Сын тұрғысынан ойлауына арналған сабақ жоспары


Жоспар
І. Кіріспе бөлім
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алып, демократиялы қоғам құруға бет алғалы қоғамдағы өзгерістер білім беру саласына да өз әсерін тигізді.
Білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу - кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді.
Тіл дамыту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері ( Ф. И. Буслаев, К, Д, Ушинский, Н. А. Корф, В. И. Водовозов және т. б. ) аса мән берген.
Бүгінгі мектеп алдындағы басты міндет - ана тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа ала отыра, оқушылардың тілін дамытуға жағдай жасау. Оқу-тәрбие жұмыстары мазмұнының біршама өзгергенін есептемегеннің өзінде, жаңа технологиялар арқылы тіл дамыту әдістемесін арнайы зерттеу мақсаты алға қойылмаған. Сондықтан бастауыш мектеп оқыту жүйесінде мынандай қайшылықтар бар екендігі анық байқалады:
- Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған «Бастауыш білім беру тұжырымдамасына» сәйкес бастауыш сыныптарда меңгерілетін білім, білік, дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен бұрынғы оқу бағдарламаларының арасында;
- ана тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту жұмыстарын тиімді әдістемемен қамтамасыз ету қажеттігі мен оның іс жүзілік тұрғыда жасалмауы арасында;
- оқушылардың тілін дамытуда сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімділігі және ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген төл тіліміздегі әдістемелердің жоқтығы арасында қайшылықтар туындап отыр.
Сол себептен, қайшылықтардың шешімін табуда біздің ғылыми - зерттеу жұмысымыздың мәселесі ана тілі сабағында оқушылардың тілін дамытудың ғылыми - әдістемелік және теориялық жолдарын қарастыру болып табылады. Аталған мәселенің бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде қарастырылмауы зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: « Ана тілі сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамыту» деп таңдауымызға себеп болды. Осы қайшылақтардың шешімін табуда мынандай мақсат пен міндеттерді айқындадық.
Кіріспе
«Бізді қоршаған күнделікті өмірде шығармашылық өмір сүрудің қажетті шарты болып табылады, және күнделікті өмір шегінен шыққан және ең болмағанда бір жаңасы қамтылған барлық нәрсе адамның шығу процесіне байланысты».
Л. С. Выготский
ХХІ ғасырдағы қоғамды компьютерлендіру деңгейі шексіз ақпараттық өрісті барлығына қол жетімді етеді. Қажетті ақпаратты қабылдау, оны өңдеу және талдаудан өткізгеннен кейін уақытында алу мүмкіндігі қазіргі адамның мансабы мен өміріндегі сәттіліктің кепілі болып табылады десек артық айтқандық емес. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту міндеті бірінші орынға шығады. Енді ақпаратты игеріп қана қоймай, оны сыни тұрғыдан бағалау, түсіну және қолдану қажет. Оқушылар жаңа ақпаратпен бетпе-бет келгенде, ақпараттың дәлдігі мен құндылығы туралы қорытынды жасай отырып, жаңа идеяларды әртүрлі тұрғыдан ойлана, сыни тұрғыдан қарастыра білуі керек.
Балаларға сыни ойлауды дамытатындай етіп үйрету оларға жеке фактілер мен заңдылықтарды айтудан гөрі қиынырақ. Мысалы, өз қорытындылары мен шешімдерін дәлелдеу қабілетін дамыту үшін мұғалімдер оқушыларды әдеттен тыс мәселелер мен материалдарға қызықтыруы керек. [бір]
Соңғы 10 жыл ішінде американдық мектептер балаларды сыни тұрғыдан оқуға және ойлауға үйретуге тырысты; баланың деңгейі мен оған тән оқу стилін ескере отырып, оқуды дараландыру; дербес, өзін-өзі реттейтін - деңгей мен қарқын бойынша - білім алуға жағдай жасау. Осындай топтарда оқытуды жақсы ұйымдастыра отырып, балалар оқудағы бәсекелестікке емес, ынтымақтастық рухына бөленеді [6, с. 480-481]
Жоғарыда айтылғандардың бәріне сүйене отырып, біз сыни тұрғыдан ойлауды дамыту проблемасы бүгінде өте өзекті, сонымен қатар «ертең» де маңызды болады деп сенімді түрде айта аламыз. Технология бір орында тұрмай, әр жаңа күн бізге сансыз жаңа ақпарат әкелетіндіктен.
Сонымен, мен өз жұмысымда сұрақтарға жауап алуым керек: қазіргі кезде студенттерде сыни ойлау қаншалықты дамып келеді, оны қалай дамытуға болады, сыни ойлауды қалыптастыру кезеңдері қандай? Менің зерттеуімнің мақсаты студенттерде сыни ойлауды дамытуға бағытталған физиканың арнайы курсын құруға болады.
Зерттеу нысаны - оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауы, ал зерттеу пәні - физика сабағында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Менің зерттеуімнің міндеті - жоғары сынып оқушыларына сыни ойлауды дамытуға бағытталған физиканың арнайы курсын әзірлеу. Зерттеу әдісі - әдістемелік әдебиеттерді, оның ішінде электрондық оқулықтарды талдау.
Зерттеудің мақсаты: оқушының тілін дамытудағы сын тұрғысынан ойлау жобасынын қолданудың тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- сын тұрғысынан ойлау технологиясының ғылыми теориялық негізін ашу;
- сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқушылардың жан-жақты танып білуін қамтамасыз ететін шығармашылық жүйе жасау, әдістерін ұсыну;
- сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың өз бетінше ізденудің және тілін дамытудың тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны: мектеп бағдарламасы бойынша сын тұрғысынан ойлау жобасын ана тілі сабақтарында қолдану процесі.
Зерттеу пәні: мектептің оқу-тәрбие үрдісінде сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегияларын пайдалану.
Зерттеу болжамы:
1. Егер бастауыш сыныпта ана тілі сабақтарында «сын тұрғысынан ойлау» жобасымен оқытудың тиімді жолдарын қарастыру оқушының санасына, ақыл-ойына қозғау салып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға, тілге деген сүйіспеншілік сезімін оятуға игі ықпалын тигізер еді. Сын тұрғысынан ойлау жобасын оқу-тәрбие үрдісіне енгізетін болсақ, онда:
- оқыту үрдісін ұйымдастырудың жаңа әдіс, тәсілдері мен формаларын тиімді пайдалануға;
- оқушыларды өз бетімен ізденуге, олардың ойлау қабілеттерін арттыруға;
- берілген оқу материалын толық меңгеруге, өз бетімен білім алуға, сөйтіп білім сапасын арттыруға және тілін дамытуға қол жеткізуге болар еді.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Сын тұрғысынан оқыту
Орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауыш сыныптарда қаланады. Бұл- үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы маңызды сатысы.
Бастауыш білім беруде соңғы жылдары оқушы тұлғасын дамыту, бастауыш сынып оқушыларының оқу білігін қалыптастырып, олардың білім, білік, дағдысын жоғары деңгейге жеткізу мақсаттары қойылып отыр.
Озық ойлы, тапқыр да, нәзік сезімтал, пайымды шәкірттердің іскерлігін, мүмкіндігін ескеріп, бағыт - бағдар беру, ой - өрісін дамытатындай логикалық ой тастау әрбір ұстаздың міндеті.
Біздің міндетіміз - дүниежүзіндегі жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Өйткені ғасырымызда барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. Әрине, дамудың негізі - білімде.
Әр бала жас кезінен еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергілерге қарсы тұруға бейімделгені жөн.
Сондықтан да әр сабаққа оқушылардың әр мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу - әр ұстаздың міндеті.
Мен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, оқытудың жаңа әдіс - тәсілін қолдану сияқты мәселелерді басты міндетке қоя отырып, қазіргі заман талабына сай 2006 жылы «Сорос - Қазақстан» қайырымдылық қорының ұйымдастырған «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» бағдарламасының курсына қатыстым. Осы курсқа қатысып, алған білімімді өз сыныбымда қолдануға тырыстым.
Сабақ процесінде ең басты тұлға оқушы екенін түсіндім. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерге әбден қалыптасып қалған мұғалімге өзінің көзқарасын, философиясын өзгерту оңай емес. Осы бағдарлама бойынша жұмыс істегеніме екінші жыл. Сын тұрғысынан ойлау әдісін топпен жұмыс істеуді қолдана отырып, оқушылардың ойын, еркін сөйлеуін, тілін дамытып, бір - бірін тыңдай білуге, өзінің де басқаның да жауабын сын тұрғысынан баға бере отырып, құрмет көрсетуге бағыт беремін. Мен осы бағдарламаның стратегияларын меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолдану барысында көптеген жетістіктерге жеттім.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан оқыту. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуға жұмыстар жасай отырып баланың танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға мүмкіншілік беру. Екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету.
Сын тұрғысынан ойлау - ашық қоғам негізі. Ол - өз алдына сұрақтар қойып және оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.
Сын тұрғысынан оқыту технология емес, ол бағдарлама. Бұл бағдарлама әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. «іздің елімізде Джорд Соростың ашық қоғам институты, «Сорос - Қазақстан» қоры арқылы келген бұл бағдарлама мектеп тәжірибелеріне ене бастады. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау.
Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады.
Сабақтың құрылымы:
1. Қызығушылықты ояту: Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігі арттырады, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа т арту.
Бұл жерде дәстүрлі әдістердегі «Кім кезекші?», «Сабақта кім жоқ, неге жоқ?» т. б. деген сұрақтарды алмастырып, керісінше сабаққа жағымды ахуал туғызады.
Бұл қызығушылықты ояту кезеңі -«жаңа білімге көпір салу». Бұл сәт «Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз» деп дайын дүниені айтып беруден алыстатады. Орнына, білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады.
2. Мағынаны ашу:
Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.
Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өзара оқыту т. б. Осы әдіс - тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге, яғни оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс - әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.
3. Ой толғаныс:
Оқуды қорытындылау. Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды немесе «Эссе жазу, бес жол өлең», т. б. стратегияларды қолданып тәсілдерін қолданып қорытындылайды.
Сын тұрғысынан оқыту бағдарламасы стратегиялардан тұрады. Бұл бағдарламада қолдануға болатын стратегиялар өте бар.
Көбінесе сабақта пайдаланатын стратегиялар түрлері:
1. Негізгі ойды суреттеу
2. Топтастыру
3. Бес жол өлең
4. Эссе жазу
5. Болжам кестесі
6. Галереяға саяхат
7. РАФТ
8. Блум жүйесі
9. ЖИГСО - 1
10. ЖИГСО - 2
11. Қазымыр оқушы
12. Автор орындығы
13. Инсерт
14. Венн диаграмма
15. Кубизм
16. Бағытталған оқу
17. Кідіріспен оқу
18. Әдебиет үйірмесі
19. Жол қалдырып жазу
20. Қос жазба күнделік
21. Авторға сұрақ қою
22. Үш қарамды сұхбат
23. Әлемді шарлау
24. Ой қозғау
25. Оқиға желісі
Аталған стратегияларды пайдалана отырып мен көп жетістіктерге жеттім. Ең бастысы - оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір - бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады.
Бұрын шығарма, мазмұндама жұмыстарында оқушылар өз ойын білдіруге, әңгіме құрауда көптеген қиындықтарға кездесетін.
Қазір күнде өтілген әңгімеден соң оқушылар ой - толғанысын жасап өз ойын жазбаша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға байланысты мақал да кірістіріп жазады.
Оқушылар жазған шығарма үлгілері: Біз бақытты баламыз. 1941 жылы соғыс басталды. Сұм соғыс 4 жылға созылып, көп адамдардың өмірлерін әкетті. Менің ойымша соғыста болған адамдардың мақсаты: «соғысты жеңіп, үйлеріне аман қайту». Соғыс кезінде аштық болды. 1945 жылы соғыс аяқталды.
Содан бері біз бейбітшілік өмір сүрудеміз. Менің де алға қойған мақсатым бар. Ол мектепті жақсы бітіріп, бір маман иесі болып айналама пайда әкелу.
Біздің Елбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мектептер, дүкендер, музыкалық мектептер ашты. Біз елімізбен, жерімізбен баймыз. Менің туыстарым бар. Достарым болғанына қуаныштымын. Барлығы тату - тәтті өмір сүріп жатыр.
Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Топта жұмыс жасауда алғашқыда оқушылар бір - бірін тыңдамай, сыныпта шу болатын. Барлығы да жазғандарын сабақтан соң топ мүшелері өз ойларын, жазған жұмыстарын талдау барысында жақсы жазылған жұмысты таңдай алатын болды. Бір - бірінің пікірін мұқият тыңдауға үйренді.
Оқушыларды топқа бөлу барысында мынандай жетістіктерге жетуге болады:
1. Оқушылар бір - бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
3. Топтарының сұрақтарына жауап береді.
4. Барлық оқушылар жұмыс істей бастайды.
5. Қорытынды шығарады.
Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.
Оқушылар жұмыс жасау барысында бір - біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш - қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушы өз пікірлерін еркін жеткізуіне жағдайлар жасайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» бағдарламасының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан - жақты дамытатынын байқадым.
2. 2 Стратегияларды тиімді қолдана білу
Ал сыни тұрғыдан ойлаудың құрылымына көңіл аударсақ, үлгінің үш фазасы өздерінің қызметтеріне байланысты аталады. Қызығушылықты ояту, мағынаны тану және ой толғаныс. Бұл құрылым жұмыстың нұсқау бағыты ретінде қызымет атқарып, басқа оқыту әдістеріне түсінік пен толықтырулар беру үшін бағдарламаның басында көрсетіледі. Үйрену процесі фазылардың қысқаша суреттемесі құрылымның мағынасы мен оның үйрету процесіне деген ықпалын білдіре алады.
Алғашқы фаза- Қызығушылықты ояту оқушылардың бұрынғы білімдері мен сезімдеріне немесе әсерлене еніп, жаңа білімге мазмұн қалап, болашақта зерттеу жүргізуге күш алуларына және орындалу керек тапсырмалар жөніндегі жеке және топтық түсініктерді қалыптастыруларына көмектеседі. Осы алғашқы фазада оқушылар бірінші рет болашаққа көз жүгіртіп, ұғынып, жаңадан тапсырылған тақырыптарға зерттеу жүргізу үшін өз алдарына мақсат қояды.
Ал Мағынаны тану фазасы болса, оқушылар жаңа мәліметпен, идеямен немесе жаңа мазмұнмен кез келіп қалғанда іске асады. Дәрісті басқаратын талқылау, кітап оқу, видеокассета, өнер қойылымдары немесе басқа да нұсқау әдістерінің қай- қайсысы болмасын, осы екі фаза оқушыларды ақпараттар және мазмұнмен кездестіреді. Бұл фазадағы оқушының негізгі міндеті - мазмұнмен айналысып, жаңа идеяның бұрынғы біліммен сенімдермен байланысқандығы жөнінде хабардар болу. Тиімді түрде білім алу үшін оқушылардың сабаққа мақсаткерлікпен, ойлампаздықпен, өзінің түсінгенін бақылай, жаңа ақпараттарға дұрыс жауап қайтара отырып және оны белсенді басқарумен қатысуы қажет.
Ой толғаныс- үйрену процесінің соңғы фазасы болады да, бұл кезде олар алған білімдерін сыртқа шығарып, түсінгендерін өз сөздерімен жеткізіп бере бастайды. Оқушылардың алған білімдері ұзағынан, мазмұнды болып, шындыққа ұласуы үшін бұрынғы мәліметтермен жаңа мәліметті біріктіре алудағы уақытпен құрылыммен қамтамасыз ету- бұл фазаның мақсаты.
Бұл фаза саналы талқылаулар мен білімді тәжірибеде қолдану, жаңа идеялар мен ұғымдарды жинақтаумен, мазмұн жөніндегі өздерінің ашық ұсыныстарымен немесе келесі бір зерттеуді бастауға шақырумен айғақталады. Бұл үйрену жеке сипатқа ие болатын сәт.
Ой толғаныс фазасында үйренуші жаңа білімді өз меншігіне алады. Ой толғау процесі арқылы оқушылар ағылшын пәнінен алған білімдерін, ойларын нақтылайды, сыныптастарымен мұғалімнен кері сұрақ арқылы байланыса отырып, мәліметтер жинағы мен құрылым мағынасын сынақтан өткізеді.
Қызығушылықты ояту, Мағынаны тану және Ой толғаныс құрылымы үйрету процесін түсіндірудің үлгісімен қамтамасыз етеді және оқушыларды үйретудің ең жақсы жолын көрсететін нұсқауды ұйымдастырудың механизімі ретінде қызымет атқарады. Бұл- мұғалімдер өз сабағында қолданған және түрлі құрылым фазаларының мақсаттарына жетуге көмектесетін стратегияларды біріктіре алатын үлгі.
Мұғалімдердің өз пәні шеңберінде оқушыларды мағыналы білім беру тәрбиесіне тарататын тиімді стратегиялар қоры бар. Стратегия - бұл әдіс. Сабақтың қызықты да тартымды өтуіне стратегияның үлесі зор. Стратегияның мақсаты, ол:
• ой әрекетін белсенді ету;
• талқылауға қатысу;
• идеялар мен мәліметтерді біріктіру;
• жеке өзгерісте жігерлендіру;
• өздерінің сұрақтарын қою;
• өз пікірлерін құрастырып білу;
• сын тұрғысынан және икемді ойлау;
Өзге тілді үйренудің оңай еместігі белгілі. Ал оқушыларға осы қиындықты әртүрлі амалмен, стратегиямен, сыни тұрғыдан ойлату арқылы жеңіл жолды іздестіріп, оқушылардың шетел тілін үйренуге деген қызығушылығын оятсақ, біздің ұзтаздық алғашқы мақсатымыздың орындалғаны емес пе? Тіл үйрету кезінде жаңа тақырыпты оқушыға меңгерту үшін стратегияларды пайдаланған тиімді.
Топтастыру стратегиясы. Бұл еркін ойлауға, тақырыпты ашық талқылауға бағыттап тұратын оқыту стратегиясы. Бұл стратегия арқылы мұғалім оқушының қалай жұмыс істеп жатқанын байқайды. Зерттелінбей жатқан тақырыптарға ой тудыру арқылы білуге көмектеседі. Балаты жазуға ынталандырады. Өз ойларын тереңдетуге көмектеседі.
Ал, бес жол өлеңді алайық - бұл пайдалы да әсерлі шара. Өткен тақырып қайталанады, біріктіріледі, негізгі тақырып айқындалады. Кейбіреулерге өлеу шығару дәстүрге айналған. Міне. Осылайша жаңа талап, жаңа есім қалыптасады.
Өз ойын жеткізуде, түсіндіріп көрсетуде, салыстырып, дәлелдеуге құмарлардың саны көп. Бұл олардың белсенділігін білдіреді. Бұл ойды іске асыруға эссекөмектеседі. Оқушылар сыртқа шығара бермейтін ой-пікірлерімен бөліседі. Қиялдау мен армандауларына мүмкіндік туады, осылайша оқушының ішкі дүниесі ашылады.
Венн диограммасы. Бұл стратегия ақпаратты еске сақтауға, оқушының деңгейін көрсетеді. Мұнда екі нәрсені яғни, зат, тарихи тұлға, оқиға, т. б. алуға болады және олардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін ажырата алады.
Тағы бір стратегия туралы айта кетсек, тақырып беріледі. Бір адам екі сөйлемнен жазады. Көршісі одан әрі ойларын жалғастырады. Бұл стратегияның аты бір- бірімен бөліскен әңгіме.
Кубизм стратегиясы. Бұл стратегия жан-жақты ойлауға жазуды қамтуға мүмкіндік туғызады. Ол үшін кубикті пайдаланады. Кубиктің алты жағы бар. Кубиктің жан-жағындағы жазудың көлемі 15-20 см көлемінде жазылуы керек.
1. Суреттеңіз: тақырыпқа жақынырақ келіп түсінгеніңізді суреттеңіз яғни, түсі, көлемі, формасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz