WEB сайт жасауға арналған бағдарламалар



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
5
1.1 Жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамдағы рөлі
5
1.2 Зерттеу аймағының қызметіне сипаттама
8
1.2.1 Transporters компаниясының өндірістік-шаруашылық қызметтеріне сипаттама. Жүк тасымалдау
10
1.3 WEB сайт жасауға арналған бағдарламалар
12
2 Жобалық бөлім

2.1 Сайт жасау тәсілдері
12
2.1.1 Сайт жасау жұмыстары
17
2.2 MS Word редакторында сайт жасау
17
2.3 Сайтты арнайы программалар көмегімен құру
25
2.4 HTML тілі. Ұғымдар мен анықтамалар
33
2.5 Ақпараттық қамсыздандыру және интерфейсті жетілдіру
34
2.6 Бағдарламалық өнімді жүзеге асыру
36
3 ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
40
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК ЕСЕБІ
41
ҚОРТЫНДЫ
43
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
45
Қосымшалар

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бағдарлама бойынша Интернеттің ерекшеліктері, оны пайдаланудың маңызы мен қажеттігі, қазіргі қоғамдағы саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени рөлі мен мәні ашылуға тиіс. Семестр бойы Интернетке тән ерекшеліктер, даму кезеңдері, құрылымы, веб-сайттардың жанрлары мен пішіндері, веб-парақшаларды әзірлеу әдіс-тәсілдері, желідегі ақпараттың мазмұны мен безендірілуінің ішкі үйлесімділігі оқытылады.
Компьютерлік технологиялардың қарыштап даму нәтижесінде және оның базасында интернеттің пайда болуына қарай ақпараттанудың өзіне тән жаңа формасы дүниеге келді. Интернеттің қойнауы шексіз, алмағайып көлемдегі ақпараттарымен ерекшеленеді. Қазіргі кезде көптеген елдерде Интернетті қолдануды мемлекеттік реттеу туралы мәселе қарастырылуда. Мемлекет және қоғамның қазіргі даму кезеңінде Интернет саласындағы еліміздің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруде.
Адамзат өркениетінің даму сатысында бірнеше ақпараттық серпілістер болды. Олардың алғашқысы - жазу арқылы ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа жетуі.
Екіншісі - баспа ісінің пайда болуы. Үшінші серпіліс - электрдің пайда болу нәтижесінде қалыптасқан телефон, теледидар, радио секілді т.б. ақпарат тарату құралдарының дамуымен ерекшеленеді.
Ал, ХХ ғасырдың соңынан басталатын төртінші серпіліс - компьютерлік технологияның желілік технологиямен бірігуі нәтижесінде қалыптасып, ақпараттық - коммуникациялық технологиясы атанған жаңа ақпараттық серпіліс.
Бүгінде осы ақпараттық серпіліс дәуірді таңқаларлық өзгерістерге бастар негізгі күшке айналып келеді.
Қазірде бұл озық идея адамзат өркениетінің, ғылым мен білімнің
өрлеуіне, мемлекеттің қоғамдық - саяси құрылымын жетілуі мен оның тұрақты дамуына әсер ете отырып көптеген елдердің назарына ілікті. Идеяның негізгі тұғыры - желілік - ақпараттар технологиясы болып табылады. Және бүкіл әлемде ерекше қарқынмен дамып келеді. Себебі қазіргі таңда қоғам тұрмысындағы қажетті барша ресурстарды басқаруды ұйымдастыру мен азаматтардың рухани, мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз етуде құрлықаралық жүйе құрушы құрал болып отыр. Ал, бұл үрдісті әлем әлеуметтанушылары адамзат қоғамы өзінің даму жолында ақпараттық қоғам деп аталатын жаңа сатыға қадам басуы деп бағалауда. Бүгінде АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция, Германия, Дания, Финляндия, Оңтүтік Корея, Сингапур, Малайзия, Марокко, Маврикия, Эстония секілді т.б. көптеген елдер ақпараттық қоғамның негізін қалаудың көш басында келеді. Мәселен, АҚШ 1993 жылы ұлттық - ақпараттық инфрақұрылым қалыптастырудың жоспарын қабылдады, 1994 жылы шілдеде Еуропалық одақ комиссиясы Ақпараттық қоғамға - Еуропалық жол атты жоспарын бекітті, 1995 жылы Финляндия Ақпараттық қоғамға - финдік жол деп аталатын өз бағдарламасын әзірлесе, 1996 жылы ГФР Ақпараттық қоғамға германдық жол атты бағдарламасын қабылдады. Осылайша өткен ғасырдың 90 жылдары шенінде мұндай бағдарламалар барлық дамыған елдер мен дамушы елдерде қабылданды. Бұл бастамаларды мұнан ары кең ауқымда жалғастыру мақсатында Үлкен сегіздік елдері 2000 жылы әлемдік ақпараттық қоғам орнатудың Окинава хартиясын бекітті.
Бағдарламалардың басты мақсаты транспорттық тасымалдарды жүзеге асырушы компанияның электрондық құжатпен дүниежүзі елдерімен ақпарат алмасуды қалыптастыру.

1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамдағы рөлі

Қазіргі таңда бүкіл әлемде болып жатқан кең ауқымды қайта құрулар ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) қарқынды дамуына байланысты. Ғаламдық ақпарат қоғамның Хартиясында (Окинава) атап көрсетілгендей, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жиырма бірінші ғасыр қоғамының қалыптасуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Олардың революциялық әсері адамдардың жүріс-тұрысына, олардың біліміне және жұмысына, сондай-ақ үкімет пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынасына қатысты болып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлемдік экономиканың қарқынды түрде дамуына маңызды стимул болып отыр. Көптеген дамыған және дамушы елдер АКТ-ң дамуы мен таратылуы алып келетін зор артықшылықты түсініп отыр. Ақпараттық қоғамға қозғалыс - бұл адамзат өркениетінің болашағына жол болатындығы ешкімді де күмән туғызбайды.
Қазақстан өз егемендігін алған сәтінен бастап, әлемдік қауымдастыққа ықпалдасу позициясынан нақты орын алды, өзін өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін тең деңгейдегі халықаралық кооперацияның мүшесі ретінде ғана емес, сонымен қатар ақпараттық қоғамды құрудың белсенді қатысушы екенін көрсетті.
Қазақстанның индустриалды қоғамнан ақпараттық қоғамға өтуі ақпараттық теңсіздікті жеңуі, Қазақстандағы азаматтық қоғам мен демократиялық дәстүрдің дамуына, ақпараттық теңсіздікті еңсеруге байланысты. Бұл міндеттерді шешу тұрақты экономикалық өсуді, қоғамдық жағдайдың көтерілуін, демократияны нығайту саласында әлеуметтік келісімді ынталандыру, ашық және жауапты басқаруды, адам құқығы және бүкіл әлемде Қазақстанның саяси және экономикалық тұрақтылығын нығайтуда және Қазақстанның азаматтарының тең дәрежеде ғаламдық ақпараттық қоғамдастыққа енуін қамтамасыз ететін мақсаттарға жету негіз болып табылады. Республикада жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ғаламдық желідегі Интернеттің ақпараттық сегментін, оның рөлін және қазақстандық қоғамда алатын орны туралы түсінікті қайта қарауды талап етеді.
Бұған елді тұрақты компьютерлендіруден ақпараттандыруға және Интернеттің ғаламдық желісінде Интернет-Қазнеттің (бұдан әрі - Қазнет) қазақстандық сегментінің бірыңғай дамыған ақпараттық кеңістігін құруға өту әрекеті негіз болып отыр.
Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігін дамыту осы үдеріске көптеген қатысушылардың қызметін үйлестіруді талап ететін салааралық, ведомоствоаралық және мемлекеттік міндеттер болып табылады. Мұндай үйлестірулер тек қажетті әрекеті мен олардың тізбегін анықтайтын және негіздейтін бірыңғай тұжырымдамасының негізінде болуы мүмкін.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістікке орнықты, жоспарлы, қауіпсіз және тиімді қозғалысын қамтамасыз етуге арналған шаралар кешенін әзірлеуге, Қазнетті дамыту үшін негізгі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және техникалық-технологиялық алғы Шарттары мен жағдайын, оның динамизмі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясаттың ережелері мен басымдығын айқындауға бағытталған.
Жаңа ақпараттық қоғамның негізін қалаушы сипаттамаларының бірі оның ғаламдық сипаты болып табылады. Жаңа ақпараттық қоғамды қалыптастыру үдерісінде біртіндеп ақпарат тарату және алмасу тәсілдері мен әдістері жаңартылады, уақыт үнемделеді, ұлттық шекаралар мен кедергілер бұзылады, әлемдік ақпараттық кеңістігінің, экономика, сауда, қаржы, адамзат өмірінің басқа салаларының құрылымы түбірімен өзгереді, адамдардың көзқарасы мен адамзат құндылықтарының интенсивті гомогенизациясы, мәдениет пен мәдени моделдердің эмбебаптығы (ықшамдау) байқалынады, динамизмі жылдамдатылады, бәсекелестік күшейе түседі.
Қазіргі әлемдік даму кезеңінде ғаламдық ақпараттық интернет желісі бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістігінің ең көлемді және жаппай жайылған сегменті болып табылады. Сонымен бірге, уақыт өте, ғаламдық ақпараттық интернет желісі ақпарат алу және алмасудың, сондай-ақ жаппай пайдаланушылардың коммуникациясы үшін ең қол жетерлік құралы болғаны айдан анық.
Қазіргі уақытта Интернеттің ақпараттық кеңестігінің жұмыс істеуіне сай келетін халықаралық ұйымдарға мыналар жатады:
1) The Internet Corporation for Assigned Names and Numbers (бұдан әрі - ICANN) - IP-адрестерін, протоколдардың параметрлерін бөлу, домендік атаулардың жүйесін әкімшілеу (Domain Name System, DNS), түбірлік серверлер (Root Server System) деп аталатын жүйенің жұмыс істеуін әкімшілеу және қолдау үшін құрылған коммерциялық емес ұйым;
2) Интернет желісінде нөмірлеуді бөлу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - IANA, The Internet Assigned Numbers Authority);
3) Еуропалық желілік үйлестіру орталығы (бұдан әрі - RIPE NCC) - тіркеушілер үшін ІР-адрестерді бөлуді және тіркеуді қамтамасыз етеді. RIPE NCC тіркеушілер үшін ІР-адрестерді бөлу мен тіркеуді қамтамасыз етеді. RIPE NCC қызмет көрсету аймағында Интернеттің ғаламдық ресурстарын әділетті бөлуге кепілдеме бере отырып, Еуропа, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Азияның бөлігінің тіркеушілеріне қызмет көрсетеді;
4) The Internet Engineering Task Force (бұдан әрі - IETF) - Интернет сәулетін дамыту және қолданыстағы инфрақұрылымның үздіксіз қызмет етуінің біріктірілген міндеттерін дамытуға жұмыс жасайтын желілік хаттамаларын дайындаушылар, операторлар, өндірушілер және зерттеушілердің халықаралық ашық бірлестігі болып табылады;
5) Дүниежүзілік зияткерлік жеке меншік ұйымы (бұдан әрі - ДЗЖҰ).
Жоғарғы деңгейдегі домендер (бұдан әрі - TLD, Top Level Domain) екі үлкен бөлікке бөлінеді: Біріншісі - жалпы пайдаланатын домендер (generic TLD немесе gTLD) және екіншісі - ұлттық екі әріпті домендер (country code TLD немесе ccTLD). Жалпы пайдаланатын домендерге COM, NET, ORG, INFO, BIZ, MUSEUM, NAME, AERO, COOP, PRO, INT, GOV және басқа да домендер жатады.
Қазіргі сәтте ISO 3166-1 халықаралық стандартқа сәйкес елдер мен аумақтардың екі әріпті кодтар саны бойынша ұлттық домендер - 250 (RU - Ресей үшін, DE - Германия үшін, UK - Ұлыбритания үшін) Ұлттық домендерді басқару бойынша өкілеттік елдердің интернет-қауымдастықтарының келісімдері бойынша IANA ұйымымен беріледі.
Ұлттық домендерді дамытудың жалпы үрдістері мынадай: біріншіден, академиялық желілерден ұлттық домендердің операторлар (провайдерлер) бірлестігіне өтуі, сондай-ақ қатар тіркеу ережелерін дайындауға елдің интернет-қауымдастығының қатысуы: нарықтың кәсіби қатысушылары, тұтынушылар, қоғамдық (кейде үкіметтік) ұйымдар; екіншіден, домендік атауларды тіркеуде операторлар қатысуының коммерциялық кестелерін дайындау; үшіншіден, домендерді тіркеудің ашық ережелеріне біртіндеп өтуі, шектеулердің алынуы.
Кез-келген субъектінің Интернеттегі қызметі құқықтық проблемалардың тұтас сериясын қалыптастырады. Олар пайдаланушының қызметін, сайттың мәртебесін және оның мазмұнын реттеуге (рұқсат етілген, реттелмеген, заңсыз); авторлық және аралас құқықтардың орындалуына; киберэкономиканы қалыптастыру (электрондық ақшалар, төлемдік жүйелер, құнды қағаздар, электрондық банктер, жарнама, маркетинг, электрондық контрактілер, салықтар); жеке және мемлекеттік мүдделердің ақпараттық қауіпсіздігіне бөлінеді.
Интернет желісін құру және нормативтік негіздерінің ұтымдылығы бойынша үдеріс 80 жылдардың басынан бастап Еуропа және АҚШ-та (және бірқатар басқа да шет елдерде) басталған.
Қазіргі уақытта Интернет желісі қарым-қатынастарын құқықтық реттеудің бірнеше деңгейі қалыптасты:
1) халықаралық;
2) өңірлік (Еуропалық одақ және ТМД шеңберінде);
3) ұлттық.
Осы деңгейлердің әрқайсысында өкілетті заң шығарушы қарастырып отырған құқықтық қарым-қатынастар саласын реттеуге ұмтылады.
Интернет желісінің трансшекаралылығы Интернет желісіндегі құқықтық қарым-қатынастарды халықаралық құқықтық реттеу, қолданыстағы ережелер мен әдеттегіліктерді біріздендіру қажеттілігін құрайды.
Біріздендірудің нормалары ЕО шеңберінде, сондай-ақ БҰҰ шеңберіндегі (УНИДРУА жеке құқықты біріздендіру институты) халықаралық деңгейде, Дүниежүзілік Зияткерлік Жеке меншік Ұйымы (ДЗЖҰ), Халықаралық сауда палатасы (ХСП), БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы, сауда және электрондық бизнеске ықпал ету БҰҰ Орталығымен жүргізіледі.
ТСРІР желі хаттамаларының ыңғайсыз цифрлық адрестерінің жеңіл есте қалатын әріптік сөз тіркестеріне ауыстыруға мүмкіндік берген домен атаулары жүйесінің пайда болуы, интернеттің белсенді түрде коммерциализациялануы мен әйгілі болуы соңғы жылдары домен өздерінің белгілері бойынша олардың қолданыстағы түрлеріне ұқсас - тауар белгілері, фирманың атаулары бойынша материалдық емес актив белгілерін иеленді. Мазмұнында домендік атауы ғана берілген жарнамалық тақталар жиі кездеседі. Қымбат тұратын интернет-жобалар жүзеге асырылып жатыр, олар үшін домен олардың коммерциялық табыстарының едәуір бөлігін құрайды, өйткені тұтынушылар доменді электрондық бизнес субъектісінің қандай да бір тауар, жұмыс немесе қызмет көрсетулерімен байланыстырады.

1.2 Зерттеу аймағының қызметіне сипаттама
1.2.1 Transporters компаниясының өндірістік-шаруашылық қызметтеріне сипаттама. Жүк тасымалдау

Жүк тасымалдау - кез келген бизнестің маңызды бөліктерінің бірі. Бірақ кез келген саладағы сияқты мұнда да өз қиындықтары мен келеңсіз жақтары бар. Көлік компанияларының иелері жанармайды құйып алу, жеткізу мерзімдерін орындамау, ТБ-дан уақтылы өтпеу сияқты өз қызметкерлерінің жауапсыздығына тап болады. Бұл іс-әрекеттер клиенттерді жоғалтуға, ЖЖМ арналған бюджеттің шамадан тыс жұмсалуына, қымбат тұратын тораптар мен агрегаттардың сынуына әкеп соқтырады, бұл өз кезегінде басшының және жалпы компанияның қаржылық жағдайында көрініс табады. Міне, сондықтан да жүк автомобильдеріне GPS мониторинг жүйесін орнату өте маңызды.
Компанияның даму стратегиясымен анықталатын Transporters АҚ-ның Ұлттық тасымалдаушы болуы алдында көптеген міндеттер тұр. Магистральдік жүйе операторы арасында шектелген жұмыспен тасымалдау процесінің барлық технологиясын орындауда, тасымалдаушымен, локомотивті тарту және экспедиторлық компаниямен, сондай-ақ, Transporters АҚ да өзара әрекет процесін кезеңдік орындау 2004 жылдың желтоқсанынан бастап, алғашқы жоба аясында жеке алынған бағыттар бойынша жүк тасымалдауын орындауда.
Алғаш рет бірінші жоба екі бағытта: Жаман-Ащы - Жаңаауыл және Сарықұм - Жаңаауыл бойынша құрастырылып енгізілді. 2006 жылы бағыттардың саны алтыға дейін өсті, бұрынғы бар бағыттарға Қаражал- Жаңаауыл, Еңбекшілдер - Жаңаауыл, Суықбұлақ - Жаңауыл және Майлин- Жаңаауыл бағыттары қосылды. Өткен жылдың желтоқсанынан бері ауқымды ұйымдастыру жұмыстары атқарылды. Магистралді теміржол жүйесі және локомативті тарту қызметтерін сатып алу туралы келісім-шарттар жасалды.
Жұмыста үнемділікті арттыру және тәртіпке келтіру үшін Transporters АҚ ҚТЖ ҰК АҚ және Локомотив АҚ-мен, сондай-ақ экспедиторлармен тасымалдау ұйымына келісім-шарттар құрылымдық бөлімдердегі өзара әрекет белгіленген уақыт тәртібін жасап шығарды.
Жүкті тиеу сәтінен бастап, Transporters АҚ тасымалдаушы ретінде вагон беруге тапсырыс, коммерциялық қатынастағы жүкті қабылдау, тасымалданушы құжатын ресімдеу, ТехПД-дан есептер сияқты бастапқы және соңғы операциялардағы жұмыстың бөлігін орындайды. Сонымен қатар, вагон қозғалысын бақылауы жолдардан өту локомотив-сағаттарымен қамтиды.
Сондай-ақ, қол қойылған тасымалдау келісім-шарттары бойынша экспедиторлық компаниялармен және жүк аттандырушылармен жұмыс жүргізілуде.
Бүгінгі күні қосымша бағыттар жіберуге орай белсенді жұмыстар жүруде.
Transporters АҚ-ның тасымалдау міндетті қызметінің оындалуына байланысты өткізілген пилотты жоба сараптамасы жүкті жеткізуде бірталай уақыт ұтуымен, жолды өтуде тиелген вагондарды ажыратудың төмендеуімен және жүк тиеуде жүк аттандырушы тапсырыстардың 100% орындалуымен тиімділгін танытты.
Жүк иелері тарапынан күннен күнге өсіп келе жатқан талаптарды ескере отырып, сондай-ақ жүк тасымалдаудың жаңа тиімді технологиясына өтуді жүзеге асыру үшін Transporters АҚ контрейлерлік тасымалдауды ұйымдастыру үшін 13 - 4095 моделді ажыратусыз тартқышы бар жартылай тіркемелерсіз автопойыздарға артуға арналған мамандандырылған плотформалардың 50 бірлігін сатып алды.
Контрейлерлік пойызды құруда белгіленген станцияға дейін жол жүруде еш қайта құрусыз болатын тез бұзылатын жүгі бар және халықтық қолдану тауары бар автопойыздар жіберіледі. Осылайынша, контрейлерлік тасымалдар аралас тасымал сияқты көлік және теміржол көлігінің өзара әрекетінің тиімді өнімі болып табылады.
Контрейлерлік тасымалдарды жүзеге асырудағы шетелдік тәжірибе автотасымалына да, теміржол көлігіне-де бұндай тасымалдардың тиімді екеніне дәлел бола алады. Контрейлерлік тасымалдардың барық тасымалдаушыға қатысатындар үшін төмендегідей тиімділіктері бар:
1. Көліктасымалдаушылар қозғалыс құрылымы айналымын тездете алады және тасымалға пайдаланатын шығын мөлшерін азайтады.
2. Контрейлерлік технология көмегімен теміржол көлігі өзіне қосымша тасымалдау көлемін тарта алады.
3. Бұл платформаларға автопойыздарды арту кезінде қымбат тұратын қайта артқыш орнату талап етілмейді. Арту (түсіру) автопойыздар платформаларына, автокөліктерге, тартқыш және тіркемелер өз бетімен тиеу (түсіруді) өз бетінше кіру (шығумен) орындалатын болғандықтан пайдалану шығындары біршама төмен.
4. Көлік-экспедициалық компаниялар -- жүк иелеріне көрсетілетін қызметті есіктен есікке дейін жүкті жеткізу мерзімін қысқарту есебінде жақсартып, тасымалдың жалпы құнын төмендетеді.
5. Мемлекет үшін қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды лақтыруды азайту есебінде, автокөліктің жағымсыз әсерін төмендетеді.

Кесте 1 - Жүк тасымалдау көрсеткіштері
Жөнелту станциясы
Көзделген станция
Жүк түрі
Ваг. жоспары
Тонна жоспары
Ваг. факті
Тонн факті
Қаражал
Қарағанөзек
Темір руда
2555
171205
6288
431925
Қаражал
Жаңа-Ауыл
Темір руда
4207
282150
4830
333978
Сарықұм
Жаңа-Ауыл
Доломит
9437
633800
8911
614363
Суык-Бұлақ
Жаңа-Семей
Әк
10440
699480
10656
740328
Жаман-Ащи
Жаңа-Ауыл
Доломит
5643
378000
4600
317396
Енбекшілдер
Жаңа-Ауыл
Темір руда
11822
810050
8962
624678
Майлин
Жаңа-Ауыл
Темір руда
0
0
0
0

Жүк тасымалдауды ұйымдастыруда, сондай-ақ теміржол саласының тоқтап қалусыз, үзіліссіз жұмыс істеуіне жүкті тасымалдауды жоспарлау негіз болады. Жүк тасымалдауды жоспарлаудың мақсаты: мүмкіндігінше аз шығынмен тасымалды көлік түрлеріне шығынды үнемдеу мақсатында бөлуде, жүк тасуда тепе-теңділікпен қамтамасыз етуде және жүк артудың ырғақтылығы, сонымен қатар бар ресурстарды тиімді пайдалануда, техникалық мүмкіндіктерде, магистралдық желі мүмкіндіктерінде, жүк жіберушінің сұранысын уақытында және толық қанағаттандыру болып табылады.
Заңдылық тұрғыда тасымалдауды жоспарлау айтарлықтай өзгертулерге ұшыраған жоқ. Тасымалдаудың жоспары жылдық жоспарлау, айлық жоспарлау және өтінім негізіндегі жүк жөнелту болып бөлінеді.
Басты жоспарлау тасымал көлемін және теміржол саласы даму стратегиясын анықтауға мүмкіндік береді. Жылдық жоспарлау есебімен халықаралық тасымалдың транзитті тарифін қолдану сұрақтары ыңғайланады. Сондай-ақ, республикалық, халықаралық қатынаста отандық жүк жөнелтушілерге тарифті төмендету мүмкіндігін туғызады.
ҚР Теміржол көлігі туралы Заңына сәйкес, тасымалдар берілген тапсырыс негізіндегі келісім және жүк жіберуші мен тасымалдаушы арасында бекітілген жүкті тасымалдау туралы келісімге сай орындалады. Келісім-шартпен тасымалдың мерзімі, көлемі, көлік құралымен қамтудағы талаптары мен тәртібі және жүкті тасымалға әкелу анықталады.
Жоспарланған айлық тапсырысы бойынша жүк тасымалдау келісімінің бірі болып табылады. Жүкті тасымалдау тапсырысының түрі, оны ресімдеудің тәртібі, толтырылуы, орындалуы, есептеу мен енгізілген өзгерту жүк тасымалдау Ережесімен қарастырылады.
Құрылымдау мақсаты есебінен, қолданыстағы заңнама негізінде тасымалдау үрдісіне қатысушылардың қарым қатынасы нарықтық бәсекелестік жағдайда жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру темір жол көлігі қызметі жүктерді тасымалдау жоспарын сапалы өзгертуді қарастырады.
Жүктерді тасымалдауды жоспарлау тасымалдау үрдісімен тығыз байланысты және тасымалдаушының техникалық мүмкіндігін тиімді пайдалануға жол ашады. Жылжымалы құрамның барлық түрлерін үнемді қолдану, олардың сыйымдылығы, жүктерді бағыттармен тасымалдауды арттыру, қозғалмалы құрамның бос жүруін азайту, жүк түсіру мен жүк арту кезінде вагондардың тұрып қалу уақытын азайту. Теміржол көлігі саласында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырып жүрген тұлға болып Теміржол көлігі туралы ҚР Заңына сәйкес тасымалдау үрдісінің қатысушысы табылады.
Жүктерді тасымалдауды жоспарлауда тасымалдаушы, жүк жіберуші, жүк алушы, экспедитор тасымалдау үрдісінің қатысушылары болып табылады. Теміржол көлігі туралы ҚР Заңына сәйкес, тасымалдаушы белгіленген мерзімде қабылдап алуды, ал жүк жіберуші тасымалдауға келісілген мерзімде жүк беруге міндеттеленеді.
Магистралді теміржол желімен жүк тасымалдау, орындалуға қабылданған (келісілген) жүк жөнелтушінің жүкті жөнелту тапсырысы негізінде жүзеге асырылады. Мәлімдеме жүкті тасымалдау жоспары бойынша жүк жіберушіге беріледі.
Жүк тасымалдаудың айлық жоспарлануы жіберушімен берілген жоспарланатын айдан кем дегенде республикалық және халықаралық қатынастағы 14 күн бұрын және халықаралық қатынастағы үшінші елдерге кем дегенде 20 күн бұрын тасымалдаушыға жүк тасымалдау жоспары бойынша айлық мәлімдеме негізінде жүзеге асырылады.
Тасымалдаушыға жүк тасымалдау жоспары бойынша мәлімдемелер жүк жіберушімен ГУ-12 формасындағы арнайы бланкілерінде ресімделген жүк номенклатурасы анықталған үш данада беріледі.
Өтінімнің әр данасына ұйым басшылығы қол қойып, қол қаржылық операцияларда қолданылатын мөрмен бекітіледі.
Тасымал жоспары бойынша өтінімге енген мәліметтер және кодтардың дұрыстығына, жүкті шығаруда ұйым тұтынуы тасымалы көлемінің мәлімдемеге сайлығына, сонымен қатар, қозғалмалы құрам түріне, тасмалдың үнемділігіне жүк жіберуші жауап береді.
Жүк тасымалдау жоспары бойынша, айлық өтінімнің бланк формасы, электрондық есептеу машиналарында берілген мәлімдемелердің автоматтандырылған өңдеуінің мүмкіндігін қарастырып, республикалық қатынастарда, халықаралық қатынастарда, үшінші елдің халықаралық қатынасында жүк жіберушілердің барлығы үшін бірдей болады.
Жүк жіберушілер тасымалдаушыға әр жүк номенклатурасына, әр аттандырушы станцияға, жүк тасымалдау жоспары бойынша үшінші елдің халықаралық қатынасында магистралді теміржол желі операторына жеке айлық өтінім береді.
Тасымалды ұйымдастыру және жоспарланған айға тасымалдаушының техникалық мүмкіндіктері туралы өтінім берілген тасымал көлемі келісім-шартқа сай келгенде тасымалдаушы жүкті тасымалдау жоспары бойынша айлық өтінімді магистралді теміржол желі операторына береді.
Магистральді теміржол желі операторы автоматтандырылған жүйе жүк тасымалдауды жоспарлау (алда АРМ МПП) тасымалдаушылар мен сұрыптаудан өткен құралдарымен, таныстырылған жүк жіберушілер негізінде республикалық, халықаралық және үшінші елдің халықаралық қатынасында, жүк тасымалдау жоспары бойынша тасымалы ескерілген жүк тасымалы жинақталған айлық жоспары жобасын әзірлеуде.
:: Жүк тасымалдаудың жоспарлық желісін құру үшін жүк тасымалдау айлық жинақтау жоспары құрылған жобаны магистральді желі операторы, межеленген жолы, жүк номенклатурасы және жылжымалы құрам түріне байланысты есеп шоттарының макетіне жинақтап, белгіленген мерзімде жүк тасымалдау теміржол көлігінің Кеңес Дирекциясына (бұдан әрі Дирекция) жөнелтеді;
:: Магистральді теміржол желі операторы қабылданған және жалпыланған АРМ МПП айлық жүк тасымалы жоспары негізінде жеке вагон паркін (жалға алынған) бөлумен бірге, қозғалмалы құрамның техникалық нормаларын орындауды әзірлеу үшін, тиелген вагон, ағымдары корреспонденциясының жобасын құрайды;
:: Берілген есепшот негізінде Дирекция тағайындалған мерзімде магистральді желі жолға жөнелту операторын жылжымалы құрамды пайдаланудың нақтыланған айлық техникалық нормалары және шамамен тәулігінде тонналар мен вагондар номенклатура бойынша бөлінген жүк тасымалдың айлық жоспары туралы, ақпараттандырады;
:: Магистралды желіс операторы жөнелтушілерге тасымалдау жоспарын хабарлайды, ал жөнелтушілер әр арту станциялары бойынша тасымалдау жоспарларын хабарлайды.
Станция жоспарлық айының келуінен бұрын жүкжөнелтушілердің келісуімен жоспармен жүк тасымал өтінімінің орындалу тәртібін белгілейді, бұл ай, декада, тәулік бойын тасымалдаудың бірыңғайлылығы пен ырғақтығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар жөнелтілген бағыттар бойынша жүк тасымалдың өтінімін орындау және артудың көбеюін қамтамасыз етеді. Айлық өтінімдермен қатар жүкжөнелтушілер жүк тасымал жоспары бойынша жоспарланған айдың алдында, 14 күннен кеш емес, жөнелтушіге жүк өтінімін, бағыттарын ұсынады, айлық тасымалдау жоспары бойынша өтінімді белгіленген тәртіпте үш данамен тапсырады. Жүкжөнелтуші жүк тасымалдаушының келісімімен бағыттарға тасымалдауды календарлық күн сайынғы жоспарын құрып бекітеді және жоспарлық ай басталғанша үш күннен бұрын тасымалдау станцияларына және жүк жөнелтушілерге хабарлайды.
Жүк жөнелтушілер декада басталғанға дейін 3 күн бұрын тасымалдаушыға ГУ-11 формасы бойынша жүк тасымал жоспарын арту көлемімен декада күндері бойынша есептелген декадалық өтінімін беруге міндетті. Жүк тасымал жоспары бойынша өтінім келісілген тәртіпте тасымалдау жоспарын орындау ГУ-1 формалы есеп картасына енгізіледі.
Жүк тасымалы бойынша айлық өтінімдер, егер жүк жөнелтушілермен белгіленген мерзімнен кеш берілсе, ППГ сәйкес тасымалдаушы оны жоспардан тыс өтініш ретінде қарастырады.
Жүк тасымалы бойынша өтінімдер тасымалдау күнінен 5 күн бұрын жолданады. Мұндай өтінімдер жүк жөнелтушілердің қаржылық әрекеттерінде қолданылатын фирмалық бланкілерінде, банк және пошта деректемелері, байланыс телефондар, мекенжайы, электрондық поштасы көрсетілген, басшының қолы қойылған, ұйымның мөрі бар болуы тиіс. Егер жоспардан тыс тасымалды орындау мүмкін емес болса, тасымалдаушы үш тәулік бойы өтініштен бас тарту туралы хабарлауға тиіс.
Тасымалдаушы келесі жағдайларда жүк тасымалы бойынша айлық өтінімдерді қабылдаудан бас тартады:
1) егер онда көрсетілген тасымал көлемі кәсіпорынның (жүк жөнелтуші) қайта өндіру және техникалық қабілеттілігінен асатын болса;
2) егер жүк жөнелтушінің, жүк алушының, экспедитордың тасымалдау үшін берешектері болса;
3) егер жүк жөнелтуші жүк тасымалы бойынша артық айлық өтінімдерді берсе және оның кінәсі бойынша алдыңғы жоспар айларында олар орындалмаса;
4) егер өтінілген тасымал көлемінің қамтамасыз үшін жылжымалы құрамды беру мүмкіндігі болмаған жағдайларда;
5) егер кіру жолдарын пайдалану үшін шарт немесе буын иесінің жазбаша түрінде келісімі болмаған жағдайларда;
6) жүк жөнелтуші АРМ МПП құралдарымен енгізу және өңдеу үшін көрсетілген деректерде мәлімет дұрыс емес немесе толық емес және қателері болса.

1.3 WEB сайт жасауға арналған бағдарламалар

XXI ғасыр ақпараттық технологиялар ғасыры. Ақпараттану адам өмірінің бір бөлігіне айналды. Әсіресе адамның интеллектуалды өмір ортасына, білім жинау, тарату мен қолдануға әсері орасан. Еліміздегі білім беру саласы да жаһандық ақпараттанудан қалмай, бірге дамып келеді. Алайда интернет ресурстарына көз жүгіртсек, қазақ тіліндегі сапалы сайттардың өте аз, тіпті жоқтың қасы деп айтуға болады. Осы мұқтаждықты қанағаттандыру мақсатында мен дипломдық жобамның тақырыбына сайт құрастыруды таңдадым. Сайттың артықшылығы: Оның мобилдігі;
oo Интернет арқылы байланыстың әркімге қолжетімдігі;
oo Материалдардың жаңаланып толықтырылуы;
oo Ыңғайлы навигация және көркем web-дизайн.
Объектіні зерттеуге қолданылған бағдарламалар Flash, Dreamweaver MX, Javascript және ActionScript.
Web дизайн тарихы 1991 жылы алғашқы web-сайттың пайда болуынан басталды. Оның құрастырушысы Тим Бернерс-Ли өз сайтында HTTP мәліметтерді тасымалдаушы, URL адресациялау жүйесі, HTML гипермәтіндік бейнелеу тілі негізіндегі World Wide Web жаңа технологиясы туралы жазды. Бұл ашылу ақпараттық технологиялардың дамуына үлкен септігін тигізді. Әлемдегі бірінші сайт алғашқы интернет-каталог та болды, кейін Тим Бернерс-Ли оған басқа сайттарға сілтемелер тізімін орналастырды. Сөйтіп виртуалды шындықтың үшөлшемді кеңістігінің танымалдығы арта берді. Өзіндік мақсат қуған жаңа сайттар пайда болды. Технологиялардың дамуы сайттарды жетілдіре түсті, web-беттің көркемделуіне үлкен көңіл бөліне бастады [3]. Сурет графикасы әдемі, сапалы жасалуы бағалана бастады. Осылармен бірге web дизайн дами түсті. Web дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады. Қазіргі таңда web дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы, қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т.б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программа-құралдарының кең таңдауын, html- және java кодтарын қолданады. Бұл оның әлі де даму үстінде екенін көрсетеді. Web дизайн білім мен өнердің қосылысы. Оның негізгі аспектілеріне бес облыс кіреді.
Мазмұны. Мұнда сайт мазмұнының қалыбы мен ұйымдастыруы кіреді. Көрінетін бейнелері. Бұл сайттағы экран кеңістігінің құрылуына қатысты. Құрылу әдетте HTML, CSS немесе Flash көмегімен жүреді және көркемдік не навигация қызметін атқаратын графикалық элементтерден тұрады. Сайттың көрінетін бейнелері- web дизайнның негізгі аспектісі, бірақ ең маңыздысы емес. Технология. Оған бағдарлама көмегімен құрылған түрлі интерактивті элементтер кіреді. JavaScript сияқты клиент жағында жұмыс істейтін сценарий тілдерінен Java-сервер секілді серверлік қосымшаға дейін элементтер болуы мүмкін. Жеткізу. Internet желісінде сайтты жеткізу жылдамдығы және бас тартпау бағдарламалық қамтаманы және желілік архитектура көмегімен байланысты. Тағайындау. Сайттың қандай себеппен құрылғаны web дизайнның негізгі бөлігі болып табылады. Экономикалық сұрақтармен байланысты болғандықтан, басқа облыстарға қатысты кез келген шешімді қабылдағанда осы элемент ескеріледі. Әрине, web дизайнның әрбір облысының сайтқа әсері құрылатын сайттың типіне тікелей тәуелді. Мысалы, жеке бетте Internet-дүкенге тән экономикалық түсінік болмайды. Өндірістік кәсіпорынның ішкі желісінде шым-шытырық фильмдерді жарнамалайтын сайттағыдай көрінетін бейнесі де болмайды. Осылайша графикалық дизайн, бағдарламалау, желіні ұйымдастыру, қолданушы интерфейсін жобалау, қолдану ыңғайлылығы және басқа да көздерден тұратын web дизайн мультипәндік облыс болып табылады. Web дизайн - сайтты дайындаудың алғашқы этапы. Ол көбіне Adobe Photoshop немесе FlashMX бағдарламасында орындалады, web дизайнның кейбір элементтері CorelDraw немесе Adobe Illustrator векторлы графика, 3Dmax, Maya, LightWare үшөлшемді моделдеу бағдарламаларынан импортталынады. Бірақ web дизайн тек сайттың көркемдік жағы емес, оның қолданушыға ыңғайлы болуы - тұрақты қолданылатын элементтердің айқын ерекшеленуі, мәзірдің түсінікті болуы жатады. Сондықтан сайттың дизайны бірнеше талаптарға жауап беруі керек: Web дизайн компанияның имиджін ерекшелеп көрсететін стильді болу керек.
1. Web дизайн команияның фирмалық стилімен үндесуі керек.
2. Web дизайн қолданушыға қолайлылық сезімін тудыру қажет, бетте мәтіннің дұрыс құрылуы, суреттердің ыңғайлы орналасуы және ойластырылған түстердің үйлесімділігі осыған септеседі.
3. Web дизайн қолданушы сайтта басқару элементтері мен навигацияны іздетпегені дұрыс - мәзір анық та түсінікті болу керек.
4. Web дизайн сайтта жарнамаланатын тауар, қызмет көрсету және ақпаратқа сәйке болу қажет.
5. Web дизайн жеңіл, яғни сайт беттері ұзақ жүктелмеу керек[2], [4].
Web дизайнда анимация жиі қолданылады. Анимацияланған суретті құрған кезде оның салмағын ескерген жөн. Олар ұзақ жүктеліп, қолданушының сіздің сайтынызбен жұмысын қиындатады. Әрине, анимацияланған суреттер статикалық суреттеге қарағанда көбірек көңіл аудартады, оларды мақсатпен және үнемді қолданса нұр үстіне нұр. Web дизайн қалай құрылады? Web дизайн - бұл сайт жобасының бір бөлігі ғана. Жалпы сайтқа техникалық тапсырма қойылады. Онда web дизайнға негізгі талаптар, беттегі басты элементтердің орналасу схемасы құрылады. Осыдан кейін техникалық тапсырма дизайнерге беріледі, онымен бірігіп дизайн концепциясы жасалынып бекітіледі. Бұл негізгі беттің дизайны, ол барлық сайтқа бірдей стиль береді. Сайттың web дизайн жобалау мен іске асыру бірнеше күннен бірнеше жұмаға созылуы мүмкін. Қазіргі таңда web дизайнға креативті, ерекше болу талабы қойылады. Себебі онда, жоғарыда көрсетілгендей өнер, маркетинг, технологиялар қиылысады. Негізгі бетке флеш-ролик, компанияның соңғы жаңалықтарын, логотипті сурет, бөлімдердің қысқаша сипаттамасын орналастыруға болады [3].
Web дизайнда визуалды қабылдау үлкен рөл атқарады. Экранның әртүрлі жерінде орналасқан элементтер ақпаратты көру және психологиялық қабылдауға әртүрлі әсер етеді. Экранның сол жақ жоғарғы бөлігінде көп қолданушыға таныс логотип орналасады. Ал жаңа бастаған фирмалар логотипін оң жақ жоғарғы бөлікте орналастырса, қолданушы оны тез және оңай жаттайды. Беттің жоғары жағының web дизайнын фотосурет, басқа графикалық суреттермен безендіру керек. Web дизайн құрғанда кейбір нәрселерге назар аудару қажет. Суретке тышқан сілтемесін жақындатқанда көмекші сөз шыққан дұрыс. Бұл қолданушының сайтпен жұмыс жасауын едәуір оңайлатады. Гиперсілтемелер жалпы мәтіннен ерекшеленіп, анық бейнелену тиіс. Ал шрифт өзгере алатын болу керек. Бұл мониторларының өлшемі әртүрлі болатын қолданушыларға арналған. Тышқанды қолданбайтын қолданушылар үшін табуляция клавиштерінің көмегімен бетте логикалық тәсілмен қозғалатын арнайы бағдарлама орнатуға болады. Бұл web дизайнын сапасын арттыра түседі. Тауарды жарнамалайтын сайттарда тауар бағасын суреттердің астына, ал адрес, сандық ақпараттарды беттің төменгі оң жағына орналастырғаны жөн. Баннер төменгі сол жақта орналасса үлкен танымалдыққа ие болады.
Web дизайн кітап, газет немесе журнал баспасының полиграфиялық дизайны секілді маңызға ие. Оның қысқа да нұсқа мағынасы - веб-беттің әдемі, көз тартарлық бейнелеуі бірнеше мақсат көздейді: бұл жақсы имидж қалыптастыру, клиенттердің сенімін күшейту, ақпаратты, қызмет көрсету мен тауарды сатуды көбейту. Web дизайн тартымды да пайдалы болу үшін оны құру кезінде оған қандай тапсырма жүктелетінін, осы облыстағы бәсекелес сайттарды зерттеу, клиенттің жұмыс стилі, қандай мақсатты аудиторияға арналғанын білу міндетті. Графиканы құру және оптимизациялау - күрделі жұмыс. Web-бетті графика құрмай-ақ шрифт, скрипт, стиль кестесі (CSS) көмегімен көрнекі етіп жасауға болады. Алайда құжаттың нәтижесіне көптеген факторлар әсер етеді: браузер терезесінің көлемі, үнсіздік бойынша алынған шрифт, түсі және аты. Сонымен қатар, кей скрипт пен стилдер барлық браузерлермен ұстана бермейді. Ал егер сіз графиканы қолдансаңыз, колданушы бетті дәл сіз құрғаныңыздай көреді. Web-графикамен жұмыстың басты қиындығы - Интернет каналдарының өткізу қасиетінің төмендігі болып табылады. Сондықтан сіз графикалық файлдың көлемі аз, бірақ сапалы болуын және оны оптимизациялауда қандай программалар қолдану қажеттігін қадағалауыныз қажет. Adobe Photoshop - растрлы графиканы профессионалды өңдеудің ең қуатты пакеті. Әртүрлі фильтрлер мен эффекті жиынтығынан тұратын, растрлы суретті модификациялаудың көптеген мүмкіндіктерінен құралған үлкен кешен болып табылады. Web-беттің қалай құрастырылу принципін түсінгеннен кейін, олардың әрқилы мақсаттарда қолданатынын білеміз. Сол себепті қазіргі таңда Web-дизайнға көп көңіл аударылады, өйткені желідегі қайсібір ақпараттық ресурстың танымалдығы тікелей соған байланысты.
Web-дизайнердің жалақысының жоғары болуының себебі де сол. Web-бетті құрушы адам, өзінің білімін шығармашылық потенциалымен ұштастырады. Көз сүйсінерлік Web-бетті жасап шығару үшін суретші әрі программист қасиетіне ие болу шарт. Web қосымшаларын жасаудағы басты қиындық беттің көлемі және интернет броузерлердің сыйымдылығы болып келеді [12].
Adobe корпорациясы Web-та барлық ақпарат түрлерінің соңғы жаңалықтарын қолдануға тырысты. Adobe Flash - өте қуатты, сонымен қатар қолданыста қарапайым, интерактивтілікті ұстанатын векторлы графика негізінде анимациялық жобалар жасаудың құралы. Flash суретшілер мен дизайнерлер үшін web-жобаны анимация және дыбыспен толықтыруда таптырмайтын жұмыс құралы болып табылады. Flash-ты Web стандарт ретінде келісім жасалғалы, ол HTML-мен оңай интеграцияланды. Алғашында бұл программа Splash Animator деп аталды және белгісіз Future Animation фирмасымен мультфильм жасау мақсатымен сатылды. Аниматор-суретшілерге арналып, кең қолданыс таба алмады. WWW қосымшалары танымал бола бастаған кезде Adobe секілді алып фирма оған көңіл аударып, сатып алды да Flash деп атын өзгертті. Flash құрастырушылары жобаны жасауды оңайлату және автоматтандыру үшін программа интерфейсін өзгертті. Өзгеріс тек сыртқы бейнені ғана емес, құрамына да тарады. Flash-та интерактивтілік түсінігі Action Script (Іс-әрекет) сценарийлерін қолдану арқылы кеңейді. Ол электронды дүкендерді алғаш құрастырушы behaviors (интерфейс элементтерінің орнын ауыстыру, логика және математика) күрделі іс-әрекет стилін құрастыруға мүмкіндік береді. Осы себепті программа Web-өңдеушілерінің арасында кеңінен қолданып, аниматор маманға керемет көмекші бола алды. 1996 жылы пайда болғаннан кейін Flash көрнекі мультемидийлік Web-бет құрастыруда стандарт болды. Мысал ретінде Citibank, Fox, PepsiCola, Paramount, Plymouth, Chrysler, Nestle және Warner Bros серверлерін көрсетуге болады. Flash-та жұмыс жасау үшін программалаудың маманы болып қажет емес, бұл JavaScript, Java немесе HTML кодтарын жазбай-ақ интерактивті Web-түйін жасауға мүмкіндік береді [5].
Интернетте кез келген Web-беттің негізін құжатты белгілеу және гипертексті ақпарат беруші HTML тілі құрайды. Flash технология HTML орнын баспағанмен, қазіргі таңда Flash көмегімен толыққанды бет-ролик жасап шығаруға болады. Adobe Flash қолданатын көптеген беттерде HTML мүлде жоқ сияқты, мұнда HTML-код Flash арқасында минимумға әкелінген. Код мағынасы - Flash-клиптің дұрыс орналасуы. Аяқталған бір беттің түрін қарастырсақ: Web-бет=HTML+Flash Flash Action Script-ты қолданғанда, бұл формуланы JavaScript толықтырады. CGI орындай отырып, Flash қайсібір параметрлерді бере алады. Сонымен қатар, CGI Flash-тан шақырылып, әрекет орындап, жауап ретінде алдын-ала әзірленген Flash-клипті көрсетеді. Flash-технологияны қолданудың ең дұрыс шешімі - толыққанды HTML-құжатты кішігірім клиптермен көркемдеу [11].
Векторлы графиканы қолдану. Графикалық режимді үнсіздік бойынша қою Flash-ты Web өңдеу үшін теңеусіз құрал етеді. Векторлы графика - бұл өлшем, форма, түс, шекара, орналасуы жайлы ақпараттан тұратын математикалық теңдікпен не векторлармен анықталатын объектілер. Күрделі суреттердің өзімен жұмыс жасаған кезде кішкентай өлшемді файл алудың бірден-бір мүмкіндігі. GIF пен JPEG секілді растрлы форматтан өзгешелігі, векторлы суреттер - графика, текст, схема және анимация SWF (Shock Wave Flash) форматты ықшам файлдарға оңай экспортталады, осы файлдар желіде отырып-ақ кәдімгі броузер көмегімен ағымды ойнай алады [9]. Ол барлық қолданылатын константалар: салынған символдар, импортталған графика мен дыбыс тізімінен тұрады. Кітапхана көмегімен қай кадр не қабатта болғанына байланыссыз кез келген элементке баруға болады. Түстік палитраны, градиенттік құйылуларды басқа графикалық қосымшалардан (Adobe Fireworks және Adobe Photoshop) экспорттауға (импорттауға) болады, бұл сайттағы түстің өзгермеуіне септеседі. Палитра .fla файлда сақталады және .swf экспортаушы файл көлеміне байланысты емес. Үнсіздік бойынша Flash web-safe палитрасын қолданады. Ағынды мүмкіндік дыбысты, анимациялы және растрлы үлкен файлдар бірден бейнелене бастауын көрсетеді. Дыбыспен жұмыс Web-сайтты фондық әнмен дыбыстау көп таралмаған, бірақ кейде қолданылады. dhtml, html не басқа стандарттардың дыбыстық файлдармен тығыз интеграцияланбайтыны дәлелденген. BGSOUND немесе EMBED тегі арқылы қосылатын фондық дыбыс mid не wav форматына ие болады. Бірінші форматты қолданғанда беттің шынылдайтыны байқалған, алайда көлемі бойынша mid Интернетке сәйкес. Яғни, сапасы төмен. Ал wav форматты дыбыстардың сапасы жақсы, бірақ бетте ұзақ жүктеледі. Flash-тың пайда болуына байланысты бетті әнмен әрлеушілер бетке көп көрінбейтін Flash-клипті орналастырады, ол бір дыбыстық фрагментті шексіз қайталай береді. Бұл кезде сапакөлем орташа деңгейде қалады. Дыбысты қадағалау әрбір кадрға байланысты. Flash дыбысты бірнеше тәсілмен шығарады. Ол уақытқа тәуелсіз немесе дыбыс жолы бар анимацияны синхрондау арқылы. Әрбір каналдың дауыс деңгейін ауыстыруға да болады, дыбыстың жайлап көтерілуі не төмендеуі секілді. Сонымен, Flash дыбыстың екі типін пайдаланады - оқиғаға байланысты (event sounds) және ағынды(stream sounds). Олардың ерекшелігі: біріншісі толық жүктелуі қажет, екіншісі алғашқы кадрларды дыбыстайтын мәліметтер жүктелісімен жұмыс жасайды. Экспорттаушы .swf файлға 8-ден 160 kBps дейінгі компрессия деңгейі әсер етеді, ол Publish Settings терезесінде көрсетіледі. Flash AIFF, WAV және MP3 форматындағы дыбыстық файлдарды экспорттайды. Web дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады [6].
Қазіргі таңда web дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы, қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т.б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программа-құралдарының кең таңдауын, html- және java кодтарын қолданады. Dreamweaver MX - бұл өңдеуші бір салада жұмыс жасай алатын, тез құрастырып, жүзеге асырып және Web-сайтқа және визуальды редактірлеу құралдарын пайдаланып Интернет - қосымшаға қызмет көрсете алатын, қосымшаларды өңдеу және кодты тез жазу интегралды шешімде біріктіріліп жүзеге асырылған қосымша болып табылады [5].
Adobe Flash - өте қуатты, сонымен қатар қолданыста қарапайым, интерактивтілікті ұстанатын векторлы графика негізінде анимациялық жобалар жасаудың құралы. Flash-программаның негізгі құралы ретінде векторлық графиканы алуы мультимедианың барлық негізгі элементтерін (қозғалу, дыбыс, видео, объектілер интерактивтілігі) іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар дайын программаның көлемі минималды және олардың жұмысының қорытындысы қоданушының экранына қарамайды - ал бұл интернет-проекттерге қойылатын ең негізгі талаптардың бірі. Flash-тің ең басты артықшылығы - аз көлемді, әсем анимацияланған, динамикалық иинтерактивтік беттерді дайындау мүмкіндігі, ал оны интернетте қолдануға өте қолайлы. Мұның бәрі векторлық графика және ақпаратты сығудың мықты алгоритмдері арқылы жүзеге асады.
Flash суретшілер мен дизайнерлер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Wordpress бағдарламасына түсінік беру
Заманауи мобильді технологиялардың адам өмірінің әртүрі салаларына қарқынды түрде енуі және мобильді қосымшаларды қолдану
Веб сайт жасаудың кезеңдері
Оқыту орталығына арналған бағдарламалық қосымша әзірлеу
Web - беттерде мәтінді ұсыну
Жобаны құрудың әдістемесі
Қазіргі WEB технологиялар
WEB - САЙТ ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАР ТУРАЛЫ
Интернет дүкен туралы
Сайт дизайнын жасау
Пәндер