Мәліметтер қорлары туралы жалпы мәліметтер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ

Қорғауға жіберілді

«Автоматика және ақпараттық технологиялар»

кафедрасының меңгерушісі

А. Д. Золотов

«___»2021 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Поездар кестесін қараудың ақпараттық ішкі жүйесін әзірлеу»

«5В070300 - Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша

Орындаған Тлеугазин Б. А.

Ғылыми жетекші, э. ғ. к. Смагулов С. К.

Нормобақылаушы

Семей 2021


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ: 1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3: 5
КІРІСПЕ: 1. 1 Зерттеу аймағына сипаттама беру
3: 5
КІРІСПЕ: 1. 2 Автоматтандырылған жұмыс орнын құру
3: 6
КІРІСПЕ: 1. 3 Дербес компьютер (ДК) негізіндегі АЖО нұсқаларын таңдау
3: 8
КІРІСПЕ: 1. 4 Автоматтанған жұмыс орнын сұрыптау
3: 13
КІРІСПЕ: 2 ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМ
3: 15
КІРІСПЕ: 2. 1 Мәліметтер қорлары туралы жалпы мәліметтер
3: 15
КІРІСПЕ: 2. 2 АЖО-н жобалау
3: 19
КІРІСПЕ: 2. 2. 1 МБ-н жобалау әдістемесі
3: 19
КІРІСПЕ: 2. 2. 2 Ақпараттық жүйесіне жалпы қойылатын талаптар
3: 21
КІРІСПЕ: 2. 3 MS ACCESS мәліметтер базасы
3: 26
КІРІСПЕ: 3 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ФУНКЦИОНАЛДЫ ЖОБАЛАУ
3: 31
КІРІСПЕ: 3. 1 Bpwin жүйесін жобалау құралының сипаттамасы
3: 31
КІРІСПЕ: 3. 2 Жүйенің функционалдық моделінің сипаттамасы
3: 31
КІРІСПЕ: 3. 3 "Поездар қозғалысының кестесі" ақпараттық жүйесін инфологиялық жобалау»
3: 33
КІРІСПЕ: 3. 3. 1 ERWin жобалау құралының сипаттамасы
3: 33
КІРІСПЕ: 3. 3. 4 Жүйені логикалық жобалау
3: 34
КІРІСПЕ: 3. 3. 5 Байланыс құрылымын әзірлеу
3: 34
КІРІСПЕ: 3. 3. 6 Бағдарламалық қамсыздандырудың алгоритмін құрастыру
3: 35
КІРІСПЕ: 3. 7 Бағдарламаның сипаттамасы. Қолданушы нұсқаулығы
3: 37
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 45
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3: 46
КІРІСПЕ: Қосымшалар
3:


КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздің экономикасында көлік үлкен рөл атқарады. Оның жұмысына өндіріс, ауылшаруашылық, жабдықтау жəне сауда кəсіп- орындарының дамуы мен қалыпты жұмыс істеуі тығыз байланысты.

Теміржол көлігінің аса маңызды рөлі оның экономикалық жəне географиялық ерекшелігімен, яғни, кəсіпорындардың орналасуымен, өндірістердің шоғырлануымен жəне олардың айтарлықтай арақашық- тығымен анықталады.

Тасымалдау үрдісі жылдың бар уақытында үздіксіз жүріп жатады. Бұл жұмыс табысы тек қана техникалық құрылғылардың сенімділігіне байланысты емес, теміржол көлігінің барлық мамандарының нақты, ретті іс-əрекетіне байланысты. Көлік конвейерінің қандай да бір элементі аз ғана бұзылса, ол дереу тасымалдау үрдісіне əсерін тигізеді.

Пойыздар жүрісінің, жолаушылардың жəне оларға қызмет көрсе- тушілердің қауіпсіздігін, тасымалдаудағы жүктердің сақталуын толық қамтамасыз ету - темір жол жұмысына қойылатын ең маңызды талап.

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.

Бүгінгі таңда компьютерлік технологияларды қолдану адам қызметінің барлық салаларын автоматтандыруға мүмкіндік береді. Қазір жұмыс тиімділігі үшін есептеу техникасына жүгінбейтін ұйымдар аз. Жеке компьютерлердің жетілдірілуімен адамның компьютермен өзара әрекеттесуін жеңілдететін ыңғайлы қосымшалардың қажеттілігі артты.

Жалпы іс қағаздарының қоғам өмірінде қолданылмайтын саласы жоқ. Адам дүниеге келген сәттен бастап бақилық болғанға дейінгі бүкіл өмірі құжатпен байланысты. Өз өмірінде іс қағаздарын жүргізумен бетпе-бет келмеген жан жоқ, сірә. Адам баласы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін қызметке тұру үшін өтініш жазудан бастап, ұрпағына арнап өсиет қалдырғанға дейін қаншама құжат толтырады, қаншама құжатқа қол қояды. Алайда мұның бәрін арнайы ретпен, белгіленген тәртіпке, жүйеге сәйкес жүргізбесе, бұл құжаттар көптеген келіспеушіліктер мен дау-жанжалдарға да себеп болады. Сондықтан да іс қағаздарын жүргізу тәсілдерін білу тек әр алуан мекемедегі қызметкерлерге ғана емес, әрбір азамат адам үшін де өте маңызды.

Кез-келген мекеме мен кәсіпорында құжаттардың, құжат айналымы жүйесін дұрыс ұйымдастырудың маңызы аса зор. Құжаттардың негізінде басқару шешімдері қабылданады, даулы мәселелер шешіледі. Қандай ұйымда болмасын, сауатты жасалып, заңды күшке ие болған құжат қана табысты жұмыстың кепілі болады.

Ұйымда құжат айналымының талапқа сай ұйымдастырылмауы құнды құжаттардың жоғалуына, кәсіпорын жұмысының жүйесіздігіне алып келеді. Мұның өз кезегінде түрлі қиыншылықтар мен даулы оқиғаларға соқтыратыны айтпаса да түсінікті. Бұлардың барлығы да Қазақстанның іс қағаздарын жүргізу саласында қолданылып жүрген заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерінде тиісінше көрініс тапқан.

Іс қағаздарын жүргізу мекемелер мен кәсіпорынды құру сатысында-ақ басталып кетеді десе де болады. Ол болашақ ұйымның құрылтай құжаттарын дайындаудан бастап, оны мемлекеттік тіркеуден өткізу аралығын қамтиды. Белгілі-бір ұйым нақты тіркеуден өткеннен кейін заңды тұлға мәртебесіне ие болады. Міне, осы сәттен бастап ұйымда құжат айналымы жүйесін қалыптастыру қажеттігі туындайды. Көбінесе, шағын кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізумен айналысатын жеке құрылымдық бөлімше болмайды. Бұл функцияны, әдетте, хатшы-референт немесе кәсіпорын басшысының көмекшісі атқарады. Кейде ол кадр ісін де қоса алып жүреді. Мұның барлығының да кәсіпорындар мен ұйымдардың аяғынан тұрып кетуі үшін қолға алынып отырған қадамдар екендігінде сөз жоқ. Дегенмен, іс қағаздарын жүргізумен тұрақты айналысатын арнайы маманның не құрылымдық бөлімшенің болмауы құжаттамалық қамтамасыз ету саласының айтарлықтай нашарлауына алып келетінін жоққа шығара алмаймыз.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны Теміржол вокзалы болып табылады.

Жұмыстың мақсаты - поездар кестесін қарайтын және билеттерді сатуды көрсететін теміржол вокзалының автоматтандырылған жүйесін жетілдіру.

Дипломдық жұмыстың мақсаты келесі міндеттерді анықтады:

  • қарастырылып отырған кәсіпорынның қызметіне зерттеу жүргізу,
  • оның негізгі бизнес-процестерін сипаттау, даму қажеттілігін негіздеу;
  • қолданыстағы жүйелерге қысқаша талдау жасап, стратегияны таңдау
  • бағдарламалық шешімнің ақпараттық базасын жобалау;
  • бағдарламалық шешімді іске асыру және бақылау мысалын келтіру;
  • пайдаланушы нұсқаулығын әзірлеу.

Осындай ерекшеліктерді ескере келе, мен осы дипломдық жұмысымда іс қағаздарын жүргізу бойынша барынша қажет болар-ау деген маңызды ережелер мен нормалар түсіндірмелерін, жиі кездесетін құжаттардың үлгілерін топтастыруға тырыстым.


1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

1. 1 Зерттеу аймағына сипаттама беру

Темір жол станциясы - дамыған жол желілері есебінен жолаушыларға қызмет көрсететін, жүк тасу мен қабылдау операцияларын, поездарды қалыптастыру, қабылдау мен жіберу процедураларын жүзеге асыра алатын темір жол транспортының обьектісі.

Темір жол станциясының негізгі элементтері болып табылатын:

Жол шаруашылығы - парктерге біріккен темір жол желілерінің жиынтығы. Жолдардың нумерациясы тақ және оң нөмерлердің тәртібін сақтай отырып басты жолдан төмеңге және жоғарыға қарай жүзеге асырылады. Жолдар бір-бірімен бағыттармен (стрелкалармен) біріктіріледі, олар бір станция жағынан тақ, ал екінші станция жағынан оң сандармен нөмерленеді.

Жүк шаруашылығы - жүк тасу, түсіру мен қабылдау операцияларын жүзеге асыруға арналады.

Орталық жүйе - стрелкалар мен светофорлар көмегімен поезддерді басқаруға арналады.

Темір жол станцияларының мамандалынуы бойынша классификациясы:

Пассажирлік темір жол станциясы - пассажирлік поездардын жүруі мен жолаушыларға қызымет көрсетуге арналған станция.

Жүк темір жол станциясы - жүк вагондарымен коммерциялық операцияларды жүзеге асыруға арналған станция.

Техникалық темір жол станциясы - пассажирлік, жүк поездарды техникалық қызыметпен қамтамасыз етуге арналған станция түрі. Жүк станцияларына пассажирлік және жүк қызыметтермен өзге қызымет көрсететін барлық станциялар түрі жатқызылады.

Аралық станция - поездарды қалыптастыру, вагондарды қосу, эшелондарды жіберуге мамандалған станция түрі.

Мемлекетаралық станция - мемлекетаралық коммерциялық және коммерциялық емес пассажирлік-жүк операцияларын жүзеге асыруға арналған жоғары деңгейдегі техникалық және персоналға ие станция.

Темір жол станциясының қызметі келесі құжаттармен реттеледі: Темір жолдарының Жарлығы, Темір жол станциясы жағдайы жөнінен, ПТЭ, ПДП, ИСИ, тасымалдау жоспары, поездардын жүру кестесі және оларды құру, поездарды қолданудың техникалық нормалары және станция қызыметінің техникалық процесі.

Темір жолдарының Жарлығы станция қызыметінің негізгі принциптерін айқындайды, басшылар мен өзге қызмектерлердің міндеттерін белгілейді. Жарғы алты бөлімнен тұрады: 1) станцияның статусы мен классификациясы, операцияларды жүргізу үшін станцияның ашылуы мен жабылу тәртібі; 2) станция орындайтын операциялар; 3) станцияның өндірістік-шаруашылық қызыметіне қойылатын талаптар; 4) станциялық ғымараттар мен қондырғыларды жөндеу бойынша әр түрлі станциялық құрылымдардың міндеттері; 5) станцияны қаржыландыру; 6) станция басшысының міндеттері мен құқықтары. Темір жолдар Жарлығын Көлік және коммуникация министрі белгілейді.

Станцияның тенхникалық акт поездар жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық талаптарын белгілейді. Ол төрт бөлімнен тұрады: 1) станция туралы жалпы мәлімет; 2) поездарды қабылдау мен жіберу тәртібі; 3) жылжымалы (маневренная) жұмысты ұйымдастыру жөнінен; 4) техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Техникалық акт станцияның техникалық қызыметін толығымен сипаттау керек. Темір жол желілер ұзындығы, локомотивтерді жабдықтаудың талаптары, бригадалардың жүк және пассажирлік поездарды қызыметпен қамтудың тәртібі т. с. с. Техникалық акт белгілейді.

Станцияның технологиялық процессі келесіден тұрады:

1) Станцияның техникалық сипаттамасы;

2) Жедел жоспарлау және басқару;

3) Жұмысты диспетчерлік басқару;

4) Поездарды құру және тарату жөнінен;

5) Транзиттік поездарды техникалық қамтамасыз ету;

6) Вагондармен жұмыс істеудің тәртібі;

7) Қысқы жағдайларды жұмыс істеу ерекшелігі.

1. 2 Автоматтандырылған жұмыс орнын құру

Автоматтандырылған жұмыс орны дегеніміз - жұмыс істеуші адамның компьютерлік желі қызметіне араласуын үйымдастыратын қосымша аспаптармен жабдықталған автоматтандырылған жұмыс орны; техникалық құралдардың тиісті кешенімен жарақтандырылған және тиісті программалық, ақпараттық жасақтамамен жабдықталған дара жұмыс орны. Құрамына жұмыс істеуші адамның есептеу желісі қызметіне араласуын ұйымдастыратын қосымша аспаптар кіреді.

Маманның автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) - бұл басқарушылық жұмыстың қарқындауы мен ұтымды етудің құралы.

Кәсіптік автоматтандырылған жұмыс орны - бұл жергілікті желілерде жұмыс станцияларының, үлкен интеллектуалды ЭЕМ терминалдарының, автономды жұмыс орнын қызметін атқаратын адамның ақпараттық жүйелермен қарым - қатынасының басты құралы. АЖО жеңіл бейімделеді және ашық құрылымды болады. АЖО нақты пәндік салаға мәселелі - кәсіптік бағытталып, маманның автоматтандырылған ақпараттық жүйелермен қарым - қатынасы болып табылады. Егер басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының алатын болсақ, басқарушы жұмыскердің АЖО орта және жедел деңгейлерін, АЖО жетекшісін шартты түрде айырып алуға болады. Маманның автоматтандырылған жұмыс орны:

  • Қарапайымдылықты, қолданушыға ыңғайлы және достық қарым - қатынасты;
  • Қолданушының нақты функцияларына қарапайым бейімделуді;
  • Орналастырудың ықшамдылығы және пайдалану шарттарына шағын талаптарды;
  • Жасампаздықты және үлкен сенімділікті;
  • Техникалық қызмет көрсетудің салыстырмалы қарапайым ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

Автоматтандырылған жұмыс орнының жұмыс режимінің тиімділігі болып оның жергілікті есептеуіш желі шеңберінде жұмыс жасауы. Маманның автоматтандырылған жұмыс орнының құрылуы байланыс желілерімен жіберуге және шығаруға, нәтижелі ақпараттартың нақтылығын анықтауға, ақпаратты өңдеуге, бақылау жасауға, мәліметтер енгізуге ыңғайлы, ағымдағы тапсырмаларды жедел шешетін, қолданушыға диалогті режимде жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Автоматтандырлыған жұмыс орнын ақпараттық қамтамасыз ету мына жағдайларда тиімді:

  • Басқару нәтижесінде уақытты үнемдеуге және объекттерді басқару жағдайлары туралы нақты ақпаратты жедел түрде алуда басқару үрдісінің тиімділігін көтеруде;
  • Шығармашылық еңбек үшін ақпаратты жинау және әртүрлі есептерді құру бойынша кері тартпалыққа негізделген еңбектен барлық деңгейдегі басқару органдарын жұмысын жеңілдетуге;
  • Қағаз түріндегі құжатайналымды қысқартып, қағазсыз іс жүргізуге көшуге;
  • Iс қағаздарын жүргiзудiң стандартизациясында;
  • Түрлі бағыттағы мониторинг зерттеулерін жүргізуге.
  • Әрбір маманның автоматтандырылған жұмыс орны нақты тапсырмалар тізіміне жауап береді.

Автоматтандырылған жұмыс орны шарттарында есепті ұйымдастыру технологиясы үш қадамнан тұрады:

  • Ақпаратты дайындау және оны өңдеу ;
  • Қор түрлері бойынша бақылау, саралау және оны тексеру есептерде есептік ақпараттарды жинақтау және жүйеге келтіру;
  • Кәсіпорынды басқаруда алдағы уақытта қолдану үшін ақпаратты қалыптастыру.

Кәсіпорынды басқару үрдісінде жедел, тактикалық және стратегиялық басқарушылық шешімдерде қолданылады. Осы мақсатпен басқару үш деңгейге бөлінеді. Бірінші деңгейде құрылымдық бөлімшелермен жедел басқару жүзеге асырылады (цех, дүкен, бөлімше) . Бұл деңгейде ақпараттың пайда болу орнында басқару есептерін қабылдау үшін ақпараттың есебі және бейнесін өңдеуді жүзеге асыратын алғашқы деректер қалыптасады (АЖО I категориясы) . АЖО I категориясы аудиторлық тапсырмаларды қажетті есептерді шешу үшін оның пайда болу орнында (цех, дүкен, бөлімше) тікелей алғашқы деректерді дайындау және қалыптандыру үшін қажет. Тапсырмаларды шешу үрдісінде кәсіпорындар, цехтар, бөлімшелерде және басқа өндірістік бірліктерді сонымен қатар әрбір жұмыс орнында ауытқуды айқындайды. Ақпаратты басқарудың екінші деңгейінде ішкі тексеру және бақылау орындалады, есеп телімдерімен, тапсырмалар кешенімен қорытындыланады және жүйеге келтіріледі. Бұл деңгейде тапсырмалар кешенімен (АЖО II категориясы) нақты басқару тапсырмаларын шешу үшін ақпарат бейімделеді және қалыптасады. АЖО II категориясында есеп бөлімшелері бойынша (тапсырмалар кешені) шартты жұмыстан ауытқуды тауып, аналитикалық және аудиторлық есептер шешіліп және алғашқы ақпараттың шығуын бақылау жүзеге асырылады. Бұл деңгейде алынған ақпарат аналитикалық және жинақтамалы есептер мәліметтер бойынша автоматты тексеру жүзеге асырылады, сонымен қатар алынған ақпарат нақтылыққа логикалық бақылау жатады. Сонымен қатар АЖО II категориясында бөлек тапсырмалар кешенінен басқару есептерін қабылдау, тексеруді жүргізу, есеп үрдістерін модельдеу жүзеге асырылады. Үшінші деңгейде кәсіпорынның қаржылық шаруашылық әрекеттерін тексеру және сараптау, бақылау, келтірілген мәліметтерді қалыптастыру жүзеге асырылады. Бұл басқару деңгейінде болашақтағы жоспарлар мен олардың орындалуын жетілдіріп, ішкі саясатын анықтап, кәсіпорынды толықтай басқару жүзеге асырылады.

Автоматтандырылған жұмыс орнының негізгі міндеті - басқарушы қызметкерлер құрамын техника және технологиялардың жаңа құрылғыларымен қамтамасыз ету болып табылады.

Автоматтандырылған жұмыс орнының қорында орналасатын немесе орталық мәліметтер қорына жиналатын, мәліметтерге жедел енетін және қолданушылардың диалогті ақпараттық өзара әрекеттестігін автоматты диалогті басқарудың негізгі функцияларын орындайтыны туралы сөз болып тұр.

Автоматтандырылған жұмыс орнын ұйымдастыру басқару міндеттерінің орындалуының техникасын және әдісін өзгертеді. Мәліметтердің көптерезелі түрде ұсыну, графиктер және диаграммалар, кестелер және электронды тізімдер - мәліметтерді көрсетудің жаңа әдісін қолдану арқылы экрандық диалогтi жүргiзудің жаңа технологиялық операциялары пайда болды.

Автоматтандырылған жұмыс орны есептер шешу үшін қолданылатын күрделі тапсырмаларды ақпараттық қолдауды қалыптастыруды қамтамасыз ететін есептік тапсырмаларды шешуді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Сонымен, автоматтандырылған жұмыс орны бұл - кәсіби бағытталған жұмыс орнында орындалатын маманның міндетін автоматтау үшін арналған техникалық, ақпараттық және бағдарламалық құралдар жиынтығы.

1. 3 Дербес компьютер (ДК) негізіндегі АЖО нұсқаларын таңдау

Автоматтанған жұмыс орны (АЖО) не болмаса шетел терминологиясында «жұмыс станциясы» кез-келген мамандықты пайдаланушы маманның жұмыс орны, бұл жер тұлға мен арнайы қызметті орындауды автоматтандырылған түрде жүзеге асыруға арналған құралдар мен қамтамасыз етілді. Ондай құралдар, негізінен ДК болады, ол қажет етілген жағдай да басқа қосымша электрондық құрылғылармен қамсыздандырылады: дискілік сақтағыштар, басып шығару құрылғылары, оптикалық оқу құрылғылары немесе штрихтік кодты санағыштар, графикалық құрылғылары, басқа АЖО және локальді есептегіш желілерімен байланысқан құралдар және т. б.

АЖО негізінен есептегіш техниканы пайдалану бойынша арнайы дайындығы жоқ пайдаланушыға бағытталған. АЖО-ның маңызды белгіленуі жұмыс орнында мәліметті орталықтанбаған өңдеушілігін, АЖО және ДК локальдік желіге ал кейде қуатты ЭЕМ-мі бар есептегіш желілерге бірдей уақыт ішінде ену мүмкінлігі кезінде «өзінің» тиісті мәліметтер қорын пайдаланушылығын есептеуге болады.

Қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындарда, мысалға ауыл шаруашылығын басқарудың таратылған жүйе концепциясы жасалуда. Оларда иерархияның әртүрлі деңгейлерінде мәліметтің локальді және көп жағынан аяқталған өңдеушілігі көзделеді. Бұл жүйелерде төменнен жоғарыға мәліметті жоғары деңгейде қажет етілгендерін жіберу ұйымдастырылады. Сонымен қатар мәліметті өңдеу нәтижелерірің маңызды бөлігі және бастапқы мәліметтер мәліметтің локальдік банктерінде сақталу керек.

Таратылған басқару ойларын жүзеге асыру үшін басқарудың әрбір деңгейіне және әрбір пәндік облысқа маманданған персоналды компьютер негізінде автоматтанған жұмыс орнын құру талап етілді. Мысалы, экономика саласында осындай АЖО да процесстерді жоспарлауға мысалдауға және оптимизациялауға, әртүрлі мәліметтік жүйеде және шешімдердің әртүрлі сәйкестігі үшін шешімдерді қабылдауға болады. Басқаруды әрбір объектісі үшін оларға сәйкес келетін АЖО-ны қарастыру керек. Бірақ кез-келген АЖО-ны құру ұстанымдары жалпы болу керек:

  • Жүйелік;
  • Икемділік
  • Тұрақтылық;
  • Нәтижелілік.

АЖО қызметі күткен нәтижені қызметті дұрыс таратылуы кезінде және ұйтқысы компьютер болып табылатын мәліметті өңдеудің машиналық құрылымы мен адам арасындағы қысымы кезінде бере алады.

Қазіргі уақытта осындай «гибридті» интеллектіні құру өте үлкен мәселе. Бірақ АЖО-ны ұйымдастыру мен қызметі кезіндегі осы енгізілімнің таратылымы жақсы нәтижелерді әкеле алады. АЖО тек еңбек өнімділігін және басқару нәтижелілігінің өсу құралы ғана емес, сондай-ақ мамандардың сайлануы ыңғайлылық құралы да болады. Осы жерде адам АЖО жүйесінде басқарушы буын болып қала береді.

Сонымен қатар бұл жерде АЖО-ның кез-келген мамандығына оның жасалу кезінде қамтамасыз етілуі тиіс жалпы талаптар тізімін беруге болады, ал нақты айтсақ:

  • Мәліметті өңдеудің тікелей құралдардың бар болуы;
  • Диалогты режимде жұмыс істеу мүмкіндігі;
  • Эргоэкономиканың негізгі талаптарын орындау; оператор, АЖО кешенінің элементтері мен қоршаған орта арасындағы қызметті рационалды таратуды; жұмыс істеуге жағдайлар жасау; АЖО құрамының ыңғайлылығы; адам - операторының психологиялық факторларын ескеру; АЖО формалары мен элемент түстерінің жағымдылығы және т. б.
  • АЖО жүйесінде жұмыс жасайтын ДК жоғары өнімділігі мен сенімділігі;
  • Шешілген мәселелер санатына программалық қамсыздандырудың парапарлығы;
  • Күрделі процесстердің максимальді автоматты деңгейі;
  • Мамандарды АЖО операторлары ретіндегі өзін-өзі қамтамасыз етуіне ыңғайлы талаптары;
  • АЖО-ны жұмыс құралы ретінде пайдаланатын маманның максимальді жайлылығын және қамсыздығын қамтамасыз ететін басқа факторлар.

АЖО-ның ұйымдастырушылық қамтамасызданудың мақсаты олардың қызметін ұйымдастыру, дамыту, кадрді даярлау және әкімшіліктендіру. Соңғысына жұмысты жоспарлау, жіктеу, бақылау, талдау, реттеу, АЖО-ны пайдаланушының құқықтары мен міндеттерін құжатты түрде рәсімдеу.

Егер АЖО құрылғысы өте қиын болса, ол пайдаланушы да арнайы дағдысы болмаса, онда пайдаланушыны оның негізгі автоматтанған жұмыс орнына бірте-бірте енгізе алатын арнайы оқу құралдарын қолдану мүмкін. АЖО қызметін жүзеге асырғанда (бұл оның функционалдануы деген сөз) ағымдағы қызметінің мақсатын, мәліметтік қажеттілігін, оның тарату процесстерін бейнелейтін әртүрлі шараларын анықтау тәсілдері қажет.

АЖО-ны жоспарлау тәсілдері оның қызмет ету тәсілдерімен байланыса алмайды, өйткені АЖО-ның қызметінің дамуы пайдаланушылардың өзі мен оның даму мүмкіндігін көздейді. АЖО-ның тілдік құралдары ақырғы (соңғы) пайдаланушы көз қарасы жағынан тәсілдік құралдарын тарату болып табылады, ол бағдарламалықтар пайдаланушының тілдік құралдарын таратуды және ақырғы пайдаланушыға барлық қажет етілген әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталығы
Есік-терезе жасау цехының тапсырыс қабылдау жұмысын автоматтандыру
Арнайы құжатнаманың каталогтары
Пәндік ақпараттарды сипаттау және мәліметтер қорының құрылымын дайындау туралы
Шығыс Қазақстан облысының экологиялық жағдайы
Delphi ортасында мәліметтер қорын құру
Архивтік каталогтордың түрлері, тізімдеме, жөнсілтердің атқаратын қызметі және оларға байланысты үлгілер дайындау
Пәндік ақпараттарды сипаттау және мәліметтер қорының құрылымын дайындау
Қазақстан Республикасының әлеуметтік салымдары және зейнетақы төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Экономикалық ақпараттық жүйе түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz