Мемлекеттің ақпараттық саясат имиджі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
Т.Қ. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
Муратова А.
Шетелдік БАҚ-тың Қазақстан саясатын беру ерекшеліктері
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Мамандығы 5В041200 - Медиажурналистика
Алматы 2021

Кино және ТВ факультеті
Компьютерлік технологиялар кафедрасы
Қорғауға жіберілді
____ __________________2021 жыл
Компьютерлік технологиялар кафедрасының
меңгерушісі __________________ Сатыбалдиева Ф.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
ШЕТЕЛДІК БАҚ-ТЫҢ ҚАЗАҚСТАН САЯСАТЫН БЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Орындаған: __________________ Муратова А.Д.
Ғылыми жетекші,
аға оқытушы, PhD: __________________ Рамазан А.Ә.
Норма бақылаушы: __________________
Алматы 2021
АННОТАЦИЯ
Диплoм жұмыcының тaқыpыбы: Шетелдік БАҚ-тың Қазақстан саясатын беру ерекшеліктері
Диплoм жұмыcының көлeмi:
Диплoм жұмыcындa пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep caны:
Жұмыcтың құpылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті, зерттеу нысаны мен негізгі дерек көздері, ғылыми жаңалығы ашылады. Сондай-ақ, имидж терминіне анықтама беріліп, оның қазіргі жаһандық ақпараттандыру заманындағы маңызы айқындалады. Бірінші бөлім үш тараудан тұрады. Бірінші бөлімде КСРО кезіндегі Қазақстанның образы, БАҚ-тың әсері және ақпарттық соғыс зерттелінеді. Екінші бөлімде шетелдік БАҚ-тың Қазастан тақырыбындағы басылымдары, соның ішінде АҚШ, Ресей, Түркі елдерінің басылымдары сарапталынады
Жұмыcтың ныcaны:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
I Ежелгі Қазақстанның журналистикадағы көрінісі
0.1 Қазақстанның халық аренадағы имиджі
0.2 БАҚ-тың халықаралық қатынастарға әсері
II Шетелдік БАҚ-тағы Қазақстанның образы
2.1 Қазақстан тақырыбы The New York Times, The Washington Post,
Голос Америки беттерінде
2.2 Ресейлік RT на русском, Риа Новости, Вечерняя Москва газеттеріндегі Қазақстан бейнесі
2.3 Түрік БАҚ-тарына шолу: TRT, Akşam, Anadolu
Қорытынды
Сілтемелер
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Егер сіздің мақсатыңыз әлемді өзгерту болса,
журналистика - бұл үшін ең тиімді және
жылдам қару екеніне сенімдімін
Том Споппард
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні Қазақстан күрделі өңірлік геосаяси жағдайда, тұрақтылық пен қауіпсіздік сындарының шиеленісуі тұсында халықаралық аренадағы өзінің имиджін қалыптастыру ісінде жүйеленген, ғылыми түрде зерттелген тұжырымдаманы қажет етеді. Халықаралық қатынастарда орын алып отырған күрделі де маңызды процестерге орнықты баға беру үшін мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы стратегиялық бағыттарға әсер ететін көптеген факторлар мен құбылыстарға сараптама жасау маңызды. Сондай факторлардың бірі - мемлекеттің халықаралық аренадағы имиджі.
Қазіргі таңда мемлекет пен қоғамның бөлінбес бөлшегі ретінде ақпараттың, ақпараттық ресурстар мен технологиялардың рөлі күшейген заманда мемлекеттердің халықаралық ортада ұлттық мүдделерін қорғау ісі ақпараттық ортада жүзеге асып келеді. Ақпараттық-имидждік стратегия мәдени кеңістіктің құрамдас бөлшегі ретінде күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстан өзін жаһан елдерінің алдында неғұрлым жағымды жағынан көрсете білсе, оның тек саяси ғана емес, экономикалық, әлеуметтік беделі де өсе түсетіні дәлелденген.
Жаһан қазір Қазақстанды танып-білуге құштарлық танытып отыр. Біз әлем елдері үшін ең жас, қуатты елдердің біріміз. Еуразия кеңістігінің кіндігінде орналасқан Қазақстан үшін әлемдік және аймақтық шараларға белсенді араласу арқылы бейнесін қалыптастыру мемлекетіміздің егемендігін сақтап қалу үшін басты шарт болып есептелінеді. Бұл стратегиялық мақсат жолында қоғамның барлық саласының бастамашылығы мен іскерлігіне айырықша маңыз берілген. Демек, өз ұстанымымызды өзгеге тасымалдаудың жолын, ұлттық мәдениетімізді ғаламға таратудың ең пайдалы тұстарын жеткізу - еліміздің шетелдегі имиджін қалыптастыру болып табылады [1].
Мемлекеттің имиджін қалыптастыру - қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы, мемлекеттің мүддесін қорғауға және оны дамытуға елеулі үлес қосатын сыртқы саясаттағы ауқымды бағыт.
Имидж сөзі ағылшын тілінен аударғанда бейне деген мағынаны білдіреді. Оның нақты анықтамасы қолданылу аясына байланысты анықталады [2]. Ұсынылып отырған жұмыста имидж сөзі шетелдік аудиторияның пікіріндегі Қазақстан образын анықтайтын бірнеше фактолар топтамасы болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанның алдындағы келелі мәселе - бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу. Мұндай межеге жету тек экономикалық көрсеткіштерге ғана байланысты емес. Біздің еліміз кез келген салада бәсекеге қабілетті болуы тиіс, соның ішінде имидж саласында да. Өйткені, экономикалық инвестициялар мемлекеттің қалыптасқан имиджіне, оның халықаралық ресми рейтингісіне сүйенеді.
* Қазақстан Республикасы өз алдына бөлек отау тіккелі шетелдегі имиджін, жағымды образын қалыптастыруда атқарып жатқан іс-шараларын жоққа шығару - әділетсіздік болар еді. Бірақ, қыруар қаржы шығындалған бұл шаралар өз жемісін бермеуі не себепті? Атқарылған жұмыстар тиімді болса, неге Қазақстанның бірегейленген, анықталған образы әлі күнге дейін жоқ? Бұған берілер жауап біреу-ақ: белгілі бір мақсатты көздейтін, бір жүйеге бағындырылып, ойластырылған ақпараттық стартегияның болмауынан. Ал ақпараттық стратегия не үшін қажет?
Қай заманда болмасын қоғамдық сананы қалытастыру, көп жағдайда оның белгілі бір шешім қабылдап, пікірін қалыптастыруда БАҚ-тың рөлі айырықша екені дау тудырмайды. Ел ішінде, сондай-ақ әлемде болып жататын құбылыстардың айнасы - ақпарат құралдары. Мемлекеттің сыртқы саясаты, сонымен қатар, әлемдік саясат үнемі ақпарат құралдарының назарында болып келеді. Әлемдегі барлық елдер сыртқы саясаттағы ақпараттық стратегияны мынадай мақсаттарды жүзеге асыру үшін пайдаланады:
* Ұлттық мүддені сақтау, оны қорғау;
* Ақпараттық ортадағы ұлттық қауіпсіздікті сақтау.
Ақпараттық стратегия елдің ерекшелігі мен ағымдағы мәселені шеше алу мүмкіндігіне қарай белсенді, шабуылдаушы, немесе жүйесіз, мақсаты айқындалмаған болуы мүмкін. Бұл жаһандану дәуіріндегі барлық БАҚ-тың ортақ ақпараттық кеңістікке кірігуі кезеңіндегі ақпараттық стратегияның маңызы айырықша екенін дәлелдей түседі. Ақпараттық стратегия ел ішіндегі БАҚ-та қалай көрініс тапса, сыртқы саясатта да, яғни шетелде де сондай дәрежеде халық назарына ұсынылмақ [3].
Сыртқы саясаттағы ақпараттық-насихаттық қызметті шетел аудиториясына, саяси, ғылыми, іскерлік ортаға мемлекет туралы, оның мәдениеті, саяси ахуалы, ғылыми жетістіктері туралы нанымды әрі мемлекеттің ұлттық мүддесін қай уақытта да бірінші кезекке қоятын ұтымды ақпарат тарататын шаралар жиынтығы деп қарастырған орынды. Бұл өз кезегінде елдің жағымды бет- бейнесін қалыптастыратын мақсатты ақпараттық қуыс болмақ.
Шетелдік БАҚ-тың еліміздегі елеулі өзгерістерді жіті қадағалап, немқұрайлы қарамай, өз үнін қосып отыруын БАҚ-тағы саяси беталыс деп қарастыру керек. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген отырысында төмендегідей мәлімдеме жасаған: Қазақстан дипломатиясының әр күндік жұмысы шетелдің ресми өкілдерімен, қоғам қайраткерлерімен, кәсіпкерлермен, журналистермен болатын кездесулермен тығыз байланысты болуы керек. Бұл істі біз елімізде аккредитацияланған халықаралық ұйымдармен жұмыс барысында жүзеге асыруымыз тиіс. Бүгінгі күні шетелдік ақпарат құралдары кездейсоқ ақпарат көздерінен ақпарат алатындықтан, берілген хабарламалардың бұрмалануына жол беріліп келеді. Сәйкесінше, мұндай ақпарат шетелдік аудиторияға таралып кетеді. Қазақстан Республикасы дипломатиялық корпусы өкілдерінің негізгі міндеті - халықаралық ұйымдардың кез келген жобалары мен бағдарламалары елімізге барынша пайдалы болуын қамтамасыз ету [4]. Демек, біз қарастырып отырған Қазақстанның шетелдегі жағымды образын қалыптастыру ісі кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып отыр. Мемлекеттің имиджін қалыптастыру - оның басқа институттарға тәуелділігімен анықтала ма? деген сұраққа PR маман Ерлан Сейтімов былай деп жауап береді: Имидж - салыстырмалы категория. Мәселен, Коммунистік партия басшылық ететін, азаматтарының құқығы жиі бұзылатын Қытай Халық Республикасы батыс елдерінде тоталитарлы жүйедегі мемлекет ретінде қарастырылады. Соған қарамастан, дамушы елдер арасында Қытай Тікелей шетел инвестицияларын тарту көлемі бойынша алғашқы орындардың бірінде.
Имидж экономикалық әл ақуатқа тәуелді емес. Мұсылман елдері, оңтүстік Америка, сондай-ақ, Еуразиялық Одақтың пікірінде АҚШ-тың, ағылшындардың образы үнемі жағымды жағынан қарастырыла бермейді.
Маркетингтік тәжірибеде мемлекет имиджін қалыптастыруды мақсатты түрде дамытдың көрнекті мысалдары бар: Түркия, Пуэрто Рико (туризм), Кипр (офшорлар), БАЭ (инвестициялар) [4].
Келтірілген мысалдар - әлемнің ірі державаларындағы жағдай. Оларды әлемдік сахнаға жаңа шыққан жас Қазақстанмен салыстыру еш мүмкін емес. Қазақстанның салыстыратындай бәсекеге қабілетті секторы жоқ. Сол себепті, біз ең алдымен, ел образын қалыптастыруға күш салуымыз қажет.
Дипломдық жобаның мақсаты.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстанның саясатын беру ерекшеліктерін анықтау. Қазақстан мемлекетінің халықаралық имиджін шетелдік басылымдар негізінде талдай отырып, анықтау. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттемелер алға қойылды:
* Шетелдік басылымдардың ақпарат беру ерекшелігін анықтау;
* Шетелдік ақпарат құралдарындағы Қазақстанның бейнесін анықтау;
* Мемлекеттің имиджін қалыптастырудағы шетелдік тәжірибелерге зерттеу жасау;
* Шетелдік үздік басылымдар, ақпараттық сайттар негізінде талдау жасау;
* Қаралымдар мен өзекті тақырыптар негізінде анализ, сараптама жасау.
Жұмыстың зерттеу нысаны
Шетел бұқаралық ақпарат құралдарындағы, соның ішінде Ұлыбритания, Түркия, Ресей баспасөздеріндегі Қазақстанның бейнесін анықтайтын материалдар. Сондай-ақ, шетелдік ақпараттық сайттардағы елімізге қатысты мақалалар .
Жұмыстың негізгі дерек көздері
Бітіру жұмысының негізгі дерек көздері: Б.Жақып, Ф.Котлер, С.Блэк, Н.Почепцов, И.Панарин еңбектері, Ұлыбританиялық The Times, Sunday Times, Finansial Times, Guardian, Daily Express, Independent, Morning Post, Daily Mail, Sun мерзімді басылымдарының 2005-2008 жылдар аралығындағы сандары, The New York Times, The Washington Post, Голос Америки газеттері, Ресейлік RT на русском, Риа Новости, Вечерняя Москва газеттері, TRT, Akşam, Anadolu Түркі басылымдары.
Зерттеу әдісі
Шетелдік БАҚ-тың Қазақстан саясатын беру ерекшеліктері атты тақырыпты ашу барысында талдау, саралау, салыстыру әдістері қолданылды. Ақпараттық-эмпирикалық, әдістемелік зерттеу, дәстүрлі салыстыру тәсілдерін пайдаланумен қатар, басылымдарға контент-сараптама жасау, қоғамдық пікірді білу үшін сауалнама жүргізумен толықтырылды. Сауалнаманың қорытындылары диаграмма түрінде қосымшада көрсетілген.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы
Біріншіден, қазіргі кезде ақпараттың ролі күшейген заманда мемлекеттік имидж, ұлттық бренд ұғымдарының өзекті болып тұрғанына қарамастан, жекелеген басылым материалдарын назарға алмағанда. Қазақстанның имиджі жайлы жүйеленген, зерттеліп, тұжырымдалған зерттеу еңбектері ғылыми айналымға енгізілмей келеді. Осыны ескере отырып, мемлекеттің имиджі тұрғысында жарияланған шетелдік баспасөз материалдары жүйеленіп, бір ізге түсірілді. Екіншіден, тақырыпты ашу барысында зерттеу нысанына талдау мен сараптамалар жасалып, жаңа ғылыми түйіндемелер жасауға талпыныс жасалады. Бітіру жұмысында тың деректер мен қызықты материалдар ұсынылып отыр, бастысы, бұл тақырыпқа тыңнан түрен салынбаған.
Жұмыстың құрылымы
Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеті, зерттеу нысаны мен негізгі дерек көздері, ғылыми жаңалығы ашылады. Сондай-ақ, имидж терминіне анықтама беріліп, оның қазіргі жаһандық ақпараттандыру заманындағы маңызы айқындалады. Бірінші бөлім үш тараудан тұрады. Бірінші бөлімде КСРО кезіндегі Қазақстанның образы, БАҚ-тың әсері және ақпарттық соғыс зерттелінеді. Екінші бөлімде шетелдік БАҚ-тың Қазастан тақырыбындағы басылымдары, соның ішінде АҚШ, Ресей, Түркі елдерінің басылымдары сарапталынады.
I
ЕЖЕЛГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖУРНАЛИСТИКАДАҒЫ КӨРІНІСІ
Сізге қарсы бағытталған төрт жүз
мылтықтан гөрі төрт баспасөздің қарсы
тұрғаны әлдеқайда қауіпті
Н.Бонапарт
Жағымды образ қалыптастыру, яғни, мемлекеттің имиджін қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда бұрынғы идеологиялық мақсаттан саяси экономикалық, әлеуметтік сипатқа қарай ойысты.
Айтылған сөзіміз түсінікті болу үшін, әңгімені әріден бастағанымыз жөн болар. Ұлы Отан соғысы басталған үшінші күнінен бастап, соғыс аяқталғанға дейін радиоэфир арқылы Совет ақпараттық бюросынан деген атаумен ақпараттар легі беріліп тұрды. Соғыс уақытында САБ тек қана оперативті ақпарат құралы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар, үгіт-насихат құралы болды. Сол жылдары КСРО-да шетел баспасөзінен Британский союзник деген беделді басылымдар шығып тұрса, Ұлыбританияда Кеңес халқы өмірінен ақпарат беріп тұратын Совет Уорлд Ньюс Уикли атты басылым орыс және ағылшын тілдерінде жарық көріп тұрды. Кейінірек Совьет уикли деген атау алған басылымды редакциялаушы САБ өкілі Эрнст Генри Семен Ростовский болды. Ол көпшілікке әлемдік бестселлерге айналған Гитлер КСРО-ға қарсы және Гитлер Европаға қарсы кітаптарының авторы ретінде таныс болатын.
Шетелде шығып тұратын совет басылымындағы жарияланымдарды белді кеңестік журналистер саяси идеологияға сай жазып тұрды.
Соғыс аяқталғаннан кейін, САБ қызметі сыртқы саясаттағы үгіт-насихат құралы ретінде жұмыс істеді. Ал суық соғыс кезінде аталмыш орталық шетелде Кеңес Одағы туралы таралатын баспасөз онімдерінің негізгі ақпарат көзі болды. Суық соғыстың өршіген тұсы 1953 жылы Дуайт Эйзенхауердің жарлығымен АҚШ та Советтік САБ қа қарсы ЮСИА ақпарат агенттігі құрылды. Кезеңдік өзгерістерге қарамастан, ЮСИА қазіргі кезге дейін қызметін жойған жоқ. Оның ЮСИС посттары АҚШ-тың барлық консулдық қызметтері мен елшіліктерінің құрамында жұмыс істеуде. 1960-жылдары халықаралық қатынастардағы шиеленістер сыртқы саясаттағы үгіт-насихаттың жаңа түрлерін тудыруға ықпал етті. САБ-тың ақпараттың базасы негізінде 1961жылы тамыз айында Новости баспасөз агенттігі (АПН) құрылады. Осы уақыттан бастан сыртқы саясаттағы насихат немесе PR қызметі мемлекеттің маңызды функциясы ретінде қолдау табады. Сөйтіп, САБ-тың өнімді жұмысын назарға алған Үкімет оны дамытуға, жанынан Ақпарат Агенттіктерін, газет-журналдар шығаруды мақсат тұтқан болатын.
Кеңес Үкіметі құлаған соң, САБ-тың да қызметі тоқтайды. Алайда, әлемдік қауымдастықтың біртіндеп мүшесі болуға ұмсынған елдер үшін сыртқы саясаттағы мемлекеттің образын қалыптастыруға бағытталған ақпараттың қажеттілігі күн санап өседі.
Тәуелсіздігін алып, тақыр жерден зәулім сарай тұрғызуды мақсат тұтқан Қазақстан өз елінің жағымды образын қалыптастыру ісіне бірден кірісе қойған жоқ. Ал бұл уақытта шетел баспасөзінде барлық кеңестік елдерді бөліп жармай, ортақ ұқсастықтарына қарай бірнеше анықтама берілді. Мәселен, бұл елдер шетел баспасөзінде демократиялық құқық пен азаматтардың құқықтарының шектелуі мен сөз бостандығына қысымдық көрсету, парақорлық, оппозицияны репрессиялау сияқты белгілермен сипатталды. Олай болмағанда ше, Ресейді шетел Зұлымдықтың отаны деп таныса, одан бөлініп шыққан жас, сыртқы саясатта тәжірибесі аз мемлекеттерге де осы стереотипті таңу қиын емес-ті. Саяси аренада пайда болған жаңа мемлекет Қазақстанды өркениетті елдер бөтенсінбей, бірден қабылдап алатынына сенді. Алайда, Ресейден бөлініп шыққан мемлекеттерге таңылған авторитарлы басшы үстемдік еткен парақор мемлекеттер образынан шығу қиынға соқты.
Геосаяси мүдделер үстемдік етіп отырған XXI ғасырда мұндай образ мемлекеттің сыртқы саясатына едәуір салқынын тигізді. Сондықтан, азаттық алғаннан кейінгі уақытта Елбасы Сыртқы істер министрлігінде болған коллегияда: тағы бір назарға алып, жіті қадағалауымызға тиіс, бүгінгі таңда маңызды болып отырған мәселе біздің сыртқы саясатымыздағы үгіт насихаттың төмен екендігі. Ендігі кезекте сол жағымсыз стереотипті жою жолдарын қарастыру Сыртқы істер Министрлігі қызметкерлерінің міндеті деп мақсатты айқындап берген болатын [6].
Мемлекет тәуелсіздігін алғаннан кейінгі өзгеше саяси пайымдаудың нәтижесінде сыртқы саясаттағы насихат, PR құралдарын дамыту ісі мүлде назардан тыс қалды. Бүкіл әлемдік санада Кеңес Одағы құлағаннан соң, әлемде бейбітшілік орнап, барша мемлекеттердің басы бірігіп, адамзаттық құндылықтарды дәріптеуге бағыи алады деген пікірден соң, сыртқы саясаттағы кез келген PR-дың формалары коммунистік жүйенің, тоталитаризмнің қалдығы деген сипат алды.
Бұл уақытта халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлығы, экономиканың тұрақсыздығы, биліктегі сан алуан өзгерістер ел ішінде таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мәселелер болатын. Ал шетелдік ақпарат құралдары негізгі ақпарат көздері отандық басылымдар болғандықтан, олар да дәл осы проблемалар арқылы Қазақстанның бейнесін ашуға тырысты.
Сонымен, Кеңес Одағынан бөлініп шыққан жас әрі қойын-қонышы байлыққа толы мемлекеттің бірі Қазақстанға барша әлем көз тіккен сәтте шетелдік санада оның образы шикізат елі, парақор, авторитарлы мемлекет, көшпенділіктің қалдықтары сақталған, заманнан кенже қалған ел ретінде қалыптасты. Алайда, бұл кезең сын айтатын уақыт емес еді. Мемлекеттің алдында зор мүмкіндіктерге толы, қиындығы мен қуанышы қатар келген үлкен асулар тұрды. Еңсесі езілген халықты аяғынан тік тұрғызып, жаңа өмірге бейімдеу оңай болмады. Сол себепті, мемлекеттің ішкі проблемаларын жолға қою ісі сыртқы саясаттан да маңыздырақ еді. Дегенмен, Қазақстан осындай қиындыққа толы шақта да өзінің мемлекеттік ұстанымын әлем жұртшылығы алдында оңды көрсете білді. Еліміздің әлемдік аренада жағымды образын қалыптастырудағы сәтті қадамның бірі - ядролық қарудан бас тартуы болатын. Бұл Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін пайда болған мемлекеттерді жіті қадағалап отырған барша әлем жұртшылығының алдында зор абырой болды. Сондай-ақ, Президенттің алғашқы жолдауларындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысты міндеттемелері шетелдік аудиторияның санасына белгілі мөлшерде Қазақстан туралы жағымды пікір қалыптастырды.
Германия экономикасының атасы, соғыстан кейінгі реформалардың жетекшісі, Германияның өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқан экономист әрі саясаткер Людвиг Эрхард өзінің бір сөзінде: Үкіметті түбірімен жойып жіберуге болады. Алайда, жүргізіліп жатқан реформаның қарқынын ешкім тоқтата алмақ емес. Біз, мейлі ол халықтың санасына, әлеуметтік жағдайына ауыр болса да қоғамдық тазарту сатысынан өтуіміз қажет. Сонда ғана толыққанды мемлекет болуға негіз қаланады деген болатын [7].
Менің ойымша, неміс саясаткері сөзінің тұздығы - қоғамды тазарту ісі. Қазақстан бұл сатыдан абыроймен өте алды. Өз тізгінін өз қолына алғаннан кейін, Семей ядролық полигонын жапты, ядролық қарудан бас тартты, барша әлем елдерінен қауіпсіздікті сақтау мен территориялық тұтастыққа нұқсан келтірмеу кепілдігін алу арқылы жаңа өмірге қадам басты. Қоғамдағы мұндай тазарту үрдісі өз нәтижесін берді. Яғни, жоғарыда аталған мемлекетіміздің сыртқы саясатындағы батыл үш қадамды ел бейнесін қалыптастырудағы алғашқы жемісті баспалдақ деп атауға лайық.
Сыртқы саясаттағы жоспарларын кезең кезеңімен жүзеге асыра бастаған Қазақстанның Үкіметі бірқатар беделді мемлекеттермен диполматиялық қатынас орнатып, БҰҰ, ОБСЕ сияқты халықаралық ұйымдары, ШЫҰ, ЕуразЕҚ мемлекетаралық ұйымдарының белсенді мүшесі болды. Мұның барлығы да Қазақстанның сыртқы саясаттағы салиқалы ұстанымының нәтижесі еді. Оны жарыса жазған БАҚ-та белгілі дәрежеде мемлекеттің әлем жұртшылығы алдында беделін өсірді.
0.1 Қазақстанның халық аренадағы имиджі
Орталық Азия аймағының көшбасшысы саналатын біздің ел соңғы жылдары қарқынды даму жолында. Бұл жетістіктер бүкіл экономикамызды қайта құ - ру нәтижесінде мүмкін бол - ды. Тәуелсіз Қазақстандағы эко - номикалық реформалармен қа - тар жүргізілген саяси реформалар да мемлекетіміздің халық - аралық аренадағы беделін жо - ғарылатты. Бүгін Қазақстан ха - лықаралық және аймақтық ұйымдардың мүшесі ғана емес, батыс және шығыс елдерінің сенімді әріптесі. Қазіргі ақпараттық қоғам дәуіріндегі саяси имиджді қа - лып - тастыру билік қатынастары жүйесіндегі өнер ретінде қарас - ты - рылады. Бұл контекске орай нақты айқындалған техноло - гия - лық тетіктер мемлекеттің имиджін қалыптастыруда ерекше мән - ге ие. Алғашында мұндай тә - сілдер биліктегі жеке тұлғаларға қолданылды. Кейінірек бұл жүйе бұқарамен ашық байланыс орнату барысында саяси жүйенің жетілдірілуіне оң ықпал тигізу ниетінде мемлекеттің даму страте - гиясында пайдаланыла бастады. Қазақстанның халықаралық саяси аренадағы позициясын ақ - па - ратпен қолдау көрсету шарала - ры - ның қажеттілігі мемлекеттің оң имиджін қалыптастырудың не - гізі болып табылады.
Аталған мәселенің шешімін табуда отан - дық ғалымдар бірнеше міндеттерді шешуі қажет. Дегенмен, елі - міздің сыртқы саясаттағы имид - жінің қалыптасуы мен дамуы тетіктерін айшықтайтын арнайы ғылыми жұмыстар жоқ. Сонымен қатар, мемлекетіміздің ақпарат - тық саясаты шеңберіндегі халық - ара - лық аренадағы имиджі тео - риялық жағымен қатар, тәжі - ри - бе жүзінде толықтай зерттелмегені де шындық. Бұл КСРО құрамындағы бұрынғы Қазақ - стан - ның сыртқы саясатты жүр - гізудегі үгіт-насихаттық аппа - ра - ты орталықтан бақыланып отырғандығынан деп білеміз. Бүгінде Қазақстан Респуб - ли - касының дамуын жаһандық кеңістіктен тыс қарау мүмкін емес. Елдің мемлекеттік құры - лыс тәжірибесі көрсеткендей, бүгінгі шарттардағы маңызды мемлекеттік шешімдерді қа - был - дауда жаһандық халық - ара - лық үрдістерді ескеру қажет. Өйт - кені, қазіргі халықаралық саяси және экономикалық қа - ты - настардың жаһандануы шарт - та - рында еліміздің ұлттық қауіп - сіздігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып табылады.
Еліміздің стагнация үдеріс - терін жоюы мен әлеуметтік-пси - хологиялық оң көзқарас қалып - тастыруы жаһандық шарттардағы маңызды шара. Мемлекетті әлем - дік қоғамдастықтың жағымды қабылдауы жаһандық саяси, әлеуметтік және экономикалық алға жылжулар жетістігінің кепілі болып саналады. Қазақстан Республикасында позитивті қа - ты - нас қалыптастыруды қамтама - сыз етудегі жұмыстарды билік орындары үздіксіз жүргізіп жатыр. Қазақстан - кең географиялық кеңістік иеленген, жер көлемі бойынша әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Мемлекетіміздің тер - рито - рия - сында түрлі діндер мен ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл тарихи, мәдени, ұлттық және дү - ниетанымдық ерекшеліктеріміз мем - лекеттілігіміздің қалып - та - суы - ның негізі болып табылады. Сондықтан мемлекет имиджі - бұл мемлекеттік жүйенің си - паттамалық белгілеріне ие өзара объективті байланыстар шегіндегі экономикалық, географиялық, ұлттық, демографиялық қарым-қатынастардың кешені. Ол әлеу - меттік-экономикалық, қоғамдық-саяси, ұлттық-конфессиялық үр - діс - тердің үдерістерін айқындай - ды. Мемлекет бейнесі сыртқы әлем - мен байланыстар нәтижесін - дегі әлемдік қоғамдастықтың са - насында қабылдануының өзіндік көрсеткіші іспеттес. Ақпараттық қоғам кеңісті - гінде имиджелогияның өзіндік ерекше орны бар. Мемлекет имиджін қалыптастыруға байланыс - ты қойылатын талаптар қоғам - дық өмірдегі ақпараттық техно - логиялардың өсуімен байла - ныс - ты. Имидж толықтай ақпараттық өнімге айналды. Имиджеология - бұл имидждің қалыптасуы мен оны жүзеге асыру техноло - гия - лары мәселелерін зерттеуге әлеу - меттану, психология, мәдениет - тану, философия және саясаттану секілді ғылымдарды тоғыстырған теория. Ол - ақпараттық қоғам - дағы мәдени шараларды жүзеге асырудағы маңызды қызмет атқа - ратын гуманитарлық технология. Сондықтан мемлекет имиджі түсінігі өзге ұғымдар секілді түрлі аспектілер негізінде қарас - тырылады. Мемлекет бейнесін кешенді зерттеу барысында ел имиджін өз азаматтарының қа - был - дау деңгейі қарастырылғаны жөн. Сонымен бірге, шет ел тұр - ғындарының көзқарастары тере - ңірек сарапталуы қажет. Өйткені, халықаралық имидж мемлекетке инвестициялық қаржылардың көп - теп бөлінуіне, туризмнің да - муына, іскерлік әлем әріптес - тігіне жол ашып қана қоймай, тәуелсіз Қазақстан халқының мақ - таныш сезімі мен Отанға сүйіспеншілігін жоғарылатады. Жалпы мемлекет имиджі оның құрылымын құрайтын бірнеше элементтерден тұрады: Қа - зақстан демократиясының бейнесі; билік имиджі; Қазақстан эко - номикасының имиджі; Қазақстан Қарулы Күштерінің имиджі; Қа - зақстанның сыртқы саясаттағы имиджі; мемлекеттің ақпараттық саясат имиджі.
Қазақстан демократиясының бейнесі. Елімізді демократия - лан - дыру барысында мемлекеттік ре - формаларды жүзеге асыру сәтті жүргізілді. Ашық ақпараттық қо - ғам құру демократия жолындағы маңызды қадам болып табылды. Қазақстандағы соңғы жылдар - дағы реформалардың негізгі мақ - саты болып елді демокра - тияландыра түсу саналады. Осы шарттардағы саяси дамудың негізгі заңдылықтарын пайдалана отырып, тиімді жаңғырулардың орын алуына, алдыңғы қатардағы әлеуметтік-экономикалық дең - гей - ге шығу саяси жүйенің бар - лық күштеріне байланысты. Реформалар үдерісі жалпылай қо - ғамды қамтып, экономика, әлеу - меттік сала, рухани мәдениет пен саяси жүйенің динамикалық өзге - рістері негізінде шешімі табылуы тиіс жағдайларға да ықпалын тигізеді. Еліміздегі жаңғырған қо - ғам - ды азаматтық қоғам, құқық - тық мемлекет пен нарықтық эко - номиканың өзара бірлігі ретінде анықтаймыз.
Билік имиджі. Мемлекет бейнесінің қабылдануын түсіну үшін ең алдымен билік пен азаматтар арасындағы қарым-қа - тынастарды айқындау қажет. Биліктегі азаматтардың тұлғалық имиджінің бағалануы олардың халықпен жақындығымен өзара байланысты. Бұқаралық сананың биліктің тиімді қызметін баға - лауы имидждің сипаттамалық бел - гісінің бір бөлігі болып та - былады. Билік бейнесі мен сы - байлас жемқорлық мәселесі де мемлекет имиджінің құрамдас бір бөлігі. Сыбайлас жемқорлық барлық адами және қоғам құн - дылықтарының даму үдерісіне кедергі жасайтын дерт екендігі белгілі. Бүгінгі күні қоға - мы - мызда кездесетін теріс жағдай - мен тек құқық қорғау орындары ғана емес, ел болып күресу қажеттілігі туындап отыр.
Қазақстан экономикасының имиджі. Мемлекет имиджінің негізгі аспектілерінің бірі ретінде биліктің экономикалық саясатты жүргізудегі тұрғындардың қаты - на - сын атап өте аламыз. Қазақ - стан экономикасының оң имиджін қалыптастыру барысында еліміз көптеген маңызды ресурс - тарға ие болмақ. Тек жағымды имидж ғана ұлттық экономика - ның бәсекелестік деңгейін жоға - ры - лата алады.
Қазақстан Қарулы Күштерінің имиджі. Азаматтардың Қарулы Күштерге көзқарасы - мемлекет - тің ішкі имиджіне ықпал ететін қарым-қатынасы. Бұл - күшті әскери державалық мемлекеттің қалыптасуына оң ықпал ететін факторлардың бірі. Телеар - налар - дағы отансүйгіштікке тәрбиелей - тін әскери хабарларды көбейту - мен қатар, көрші Ресей түсіріп отырған өзімізге тән әскери фильмдер түсіру орынды болар еді.
Қазақстанның сыртқы саясат - тағы имиджі. Азаматтардың Қа - зақстанның сыртқы саясатын қабылдауы маңызды имидждік си - патқа ие. Қазақстан беделді халықаралық ұйымдардың қаты - су - шысы ғана емес, осы уақытқа дейін ТМД, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, АӨСШК секілді аймақтық ұйым - дардың төрағалығын сәтті атқара білді. Еліміздің былтырғы Еуро - падағы қауіпсіздік және ынты - мақ - тастық жөніндегі ұйымға төрағалығы ел имиджін жоғары - латқаны анық. Еліміздің ЕҚЫҰ төрағалығын иеленген пост - ке - ңес - тік республикалар арасында ғана емес, Азиядағы және мұсыл - ман әлеміндегі тұңғыш мемлекет екендігін әрқайсымыз мақтан етуіміз керек. 11 жылғы үзілістен соң жаңа ғасыр, жаңа мыңжыл - дық және жаңа әлемдік шарттарда Астана Саммитін өткізу еліміздің жетістігі ғана емес, ЕҚЫҰ-ның да жетістігі деп атап көрсетті көптеген сарапшылар. Саммиттің жемісті өтуі Қазақ - стан Республикасының әлемдік имиджін жаңа деңгейге көтерді.
Мемлекеттің ақпараттық саясат имиджі. Бұқаралық ақпарат құралдары - ақпараттық саясат ұйымдастырудағы билік пен мем - лекеттің бейнесін қалып - тас - ты - ратын негізгі саяси идеяларды жүргізетін маңызды коммуни - ка - циялық құрал. БАҚ қоғамдық пікірді қалыптастырып, тұрғындар мен биліктегілер арасындағы өз - ара қатынастарды реттеуге септігін тигізеді. БАҚ-та берілетін ақпараттар қоғам қажеттілігіне сәйкес дайындалуы тиіс. Осы себептерге байланысты ақпаратты таратушы барлық хабарламаны тұрғындар мүддесіне сәйкес дайындаулары тиіс. Отандық және шетелдік ав - тор - лардың түрлі сараптамалық материалдарын зерттеу және жүйелеу барысында Қазақстан - ның оң имиджінің қалыпта - суындағы төмендегідей мәселе - лерге мән беріледі: - билік пен басқару жүйе - сіндегі, еліміздің қоғамдық өмірі - нің барлық салаларындағы тұрақ - тылық; - сыртқы инвесторларды тарту мақсатындағы отандық эконо - ми - калық жүйенің ашықтығы; - еліміздің құндылықтарына сәйкес келетін түсініктердің қа - лып - тасуына ықпал ететін идео - логиялық қимылдар; - қылмыстық әлеуметтік құ - бы - лыстың сипаттамалық белгілерін жоққа шығаратын қоғамдағы жоғары білімділік, мәдени және рухани әлеуетінің басымдығы; - әлемнің барлық мемлекеттерімен коммуникативтік байла - ныстардың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін Қазақстанның ақпараттық-саяси әлеуетінің ықпалдылығы. Жалпы PR мен жарнама әлем - дік қоғамдастық алдындағы Қа - зақ - стан имиджін алға жылжыту жолында тиімді пайдалануға бо - латын тәсілдер мен технологиялар қызметі. Сондықтан сая - сат - танушылар, әлеуметтанушылар, экономистер, басқару мен ұйым - дастырушылық даму мамандары - ның біріккен тәжірибелік құл - шыныс пен интеграциялық бай - ла - ныстары қажет. Сыртқы имидж - ді қалыптастыруда психологтар, сайлауалды технология - ларының кеңесшілері, спичрайтер, спиндоктор, журналистердің қосар үлестері зор. Мұндай біріккен жұмыс шаралары мемлекеттік билік органдарының тікелей қатысуымен жүргені абзал. Мемлекет имиджін ақпарат - пен қамтамасыз ету шеңберіндегі қызмет екі бағыт бойынша жүр - гізілгенін жөн санаймыз. Біріншісі - Қазақстанның шет елдердегі саяси, экономикалық, мәдени, гуманитарлық, ақпараттық қаты - суын анықтау; екіншісі - шетелдік бұқаралық ақпарат құрал - дарындағы Қазақстан бейнесі, елдің ішкі және сыртқы саяса - тының көрсеткіштерінің толық сипаттамалық белгілері. Тәуелсіз Қазақстанның саяси дамуы, ішкі саяси реформалары - ның сипаты бүгінде әлем елдеріне үлгі саналады. Қазіргі Қазақ - станның негізгі міндеті серпінді экономикалық даму, тұрақтылық - ты сақтау арқылы саяси және экономикалық жаңғыруды жал - ғас - тыра дамыту екендігі анық.
1.2 БАҚ-тың халықаралық қатынастарға әсері
Жас зерттеуші ретінде бұл ізденісімде қазіргі саяси журналистиканың көрінісіне баға беріп, шетелдік БАҚ-тың саяси жаңалықтар беру ерекшелігін, оның бізге тигізер әсерін анықтауды басты назарыма ұстадым. Ең алдымен саясат ұғымын саналы түрде анықтап, оның журналистикамен ажырамас байланысын түсіндірмес бұрын Американың саясатшысы Г.Лассуэллдің (1902-1978) өзінше жүйелеген БАҚ-тың негізгі қызметтеріне тоқталсақ:
1) әлемдегі болып жатқан жағдай туралы хабарлар жинап тарату;
2) хабарларды редакциялау,таңдау және түсінік беру;
3)қоғамдық пікір қалыптастыру;
4)мәдениетті тарату.
Осы міндеттердің қатарына бесінші етіп оның қоғамды саясаттандыруы мен бұқара халықты саяси ағартушылығын қосуға болар еді. БАҚ азаматтар мен билік органдарына ең маңызды оқиғалар туралы мағлұматтар жинайды, таратады, оларға баға береді. Осындай негізгі қызметтері арқылы Үкіметтің, парламенттің, партиялар мен қозғалыстардың іс-әрекеттері, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмірі туралы пікір, көзқарас қалыптастырады. Ғалым, зерттеуші М.Барманқұлов ақпарат пен саясаткердің имиджі туралы Журналистердің айтуы бойынша, олардың негізгі мақсаты - шынайы ақпарат жеткізу. Саясаткерлердің ойынша, журналистика дегеніміз - ақпарат. Ал ол ақпарат олардың бейнесін жақсы жағынан көрсету болып табылады деп есептейді.
Олардың шынайы бейнесі емес, аудитория алдында тартымды етіп көрсету. Бұл дегеніміз театр ғой - деп жазады. Зерттеуші ғалымның бұл пікірін құптай отырып, қазіргі қоғамда БАҚ кімге қызмет етеді, мемлекет арасында ақпараттық шабуылдардың түпкі мақсаты не деген сұраққа дипломдық жұмысымда жауап беруге талпындым. Сондықтан саяси журналистиканың өзімізге ғана мәлім қырларын қарастырғанда, бұл мәселе зайырлы, құқықтық мемлекетіміз бен демократиялық қоғам үшін өзекті әрі көкейкесті. Қазіргі қоғамды мемлекеттер арысындағы саяси ақпараттық шабуылсыз елестету мүмкін емес. Бірақ, мен бұл жұмысымда мемлекеттер арасындағы емес, нақты Қазақстанға көзделген ақпараттық шабуылдарды зерттеймін. Күллі халықтың ойын бір мақаламен өзгертетіндей, БАҚ-тың құдіреті неде? Бір сөзбен айтқанда, көгілдір экран мен оқылған ақпарат көрерменге өз көзімен көргендей керемет әсер сыйлайды. Бұл өз кезегінде аудитория үшін Мен көрдім. Яғни ол - шындық деген психологиялық тоқтамға әкелетіні даусыз.
Ақпаратты бірінші білген адам әлемді билейді деген қағида негізіне сүйенсек, ақпарат таратушы журналист қауымы үшін жауапкершіліктің жүгі ауыр. Берілген ақпараттың шынайлығы мен дәлдігін сақтап, халыққа дәйекті жеткізу - журналистің міндеті. Алайда ақпараттағы оқиғаның өзектілігі мен оның таратудағы мақсаты айқын болуы шарт. Көп жағдайда дұрыс жеткізілмеген ақпараттар халықтың санасын улап, қандайда бір қалыптасқан пікірлерін бұрыс жаққа өзгертіп жатады. Шетелдік БАҚ-тың Қазақстан жайлы таратқан бір қисық ақпараты сол елдегі жүз халықтың біздің елге деген көзқарасын әп сәтте өзгертуге ықпалы бар.
Бүгінгі таңда БАҚ қоғамның саяси жүйесі үшін өте маңызды және азаматтардың саяси санасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Ең көп таралған бұқаралық ақпарат құралдары - баспасөз, теледидар, радио және интернет-ресурстар осы тізімде ерекше орын алады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі функциялары:
1.Ақпараттық функция. Оның мәні жеке елде де, әлемде де болып жатқан оқиғаларды бұқаралық ақпарат құралдарының жариялауында жатыр. Ақпарат халыққа беріліп қана қоймайды, сонымен қатар сарапшылар бағалайды және түсіндіреді.
2.БАҚ саяси әлеуметтенудің құралы ретінде әрекет етеді. Олардың көмегімен халық саяси нормалар мен құндылықтарын; саяси мінез-құлықтың үлгілері мен модельдері игереді.
3.Әр түрлі қоғамдық мүдделер мен пікірлерді, саяси оқиғаларға көзқарастарды ұсыну функциясы.
4.Қоғамдық пікірді қалыптастыру -- БАҚ-тың аса маңызды функцияларының бірі. Ол, мысалы, күн сайын теледидар экрандарында жаңалықтар, ток-шоулар және басқа да телешоуларда көретін ақпараттардың әсерінен қалыптасады.
5.Сын мен бақылау функциясы. Бұл азаматтарға органдардыңбилік өкілдерінің оқиғаларын, әрекеттерін талдауға және бағалауға мүмкіндік береді. Алайда, қазіргі қоғамда адамдар дайын талданған ақпаратты игеруді жөн көреді. Бұл факт азаматтардың саяси санасының әртүрлі манипуляцияларына жағдай жасайды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси ықпалы адамның ақыл-ойы мен сезімдеріне әсер ету арқылы жүзеге асырылады. Шынайы ақпаратпен қатар, насихатта көбінесе жартылай ақиқат беріледі, сонымен қатар үгіт -- насихат жүргізетін саяси ұйымның сипатына байланысты жалған ақпарат қолданылады-фактілерді бұрмалау, жалған ақпарат, әсіресе Интернет-ресурстарға қатысты. Көбінесе әртүрлі сайттарда "ақпаратты толтыру" деп аталады, яғни кез-келген пайда алу үшін жалған ақпаратты жариялау жүзеге асырылады. Көбінесе мұндай жарияланымдардың авторы да жоқ, бірақ халықтың бір бөлігі бұл ақпаратты оның ақиқаты туралы ойламай-ақ біледі.
Бүгінгі таңда күнделікті өмірді медиациялау процесі белсенді дамып келеді және БАҚ оның саяси мінез-құлқына мақсатты әсер ете отырып, жас ұрпақтың дүниетанымы мен саяси санасын қалыптастыру саласында сөзсіз көшбасшы болып табылады. Осыған байланысты масс-медиа қоғам өмірінің барлық салалары бойынша жастарды ақпараттық ағартудың негізгі институты болып табылады. БАҚ саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени бағдарлар мен жаңа буын ұстанымдарын қалыптастыру процесін белсенді түрде басқарады.
Осылайша, халықтың саяси санасын қалыптастыратын қазіргі заманғы БАҚ саяси процестің өзегіне айналады деп қорытынды жасауға болады. БАҚ қызметі берілген саяси бағыт бойынша жүзеге асырылады. Саясат, өз кезегінде, бұқаралық ақпарат құралдарынсыз жасай алмайды, өйткені олар билік пен қоғам арасындағы бағыттаушы болып табылады.
Масс-медианың ықпалы нақты бір мемлекет ішінде шектеліп қоймай, сонымен қатар шекаралас елдерге қатты ықпалын тигізіп, халықаралық қатынастарға әсерін келтіреді. Алайда, бұл әсер әрдайым шығармашылық емес, бұқаралық ақпарат құралдарының халықаралық процестерге теріс әсер ету жағдайлары жиі кездеседі.
Біз үлкен деструктивті күшке ие болған қазіргі ақпараттық соғыстардың куәсі болып келеміз. Олар дағдарыс жағдайында белгілі бір жанжалды бәсеңдетпей, керісінше, ынталандырып, ерекше қауіпке ие болады. Тіпті, соңғы уақытта БАҚ арқылы жіберілген тексерілмеген ақпарат немесе анық-жалған ақпарат қате әскери-саяси шешімдер қабылдауға әкелетін жағдайлар орын алып жатады.
БАҚ-тың халықаралық істерге ықпалының күшеюін баса көрсете отырып, әрдайым теріс түсінікке ие болатын осы ықпалдың салдарларына баса назар аудару қажет. Сонымен, көп жағдайда ақпараттық агенттіктердің материалдарында сынып ретінде деректерді байыпты және мұқият талдау жоқ, ал қолда бар ақпарат дайын субъективті тұжырымдарға бейімделеді. Яғни, әсер, ең алдымен, логика мен ақылға емес, адамдардың эмоциялары мен сезімдеріне әсер етеді. Мұндай насихат жай ғана қажет емес, қазіргі жағдайда бұл өте қауіпті болуы мүмкін. Қоғамдық дипломатияда өз ұстанымын дәйекті түрде баяндау, сыртқы саясаттағы басымдылықтарын түсіндіру, ақпараттық бақталастықпен айналыспай, сенімді қарым-қатынас орнатуға ықпал ету және оларды шынайы априори деп санай отырып, тек өз мүдделерін танымал ету қажет. БАҚ-тың басты күш-жігері маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды жариялауға, түрлі процестер мен құбылыстарды талқылауға және сынға алуға бағытталған. Бірақ сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі прагматикалық, материалдық мақсаттарды-пайда табуды көздейді.
Енді бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі уақытта қоғамның назарын маңызды оқиғаларға аударып қана қоймай, кейде жаңа шындық құрып, халықаралық қатынастар теңдеуінде жаңа айнымалылар орната алатындығы айқын болды.
Сыртқы саясатты жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану, ең алдымен, оның тиімділігіне байланысты танымал бола бастады.
Бұл сегменттегі көшбасшы, әрине, АҚШ. Олар жер шарының әр бұрышында өздерінің ұлттық басымдықтарын іске асыруға ақпараттық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін жүйені құруға қол жеткізді. Тек ресми дереккөздерге сүйене отырып, олар сыртқы саяси насихатқа миллиард долларға жуық қаражат жұмсайды. Сонымен қатар, Ақ үй өзінің имиджін құрып қана қоймайды, сонымен қатар басқа мемлекеттердің жаңалықтар саясатына әсер етеді, ақпараттық себептер қалыптастырады (яғни, ол АҚШ үшін тиімді түрде белгілі бір салада шоғырландырылған қоғамдық пікірді дамытуға әсер ететін оқиғаларды жариялайды).
Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдары сыртқы саясатқа белсенді әсер етеді деп сеніммен айтуға болады. БАҚ жанжалды жағдайларды ынталандыра алады, әртүрлі деректерді басқара алады және оқиғаларды объективті сипаттау, тараптарды бір-бірінің жоспарлары туралы уақтылы және сауатты хабардар ету арқылы мемлекеттер арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға ықпал ете алады.
II
ШЕТЕЛДІК БАҚ-ТАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОБРАЗЫ
Соңғы жылдар көлемінде Қазақстанның имиджі Ұлыбритания баспасөзінде айтарлықтай өзгеше көрініс бере қойған жоқ. Бұл сөзімізге осы елдің баспасөзінде жарияланып келе жатқан хабарламалар, комментарийлер, сараптамалық мақалалар дәлел бола алады. Әрине, Қазақстан туралы Ресей сияқты көп ақпарат берілмейді, дегенмен, ағылшындықтар Қазақстан образымен таныс деуге толық негіз бар.
Қазақстандағы саяси ахуалдың, экономикалық, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz