Мекемедегі құжат айналым


«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ
Қорғауға жіберілді
«Автоматика және ақпараттық технологиялар»
кафедрасының меңгерушісі
А. Д. Золотов
«___»2021 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Жиһаз компаниясы тауарының сатылуын есепке алу ақпараттық ішкі жүйесін құру»
«5В070300 - Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша
Орындаған Тұрғанбаева А. С.
Ғылыми жетекші, э. ғ. к. Смагулов С. К.
Нормобақылаушы
Семей 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Бізді қоршаған әлемде айналып жүретін ақпараттар тасқыны өте үлкен. Уақыт өткен сайын олар көбейеді. Сондықтан кез-келген үлкен де, кіші-гірім болса да, ұйымда тиімді жұмысты қамтамасыз ететін деректермен басқаруды ұйымдастырудың мәселесі туады. Кейбір ұйымдар ол үшін бумалары бар шкафтарды қолданады, бірақ-та көпшілігі компьютерленген әдістерді жоғары бағалайды - өйткені, ол үлкен көлемді мәліметтерді тиімді сақтауға, құрастыруға және жүйелеуге мүмкіндік беретін деректер базасы. Бүгін көпшілік қаражаттық, өнеркәсіптік, сауда және тағы басқа ұйымдардың жұмыстарын деректер базасынсыз ұсыну қиын. Деректер базасы жоқ болған жағдайда біз информациялық тасқын астында қалушы едік.
Бар информацияны компьютерлік негізге ауыстырудың көптеген салмақты себептері бар. Казіргі кезде информацияны ЭЕМ-де файлда сақтау қағазда сақтау бағасынан арзан. Деректер базасы информацияны сақтауға, жүйелеуге және қолданушыға оптималды әдіспен алып шығуға мүмкіндік береді. Клиент/серверлік технологияларды қолдану мәндік құралдарды сақтауға, ал ең негізгісі - ол керек информацияны алу үшін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар баруды және жүргізуді ыңғайлатады, өйткені олар деректерді кешендік өндеуге және оларды орталықтандырып сақтауға негізделінген. ЭЕМ кез-келген форматты сақтауға мүмкіндік береді: тексті, сызбалар, қолмен жазылған нұсқадағы мәліметтерді, фотографияларды, дабысты және т. б.
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде қаржылық есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндірістік қор - жабдықтарының мемлекеттік меншіктен ұжымдық және жеке меншіктерге ауысты. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым - қатынастар саясаты жаңа сипат алды. Бұл бойынша еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс - әрекеті өз шығындарын өзі өтеу, өзін - өзі қаржыландыру қағидаларына негізделуі тиіс.
Қазіргі уақытта Қазақстан нарықтық экономикасы дамыған елдің бірі ретінде танымал. Өте аз уақыт аралығында Қазақстан экономикада үлкен өзгерістер жасады. Сонымен қатар əлемдік мəдениетте, жаңа технологияны қолдануда үлкен жетістіктерге жетті. Қазіргі кезде еліміздің əлеуметтік- экономикалық өркендеуі байқалады.
ҚР президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында, яғни Қазақстан - 2030 бағдарламасына сәйкес қоғамның барлық салаларында ақпараттандыру үрдiсi жүруде. Осыған сәйкес, экономиканың əртүрлі сфераларында автоматтандырылған ақпараттық жүйе жұмыс нəтижесін анықтайды. Бізді қоршаған əлемнің айналысындағы мəліметтердің ағыны өте зор. Уақыт бойынша олар тенденцияның арту жағына ие болып отыр. Сондықтан, үлкен, не кіші ұйым болсын, əрбір мұндай ұйымның тиімді жұмыс атқарылуын қамтамасыз ететін деректерін басқару мəселесі орын алады. Кейбір үйымдар ол үшін папкалары бар шкафтарды, ал көпшілігі үлкен көлемді мəліметтерді жүйелейтін, құрылымдайтын жəне нəтижелі сақтайтын деректер қорын - автоматтандырылған əдістерді қолданады. Қазіргі кездің өзінде көптеген қаражаттық, өнеркəсіптік, саудалық жəне т. б. ұйымдардың жұмысы деректер қорынсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Егер осы автоматтандырылған жұмыс орындары болмаса, онда ұйымдар өздерінің мəліметтерінің көптігінен тұншығып қалар еді.
Берілген мəліметтерді компьютерлік негізіне ауыстырудың көптеген маңызды себептері бар. Деректер қоры мəліметтерді сақтап, құрылымдап, қажетті түрде пайдаланушыға ұсына алады. Клиент/серверлік технологияларды қолдану маңызды құралдарды сақтау, ал ең бастысы қажетті мəліметті алу кезінде уақыттың үнемділігі, сонымен қатар деректерді кешендік өңдеудің жəне оларды сақтауды орталықтандыруға негізделген енгізу мен рұқсат етілуді оңайлатады.
Зерттеу нысаны - жихаз жасап, сатумен айналысатын мекеме.
Дипломдық жұмыстың мақсаты жаңа құрал ретінде жобалау əдістері мен технологияларын, программалық жабдықтарды пайдалана отырып, шағын жихаз өндіруші мекеменің қаржы бөлімі маманының автоматтандырылған жұмыс орнын (АЖО) құру.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- Инфологиялық жобалауды жүзеге асыру;
- Логикалық жобалауды жүзеге асыру;
- Физикалық жобалауды жүзеге асыру;
- Пайдаланушы нұсқаулығын әзірлеу.
Мақсаттарға осы ұйым үшін сенімді және оңтайландырылған электрондық дерекқорды әзірлеу арқылы қол жеткізіледі.
1 БАҒДАРЛАМАЛАУДЫҢ ТАҚЫРЫБЫН ТАЛҚЫЛАУ
1. 1 Жихаз өндірісндегі қаржы мәселесі және электронды құжаталмасу
Жихаз өндіру бизнесі, тек Қазақстанның ғана емес, күллі әлемнің алға қояр нысаны деп айтуға болады.
Казіргі кездегі автоматтандырылған жүйелердің аппараттық құрылымына мыналар кіреді: есептеуіш техника құралдары; телекоммуникация және байланыс құралдары; әртүрлі қызмет көрсетулерді автоматтандыратын құрылғылар: автоматтар, сауда жүйесінің, пластикалық картешкелердің терминдары; ақша қаражатымен жұмыс істеуді автоматтандыратын құралдар.
ИЖ аймағында әзірленетін әртүрлі деңгейлі автоматтандырылған жұмыс орындар көбінесе техникалық құралдардың құрылымына, олардың архитектураларына және функционалдық мінездемелеріне қатысты болады. Сондықтан АЖО әзірлеу сатысында информацияларды сақтайтын, өндейтін және шығаратын техникалық құралдардың, функционалдық құрылғылар тізімінің, интерфейстердің және т. б. парамерлеріне талаптар жасалынады. Техникалық қамтамасыздандыруда ескерілетін, «Қонақ үйі» ұйымдастырушысының АЖО ерекшеліктеріне мыналар жатады: нақты уақытта жұмыс істеу; қатан құжаттармен жұмыс істеу, сонымен қатар керек деректерді сәйкес жерде баспаға шығару; өңделетін информацияның көлемі.
Қаржы дегеніміз не, ол қашан, қалай өріс алған ?
Қаржы дегеніміз - французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар - ақша айырбасының дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.
Ақша қоры-мемлекеттің қолындағы үлкен байлығы. Сондықтан да кез-келген мелекеттің ақша жөніндегі кірістері мен қорлардың басты материалдық бүлағы-ішкі жалпы өнім, оның құрамды бөлігі үлттық табыс болып саналады. Осыдан мемлекет қаржы арқылы өз қолындағы қорларды бөлу, қайта бөлу негізінде өндіріс дамуына, өндіру мен түтынуға ықпал жасап, бүл саладағы түбегейлі мідеттерді ойдағыдай шешіп отырады. Қаржы осындай ықпалды ерекшеліктерімен өндірістік қатынастар ауқымын анықтайды, базалық категорияға қоян-қолтық қатысты буынға айналады. Материалдық өндірістің үрдіс дамуына байланысты экономикалық категория түтқасын үстаған мемлекет қаржыны өз тарапынан реттеп, оның өрісіне кең жол ашып отырады.
Қандайда қоғамдық - экономикалық құрылысқа өндіріс қажет. Өндіріссіз ешбір қоғам өмір-сүре алмайтына көне тархтын дамуы айқын дәлел. Қоғамдық өндірістің маңызы орасан зор. Ол, біріншіден қоғамға аса қажетті алуан түрлі техника әзірлеп береді. Осы арқылы қоғамның өзінің техника, яғни еңбек қүралдарына деген тұтынуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, өндіріс қоғам мшелерінің үдайы өсіп отыратын материалдық және рухани қажеттеріне қажет өнімдерді шығарады. Осымен қоғам мүшелерінің өмір тіршілігіне қажет заттарды-киімкешекті, жиһаз, турмыстық жабдықтарды, азық-түлікті үлғааймалыүрдіспен әзірлеп отырады. Сондықтан өндіріссіз-қоғам жоқ, түтынушысыз-өндіріс жоқ, деген қағида пайда болған.
Алайда, қоғамдық түрғыдан алғанда жалпы түтынуға арналып өндірілген барлық өнімдер толықтай алғанда тауар деген үғымды білдіреді. Бүл арада теориялық түрғыдан айрықша атап өтуге қажетті мәселе бар. Айталық, егер жеке адам өзін жекелей түтыну үшін нендей бір өнім шығаратын болса, оны саудаға шығармай, тек өзінің игілігіне ғана пайдаланған жағдайда, ол өнім шығарушы үшін тауар болып саналмайды. Егер шығарылған өнімді сауда-сатық жағдайында басқа бір түтынушы үшін сатып алса, онда әлгі өнім тауар атағына ие болады. Ал қоғамның тауар өндіріс арқылы шығарылатын өнім бірден тауар болып табылады. Жоғарыда аталғандай қоғамдық өндірістік өнім қоғамның өзінің де, жеке дара түтынушының да қажеттігіне айналады, сатылады. Осы тауарларды сатудан түскен ақша мемлекеттің қаржы қорын қурайды .
Қаржы - ақша қатынастарының ажырағыссыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық үдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық қатынастарда қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпықоғамдық өнім мен үлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамының түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісі болып табылады. Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дүрыс болмас еді. Ақша катынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалынатын ақша қорлары бүл қатынастардың мазмүны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорларымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды.
Экономикалық категория ретінде қаржының мазмұнын қүрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әр қашан ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болтын жалпы нышан. Сөйтіп кезгелген ақша катынасы қаржы қатынасы болуы мүмкін емес ал кезгелген қаржы қатынасы ол ақша катынасы болып табылады.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық қүрылымдық бөліктерінде және шаруашылық жүргізудің түрлі денгейлерінде қоғамдық өнім қүнын қайта бөлудің сан алуан процестері жузеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ тек ғана өзіне тән қасиетері емес, өйткені бүл белгілер бағаға да, еңбек ақы төлеуге де, несиеге де ортақ.
Қаржының ерекше белгілер : қорларды қалыптастыру, оларды белгілі бір мақсаттарға жүмсау, директивалық (сөзсіз болатын міндетті төлемдер), тепетендіктің болмауы (қаржыға баламалық тән емес) .
Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері қаржының ерекшелігін атап көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын былайша тұжырымдауға болды : қаржы - бүл қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұның нәтижесінде үдайы өндіріс қатысушыларының сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары мен қорлары жасалып, пайдалынады. Басқа сөзбен айтқанда қаржы ол ақшалай қорларды қалыптастырумен бөлумен және пайдаланумен болтын экономикалық қатынастар.
Қаржының қажеттігі тауар - ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы - табыстар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бүл ресурстардың жүмсалуына бақылау жасау. Қаржы ресурстары - бүл жалпы ішкі өнім қунының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша каражаттары, олар үлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған.
Қаржы ресурстары болмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік - экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі фунцияларын қамтамасыз ете алмайды.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары - қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары.
Мемлекет, дәстүрлі фунциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің қарамағында қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары - мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы бөлінеді.
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және ролі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның үғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуі объективті түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етеді. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндіріс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелі түрде қамтамасыз етіп отыр. Ақпарат қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстың бір түріне айналды, және де ол айрықша тауар ретінде жалпы ұлттық өнімнің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.
Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектісінің қызмет етуі мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңістікте жариялау арқылы, оны Қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиімді әсерлесуін қамтамасыз ететін ғылымға негізделген ақпараттық технологиялардың көмегімен басқаруға мүмкіндік береді.
Көптеген кәсіпорындар нарықтық жағдайда ақпаратты кез келген мүлік секілді сақтауды, қорғауды және пайдалануды талап ететін бағалы ресурс ретінде қарастырады. Өндірістік және шаруашылық қызметті басқаруға қажетті ақпарат алу мақсатында кәсіпорын бухгалтерлік ақпараттық жүйесін құрады.
Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйе - бұл экономикалық объектті басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, қайта өңдеу және оны сыртқа шығару жүйесі.
Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйесінің қазіргі нарығы өте үлкен қарқынмен дамуда. Оның даму тенденциясын келесідей факторлар арқылы айқындауға болады.
Біріншісі Қазақстан Республикасының экономикалық басқару құрылымдарын қайта құрумен және қайта ұйымдастырумен, яғни көптеген шағын кәсіпорындардың, фирмалардың және әр түрлі мүлік нысанындағы банктердің пайда болуымен байланысты.
Екіншісі барлық есеп саясатының, есеп әдістемелері мен әдістерінің өзгеруіне алып келген халықаралық есеп талаптарына сай, Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп стандарттарының жасалуы мен енгізілуіне байланысты.
Үшіншісі - бұл қарқынды түрде дербес компьютерлер мен программалық өнімдердің сырттан әкелінуі.
Төртіншісі - бұл телекоммуникация құралдарын пайдалану арқылы техникалық және программалық-ақпараттық платформалардың енгізілуіне негізделген жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы.
Электронды құжаталмасу мәселесi кейiнгi кезде Қазақстан Республикасының компьютерлiк баспасөз прессаларында көп көтерiлiп жатыр. Белгiлi-бiр құрылымның, ұжымның құжат ағындарын айналдыруды оптималдандыруға негiзделген тиiмдi жүйе құру бүгiнгi күнде сол мекеменiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғарылатуға арналған негiзгi фактор болып табылады. Кез-келген мекемеде сарапшылардың бағалауы бойынша, дұрыс жобаланып жасалған сенiмдi құжаталмасу жүйесiнiң болмауы оның құжат айналымының 10%-ға дейiн төменделуіне әкеледi екен. Ғылым мен техниканың жаңашыл даму деңгейi бұл мәселенi компьютерлiк ақпараттық технологияларды қолданып шешуге мүмкiндiк бередi [1] .
Отандық нарықта құжаталмасу жүйесiн еңгiзудiң екi бағыты қолданысқа ие болды: отандық және батыстық. Құжаттармен жұмыс iстеудiң Қазақстандық тәсiлдерiнiң негiзгi ерекшелiктерiн атап өтейiн:
1 Қазақстанда құжаталмасу вертикальды принциппен жүргiзiледi, яғни жетекшiден орындаушыға немесе керiсiнше жеткiзiледi. Шетелдерде горизонтальды принцип қолданылады: ол орындаушыдан орындаушыға ауысып отырады. [2] .
2 Қазақстанда құжат арнайы тiркеу журналдарында, карточкаларда тiркеледi, бұл құжат жөнiндегi ақпарат жинағыш болып табылады. Сонымен, құжаталмасу және iс-қағаздарын жүргiзу процесiн іске асыру үшiн осы құжаттардың мазмұнын түсiнбейтiн, оған ешқандай қатысы жоқ арнайы iс-жүргiзушi маман отырады. Мұндай тәжiрибе Батыста қолданылмайды. [1] .
3 Ұйымдар мен олардың арасында құжаттардың алмасуы Қазақстандық iс-жүргiзу қызметтерiнде корпоративтiк қана емес Мемлекеттiк стандарттарға (МЕСТ) бағынады, өйткенi осындай жүйелерге тапсырыс берушiлердiң көпшiлiгi мемлекеттiк құрылымдар. [4] .
4 Ақпараттық және компьютерлiк технологиялардың кең таралуына қарамастан отандық кәсiпорындардың көпшiлiгi құжаталмасуды әлi күнге қағаз жүзiнде орындап келедi. Батыста iс-жүргiзу және құжаталмасу көп уақыттан берi электронды түрге ауысқан. Жүйе ұжымдық жұмыстар (календарлық ұйымдық құрылымдар, мәліметтерді бірдей қолдану, “жариялау” тақтасы, талқыланатын форумдар және т. б) үшін орындаушылар барлық құралдармен қамтамасыз етілетіндей етіп құрылуы қажет. Осылайша қарастырылатын жүйе бизнес-процестерді және құжат ағымдарын басқарудың автоматтандырылған функциясын іске асырудан басқа, қосымшаларды ұжымдық қолдану мүмкіндіктеріне ие болу керек. Олардың айрықшаланатын негіздері ол-бір жұмысшыны немесе бірнеше қосымшыларды қозғайды, сонымен қатар жұмыстың жүру маршрутын қадағалайды және оны сипаттайды.
Жұмыстың орындалуын бақылау. Бұл критерий қазіргі заманғы өнеркәсіп ісі үшін «критикалық» болып келеді. Құжаталмасудың дәстүрлік жүйесі көрсетілген функцияларға ие емес. Керісінше, құжаталмасу жүйесі өңдеу нысандарының орындалу жұмыстарының эстафетасын анықталған технология бойынша әртүрлі орындаушы группалар арасында бере алатындай, процестің орындалуын бақылай алатындай, оның норматив бойынша жүруінен ауытқуын анықтайтындай, процестің жалпы аяқталуына осы ауытқулардың әсерін болжай алатындай етіп құрылуы керек. Жүйеде құжатайналым процесін басқару тура оперативті түрде болу қажет; бұл құжаттардың өңделу ретіне қолданушылардың еңгізген өзгертулері тез және өзара келісімді түрде енуді білдіреді. Құжаттардың жүру процесінің нақты еңгізілген өзгертулері және орындаушының аты журналда мунутына дейін дәл тіркеледі. Орындаушының әрекетін толық бақылау жағдайларында осының арқасында жауапты адамдарға ерекше жағдайлардың және кешігулердің болғаны туралы мәлімет беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Осындай жақындықтың ерекшелігі көрініп тұр. Біріншіден, жұмыстың орындалуын бақылау функциясына ие жұмыстың ағымын басқару жүйесін еңгізу, бақылау функциясын сәйкесінше жүйе, орындаушы және кәсіпорын басшысының арасында үйлесімді түрде қайта бөлуді, шығармашылық мақсаттарды шешу үшін персоналдың интеллектуалды қорларын көрсетуді қамтамасыз етеді [3] . Екіншіден, жұмысты орындауды басқару есебі құжатайналым жүйесінің бір функциясы болып еңгізілгендіктен басқару мақсатын іске асыруға субъективтік фактордың әсерін (орындаушының өзіндік қасиеттері, бақылау нәтижелерін бұрмалау немесе қателердің болуы және т. б) шектейді. Үшіншіден, көрсетілген функция кәсіпорынның әр қызметкерінің ісін көрнекті етеді, яғни басқарушыға қызметкердің қаншалықты жұмысының көптілігін, оның іскерлігін, берілген есепті шешу үшін өзінің күшін қаншалықты шоғырлайтындығы туралы мәлімет береді.
Сонымен қатар басқарушы орындаушы ісінің әртүрлі аспектілерін және құжаттарды өңдеудің нәтижелерін сипаттайтын статистикалық және аналитикалық мәлімет алуға мүмкіндігі бар.
Жүйе мәліметті ұжымдық түрде қарапайым әдіспен басқарылатындай етіп құрылуы қажет. Құжатайналымын конфиденциалды түрде ұйымдастыру үшін жүйе функционалды аяқталған құралдар жиынынан тұруы қажет. Сондықтан ол қолданушылардан қосымша жөндеулерді сұрамау керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz