Delphi ортасы қолдайтын мәліметтер қорлары


«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ
Қорғауға жіберілді
«Автоматика және ақпараттық технологиялар»
кафедрасының меңгерушісі
А. Д. Золотов
«___»2021 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Автобөлшектерді сату дүкенінің жұмысын автоматтандыру»
«5В070300 - Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша
Орындаған Мұратұлы А.
Ғылыми жетекші, э. ғ. к. Смагулов С. К.
Нормобақылаушы
Семей 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бізді қоршаған әлемде айналып жүретін ақпараттар тасқыны өте үлкен. Уақыт өткен сайын олар көбейеді. Сондықтан кез-келген үлкен де, кіші-гірім болса да, ұйымда тиімді жұмысты қамтамасыз ететін деректермен басқаруды ұйымдастырудың мәселесі туады. Кейбір ұйымдар ол үшін бумалары бар шкафтарды қолданады, бірақ-та көпшілігі компьютерленген әдістерді жоғары бағалайды - өйткені, ол үлкен көлемді мәліметтерді тиімді сақтауға, құрастыруға және жүйелеуге мүмкіндік беретін деректер базасы. Бүгін көпшілік қаражаттық, өнеркәсіптік, сауда және тағы басқа ұйымдардың жұмыстарын деректер базасынсыз ұсыну қиын. Деректер базасы жоқ болған жағдайда біз информациялық тасқын астында қалушы едік.
Бар информацияны компьютерлік негізге ауыстырудың көптеген салмақты себептері бар. Казіргі кезде информацияны ЭЕМ-де файлда сақтау қағазда сақтау бағасынан арзан. Деректер базасы информацияны сақтауға, жүйелеуге және қолданушыға оптималды әдіспен алып шығуға мүмкіндік береді. Клиент/серверлік технологияларды қолдану мәндік құралдарды сақтауға, ал ең негізгісі - ол керек информацияны алу үшін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар баруды және жүргізуді ыңғайлатады, өйткені олар деректерді кешендік өндеуге және оларды орталықтандырып сақтауға негізделінген. ЭЕМ кез-келген форматты сақтауға мүмкіндік береді: тексті, сызбалар, қолмен жазылған нұсқадағы мәліметтерді, фотографияларды, дабысты және т. б.
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2012 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес прогрессивті технологияларды және оқыту жүйелерін жасау мен енгізу жоғары білім берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі болып табылады.
Жалпы автоматтандыру - адамды материалдар, ақпараттарды жеткізу, өңдеу, сақтау, пайдалану процестерінен босату мүмкіндігіне ие.
Автоматтандырудын арқасында адамдар үлкен фирмалардағы тауарларды, мекемелердегі құжаттарды, банкідегі есептеулерді, темір-жол жүйесін басқаруды, студенттердің мәліметін, сессия қортындыларын және т. б. жүйелерді басқара алады.
Автоматтандырудың мақсаты - еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстардан адамды босату. Автоматтандыру - ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты. Автоматтандырудың екінші бір пайдасы: уақытты үнемдейді және де басқаруды жеңілдетеді. Үлкен кешенді орындарды қолмен басқарудан гөрі оны автоматтандырған әлде қайда жеңіл.
Автоматтандыру дәрежесі - автоматтандыру құралдарын пайдаланып орындалатын операциялар мөлшерінің осы процесс операцияларының толық мөлшеріне қатынасымен анықталатын технологиялық процестің сипаттамасы.
Әр түрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Автоматтандыру кез келген кәсіпорын үшін өзекті. Заманауи технологияларды пайдалана отырып автоматтандыру, бірінші кезекте, сауда процестері мен құжат айналымы процестерін жеделдету есебінен және нарықты талдау тиімділігін арттыру есебінен бәсекеге қабілеттілікті арттыруды білдіреді.
Бұл жұмыстың мақсаты қосалқы бөлшектерді есепке алуды автоматтандыру үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйені әзірлеу болып табылады. Бұл жүйе дүкендегі қосалқы бөлшектерді жеткізу мен сатуды есепке алу процесін автоматтандыруға мүмкіндік беруі керек.
Зерттеу нысаны - автобөлшектер сату дүкені.
Зерттеу пәні - автобөлшектер сату дүкеніндегі қосалқы бөлшектерді, жеткізу мен сатуды есепке алу.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- кәсіпорын қызметін талдау;
- қолданыстағы жұмыс әдіснамасындағы кемшіліктерді анықтау;
- мәселені шешу жолдарын белгілеу;
- қамтамасыз ету түрлері бойынша жобалық шешімдердің негіздемесін жүргізу;
- ақпараттық модель құру;
- автоматтандырылған ақпараттық жүйені әзірлеу.
Дипломдық жұмыс аясында жасалған жүйе кәсіпорынның сауда желісінде деректердің таралуын едәуір жылдамдатады және деректердің жоғалуы мен бүлінуін болдырмай, сату операциялары туралы ақпаратты бірден сақтауға мүмкіндік береді.
1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Жоба тақырыбының мәнін ашу, анализдеу. Іс қағаздарын жүргізу тарихы және жіктемесі 1. 1. 1 Құжат ұғымы және функциясыАдам баласының жазуды меңгергеннен кейінгі ісінің басы құжат жасау болған. Бұған адамзат тарихында затты-нақты айғақтар жеткілікті. Түрлі болжамдар мен салмақты ғылыми ізденістер нәтижесінде жарық көрген сүбелі дүниелер де көп. Оның барлығына тоқталып жатуды былай қойғанда, атауларын тізіп шығудың өзі мол көлемді талап етеді. Сондықтан біз бұл жерде тақырыпқа қатысты негізгі мәселелерді қысқаша тұжырымдап берумен шектелгенді жөн көріп отырмыз. Сонымен, іс қағаздарын жүргізудің басты өзегі құжат дегеніміз не?
Құжат деп қандай да бір зат туралы ақпаратты тіркеуге, беруге және сақтауға қызмет ететіннің барлығын атаймыз. Басқаша айтқанда, құжат - ақпараты бар материалдық тасымалдаушы. Мұндай тасымалдаушы ретінде қағаз, компьютер дискісі, фото және кинопленка және т. б. қызмет етуі мүмкін. Іс құжаты әкімшілік (басқару) ақпаратты белгілеу үшін қызмет етеді.
Фабрика өнім шығаратыны секілді, әкімшілік басқармалары құжат шығарады. Мұның айырмасы фабрика үшін өнім шығару оның мақсаты болса, әкімшілік басқарудың мақсаты басқару қызметі болып табылады. Оны іске асыру үшін ол құжатпен ресімделуі керек.
«Құжат» ұғымы білімнің көптеген саласында қолданылып, тұтас бір ғылыми пәндер қатарындағы зерттеу объектісі болып табылады. Бұл ғылымдардың әрқайсысы құжатқа анықтама беруде қандай өлшемдер (құжаттың мәні, нысаны, ақпаратты жазу мен дыбыстап бейнелеу тәсілі т. б. ) негіздеме ретінде алынғанына қарай өз тәсілдерін ұсынады.
Құжат ұғымына берілген анықтамаларды көктей шолғанда, зерттеу нысанасы мен міндеттеріне қарай айырмашылықтардың да бар екендігін байқаймыз. Құжат ұғымын деректану саласы кең ауқымда түсіндіреді. Ол бойынша, құжат - объективті өмір шындығы мен адамның ой қызметіне қатысты ақпараттарды арнайы материалға кез келген тілде, кез келген тәсілмен бекіту құралы. Деректануда құжат -арнайы ақпарат жеткізуге арналған объект.
Бұл ретте, біз құжаттың пайда болу тарихы мен эволюциясына көз жүгіртіп көрейік. «Құжат» ұғымы өзінің даму жолында айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Латын сөзі doceo алғашында «үйретемін», «хабарлаймын» деген мағынаны берген. Кейіннен туындаған, сөздің тар мағынасында алатын болсақ «айғақ, дәлел», «куәлік» мағынасын беретін documentum түрі ғылыми және практикалық қызмет саласының көпшілігінде ұзақ уақыт пайдалануда тұрақтап қалған.
Құқықтық күшке ие жазбаша дереккөз тұрғысындағы құжат ұғымы ХХ ғасырда да сақталған. Мәселен, С. И. Ожеговтың Орыс тілі сөздігінде «құжат» ұғымына үш түрлі мәнде түсінік беріледі: 1. Қандай да бір фактіні немесе бір нәрсеге қатысты құқықты растайтын іс қағазы. 2. Ұсынушы тұлғаны ресми куәландыратын нәрсе (төлқұжат және т. с. с. ) . 3. Жазбаша куәлік.
Шетелдік сөздердің түсіндірме сөздігінде аздаған өзгешеліктер болғанымен, жалпы мағынасы жоғарыдағы анықтамаларға келіп саяды: 1. Жазбаша куәлік, айғақ - мысалы, оның тарихи құжаттық сипаты бар. 2. заң. заң жүзінде белгіленген тәртіппен жасалып, заңды фактіні куәландыратын (туу, некеге тұру) немесе қандай да бір іске құқық беретін (диплом, өсиет) акт, сөздің кең мағынасында - заңды күші бар немесе қызметтік сипаттағы кез келген жазбаша акт. 3. Төлқұжат, жеке куәлік.
«Мұрағат терминдерінің қысқаша сөздігінде» «құжатқа» берілген анықтама бойынша: «Құжат - шын мәніндегі объективті және адамның ой қызметі барысындағы фактілерді, оқиғаларды, нысаналарды, құбылыстарды жазу, кескіндеу, суретін салу, фотоға түсіру, дыбыстап жазу немесе басқа тәсілмен арнайы материал (папирус, пергамент, қағаз, фото үлдір және т. б. ) арқылы көрсетудің нәтижесі».
Құжат анықтамасының даму барысын талдай отырып, бұл терминді түсіндірудің негізгі үш тәсілін бөліп атауға болады. Біріншіден, құжат қандай да бір материалдық объект болып табылады, екіншіден, жай ғана материалдық объекті емес, сонымен қатар, ақпарат жеткізгіш, үшіншіден, әрі ол құжатталған ақпарат (яғни, қайта өңдеу және сақтау мақсатында материалдық негізге бекітілген қандай да бір әлеуметттік ақпарат. Басқаша айтқанда, биологиялық ақпараттың, жанды және жансыз табиғат ақпараттарының адам ойы жететін деңгейде жазылған немесе осы деңгейде өңделген түрлері мен формалары) болып табылады.
Осылайша, құжаттану тұрғысынан алғанда құжат дегеніміз мәтін, дыбыс жазу мен бейнелеу түріндегі ақпарат енгізілген материалдық объект болып саналады.
Соңғы кезде құжат анықтамасының мағыналық жүгі ауырлап, материалдық құрамнан ақпараттық құрамға ауысып келеді. «Құжатталған ақпарат» ұғымының өмірге келуі ақпарат (мәлімет) пен материалдық негіз (рәміздер, белгілер, әріптер, толқындар т. б. түрінде) ұғымдарының екіжақтылық сипатына негізделген. Құжаттау нәтижесінде мәліметтердің өзіндік сипатта материалдану және заттану процесі жүреді. Ақпарат негізге бекітіледі немесе оған тіпті «байланып қойылады», сол арқылы ақпарат өз жасаушысынан жекеленеді. Осылайша, құжат екі қосындының тұтастығы деп қабылданбақ. Рас, ұзақ жылдар бойына бұл бірліктегі басты орынды ақпарат жеткізуші негіз иеленіп келген-ді.
М. В. Ларин «Управление документацией в организациях» (Ұйымдарда құжаттаманы басқару) атты еңбегінде құжатты мынадай үш басты компонент құрайтынын атап көрсетеді: ақпарат, негіз (материал жеткізгіш) және ақпараттың сәйкестендірілу мүмкіндігі. Ақпарат негізіндегі сәйкестендірілу мүмкіндігі құжатты басқа ақпарат негіздерінен түпкілікті түрде ерекшелендіреді.
Кеңселік қызмет барысында құжат еңбек құралы ретінде де әрі жұмыс нәтижесі ретінде де көрінеді. Осыған сәйкес ұйымның тиімділікпен қызмет етуі құжат бойынша жұмыс жүргізу ісін дұрыс ұйымдастыруға тікелей байланысты.
Құжат функцияларын жалпы және арнайы функциялар деп екі салаға бөлуге болады. Жалпы функциялар құжаттардың бәріне ортақ. Ал арнайы функциялар - құжаттардың тек шектеулі топтарына ғана тән.
Құжаттың жалпы функцияларына мыналарды жатқызуға болады:
1) әлеуметтік - құжат әлеуметтік мәнге ие объект болып табылады, өйткені ол әлеуметтік қажеттіліктен туындаған әрі сол әлеуметтік жүйеде жүзеге асырылады;
2) ақпараттық - құжат ақпаратты жазып алу, сақтау және тарату құралы ретінде қызмет етеді;
3) қарым-қатынастық - құжат қоғамдық құрылымдар мен жеке адамдар арасында байланыс құралы ретінде жүреді, ол жай хабарландырып қана қоймайды, сонымен бірге қоғамдық сананы шоғырландырып, бірыңғай пікір қалыптастыруға, ұжымдық реакция туғызуға, бүкіл қауымды жұмылдыруға ықпал етеді;
4) мәдени - құжат әлеумет тәжірибесі мен мәдени дәстүрлерді бекіту және оларды болашаққа қалдыру құралы ретінде қызмет етеді;
Құжаттың арнайы функцияларына мыналар жатады:
1) құқықтық - құжат қоғамдағы құқықтық нормалар мен құқықтық қарым-қатынастарды бекіту және өзгерту құралы ретінде қызмет етеді. Хабарланып отырған мәліметтерге, оқиғаларға баға беру арқылы құжат құқықтық сананың қалыптасуына, мінез-құлықтың әлеумет тарапынан қолдау тапқан үлгілерін әзірлеуге, моральдық-этикалық нормаларды игеруге ықпал етеді;
2) дәрістік - құжат жинақталған әлеуметтік тәжірибелерді ой елегінен өткізе отырып, бұл жөніндегі білім қазынасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге көмек береді, тұлғаның қалыптасу процесіне қатысады;
3) танымдық - құжат ой елегінен өткізіліп жазылған мәтін негізінде шындықтың неғұрлым ауқымды, абстрактылы, теориялық үлгісін жасауға мүмкіндік береді.
4) басқарушылық - құжат басқару құралы болып табылады, қоғам мүшелерінің ұжымдық қызметін мейлінше тиімді ұйымдастыру мақсатына сәйкес жоспарлау, үйлестіру және реттеу ісіне көмектеседі;
5) мемориальдық - құжат қоғамның, ондағы жекелеген құрылымдардың дамуы туралы және дербес тұлғалар жайлы тарихи дерек көзі ретінде көрінеді;
6) есептік - құжат өндірістік және шаруашылық қызметтің барлық кезеңдерінде атқарылған жұмыс процестерін сүзгіден өткізіп отыратындықтан, оның нәтижелерін есептеп шығаруға мүмкіндік береді.
7) эстетикалық - құжат өзінің материалдық негізі құрамына болмысты образды-көркем игеру нәтижелерін түсіру арқылы жинақтап қорытылған эстетикалық тәжірибелерді сақтайды және таратады;
8) релаксациялық (ойын-сауықтық, компенсаторлық) - құжаттардың бірқатар түрлерін эмоционалдық шиеленісті ширығуларды өзге нысандарға аудару арқылы түсіруге, сөйтіп артық ширығу деңгейін көздеген дәрежеге дейін азайтуға пайдалану;
Ұйымда құжаттарды түзу, қолжазбадан қайта басу, оқу, есепке алу, сұрыптау, сақтау, іздестіру, ақпараттарды ұқсату т. б. жөнінде қыруар жұмыстар атқарылады.
Ұйымның коммерциялық қызметі табысты жүргізілуі үшін ақпараттардың сақталу жағдайы ондағы мәліметтер құпиялылығы сенімді түрде қамтамасыз етілетіндей дәрежеде болуы шарт.
1. 2 Кәсіпкерлік қызметті автоматтандыру әдістері
Бизнестің және оның көлемдерінің өсуімен өндірісті автоматтандыру проблемасы барған сайын маңыздырақ болып отыр. Кәсіпорынның иесі немесе басшысы одан әрі сәтті қызмет ету үшін технологиялық процестерді автоматтандыру қажет екенін түсінген кезде, ол көптеген түрлі нюанстарға тап болады. Іс жүзінде ең алғашқы шешім автоматтандыру әдісі мен стратегиясын таңдау болады.
Бизнесті автоматтандыру мәселелерін шешу үшін кез-келген компанияның бірнеше жолдары бар.
Автоматтандырудың ең оңай әдісі-дайын шешімді сатып алуға қаражат жұмсау.
Бұл әдіс автоматтандыру уақыты мен еңбек шығындарын едәуір азайтады. Бұл ретте автоматтандырылған жүйені жұмыс істеп тұрған бизнеске интеграциялау жеткілікті, ауыртпалықсыз және жылдам өтеді. Бірақ дайын автоматтандыру жүйесін сатып ала отырып, компания көбінесе өзінің бизнес-процестері мен өндірістік қызметін стандарттау қажеттілігіне тап болады. Сонымен қатар, кез-келген компания мұндай қайта құруға дайын емес. Автоматтандырудың бұл әдісінің артықшылығы автоматтандырылған жүйенің жоғары сенімділігі және оның төмен құны болуы мүмкін.
Автоматтандырудың орташа әдісі: бейімделген шешімді енгізу және автоматтандырылған жүйені орнату қызметтеріне ақы төлеу.
Бұл әдіс стандартты автоматтандырудың негізгі кемшілігінен - технологиялық және бизнес-процестерді қайта құрудан аулақ болуға мүмкіндік береді. Яғни, бейімделетін жүйені енгізу кәсіпорынның технологиялық процестерінің негізгі ерекшелігін ескереді. Бірақ сонымен бірге, мұндай схема іске асыру құнын арттырады және жүйенің сенімділігін біршама төмендетеді. Бұл өз кезегінде меншік құнының өсуіне әкелуі мүмкін, өйткені осы әдіспен автоматтандырылған ұйымдар қосымша техникалық қолдауды төлеуге немесе тіпті автоматтандырылған жүйені қолдау үшін техникалық маманға жүгінуге мәжбүр.
Автоматтандырудың ең озық әдісі-компанияға автоматтандырылған жүйені құратын мамандарды тарту.
Автоматтандырудың бұл әдісі, егер кәсіпорынның технологиялық процестері өте ерекше болса, стандартты жүйені пайдалануға немесе бейімделетін шешімді енгізуге мүмкіндік бермесе, орынды болады. Автоматтандырудың осы әдісін таңдағанда, ұйым тәуекелдің әділ үлесін алады, өйткені күрделі бірегей автоматтандырылған жүйені құру әрқашан қауіпті. Бірақ егер сәтті болса, компания сөзсіз бәсекелестік артықшылықтарға ие болады және өз процестеріне толық интеграцияланады. Бұл әдісті таңдаудағы автоматтандырудың икемділігі-бұл жобаның жоғары құны мен бастапқы сатылардағы сөзсіз төмен сенімділіктен асып түсетін негізгі плюс.
Қалай болғанда да, кез-келген жағдайда автоматтандыру әдісі бизнестің барлық ерекшеліктерін ескере отырып жеке таңдалады. Шешім қабылдамас бұрын, автоматтандыру нарығындағы барлық қол жетімді ұсыныстарды қарастырып, барлық жақсы және жаман жақтарын өлшеп, автоматтандыру міндеттеріне тап болған адамдардың тәжірибесін зерттеу керек.
Кәсіпорындардың қызметін автоматтандырудағы маңызды рөлді жүйе пайдаланатын ДҚБЖ таңдау және даму құралдары алады. ДҚБЖ неғұрлым кең таралған болса, онымен жұмыс істеу оңайырақ және қолданушы жүйені жасаушыдан тәуелсіз болса, оны орнатып, баптай алатын маман табу оңайырақ болады. Көптеген заманауи ДҚБЖ-де бірнеше бағдарламалық өнімдер іске асырылуы мүмкін, бұл олардың таңдауының тағы бір артықшылығы. Әзірлеу құралдарына қатысты да дәл солай. Олар неғұрлым танымал және кең таралған болса, соғұрлым олар қосымша компоненттерді игеріп, дамыта алады, ал мұндай қызметтердің құны соғұрлым аз болады. Бағдарламаның басқа өнімдермен интеграциялану қабілеті өте маңызды.
2 ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМ. ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫН БЕЛГІЛЕУ және негіздеу
2. 1 Ақпарат: құрылымы, түрлері, қасиеттері
Кез келген пәнді меңгеру оның негізгі ұғымдары мен категорияларын анықтаудан басталады. Информатиканың негізгі базалық ұғымы болып (математикадағы «нүкте» сияқты) ақпарат ұғымы табылады. Ақпарат, сонымен қатар, жалпы ғылыми категория қатарына жатады, әр ғылым саласында (философия, кибернетика, т. с. с. ) өзіндік көзқараспен және тәсілдермен түсіндіріледі.
Ақпараттың ең негізгі ерекшелігі - ол бар адамға интуитивті түсінікті, екінші жағынан оның ғылыми дәл анықтамасын беру мүмкін емес, сондықтан ақпарат туралы ұғым қолданылады. «Ақпарат» термині латынның «informatio» - түсініктеме, баяндама, хабар басу деген сөзінен шыққан.
Ақпарат ұғымын бірнеше тұрғыдан анықтап көрейік. «Кең мағынада» философиялық тұрғыдан, ақпарат - біздің санамызбен қабылданатын, ақиқат өмірдің белгілі бір объектілері, үрдістері мен құбылыстарының қасиеттері мен қатынастарының бейнелері. Есептеу техникасы тұрғысынан, ақпарат ұғымы оның жадында сақталатын, қажеттігіне байланысты өңделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.
Ақпарат ұғымын оның берілу үрдісін сызбалық сипаттаудан анықтайық. Яғни, ақпарат ұғымы таратқыш, қабылдағыш және байланыс арнасы арқылы берілетін хабар. Хабарды таратқыш және қабылдағыш адамдар немесе техникалық құрылғылар болуы мүмкін. Яғни, ақпаратты бейнелеуге және түсінуге болады. Сондықтан әрбір ақпараттың бейнелену пішімі және мазмұны болады.
Хабар - белгілі пішімде көрсетілген және беруге арналған ақпарат, яғни ақпараттың бейнелену пішімі. Хабар материалды-энергетикалық пішімде - сызбалар, мәтін, дыбыс, жарық, қимыл және т. б. түрінде беріледі. Яғни, хабар қандай да бір қатынас тілінің өрнегі болады, олар - табиғи тілдер, математика тіл, әуез тілі, мимика белгілері және т. б.
Ақпарат түрлері. Хабар таратқыштан қабылдағышқа жеткізілуі үшін ақпарат тасушы қажет. Тасушы көмегімен берілетін хабар сигнал деп аталады. Сигнал - уақыт ішінде өзгеретін физикалық үрдіс (мысалы, тізбекте жүретін электр тогы, жарықтың таралу үрдісі) . Ақпарат физикалық үрдістің, яғни сигналдың бір немесе бірнеше параметрлерінің мәнімен беріледі.
Егер сигнал параметрі берілген аралықта кез келген аралық мән қабылдай алатын болса (уақытқа байланысты үздіксіз функциямен анықталса), онда сигнал үздіксіз ал мұндай сигналмен анықталған хабар да үздіксіз деп аталады. Бұл жағдайда таратқышпен берілген ақпарат үздіксіз түріне ие болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz