Сапалық сын есімдер


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

А. Құнанбаев атындағы Саран жоғарғы гуманитарлы-техникалық колледжі

Абай өлеңдеріндегі сын есім сөздердің қолданылу ерекшелігі

Қазақ тілі пәнінен курстық жұмыс

Орындаған: ҚтӘ- 9-17 тобының

студенті Ибраева Сәния

Ғылыми жетекшісі: Күленбаева А. И.

Курстық жұмыс қорғаған

Бағасы

Хаттама № __ « ___» 20 ж

Саран 2021

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .: І. Сын есімнің жалпы сипаттамасы
3: 5
КІРІСПЕ . . .: 1. 1Сын есімнің семантикалық топтары мен шырай категориясы . . .
3: 6
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Сын есімнің стильдік қолданысы . . .
3: 11
КІРІСПЕ . . .: ІІ. Абай өлеңдеріндегі сын есімнің қолданылу ерекшеліктерін талдау . . .
3: 15
КІРІСПЕ . . .: 2. 1Абай өлеңдеріндегі сын есімнің семантикасына қарай топтастырылуы . . .
3: 16
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Абай өлеңдеріндегі сын есімнің стильдік қолданысы . . .
3: 22
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 26
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 28

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Сын есім - қазақ тіліндегі негізгі сөз таптарының бірі. Сөздерді таптастыру ұстанымдары бойынша сын есімнің жалпы грамматикалық мағынасы - сындық белгі. Сындық белгі зат есімнің түрлі сындық қасиеттерінен, сындық сипатынан құралады. Бүгінгі таңдағы басты мәселе - білім саласы болғандықтан, оның ішінде қазақ тіліндегі сөз таптарының ауқымдысы, тек қазақ тілінде емес, әдебиетте де орын табатын сын есімнің орны маңызды. Қазақтың бас ақыны - Абай Құнанбайұлының өлеңдері қай кезде болмасын өз мәнін жоғалтпайтынындай, ақын өлеңдеріндегі сын есім сөздердің қолданылу ерекшелігін де талдау өзекті. Сын есім деп заттың әр түрлі сыр-сипатын (түрі-түсін, сапасын, көлемін, салмағын т. б. ), қасиеттерін тікелей не басқа заттың қатысуы арқылы білдіретін сөздер аталады. Мысалы, жақсы, жаман, тоғайлы, елсіз, көңілшек, жазғы, қысқы, жеңіл, сүйық, ауыр, әдемі т. б. Бұл мысалдардағы жақсы, жаман, сұйық, ауыр, әдемі деген сын есімдер негізгі лексикалық мағынасы арқылы заттың сындық белгісін білдірген. Ал, тоғайлы, елсіз, көңілшек, жазғы, қысқы деген сын есімдер заттың белгісін білдіруге тоғай, ел, көңіл, жаз, қыс зат есімдерін қатыстырған. Сын есім заттың тұрақты белгісін білдіреді, мысалға, үлкен үй болса, ол біресе үлкен, біресе кіші болып өзгеріп тұрмайды, сондықтан сын есім заттың өзіне тән түрақты белгісін білдіреді. Зат есімдердің мағынасы шындық өмірдегі заттармен тікелей байланысты болғандықтан, олар денотатты мағыналы сөздер саналады да, сын есімдер денотатсыз мағыналы сөздер саналады, яғни сын есімдер заттың белгісі ұғымын білдіреді [1] . Сындық белгі өмірде заттан бөлек, өзінше орын алып, көрініс таба алмайды. Сондықтан сын есім сөздерді орыс тілінде денотатсыз сөздер деп санайды. Осымен байланысты сын есім өзі белгісін білдіретін зат атауымен тіркесте қолданылады.

Курстық жұмыстың зерттеу нысаны ретінде Абай Құнанбайұлының өлеңдеріндегі, лирикасындағы сын есімнің жасалу ерекшелігі негіз етілді. Сонымен қатар, ақынның шығармаларының сын есімнің стильдік, бейнелік құбылыстарын кеңінен тарқата зерттеймін.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты - қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы, хәкім Абайдың өлеңдеріндегі сын есімнің мәнін ашу болып табылады. Сол арқылы танымал тұлғаның қаламгерлік нысанасын зерделеу. Ақын әлеміне ену, ізденіс арналарына назар аудару, тақырыпты меңгеру, сын есімнің жасалуындағы көркемдік амал-тәсілдерді қолдану мүмкіндіктеріне зер салу болып табылады.

Осы мақсатқа жету барысында төмендегі мәселелерді негізгі назарда ұстау міндет етілді:

  • Абай өлеңдеріндегі сын есімнің сипатын әр қырынан зерттеу және зерделеу;
  • Ақындық өнерін тақырып табиғаты, жанрлық-көркемдік жүйесі, тіл-стиль сипаттары аясында қарастыру;
  • Ақын лирикасындағы сын есімнің категориялары мен семантикалық бөлінісі негізінен саралау.

Сын есімдердің мағыналық топтары, оның теориялық мәселелері, жасалу тәсілдері біршама зерттелгенмен, сын есімдердің көркем шығарма, яғни ақын стиліндегі семантикасы әлі де болса зерттелінбей, көңіл бөлуді қажет ететін келелі мәселелердің бірі.

Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы мен практикалық мәні: Абай лирикасындағы сын есімдердің жасалу ерекшеліктері мен стильдік құбылыстарының мәні лингвистикалық талдауға түседі. Зерттеу жұмысына алынған нәтижелер қазіргі қазақ поэзиясының зерттеулерін толықтырып, одан әрі дамытуға өзіндік үлесін қосады.

Ақын ойын көріктендіріп, әріне әр қоса түсуде сын есімдер өзінің құрылымы жағынан ғана емес, мағынасы жағынан да ақын поэзиясынан өзіндік орын алады, сын есімдердің мағыналық түрлері өлеңдерінде де жиі кездеседі. Сондықтан олардың ақынның қолданысындағы мағынасын айқындау және нақты мысалдармен дәлелдеу үшін талдау барысында сын есімдердің тек сыртқы формасы ғана алынбай, әрбір сын есімнің мазмұнына да, өзінің байланысатын сөзімен тіркесу ерекшелігіне де көңіл бөлінеді.

Курстық жұмыста қолданылған әдісте р: жүйелеу мен жинақтау, сипаттау мен тұжырым жасау, салыстырмалы талдау мен кешенді түрде қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы . Бұл курстық жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Сын есімнің жалпы сипаттамасы

Қазақ тіл білімінде сын есім өзіндік түр мен сипатқа ие, семантикалық, грамматикалық я морфологиялық жағынан сөз түрлендірушілік мәнде кездеседі. Ол тіркесіп келіп басқа сөз табымен байланысқа түсе алады. Осыған байланысты оны өзіндік ерекшелігі бар сөз табы деп айтуға болады.

Сын есім дегеніміз - семантикалық жағынан заттың, құбылыстың сапасын, белгісі мен түр-түсін білдіретін сөздерді айтамыз.

Оның өзіндік белгілері де бар. Мәселен:

  • заттың түрі мен түсіне байланысты сөздерді жатқызуымызға болады. ақ, боз, қызыл сияқты сөздерді мысал етуімізге болады
  • заттың көлемдік, аумақтық белгісін, сынын білдіретін сөздерді айтуымызға болады. мысалы: мол, ауыр, берік, жүйрік сөздерді айта аламыз.
  • заттың сапалық сипатын білдіреді. Мысалы, ашық, әдемі сияқты сөздерді жатқыза аламыз.
  • заттың дәм, иіс сипатына қарай байланысын білдіретін сөздерді айта аламыз.

Әуелден сын есімнің табиғи қызметі - ешқандай өзгеріске түспей-ақ зат есіммен тіркесіп, заттың әртүрлі қызметін сындық белгісін анықтау. Мысалы: Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс, жаман тәртіп әдетке айналса - қырсық. Мұндағы жақсы, жаман сөздері тіркесіп келіп, сындық белгіні атқарып тұр.

Ал сын есімді грамматикалық не морфологиялық жағынан сипаттайтын болсақ - сөз түрленбейтін сөз табы деп айтсақ қателік емес. Оның ішінде шырай тұлғалары сын есімге тән түрлену жүйесі емес, сын есімнің бір ғана мағыналық тобына, сапалық сын есімге ғана тән, ал қатыстық сын есімдерге шырай тұлғалары жалғанбайды. Мәселен, шалықтайсың қарлы Алатау тіркесін алар болсақ, осындағы қарлы сөзі шырай жұрнақтары арқылы жалғана алмайды.

Сын есімге септік, тәуелдік, көптік жалғауларының бірі жалғанар болса, онда ол субстантивтеніп, зат есімнің орнына жұмсалады. Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек деген Абай өлеңінде жамандар сөзі заттанып тұр.

Сын есімнің синтаксистік қызметі - зат есіммен сөз байланыстырушы тұлғаларсыз, орын тәртібі арқылы қабыса байланысып анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы Абайдың Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй өлеңінде әсем, тәтті сөздері анықтауыш қызметін атқарып тұр.

Сын есім етістікпен синтаксистік қатынаста жұмсалғанда адвербиалды яғни үстеу мәнінде келіп, пысықтауыш болады. Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ (Абай) . Осындағы албырт сөзі жоғарыда айтылғандардың дәлелі.

Заттанған сын есім атау септік тұлғасында тұрып бастауыш қызметін атқарады. Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық (Абай) . Осындағы қара сөзі заттанған сын есім қызметінде келген.

Жоғарыдағы талдауларды қорыта келгенде, сын есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі анықтауыш формасында тұруы. Оның сын есім сөз табы болғанымен маңызды семантикалық белгісі осы анықтауыш қызметі. Сонымен қатар, сын есім басқа сөз таптарымен сөйлем мүшесі болып тұрып, қызмет атқарады. Сөзімізге дәлел ретінде, сын есім септік жалғауымен келіп заттанып кетуі, атау септікте тұрып бастауыш, ал етістікпен тіркесіп пысықтауыш күйінде де жұмсала береді. Бұл айтылғандар сын есімнің басқа да қызметте қолданысқа ие екендігін аңғартады.

1. 1Сын есімнің семантикалық топтары мен шырай категориясы

Семантикалық жағынан сын есімдер екі топқа бөлінеді:

1) сапалық сын есім;

2) катыстық сын есім.

Сапалық сын есімдер. Сапалық сын есімдер қатыстық сын есімдерден айырмашылығы, білдіретін мағынасына қарай болады. Сапалық сын есімдер семантикалық жағынан заттың әр алуан сын-сипатын, сапалық белгілерін, түр-түсін білдереді және де шырай тұлғаларымен түрлене алады. Сонымен қатар, сапалық сын есімдер қосымшасыз тұрып, семантикасы жағынан тікелей заттың сынын білдіре алады. Мәселен, Абайдың мына өлеңдерінен байқай аламыз:

Терей ой, терең ғылым іздемейді.

Өтірік пен өсекті жүндей сабап.

Жақсы ат пен тату жолдас бір ғанибет,

Ыңғайлы, ықшам киім аңшы адамға [2, 36] .

Осындағы терең ой, терең ғылым, жақсы, тату сөздері жоғарыда айтылған ереженің дәлелі.

Сапалық сын есімнің морфологиялық сипаты - шырай тұлғаларымен түрлене алатынын да ұмытпауымыз керек. Мысалы:

Жұп-жұмыр ақ торғындай мойыны бар (Абай) . Осындағы жұп-жұмыр сөзі шырай тұлғаларымен түрленіп келген.

Сапалық сын есімдер негізінен түбір сөздер болып та келе береді. Олардың қатарындағы сөздердің біразы тарихи жағынан туынды түбірлер де, түбір мен қосымшаның жігі ажырамастай бірігіп кеткендерін де кездестіріп жатамыз. Мәселен, қызғылт, ұзақ, ұзар деген сөздердегі туындылық әуелден түбірлес екенін түсінуімізге болады. Осында үлке-ю сөзін де жатқызуға болады. Сондай-ақ ашық, толық, ақылды, қараңғы сөздеріндегі түбірлер аш, тол, ақыл, қараң деген түбірлерден жасалынып кеткен.

Жоғарыда айтылған сын есімдерге, шырай тұлғалары үстеле алып, сапалық сын есімдердің шырай категориясын жасай алатын болған: ашық-ашығырақ, ашықтау, тым ашық сияқты сөздерді айта аламыз.

Қатыстық сын есімдер. Қазіргі қазақ тіліндегі қатыстық сын есімдер деп - белгілі бір заттың, қимылдың сынның қатысы арқылы білдірілетін сөздерді жатқызуымызға болады.

Қатыстық сын есімдер көбінесе жұрнақтар арқылы жасалады. Яғни басқа сөз таптарынан жасалатын туынды сөздерді қатыстық сын есім дейді. Мәселен:

Желсіз түнде жарық ай, сәулесі суда дірілдеп (Абай) . Бұл мысалдағы желсіз сөзі тынық түн мәнінде нақытланып айтылып отыр.

Көптеген сапалық сын есімдер қимыл мәнде келіп, қатыстық сын есімдер үстеу қызметінде жұмсалады.

Бетті бастым, қатты састым. Осындағы қатты сөзі - сапалық сын есім.

Қатыстық сын есімдер морфологиялық құрамы бойынша сөзжасамның қосымшалар арқылы жасалып, туынды немесе күрделі сөздерден құралады.

Мағыналық жағынан қатыстық сын есімдер заттың сынын білдіре отырып, белгілі бір сапалық заттың екінші бір затқа, я ұғымға қатысын немесе сондай сапаның жоқтығын, яғни заттың түрі мен түсіне, сыры мен сынына, я ішкі қасиетіне, сол сияқты мекен мен мезгіліне байланысты сындық ұғымдарды білдіретінін естен шығармау керек.

Сонымен, қазақ тіліндегі -лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті, -лык/-лік, -дык/-дік, -тық/-тік, -ғы/-гі, -қы/-кі, -сыз/-сіз, -шыл/-шіл, -и, -паз, -қой, -ық/-ік, -ғыш/-гіш, -шақ/-шек, -ғыр/-гір, т. б. сөзжасам қосымшалары зат атауын білдіретін немесе есім мәнді және қимылды білдіретін сездерге жалғанып, сол сездің мағынасына қатысты ол ұғымдардың бар, я жок, соған бейімділік, мекендік т. б. тәрізді сезжасамдык (деривациялық) мағына тудырады да, ол екінші бір затқа қатысы болу аркылы қатыстық сын есім болады. Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол - ақынның білімсіз бейшарасы (А. Құнанбаев) . Бүгінгі кеш Қайыңдыға қонғалы келе жатқан (М. Әуезов) . Әбілқайырды азулы тілектестері хан етіп, ақ киізге көтерді (І. Есенберлин) . Бұл мысалдардағы білімсіз, бүгінгі, азулы қатыстық сын есімдері екінші бір затқа, яғни бейшара, кеш, тілектестері деген зат есімдерге қатысы болу арқылы қатыстық сын есім мәнінде тұр [3, 341] .

Тілдің даму барысында туынды түбір кейбір қатыстық сын есімдер қатыстық мағынамен бірге заттың сапалық сипатын да білдіреді, сөйтіп, бара-бара сапалық сын есімдерге ауысып кетеді. Оны ажыратудың бірден-бір белгісі - мағыналық жағымен бірге шырай қосымшаларының жалғанылуы немесе керісінше жалғана алмауы.

Қатыстық сын есімдерге шырай қосымшалары жалғана алмайды. Ал қосымша арқылы жасалған туындысын есімдерге шырай тұлғалары жалғанса, олар сапалық сын есімдерге ауысқан сөздер болып табылады. Өткір-өткірлеу - өп-өткір, өте өткір; тұнық - тұп-тұнық, өте тұнық т. б.

Осылардың қатарына ақылды, ақылсыз сияқты сөздер де жатады. Демек, кейбір қатыстық сын есімдер семантикалық жағынан қатыстық мәннен сапалық мәнге ауыса бастайды.

Сөйтіп, қатыстық сын есімдер басқа сөз таптарынан жасалған туынды сөздер болып келеді.

Сапалық сын есімнің шырай категориясы. Шырай категориясы, әдетте, сын есімнің категориясы деп танылып жүр. Бірак, біріншіден, сын есімнің бәрі бірдей, яғни сын есім сөз табына жататын сөздердің шырай тұлғаларымен түрленбейді, шырай тұлғалары кез келген сын есімге жалғана бермейді. Мысалы, жақсы-жақсырақ - жап-жақсы, үлкен - үлкендеу - үп-үлкен, сары - сарылау - сап-сары- өте сары т. б. болса да, таулы дегеннен таулырақ, тап-таулы, өте таулы деп, кешкі дегеннен кешкілеу, кеп-кешкі, аса кешкі деп шырай түрлерін жасауға болмайды. Яғни сын есімнің бір түрі - сапалық сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғанып, шырай түрлерін жасауға болса, сын есімнің мағыналық екінші тобы - қатыстық сын есімдерден шырай түрлері жасалмайды. Яғни шырай категориясы жалпы сын есімге емес, сын есімнің бір ғана семантикалык түрі - сапалық сын есімге ғана тән. Екіншіден, сын есім - казақ тілінде түрленбейтін сез табы. Яғни сын есім сөзінің семантикалық (мағыналық), қызметтік ерекшелігі - зат атауының (зат есімнің) әр түрлі сапалық, сындық белгілерін, түр-түсін, бір сөзбен айтканда, заттың әр түрлі белгісін білдіретін сөздер болғандықтан, сөйлеу процесінде осы мәнде негізінен зат есіммен тіркесіп қолданылатыны белгілі.

Кейде қимыл, іс-әрекеттің, процесте сын-қимылын білдіріп, етістікпен тіркесіп, кейде тіпті зат есімнің орнына субстантивтеніп жұмсалуы сын есімнің әдеттен тыс колданылуы болып саналады. Сын есімнің әдеттегі колданысында ол түбір тұлғасында тұрып, өзі анықтайтын зат есіммен (немесе заттанған сезоен) тек орын тәртібі аркылы байланысып, синтетикалык түрлену тәсілінін оған ешбір қатысы болмайды. Мысалы:

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді баскан (Абай) .

Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ (Абай) .

Желсіз түнде жарық ай.

Сәулесі суда дірілдеп

Ауылдың маңы терең сай (Абай) [2, 69] .

Берілген мысалда сын есімдер зат атауын анықтап, сұр деген бұлтты, дымқыл деген тұманды, шоқпардай деген кекілді аныктап, атрибуттык қатынаста орын тәртібі аркылы байланыса колданылған. Бұл мысалдан сын есімдердің, біріншіден, сапалық түрі болсын, қатыстық түрі болсын, өзі анықтайтын сөзімен байланысында, сол сөзге катысында сол сөздің қандай тұлғада жұмсалуына бейтарап екенін, кызметі жағынан анықтауыштын, байланысу тәсілі жағынан таза орын тәртібі арқылы ерекшеленетінін байқау қиын емес.

Екіншіден, сын есім түбір күйінде колданылса да, шырай тұлғаларында колданылса да, оның бұл грамматикалық тұлғалық көрсеткіші, яғни шырай формасы, зат есіммен грамматикалық байланысқа ешбір катысы болмай, тек сол сын есімнің семантикалық сипатын, семантикалык реңдік мәнін айқындау, көрсету үшін колданылғанын көреміз.

Жоғарыда көрсетілген мысалдан грамматикалық сипаты мүлде басқаша. Сондықтан осындай грамматикалық сипатқа қарап, сын есімді сан есім, үстеу сияқты түрленбейтін сөз табы деуге болады. Ал шырай тұлғалары жалпы, сын есімнің түрлену тұлғасы емес, бір ғана мағыналық тобының семантикалық сипатын көрсететін лексико-грамматикалық тұлғасы болып табылады.

Шырай категориясы арнайы затқа, құбылысқа, байланысты біртектес, біріңғай сынын, сапалық белгінің түр-түсін т. б. сапалық сипаттың артық немесе кемін, тым кем/артық екенін белгілі қосымшалардың жалғануы арқылы жасалатын сапалық сын есімнің парадигмалық түрі.

Сондықтан шырай категориясы, біріншіден, жалпы сын есім атаулының емес, тек сапалық сын есімнің, екіншіден, таза грамматикалық емес, лексика-грамматикалық категориясы болып табылады. Өйткені жоғарыда көрсетілгендермен бірге, шырай қосымшалары сапалық сын есімдердің (сын есім түбірдің) семантикасына (жалпы грамматикалық мағынасына) өзгеріс енгізеді, семантикалық жағынан үлкен мен үлкендеу, үп-үлкен, өте үлкен, биік пен биіктеу, біп-биік, күрең мен күреңдеу, күп-күрең т. б. бір емес.

Қазақ тіліндегі сөз тудырушы және форма тудырушы қосымшалардың ара жігін айыру үшін, олардың сөз мағынасын өзгерту, өзгертпеуі толық критерий бола алмайды. Сондыктан да форма тудырушы қосымшаларды сөз тудырушы қосымшалардан айырудың екінші бір басты белгісі оның грамматикалық абстракция жасау қабілетіне сүйенген жөн. Былайша айтқанда, форма тудырушы косымша бір сөз табына, не бір сөз табының бір тобына, тіпті кейбіреулері бірнеше сөз табына түгелдей жалғанады. Шырай формаларынын морфемалары сын есімнің бір тобы сапалық сын есімдерді түгелдей камтитын грамматикалық көрсеткіші болып саналады. Мысалы, жақсырақ, ақылдырақ, үлкендеу, тарлау т. б. Мұндағы -рақ, -рек, -лау, -леу, -дау, -деу, -may, -теу қосымшалары сапалық сын есімдерге түгелдей жалғанады. Ал -ғыш, -гіш, -ғылт, -шыл косымшалары бірді-екілі создердің ғана кұрамында кездеседі. Сонымен бірге ақшыл, сарғыш, сүрғылт сөздерінің өзі шырай формасымен түрленеді. Мысалы, ақшылырак, сарғыштау т. б. Жалпы тіл білімінің қағидасы бойынша, бір категорияға жататын грамматикалық формалары бірінің үстіне бірі жалғанбайды. Бір септік жалғауының үстіне екінші септік жалғауы, бір есімше формасының үстіне екінші бір есімше қосымшасы жалғанбайды. Олай болса, сын есімге жалғанатын -ғыш. -шыл. -ғылт косымшалары шырай формасының грамматикалық көрсеткіші емес, олар сөз тудырушы қосымшаға жатады. Жол-жөнекей айта кету керек, Ы. Мамановтың бұл позициясының тілдегі грамматикалық тұлғалардың мәнін анықтай түсуде ғылыми негізі бар мәнді дәлел екенін, көптеген грамматикалық құбылыстарды қайта қарап, кайта саралау керек екенін көрсете отырып, ғалым пікірінің екінші критерийіне байланысты тіл заңдары қатып қалған, өзгермейтін қағида емес, белгілі бір құбылыстарға байланысты кейбір шарттылық та болып отыратындығын да ескерткен жөн екенін естен шығармауымыз керек. Етіс жұрнактарының бірінің үстіне бірі жалғануы соның көрінісі, тілдік құбылыстың грамматикалық емес, лексикалық немесе лексика-семантикалық сипатының бір белгісі болуы керек.

Салыстырмалы шырай. Салыстырмалы шырай бір заттың сынын, я сипатын, түсін екінші заттын біртектес сынымен, белгісімен салыстырып, сол салыстыратын белгілердің, түрлердің бір-бірінен, я артық, я кем екенін білдіріп, белгілі қосымшалар аркылы жасалады. Ол қосымшалар: а) -рақ/-рек, -ырақ/-ірек.

Сапалық сын есімдерге ғана жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын жұрнақтар да бар.

Олар: l . -ғыл, -гіл, -ғылт, -кылт, -ғылтым, -қылтым. Сарғылт мұнай заводты көрсетпейді (Ғ. Мұстафин) . Етікші шыңы бұл күнде бозғылт мұнарға оранған (Қ. Жұмаділов) . Бір сәтте кел үстінде үлкен қызғылт шәлі жайына қалып, сол толкындалып жатқан тәрізді керінді (Ж. Аймауытов) .

2. -шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім. Көкшіл кездерінің астын кіреукелетіп келеңке басқан (Х. Ерғалиев) . Үлкен көкшіл кезі мелдіреп күлімдеп тұр (З. Шашкин) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сын есімнің семантикалық және граматиқалық сипаты
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімдердің қолданылу ерекшелігі
Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің түрлері
Ескерткіштер тіліндегі сапалық сын есімдер
Сын есімнің семантикалық мағынасы
Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
СЫН ЕСІМ. СЫН ЕСІМНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
Қатыстық сын есімдер
Сын есімнің шырайлары
Сын есім және оны мектепте оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz