9. 1 Желдеткіш қондырғыларының есептелуі 43

10 Автоматтандыру 47

11 Жобадағы жұмысшы ғимаратының өлшемін анықтау 50

11. 1 Жоба бойынша силостық корпус өлшемі мен силос сеткесының

өлшемі мен формасын таңдау 50

11. 2 Жұмысшы ғимарат пен силосты корпус 50

11. 3 Жұмысшы ғимаратының силосты корпуспен және

қабылдаушы - жіберуші құрылғылармен өзара байланыстырып

орналастыру 51

11. 4 Жұмысшы ғимараты мен силостық корпус 52

11. 5 Астық кепіргіштерді орналастыру 52

11. 6 Қалдықты қайта өңдеу және сақтау 52

12 Жобаның экономикалық тиімділік көрсеткіштері 54

13 Қауіпсіздік ережесі, өндіорістік санитария және қоршаған

ортаны қорғау 59

Қорытынды 61

Әдебиеттер тізімі 63

Қосымша А Бас Жоспар 64

Қосымша Б Өндірістік элеватор көрінісі 65

Қосымша В Астық жүру технологиялық сызбасы 66

Қосымша Г Сақтау бөлімі бар астық кептіру кешенінің 67

технологиялық принциптік жұмысының схемасы

Қосымша Д Аспирациялық желінің сызбасы 68

Қосымша Е Экономикалық тиімділік көрсеткіштері 69

Кіріспе

Астық өндіру бір мезгіл уақытында болады. Сондықтан астықтың орып жинау кезеңі аз уақыт алып тез арада жиналады. Сондай-ақ астықты өсіру және өсіріп қана қоймай бидайдың ең жақсы ұрықтарының сорттарын дайындау үшін арнайы ғылыми зертханаларда тәжірбиелер жүргізіліп отыруы тиіс. Бұндай бидайдан алынған өнімнің сапасы оны дұрыс сақтаудан, өңдеуден және технологиялық процестердің жүргізу салдарынада байланысты. Бидай өнімінің кешенінің құрамына бидайды өңдеу, сақтау, сондай - ақ пайдаланумен басқада күнделікті қажетті нан өнімдері, жарма өндіру т. б. салалар кіреді. Осы саладағы ең бірінші және ірісі элеватор шаруашылығы болып табылады. Элеватор кәсіпорынның орындайтын қызметі ауылшаруашылық кәсіпорыннан астықты мезгілінде қабылдап, сақтап және өңдеу.

ШҚО ауылшаруашылық басқармасының мәліметіне жүгінсек облыста астық қабылдайтын орын бар. Қазір көбінесе ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындары астықты өздері дайындап, өңдеп кептіріп тұтынушыларға сатады немесе ауыл шаруашылық корпорациясына өткізеді (мемлекетке) . Астық өндірісі ҚР - ң өсімдік шаруашылығының негізгі және стратегиялық тұрғыдан маңызды саласы болып табылады.

Елімізде элеваторлар мен астық қоймаларында технологиялық операцияларды тазалау, өлшеу, сондай-ақ механикаландыру үшін көптеген жұмыстар атқарылады. Қойма шаруашылығының ғимараттары өндірістік (астықты қабылдап, өңдеп және сақтайтын), өндірістің негізгі және қосалқы қызметтерін атқару үшін қосалқы (қуаттық техника, санитарлық-техникалық құрылыстар, әртүрлі материалдар) жатады. Астық қабылдайтын кәсіпорындар мен элеваторлар шикізаттардың, яғни өндірілген астықтың көлеміне сай белгіленеді. Олардың орналасуы қатынас жолдар үшін де ыіңайлы болуы тиіс. Астық қабылдайтын кәсіпорындардың өндірістік-техникалық базасын жасау дәнді-дақылдар өнімін мол алуға, оны дайындау мөлшерінің артуына тікелей байланысты.

Элеватор өнеркәсібі астықты астық қоймаларында қабылдап қана қоймай оның тұзақ уақыт сақтау және сапасын арттырады. Астықты өндірушіден тұтынушыға дейінгі астықтың қозғалысына байланысты болатын мемлекеттік нан айналымында элеватор өнеркәсібі орталық орын алады. Негізінен элеватор айналымының материалды техникалық базасы болып табылады.

Элеватор-ғимарат пен құрылысы бар: 1) Астықты сақтайтын силосты

тұрқы 2) жұмысшы башнясы норимен, оперативті силоспен, таразымен, бөлу құрылғысымен және астық тазалаушы машинасы 3) астық кептіруші цехі 4) әр түрлі транспорттан астықты қабылдау 5) әр түрлі транспорттарға және өңдеуші өндірісіне жіберу 6) қалдықты сақтау және сорттау ғимараты .

Барлық аталған элеватор бөліктері және онда орналасқан құрылғылар бір бірімен байланысып, тығыз орналасау керек. Пропорцианалды дамыған болу керек.

Элеватор өнеркәсібі мемлекеттің агро өндірістік комплексінің басты звеносы бола үздіксіз қабылдауды жинаудан кейін өңдеуді, астық рационалды ораналастыру және сақтауын мемлекеттік ресурсқа дайындауға түскен астықты өңдеу. Элеватор астық қоймаларының ішінде негізгі функцияларын атқаратын басты өндіріс орны болып табылады. Ол негізінде бірнеше өндірістік цехтардан жұмысшы ғимараттардан, астық сақтайтын силостық құрылымдардан және құрылғылардан сонымен қатар қалдықты өңдейтін цехтан тұрады.

Элеватордың негізгі жұмысшы: астықты қабылдау, оны алғашқы өңдеуден өткізі (тазарту, кептіру, автивті желдету) және жақсы сақтап, тұтынушыға жеткізу.

Элеватор өндірісінің негізгі функциялары органнан кейінгі астықты өңдеу, сақтау және тұтынушыға жеткізу. Негізгі жұмысы астықпен байланысты болған себепті оның сапасымен мөлшерін төмендетпей сақтау үшін астық массасының физиологиялық және физикалық жағдайын ескере отырып оған тікелей әсер ететін факторларды (ылғалдылық, температура) үнемі реттеп отырады. Жалпы астықтың сапасы деп, оны белгілі бір мақсатқа пайдалануға және ұзақ уақытқа сақтауға мүмкіншілігінің бар жоғын анықтайтын белгілі бір қасиеттерінің жиынтыған айтады. Қазір астық сапасының үш дәрежесі қарастырылады:

1 сапа - абсалюттік сапа

2 сапа - техникалық қауіпсіздендіру талабымен анықталады.

3 сапа - дәрежелі сапаны экономикалық ең тиімді сапа ретінде санайды.

Элеваторда астықты қабылдау мен тазалауды арнаулы мұнараға орнатылған қондырғылар атқарады. Орналасу орнына, астық өндірушінің тұтынушыға жеткізу бағытына байланысты элеватор өнеркәсіп екі топқа бөлінеді:

1- Дайындаушы элеватор - астықты қабылдайтын.

2- Өндірістік элеватор - астықты тазарту, кептіру, сақтау өнеркәсіпке жіберу.

Менің курстық жобамның мақсаты жылдық көлемі 2 тонна болатын өндірістік элеваторды жобалап, есптеу болып табылады. Негізгі бізге керек мағұлмат тасымалдаушы құрылғылар және технологиялық үдерісті есептеп табу, элеваторда астықтың жүру процесінде технологиялық схеманы таңдап алу, сонымен қатар қабылдаушы элеватордың басқы жобасын жасау. [1]

1 Жобалайтын кәсіпорынның сипаттамасы

1. 1 Кәсіпорынды жобалайтын орынды негіздеу және таңдау.

Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы ауылының шаруашылық жағдайын зерттей келе сиымдылығы 20 мың тонна болатын өндірістік элеваторын жобалаймын.

Элеватор Бородулиха ауданын түгелдей астықпен қамтамасыз етіп оны ұн тарту, құрама жем зауыттарына жіберетін болып, өнеркәсіптің барлығын қамтамасыз етеді.

Бородулиха ауданы 1944 жылы құрылған. Аудан солтүстік жағынан Алтай республикасымен (Ресей) , оңтүстіктен Семей қаласымен, батыстан Бесқарағай ауданымен шекараласқан.

Элеватор өндірісін жобалаудағы басты мәлімет Бородулиха ауданының астық жинаудағы көрсеткіштері (1 кесте) .

Кесте 1

Бородулиха ауданының жылдардағы бидай жинаудағы балдық көрсеткіштері (тонна)

Жыл
Балдық жинақ, т
Жыл: 2016 жыл
Балдық жинақ, т: 89016
Жыл: 2017 жыл
Балдық жинақ, т: 90115
Жыл: 2018 жыл
Балдық жинақ, т: 133952
Жыл: 2019 жыл
Балдық жинақ, т: 75184
Жыл: 2020 жыл
Балдық жинақ, т: 89750

Ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерліктер 495 ауыл шаруашылығы құрылымдарын біріктіреді, оның ішінен 468 шаруа қожалықтары, негізгі бағыттары астық және май тұқымын, күнбағыс өндіру, ет және сүт бағытындағы мал шаруашылықты дамыту болып табылады.

Ауданның агроөнеркәсіп кешені тұрғындардың азық-түлік тұтынушылығын қанағаттандыру үшін қызмет етеді.
2016 жылы егістік алқаптар 304, 361, 5 га құрады. Жаздық бидайларды егуге астықтың барлық алқабынан 64 пайыздан астамы бөлінеді, жарма дақылдары -13 пайыз және мал жемі дақылдары 14 пайыз жерді қамтиды.
Күнбағыстың жинау алқабы 121, 690 га.

Бородулиха ауданының жылдардағы егін егу алаңының (бидай) статистикалық көрсеткіштері (гектар)

Кесте 2

Жыл
Егін егу алаңы, га
Жыл: 2016 жыл
Егін егу алаңы, га: 80603
Жыл: 2017 жыл
Егін егу алаңы, га: 85900
Жыл: 2018 жыл
Егін егу алаңы, га: 81060
Жыл: 2019 жыл
Егін егу алаңы, га: 84260
Жыл: 2020 жыл
Егін егу алаңы, га: 85080

Жоспардағы элеватор өндірісі Бородулиха ауылының кезінен қалған ауыл шаруашылық техниканы жөндеу шеберханасының орнына жобаланады.

Ауыл шаруашылық техниканы жөндеу шеберханасы ауылдың шет аймағына қарай орналасқан. Шеберхана маңында өрт сөндіру орны, ұстахана, су құбыры мен трансформаторлар орналасқан және автокөлік жолына жақын.

Жалпы ауданның экономикалық жағдайы қарқынды даму үстінде.

1. 2 Кәсіпорынның бас жоспары

Бас жоспар дегеніміз жобалап отырған құрылысты дұрыс есептеп оны таңдаумен қатар рационалды және игілікті, құрал жабдықтарды жерді инженерлік жүйелерді, сонымен қатар негізігі, қосымша және бөлек ғимараттардың, құрылғылардың автокөлік, теміржол су жолымен астықты қабылдау және тиеуді қамтамасыз ететін сызықтарды байланыстырылған бас жоспар құрастыруға салынған өнеркәсіп дұрыс экономикалық жұмыс істеуге арналған.

Барлық территортялардығы ғимараттар мен құрылыстар өндіріс, жүйесіне кіретіндер екі топқа бөлінеді.

- Негізгі өндірістік обьектілерге:

қабылдаушы шығарушы құрылғылармен бірге элеватор, астық қоймалары, астық кептіргіштер, дайын өнім қоймасымен бірге үн тарту, жарма және құрама жем зауыттары, зертқананың негізгі және қосымша ғимараттары администаторлық корпус, автокөлік және вагондық таразылар.

Қосымша - өндірістік құрылыстарға келесілер жатады: трансформаторорлық станциялар слесарлық мехеникалық отын және жанғыштардың қоймасы, электорндық монтаждық ағаштық ұстақаналар автокөлік тасымалдау үшін тұрақтар, өрттік депо асхана.

Қызмет көрсетуші жұмысшылар үшін кәсіпорында жеке киімі мен жұмысшы киімін қоятын жеке киім шкафтары бар бөлек бөлме мен ыстық суы бар жуынатын бөлме болуы керек, медициналық қызмет көрсететін пункттері болу керек.

Өрт қауіпсіздігінің шарты бойынша ғимараттары мен құрылыстарды белгілі бір ара қашықтықты орналастыру керек, себебі өрт машиналары тез және ыңғайлы түрде өнеркәсіптің обьектілеріне тез жетіп өрт болған жағдайда тез өшіріп объектерді сақтап қалу үшін. Элеваторлар өрт қауіпсіздік жағынан шаң астық болған соң 1 категорияға жатады.

Сонымен қатар мұнайлық қоймалардың газдық және басқа да обьектілердің шартын орындау керек.

Санитарлық шарт бойынша элеватор мен қоймалардың, үн тарту, жарма, құрама жем зауыттарының жанына химиялық кәсіпорындар, ветеринарлық ауруханалар және т. б орналасуға болмайды.

Санитарлық жіктелу бойынша санитарлы - қорғалған зона астық сақтау учаскесінің шешарасынан көрші тұрған кварталдарға дейінгі ара - қашықтық кем дегенде 100 м болуы керек. Элеваторларды самолет қойып ұшатын аэробекеттерге салуға болмайды, себебі биік ғимараттар самолеттер үшін қауіпті.

Элеватордың бас жобасы: 1 : 1000 немесе 1 : 500 масштабында, ал нобайы маштабсыз сызылады.

Онда су жүйесінің конализация құбырларының, электр жүйелерінің, автокөлік, темір жол жүйелерінің барлық басқа да салынатын көмекші құрылыстардың жобалары желдің бағыты тағы басқалар түгел керекті құрылыстар көрсетіледі.

Ол үшін алдымеy, осы салынатын құрылыстардың түрі, орны белгіленеді.

Құрылыстарды: өндірістік, қабылдау, тазалау келтіру, сақтауға деп арнап бөледі.

Бас жоспарды құрудағы негізгі талаптар

  1. Негізгі өндірістік ғимараттарды тұрғылықты аудан сияқты санитарлы сақтағышты талаптарымен жел жаққа ынғайландырып орнатады.

Өндіріспен тұрғылықты жер зонасының санитарлы бөлімі 100 м құрайды, ол ұн және жарма зауыттары үшін 150 м құрайды.

  1. Ғимаратпен жабдықтардың арасын өртке қарсы талаптарға және өндірістік орындардың санитарлы талаптарына сай болуы керек. Көмекші цехтер, қоймалар, энергетикалық жабдықтарды негізгі цехке жақындатып орнатады.
  2. Бас жоспарды жобалаған уақытта оның болашақтағы өсу мүмкіндігін ескерту керек. Сол үшін элеватор мен қоймалардың сыйымдылығын дайын өнімнің қоймаларын орнату үшін бос жерлерін қарастыру қажет.
  3. Өндірістің шекарасын салу барысында оның қолданыс аясын көп қылып жобалау керек.

- Элеватордың жұмыс ғимаратымен диірмен немесе жарма зауыттарының ара қашықтықтағы 12 м болу керек.

- Диірменмен қосалқы құрылысының ара қаштықтығы 25 м

- Өндірістік корпустан дайын өнімді сақтайтын қоймаға дейін 15 м

  1. Автокөлік өлшеуге арналған таразыны аумаққа кіреберісіне ара қатынасы қашадан 10 нан 12 м дейін.
  2. Темір жол және автокөлік жолдарын ауыр жүктер жүретін жолдарға сәйкес орнатады.
  3. Аймақтың ішіне жүруі бұрылысты және асфальтпен төселінуі керек.

Автокөлік жүретін жолының ұзындығы дайын өнім қоймасы шамасында 20 м, ал басқа да бөлімшелерде 6, 5 м алынады. Өрт сөндіру машиналарына бір бағыт қозғалысындығы 3, 5 м арналған жол болады.

  1. Инженерлік жүйелер (су құбыры) күштік кабель, жылу жүйесі сызығын жолдың бойында және ғимарат астында орнатпайды. Ғимарат пен су құбырының ара қашақтығы 5 м ал канализация үшін 3 м болады.

Трансформаторлық станцияны өндірістік ғимараттың жолына ораластырған дұрыс.

  1. Өндірістік шекарасын сәйкестендірілген қашалармен қорғайды. Кем дегенде екі есік болуы керек - негізгі және запасты.
  2. Аумаққа кіре берісінде автокөлікке арналған орын қарастыру керек, қақпа алдында астықтың сапасын анықтайтын зертхана болу керек.
  3. Аумақта өрт сөндіретін су құбырын немесе сиымдылығын 250 . . . 500 м3болатын бактар тұруы керек. Гидранттардың аралары 50 . . . 100 м аспауы керек.

Бас жоспарды жобалауға қойылатын талаптар.

Орналасатын кәсіпорынның бас жоспары жобалау үшін жоспарға сай СН и ПП - 89 - 80 нормаларына сай болу керек.

Қойылатын талаптар:

Оның алатын ауданы, оның ішіндегі құрылыстардың ауданы, оның ішіндегі құрылыстардың ауданы, көк алаңдары, ағаш бұта өсімдіктердің алатын ауданы, олардың коэффиценттері есептеп шығарылады. Алайда өрте қарсы күресу шаралары белгіленеді.

Жұмысшы және силос корпустары. Жұмысшы үйі өндірістің орталығы. Онда барлық өндіріске қажетті нориялар, таразылар, астық тазалайтын машиналар, кептіргіш қондырғылар, тасымалдау транспортерлер орналасқан.

Астықты қабылдау тиеу тазалау сақтау жұмыстары осында осы жұмыс арқылы орындалады.

Графикалық бөлімінің жалпы талаптары

  1. Бас жоспар мына масштапта жобаланады құрылыстың тығыздығына байланысты 1:1000 немесе 1:500
  2. Беттің жоғарғы оң жақ бұрышында жел бағытын анықтайтын құрылғыны сол жел бағытына сәйкес орналастырады.

Бас жоспарды солтүстікті - жоғарыда, батысты - сол жағына орналастырып күн жағына бағыттау керек.

Сондай-ақ, тігінен ± 30° ауытқымауы керек.

Кесте бағыты бойынша желдің қайталануы %

Кесте 3

Желдің бағытын анықтайды

С
Сш
Ш
Ош
О
Об
Б
С
С: 15
Сш: 10
Ш: 11
Ош: 12
О: 10
Об: 14
Б: 14
С: 14

3. Мемлекеттік стандарттарға сай ғимаратпен құрылғыларын белгілейді.

Негізгі және қосалқы өндірістік аудандарын есептеу:

Аудан келесі формуламен есептелінеді.

S=a∙d (1)

Мұнда а - құрылыстың ұзындығы м.

D - құрылыстың ені м

Элеватордың жұмысшы құрылысының ауданы.

S=16∙9=144м 2

Силостық корпустың ауданы

S=2∙(60∙24) = 2880 2880 м 2

Автокөлікпен қабылдау құралының ауданы

S=13, 8∙8, 4= 157 , 9 157, 9 м 2

Админстративтік ғимарат ауданы

S=28, 7∙20, 6= 591, 2 м 2

Кептіргіштің орналасу ауданы

S=8∙4, 5= 36 м 2

ДСП - 50 кептіргішінің ауданы

S=7, 5∙20= 150 м 2

Трансформатор станциясының ауданы

S=6∙6= 36 м 2

Зертхананың ауданы

S=10, 8∙14, 4= 155, 5 м 2

Дәретхананың ауданы

S=4, 75∙10= 47, 5 м 2

Суға шомылудың (душевая) ауданы

S = π = \pi 2 =3, 14∙5 2 = 78, 5 м 2

Артезиан скважинасының ауданы

S = = 3, 6∙14, 4= 51, 84 м 2

Кіретін қақпаның ауданы

S = = 7∙11, 2= 78, 4 м 2

Жанармай сақтайтын орынның ауданы

S = = 12∙12= 144 м 2

Қосалқы орындар

S = = 34∙42= 1428 м 2

Насостық станциясы

S = = 46∙20= 920 м 2

Тұрмыстық корпус ауданы

S = = 28∙39= 1092 м 2

Бас жоспардың экономикалық сипаттамасының негізгісі болып аумақтың ауданы, құрылыстың тығыздығы және бөлек жабдықтардың сандары өндірістің рациональды қолданылуы және оның жақсы орналасуы келесі коэффиценттермен анықталады. Құрлыстың тығыздығын келесі формуламен анықтайды.

К 3 = (2)

Мұнда ∑F 3 - бас жоспардағы барлық ғимараттармен құрылғылардың ауданы м 2

F 0 = шекараның жалпы ауданы м 2

К 3 = =13, 4 %

Қосымша А- да көрсетілген

2 Элеватор өндірісіне мінездеме.

Элеватор өндірісінің жүйесін құрастыру оның мақсатына, өндірушіден тұтынушыға жеткізу орнына байланысты. Осы принципті негізге ала отырып элеваторлы қойма өндірісі:

дайындаушы, аралық және өндірістік болып бөлінеді.

Астықты өндірушіден (ауыл шаруашылығы) тұтынушыға (қайта өңдеу кәсіпорны, сату жүйесі, экспорт) жеткізуде мемлекетке өндіріс жүйесімен жасақталған. Ол мемлекет тұтынушыларының элеваторлы және қоймалы өндірісінде, олардың типін таңдауда өзара байланысы мен орналасуын сақтау және тасымалдауда аз шығындауды талап етеді.

Дайындау кәсіпорны астықты өндіру ауданында, тасымалдаушылардан (жеке меншік, ірі ауылшаруашылық кәсіпорыннан) астықты қабылдап, жиналғаннан кейінгі өңдеуден өткізіп (тазалау, кептіру), үлкен партиялар құрып, берілгені бойынша сақтап өндіріске ұн тарту, құрама жем т. б зауыттарға өңдеуге жіберу жұмысын атқарады.

Негізгі міндет астықты дер кезінде қабылдап 15-30 тәулік арасында тазалап, кептіріп, сақтап өндіріске жіберу мақсаты.

Қазіргі замандағы элеваторлар комплекті механизацияланған өндіріс, кептіру - тазалау мұнаралары, қабылдау, жіберу, өңдеу және тұқым тазалау бәрі үлкен механизация арқылы жұмыс жасалады.

Қазақстандағы астық қабылдайтын кәсіпорындарда тиеу және түсіру жұмыстарының көлемі әр жылда әр түрлі. Қазір автомашиналармен астықты тасу түрліше ұйымдастырылады:

- комбайн - қырман

- комбайн - элеватор

- комбайн - қырман - элеватор

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылу түзетін астық массасының компоненттері
Астық қабылдау
Астық массасының оздигинен қызуы
Астық массасының құрамы
Астық кептіру
Ақша-несие саясатының мәні
Дән массасының өзіндік физиологиялық қасиеті
Қазақстан Республикасының ақша реформасы
Астық массасының сусымалды материал ретінде механикалық қасиеттері
Сыра өндірісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz