Жердің кадастрлық құнын бағалау
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
С. Сейфуллин атындығы Қазақ агротехникалық университеті
Наржигитов Б.М
Жер учаскелерін кадастрлық бағалау
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В090800 - Бағалау мамандығы
Нұр-Сұлтан 2021

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Қорғауға жіберілді
Кадастр және бағалау
Кафедра меңгерушісі
___________ Г.К.Құрманова
___________ 2021 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Жер учаскелерін кадастрлық бағалау
5В090800 - Бағалау мамандығы
Орындаған Наржигитов Б.М.
Ғылыми жетекшілері
э.ғ.к., доцент Құрманова Г.К.
магистр аға оқытушы Оразай А.О.
Нур-Султан 2021
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ҚеАҚ
Факультет: Жер ресурстарын басқару, сәулет дизайн Кафедра: Кадастр және бағалау
5В090800 - Бағалау мамандығы
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі
._______________ Құрманова Г.К.
қолыаты-жөні
_________________
(күні, айы, жылы)
Тапсырма
дипломдық жобаны (жұмысты) орындау бойынша
студентке
Наржигитов Бахтжан Мухитович
Жоба тақырыбы: Жер учаскелерін кадастрлық бағалау
30 11 2020 ж. № 1729-Б бұйрығымен бекітілген
Студенттің аяқталған жобаны тапсыру мерзімі: 14.06.2021 ж.
Жобаға бастапқы деректер:
Жер кадастры және жерге төлем түрлері жайлы ақпарат.
Жер учаскелерінің құнын бағалау түрлері.
Жердің кадастрлық құнын бағалау
Есептік-түсіндірме жазбаның мазмұны (әзірленетін мәселелер тізбесі)
Кіріспе;
1 тарау. Жер кадастры және жерге төлем түрлері туралы шолу;
2 тарау. Жобалау объектісіне сипаттама;
3 тарау. Жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау;
Қорытынды.
Графикалық материалдың тізбесі (міндетті сызбаларды дәл көрсете отырып) ___________________________________ _________________________________
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30 тамыз 1995 жыл.
2. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, 2012 жылғы 14 желтоқсан.
3. Қазақстан Республикасының Жер кодексі, 20 маусым 2003 жыл. 26.07.07 жылы толықтырулар енгізілді.
4. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын бекіту туралы 2003 жылғы 20 қыркүйектегі № 958 қаулысы.
5. Қазақстан Республикасының Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақысының мөлшерін бекіту туралы 2007 жылғы 22 мамырдағы № 408 қаулысы
6. Жылжымайтын мүлік тозуын анықтауға арналған ережелер 2000 жылғы 17 сәуірдегі №70 ҚР Әділет Министрлігінің тіркеу Комитетінің Төрағасының бұйрығымен бекітілген.
7. Қазақстан Республикасының бағалау Қызметі туралы заңы 30 қараша 2000 ж.
8. Бағалаудың халықаралық стандарттары, 2003 ж
9. Жұманазаров Қ.Б., Кенжебаев Н. Ә. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау: Оқу құралы. - Астана, 2008. - 164 бет.
Жоба бойынша консультанттар (жобаның тиісті бөлімдерін көрсете отырып)
Бөлім
Кеңесші
Бақылау
мерзімі
қолы
Кіріспе
Курманова Г.К.
Оразай А.
30.11.2020-
15.12.2020 ж
Негізгі бөлім
Курманова Г.К.
Оразай А.
15.12.2020-
25.03.2021 ж
Қорытынды
Курманова Г.К.
Оразай А.
25.03.2020-
25.04.2021 ж
Тапсырманың берілген күні: 30.11.2020
Экономика ғылымдарының докторы, доцент: Курманова Г.К. ____________
Жобаның жетекшісі ___________________________________ _________
Қолы, аты-жөні, лауазымы
Тапсырманы студент орындауға қабылдады Наржигитов Б.М.
(студенттің қолы аты-жөні )
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
1 Жер кадастры және жерге төлем түрлері туралы шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8
1.1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жер кадастрының мақсат, мазмұны және қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
8
1.2 Жерге төлем түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12
1.3 Жер учаскелерін кадастрлық құнын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
18
2 Жобалау объектісіне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
21
2.1 Астана қаласының тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
21
2.2 Әлеуметтік-экономикалық жағдайға сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
23
2.3 Астана қаласы жер қорының сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24
3 Жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
25
3.1 Жер учаскелерін кадастрлық бағалау (1-нұсқа) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
25
3.2 Жер учаскелерін нарықтық бағада белгілеу (2-нұсқа) ... ... ... ... ... ... .. ...
28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
32
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
33
Кіріспе
Жер ресурстары - бұл кез келген елдің ұлттық байлығы, халықтардың әлеуметтік - экономикалық қолайлығының негізі. Оның өзі Қазақстан халқының игілігіне, болашақ ұрпақтарына пайдалану тиіс. Осы қағиданың негізінде, елдің бүкіл жер қорын тиімді, әрі қолайлы пайдалануды және де қорғауды қамтамасыз етуге арналған жер ресурстарын басқарудағы мемлекеттің алатын орны мен рөлі туындайды. Нарықтық экономика жағдайында жер тек жылжымайтын мүлік объектісі ғана емес, табиғи ресурсы, өндіріс құралы кеңістік базисі.
Осы орайда, айтарымыз ауыл шаруашылығы жеріне жеке меншік енгізу турасындағы мәселеге біздің еліміз аяқ астынан тап болып отырған жоқ. Бұл шешімге эволюциялық жолмен, яғни өтпелі кезең жағдайына сәйкес өзінің жер жөніндегі заңдылықтарын бірте-бірте жетілдірумен бірге, оларды нарық қатынастарына бейімдей отырып жетіп отыр. Біз социолистік экономикадан нарықтық экономика жүйесіне бағыт алғаннан бастап, жер қатынастарына өзгеріс енгізудің объективтік қажеттілігі пайда болды. Жер реформасын жүргізу үшін жер қатынастарын реттеу жолында алғашқы шыққан Жер кодексі, Жер реформасы туралы, Шаруа қожалықтары туралы, Жер салығы туралы, т.б. заңдар арқылы жер реформасының жүргізудің бағыттары белгіленді, жерде мемлекеттік емес шаруашылықтардың құрылуына жол ашылды, жерді төлем ақылы пайдалану мәселесі, жер салығы енгізілді, жер құнын бағалайтын әдістемелер бекітілді.
Жерге жеке меншікті енгізу ең маңызды мәселелердің біріне айналды. Ал оны шешу үшін Конституцияға өзгеріс енгізу қажет еді.
Міне, осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің Заң Күші бар Жер қатынастарын реттеуді одан әрі жетілдіруге қатысты Жарлықтары қабылданып, ТМД елдерінің жер туралы заңдарының тарихында алғашқы рет Қазақстанда жер пайдалану құқығын сату институты енгізілді.
Міне, тек осы сәттен бастап республиканың жер заңдылықтарын нарық экономикасына шынайы бейімдеу шаралары басталды, жер нарығы мен оның нарықтық бағасын қалыптастырудың алғашқы белгілері пайда болды.
Алайда, жер қатынастарын реттеу мен жерге меншік түрін енгізудің түбегейлі шараларын айқындау 1995 жылғы Конституция мен Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жер туралы Жарлығы қабылданғаннан кейін барып мүмкін болды. Соған сәйкес, жекелеген жер санаттарына жеке меншікті енгізудің негізі мен шарттары және шектері белгіленді.
Жер қатынастарын дамытудың жаңа кезеңі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншік құқығын заңды түрде бекіткен және жерге меншіктің әртүрлі нысандары жағдайларында аграрлық секторда жер құқық қатынастарын реттеу нормаларын белгілеген 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексімен байланысты.
Бұл ретте жеке меншік құқығындағы секілді, жер пайдалану құқығында да жерді пайдалану мүмкіндігі қарастырылады. Яғни, жеке меншікті енгізу жер учаскелерін тек жеке меншік құқығында алу міндеттілігін көздемейді. Екі институт қатар жұмыс істейді: жеке меншік және жер пайдалану құқығы.
Заңда аграрлық сектордың әлеуметтік факторлары ескеріледі, яғни жер учаскелерін меншікке берудің икемді жағдайлары белгіленген:
толық кадастрлық құны үшін;
жеңілдетілген баға бойынша;
төлеу мерзімін ұзарту.
Жер құнының әділ бағасы, экономиканың дұрыс жұмыс істеуі мен дамуының маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Көптеген елдерде жердің құны мемлекет пен жер иелерінің және жерді пайдаланушылардың арасындағы жер мәселесін реттейтін негізгі механизм ретінде саналады.
Жер құқығы қатынасының өзгеруі, жылжымайтын мүлік объектісі ретіндегі жер учаскесінің заңнамалық анықтамасы, нарықтық экономика шарттарына, яғни оның құқықтық және фискальды бөлігіне сәйкес келетін жер кадастрын құруды қажет етеді.
Жер учаскілерінің кадастрлық құнының республика қалалары үшін маңызы зор. Атап айтқанда, жер учаскілерінің кадастрлық құны туралы дұрыс ақпарат алу үшін, жер бағасы бойынша қатынастар мен әдістерді жетілдіру қажет.
Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамасына сәйкес, жер учаскесінің кадастрлық (бағалық) құны жер учаскесіне төленетін негізгі мөлшерлемеге сәйкес анықталады.
Жер учаскесіне төленетін негізгі мөлшерлеме - жер учаскесінің кадастрлық бағалық құнын анықтайтын негіз, атап айтқанда, экономикалық жағдайларда жер рентасының орташа мөлшерінің мәнін білдіретін, жердің нормативтік бағасы.
Көкшетау қаласы бойынша бағалардың динамикасын талдау барысында, жылжымайтын мүлік бағасы ғана емес, сондай-ақ оның бір бөлігі болып келетін жер бағасының да өскені байқалды, бұл қолданыстағы негізгі мөлшерлемені білуді қажет етеді.
Дипломдық жұмыс Астана қаласы Есіл ауданы жерлерінің кадастрлық құнын анықтау тақырыбы бойынша жасалды.
Бірінші бөлім: жер учаскелерінің бағалық құнын анықтау бойынша теоретикалық негізден тұрады.
Екінші бөлім: бағалау объектісінің сипаттамасын қамтиды.
Үшінші бөлім: бағалау объектісінің, бағалық құнын анықтау ұсыныстарын көрсетеді
Жер кадастры және жерге төлем түрлері туралы шолу
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жер кадастрының мақсат, мазмұны және қағидалары
Қазақстан Респуликасының 2003 жылғы Жер кодексінің 152 - бабына сәйкес мемлекеттiк жер кадастры Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi болып табылады. Мемлекеттiк жер кадастрына жер учаскелерiне құқықты субъектiлер туралы ақпарат та енгiзiледi.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастры мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды жер және жекелеген жер учаскелері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес жер мемлекет меншігінде. Бірақ жер заңында белгіленген шегінде жер жеке меншікте бола алады. Заңға сәйкес меншік иесі жерді келісім баға бойынша сатуға, жарна ретінде шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына беруге және жер учаскесін кепілдікке беруге, сый ретінде тартуға, мұралыққа қалдыруға құқылы. Жер кадастрының мазмұны және оны жүргізудің белгіленген тәртібі еліміздің барлық аймақтарына міндетті. Мемлекеттік жер кадастрының объектісі Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік жер қоры болып саналады.
Қазақстанда жер мемлекеттің меншігінде болғандықтан, оған барлық жер қорының табиғи, құқықтық, шаруашылық жайы туралы мәліметер қажет. Экономикалық тұрғыда жерді өндірістің ең басты құралы ретінде есепке алу, бағалау туындайды. Мемлекттің даму жоспарларын, бағдарламаларын, бол-жамдарын ғылыми негіздеп құру үшін оның материалдық мүмкіндіктерін білу керек. Осы жағдай адам қорын, материалдық, табиғи қорларды (соның ішінде, әсіресе, жердің маңызы зор) есепке алу қажеттілігін туындатады.
Жер қорын ұтымды және тиімді пайдалану - халық шаруашылығының маңызды мәселесі. Ол халық шаруашылық салалары арасында жерді дұрыс үлестіруді, қоғамға керек ауыл шаруашылығы өнімін толық алуды, топырақ-тың құналылығын сақтауды және жүйелі түрде жоғарлатуды көздейді. Ұйым-дастыру-шаруашылық қызметін атқара отырып, мемлекет біріңғай жер қорын басқаруды жүзеге асырып, жер кадастрына ерекше мемлекеттік мәнді береді.
Жер кадастрын жүргізудің ең маңызды шарты координаттардың, биік-тіктердің, картографиялық проекциялардың, классификатор, код, кіру және шығу форматтарының біріңғай мемлекеттік жүйесін қолдану жолымен ақпаратты өзара сәйкетендіру принципін қамтамасыз ету болып табылады.
Кадастр мәліметтері топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, карто-рафиялық, жерді үйлестіру, инвентаризациялық топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеу мен іздестіру жұыстарын жүргізу арқылы қалыптасады. Кадастр мәліметтерін есепке алу, сақтау бірлігі белгіленген тәртіппен жер құқығы қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілген, тұйық шекарада бөлінген жер учаскесі болып табылады.
Кадастр мәліметтерін, бірінші кезекте жерді тіркеу мәліметтерін мемле-кет тек қана жер қорын басқаруды әрі қарай дамыту мүддесінде емес, сонымен қатар жерге ресми мемлекеттік меншікті жүзеге асыру, қорғау мақсатында, сондай-ақ жер пайдаланушылар, иеленушілердің құқықтарын қорғауда қолданады. Сондықтан жер кадастры мәліметерінің құқықтық маңызы да зор.
Мемлекет жерді кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға, азаматтарға пайдалануға, иеленуге беретіндіктен, кадастрлық мәліметтер жерлердің нысыналы, ұтымды пайдалануын, қорғалауын мемлекеттік тұрғыда бақылауды жүзеге асыру үшін керек.
Кадастр сөзі (латын. capitastrum) салық салынатын заттар тізімі деген ұғымды береді. Осыған байланысты әуелгіде кадастр деп салықтана-тын заттардың тізімі тіркелген кітап (реестр) аталды. Бұл кітаптар есепке, бағалауға алынған объектіге байланысты жер, су, орман және т. б. кадастры деп бөлінді. Сонымен, біржақты түсінікте жер кадастры - жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте - жерге салық салу үшін жер туралы мәліметтерді мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әрекеттер жүйесі. Кадастрдың басқа түрлерінен жер кадастры өзінің объектісімен (жер - өндіріс құралы және материалдық игіліктердің қайнар көзі) ерекшеленеді. Жер кадастры әдістемесінің ерекшелігі жердің ерекшеліктерімен себептеледі. Ол ерекшеліктер келесідей:
Қоғам өмірінде жер еңбектің жалпы заты және шарты болып келеді. Ол қай болмасын өндіріс процесінің шарты. Бірақ оның ролі қоғам өндірісінің әр түрлі саласында бірдей емес. Өндеуші өнеркәсіпте және құрылыста ол ерекше қойма ретінде қаралады. Ауыл шаруашылығы жер тек қана өндіріс процесі жүзеге асырылатын орын ғана емес, еңбектің заты және құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында - өндірістің ең басты құралы.
Жер кеңістікте көлем бойынша шектелген және ештенемен ауыстырыла алмайды. Өндірістің басқа құралдары өнімділік күштер даму барысында сан жөнінде өзгере алады, ескіргендері жаңа, жетілдірген, экономикалық тұрғыда ұтымды құралдарға ауыстрыла алады.
Жерді құрал ретінде пайдалану оның кеңістік орнымен және ол орынның тұрақтылығымен байланысты. Басқа құралдарды әр орындарда пайдалануға және бір орыннан басқа орынға жылжытуға болады.
Жер өндірістің мәңгі, ауыстырылмайтын құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығында жер өндірістің ең басты құралы болып, өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиетімен, құнарлығымен сипатталады. Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасы төмендемейді, керісінше - жақсартады, сөйтіп, оның құнарлығы жоғарлайды.
Жердің айрықша ерекшелігі - ауыл шаруашылық өндірісінде оны пайда-лану сипаты. Жерде көптеген ауыл шаруашылық дақылдардың түрлері өсірі-леді.
Жердің осындай ерекшеліктері жер кадастрының мазмұнын, оны жүргізу әдістерін және тәсілдерін алдын ала есептейді. Жалпы жер кадастрына келесі әрекеттер тән:
Жерді есепке алу;
Жерлерді баяндау;
Жерлерді бағалау.
Жерлерді есепке алуда алқаптардың кеңістік жайы, олардың көлемдері, құрамы және сапасы анықталады.
Жерлерді баяндауда олардың жаратылыс-тарихи және экономикалық қасиеттері анықталып жазылады.
Жерлерді бағалауда жердің өндіріс құралы ретінде құндылығы және пайдалылығы анықталады.
Кадастрдың осы аталған әр әрекеті өзінше бірқарат техникалық тәсіл-дерден тұрады. Ал олар барлығы бірге жердің санына, сапасына, негізгі қасиеттеріне, нышандарына ең толық сипаттама береді және шаруалау, салық салу объектісі ретінде салыстырмалы құндылығын көрсетеді. Кадастрды жүргізуде әр әрекеттің маңызы туралы сұрақ әр кезеңде және әр елде әр түрлі қойылған. Бір жағдайда кадастрде ең басты көңіл жерлерді есепке алуға, басқа жағдайда - жерлерді жаратылыс-тарихи немесе экономикалық баяндауға, ал үшінші жағдайда - жерлерді бағалауға немесе әрекеттерді қалай болса да үйлестіруге бөлінген. Барлық жағдайларда жер кадастрының құрамдық бөліктері болып, жерлердің сөзсіз есепке алу және бағалау жататын. Міндетті түрде жерлердің кеңістік жайлары ескеріледі. Сондықтан әр елде әр уақытта жүргізілген жер кадастрлары бір-бірінен мазмұны және жүргізу техникасы, ұйымдастырылуы бойынша ерекшеленеді. Кадастрдың барлық әрекеттері бірден және бір уақытта пайда болып жүргізілген емес. Қоғамның ең ертедегі даму сатыларында жерлер тек қана есепке алынса, кейіннен оларды бағалау басталды.
Жерді есепке алу қажеттілігі оны адам тамқтану үшін пайдалана бастағаннан (егіншілік пайда болғанда) туындады. Егіншіліктің және мал шаруашылығының дамуы бірінші кезекте оларды пайдалану сипаты (жыртылған жер, жайылым), яғни, алқаптардың түрлері бойынша есепке алуды талап етті.
Жер кадастры салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болды. Уақыт өте кадастрдың құқығын рәсімдумен байланысты болды және сол арқылы пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.
Қоғамның даму кезеңдері басында негізінен жер көлемдері туралы мәліметтер тіркелген болатын. Содан кейін алқаптар және олардың сапалық күйі бойынша есепке алу қажеттілігі пайда болды. Содан соң алқаптарды топырақ және құнарлылығы бойынша сипаттай бастады. Жер кадастры мәліметтерін тек мәтіндік құжаттарда ғана белгілей бастады. Сапасына қарай топырақтар топтарға (кластарға ) бөлінді. Көне ескерткіштер бірнеше жүздеген жылдар бұрын жерді және топырақтарды сапасы бойынша топтастыру туралы мәліметтерден тұратын жер кадастрының болғандығын куәландырады.
Қазіргі қабылданған есепке алу тәртібінің айырмашылығы - есепке алудың жеке бірлігіне жер учаскесін қосу. Бұның себебі, жер реформасын жүргізу нәтижесінде мемлекеттік заңды тұлғалар да жерді пайдаланушы және иеленуші субъектілер болып саналады. Сонымен қатар жаңа жағдайда - басқа есепке алу бірліктерін қолдануда - жер кадастрлық квартал, жер пайдалану және иеленетін жер, аудан, облыс деп қолданған дұрыс.
Кадастрда әр жер учаскесі үшін физикалық сипаттамалар келтіріледі. Олар учаскені кеңістікте бөліп көрсетеді, оның орнын, мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жерді құндық бағалауға мүмкіндік береді. Жер учаскелері туралы мәліметтер жер кадастрында да келтіріледі - оның кадастрлық нөмірі, орны, шекарасы, жазулары айқындалады.
Негізгі кадастрдың мақсаты - кадастр жүргізілетін жер учаскесі, аудан, облыс жерлерінің табиғи, құқықтық, шаруашылық жағдайы туралы алғашқы мәліметтерді алу. Мұнда алқаптардың көлемі, құралы, сапалық сипаттамасы, жерлердің пайдаланылуы, шығындар және т.б. мәліметтерден тұратын құжат-тар, материалдар жинақталып, олар түгелденеді, талданады. Керек болса толық және сенімді мәліметтерді алу мақсатымен қосымша жұмыстар орында-лып, материалдар түзетіледі. Осы мәліметер негізінде мемлекеттік жер кадас-тры құжаттарына алғашқы жазу түсіріледі.
Жер кадастрында тағы арнайы есептік құжат жүргізіледі. Ол текстік құжатқа жатады. Оған қосымша картограммалар, диаграммалар, жоспарлы-картографиялық материалдар тіркеледі. Жер кадастрының әр сатысында - жер учаскесі, кәсіпорын, аудан, облыс, республикалық мәліметтер бойынша белгілі байланысы бар тиісті құжаттар толтырылады. Қосымша кадастрлық құжатта негізгі жер кадастрлық құжатта бар материалдарға қосымшалар және түсініктемелер келтіріледі. Мағлұматтарды алу және кадастрлық құжатты толтыру үшін алғашқы құжаттардың мәліметтері пайдаланылады. Оларға тү-сіру және зерттеу, жоспарларды түзету материалдары, түгендеу, жерді үйлес-тіру, орманды үйлестіру, мелиорация және т.б. мәліметтер жатады. Жер ка-дастрының кейбір бөліктерін жүргізу үшін қажетті кадастрлық құжаттардың және материалдардың, жұмыстардың түрлері:
Жер учаскелерін тіркеу - заңдық және нормативтік құжаттар, жер учаскелеріне құқықтарды рәсімдеу және табыстау тәртібі, құжаттар-дың рәсімі, жерлерді бөліп беру, шекараларды, аудандарды, алқап құралдарын, бөлінуі, ауытрпалықтарын және пайдаланудағы басқа шектеулерді анықтау, картографиялық жұмыстар;
Жерлерді есепке алу - тіреку мәліметтері, есепке алу және есеп беру құжаттары, картографиялық мтериалдар, бонитеттеу, жерлерді бағалау мәліметтері, жер учаскелері, санаттары, алқап түрлері, құқық субъектілері бойынша есепке алуды жүргізу;
Жерлерді бағалау - жерлерді аймақтау, топырақтарды бонитет-теу, жерлерді бағалау әдістемесі, жерлерді есепке алу мәліметтері, топырақтық геоботаникалық зерттеу, ізденіс материалдары;
Жер кадастрының автоматтандырылған жүйесі - компьютерлік техникамен қамтамасыз ету, жекешелеп оқыту, кадастрлық жұмыстар-дың барлық түрлерін бағдарламамен қамтамасыз ету.
Халық шаруашылығының барлық саларына нарықтық қатынастардың енгізілуіне байланысты бір айырмашылық - жер кадастрының барлық байламдарында ғарыштық, аэротүсіру негізінде жер мониторингісін жүргізу, жер кадастрында автоматтандырылған ақпарат жүйесін қолдану, жетілген өлшеуіш, талдаушы аспаптар, жаңа техникалық құралдар, технологиялар қолданып, барлық процестердің автоматтандырылуы.
Қазіргі жер кадастрына оның міндеттерінің күрделілігі мен объектісінің ерекшеліктеріне себептелген көп қызметтілік тән. Сондықтан Қазақстан Рес-публикасының мемлекеттік құрамын келесі өзара байланысты байламдарға бөлуге болады: құқықтық, қаржылық, көп қызметтік.
Жер кадастрының құқықтық байламының негізін жер учаскелеріне құқықты куәландыратын құжаттарды беру мен кейін тіркеу және жер құқы-ғына қатысты барлық мәліметтерді тұрақты өзгертуді пайдалануда оның бөлінуін, бөлінбеуін, шектеуін, сервитут сияқты ауыртпалықтарды анықтау құрайды.
Жер кадастрының қаржылық байламы жер үшін төлемді ипотекалық кредиттеу, жер учаскелерін және жерді пайдалану құқығын сату мөлшерін анықтау үшін жүргізіледі.
Жерге төлем түрлері
Материалдық игіліктің қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түрде алу қажетілігінен тарихи жер кадастры туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды. Салықтар - тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуымен пайда болды. Салықтың экономикалық мәні - шаруашылық сбъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылғандығында. Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Азаматтың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.
Қазақстан Республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына да, міне, он бес жылдың жүзі болды. Осы кезең аралығында салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді. Меншіктегі, тұрақты жер пайдаланудағы немесе бастапқы уақытша өтеусіз жер пайдаланудағы жер учаскілеріне Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жер салығы салынады.
Қазақстан Республиасы Конституциясының 35 - бабында Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады деп атап көрсетілген.
Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржылан-дырудың негізгі көзі болып табылады. Салықтар - мемлекет біржақты тәртіп-пен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.
Салық - белгілі бір объектілерден, белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асыры-латын бюджетке төленетін міндетті төлем. Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп көрсетілген. Натуралдық нысанда төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық ретінде төленеді [4, 10].
Салықты тек мемлекет қана белгілейді. Мемлекеттік органның ешбір салықты бекітуге және енгізуге құқы жоқ. Салық мемлекеттің белгіленімі болып саналады. Осы белгісі арқылы басқа да міндетті төлемдерден ерекшеленеді. Сондықтан көптеген мемлекеттің салық заңдарында салықты былайша қарастырады:
біріншіден, салықты уәкілдік берілген мемлекеттік орган ғана бекіте алады;
екіншіден, салықты белгілеу белгілі бір заң немесе нормативтік-құқықтық актілермен қатаң түрде жүзеге асырылады;
үшіншіден, осы қабылданған құқықтық акт белгілі бір тәртіпке сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республиасының Салық кодексінде салық міндеттемесіне бы-лайша түсініктеме берілген: Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұруға, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептілігін жасауға, оны белгіленген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті. Жер салығы нақтылы салықтарға жатады.
Мемлекет уақытша өтеулі пайдалануға (жалға) берген жер учаскелері үшін жер учаскелерін пайдалану төлемақысы алынады .
Жер учаскелерін пайдалану төлемақысының есептеу және жергілікті бюджеттің кірісіне төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.
Меншікке салынатын салықтарға жер салығы да жатады. Жер салығының экономикалық маңызына тоқталамыз. Бұл салық түрін жергілікті бюджетке түсетіндіктен жергілікті салықтар ретінде қарастырылады.
Жер - белгілі бір өлшемдігі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Адамзат жерді пайдалану арқылы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырып келеді. Қазақстан Республикасының кең байтақ жері бар.
Жер салығы 1992 жылы енгізілді.
Жер салығын енгізу мынадай мақсаттарды көздейді:
экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану;
тұлғаларды жерге орналастыру;
жердің құнарлығын арттыру;
жерді қорғау жөніндегі шараларды енгізу үшін төлемдер төлеу;
аумақтың әлеуметтік-мәдени даму үшін бюджет кірістерін қалыптастыру.
Жер салығы - жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға сәйкес есептеледі.
Төлемақы - белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін міндетті төлем. Төлемақының 9 түрі бар, 2005 жылы төлемақыға өзгеріс енгізілді. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақыға қосымша ретінде қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы төлейді.
Төлемақының түрлері:
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
Жер бетіндегі көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.
Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
7.1.Қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін (2005 жылы 1 қантардан).
8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
9. Сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырғаны үшін төлемақы.
Енді жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының экономикалық мазмұнына тоқталып өтейік.
алған және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
Төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасының жер заңдарында сәйкес белгіленеді. Бұл орайда, төлемақы ставкалары жер салығы ставкаларың мөлшелерінен кем белгіленбейді.
Төлемақысы сомасы - жер ресурстарын басқару жөніңдегі аумақтық уакілетті органмен жасаған өтімен төлеп уақытша жер пайдалану шартының негізінде есептеледі. Төлемақының жыл сайынғы сомалары жер резурстарын басқару жөніңдегі аумақтық уакілетті органдар жасаған есп-қисаптарды белгіленеді. Шарт талаптары, соңдай-ақ Салық кодіксінде белгіленген жер салығын есептеудің тәтібі өзгерген жағдайдарда жер резурстаррын басқару жөніңдегі аумақтық уакілетті орган төлемақы сомаларының есеп-кисаптарын қайта қарайды. Салық кезеніңде төленуге тиіс төлемақы мөлшері есеп-кисаптарды қорсетілген төлемақы ставкаларына және жер учаскесін салық кезеңінде пайдалану кезеңіне қарай белгіленеді.
Төлемақы мөлшелері - Салық кодексіне сәйкес осы жер учаскесі бойынша есептелген жер салығының сомасынан кем болмайтындай мөлшелерде белгіленеді.
Төлейдің белгіленген мерзімдерінен кейін өтемі төленетін уақытша жер пайдалануға мемлекет жер учаскелерін берген жағдайлада, төлеудің келесі (кезекті) мерзімі төлемақыны бюджетке енгізудің алғашқы мерзімі болып табылады.
Мемлекет өтемін төлеп уақытша ақы төлеп жер пайдалануға жер учаскелерін төлемнің соңғы мерзімінен кейін берген жағдайларда, жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдың 20-күні бюджетке төлем төлеу мерзімі деп есептеледі.
Өтемін төлеп уақытша жер пайдалану шартының мерзімі біткен немесе салық қезеңі басталғаннан кейін ол бұзылған жағдайда, қалған мерзім үшін бюджетке енгізілуге тиіс төлемақы сомысы шартың қолданылу мерзімі аякталған күннен бастап он бес күннен кешіктірілмей төленеді.
Төлемақы сомасы жер учаскелерінің орналаскан жері бойынша бюджетке енгізіледі.
Арнаулы салық режимі қоданалатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңда тұлғалар үшін арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді қопағанда, ақы төлеушілер, жер учаскелерініңорналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдығы төлемдер ақысы сомасының есебі мен декларацияны табыс етеді.
Төлеушілер ағымдағы төлемдер сомасының есеп-кисабын есепті салық қезеңінің 15 ақпанынан кешіктірмей табыс етеді.
Салық кезені басталғаннан кейін өтемін төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар шарт жасалғаннан кейінгі айдаң 15-інен кешіктірмей ағымдағы төлемдер сомасының есп-кисабын табыс етеді.
Жер учаскелерін пайдалану төлемақысы бойынша деклорацияны төлемақы төлеушілер есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
Бірінші салық кезеңінде ағымдағы төлемдер сомасының есебімен бірге жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық уәкілетті органмен жасалған өтемін төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарттың нотариат арқылы куәландарылған көшірмесі табыс етіледі.
Уақытша жер пайдалану құқығы
Жер учаскесі азаматтар мен заңды тұлғаларға уақытша ақылы жер пайдалану жалдау немесе уақытша ақысыз жер пайдалану құқығымен берілуі мүмкін.
Егер ҚР Жер кодексімен және Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгіленбесе уақытша ақысыз жер пайдалану құқығы 5 жыла дейінгі мерзімге табысталады.
Уақытша ақылы жер пайдалану құқығы қысқа мерзімді 5 жыла дейін және ұзақ мерзімді 5 жылдан 49 жыла дейін болуы мүмкін.
Уақытша жер пайдалану құқығын табыстау мерзімдері жер учаскесіне берілетін құқықты оның нысаналы мақсатын және аумақты аймақтарға бөлуді ескере отырып белгіленеді.
ҚР Жер кодексіндегі көзделген жадайларды қосапағанда сондай-ақ шартты бұзу тәртібі оның өзінде көрсетілген жағдайларда, атқарушы органдардың уақытша жер пайдалану шарттарын біржақты бұзуына жол берілмейді (ҚР ЖК 35-бабы).
Уақытша ақысыз жер пайдалану құқыгы
Жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұғлаларына уақытша ақысыз жер пайдалану құқығымен мына жадайларда берілуі мүмкін:
- шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшін
- тұрғын халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшін
- мемлекеттік жер пайдаланушыларға
- бақша өсіру үшін
-қызметтік жер телімі үшін
-ортақ пайдаланатын жолдарды салу, мемлекеттік меншіктегі және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілер құрылысы кезеңінде
- тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру кезеңінде
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен үйлерді (үй-жайларды) және ғимараттарды уақытша ақысыз пайдалануға беру кезінде
- ғибадат объектілері үшін
- ҚР Жер кодексінде және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де жағдайларда.
Уақытша ақысыз жер пайдалану мерзімі жер учаскелерін қызметтік жер телімі түрінде және тозған әрі бүлінген жерді қалпына келтіру үшін берілетін жағдайларды қоспағанда, бес жылдан аспауға тиіс.
Уақытша ақысыз жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерін иеліктен шығаруға, соның ішінде оларды кейінгі жер пайдалануға беруге жол берілмейді (ҚР ДЖК 36-бабы).
Мемлекеттен уақытша ақылы ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын сатып алған ҚР ЖК 37-бабының 5-тармаында аталандардан басқа мемлшекеттік емес жер пайдпланушылар өздеріне тиесілі жер учаскесін немесе олардың бір бөлігін жалға қосалқы жалға немесе уақытша ақысыз пайдалануа беруге құқылы егер ҚР Жер кодексінде өзгеше белгіленбесе жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органға хабарлай отырып жер учаскесі меншік иесінің келісісінсіз жер учаскесін жалға беру шартының мерзімі шегінде өздеріне тиесілі уақытша жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға да құқылы.
Аталған жағдайларда жалдау құқықытарын кепілге беруді қоспағанда жер учаскесінің жаңа жалға алушысы жалға берушінің алдында жер учаскесін жалдау шарты бойынша жауапты болады.
Жалға берілетін жер учаскесін үйлердің құрылыстар мен ғимараттар меншік иелері сатып алатын жағдайларды қоспаанда мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін сату кезінде осы жер учаскесін жалға алушының ортақ меншік құқығындағы үлесін бөгде тұлаға сатуы үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіденген тәртіппен оны сатып алуға басым құқығы болады.
Уақытша ақылы жер пайдалану құқығы шаруа фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz