Ауыл шаруашылық биржасының мобильді қосымшасын әзірлеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» Ке АҚ

«Қорғауға жіберілсін»

«Автоматика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі

(кафедра атауы)
:
: Золотов А. Д.
(кафедра атауы):
: (Т. А. Ә, қолы)
: (күні)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
«Ауыл шаруашылық биржасының мобильді қосымшасын әзірлеу»
Тақырыбы:: (тақырыптың атауы)
Тақырыбы:: 5В070300 - «Ақпараттық жүйелер»
«Ауыл шаруашылық биржасының мобильді қосымшасын әзірлеу»:
Тақырыбы:: (мамандықтың атауы)
«Ауыл шаруашылық биржасының мобильді қосымшасын әзірлеу»:
Орындаған
Бакенова Камила Сериковна
Орындаған:
Бакенова Камила Сериковна: (аты-жөні)
Орындаған:
Бакенова Камила Сериковна:
Орындаған: Ғылыми жетекші
Бакенова Камила Сериковна: Какимов Айтбек Калиевич
Орындаған:
Бакенова Камила Сериковна: (аты-жөні)
Орындаған:
Бакенова Камила Сериковна:
Орындаған: Нормоконтролер
Бакенова Камила Сериковна:
Орындаған:
Бакенова Камила Сериковна: (аты-жөні)

Семей

2021

Мазмұны

Кіріспе4

1 Ауыл шаруашылығы саласын дамытудың теориялық негіздері6

1. 1 Ауыл шаруашылығы саласының экономикадағы алатын орны және оны дамытудың мәні6

1. 2 Ауыл шаруашылығы саласының кластерлік дамуын талдау8

1. 3 Ауыл шаруашылық биржасының сипаттамасы11

1. 4 Ауыл шаруашылық биржасының құрылысы11

1. 5 Ауыл шаруашылық биржасының мобильді қосымшасын нысанды және функционалды модельдеу13

2 Ауыл шаруашылық биржасының мобильді қосымшасын әзірлеу20

2. 1 Мобильді қосымшаға қойылатын техникалық және бағдарламалық талаптар20

2. 2 Мобильді қосымшаларды жобалау мен құрастырудың негізгі қағидалары22

2. 3 Ауыл шаруашылық биржасының мобильді қосымшасын құру құралдары23

2. 4 Ауыл шаруашылық биржасының деректер базасын жобалау27

2. 5 Ауыл шаруашылық биржасының мобильді қосымшасының сызбасы32

2. 6 Ауыл шаруашылық биржасына арналған мобильді қосымша33

3 Ақпараттық-аналитикалық жүйені ендірудің экономикалық тиімділігін есептеу44

3. 1 Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі44

3. 2 Бағдарламалық өнімнің тиімділік көрсеткіштері47

3. 3 Бағдарламалық өнімнің тиімділік көрсеткіштерін есептеу53

Қорытынды61

Қолданылған әдебиеттер тізімі62

Қосымша А64

Қосымша В65

Кіріспе

Елімізде ауыл шаруашылығы саласын дамыту Қазақстан Республикасының тиімділігі жоғары ұлттық экономикасын қалыптастыруға үлкен үлес қосуда. Әлемнің дамыған елдерінде ауыл шаруашылығы көбінесе экономикалық өсу серпінін, Ұлттық жалпы өнімнің құрылымы мен сапасын айқындайды. Ауыл шаруашылығы қоғамда орта топты қалыптастырудың негізгі іргетасы болып табылады және оның қызмет саласының ұлғаюы республикада айқын әлеуметтік жіктеудің әлсіреуіне әкеп соғуы мүмкін.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы туралы тоқталып, оны дамыту бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі екендігін атап өтті: « . . . біздің ауыл шаруашылықты дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз бизнес орта бастамасын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек» [1] .

Қазақстан Республикасында интернет арқылы дамыту мен шетел өндірушілерін қабылдау үшін үлкен әлеуетке ие болуымен байланысты. Ол қажет ететін барлық нәрсе - кең аумақ, ауылшаруашылық өнімдері мен ауылшаруашылық техникалық құралдары.

«АгроБиржа» - интернет арқылы тауарларды сату менсатып алу қызметтерін көрсетудің ыңғайлы жүйесі, сонымен қатар үлкен көлемдегі ақпараттарды орналастыру мен оперативті түрде тауарлардың түр түрін жаңартуға, жұмыс үдерісін қадағалауға мүмкіндік береді.

Бүгінде бүкіл әлем бойынша ауылшаруашылық өндірушілердің 70% -дан астамы ауылшаруашылық мақсатындамобильді қосымшалардықолданады. Көп ұзамай осы адамдардың көпшілігі өз қалауы бойынша өзгереді және мобильді қосымшаларды пайдалана бастайды. Мобильді қосымшалар біздің елде және жалпы әлемде пайдаланылғандықтан, мобильді қосымшалар өмірді жеңілдетеді. Мобильді қосымшалар көмегімен өнімдерге тапсырыс беруге, сатып алуға және т. б. болады.

Дипломдық жобаның зерттеу обьектісі Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық өнімдері болып табылады.

Дипломдық жобаның зерттеу пәні Шығыс Қазақстан облысының ауылшаруашылық өнімдерінің орындары болып табылады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері. Дипломдық жобаның теориялық және әдістемелік мәселесінде отандық және шетелдік ғалым - зкономистердің ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасының заңдары, Үкіметтің нормативтік - құқықтық актілері негізге алынды.

Дипломдық жобаның мақсатыауыл шаруашылық биржасының мобильді қосымшасын әзірлеу.

Дипломдық жобаның мақсатына жету үшін келесі зерттеу міндеттері қойылды:

- ауыл шаруашылығы саласын дамытудың теориялық негіздерін сипаттау;

- ауыл шаруашылығы саласының кластерлік дамуын талдау;

- ауыл шаруашылық биржасының сипаттамасын және құрылысын анықтау;

- ауыл шаруашылық биржасынаарналған қосымшанынысанды және функционалдымодельдеу;

- ауыл шаруашылық биржасынаарналған қосымшасының деректер базасын жобалау;

- Android операциялық жүйесіне арналған қосымшаны әзірлеудің ерекшеліктері мен құрал-жабдықтарын, оның архиткетурасын зерттеу;

- жасалған қосымшаны тестілеуден өткізу;

- Android операциялық жүйенегізіндегі мобильді қосымшаны әзірлеу.

Ұсынылған дипломдық жобаны құру барысындаPHP, JAVA бағдарламалау тілдеріжәнеMySQL деректер қоры мен Android операциялық жүйе негізіндеAndroid Studio таңдалды.

1 Ауыл шаруашылығы саласын дамытудың теориялық негіздері 1. 1 Ауыл шаруашылығы саласының экономикадағы алатын орны және оны дамытудың мәні

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елде берік орынға қол жеткізу жөніндегі стратегиялық міндеттерін орындау үшін әлемдік экономиканың өсуінен тұрақты асып түсетін экономикалық даму қажет. Елдің өзіндік деңгейі жоғары мемлекет ретінде танылуы оның әлеуметтік - экономикалық дамуының, халықтың әл-ауқатын, өмір сүру жағдайларын жақсартудың негізі болып табылады.

Ауыл шаруашылығы нарықтық қатынастар үнемі жүргізілетін орта. Ауыл шаруашылығы экономиканың өтпелі кезеңінде, ең алдымен, нарықты тауармен өсіруге және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Тұтастай алғанда, бизнес экономикада нақты белсенді, бәсекелі ортаны қалыптастырып қана қоймай, оның мемлекеттің экономикалық дамуындағы тұрақтылығы индикаторының есептік ортасын қалыптастырады. Ауыл шаруашылығының әлеуметтік міндеттеріне халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге сенімді қарау мүмкіндігін арттыру жатады.

Қазақстанда бүгінгі күні ауыл шаруашылығы тап болған қиындықтарға қарамастан, экономиканың қарқынды дамып келе жатқан бөлігіне айналуда. Ең бастысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін шағын кәсіпкерлер саны өсуде. Өсу жоғары емес, алайда өсу бар.

Ауыл шаруашылығы, әсіресе агроөнеркәсіптік өндіріс саласында дамуы тиіс. Қазіргі уақытта агроөнеркәсіп интеграциясы жүйесінде шағын кәсіпорындар осы мәселені шешу үшін жақсы мүмкіндіктерге ие. «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені мен ауыл селоларды дамытудың басты бағыттары туралы» бағдарламада: «Агроөнеркәсіптік кешен құрамына шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар, өндірістік және тұтыну кооперативтері, ұйымдар, сондай-ақ шикізатты қайта өңдеуді, олардан алынған өнімді сақтауды және сатуды қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруашылық объектілері кіреді», - деп атап көрсетілген.

Нарықтық экономикаға көшуге байланысты шаруашылықтардың көптеген жаңа түрлері пайда болды. Мемлекеттік және кооперативтік меншік нысандарының қатарына көптеген жаңа түрлер кірді. Олардың ішінде жеке меншікке негізделген шаруа қожалықтары өз салмағына ие [2-4] .

Айта кету керек, Республикада ауыл шаруашылығын дамыту жолындағы көптеген кедергілер жойылып жатыр. Алайда, ауыл шаруашылығын дамыту үшін әлі де күрделі мәселелер бар. Бүгінгі негізгі мәселелер:

-несие алу мүмкіндіктерінің шектеулілігі;

- ауыл шаруашылығын қорғау, қолдау жөніндегі заңдылық базаның әлі де қалыптаспауы;

- ауыл шаруашылығын қолдау және қорғау инфрақұрылымының әлсіздігі;

- несиенің қысқа мерзімге ғана берілуі және несиені өтеу пайызының жоғары болуы;

- несие беру құжаттарын толтырудың тым қиындығы.

Нарықтық қатынастарды дамыту бағыты өнімнің әрбір түрін өндіруді басқа кәсіпорындарға беру жолымен халық шаруашылығын монополиясыздандыру бағдарламаларын іске асыруды көздейді. Осы тұрғыдан алғанда, ауыл шаруашылығы қызметін өз өнімдерін неғұрлым тез игеретін және жаңартатын бизнес ретінде кеңінен пайдалану көзделіп отыр.

Қазақстан Республикасының Салық кодексінде шағын кәсіпорындардың қызметін салықтық реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған белгілі бір ілгерілеу шаралары көзделген. Ұйымдық - құқықтық нысанына кіріс деңгейіне қарай ауыл шаруашылығы субъектілеріне салық салудың жеңілдетілген режимін беруге сараланған көзқарас, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшінерекшережим енгізу олардың ішіндегі маңыздысы болып табылады [5-7] .

Агроөнеркәсіптік кешенде қазір қалыптасып отырған астық, сүт, ет өңдейтін кластерлерді бөліп көрсетуге болады. Тоқыма өнеркәсібінде мақтаны, жүнді қайта өңдеу жөніндегі кластерлерді дамыту көзделеді. Бұдан басқа, мұнда тігін бұйымдары, тері өңдеу және аяқ киім өндірісі бойынша кластерлер дамитын болады.

Республиканың солтүстік-шығыс өңірінде негізінен сүт, астық және ет кластерлері дамуда. Мақта, ет, сүт және жеміс-көкөніс кластерлері елдің оңтүстік өңірлерінде құрылады.

Астана, Алматы сияқты ірі қалаларда, сондай-ақ облыс орталықтарында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және дайын тамақ өнімдерін өндіру бойынша ірі агроөнеркәсіптік фирмалар бар. Сондай-ақ оларда ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-өндірістік орталықтар, жобалық нұсқаушылық ұйымдар, ғылыми кадрларды даярлау жөніндегі оқу орындары, ірі қаржы мекемелері шоғырланған. [8-11] .

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру өте өзекті болып табылады. Қазақстандық бидай сыртқы нарықта бағасы мен сапасы бойынша бәсекеге қабілетті болып саналады.

Қазақстан Республикасы ірі аграрлық әлеуетке ие. Мұндай позиция әлемдік аграрлық нарықта 1-ден 35-ке дейін орын алады, оның 11-і бірінші ондыққа кіреді. Астық, ет және сүт өнімдері бойынша ірі аграрлық ел деп аграрлық ел танылады. Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуда астық өндірісі ең дамыған сала болып табылады. Республикада барлық егіс көлемінің 90% - ы дәнді дақылдарға тиесілі, оның ішінде бидайдың егістік алаңы 82-89% құрайды [12-14] .

1. 2 Ауыл шаруашылығы саласының кластерлік дамуын талдау

Ауыл шаруашылығы кластері деп ірі, шағын және орта компаниялардың мамандандырылған топтарын құрған, қазіргі заманғы экономикалық ғылым, географиялық белгілер бойынша шоғырланған және өзара байланысты, шикізат, материалдар, тауарлар мен қызметтер ұсынатын, сондай-ақ салалардың қызметімен байланысты ұйымдар түсініледі.

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде келесі кластерлер дами алады: сүтті қайта өңдеу, астықты қайта өңдеу, етті қайта өңдеу бойынша кластерлер. Кластердегі өнім арасындағы байланыстар серпіні Шығыс Қазақстан облысында, Алматы облысында және Алматы қаласында және Қостанай облыстарында күшейіп келеді, оларда ірі қара малдың айтарлықтай саны шоғырланған және сүт өндіру мен қайта өңдеуге маманданған.

1. 2. 1 Сүт өндіру жөніндегі кластер. Бұл кластер бойынша статистикалық деректер сала аралық балансқа сәйкес ілеспелі өндірістердің қазіргі жағдайы энергетика салаларымен өзара байланысының күшеюімен сипатталады. Сүт өндіру жөніндегі кластердің өндірістері сурет 1-де көрсетілген.

Сурет 1. Сүт өндіру жөніндегі кластердің өндірістері

Келтірілген суреттен суретті өңдеуді тереңдете түсудің сүт өнімдерінің жаңа түрлерін игерудің (ауыл шаруашылық шикізатын толығырақ пайдалану,

өндірістік қуаттарды пайдаланудың деңгейіне көтеру, халыққа ұзақ мерзімге сақталатын сүт өнімдерімен қамтамасыз ету және мақсатына жаңа өндірістерді орналастырудың) күн талабына сай екендігін көруге болады.

Кластерді қалыптастыруды оңтайландыру сүт өнімдерінің импортын төмендетугеықпал ететін болады. Инновациялық инфрақұрылымды құру маңызды міндет болып табылады[15-17] .

1. 2. 2 Ет өндіру жөніндегі кластер. Ет тамақтың маңызды балансы болып танылатынын еске ала отырып, осы нарықтың күйін және осы секторда кластердің қалыптасу болашағын тым толығырақ қарап көрейік. Етті қайта өңдеу кәсіпорындары бұл мал соятын жерлер, шұжық және консерві өндірістері, жанама өнімдерді қайта өңдеу жөніндегі цехтар. Етті қайта өңдеу кластерінің үлгісі суретте 2-декөрсетілген.

Сурет 2. Етті қайта өңдеу кластерінің үлгісі

Қазіргі уақытта, Қазақстанның етөңдейтін кәсіпорындарының басым бөлігі, ең жиі кездесетін қалаларда орналасқан, шағын шұжық өндірістерінентұрады.

Соңғы он жыл ішіндеРеспубликадағы ет консерві кәсіпорындарының саны күрт қысқарды. Бұл жағдайға көптеген себепкер шарттар әсер етті. Семей, Петротавл, Алматы консерві зауыттары сияқты алыптардың шикізатқа деген мұқтаждықтарын ішкі ресурстар есебінде қамтамасыз ету мүмкін емес еді, ал сырттан ет жіберу қиынға соқты. қазірдеконсервілеу жабдықтарының көптеген бөліктері іске қосылмаған, олардың тозу деңгейлері өте жоғары және соның нәтижесінде ет консервілерінің 90% көбі Қазақстанға Ресейден және басқа елдерден тасып жеткізіледі. Ет кластерін дамыту мүмкіндіктері мынадай себептергеықпал етеді: етті қайта өңдеуге арналған барлық бос қуаттар, сондай-ақ өнімді тәжірибелік арналарды дамыту жүйелері, етті қайта өңдеуге арналған барлық бос қуаттар, сондай-ақ өнімді тәжірибелік арналарды дамыту, ет өндіру және етті қайта өңдеуді ұйымдастыру жүйелері. Бұған елдің географиялық орналасуы, табиғи жайылымдардың үлкен алқаптарын пайдалану ықпал етеді. [18] .

Ет саласының тежелген дамуы таяудағы перспективада да сақталады, өйткені ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында мал басы аз, ал өнім мен жемшөп бірлігіне жұмсалатын шығындар төмендеген кезде, ет өндіру көлемінің артуы және өнім сапасының жақсаруы, тек орта және ірі тауарлы фермалардың және мал шаруашылығы кешендерінің ғана болуы мүмкін.

Етті қайта өңдеу кластері жоғарыда аталған мәселелерді шешу кезінде ғана республикада бар мүмкіндіктерді неғұрлым толық пайдаланған кезде ғана тиімді әрекет етеді.

1. 2. 3 Астық өндіру жөніндегі кластер. Қазіргі кезде Республикада дәнді дақылдар жөніндегі кәсіпорындар бар. Негізгі қорлардың тозу деңгейі 26, 1%.

Қазақстанның сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі астықтың жақсы сапасына, ал өз кезегінде одан өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне байланысты. Астықты қайта өңдеу бойынша кластер өндірісі кеңінен қолданылады. Мұнда астық кластерінде өндіруге болатын жаңа өнімдерді өңдеуге болады. Олар: тез дайындалатын концентраттар, ұн, ұн өнімдері, кондитерлік өнімдер, макарондар, балалар және диеталық өнімдер, олардан көтерме фирмалар, дүкендер мен астық экспортқа жіберіледі [19, 20] .

Астықкластерін қалыптастыра қалған жағдайда, барлық салаларға қатысты мынадай жалпы көкейкесті мәселелер орын алады:

- кластерге қатысушылардың өзара іс-әрекеттерінің нашарлығы;

- негізгі қорлардың жоғары дәрежедегі тозуы;

- жаңа үнемелі технологияны енгізу үшін өзіндік қаражаттарының жетіспеушілігі;

- өндірістік қуаттың жұмыс көптілігінің толық еместігі;

- ауыл шаруашылық технологиясымен төменгі деңгейдегі қамтамасыз етілуі;

- шикізаттың терең өңделуінің жоқтығы.

Астықкластері ірі қалаларға жақын орналасқан елді мекендерге де дамуы мүмкін, оларда астық өңделгенде табыстылығы төмен өнімдер өндіру жөніндегі кәсіпорындар орналасуы саналы түрде шартты нәрсе [21-23] .

Кластерлік дамудың өзектілігі республикадағы еттің, астықтың, сүттің тауарлық ресурстарының жалпы көлемінде, кластерлерді өнеркәсіптік қайта өңдеу үлесін арттыра отырып, етті, астықты, сүтті қайта өңдеуді тереңдетуде, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жаңа түрлерін игерумен (ауыл шаруашылығы шикізатын неғұрлым толық пайдалану мақсатында жаңа өндірістерді орналастыру, ауыл шаруашылығы өнімін ұзақ мерзімді сақтау өндірісін құру) айқындалған.

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, яғни жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында бар мүмкіндіктерді барынша толық пайдаланған жағдайда ғана, жоғарыда аталған мәселелерді шешу кезінде ғана етті қайта өңдеу, сүтті қайта өңдеу, астықты қайта өңдеу кластерлері тиімді жұмыс істейтін болады[24, 25] .

1. 3 Ауыл шаруашылық биржасының сипаттамасы

Бүгінгі күні интернетте ауыл шаруашылық өнімдерін сатуға және сатып алуға қол жетімді.

Ауыл шаруашылық өндірушілері өз өнімдерін алатын сатып алушыларды іздемейді, олар үнемі сатып алушылар туралы онлайн режимінде ақпарат ала алады.

«АгроБиржа» агроөнеркәсіптік спектрді өндіруге арналған түрлі ұсыныстарды орналастыруға мүмкіндік береді. Мобильді «АгроБиржа» қызметінің басты міндеттерінің бірі Қазақстандық ауылшаруашылық өнімдерінің аймақтық жеткізушілеріне ортақ нарыққа шығу болып табылады. Егер бұрын маусымдық өнімдерді арнайы демалыс күндерінде жәрмеңке өткізген болсақ, қазір мобильді «АгроБиржа» -ны онлайн режимінде аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат бойы сата алатындықтан, оларды ұйымдастыруға уақыт пен ақша жұмсаудың қажеті жоқ.

Мобильді қосымша қандай жерде болса да, іздеу жүйесі соншалықты қолайлы, жанында ауылшаруашылық өнімдерін сатып алушылар мен сатушыларды оңай таба алады. Белгілі бір өнімді іздеп жатса да, тек дерекқорда бар тауарларды қарап шыға алады.

Шаруашылықтар мен фермалар агробизнес туралы қаншалықты көбірек біледі, соншалықты жүзеге асыра алады. Көптеген компаниялар, әсіресе үлкендер, көптеген жылдар бойы тұрақты клиенттерге жеңілдіктер көрсететіні құпия емес. Агробизнестің пайда болуымен ауыл шаруашылығы өнімдері, олардың көкжиектері айтарлықтай кеңейеді.

1. 4 Ауыл шаруашылық биржасының құрылысы

Мобильді қосымша Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлерін сату және сатып алу үшін мыңдаған коммерциялық хабарландыруларды іздеуді ыңғайлы етеді. Ауыл шаруашылық биржасының құрылысы 4 бөлімнен тұрады:

- тіркеу;

- ауыл шаруашылық өнімдері;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау компаниялары;

- ауыл шаруашылық техникасын жөндеу.

«Тіркеу» бөлімі. Қосымшаны іске қосқанда тіркеу бөлімі ұсынылады, қосымшаға тіркелу арқылы пайдаланушы қажеттілігін қанағаттандыра алады. Көптеген компаниялар, әсіресе үлкендер, көптеген жылдар бойы тұрақты клиенттерге жеңілдіктер көрсететіні құпия емес. Агробизнестің пайда болуымен ауыл шаруашылығы өнімдері, олардың көкжиектері айтарлықтай кеңейеді. Ауыл шаруашылық биржасының құрылысы сурет 3-те көрсетілген.

Сурет 3. Ауыл шаруашылық биржасының құрылысы

Мекемеге барудың қажеті жоқ, өнімдерді өз бетімен тексеріп алады, мұның бәрін интернет арқылы жасауға болады, сатушыға хабарласуға болады. Сондықтан бүгінгі агробизнес - бұл «диванға қойылған дүкен», сондықтан онда сатып алуға керемет қолайлылықпен қол жеткізе алады.

«Ауыл шаруашылық өнімдері» бөлімі. Ауыл шаруашылық өнімдері құрамына ет және астық, май және тұқым, қант, ұн, шұжық, консервілер, кептірілген жемістер және тағы басқалар жатады.

Мал өсірушілер, өсімдік өсірушілер мен механизаторлар өз өнімдерін көтерме және бөлшек сауда ретінде тиімді сата алады. Сатып алушылар өз кезегінде ең үздік баға ұсыныстарын таңдай алады.

«Ауыл шаруашылық өнімдерін тасымалдау» бөлімі. «АгроБиржа» мобильді қосымшасы астық және майлы дақылдарды тасымалдау үшін жабдықталған тіркелген логистикалық компанияларды және жабдықтарды пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақстанның еуропалық бөлігінде еркін көлік қатынасы бар.

«Ауыл шаруашылық техникасын жөндеу» бөлімі. Ауыл шаруашылық техникасын жөндеу және техникалық қызмет көрсету машиналардың жұмыс қабілетін қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылады.

Ауылшаруашылық техникасын жөндеу негізгі және ағымдағы болып бөлінеді. Негізгі жөндеу жұмыстарына қозғалтқыш секілді тораптар мен құрылғылардың бұзылуын болдырмауға бағытталған. Ауыл шаруашылық техникасын ағымдағы жөндеу - бұл сүзгілерді, майларды және басқа да шығыс материалдарын ауыстыру. Қазақстанның ауыл шаруашылық техникасын жөндейтін ірі компаниялардың арасында: «КазАгро», «Спектр-Сервис», «ТехТрансСервис».

1. 5 Ауыл шаруашылық биржасының мобильді қосымшасын нысанды және функционалды модельдеу

1. 5. 1 Ауыл шаруашылық биржасынаарналған қосымшаныңпайдалану нұсқалары диаграммасы. Пайдалану нұсқаларының диаграммасы Use Case Diagram жүйенің қызмет етуінің бағытын жәнебұл жүйе не істеу керектігін сипаттайды.

Пайдалану нұсқалар диаграммасының мақсаты түпмәннің ішкі құрылымын ашпай, түпмәннің аяқталған аспектісін немесе қандай да бір түпмән әрекетінің үзіндісін анықтау болып абылады.

Ауылшаруашылық биржасынаарналған қосымшаны сипаттайтын бизнес-үдерістер:

- жеке кабинетпен жұмыс;

- тапсырыстар статистикасы;

- тіркеуден өту;

- парольді өзгерту;

- тауарды іздеу;

- тауарға тапсырыс беру;

- төлем түрін таңдау;

- санаттар бойынша іздеу;

- өндіруші бойынша іздеу;

- тауар туралы деректерді өзгерту;

- тауарды алып тастау;

- деректерді жүргізу;

- тауар қосу;

- жүйеге кіру;

- пайдаланушыларды басқару;

- тапсырыстарды басқару;

- тауарларды басқару.

Ауылшаруашылық биржасынаарналған қосымшанысипаттайтын актерлер:

- клиент;

- оператор.

Ауылшаруашылық биржасына арналған қосымшаныңпайдалану нұсқалары диаграммасы сурет 4-те көрсетілген.

C:\Users\Gulvira\Desktop\Диплом\1.png

Сурет 4. Ауылшаруашылық биржасына арналған қосымшаның пайдалану нұсқалары диаграммасы

Пайдалану нұсқасы актерлерге ұсынатын сервистерді сипаттау үшін қызмет атқарады. Пайдалану нұсқаларының диаграммасы оның құрамдас құрауыштарының мазмұнын немесе семантикасын ашатын түсініктеме мәтінімен толықтырылу мүмкін.

UML тілінде актерлер пайдалану нұсқаларының арасындағы қатынастардың бірнеше стандарттық түрлері бар:

Ассоциация қатынасы пайдаланудың жеке нұсқасында актерлердің өзгеше рөлін анықтау үшін қызмет етеді.

1. 5. 2Ауыл шаруашылық биржасынаарналған қосымшаныңқызмет диаграммасы. UML тілінде операцияларды орындау үдерістерін модельдеуде қызмет диаграммасы пайдаланады. Ауылшаруашылық биржасынаарналған қосымшаныңқызмет диаграммасысурет 5-те көрсетілген.

Сурет5. Ауылшаруашылық биржасынаарналған қосымшаныңқызмет диаграммасы

Онда қолданылатын графикалық нотацияда күйлерменауысулардың белгілелері кездеседі. Қызмет диаграммасы жобаланатын жүйенің қызметін модельдеу қажеттілігінен тұрады, оның күйін өзгерту үдерісін көрсету ғана емес, сонымен қатар жүйе орындайтын операцияларды алгоритімдік және логикалық жүзеге асырылу ерекшеліктерін реттеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мобильді қосымшалардың жіктелуі
Busfor автобусқа билет брондау мобильді қосымшасы
Мобильді қолданбаларды құру технологиялары
Android белсенділігінің өмірлік циклі
Павлодар қаласында бос уақыт өткізу мекемелері мобильді қосымшасын әзірлеу
БАҒДАРЛАМАНЫ ӘЗІРЛЕУ
Жаңалықтар мобильді қосымшасы
Мобильді қосымшаларды әзірлеу процесі
Мобильді қосымшаның архитектурасы
Тоғызқұмалақ ойынының жобасын жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz