Ақпараттық жүйенің ұғымы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
КІРІСПЕ: 1 ЖОБАЛАУ НЫСАНЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
3: 5
КІРІСПЕ: 1. 1 Пән аймағын сипаттау
3: 6
КІРІСПЕ: 1. 2 Басқару жұмыстарын автоматтандыру мәселелері туралы
3: 8
КІРІСПЕ: 1. 2. 1 Ақпараттық жүйенің құрамды бөлшектері
3: 8
КІРІСПЕ: 1. 3 Автоматтанған жұмыс орындарын құру теориясы
3: 10
КІРІСПЕ: 1. 3. 1 ДК негізіндегі АЖО нұсқаларын таңдау
3: 10
КІРІСПЕ: 1. 3. 2 Ақпараттық жүйенің ұғымы
3: 15
КІРІСПЕ: 2 ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫН БЕЛГІЛЕУ және негіздеу
3: 15
КІРІСПЕ: 2. 1 Объекті-негізделген бағдарламалауға жалпы сипаттама
3: 22
КІРІСПЕ: 2 АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫН жобалау
3: 27
КІРІСПЕ: 2. 1 Есептің қойылуы
3: 27
КІРІСПЕ: 2. 2 Техникалық сипаттамасы
3: 38
КІРІСПЕ: 2. 3 Ақпарат: құрылымы, түрлері, қасиеттері
3: 38
КІРІСПЕ: 2. 3. 1 Бағдарламалау ортасында қосымшаны құру жолдары
3: 38
КІРІСПЕ: 2. 4 Қолданушы инструкциясы
3: 41
КІРІСПЕ: 3 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ және тіршілік қауіпсіздігі
3: 43
КІРІСПЕ: 4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК ЕСЕБІ
3: 63
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
3: 65
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3: 66
КІРІСПЕ: Қосымша А
3:
КІРІСПЕ:
3:
КІРІСПЕ:
3:


КІРІСПЕ

Жобаның көкейкестілігі. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес прогрессивті технологияларды және оқыту жүйелерін жасау мен енгізу жоғары білім берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі болып табылады.

Ақпараттық технологиялар дамуының белсенділігінің артуы мен олардың қоғам салаларына тереңінен енуі дайын өнімдерді, интеллектуалды міндеттерді жеңілдетудің сапалы дамуын талап етеді. Жаңа технологиялардың оқыту процесіне енгізілуін студенттің шығармашылық, интеллектуалды дамуын арттыру деп түсінеміз. Толық жетілген жасанды интеллект құру адамзат алдына қоғамның барлық бағыттарында жаңа мүмкіндіктер береді. Жасанды интеллект - мақсаты қолданушыға компьютер көмегімен өз мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін аппараттық-бағдарламалық құрал жасау болып табылатын информатиканың бір саласы болғандықтан, жасанды интеллектуалды жүйелер құрудан және оларды игеруде сапалы білім беру бүгінгі талап. Даярлау - қандай да бір сала бойынша қажет білім беру, оқыту болса, ал жетілдіру - білімді, шеберлікті арттыру, артық жасау. Сонда бұл екі процесс барлық жаңашылдықтарды оқу процесінде ескеру керек екендігін меңзейді.

Компьютерлік жүйелерді бағдарламалауда жасанды интеллект әдістері жиі қолданылып келеді. Жасанды интеллектіні іске қосу адам интеллектісінің айтарлықтай жеңісі деп саналады. Интеллектуалды бағдарламалар құру қарапайым бағдарламалар жазылуынан айтарлықтай ерекшеленіп, жасанды интеллект жүйелерін құру жолымен жүзеге асырылады. Жасанды интеллект жүйелерінің негізгі айырмашылық белгісі - біліммен жұмыс істеу болып табылады. Егер өзге бағдарламалар үшін алгоритмнің берілгендерін сипаттау бағдарламалау тілі деңгейінде шешілсе, жасанды интеллект жүйелері үшін біліммен жұмыс жасау кешенді мәселелерге әкеледі: қандай білім қолданылады, жүйеде база түрінде қандай білімдер сақталған, оларды қалай қолдану керек, қалай толықтыру керек, т. б. Қазақстанның жоғары оқу орындарында жасанды интеллект және оның салалары бойынша мамандықтар ашу немесе пән ретінде жетілдірілген түрде оқыту елдің өнеркәсібін, ақпараттандыру саласын дамытуға айтарлықтай ықпал етеді.

Жасанды интеллект технологияларымен жұмыс iстеу, тек алгоритмдiк процедурамен ғана шектеліп қоймай, сонымен қатар ЭЕМ мен студенттiң коммуникативтiк байланысын, студенттiң өзiн-өзi басқару белсендiлiгi мен жауапкершiлiгiн дамытуға ықпал ете отырып, оның интеллектуалдылық дәрежесінің қалыптасу процесiне әсер етеді. Оқу процесімен қатар, өндірістің бар салаларында кең қолданыс тапқан бұл жүйе әлі де зерттеулерді, тәжірибе жасап, оларды қоғамда тереңдеп енгізуді талап ететіні анық.

Интеллектуалды жүйелердің адам қызметiнде кеңiнен қолданылуы педагогика ғылымында да «кәсiби бағыттылық мәнiнiң» кешендi анықтамасына педагогикалық, психологиялық тұрғыдан қарап, оның ақпараттық мәнiн қарастырады. Оқытудың дәстүрлi принциптерi мен заңдылықтарын қазiргi нақты талаптар, мүмкiндiктер мен жағдайларға оңтайландыра және шығармашылықпен қолдану арқылы негiздей отырып, кәсiби даярлығы жоғары, нарықтық қатынас жағдайында еңбек етуге қабiлеттi, қоғамда маңызды интеллектуалды мәдени позицияда тұратын мамандарды даярлау жоғары мектеп алдындағы көкейкестi мәселе. Осы орайда интеллектуалды жүйелер бойынша жоғары оқу орнында даярлау мәселесі ерекше мәнге ие болады.

Осы дипломдық жобада электр энергиясын есептеу мақсатында жасалған бағдарлама сипатталады.

Дипломдық жобаның мақсаты бағдарламалау көмегімен электр энергиясы есебін жүргізуші инженердің автоматтандырылған жұмыс орнын жетілдіру. Жетілдірілген бағдарлама кәсіпорынның электр энергиясын тұтынуды есептеудің қарапайым және ыңғайлы құралы болып табылады. Ол электр энергиясын есептеумен айналысатын қызметкерлерге арналған.

Зерттеу нысаны - электр энергиясын тіркейтін кәсіпорын.

Зерттеу пәні - АЖО құру.

Электр энергиясын есепке алу бойынша әзірленген жобаның құрамына MS Access-тегі 6 кесте және Delphi 7-де орындалған 14 пішін интерфейсі кіреді. Деректерге қол жеткізу үшін ADO технологиясы қолданылады.

3 ЖОБАЛАУ НЫСАНЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

3. 1 Пән аймағын сипаттау

Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялармен информатиканың көкейкесті бағыттарының бірі - компьютерлік технологиялардың интеллектуалдануы болып отыр. Шығыс философиясы тұжырымдағандай адам өмірі тек бүгіннен ертеңге қадам жасамай, кей мағынада алғанда ол ертеңнен бүгінге де қарай қарау болады екен. Бүгінде ғылымның дамуы осы тұжырымның орындылығын біртіндеп нақтылап келеді. Біздің зерттеу пәнімізге байланысты адамның ойлау қабілетін модельдейтін және соған байланысты есептерді шешетін жасанды құралды табу идеясы ерте заманнан ғалымдарды ойландырған мәселе. Ол туралы алғаш рет Р. Луллий ХІV ғасырда түсініктердің жалпы классификациясы негізінде есептерді шешетін машина құрастыруды ойлаған. Орта ғасырлық жазулардың өзінде-ақ сөйлеуге, тіпті қозғалуға қабілетті автоматтар туралы қиял туындылар кездеседі. Орта ғасырда және одан кейінгі біршама уақытта табиғатты сезіне алатын гомункулдар (кішкене жасанды адам) туралы айтылған. Өндiрiстiң салаларын механикаландыру, автоматтандыру, кибернетикалық құбылыстарды, компьютерлер мен роботтарды қолдану еңбек мазмұнындағы функционалдық өзгерiстердi туғызды, яғни қол еңбегi азайып, оның орнына ой еңбегiнiң үлесi көбейдi, ал техниканың соңғы буындары ой еңбегiнiң бөлiктерiн де өзi атқаруда. Бiрақ бұдан «өндiрiсте адам еңбегi мүлдем жойылады» - деген ұғым тумауы керек, алайда ғылыми-техникалық даму барысында еңбек функциясының өзi түрленiп отырады. Осылайша қоғам дамуы тудырған талаптарға сай үзіліссіз дамып келе жатқан интеллектуалды техникаларды меңгеру әрине жоғары оқу орындарында мамандар даярлаумен тығыз байланысты. Кәсiби даярлығы жоғары, еңбек нарығының қатаң талаптары жағдайында еңбек етуге қабiлеттi етіп даярланған мамандар қашанда сұранысқа ие болады. Осы орайда жоғары оқу орындарында интеллектуалды жүйелерді оқытудың мәселелері туындайды.

Қазіргі таңда бүкіл әлемде болып жатқан кең ауқымды қайта құрулар ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) қарқынды дамуына байланысты. Ғаламдық ақпарат қоғамның Хартиясында (Окинава) атап көрсетілгендей, «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жиырма бірінші ғасыр қоғамының қалыптасуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Олардың революциялық әсері адамдардың жүріс-тұрысына, олардың біліміне және жұмысына, сондай-ақ үкімет пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынасына қатысты болып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлемдік экономиканың қарқынды түрде дамуына маңызды стимул болып отыр». Көптеген дамыған және дамушы елдер АКТ-ң дамуы мен таратылуы алып келетін зор артықшылықты түсініп отыр. Ақпараттық қоғамға қозғалыс - бұл адамзат өркениетінің болашағына жол болатындығы ешкімді де күмән туғызбайды.

Қазақстан өз егемендігін алған сәтінен бастап, әлемдік қауымдастыққа ықпалдасу позициясынан нақты орын алды, өзін өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін тең деңгейдегі халықаралық кооперацияның мүшесі ретінде ғана емес, сонымен қатар ақпараттық қоғамды құрудың белсенді қатысушы екенін көрсетті.

Қазақстанның «индустриалды» қоғамнан «ақпараттық қоғамға» өтуі ақпараттық теңсіздікті жеңуі, Қазақстандағы азаматтық қоғам мен демократиялық дәстүрдің дамуына, ақпараттық теңсіздікті еңсеруге байланысты. Бұл міндеттерді шешу тұрақты экономикалық өсуді, қоғамдық жағдайдың көтерілуін, демократияны нығайту саласында әлеуметтік келісімді ынталандыру, ашық және жауапты басқаруды, адам құқығы және бүкіл әлемде Қазақстанның саяси және экономикалық тұрақтылығын нығайтуда және Қазақстанның азаматтарының тең дәрежеде ғаламдық ақпараттық қоғамдастыққа енуін қамтамасыз ететін мақсаттарға жету негіз болып табылады. Республикада жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ғаламдық желідегі Интернеттің ақпараттық сегментін, оның рөлін және қазақстандық қоғамда алатын орны туралы түсінікті қайта қарауды талап етеді.

Бұған елді тұрақты компьютерлендіруден ақпараттандыруға және Интернеттің ғаламдық желісінде Интернет-Қазнеттің (бұдан әрі - Қазнет) қазақстандық сегментінің бірыңғай дамыған ақпараттық кеңістігін құруға өту әрекеті негіз болып отыр.

Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігін дамыту осы үдеріске көптеген қатысушылардың қызметін үйлестіруді талап ететін салааралық, ведомоствоаралық және мемлекеттік міндеттер болып табылады. Мұндай үйлестірулер тек қажетті әрекеті мен олардың тізбегін анықтайтын және негіздейтін бірыңғай тұжырымдамасының негізінде болуы мүмкін.

Тұжырымдама Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістікке орнықты, жоспарлы, қауіпсіз және тиімді қозғалысын қамтамасыз етуге арналған шаралар кешенін әзірлеуге, Қазнетті дамыту үшін негізгі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және техникалық-технологиялық алғы Шарттары мен жағдайын, оның динамизмі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясаттың ережелері мен басымдығын айқындауға бағытталған.

Жаңа ақпараттық қоғамның негізін қалаушы сипаттамаларының бірі оның ғаламдық сипаты болып табылады. Жаңа ақпараттық қоғамды қалыптастыру үдерісінде біртіндеп ақпарат тарату және алмасу тәсілдері мен әдістері жаңартылады, уақыт үнемделеді, ұлттық шекаралар мен кедергілер бұзылады, әлемдік ақпараттық кеңістігінің, экономика, сауда, қаржы, адамзат өмірінің басқа салаларының құрылымы түбірімен өзгереді, адамдардың көзқарасы мен адамзат құндылықтарының интенсивті гомогенизациясы, мәдениет пен мәдени моделдердің эмбебаптығы (ықшамдау) байқалынады, динамизмі жылдамдатылады, бәсекелестік күшейе түседі.

Қазіргі әлемдік даму кезеңінде ғаламдық ақпараттық интернет желісі бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістігінің ең көлемді және жаппай жайылған сегменті болып табылады. Сонымен бірге, уақыт өте, ғаламдық ақпараттық интернет желісі ақпарат алу және алмасудың, сондай-ақ жаппай пайдаланушылардың коммуникациясы үшін ең қол жетерлік құралы болғаны айдан анық.

Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынынының көбеюі кезеңінде өмір сүруде. Бұл экономика, әлеуметтік және басқару саласында айқын байқалады. Нарықтық қатынас ақпараттың уақтылы берілуіне, шынайылығына, толықтығына жоғары талаптар қояды, мұнсыз маркетингтік, қаржы - кредиттік, инвистициялық іс әрекеттер тиімді жүргізілмейді. Ақпаратқа түрлендіруші, анықтаушы қасиет тән. Информатика индустриясын құру және ақпараттық өнімнің тауарға айналуы -қоғамда терең әлеуметтік өзгерістерге алып келеді. Ақпарат материалдық өндірістен әлеуметтік салаға дейінгі қоғамның барлық салаларын қамтиды.

Адам шаруашылығының ақпараттық процесстерінің сапалы атқарылуы қазіргі заманғы дербес электронды есептеуіш машиналарын, телекоммуникация жүйелері мен электронды есептеуіш машиналарының желілерін құруға байланысты болып табылады. Осыған байланысты қоғам ақпараттандырудың бірқатар мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешуі қажет.

3. 2 Басқару жұмыстарын автоматтандыру мәселелері туралы

3. 2. 1 Ақпараттық жүйенің құрамды бөлшектері

Ақпарат жүйесі бақа да жүйелер секілді элеметтерден түзелетіндіктен де, ол элементтер басқару үрдісіндегі есептерді шешуде әр түрлі функцияларды атқарады. Элементтер өз ерекшеліктеріне қарай және сол ерекшеліктеріне сәйкес ақпарат жүйесін өңдеу мен жобалауға қарай бөлінеді.

Атқарушы бөлімдер немесе ішкі жүйелер әдетте басқару жүйесінің атқару үлгісі ретінде сипатталынады. Атқарымдықүлгі арқылы кеңістік пен уақыт бойынша объектінің ішкі қызметтері мен есептері бейнеленеді. Осы үлгі мен оған қойылатын талаптар арқылы басқару объектісінің құрылымы қалыптасады.

Дегенмен, бір объект үлгіні тұрғызу мүмкін емес. Сол себепті, басқару жүйесінің жалпы үлгісі келесі белгілер бойынша бөлінеді:

- үлгінің динамикалық қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету үшін басқару деңгейлеріне байланысты;

- үлгінің сызықты емес қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету үшін өндірістік сипатқа байланысты.

Басқару деңгейлеріне байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үлгілер негізінен былай бөлінеді:

- басқару объектісінің дамуын болжау;

- басқару объектісінің келешекке арнап жоспарлау;

- басқару объектісінің құрылымын ұйымдастыру;

- басқару объектісінің қызметін ағымдық жоспарлау;

- басқару объектісінің қызметін жедел реттеу;

- басқару объектісінің қызметін есептеу, бақылау және талдау.

Өндірістік сипатқа байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үргілер былай бөлінеді:

- ғылыми - зерттеу немесе тәжірибелік жұмыстарды басқару;

- объектінің өндірістік құрылымын қалыптастыруды басқару;

- негізгі өнімді өндіруді басқару;

- объектінің қосымша - қызмет көрсетуші өндірісін басқару;

- көлік үрдісін басқару;

- негізгі қорларды пайдалану үрдісі мен өндіріс қуатын басқару;

- математикалық - техникалық жабдықтауды басқару;

- еңбек қорларын басқару;

- өнім өткізуді басқару;

- объектідегі қаржы-қаражат жабдықтарын басқару;

- басқарушы жүйенің дамуы мен атқарылуын басқару.

Ақпарат жүйесінің жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер атқарымдық бөлімінің әрекет етуі үшін немесе басқару, шешу үшін қажет.

Жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер келесі түрде бөлінеді:

- ақпараттық жабдықтау;

- техникалық жабдықтау;

- математикалық жабдықтау;

- бағдарламалық жабдықтау;

- ұйымдастырумен жабдықтау;

- лингвистикалық жабдықтау;

- құқықтық жабдықтау;

- эргономикалық жабдықтау;

Жабдықтау бөліміндегі ішкі жүйелер әрқайсысы өз алдына бөлек тақырып болғандықтан, олар туралы тереңірек мағлұмат басқа пәндерде қарастырылады. Дегенмен, жабдықтаушы бөлімдегі ішкі жүйелердің қысқаша сипатын төмендегідей қарастыруға болады:

- ақпараттық жобалаудың негізгі міндеті - басқарылатын объектіні сипаттайтын динамикалық ақпаратты тұрғызып, ұдайы жаңартып отыру;

- техникалық жабдықтау - ақпарат жүйесінің атқарымдық және жабдықтаушы бөлімдеріндегі ішкі жүйелерін қамти отырып, оларды жұмыс істетумен қамтамасыз ететін барлық техникалық жабдықтар жиынтығын құрайды;

- математикалық жабдықтау деп - жүйедегі есептерді шешіп, ақпаратты өңдеуде қолданылатын математикалық әдістер мен үлгілер, тәсілдер қарастырылады;

- бағдарламалық жабдықтау - ақпарат жүйесін жобалау (тұрғызу) мен жұмыс істеуге арналған әдістер мен жабдықтардың, шаралардың жиынтығы;

- лингвистикалық жабдықтау - есептеу техникасы арқылы ақпаратты өңдеу тиімділігін көтеру мен адам және компьютер арасындағы қатынасты жеңілдету мақсатында мәтіндерді сығу және жою әдістерін, кәдімгі тілді қалыптастыру ережелері мен тілдік жабдықтардың бірігуін бейнелейді;

- құқықтық жабдықтау -ақпарат жүйесінің тұрғызылуы мен қызметін және ұйымдастырылуын реттейтін сұрақтар мен нормативтік актілерді, сондай-ақ жүйеге қатысты мамандардың құқықтары мен міндеттрінің және жауапкершіліктерінің бірігуін сипаттайды;

- эргономикалық жабдықтау - ақпарат жүйесіндегі адам қызметінің тиімділігін қолдап, көтермелейтін әдістермен жабдықтардың бірігуі.

Ақпарат жүйесін қашанда дамып отырған жүйе болғандықтан оған сәйкес ақпарат жүйесі де дамып, жетілдіріп отыруы тиіс.

Жүйенің даму барысы зерттеу, талдау, жобалау, қолдануға ендіру және қолдау сатыларынан тұады. Бұл сатылар кейде, яғни прототипті әдіс қолданылғанда, бір уақытта қатар жүргізілуі де мүмкін.

Бұл сатылардың әрқайсысы өңделу нәтижесінде мақсатты өнімді қалаптастырады.

Жүйелік зерттеулер сатысында (1 саты) жүйенің жүзеге асырылу мүмкіндігі туралы қорытынды тұжырымдалып, келесі сұрақтар қарастырылады:

  • Мәселе шынымен де қажет пе, немесе оны басқа жолдармен шешуге болама?
  • Жаңа ақпараттық жүйе тұрғызылғаны қолайлы ма?
  • Оны шынымен де жүзеге асыру мүмкін бе?

Жүйелік зерттеулер стратегиялық барлау қызметін атқарып, бұл сатыда өзекті болып отырған мәселе бар ма, оны болашақ жүйе шеше алама және ол қандай болуы қажет деген сұрақтарға да жауап беріледі. Ол үшін зерттеушілер жүйені жоспарлаудың стратегиясын таңдап, орындау мүмкіндігін меңгереді, әрі орындалу мүмкіндігі туралы есеп береді.

Ұйымның мүддесін қолдайтын жүйені жоспарлаудың стратегиясын таңдау барысында ұйымның ерекшелігімен танысу және қарастырылатын мәселеге ұқсас немесе оған дайын жобалардың сипаттамасымен танысу жүргізіледі.

Жүйенің орындалу мүмкіндігін меңгеру кезінде оны тұрғызуға кететін үлкен шығындар мен ұзақ уақыт мерзімі ақталатындай болуы тиіс, яғни келесі жұмыстар жүргізіледі:

  • Қолданушының ақпараттық тұтынушылығын алдын ала анықтау;
  • Жаңа өңдеуді жасаудың мүмкіндігін анықтау немесе қолданылып жүрген ақпараттық жүйені жетілдіру мүмкіндігін анықтау;
  • Өңдеу жоспарын тұрғызу.
  • Жүйенің орындалу мүмкіндігі туралы есеп беруде зерттеу нәтижелерін құжаттандыру және алдын ала зерттеу нәтижелерін қолданушылар мен жетекшілер назарына ұсыну шаралары жүргізіледі.
  • Ондағы есеп беру құжаттарында:
  • Ұйымдастырушылық, яғни ұсынылатын ақпараттық жүйенң мүмкіндіктері мекеменің стратегиялық жоспарымен сәйкес болуы;
  • Экономикалық, яғни мүмкін болатын шығындарды, инвестицияны зайтып, кірісті көбейту;
  • Техникалық, яғни техникалық құралдар мен бағдарламалардың сенімді, келешекке арналған, қорғалған, керек мезетінде қолданылуы секілді мүмкіндіктердің болуы;
  • Амал жасау немесе қолданушыға өз мәселелерін шешуде нәтиделі қызмет етуі баяндалады.

Жүйелік талдау сатысында (2-саты) жаңа ақпараттық жүйенің жобалау негізінде қолданушының ақпараттық тұтынушылығы тереңірек қамтылады. Сатының қорытынды өніміне - жаңа ақпараттың жүйе қойылатын жүйелік талаптардың құжаттандырылуы жатады.

Жүйелік талдауда келесі адымдар қарастырылады:

  • ұйымдастырушылық ауқымды таңдау адымы. Бұл адымда жүйені тұрғызушылар тобы ұйымның қызметін, ерекшеліктерін, басқару құрылымы мен әдістерін, ішкі бөлімдердің байланысын, қызмет барысындағы ақпараттың алмасу қозғалысын және т. б жақсы меңгерулері қажеттігі ескеріледі;
  • қолданылып жүрген ақпараттық жүйелерді талдау адымының қажеттілігі, бұрыннан қолданылатын жүйелердегі барлық жабдықтаушы бөлімдердің (ақпараттық, бағдарламалық, математикалық, тнхникалық) ерекшеліктері меңгеріліп, метаақпаратты жинау, ұйымдастыру, сипаттау және мағынасына зер салу жұмыстарының атқарылуы мен сипатталады;
  • жүйе талаптарын талдау сатысында зерттеуші басқару есептерін шешетін негізгі типтік әдістерді білуі тиіс. Жүйе талдаушы маман өзі тұрғызғалы отырған жүйенің атқарымдық ерекшеліктерін де жетік меңгеруі керек;
  • жаңа ақпараттық жүйеде не қамтылуы тиіс екендігін қарастыратын жүйелік талап адымында бұрыннан қолданылып жүрген жүйелер мен жаңа жүйені талдауда шатаспайтын сақтық қажет;
  • келесі, жаңа жүйеге қойылатын талаптарды құжаттандыру адымы. Ол аналитикалық материалдарды қорытындылап, жаңа ақпараттық жүйеге қойылатын атқарымдық талаптарды құжаттарда сипаттайды. «Жүйеге қойылатын талаптар» немесе «Атқарымдық талаптар» құжаттары ақпараттық бөлім мамандары жұмысының негізі болып есептеледі. Сонымен бұл адамда жаңа жүйеге қор (ЭЕМ, құралдар мен байланыс жабдықтары, бағдарламалар, мәліметтер қоймасы, мамандар және т. б. ), енулер (ақпараттық қайнар көздер, мәліметтерді жинау әдістері, ену әдістері, мәліметтер көлемі және т. б. ), өңдеу, шығу, сақтау және мәліметтерді басқару тараптарымен қисынды байланысқан және құжаттандырылған талаптар қойылады.

Жүйелік жобалау сатысы (3-саты) - мағынасы мен өңдеушілерге қойылатын талаптары бойынша күрделі саты. Бұл сатының мақсаты - жүйелік ерекшеліктерді өңдеу.

«Жүйеге қойылатын талаптар» немесе «Ақпараттық талаптар» құжаттарды мәліметтерді өңдеушілер үшін жобалаудың бастамасы болып, жүйелік ерекшеліктерді өңдеу - жүйелік жобалау сатысының мақсаты болып келеді. Ал жүйелік ерекшеліктер - оның өнімі болып, келесі төртінші саты - жаңа жүйені ендіру сатысы үшін негізгі құжат ретінде қарастырылады. Мұндағы ерекшеліктерге:

  • қолданушылар интерфейсінің ерекшеліктері;
  • мәліметтер қоймасының ерекшеліктері;
  • бағдарламалық жабдық ерекшеліктері;
  • компьютерлік жабдықтар мен қызмет көрсету жабдықтарының ерекшеліктері;
  • мамандар ерешеліліктері;
  • жүйелік ерекшеліктері жатады.

Осы ерекшеліктер мазмұнына жекелеп тоқталайық. Қолданушылар интерфейсі ерекшеліктерінің мазмұнына қолданушыларға бағытталған ақпараттық объектілер: дидар (экран) форматы, интерактивті пікір алысу форматы мен адымдарды, ену-шығу құжаттарының барлық түрі жатады.

Мәліметтер қоймасының ерекшеліктеріне - концептуальді және сыртқы нобайлар, құрылымы мен құрамы, сөздік пен сәйкестік кестесі, енулерді басқару әдісін сипатталу саналады.

Бағдарламалық жабдық ерекшеліктері - сатып алынуғы тиісті бағдарламалар пакетін, ақпараттық өнімді қалыптастыру үшін өңделген қолданбалы бағдарламаларды, үрдестерді басқарушы және бақылаушы программаларды қамтиды.

Компьютерлік жабдықтар мен қызмет көрсету жабдықтарының ерекшеліктері - компьютерлік жабдықтар, байланыс жабдықтары, көмекші материалдар мен жабдықтар бойынша сипатталады.

Жүйелік құжаттар ерекшеліктерінің мазмұны жобалаудағы барлық тараулар бойынша жүйелік құжаттар тізбегімен, ақпараттың жүйені қолданушылар мен техникалық мамандарға арналған барлық технологиялық нұсқауларды қамтиды.

Жүйелік жобалау сатысы ақпараттық жүйені жұмысшы жобасын қалыптастыру мен аяқталып, ол жоба ерекшеліктерді және қолданушыға арналған нұсқауларды сипаттайды. Жобалау барысында логикалық және физикалық жобалаулар мен жүйелік ерекшеліктер адымдары болады.

Логикалық және физикалық жобалаулар мәліметтер қоймасын жобалауға тығыз қатысты. Мәліметтер қоймасы қолданбалы ақпарат жүйесін жобалау барысында ұдайы назарда болып, бұл жерде ақпараттық объектілерді, олардың құрылымын және ондағы элементтердің өзара байланысын сипаттауды тауып, әрі қалыптастыру басты жағдайға саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық жүйе ұғымы туралы
Ақпараттық жүйелер. Ақпараттық жүйенің есептері
Ақпарат ұғымы, түсінігі
Қазақстан Республикасының компьютерлендіру және ақпараттандыру деңгейі
Медицинадағы ақпараттық технологиялар
Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері
Ақпараттық жүйелер ұғымы
«Педагогикалық менеджмент» оқу-әдістемелік кешені
Информатиканың философиялық негіздері
Информациялық энтропия. Энтропия құпиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz