Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда жобалау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ

Қорғауға жіберілді

«Автоматика және ақпараттық технологиялар»

кафедрасының меңгерушісі

А. Д. Золотов

«___»2021 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Автокөліктер жанар-май станциясының жұмысын автоматтандыру»

«5В070300 - Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша

Орындаған Орынбеков А. М.

Ғылыми жетекші, э. ғ. к. Смагулов С. К.

Нормобақылаушы

Семей 2021


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ: 1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ
3: 5
КІРІСПЕ: 2 ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМ
3: 7
КІРІСПЕ: 2. 1 Жетілдірілетін АЖО-ң қолданылуы. АЖО-н жасауға арналған оптималды бағыттарды таңдау
3: 8
КІРІСПЕ: 2. 2 АЖО-на құрылған бағдарламалау ортасы туралы жалпы мәліметтер
3: 12
КІРІСПЕ: 2. 2. 1 Бағдарламадағы қолданылған мәліметтер базасы
3: 12
КІРІСПЕ: 2. 3 Жобаның физикалық түрде сипатталуы
3: 27
КІРІСПЕ: 2. 3. 1 Программалық қамсыздандыруды құру сатылары
3: 27
КІРІСПЕ: 2. 4 Жобаның құрылымын сипаттау
3: 30
КІРІСПЕ: 2. 4. 1 Ақпараттық қамсыздандырудың сипаттамасы
3: 30
КІРІСПЕ: 2. 4. 1. 1 Кестелер құрылымы
3: 30
КІРІСПЕ: 2. 5 Кестелердің байланыс сұлбасы
3: 31
КІРІСПЕ:

3 ЖҰМЫСТЫҢ ҚОЛДАНУШЫЛЫҚ БӨЛІМІ

3. 1 Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда жобалау

3:

32

32

КІРІСПЕ: 3. 2 Техникалық жабдықтарға талаптар
3: 36
КІРІСПЕ: 3. 3 Программалық жабдықтарға талаптар
3: 36
КІРІСПЕ: 3. 4 Мамандарды даярлауға талаптар
3: 36
КІРІСПЕ: 3. 5 Қолданушы жетекшілігі
3: 37
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 44
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3: 45
КІРІСПЕ: Қосымшалар
3: 47
КІРІСПЕ:
3:


КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынынының көбеюі кезеңінде өмір сүруде. Бұл экономика, әлеуметтік және басқару саласында айқын байқалады. Нарықтық қатынас ақпараттың уақтылы берілуіне, шынайылығына, толықтығына жоғары талаптар қояды, мұнсыз маркетингтік, қаржы - кредиттік, инвистициялық іс әрекеттер тиімді жүргізілмейді. Ақпаратқа түрлендіруші, анықтаушы қасиет тән. Информатика индустриясын құру және ақпараттық өнімнің тауарға айналуы-қоғамда терең әлеуметтік өзгерістерге алып келеді. Ақпарат материалдық өндірістен әлеуметтік салаға дейінгі қоғамның барлық салаларын қамтиды.

Дамудың әрбір кезеңінде адамзаттың алдында ақпаратты жинақтау, өңдеу және тарату мәселелері тұрды. Көп уақыт бойы осы мәселені шешудің негізгі құралдары ретінде адам миы, тіл және есту мүшелері қолданылып келді. Ең алғашқы өзгеріс жазу өнерінің келуімен, одан соң кітап басудың шығуымен болды. Осы кезеңдегі ақпарат тасығыш құралы ретінде қағаз қолданылды.

Жұмыстың мақсаты: жанармай кәсіпорынын басқаруға арналған ақпараттық жүйені тұрғызу.

Мұнда жобаның пәндік аймағы ретінде "Жанармай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қарастырдым. Бұл мекеменің сервистік қызметін басқару үшін арналған ақпаратық бағдарлама жобаланды.

Мақсатқа сүйене отырып, келесі міндеттер анықталады:

-компаниядағы бизнес-процестерді анықтау және ұйымда ақпараттық басқару технологияларын енгізуді ұйымдастыру ерекшеліктері;

-басқару жүйесіндегі ақпараттық технологияларды енгізу үдерісінің тиімділігін арттырудың ұйымдастырушылық механизмдерін әзірлеу;

-кәсіпорынның объективті ақпаратын сақтауға арналған деректер базасын құру;

-ақпаратты басқару технологияларын ендіру үдерісін басқару алгоритмін жетілдіру;

-кәсіпорындарды басқару жүйесінің функционалдық моделін жасау;

-ақпараттық жүйелерді жобалау, кәсіпорындарды басқару.

Ақпараттық технологиялардың дамуы мемлекеттік салада да, бизнесте де басқару жүйелерін түбегейлі қайта құрылымдау қажеттілігінің пайда болуына себеп болды. Ескірген ұйымдық басқару моделдерін сақтаумен ақпараттық технологияларды енгізу жоба құнының өсуіне және ақпараттық технологияларға инвестициялардың тиімсіздігіне әкеледі. Кезекті есепті шешу кезінде жүйе көп емес қосымша ақпаратты еңгізуді ғана қажет етеді, ал қалғаны ақпараттық базаның өзінен алынады. Жаңа еңгізілген ақпараттың әр бір бөлігі жүйенің ақпараттық базасын өзгертеді.

Ақпараттың ЭЕМ-ң жадысында сақталуы оған жаңа динамамикалық сапа береді. Жаңашыл ЭЕМ-ғы автоматты баспаға шығару қызметі қажетті жағдайда осы ақпараттан таңдау бойынша кез-келген мәліметті қағазға шығарып береді.

Адамзат дамуының XXI ғасырында ақпарат негізгі қызметтік өнім болып табылады. Сондықтан кітапханалық қызметтердің автоматтандыруының кешенді программаларын жасау негізгі мәселе деп ойлаймын.

Әдетте кітапхана оқырмандары кітапханадан кез-келген ақпаратты алуға үйренген. Қазір, кітапханада негізгі қызметтерді орындау, яғни қорды толықтыру, ақпараттық - библиографиялық және абонементік қамтамасыз ету күрделене түсуде. Кітапхана қорындағы ақпаратты толық түрде жинау, сақтау және қамтамасыз ету үшін, ол бір ақпараттық база ретінде құрылуы тиіс. Яғни ақпаратты іздеу жылдамдығы жоғарылауы қажет.

Дипломдық жобаның өзектілігі қазіргі замандағы ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты кәсіпорынның қызметін автоматтандыруға қажетті бағдарламалаық кешен құрумен негізделеді. Жоғарыда көрсетілген талаптарды әзірлеу үшін қандай да бір универсалды ДББЖ-нің құралдарын пайдаланбай, Windows-та жұмыс істейтін, интерфейсі ыңғайлы жұмыс істеу үшін максималды икемденген, қосымша білімді талап етпейтін, орындалтын файл түрде жүктелетін, жеке тәуелсіз бағдарламаны әзірлеу. Осы талаптарға сәйкес мына дипломдық жұмыстың қажеттілігі туады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні, негізі информациялық және компьютерлік технология аймағындағы казіргі кездегі қол жеткізулерді енгізуге болатын процестерді автоматизациялау болып табылады.

1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ

Автоматты басқару жабдықтарын қызметтік салаға енгізудің жанашыл түрлері кешенді түрде басқаруға, реттеуге, мәлімет алмасуға мүмкіндік береді.

Кейінгі кезде әртүрлі қызмет салаларын жан-жақты басқару жүйелері, яғни ақпаратты локальды өңдеу қолданады. Жан-жақты басқару тәсілін жетілдіру үшін әрбір басқарылатын деңгейге арнайы жеке ЭЕМ-ң базасында автоматтандырылған жұмыс орнын құру қажет.

Мамандар автоматтандырылған жұмыс орнын талдай отырып, оларды қажетті жұмыс орнының өзіне автоматтандыру мақсатында орналастырылған арнайы кіші есептеу жүйелері ретінде қарастырады.

Әрбір басқару нысаны үшін олардың функционалдық қолданылуына сәйкес автоматтандырылған жұмыс орнын құрастырады. Бірақ автоматтандырылған жұмыс орнын (АЖО ) құру принциптері жалпы болуы қажет: жүйелі, икемді, тиімді.

АЖО-ның жүйелік принципін қүрылымы функционалдық түрде анықталатын жүйе ретінде қарастырады.

Икемділік принципі жүйенің мүмкін болатын өзгерістерге бейімделе алуын білдіреді.

Тұрақтылық принципі АЖО жүйесі оған әсер ететін ішкі және сыртқы факторларға қарамастан негізгі функцияларды орындаумен негіделеді. Бұл дегеніміз оны жекелеген бөліктеріндегі ақаулар жылдам жөнделіп, ал жүйенің жұмыс қабілеттілігі тез қалпына келтірілуі болып табылады.

Автоматтандырылған жұмыс орнының тиімділігін жүйені құру және эксплуатациялық шығындарына жататын, жоғарыда аталған принциптердің таралу деңгейінің интегралды көрсеткіші ретінде қарастырады.

Енді ЭЕМ-ң базасындағы АЖО-ң даму перспиктивасын және жағдайын, содан соң АЖО-ң техникалық программалық қамтамасыз етілуін қарастырайық.

Сурет 1- Жеке ЭЕМ-ң жалпыланған сұлбасы

1-микропроцессор, 2-негізгі жады, 3-СЕСҚ, 4-дисплей, 5-клавиатура, 6-баспаға шығарушы құрылғы, 7-жүйелік магистраль

Электрониканың дамуы есептеу машиналарының жаңа класының жеке ЭЕМ-ң дамуына әкелді. Жеке ЭЕМ-ң басты артықшылығы - құнының төменділігі және жоғары өнімділігі. Осы күні әр түрлі мамандықты мамандарды ой және басқару енбегіне баулу үшін жеке ЭЕМ-ң базасында құрылған АЖО-ны жасау кең қолданылды.

Қыметкерлердің АЖО-н құрайтын негізгі элеметтерді қарастырайық 1- суретте АЖО-ң техникалық негізін құрайтын жалпы сұлбасы көрсетілген.

Жеке ЭЕМ-ң негізгі құрылғысы программадағы әртүрлі операцияларды орндайтын микропроцессор болып табылады. Микропоцессордың разрядтығы екілік кодтағы сөздің ұзындығын білдіреді. Сонымен қатар, олар тактілік жиіліктеріне қарай бөлінеді. Процессордың тактілік жилігіне разрядтығы неғұрлым жоғары болса, өнімділігі де жоғары болады. Жеке ЭЕМ-да секундына бірнеше ондаған миллион операцияларды орындау үйреншікті жағдай болып табылады.

ЖЭЕМ-ң өнімділігі ол жұмыс істейтін жады мөлшеріне де байланысты. Жады негізгі және сыртқы болады . Негізгі жады екі компоненттен тұрады: тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM немесе ТЕСҚ) және жедел есте сақтау құрылғысы (RАM немесе ЖЕСҚ) . ЖЕСҚ-да программаның динамикалық ақпараты және өңделетін мәліметтер сақталады. Қорек ажырағанда ЖЕСҚ-дағы мәліметтер жоғалады. ТЕСҚ жедел ЕСҚ -на қарағанда кішірек, ондағы ақпарат тұрақты сақталады. Осы өзгерту тек ТЕСҚ-ң программа-торларымен іске асырылады. Жадының көлемі 8 разрядты ЭЕМ-да 64Кб -640Кб, 16 разрядтыда-1Мб, 32 разрядтыда - 4МБ және одан жоғары. Сыртқы есте сақтау құрылғыларында әр түрлі типті болады. Ленталық жинақтағышта ақпарат магниттік лентада сақтау үшін қажет. Қазір олар бірнеше гигабайт (1Гб=1024Мб) ақпаратты сақтайды. Бұл құрылғылар өте ертеде пайда болғанымен, қазіргі уақытта да үлкен сұранысқа ие. Дисктік жинақтағыштарды бірнеше топқа бөлуге болады:

  1. Иілгіш дисктердегі жинағыштар (флоппи дисктер) . Дискеталар сыйымдылығы аз болса да құнының арзандығынан үлкен сұранысқа ие.
  2. Қатаң дисктердегі жинағыштар(винчестерлер) . Олар да кең таралған, мәліметтерді беру жылдамдығы өте жоғары, сыйымдылығы жоғары, ақпаратты сақтау тұрақтылығы үлкен. Винчестерлердің бағасы төмендеп, ал жылдамдығы, тұрақтылығы, сыйымдылығы жоғарылап барады.
  3. Лазерлік дисктердегі (СD-ROM) жинақтағыштар. Бірқатар кемшіліктеріне қарамастан (мәліметтерді алмау) СD-ROM-да ақпаратты сақтау жабдығы ретінде көп пайдаланылады. Артықшылығы: көп көлемді ақпаратты (600Мб) сақтайды.

Дисплей - ақпаратты кескіндеуге арналған негізгі құрылғы.

Клавиатура - ақпаратты еңгізуге арналған негізгі құрылғы.

Жинақталған тәжірибелер АЖО- ң келесі талаптарға сәйкес болуын көрсетеді:

  • Маманның ақпараттық және есептеу қабілеттерін өз уақытында қанағаттандыру;
  • Қолданушы сұранысына аз уақытта жауап беру;
  • Қолданушының дайындық деңгейіне және кәсіби сұраныстарға бейімделуі;
  • АЖО-ң жұмыс тәсілдерін меңгеру қарапайымдылығы және қамтамасыз ету оңайлығы;
  • Есептеу желісінде жұмыс істеу мүмкіндігі.

2-суретте АЖО -ң жалпыланған сұлбасы көрсетілген.

Автоматтандырылған жұмыс орны

Техникалық жабдықтар

Программалық жабдықтар

Ақпараттық қамсыздандыру және әдiстемелiк құжаттар

Жалпы ПҚ

Функционалды ПҚ

Жүйенiң қызметiн қамтамасыз ететiн есептеу жүйесiнiң ресурстарын басқару

Жаңа программалық жабдықтарды құруға

арналған құралдар

Сурет 2- Автоматтандырылған жұмыс орнының сұлбасы

Жалпы программалық қамсыздандыру (ПҚ) есептеу техникасының қызметтерін, жаңа программаларды жасау және қосуды қамтиды.

АЖО-ң кәсіби бағдары ПҚ -ң функционадық бөлімімен анықталады. Осы бөлімде нақты бір маманға бағдар жасалып, нақты бір есептер шешіледі.

Функционалдық ПҚ-ды жасау кезінде “адам мен машина” арасындағы байланыстар ұйымдастырылады. Қолданушыға ЭЕМ-да жұмыс істеудің қызықты әрі тартымды болуы оның пайдалы, қажетті іспен айналасуына байланысты.

АЖО - н ұйымдастыру мақсатында диологтық жүейелерді талдау оларды қолданушы мен машина арасындағы байланыс принципіне қарай келесі топтарға бөлінеді:

  1. Командалық тілді жүйелер
  2. «Адам нысандар әлемінде»
  3. «Меню формасындағы диалог»

Қолданбалы жүйелерді командалық тілді қодану - мини - және микро ЭЕМ - ры үшін командалар интерпретаторларын құрастыру. Оның артықшылығы - құру және тарату оңайлығы, кемшлігі - командалар мен оның параметрлерін сақтау қажеттігі, қате егізудің қайталануы, әр түрлі деңгейдегі командаларға енудің шектелуі. «Адам нысандар әлемінде» тобында арнайы командалар жоқ, мұнда адам жұмыс процесінде қажетті нысанға курсорды клавиша арқылы басқарып немесе арнайы құрылғылармен (тышқан, перо) барады. Меню формасындағы, диалог тұтынушыға бірнеше альтернативті таңдау (әрекет) береді, ол осыдан қажеттісін таңдай алады. Қазіргі уақытта соңғы екі топтан тұратын қолданушы интерфейсі кең қолданылады. Мұнда жұмыс кеңістігі үш бөлікке бөлінеді. Біріншісі (әдетте экранның үстіңгі жағында орналасады) жол немесе меню жолағы деп аталады. Оның көмегімен менюдің әр түрлі бөлімдеріне кіруге болады. Екінші бөлік (төменде орналасады немесе кейбір программаларда оның болмауы мүмкін) жағдай жолы деп аталады. Үшінші бөлік жұмыс беттігі деп аталады. Адам мен машина арасында осындай диалогты ұйымдастыру формасы барлық жаңашыл программаларда қолданылады.

Қазіргі кезде текстік редакторлардың, кестелердің, графикалық редакторлардың мүмкіндіктерінен тұратын программалық пакеттерді көп көңіл бөлінеді. Сондықтан, текістік және графикалықақпарат түрлерін бір түрге біріктіру үшін мәліметтер базасын басқару жүйесі ( МББЖ ) қолданылады . Сондықтан кәсіби бағыттағы АБО-н құруға көшу қарастырылып жатыр . Ол келесілерден тұрады :

  • Шешілетін есептерді белгілеу
  • Басқа қызметкерлермен байланыс
  • Кәсіби қызығушылықты белгілеу
  • Арнайы техникалық жабдықтарды қолдану (тышқан, желі, телефон номерлерін автоматты түрде алу т. б. )

Мамандарды мұндай АЖО-мен жабдықтау мекеме қызметкерлерінің еңбек өнімділігін жоғарылатады, санын азайтады, сонымен қатар тиімді басқаруға және жоспарлауға қажетті экономикалық ақпаратты өңдеу жылдамдығын, сенімділігін арттырады.

Автоматтанған жұмыс орны (АЖО) не болмаса шетел терминологиясында «жұмыс станциясы» кез-келген мамандықты пайдаланушы маманның жұмыс орны, бұл жер тұлға мен арнайы қызметті орындауды автоматтандырылған түрде жүзеге асыруға арналған құралдар мен қамтамасыз етілді. Ондай құралдар, негізінен ДК болады, ол қажет етілген жағдай да басқа қосымша электрондық құрылғылармен қамсыздандырылады: дискілік сақтағыштар, басып шығару құрылғылары, оптикалық оқу құрылғылары немесе штрихтік кодты санағыштар, графикалық құрылғылары, басқа АЖО және локальді есептегіш желілерімен байланысқан құралдар және т. б.

АЖО нгізінен есептегіш техниканы пайдалану бойынша арнайы дайындығы жоқ пайдаланушыға бағытталған. АЖО-ның маңызды белгіленуі жұмыс орнында мәліметті орталықтанбаған өңдеушілігін, АЖО және ДК локальдік желіге ал кейде қуатты ЭЕМ-мі бар есептегіш желілерге бірдей уақыт ішінде ену мүмкінлігі кезінде «өзінің» тиісті мәліметтер қорын пайдаланушылығын есептеуге болады.

Қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындарда ауыл шаруашылығын басқарудың таратылған жүйе концепциясы жасалуда. Оларда иерархияның әртүрлі деңгейлерінде мәліметтің локальді және көп жағынан аяқталған өңдеушілігі көзделеді. Бұл жүйелерде төменнен жоғарыға мәліметті жоғары деңгейде қажет етілгендерін жіберу ұйымдастырылады. Сонымен қатар мәліметті өңдеу нәтижелерірің маңызды бөлігі және бастапқы мәліметтер мәліметтің локальдік банктерінде сақталу керек.

Таратылған басқару ойларын жүзеге асыру үшін басқарудың әрбір деңгейіне және әрбір пәндік облысқа маманданған персоналды компьютер негізінде автоматтанған жұмыс орнын құру талап етілді. Мысалы, экономика саласында осындай АЖО да процесстерді жоспарлауға мысалдауға және аптимизациялауға, әртүрлі мәліметтік жүйеде және шешімдердің әртүрлі сәйкестігі үшін шешімдерді қабылдауға болады. Басқаруды әрбір объектісі үшін оларға сәйкес келетін АЖО-ны қарастыру керек. Бірақ кез-келген АЖО-ны құру ұстанымдары жалпы болу керек:

  • Жүйелік;
  • Икемділік
  • Тұрақтылық;
  • Нәтижелілік.

Көрсетілген түсініктердің мазмұнын түсіндірейік.

Жүйелілік.

АЖО-ны құрылымы функционалды белгіленуі бойынша анықталатын жүйе ретінде қарастырайық.

Икемділік.

Барлық жүйелердің құру модульдігімен олардың элементтерінің үлгі қалыптылығы арқасында мүкін болатын қайта құрушылыққа негізделген жүйе.

Тұрақтылық.

Оның ұстанамы АЖО жүйесі негізгі қызметінің ауытқушы ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне қарамастан күштілігіне сүйенеді. Бұл оның бөлек бөліктеріндегі ол қылықтар дұрысталған болу керек, ал жүйе жұмыс істеушілігі тез арада қайта қалыптасуы керек деген сөз.

Нәтижелік.

АЖО нәтижелілігін жүйені құру мен пайдалану шығындарына таратылған жоғарыда көрсетілген ұстанымдардың тарату деңгейінің интегралдық көрсеткіші ретінде қарастыруы керек.

АЖО қызметі күткен нәтижені қызметті дұрыс таратылуы кезінде және ұйтқысы компьютер болып табылатын мәліметті өңдеудің машиналық құрылымы мен адам арасындағы қысымы кезінде бере алады.

Қазіргі уақытта осындай «гибритті» интеллектіні құру өте үлкен мәселе. Бірақ АЖО-ны ұйымдастыру мен қызметі кезіндегі осы енгізілімнің таратылымы жақсы нәтижелерді әкеле алады. АЖО тек еңбек өнімділігін және басқару нәтижелілігінің өсу құралы ғана емес, сондай-ақ мамандардың сайлануы ыңғайлылық құралы да болады. Осы жерде адам АЖО жүйесінде басқарушы буын болып қала береді.

Өндірістік кәсіпорындарда АЖО мәліметті жоспарлау, басқару, өңдеу және шешімді қабылдаудың өзіндік құрылымы ретінде Автоматтандыру Жүйесін Басқару (АЖБ) немесе АСУ маңызды құрылымдық біріктірілуі болып табылады. АЖО - бұл әр уақытта арнайы жүйе, техникалық құрылғы мен бағдарламалық қамтамасыздандыру тобы және ол нақты шамаларға бағытталады-әкімшілік, экономист, инженер, бақылаушы, жоспарлаушы, архитектор, дизайнер, дәрігер, кітапханашы, ұйымдастырушы, зерттеуші мұражай қызметкері.

Сонымен қатар бұл жерде АЖО-ның кез-келген мамандығына оның жасалу кезінде қамтамасыз етілуі тиіс жалпы талаптар тізімін беруге болады, ал нақты айтсақ:

  • Мәліметті өңдеудің тікелей құралдардың бар болуы;
  • Диалогты режимде жұмыс істеу мүмкіндігі;
  • Эргоэкономиканың негізгі талаптарын орындау;
  • оператор, АЖО кешенінің элементтері мен қоршаған орта арасындағы қызметті рационалды таратуды;
  • жұмыс істеуге жағдайлар жасау;
  • АЖО құрамының ыңғайлылығы;
  • Адам - операторының психологиялық факторларын ескеру;
  • АЖО формалары мен элемент түстерінің жағымдылығы және т. б.
  • АЖО жүйесінде жұмыс жасайтын ДК жоғары өнімділігі мен сенімділігі;
  • Шешілген мәселелер санатына программалық қамсыздандырудың парапарлығы;
  • Күрделі процесстердің максимальді автоматты деңгейі;
  • Мамандарды АЖО операторлары ретіндегі өзін-өзі қамтамасыз етуіне ыңғайлы талаптары;
  • АЖО-ны жұмыс құралы ретінде пайдаланатын маманның максимальді жайлылығын және қамсыздығын қамтамасыз ететін басқа факторлар.

Техникалық жүйе туралы жоғарыда аталған еді. Алдында көрсетілген АЖО-ны құратын техникалық жүйе тобына объектінің жады жүйесінде жұмыс істейтін басқа АЖО мен байланысы құралдары мен байланыстың басқа құралдарын (телефон, телекс, телефакс) қосу керек. Мәліметтік жүйеге, негізінен дискілік сақтағышта орналасқан локальді мәліметтер қорында сақталып мәліметтер массивтері жатады. Сондай-ақ бұған мәліметтер қорын басқару жүйесіде енгізілген.

Бағдарламалық қамтамасыздануда операциялық жүйелер, сервисті бағдарламалар, АЖО тағайындалуы бойынша орындалған арнайы мәселе класын шешуге бағытталған және локальдік ұстаным бойынша жасалған қолданбалы бағдарламалар мен пайдаланушының үлгі қалыпты бағдарламалары болады. Қажет етілген жағдайларда бағдарламалық қамтамасыздандыруға графикалық мәлімет пен жұмыс істеуге арналған бағдарлама пакеті қосылады.

АЖО-ның ұйымдастырушылық қамтамасызданудың мақсаты олардың қызметін ұйымдастыру, дамыту, кадрді даярлау және әкімшіліктендіру. Соңғысына жұмысты жоспарлау, жіктеу, бақылау, талдау, реттеу, АЖО-ны пайдаланушының құқықтары мен міндеттерін құжатты түрде рәсімдеу.

Егер АЖО құрылғысы өте қиын болса, ол пайдаланушы да арнайы дағдысы болмаса, онда пайдаланушыны оның негізгі автоматтанған жұмыс орнына бірте-бірте енгізе алатын арнайы оқу құралдарын қолдану мүмкін. АЖО қызметін жүзеге асырғанда (бұл оның функционалдануы деген сөз) ағымдағы қызметінің мақсатын, мәліметтік қажеттілігін, оның тарату процесстерін бейнелейтін әртүрлі шараларын анықтау тәсілдері қажет.

АЖО-ны жоспарлау тәсілдері оның қызмет ету тәсілдерімен байланыса алмайды, өйткені АЖО-ның қызметінің дамуы пайдаланушылардың өзі мен оның даму мүмкіндігін көздейді. АЖО-ның тілдік құралдары ақырғы (соңғы) пайдаланушы көз қарасы жағынан тәсілдік құралдарын тарату болып табылады, ол бағдарламалықтар пайдаланушының тілдік құралдарын таратуды және ақырғы пайдаланушыға барлық қажет етілген әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.

АЖО индивидуальді, толық және ұжымдық болады. ЭЕМ жүйесінің нәтижелі қызмет етуі үшін толық және ұжымдық АЖО-ларға қолданылатын мамандарға (ұжымға) АЖО жұмысын ұйымдастыруға талапты қатаңдату керек және бұндай жүйедегі әкімшіліктендіру функцияларын нақты анықтау керек. «Адам-машина» болып табылатын АЖО жүйесі ашық, икемді, тұрақты даму мен жетілдіруге икемдену керек. Ондай жүйеде мыналар қамтамасыз етілуі қажет:

  • Мамандардың мәліметті өңдеудің машиналық құралдарына максималды жақындығы;
  • Диалогты режимде жұмыс істеуі;
  • Эргономика талаптарына сәйкес АЖО-ның қамсыздануы;
  • Компьютердің жоғарғы өнімділігі;
  • Күрделі процесстерді максималды автоматтандыру;
  • Мамандардың шығармашылық белсенділігін ынталандыратын еңбек талаптарының моральді қанағаттануы;
  • Мамандардың өз бетінше оқу мүмкіндігі.

АЖО-да шешілетін мәселелерді мәліметті және есептегіш деп бөлуге болады. Мәліметтік мәселелерге кодтау, сұрыпталу, жинау, құрылымдық ұйым, дұрыстау, сақтау, іздеу және мәліметті беру. Көп жағдайларда мәліметтік мәселелерде арифметикалық және мәтіндік сипат пен қатынастың оңай есепті және логикалық процедуралары болады. Олар негізінен күрделі болады және маман жұмыс уақытының үлкен бөлігін алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер түсінігі және олардың жіктелуі
Ақпараттық жүйелерді жобалау концепциясы
Басқару жұмыстарын автоматтандыру мәселелері туралы
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолданудың тиімділігі
«Деканат» - автоматтандырылған ақпараттық жүйе
Фирманың негізгі қорларының есебінің ақпараттық жүйесін негіздеу
Фирманың негізгі қорларының есебінің ақпараттық жүйесі
Дәмхана жұмысын автоматтандыру
Математикалық жабдықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz