Бірінші шам басқару қалқанына қорек көзін беру туралы дабыл беруші шамы


Мазмұны
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өндіріс саласын жаңа деңгейге шығару мақсатында арнайы стратегиялық бағытты таңдап отыр. Атап айтсақ отандық тұрмыстық тауар өндірушілерді жан - жақты қолдап, олардың нарыққа ұсынатын тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат етіп алып отыр. Жаңа өндіріс қуаттарын іске қосу және еңбекшілердің тұрғын үйлер құрылыстарын одан әрі жақсарту басты міндеттердің бірі болып отырған жағдайда, құрылыс техникасымен, оның ішінде құрылыс материалдары Цемент өндірісінің ТП АБЖ жетілдіру қазіргі таңда өте маңызды және өзекті болып табылады.
Цемент өнеркәсібі құрылыс индустриясының жетекші салаларының бірі болып табылады. Ел дамуының негізгі бағыттарында кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыруға және реконструкциялауға бағытталған қаражат үлесін едәуір ұлғайту, капитал салымының өзін-өзі ақтау мерзімін қысқарту міндеті қойылған. Цемент өнеркәсібінің негізгі өндірістік қорларының жоғары жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп тұрған зауыттардың жабдықтарын жаңғырту және ауыстыру жөніндегі жұмыстарды толық көлемде орындау қажет.
Цемент өндіру технологиясын автоматтандыру өндірістің технологиялық деңгейін едәуір арттыруға, қол еңбегін пайдалануды күрт қысқартуға мүмкіндік беретін процестерді оңтайлы режимде орындауды қамтамасыз ететін микропроцессорларды, жұмыс компьютерлік станцияларын қолдануды қоса алғанда, технологиялық жабдықты автоматты бақылау және басқару құралдарымен жарақтандыруды; жоғары сенімділікті салу үшін бұйымдар шығаруға дәйекті көшуді; тиімді құрылыс материалдары өндірісін дамытуды; еңбек өнімділігін арттыруды және өнімді дайындаудың өзіндік құнын төмендетуді қамтиды.
Цементке сұраныстың болжамды көлемін, өндірістік қуаттардың болуы мен жай-күйін, саладағы проблемаларды, оның ішінде энергия үнемдеу, экология, өнім сапасы мәселелерін ескере отырып, цемент өнеркәсібінің алдында өндірісті жаңғырту мен жетілдіру және қуаттарды арттыру бойынша үлкен міндеттер тұр деп қорытынды жасауға болады.
Жоғарыда айтылғандар дайын өнімнің сапасын арттыру, сондай-ақ цемент өндірісінің ТП АБЖ әзірлеу есебінен құрылыс материалдары өнеркәсібінде әртүрлі өнімдерді алу кезінде ұнтақтау тиімділігін арттыру мәселесін шешудің өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты және зерттеу міндеттері . Бұл дипломдық жобаның мақсаты әзірленген әдістерді, аспаптар мен құралдарды қолдана отырып, цемент өндірісінің технологиялық процесін автоматтандыру арқылы цемент өндірісінің ТП АБЖ жетілдіру. Жaңa aвтoмaттaндыpылғaн жүйенi жoбaлayдa кoмпьютеpлapды және микpoбaқылayшылық теxникaны қoлдaнyдың теxникaлық мүмкiндiгi мен экoнoмикaлық тиiмдiлiгiгiн дәлелдеy бoлып тaбылaды. Өндipicтiк пpoцеcтеpдi aвтoмaттaндыpyдың пpинципиaлды шешiмдеpi экoнoмикaлық бaғaлay теxникaлық- экoнoмикaлық эффектi негiзiнде acыpылaды. Жaңa теxникaны қypy мен өңдipicке енгiзyдiң кеpектiгi тypaлы шешiм, жoбaлay aяқтaлғaннaн кеиiн бapлық өндipicтiк pеcypcтapды үнемдеyдiң coммacы бoиыншa aнықтaлaды. Жaңa теxникaны қypy және өңдipicке енгiзy - бyл күpделi және қapaмa- қaишы пpoцеcc. Теxникaлық қypaл-жaбдықтapды жетiлдipy еңбек шығындapын aзaйтaды. Қaзipгi жaғдaйдa теxникaлық пpoгpеcc «қымбaттayдa», өиткенi қымбaт линиялap, poбoттap, кoмпьютеpлiк бacқapy қypaл-жaбдықтapын қypyды тaлaп етедi. Мyның бapлығы aмopтизaциялық және қoлдaнaтын теxникaғa қызмет көpcетyдiң шығындapы өcyi apқылы өнiмнiң өзiндiк қyнынa әcеp етедi. Coғaн қapaмacтaн, өндipicтiң бәcекеге қaбiлеттiлiгi, тayap және қызмет көpcетy нapығындa қaлyы, бipiншi pетте тayap өндipyшiнiң жaңa теxникa мен теxнoлoгиялapды игеpyге бaилaныcты, бyл жaңa жoғapы caпaлы тayapлapды, мaтеpиaлдық pеcypcтapды бapыншa тиiмдi үнемдеy apқылы шығapyғa мүмкiндiк беpедi. Coндықтaн дa жaңa aвтoмaттaндыpылғaн жүйенi қypy кезiнде негiзгi қaндaи мәcелелеp шешiлyi кеpектiгi бipiншi pетте aнықтaлyы кеpек.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны ЖШС «ПК» Семей цемент зауыты болып табылады.
Зерттеу пәні цемент өндірісінің технологиялық желісі болып табылады.
1 Цемент өндірісінің ТП АБЖ әзірлеу
1. 1 Технологиялық процесс
Цемент өнімін дайындау технологиясы материалдарды дайындаудан VІ, VІІ, VІІІ, оларды дозировкалаудан ІХ, міндетті түрде араластырудан Х және буып-түюденХІІ, ХІІІ тұрады. Цемент қоспасының сапасына араластырғыш пен араластыру уақыты үлкен әсерін тигізеді. Ұсақ дисперсті компоненттерге міндетті түрде араластырғыштарды пайдалану қажет, онда ол айналып тұратын шнектер мен қалақшалардың көмегімен неғұрлым қарқынды араластырылады. Құрғақ қоспаның физико-механикалық қасиетіне сонымен қатар араластыру уақыты да жатады. Араластыру жеткілікті уақыт жүргізілмесе қоспаның біртектілігі нашарлайды. Араластырудың тиімді ұзақтығы құрғақ қоспаның құрамына байланысты және тәжірибелі түрде таңдалынып алынады. Ең бастысы армирлейтін қоспаны пайдаланған кезде араластыру уақытына ерекше мән беру қажет.
Фронтал тиеуіш І құмды зауыт ауданындағы уақытша сақтаудан қабылдау бункерына ІІ жібереді. Екі виброқоректендіргіш ІІІ ковшты элеваторға IV құмның үзіліссіз бір қалыпты келіп тұруын қамтамасыз етеді, ол құмды кептіру барабанына тасиды V. Барабан автоматты газды горелкамен жабдықталған. Оның жеті айналу жылдамдығы бар, ол өз кезегінде кептіру камерасындағы барабанның берілген температурасын ұстап тұруды қамтамасыз етеді және ауа-райы қолайсыздығына тәуелсіз берілген ылғалдылық пайызына дейін құмды бір қалыпты кептіруді қамтамасыз етеді. Кептірілген құмның ылғалдылығы 0, 3-0, 4%. Түтіндік газдардың өзін-зі тазалау фильтрі үрлеу жүйесімен жабдықталған, ол ауаны 0, 99 тазалау коэффициентін қамтамасыз етеді. Түтіндік газдардың температурасы, түтіндік фильтрдің ластану дәрежесі, кептіру барабанының II айналу жылдамдығы және өнімділігі зауаттық процессорлармен бақыланылады және автоматты немесе қолмен реттелінеді. Виброқоректендіргіш II кептірілген құмды ковштық элеватордың IV қабылдағыш қалташасына береді. Құм ковштық элеватормен IV араластырғыш мұнарасының жоғарғы нүктесіне беріледі, онда бақылаушы елеуіш V қойылған. Бақылаушы елеуіш виброгрохот түрінде V жасалған және құмды елеу сапасына әсер ететін өндірісиік реттегішпен жабдықталған. Еленген құм фракциялары толықтырғышқа арналған VІ бункерына беріледі. Мөлшері 1, 5 мм үлкен құм фракциялары контейнерға лақтырылып тасталынады және ары қарай арнайы құрамды дайындау кезінде пайдаланылады.
Ковштық элеватор ІV, бақылаушы елеуіш V және наполнительдарға арналған бункерлар желдеткіштің локальды жүйесімен жабдықталған, өзін-өзі тазалайтын фильтрмен вытяжкалы желдеткіш құмнан түзілген шаңды кетіреді. Фильтр 0, 25 мм дейінгі фракциялы жиналған құмды бункерға беріп тұратын, ұяшықты қоректендіргіштермен жабдықталған.
Шикізаттық материалдарды (қоспаларды) тиеу және қабылдау.
Рецептура бойынша пайдаланылатын әр-түрлі қоспалар, зауыт қоймаларында сақталынады. Күнделікті жоспарға сәйкес қоспаларды өндіру цепты көтергіш көмегімен VІІІ бункерларына қоспа добавкаларымен қамтамасыз ету үшін беріледі де солардың үстіне төгілініп тасталынады.
Шикізаттық материалдарды (байланыстырғыш заттар) тиеу және қабылдау.
Автоцистернамен шикізат базасына арналған қоймадан зауытқа цемент, известь және доломит әкеледі. Байланыстырушы заттарына арналған транспорттық құбырөткізгіштері 29, 30, 31, 32, 33 қабылдағыш бункерларымен жабдықталған, ол автоцистернаның шлангыларына жалғауға ыңғайлы иілгіш келеді. Автоцистернадан немесе зауыттық пневможүйеден ауа арқылы компрессорлармен сорылып алынатын байланыстыратын заттар VII бункерына жіберіледі.
Шикізаттың шикізаттық қорларын қоймаға жинау
Байланыстыратын заттарға арналған бункерлар VI фракциондық құмды уақытша сақтауға арналған. Олардың көлемі - 3x50 м 3 . Бункерлар үзіліссіз әрекеттегі деңгей көрсеткіштерімен жабдықталған, олар процессорға фракциондық құм қорының запастық көлемін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Аэроциялау жүйесі құмның тығыздалуын және бункерда бос орын қалып қалмауын бақылап отырады.
Байланыстыратын заттарға арналған көлемі 5x50 м 3 бункері VII сұр және ақ цемент, известь және долмитті уақытша сақтауға арналған. Олар үзіліссіз әрекеттегі деңгей көрсеткіштерімен және аэрациялау жүйесімен жабдықталған. Бункер қақпағында фильтр желдеткіштері орналасқан.
Қоспаларға арналған бункері VII көлемі 6x1, 5 м3 ай сайын қоспалармен толықтырылып отырады. Қоспа қасиетіне қарай бункерларда оларды сақтауға арналмаған. Олар мобильді, бос бункерларды алдын ала толтырылып қойылған бункерлармен жылдам алмастырылады.
Дозалау (мөлшерлеу)
Зауыттың енгізілген рецептурасына сәйкес автоматты пневмоклапандарды басқара отырып автоматты түрде VII бункерінде орналасқан таразыда өлшенеді. Бір уақытта өлшенетін толықтырғыштармен байланыстыратын заттардың салмағы 3000 кг аспауы тиіс. Ары қарай осылайша толықтырғышпен байланыстыратын заттар осындай ретпен өлшенеді.
Сонымен қатар аз мөлшерде пайдаланылатын, қолымен өлшеу жүйесі де қарастырылған.
Осылардан кейін автоматты басқару клапандарының көмегімен өлшенген компоненттер тарату бункерына Х жіберіледі. Өлшеу жүйесінің дәлдігі 0, 5 %.
Араластыру.
Араластырғышқа Х жіберілген, өлшеніп мөлшерленген заттар, берілген программаға сәйкес араластырылады. Араласқан дайын өнім бункердан таратқыш арқылы қажетті буып - түю линиясына және тиеуге жіберіледі.
Буып - түю және тиеу жұмыстары
Ақтара тиеу. Таратқыштан дайын өнім ақтара тиеу бункеріне ХІІ жібереді. Бункер автоцистернаға және басқада транспорт түріне қоспаны тиеуге арналған телескоптық құрылғылармен, жалғастырғыш тетіктерімен жабдықталған.
Биг-бегиға буып түю . Буып түюге арналған бункер ХІІІ буып түю машинасымен жалғанған, онда өнім мөлшері 500-1500 кг. Болатын полипропиленді қаптарға салынады.
Қаптарға буып түю. Қажет болған жағдайда өнімді көлемі 15-40 кг болытн қағаз қаптарға буып түю үшін таратқыштан ХІV бункерға түседі. Цементпен толтырылған қаптар транспортердың көмегімен паддонға жіберіледі, онда укладчик арнайы ағаш поддондарға жинайды да қоймаға жіберіледі.
1. 2 Функционалдық сұлба
Автоматтандырудың функционалды сұлбаларын орындағанда технологиялық процестерді басқару және бақылау мәселелері мен мазмұнын, бақылау пункттерін және жергілікті басқару жүйесін орталық басқару жүйесімен байланысын ескеру қажет.
Цемент өндірісінің автоматтандырылған желілерді басқару жүйесіннің функционалдық сұлбасы келесілерден тұрады:
а) электрқозғалтқыш жұмысын автоматтандырудан:
1) Бірініші ковштың электрқозғалтқышынан І, (ЭҚ1) ;
2) құрғату барабанының электрқозғалтқышынан ІІ (ЭҚ2) ;
3) екінші ковштың электрқозғалтқышынан ІV (ЭҚ3) ;
4) желдеткіш фильтрінің электрқозғалтқышынан V (ЭҚ4) ;
5) қоспа бункері арасалсырғышының электрқозғалтқышынан ІХ (ЭҚ5) ;
6) араластыру секциясы араластырғышының электрқозғалтқышынан Х (ЭҚ6) ;
7) шаңды сору фильтрі (ЭҚ7) ;
8) трнспортердың электрқозғалтқышынан (ЭҚ8) ;
9) буып-түю машинасының (ЭҚ9) .
б) дабыл беру:
1) басқару қалқанына қорек беру (HL1) ;
2) бірінші ковштың жұмысы І (HL2) ;
3) құрғату барабанының жұмысы ІІ (HL3) ;
4) екінші ковштың жұмысы ІV (HL4) ;
5) желдеткіш фильтірінің жұмысының V (HL5) ;
6) бастапқы қоспа араластырғышының жұмысы ІХ (HL6) ;
7) араластырғыш секциясының жұмысы Х (HL7) ;
8) шаң сору фильтрінің жұмысы ХІ (HL8) ;
9) транспортердің жұмысы (HL9) ;
10) буып - түю машинасының жұмысы (HL10) .
Жүйе былай жұмыс істейді: SF1, типі А-63 автоматты өшіру көмегімен, оператор басқару қалқанына қорек береді, одан кейін «Режимді таңдау» SA1, типі ПКУ-3-12 өшіріп-қосу көмегімен жүйенің жұмыс істеу режимі таңдалынады: оператормен (қолмен) немесе автоматты.
Жүйе автоматты режимде жұмыс істейді, ал қолмен басқару режимі авариялық жағдайда және жөндеу жұмыстары кезінде барлық клапанды өшіру үшін қарастырылған.
Тарату жүйесі ADAM-7000Е 8 дейін қосу модульдері болады. Бұл Р1, Р2, Р3, Р4 -сегіз каналды релелі шығыстық модулдер ADAM-5068, олар электрқозғалтқыштар мен атқару механизмдерін басқару үшін қажет. Модуль Р5 - сегіз каналды модулі термореттегішті және ылғалдылықты қосуға арналған ADAM-5017Н. ОВЕН ТРМ 251 типті термореттегіші үш бақылау нүктелерімен күйге арналған үш програмамен жұмыс істейді. Ол тот баспайтын болаттан жасалған максималды температурасы +1300°С-ға дейін. Р6, Р7 сегіз каналды аналогты енгізу модулі ADAM-5012 өнім деңгейін өлшеуге арналған. Р8 сегіз каналды аналогты енгізу модулі ADAM-5012 өнім жылдамдығымен салмағын өлшеуге арналған. Р5, Р6, Р7, Р8 модульдері көмегімен өнім температурасы, деңгейі және салмағы туралы ақпарат жиналады, ал Р1, Р2 модульдерінің көмегімен сәйкес электрқозғалтқыштар басқарылады.
Басқару қалқанына тоқ жіберілген кезде HL1 дабыл лампасы жанады.
Цементті дайындау технологиясы материалдарды дайындаудан VІ, VІІ, VІІІ, оларды дозировкалаудан ІХ, міндетті түрде араластырудан Х және буып-түюден ХІІ, ХІІІ тұрады. Цемент сапасына араластырғыш пен араластыру уақыты үлкен әсерін тигізеді.
Фронтал тиеуіш І құмды 28 - 28 зауыт ауданындағы уақытша сақтаудан қабылдау бункерына ІІ жібереді. Екі виброқоректендіргіш ІІІ ковшты элеваторға IV құмның 28- 28 үзіліссіз бір қалыпты келіп тұруын қамтамасыз етеді, ол құмды кептіру барабанына тасиды V. Барабан автоматты газды горелкамен жабдықталған. Айналу барабанының жеті айналу жылдамдығы бар, ол өз кезегінде кептіру камерасындағы барабанның берілген температурасын ұстап тұруды қамтамасыз етеді және ауа-райы қолайсыздығына тәуелсіз берілген ылғалдылық пайызына дейін құмды бір қалыпты кептіруді қамтамасыз етеді, Кептірілген құмның ылғалдылығы 0, 3-0, 4%, құмның ылғалдылығы ADAM5017Н (Р5) модулімен бірігіп жұмыс істейді. Түтіндік газдардың өзін-зі тазалау фильтрі үрлеу жүйесімен жабдықталған, ол ауаны 0, 99 тазалау коэффициентін қамтамасыз етеді. Түтіндік газдардың температурасы, түтіндік фильтрдің ластану дәрежесі, кептіру барабанының II айналу жылдамдығы және өнімділігі зауыттық процессорлармен бақыланылады және автоматты немесе қолмен реттелінеді. Кептіру температурасы ADAM5017Н (Р5) модулімен бірігіп жұмыс істейтін ОВЕН ТРМ 251 типті термореттегіші көмегімен бақыланылады. Берілген температурадан асып кетіп жатса контроллер релелі-шығыстық модуль ADAM5068 арқылы сигнал береді.
Виброқоректендіргіш II кептірілген құмды 28 - 28 ковштық элеватордың IV қабылдағыш қалташасына береді. Құм ковштық элеватормен IV араластырғыш мұнарасының жоғарғы нүктесіне беріледі, онда бақылаушы елеуіш V қойылған. Бақылаушы елеуіш виброгрохот түрінде V жасалған және құмды елеу сапасына әсер ететін өндірісиік реттегішпен жабдықталған. Еленген құм фракциялары толықтырғышқа арналған VІ бункерына беріледі. Мөлшері 1, 5 мм үлкен құм фракциялары контейнерға лақтырылып тасталынады және ары қарай арнайы құрамды дайындау кезінде пайдаланылады. Ковшты элеваторлардың, елеуіштің жұмысын М1-М4 электрқозғалтқыштары жалғанған, релелі-шығыстық ADAM5068 (Р1) модульі арқылы бақыланылады. Ковштық элеватор ІV, бақылаушы елеуіш V және наполнительдарға арналған бункерлар желдеткіштің локальды жүйесімен жабдықталған, өзін-өзі тазалайтын фильтрмен вытяжкалы желдеткіш құмнан түзілген шаңды кетіреді. Фильтр 0, 25 мм дейінгі фракциялы жиналған құмды бункерға беріп тұратын, ұяшықты қоректендіргіштермен жабдықталған.
Рецептура бойынша пайдаланылатын әр-түрлі қоспалар, зауыт қоймаларында сақталынады. Күнделікті жоспарға сәйкес қоспаларды өндіру цепты көтергіш көмегімен VІІІ бункерларына қоспа добавкаларымен қамтамасыз ету үшін беріледі де солардың үстіне төгілініп тасталынады. Бункерда компоненттің деңгейі аналогты енгізу модуліне ADAM5012 (Р7) жалғанған ЭХО-3 деңгей датчигімен бақыланады. Бункерлардың көлемі 15 м 3 құрайды.
Шикізаттық материалдарды (байланыстырғыш заттар) тиеу және қабылдау.
Автоцистернамен шикізат базасына арналған қоймадан зауытқа қоспа, известь және доломит әкеледі. Байланыстырушы заттарына арналған транспорттық құбырөткізгіштері 29 - 29, 30 - 30, 31 - 31, 32 - 32, 33 - 33 қабылдағыш бункерларымен жабдықталған, ол автоцистернаның шлангыларына жалғауға ыңғайлы иілгіш келеді. Автоцистернадан немесе зауыттық пневможүйеден ауа арқылы компрессорлармен сорылып алынатын байланыстыратын заттар VII бункерына жіберіледі. Бункерда компоненттің деңгейі аналогты енгізу модуліне ADAM5012 (Р6) жалғанған ЭХО-3 деңгей датчигімен бақыланады. Бункерлардың көлемі 50 м 3 құрайды. Байланыстыратын заттарға арналған бункерлар VI фракциондық құмды уақытша сақтауға арналған. Олардың көлемі - 3x50 м 3 . Бункерлар үзіліссіз әрекеттегі деңгей көрсеткіштерімен жабдықталған, олар процессорға фракциондық құм қорының запастық көлемін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Аэроциялау жүйесі құмның тығыздалуын және бункерда бос орын қалып қалмауын бақылап отырады.
Байланыстыратын заттарға арналған көлемі 5x50 м 3 бункері VII сұр және ақ цемент, известь және долмитті уақытша сақтауға арналған. Олар үзіліссіз әрекеттегі деңгей көрсеткіштерімен және аэрациялау жүйесімен жабдықталған. Бункер қақпағында фильтр желдеткіштері орналасқан.
Цемент қоспаларынаа арналған бункері VII көлемі 6x1, 5 м3 ай сайын қоспалармен толықтырылып отырады. Цемент қасиетіне қарай бункерларда оларды сақтауға арналмаған. Олар мобильді, бос бункерларды алдын ала толтырылып қойылған бункерлармен жылдам алмастырылады.
Зауыттың енгізілген рецептурасына сәйкес автоматты пневмоклапандарды 10-1, 11-1, 12-1, 13-1, 14-1, 15-1, 16-1 басқару автоматты түрде, релелі-шығыстық ADAM5068 (Р2) модульі арқылы бақыланылады, VII бункерінде орналасқан таразыда өлшенеді. Бір уақытта өлшенетін толықтырғыштармен байланыстыратын заттардың салмағы 3000 кг аспауы тиіс. Ары қарай осылайша толықтырғышпен байланыстыратын заттар осындай ретпен өлшенеді.
Сонымен қатар аз мөлшерде пайдаланылатын, қолымен өлшеу жүйесі 25-1 клапаны қарастырылған. Осылардан кейін автоматты басқару клапандарының көмегімен өлшенген компоненттер тарату бункерына Х жіберіледі. Өлшеу жүйесінің дәлдігі 0, 5 %. Одан ары араластырғышқа Х жіберілген, өлшеніп мөлшерленген заттар, берілген программаға сәйкес араластырылады. Араласқан дайын өнім ХІІ, ХІІІ, ХІV бункерларынан қажетті буып - түю линиясына және тиеуге жіберіледі. Бункерларда өнімнің салмағы тензометрлік датчиктерді енгізу модулі енгізу модулі ADAM5012 (Р8) арқылы бақыланылады. Бұдан ары өнім буып - түю және тиеу жұмыстарына жіберіледі.
Ақтара тиеу. Таратқыштан дайын өнім ақтара тиеу бункеріне ХІІ жібереді. Бункер автоцистернаға және басқада транспорт түріне цементті тиеуге арналған телескоптық құрылғылармен, жалғастырғыш тетіктерімен жабдықталған.
Қаптарға буып түю. Қажет болған жағдайда өнімді көлемі 15-40 кг болытн қағаз қаптарға буып түю үшін таратқыштан ХІV бункерға түседі. Цементпен толтырылған қаптар транспортердың көмегімен падд
онға жіберіледі, онда укладчик арнайы ағаш поддондарға жинайды да қоймаға жіберіледі.
1. 3 Автоматтандыру құралдарымен аспаптарын таңдау
Лампа - стационарлық электрлік қондырғылардың дабылына арналған. 220В, 50Гц, қуат: 10-25Вт. Қорғаныс дәрежесі 1Р41. ТСМ., моделі - Ц220-10А.
Басқару түймешегі - Типі КЕ011, өлшемі 40×42×57 (ТУ16-642. 015-84, 3428421010) . Айнымалы тоқ кезіндегі кернеуі 660В, жиілігі 50-60Гц, ал тұрақты тоқ кезінде 440В. Номиналды жылулық тоғы 10А. Қорғау дәрежесі ІР40, ІР54. Цилиндрлік және саңырауқұлақты басқышымен шығарылады.
Электромагнитті қосқыш - Типі ПМА-3102А (ТУ16-644. 005-84, 3427413300) . Реверсті емес, релесіз. Қорғау дәрежесі ІР00.
Түймешек орны - Типі ПКЕ 112-1У3 (ТУ16-642. 006-83, 342844) . Эксплуатациялық қолданылуы: қуысқа орнату үшін. Басқыштар саны 1. Басқыш жағынан қорғау дәрежесі ІР40, контактілі элемент жағынан ІР00.
Төгілгіш заттардың деңгейін контактісіз өлшеуге арналған акустикалы деңгей өлшегіш ЭХО - 4.
Техникалық сипаттамасы:
Өлшенетін орта температурасы, °С -40+160
Бақылау нысанының артық қысымы, МПа 0, 6
Қоршаған орта ауның температурасы, °С -30+50
Өлшенбейтін деңгей, м 0, 05
Өлшеудің жоғарғы деңгейі, м 2, 5
ОВЕН ТРМ 251типті термореттегіш
Техникалық сипаттамасы:
Электрод диаметрі, мм 0, 5
Батырылатын бөлігі диаметрі, мм 40
Өлшеудің төменгі шегі, 0С 40
Өлшеудің жоғарғы шегі, 0С +1300
Рұқсат санаты В, С
Шартты қысым, МПа 10
Жұмысшы тоқ шамасы, мА 5
Жылулық инерция көрсеткіші, с 10…30
Сезгіш элемент мөлшері, шт 1
Оқшаулау кедергісі, Мом 100
МЕСТ 1425-4 бойынша қорғаныс дәрежесі IP54
Сегізканалды аналогты енгізу модулі
Техникалық сипаттамасы:
- 8 дифференциалды
- Тиімді рұқсат ету 16 бит
- кірістік сигнал диапазондары: ±150, ±500 мВ, ±1, ±5, ±10 В; 0…20 мА
- изоляция кернеуі: 1000 В тұрақты тоққа
- таңдау жиілігі: 10 Гц (жалпы)
- Кірістік кедергі 2 МОм
- Жіберу жолағы: 13, 1 Гц
Сегізканалды релелі шығыстық модулі
Өндіруші: Advantech
ADAM-5068 негізгі сипаттамалары
Тұйықтаушы контактысы бар 8 реле
ADAM-5068 контактілерінің коммутациялық қабілеттілігі: 20 В/0, 5 А айнымалы тоқ үшін, 30 В/2 А тұрақты тоқ үшін
7 каналды аналогты кіріс ADAM-5018
Өндіруші: Advantech
Негізгі сипаттамалары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz