Орта мерзімді депозиттер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ8

1. БАНК ДЕПОЗИТТЕРІ11

1. 1 Депозит нарығының мәселелері11

1. 2 Депозит түрлері13

1. 3 «Халық Банкі» ұсынатын қызмет түрлері19

1. «Halyk - әмбебап» депозиті. 20

1. 4 Халық Банкінің депозиттік операциялары21

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ26

2. 1 Delphi ортасында "Банктік операциялар жүйесінде клиенттерге қызмет көрсетудің ақпараттық жүйесін тұрғызуды жобалау"26

2. 2 Басқарудың ақпараттық жүйелерін жетілдіру27

2. 3 Басқарудың ақпараттық жүйесін жұмыс iстейтiн белгiсi бойынша анықтау28

2. 4МикроЭЕМ-нiң жүйелiк программалық қамтамасыздандыруының құрылымы және атқаратын қызметi31

3. ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ32

3. 1 Программалық қамтамасыздандыру жүйелері32

3. 2 Автоматтандырылған жұмыс орны34

3. 3 Borland Delphі ортасының интерфейсі36

3. 4 Borland Delphi-де қосымшалар39

3. 5 Delphi-де жобалық қосымша жаңа жоба құру45

3. 6 Жобаның кестелерін байланыстыру әдістері49

4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ54

4. 1Жоба туралы жалпы мағлұмат54

4. 2 Қаржылық жоспар54

4. 3 Эксплуатациялық шығыстар56

4. 4 Кіріс есебі59

4. 5 Бөлім бойынша қорытынды60

5. ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ61

5. 1 Жұмыс орнында құрылғылардың орналасу тәртібі61

5. 2 Жарылу - өртқауіпсіздігі63

5. 3 Өндрістік санитария64

5. 4 Электр қауіпсіздігі65

5. 5 Желдету жүйесінің есептеулері66

ҚОРЫТЫНДЫ69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР70

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бұл дипломдық жоба жеке тұлғалармен тікелей байланысты проблемалық қарыз секторына қатысты. Коммерциялық банктер өз қызметі барысында жасалған кредиттік шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау кезінде қиындықтар туындайтын "проблемалық" клиенттермен үнемі жұмыс істеуге мәжбүр. Сондықтан, жұмысты бастау кезінде, әрине, мерзімі өткен берешектің пайда болған факторларын анықтау қажет. Әрбір коммерциялық банк проблемалық қарыздармен жұмыс істеудің бүкіл жүйесін жасады, оған көптеген құралдар, әдістер мен әдістер кіреді.

Тиісінше, әрбір жеке жағдайда мәселені тиімді шешуге көмектесетін белгілі бір жұмыс әдісін ұтымды пайдалану қажет. Бұл Банктің қаншалықты сәтті жұмыс істейтініне және осы қиындықтарды қаншалықты сәтті жеңе алатынына байланысты болады.

Сондықтан проблемалық берешек әрбір банк үшін және жалпы банк секторы үшін өте өзекті және маңызды мәселе болып табылатынын атап өтуге болады.

Автоматтандырылған жұмыс орны - бұл техникалық кешен, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыздандыру, адам мен компьютер технологиясын орындау барысында байланыстырылатын үрдіс. Автоматтандырылған жұмыс орны терминалдармен жабдықталған, оның көмегімен ақпаратты енгізу және деректерді өңдеу жүргізіледі.

Ал баспа құрылғылары әр түрлі құжаттық формаларды толтыру үшін қолданылады. Сонымен қатар ақпаратты жинайтын және басқа сатыдағы жүйелік байланыс құрылғылары көмегімен әр түрлі құжаттық формаларды толтыру үшін қолданылады.

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Жеке тұлғалардың проблемалық қарыздарын басқару бойынша ақпараттық жүйені жетілдіру.

Зерттеу пәні жеке тұлғалардың проблемалық қарыздары бар банктің жұмысы.

Зерттеу нысаны - Халықтық банк.

Дипломдық жобаның мақсаты банктың проблемалық қарыздары бар тұтынушыларын тіркеу және олармен жұмыс атқаруға арналған бағдарламалық қамсыздандыруды жетілдіру.

Жобаның мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:

- проблемалық қарыз мәселесі түсінігін, себептері мен белгілерін зерттеу;

- проблемалық қарыздармен жұмыс істеудің негізгі әдістерін меңгеру;

- бағдарламалық қамсыздандырудың құрылу жолдарын және бағдарлама құру ортасын белгілеу;

- жобаның логикалық сұлбасының эскизін дайындау;

- бағдарламалық қамсыздандыруды жетілдіру.

Қазіргі таңда барлық бағдарламалау тілдері - объектке бағытталған бағдарламалау технологиясын қолдануда. Бұл технология бағдарламалау тілі дамуының жоғарғы эволюциялық сатысы болып есептеледі. Объектке бағытталған бағдарламалау әдісі - басқа бағдарламалау әдістерінің жетістіктерін өз ішіне ала отырып, бағдарламалау процессінде абстракттық құрылымдардан пайдалана алады.

Жұмыстың Borland Delphi объектке бағытталған программалау ортасында жасалыну себебi, біріншіден, Borland Delphi объектiке бағытталған программалау ортасы кез-келген қосымшаны дайындауға болатын, жылдамдығы тез қуатты тiлдердiң бiрi болуы және де басқа деректер деректер қорымен жақсы байланысатын болуы.

Екіншіден, ол Windows операциялық жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы болып саналады. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедия процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдалану, сол сияқты басқа да іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі бар.

Бағдарламалық жұмыс орны банк жүйесінде де қолданылады. Бұл жұмысты тездетеді, жеңілдетеді және жұмыс өнімділігі артады. Бұл салада қолданатын бағдарламалар бар. Бірақ олар банктің депозит жұмысына арналмаған. Осы автоматтандырылған жұмыс орны, яғни «Банк депозиті» бағдарламасы сол банк қызметкері жұмысын жеңілдету үшін жасалып отыр.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезде қоғамның дамуы адамзатқа қажетті информацияны жедел және нақты түрде бере алатын информациялық үрдістердің дамуына байланысты болуда. Банк қызметі оперативті іздестіру жұмыстарды ұйымдастыру деңгейімен анықталады. Ал жоғары деңгейге ақпараттық технологияларды қолдану нәтижесінде жетуге болады. Осы функциялар банк бөлімін ақпараттық жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етуге бағытталған.


1. БАНК ДЕПОЗИТТЕРІ

1. 1 Депозит нарығының мәселелері

Депозит нарығының экономикалық мәні. Кез келген қаржы институты шаруашылық субъектісі ретінде өз жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін ғимарат, құрылыс және технология айналым капиталын қалыптастыру, резерв құру, еңбек ақыларын төлеу, бюджетке төлемдер және т. б. ақшалай қаражаттар яғни қаржы ресурстарын қажет етеді. Осындай шығыстарды өз қаражаттары есебінен немесе негізгі бөлігін жеке және заңды тұлғалардың салымдары мен депозиттері құрайтын сырттан алынған қаражаттар және қарыздар есебінен қаржыландырылуы мүмкін.

Депозиттік операциялар ең алғашқы монеталық двор және айыр бастаушыларда жинақтарын дұрыстау мақсатында алтын монеталарды сақтау түрінде пайда болған. Клиенттің тілеуі бойынша айырбастаушылар өздеріне берілген монеталарды сақталуына кепіл беріп отырған. Мұндай шарттарда олар алынған монеталар мен ссудалық операцияларды жүзеге асыра алмайды. Уақыт өте берген монеталарды талап етуді қойды. Тек қана берілген ақшалардың соммасы қайтарылды. Сақтау мерзімі ұзарды. Кейіннен егер де айырбастаушылар несие беру үшін меншікті капиталына ғана қолданды, енді несие беру үшін тартылған қаражаттарды қолдануға мүмкіндік пайда болды. Несие үшін өсімақы алынды, ал оның бір бөлігі ақша иелеріне төленіп отырды.

Қазіргі таңда депозиттік операциялар әртүрлі түрлер мен формаларға бөлінеді. Алайда әрбір қаржы институты үшін салымшыларды тарту және несиелік ресурстардың негізгі көзі ретінде депозиттік базаны кеңейту, приоритетті міндет болып қалады.

Депозит дегеніміз - клиенттердің барлық салымдары болып табылады. Оларға салынатын қаражаттар көзі әртүрлі болып келеді. Олар: корпоративтік клиенттердің, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың және жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша қолданылмаған еңбекақы шоттарындағы қаражаттары.

Бүгінде коммерциялық банктер әртүрлі депозиттің түрлерін қарастырады. Қазақстанның банктік тәжірибесінде депозиттердің келесі типтері бар:

  1. Талап еткенге дейінгі депозиттер;
  2. Мерзімді депозиттер;
  3. Жинақ салымдары.

Қазақстанның депозит нарығының құрылымы. Қазақстанның депозит нарығының құрылымын институттар тұрғысынан және нарықтың қаржылық құралдары тұрғысынан да көрсетуге болады.

Институционалдық құрылым - қадағалаудың реттеуші органдары және шаруашылық субъектілердің байланысы болып табылады.

Депозит нарығының қаржылық институттары болып өз қызметтерін жүзеге асыру мақсатында салымдар тартатын ұйымдар болып табылады (сурет 1. 1 - 1. 2) .

ҚР Ұлттық банкі

ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша агенттігі

ДСЖ - ға кірмейтін жинақ депозиттік мекемелер.

Депозиттерді сақтандыру нарығы

«Қазпошта» АҚ

Коммерция

лық банктер

Зейнетақы қорлары

Жүйенің қатысушылары -коммерциялық банктер

Сурет 1. 1 - Қазақстан Республикасы депозит нарығының институционалдық құрылымы

Депозит нарығы

Мерзімді депозиттер нарығы

Талап еткенге дейінгі депозиттер

Жинақ депозиттер нарығы

1. Депозиттік сертификаттар

2. Қысқа мерзімді депозиттер

3. Орта мерзімді депозиттер.

4. Ұзақ мерзімді депозиттер

1. Ағымдық шот

2. Есеп айырысу шоты

3. Валюталық шот

4. Карточкалық шот

5. Чектік шот

1. Жинақ кітапшасы

2. Жинақ көшірмесі

3. ЖЗҚ ерікті салымдары

4. Жинақ сертификаттары

Сурет 1. 2 - ҚР депозит нарығының сегменттері

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Респуликасы несие жүйесінің жоғарғы буыны ретінде коммерциялық банктер және мамандандырылған қаржы мекемелерінің қызметін реттейді. Сонымен қатар мемлекеттің қаржы нарығын (соның ішінде депозиттік қаржы нарығын) мемлекттік реттеуші орган болып Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша агенттігі табылады.

Қазақстанда депозиттерді сақтандыру жүйесі. Банктерде тұрғындардың жинағының өсуі, өзіндік тұрақтылық және сенімділік кепілі болып табылатын олардың несиелік қабілеттілігі мен өтімділігін арта түсіретін маңызды факторлардың бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасында 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалардың салымарын сақтандыру жүйесі қызмет етуде. Оның орталық органы болып Қазақстанның жеке тұлғаларының салымдарына кепіл беру (сақтандыру) қоры табылады. Ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының қаулысына сәйкес екінші деңгейлі банктердің салымшыларының қызығушылығын қорғау мақсатында акционерлік қоғам формасында құрылған. Бұл жүйеге келесі бағыттар бойынша белгілі талаптарға сай коммерциялық банктер жатады. Олар:

  1. халықаралық стандарттарға өту бойынша бағдарламаларға енгізілген;
  2. банктің меншікті капитал мөлшері бекітілген нормативтер ге сәйкестігі;
  3. қорға өтініш беру уақытына дейін 3 ай ішінде пруденциалды нормативтердің сақталуы;
  4. берілген сұрақ бойынша Ұлттық банктің ұсынысының болуы (ұсыныс құпия құжат болып табылады және қорға міндетті түрде жіберіледі)
  5. Ұлттық банктің тізіміндегі халықаралық аудиторлық ұйым мен бекітілген соңғы жылғы банктің жылдық қаржылық есеп беруі;

Банктің өтініш беруінен кейін қор Ұлттық банктің ұсынысы негізінде банктің берген құжаттарын есепке ала отырып жүйеге енгізу мүмкіндігін талдайды. Қор басқармасының шешімі өтініш берген күннен бастап 1 ай мерзімінде қабылдануы тиіс.

1. 2 Депозит түрлері

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін дәстүрлі емес, уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту тәсілдерінің болуы, тартылған қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе болады.

Банктік тәжірибеде барлық тартылған қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөлінеді:

  1. депозиттер;
  2. депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозит - бұл клиенттің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозитік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды, екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.

Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі екінші деңгейлі банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялары сипатына жатқызуға болады.

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар - банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа кореспондент-банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активі ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.

Пассивті депозитті операциялар - бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әртүрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:

  1. талап етуіне дейінгі депозиттер;
  2. мерзімді депозиттер;
  3. жинақ салымдары;
  4. бағалы қағаздар.

Сондай-ақ, оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:

  1. мерзімдеріне қарай;
  2. салым иелерінің категорияларына қарай;
  3. қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
  4. пайыз төлеу тәсіліне қарай;
  5. банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
  6. тағы басқалары.

Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. жеке тұлғалардың шоттарына;
  2. қаржылық мекемелердің шоттарына;
  3. шетелдік азаматтардың шоттарына.

Талап етуге дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

  1. мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әртүрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттар;
  2. әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  3. есеп айырысудағы қаражаттар;
  4. жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
  5. басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтар.

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылды.

Ал, кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыған келіп талап етуге байланысты олардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:

  1. ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
  2. шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
  3. банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
  4. талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, екінші деңгейлі банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасады.

Мерзімді депозит - бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.

Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып-пұл төлеуге міндетті.

Бұл салымдардың ерекшелігі - талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.

Депозиттің бұл түрін алдын-ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады

Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:

1. меншікті-мерзімді депозиттер;

2. алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.

Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:

  1. 30 күнге дейінгі;
  2. 30-90 күнге дейінгі;
  3. 90-180 күнге дейінгі;
  4. 180 күннен 360 күнге дейінгі;
  5. 360 күннен жоғары.

Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесіне алдын-ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтінішіне талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.

Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:

1. есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;

2. шоттағы қаражат баяу айналады;

3. тұрақты пайыз төленеді;

4. пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп отырады;

5. ақшаны алу туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;

6. бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.

Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны ресімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі жақты тіркеу енгізу қажет және т. б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдарымен басқа салымдарды ауыстыруға мүмкіндігі бар.

Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.

Жинақ салымдарының мынадай ерекшеліктері бар:

1. ақшалай қаражаттарды сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;

2. шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;

3. ақшаны шотқа саларды немесе шоттан аларла міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуын талап етеді;

Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым оперцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. мерзімді жинақ салымдары;
  2. қосымша жарна қосылатын мерзімді жинақ салымдары;
  3. ұтыс салымдары;
  4. ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
  5. мақсаттық және ағымдық салымдар;
  6. алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
  7. валюталық салымдар.

Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгілентін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.

Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

Ағымдық жинақ салымдары, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталтын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.

Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.

Депозиттік және жинақ сертификаттары - бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражаттарының барлығы куәландыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.

Депозитті және жинақ сертификаттары иемденушісіне қарай екі түрге бөлінеді:

1. Атаулы сертификаттар;

2. Мәлімдеуші сертификаттар.

Атаулы депозиттік жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атынан толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттартарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып табылады.

Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.

Әлемдік банктік депозиттік сертификаттардың екі түрі бар:

1. Аударылатын;

2. Аударылмайтын.

Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болады, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.

Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.

Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.

Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Екінші деңгейлі банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.

Банктік сейфті жалға алу сіздің қолма-қол ақшаңызды ғана емес, іскерлік қағаздарыңызды, басқа да құндылықтарыңызды, оның ішінде өнер туындыларын, зергерлік әшекейлерді, бағалы қағаздарды, отбасылық құндылықтарды сақтау бойынша тәуекелдеріңізді жабады. Негізгі артықшылықтары:

1. Сақтау мерзімдері барынша ыңғайлы. сіз ақшаңыз бен бағалы заттарыңызды бір түнге де сақтай аласыз немесе ұяшықты көпжылды ұзақ сақтауға резервте ұстауға да болады, сонымен қатар бағасы бойынша жеңілдік ала аласыз, өйткен төлем мөлшері мерзім ұлғайғанда, пропорционалды түрде төмендейді;

2. Сейфтік сақтаумен бірге жүретін қосымша қызметтер. Мысалы, үшінші тараппен мәміле жасағанда Банк қолма-қол ақшаны немесе аяқталмаған мәміле бойынша құжаттарды сақтау үшін сейфтік ұяшық және ұяшыққа сіз және сіздің серіктесіңіз қатынасқанда, ортақ рұқсат береді;

3. Банктің барлық сейфтік депозитарийлерінің сертифи-кациясымен расталған сақтау қауіпсіздігінің кепілдігі еуропалық стандарт талаптарына жауап береді.

АҚШ-тың банктік тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік шарттармен қатар, сондай шоттар түріндегі Нау-шот және куәландырылған чектер сияқты депозиттер АҚШ банктерінде кеңінен қолданылады.

Нау-шоттар бұл пайыз төленетін, чектік депозиттер болып табылады.

Нау шоттың мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клиенттерден қабылданған депозит суммаларының есебі
Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттарын қалыптастыру
Депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді талдау
ПРОЦЕНТЫ ВПЕРЕД салымы - салымды ашқан күні пайызды төлейтін мерзімді салым
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары туралы
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын орналастыру тәжірибесін талдау ("АТФ" АҚ мысалында)
АТФ Банкі АҚ-ның тартылған қаражаттарын талдау және бағалау
Қазақстан Республикасындағы депозиттік саясаттың дамуы
Екінші деңгейлі банктердің тартылған қаражаттары және оның түрлері
Депозиттік операцияларға талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz