1822 және 1824 жылғы Сібір және Орынбор қырғыздары туралы жарғылар және Кіші мен Орта жүздердегі хандық биліктің жойылуы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Астана қаласы Білім басқармасы

«Асу» гуманитарлық-техникалық колледжі

Тақырыбы:

1822 және 1824 жылғы Сібір және Орынбор қырғыздары туралы ереже. Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы.

Орындаған:

Құсайын Құсбек Т.

Тексерген:

Орынбаева Г. Б.

Астана 2012 ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы». 4

2. 1824 жылғы «Орынбор қырғыздары туралы жарғы». 7

Қорытынды . . . 8

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 9

Кіріспе

Қазақстан Республикасы егемендік алып, мемлекеттік тәуелсіздігіміз өмір ақиқатына айнала бастауымен қатар ұлтымыздың құқықтық мәдениетін танып білу және игеру, оны жаңғырту және пайдалану күн тәртібіне қойылып отыр. Ол мемлекеттің даму тарихы мен байланысты.

Басқарудың үлестік жүйесіне көшу- султандар ықпалының өсуіне, ал XVIII аяғы-ХІХ ғасырдың басында орталық биліктің бөлшектенуі іріткі салу сарынның күшеюіне және мемлекеттің іс жүзінде ыдырауына әкеп соқты. НәтижесіндеХІХ ғасырдың 20-жылдарыңда Россияның Орта жүзде хан билігін жоюға әрекет жасауына және қазақтарды тәуелсіздігінен айырып, Қазақстанды Россия империясының бір бөлігіне айналдыратын әкімшілік реформалар жүргізуіне мүмкіндік берды.

1. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы»

1781 жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М. М. Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г. С. Батеньков белсене қатысты. Оған М. М. Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді.

Орта жүзде жаңа әкімшілік құрылым мен сайлау жүйесі енгізілді. «Уставта» денсаулық сақтау жөнінде кейбір шаралар бегіленді, атап айтқанда қырдағы бекіністер гарнизонына қызмет көрсету үшін ауруханалар салу, көшпелі халық арасында шешекке қарсы егу жұмысын жүргізу белгіленді. Қазақтарға арналған балаларын жалпы негіздерде империяның оқу орындарына жіберуге құқық берілді.

Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді. Реформа Қазақстанда сауда-экономикалық үрдістің өсуі үшін оң алғышарттар тұғызды. Жарғының негізінде қазақтарға өз тауарларын еш шектеусіз еркін өткізуге мүмкіндік берді.

1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды да, 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы устав» талдап жасалынды.

«Устав» бойынша «Сібір қырғыздарының облысы» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға бөлінді. Болысты бөлудің негізінен жераумақтық (территориялық) емес, рулық принцип алынды. Сондықтан да болыс ру аттарымен мысалы Кенжеғали, Қаржас және т. б деп аталды. Жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтақаларлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші бір әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрыңғы көшіп қонудың рулық тәртібі бұзылды.

Ауыл старшиндері қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балағы мұра болып қалдырып отырды.

Полиция мен сот өкіметі органдарын округтік приказ басқарды, ал оларға үш жылдық мерзіммен сайланатын аға сұлтандар билік жүргізді. Олардың патша әкімшілігі белгілеген орыстан екі кеңесші болды. Сонымен қатар қазақ зиялылырынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі заседатель отырды.

«Жарғы» билер сотын жалпы империялық сотпен біртіндеп алмастырып, олардың құқықтарын шектеудің негізін қалады. Сот әкімшіліктен бөлінбеді. Жергілікті өкімет органдарына полиция функциялары да берілді. Олар қылмыс істеді деп айыпталған адамдарды іздеп табу, тергеу және оларды ұстау міндеттерін атқарды.

1822 жылғы «Жарғы» бойынша барлық сот істері үш категорияға бөлінді: а) қылмысты істер; б) даулы істер; в) басқару үстінен берілетін шағымдар жөніндегі істер. Қылмысты істер империясы жалпы заңдары негізінде округтік приказдарда қаралды. Қылмысты істерден өзгеше даулы істерді ауылдар мен болыстарда жергілікті қолданылып жүрген әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты талқылады.

Орта жүздің әкімшілік құрылымы:

ОКРУГ

(15-20 болыс)

Басқарушысы- округтік приказ және аға сұлтан

БОЛЫС

(10-120 ауыл)

Басқарушысы-болыс сұлтаны

АУЫЛ

(50-70 шаңырақ)

Басқарушысы- ауыл старшыны

1822 жыл- Орта жүзде хандық билік жойылды.

Әкімшілік-саяси реформаның салдары:

-Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп, өзара рулық қырқыстарға соққы берді.

-Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай жасады.

-Ресми отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты.

-Хандық билікті жойды.

Қазақ мемлекеттігінің жүйесімен күресудің келесі кезеңі Кіші жүзде хан билігінің жойылуына әкелетін россиялық басқарудың жаңа жүйесін енгізу әрекеттері болды.

Хандық билікті қолына сақтауға талпынғандардың бірі-Арынғазы (1785-1833 жж. ) . 1821 жылы ол Петербургке шақырылып, жолда ұсталып Калугаға айдалды; 1833 жылы қайтыс болды.

2. 1824 жылғы «Орынбор қырғыздары туралы жарғы»

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1822-1824 ж. Сібір және Орынбор қырғыздары туралы жарғылар: Орта және Кіші жүздегі әкімшілік-құқықтық реформалар
1822-1824 жылдары қабылданған Сібір және Орынбор қырғыздары туралы жарғылары: Кіші және Орта жүз қазақтарына әкімшілік реформалардың мазмұны мен жүзеге асуы
Қазақстанда Ресей әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі (1822-1824 жж.): жарғылар, әкімшілік-аумақтық реформалар және хандық биліктің жойылуы
XIX ғасырдың басындағы қазақ жүздерінің саяси дербестігінен айрылуы: 1822 жылғы Сібір қырғыздары туралы устав және хан өкіметінің жойылуы
Орта жүздің Ресей империясына қосылуы: себептері мен 1822 жылғы Сібір қырғыздары жөніндегі Жарғының әсері
XIX ғасырдағы Қазақстан: хандық биліктің жойылуы және әкімшілік-аумақтық пен сот реформалары (1822, 1867-1898)
1822-1867 жылдардағы патша үкіметінің қазақ даласындағы мемлекеттік-құқықтық саясаты: Сібір қырғыздары жөніндегі жарғы, Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғы және аға сұлтандар институты
1822-1824 жылдардағы жарғылар негізінде Қазақстанның Ресей әкімшілік-саяси жүйесіне енгізілуі
1822-1838 жж. Кіші және Орта жүздерде хан билігінің жойылуы мен патша әкімшілігінің енгізілуі
Кіші жүз хандық билігінің жойылуы және қазақтардың көтерілістері (1783-1839 жж.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz