Көркем мәтінді оқытуда авторлардың өмірбаянын оқытудың маңыздылығы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жобаның жалпы сипаты. Білім саласындағы өзгерістер мен реформалар мектептегі оқушылардың білім алуына, олардың толыққанды тұлға болып қалыптасуына тікелей әсер етіп жатыр. Бұл тек қана қазақ тілінде білім алатын мектеп оқушылары арасындағы өзгеріс емес, жалпы білім беретін еліміздегі мектептердегі жаңашылдыққа ұмтылыс.

Қазақстан республикасында кез келген оқушыға толыққанды білім алуға, оны игеруге, практикалық жақтан пайдаланып, маман ретінде қалыптасуға барлық мүмкіндік жасалған. Бұл мүмкіндіктерді пайдаланып оқушыларға оның ерекшелігін түсіндіретін, жеткізетін адам - ұстаз.

Ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыс арқылы сабақтың мәні де, сапасы да болады. Сол арқылы оқушы үлкен ортаға, қоғамға бара алады. Ал бұл нәрселерді игеру үшін оқушыға керек құралдар, әдіс-тәсілдер болуы тиіс.

Оқушылардың тілін, ойын, ойлау қабілеті мен шығармашылық белсенділігін дамыту үшін ең бірінші мәтінмен жұмыс істеу, оның оқыту технологиясын меңгеру маңызды кезең болып саналады. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының тіл байлығын, сөздік қорын қалыптастыруда мәтінді оқу, оны игеру және әдіс-тәсіл арқылы талдау жасау маңызды қадамдардың бірі.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың мәтінді оқу, шығарманы талдау секілді жұмыстарында көптеген проблема кездеседі. Бұл жерде мәтінді жасқа қарай таңдау, оның оқыту үшін арнайы әдісті пайдалану керек екендігі ескеріле бермейді. Аталған мәселе бойынша осы диплом жұмыс негізгі қағидаларды пайдаланып, сұрақтарға жауап іздеуге тырысады.

Жобаның өзектілігі. Көркем мәтінді оқыту технологиясы жалпы білім беретін мектептерді тұрақты түрде, күн тәртібінде талқылауда, талдауда тұратын тақырып.

Көркем мәтін туралы ұғым қалыптастыру, оның сипаты мен оқу процесіндегі қолданылу деңгейі, мәтінді меңгертудің ерекшеліктері және осы бағытта оқушыға көркем мәтінді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну және сол бойынша тапсырмалармен жұмыс істеу аталған зерттеудің өзектілігі болады.

«Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: Қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты - ана тілінің қоғамдық әлеуметтік мәнін түсінген, тілдің қызметін меңгерген, қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, сөз мәдениетінің талаптарына сай іскерлікті меңгерген тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу», - деп тұжырымдалған.

Ал пәннің мақсатын орындау үшін онда берілген теориялық тақырыптарды оқушыларға саналы меңгерту керек. Қазақ тілінен оқытылатын ең маңызды тақырып ол - мәтін. Сондықтан, «Жалпы білім беретін орта мектептердің қазақ тілі сабақтарында мәтінді меңгертудің әдіс-тәсілдері» атты бітіру жұмысының негізгі объектісі - орта мектептегі қазақ тілі сабақтарында жеке тұлғаны қалыптастыруды мақсат ететін түрлі бағыттағы жаттығулар мен тапсырмаларды орынды ұйымдастырып, бүгінгі күнгі заман талабына сай оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді жүргізу арқылы оқушылардың сана-сезімін байытып, белсенділігін арттыруды және олардың ой-өрістерін дамытып, шығармашылыққа төселдіруді мақсат ете отырып, «мәтін» тақырыбын меңгерту барысында ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Жобаның мақсаты мен міндеттері. «Жалпы білім беретін орта мектептердің қазақ тілі сабақтарында мәтінді меңгертудің әдіс-тәсілдері» атты бітіру жұмысының мақсаты ретінде оқыту үрдісінде жас ұрпақты ұлтжанды, өз елін, жерін, тілін, ділін, дінін жанындай сүйетін, халқымыздың тарихи құндылықтарын, әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін қадірлей білетін дара тұлға етіп тәрбиелеуде қазақ тілі сабақтарында оқытылатын мәтіннің өзіндік ерекшелігін ескере отырып түрлі әдіс-тәсілдер арқылы меңгерту көзделеді. Міндеті - жалпы білімдік қазақ тілінде оқытпайтын орта мектептердің 6 - сынып оқушыларына қазақ тілі пәні бойынша мәтінді оқыту технологиясы бойынша тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану бағытында зерттеу жұмысын жүргізу болып саналады.

Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың әдістемесін зерттеп, жан-жақты қарастыру. Бұл мақсатқа жету жолында мынандай міндеттерді іске асырамыз:

  • Қазақ әдебиетінің әдістемесі ғылымының зерттеу нысаны мен пәні, методологиялық - теориялық негіздері туралы мағлұмат беру.
  • Әдебиет сабақтарында көркем шығармалармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
  • Көркем шығарманы жеткізуде мәнерлеп оқудың атқарар рөлін таныту.
  • Көркем шығарманы оқытуды интерактивті әдіс - тәсілдер арқылы танымдық қызығушылықты арттыру.

Жобаның күтілетін нәтижесі.

Жобаның нысаны. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ әдебиеті сабақтарында мәтінді талдау технологиясын игерту.

Жобаны жүзеге асыру кезеңдері - 01. 09. 2021ж. - 01. 06. 2021ж.

Жобаның даму перспективалары - Болашақта жоба бойынша қол жеткен нәтижелерді орта білім беру бағдарламаларына қосу

Жобаның болжамы.

Жобаның жаңалығы .

Жобаның практикалық маңызы. Зерттеу жұмысындағы тұжырымдарды оқулықтар мен техника құралдарын пайдалануы. Сондай-ақ зерттеу жұмысында құрған бағдарлама мен сол бойынша дайындалған жаттығулар кешенін мектеп мұғалімдері көркем мәтінді мектеп оқушыларына оқытуда пайдалануына болады.

Жобаның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (төрт бөлім), қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

1. КӨРКЕМ МӘТІНДІ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Көркем мәтінді оқытуда авторлардың өмірбаянын оқытудың маңыздылығы

Көркем мәтіннің негізін құрайтын элементтердің қатарына ең алдымен тақырыптың мазмұнын ашатын ұғымдар кіреді және сол ұғымдарды байланыстыратын, олардың арасындағы қарым-қатынастарды ашатын амал-тәсілдері болады. Тақырыптың мәнін ашатын ұғымдар мен олардың байланыстары мәтіннің логикалық негізін құрап, мәтін мазмұнын болмыспен байланыстырып тұрады.

Көркем мәтін негізін құрайтын элементтердің келесі түрін стильқұраушы деп атауға болады. Белгілі бір мазмұнды әр түрлі тәсілдермен беруге болады. Ол үшін грамматикалық деңгейде болсын, лексика-фонетикалық деңгейде болсын тілдік құралдардың кең жүйесі пайдаланылады. Олардың қайсысын пайдалану автордың алдына қойған мақсатына, тыңдаушыға (оқырманға) қатынасына т. б. жағдайларға байланысты.

Алдыңғылары мәтіннің мазмұндық жағын құраса, соңғылары пішімдік жағын құрайды. Бұлар мәтінді оқығанда, оны талдағанда бірден көзге көрініп тұратын жағы болса, В. В. Одинцов мәтіннің одан да теренде жатқан құрылымдық тәсілдері болатынын айтады. Ол нақтылы құрылған мәтінде көрініп, оның тілдік мәнерін, стильдік ерекшелігін анықтайды. Стильқұраушы және құрылымдық тәсілдер бірлікте көрінеді. Көркем және публицистикалық стильдің кей түрінде олар эмоциональды-бейнелі құрылымдар жасап, мәтіннің экспрессивтілігін, эмоционалдығын бейнелесе, ғылыми және әсіресе, ресми іс-қағаздары мәтінінде олардың рационалды-логикалық құрылымын жасап, мәтіннің логикалық негізін құрап тұрады.

Көркем мәтін түзуші (адам) болмыстағы белгілі бір оқиға, дерек, құбылыстарды сұрыптап таңдаумен қатар, оны қабылдаушыға қалай жеткізу жағын ойластырады, сөзді, оның құрылымын, тілдік құралдардың түрлерін сол тұрғыдан ұйымдастырады. Бұл орайда коммуникативтік мақсаттылықтың рөлі ерекше. Коммуникативтік мақсаттылық автор пайдаланған тілдік құралдардың қызметін, мәтін құрылымындағы олардың міндетін анықтайды. Коммуникативтік мақсаттылық жай мәтіндерге ғана емес, көркем мәтіндерге де тән. Мәтінді, оның әр түрлі жақтарын, ерекшеліктерін зерттегенде мәтін құраушы түзілімдердің қызметіне басты көңіл болінеді, өйткені мәтіннің мазмұны дәл солар арқылы емес, басқаша да берілуі мүмкін. Коммуникативтік мақсаттылықты анықтауда авторлық көзқарасты, авторлық бағалауды (автор бейнесін) түсінудің маңызы зор. Соңғылары әр түрлі жанрдағы мәтін түрлерінде ашық (тікелей) түрде емес, жасырьн да берілуі мүмкін. Автор бейнесінің барынша ашық көрінуі публицистикалық мәтіндерде айрықша орын алады, ол тіпті сол жанрдың ерекшелігін құрайды. Мәтіннің мазмұндық-логикалық құрылымы болатыны сияқты композициялық құрылымы да болады. Мәтіннің барлық мазмұндық және пішімдік элементтерінің басын біріктіріп жинақтау, бір бүтін етіп құрастыру оңай емес екені белгілі. Сол жинақтаудың өзі мәтінді, оның мазмұнын бейнелеуге қызмет етіп, оның жалпы сипаты мен жекелеген ерекшеліктерін анықтайды. Композицияның күрделі, күрделі емес жай түрлері де болады. Композиция күрделі болған сайын оның қабылдаушыға әсері де күшті болды. Композицияны күрделендіре отырып, автор сөздің әсер ету күшін арттырады, оны сенімді, қызғылықты етеді, жай баяндау маңызды өзгерістердің нәтижесінде белгілі бір композициялық түрге енеді.

Тақырыпты және оған қатысты маңызды ұғымдарды әр түрлі тәсілмен ашуға болады. Көркем емес мәтіндердің композициялық түрлері осыған байланысты анықталады. Алдымен оның басты екі түрі туралы айтуға болады: егер автор шынайы-тарихи деректердің ізбе-ізділігін баяндауды мақсат етсе, ретроспективалық (тарихи шолу түріндегі) баяндауды, ал мәселенің мәнісін жүйелік-логикалық байланыстары мен қарым-қатынастарын ашу тұрғысынан түсіндіргісі келсе, жүйелік-логикалық баяндауды тандап алады. Бұлардың қайсысын таңдау, біріншіден, баяндау нысанының өзіне тікелей байланысты болса, екіншіден, автордың алдына қойған мақсатына, үшіншіден, қабылдаушының дайындығына байланысты.

Әдебиет - сөз өнері. Ол - өнердің бір саласы. Әдебиет пәні де өнер пәні. Әдебиетті ұлағатты адамдар “ адамтану құралы ” десе, біз әдебиет пәнін “ адам тәрбиелеу құралы ” дер едік. Ол жасөспірімдерге әдебиеттанудан, сөз маржандарының қыр - сырын игеруден жай білім ғана алып беріп қоймайды, ең бастысы, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы - жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы асқар арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те болады. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет арқылы жасөспірімдер алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді.

Әдебиет методикасы - педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның қамтитын объектісі, қарастыратын мәселелері педагогикалық процесс, яғни мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбиелік процестегі өз ара қарым-қатысы болып табылады. Демек, әдебиеттік материалдарды оқып үйрену негізінде оқушыларға әдеби білім мен коммунистік тәрбие беру жөніндегі туатын заңдылықтарды қарастырады. Бұл мақсат-міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруда, сөз жоқ, педагогика ғылымының, оның теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді. Бірақ әдебиет методикасы педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін өз шеңберінде ғана алып баяндайды[1, 5] .

Мектептегі өзге оқу пәндері сияқты әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын көптеген негізгі және көмекші әдістер бар. Бұлардың кейбіреулері барлық оқу пәндеріне, әсіресе гуманитарлық пәндерге ортақ әдістер болып табылады. Осымен қатар тек әдебиетті оқытуда ғана қолданылатын әдіс-тәсілдер де бар. Мысалы, көркем сөз текстін мәнерлеп оқу, түсініктеме бере, талдау жасай отырып оқу, сюжетті шығарманы әр түрлі вариантта ауызша мазмұндау т. б. [1, 14]

Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеу ісіне қосар үлесі үлкен. Ол жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білуіне, адамгершілік сезімінің ұшталып, имандылық қасиеттерінің оянуына септігін тигізеді. Сондықтан әдебиет пәнін оқытуға ерекше назар аударылады. Сонымен әдебиетті оқытудың басты мақсаты - сөз өнерінің қыр - сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы - әдебиетін жан - жақты игерту, сол арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу.

Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Әдіс - тәсілдер деген не ? Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе - мұғалім оқытуы, екінші мәселе - оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Сонымен әдіс - тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әртүрлі болып келеді[1, 25] . Оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.

Жазушының өмірбаянын оқытудың түрлі тәсілдері бар. Мұғалім жазушының өмірін әсерлі етіп баяндағаны жөн. Оның замандастарының жазушы жайында айтқан пікірлерінен үзінділер келтіріп, жазушының өзінің күнделіктері мен жазған хаттарынан немесе оның өмірі жайында жазылған көркем шығармалардан оқып берсе, сабақтың тартымды өтетіні сөзсіз. Мысалы, Ы. Алтынсариннің алғашқы хрестоматиясының «Кел, балар оқылық!», «Өнер - білім бар жұрттар» өлеңімен ашылуын, С. Тоғайғыров шығармаларындағы ащы мысқыл мен зілді кекесіннің орын алуын ұғыну арқылы оқушылар ақын, жазушы өміріне қатысты кейбір деректерді білумен шектелмей, шығармаларындағы өзіндік ерекшеліктерін аңғарады, сондай- ақ олардың шығармашылығына әсерін тигізген кезең, не бір оқиғаға, болмаса шығармадағы негізгі тақырыпқа оқушылардың көңілін аударады. Ал мұның өзі жазушы шығармаларының идеялық мазмұнын ашуға көмектеседі. Мұғалімнің негізгі көздеген мақсатын айқындайды.

Автор туралы өмірбаяндық мәлімет оның шығармаларының идеялық мазмұны мен көркемдік ерекшелігін танытатындай дәрежеде берілген жағдайда да ғана көркем текстің идеясы, ондағы бейнелі сөздер оқушыға ұғымдырақ болады[3, 21-26 б] .

Кеңестік ызғарлы жылдары жазықсыз жазаға ұшырап кеткен қоғам қайраткерлерінің шығармаларын соңында қалған ұрпактарына мұра қылып жеткізу және тек қана қазақ баласына емес, өзге ұлт өкілдеріне де таныстыру маңызы зор істердің бірі болып табылады.

Мағжан Жұмабаев пен Жүсіпбек Аймауытұлы - осы қатардағы аса ірі тұлғалар. Олар - ақын, прозашы, драмашы, сыншы, публицист, аудармашы. Әдебиеттің әр алуан жанрларында белсенді қызмет ете отырып, Мағжан мен Жүсіпбек революциядан кейін туған жаңа кеңестік әдебиеттің негізін салушылардың алғы легінде болды. С. Торайғыров та 27 жыл ғұмырында еліне көп еңбек сіңірген аяулы азаматтардың бірі. Туған еліне, жеріне деген махаббатын, жаңашылдығын, елі үшін күйзелісін оның әр шығармасынан көреміз. Егер сұм ажал ерте алып кетпеген болса, Сұлтанмахмұтта М. Жұмабаев мен Ж. Аймауытовтың қатарында болатыны сөзсіз. Оған Сұлтанмахмұттың өмірдегі ұстанымы, шығармаларының тақырыбы және естеліктердегі, архивтердегі құжаттар мен деректердегі сол кездегі зиялылардан қарым-қатынасы дәлел болады. М. Жұмабаевтың поэзиясын өзгеден ерекше, ірі қасиеттері хақында тұжырымдап айтсақ, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - ұлттық ақындығында. С. Торайғыровқа әдебиет бақшасында ұзақ жылдар бойы еңбектенуге тағдыр жазбады. Алайда, оның аз уақыт ішінде қалдырған қордалы дүниелері мәнін жоймақ емес. Әдебиетті оқыту әдістемесінің ажыратылмас бөлігі - тәсіл болғандықтан, жұмыста әдебиетті оқытудың негізгі тәсілі ретінде түсінік беру арқылы оқытуға баса назар аударылмақ. Өйткені, әдеби шығарманы түсіндіру оқушы мен мұғалімнің біріккен шығармашылық әрекетін қажет етеді. Өз кезегінде, әдебиеттік білімді меңгеру тілдік кедергіні шешетін сөздік жұмыс дайын болған жағдайда толық бағалы болады[4, 33-34] .

С. Торайғыров өмірі мен шығармашылығын оқу, жалпы мәселелермен біріккен және көркем шығарманы түсінік беру арқылы оқыту жүйесі түрінде құрала алады. Шығарманы мәндік үйрену де сол шығарманы оқытудағы кіретін сабақтардың толық циклінің ортақ мәселесі, түсіндіруді қажет ететін сұрақтар түрінде де беріле алады. С. Торайғыров шығармаларының негізгі тақырыбы қандай? Ол неліктен халықты білімді игеруде шақырады? С. Торайғыров зор күшпен қазақ әдебиетіне енгізген «ішкі қүлдылық» бейнесі нені бейнелейді? Ақын «ішкі қүлдылықты» жеңудің қандай жолын ұсынады? С. Торайғыров өмірі - ерлік үлгісі. Сырттай өмірі шытырман оқиғаларға толы емес. Себебі ол аз өмір сүрді. Сондықтан оқушыларға оның өмірінің шынайы ерлігін корсету керек. Қатты ауырғанына қарамастан, өмірінің соңына дейін халқын қараңғылықтан алып шығудың бір ғана жолын үсынды. Ол жол- білім жолы. Осының өзі оның ерлігі мен батылдығын танытады. Осы жерде лингвистикалық түсіндіру керек: жазушыны психологиялық суреттеуге өте қажет сөздерді бөліп алып, жеткілікті деңгейде түсіндіру керек. Мысалы, Сұлтанмахмүттың шығармаларындағы қүл сөзінің семантизациясына назар аударайық. Бұл сөзді ұғындыру үшін алдымен оның тура мағынасы түсіндіріледі. Содан кейін сөз мағынасы жаңа мәтіндік мысалдардың, түсіндірулердің және жаттығулардың көмегімен кеңейеді. Тура мағынадан соң оқушылар жаңа, ауыспалы мағынаны меңгереді: эгоист - молдаларға қатысты - пенделік сезімдерінің құлдары: халыққа қатысты- белгіленген тәртіпте өмір сүретін құл[5, 12 б] .

С. Торайғыров тұлғасы туралы әңгіме барысында қайсар, «рухының күштілігі» сөздері толық түсіндірілуі керек. Бұл бейнелеулер қазақша түсіндіріліп, орысшаға аударылады, содан кейін мәтіннен қарастырылады. Осылай орыс тілді мектептің оқушылары қазақтың ақын-азаматының ұлттық бейнесінің өзгешілігін түсіндіруді, ал түсіндіре оқыту өнегелілікті тәрбиелейді, эстетикалық идеал қалыптастырады. Оқушылардың қазақша сөйлеуін қалыптастырады жэне дамытады.

Географиялық түсіндіру ақын-жазушылардың туып - өскен жері туралы түсіндіргенде қолданылады. Мысалы, М. Жұмабаев туып-өскен Сасықкол Петропавл облысында орналасқаны айтылады. Көл неге Сасықкөл деп аталған? Сасықкөл «сасық» деген мағынаны білдіргенімен шынында өте әдемі және жайлы жер. Сондықтан, мұндай әдемі жерге коз тимеу үшін сақтанғаннан атаған. Көз тиюден сақтау үшін қымбат нәрсені басқаша атау керек деген сенім болған. Ақын өлеңіндегі Сасықкол- армандаған өлке, жер жаннаты. Сонымен қатар, көп қасіретті көрген жер - патша билігінің жаманшылығын көрген, кейіннен үлкен жайылымдардың бос қалуына, көлдің тазалығының ластануына әкеп соққан революциялық жағдайды көрген.

Ал, Ж. Аймауытов пен С. Торайғыров - әсем табиғаты мен қызыл тастары (Ж. Аймауытов туған Қызыл тау мекені осыдан шыққан), ақ қайындары жэне таста өсетін шыршалы ағаштары белгілі, Торайғыркөлі, Сабындыкөл көлі (су өздігінен сабынды), емдік суы бар Жасыбай көлі, Жасыбай курортымен белгілі Баянауылында туған.

Мағжан Жұмабаевтың өмірі, шығармашылығы - тікелей өмір сүрген дәуірдің картинасы. Жазықсыз репрессияға ұшырауы, оның басты себебі туралы айтқанда, пәнаралық байланыс, әсіресе, тарих пәнімен ұштастыру міндетті түрде керек. Мағжан өмір сүрген төңкеріске дейінгі кезең - патшаның отарлау саясатының әдбен асқынып тұрған уақыты еді. ұлтжандық ақын, көзі ашық, оқығанақын бұл трагедияға ат үсті қарамады. Сондықтан оның 1912 дылы шыққан «Шолпан» жинағындағы көптеген өлеңдер осы отарлауға қарсы жазылған. Оған дәлел ретінде сол жинақта басылған «Сасықөкөл» өлеңің алуға болады. Ал төңкерітен кейінгі көптеген өлеңдері ақынның Алаш туралы, қлт, азаттық, бостаңдық туралы толғаныстарына негізделген. Мағжан Қазан төңкерісін, елдегі жағдайларды құшақ жайып қарсы алмады. Ақын өлеңдеріндегі элегиялық сипат, кейде торығу себептерін білу үшін, тарихи шындықты оқушыға тұжырымды түрде әңгімелеу, еске түсірудің маңызы ерекше. Тарих мұғаіһлімі ақын өмір сүрген қоғам бейнесінен сыр шертсе, әдебиетші мұғалім оның ақын шығармашылығына әсерін түсіндірер еді.

Ақын-жазушылар өмірін оқытқанда этнографиялық түсіндіруді қолдануға болады. Мысалы, М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын өткенде, оның Қазақстандағы алғашқы ғалым-педагог екенін айтумен қоса, үлттық әдет-ғүрып, мінез-құлық жөнінде де қүнды пікірлер қалдырғанын айта кеткен жөн. Ғалым өзінің «Мектеп және оның бағыттары» атты публистикалық мақаласында: «Жаңа мектепті құрушылар, қазақтардың мінезінің және әлемді қабылдауының ұлттык ерекшелігін міндетті түрде ескертуі керек», - дейді. Сонымен қатар орыс тілді мектептерде қазақтың лирикалық поэзиясын оқыту оқушыларды мемлекеттік тілге үйретудің ұгымды әдісі болып табылады. Егер мұғалім оқушыларды тебіренте алса, поэтикалық бейнелердің шынайы тереңдігін ашып берсе, суреттелгенді автормен бірге сезуге көмектессе, поэзияда өзінің ойы мен сезіміне жауап табуға көмектессе - лирикалық шығарманың тереңдеріне оқушыны бойлатқаны болып табылады. Мектепте қазақ әдебиетін лингвистикалық комментарий арқылы өткізу әдісінің маңызды екендігін айтпақпыз[ 6, 16 б] .

1. 2 Қазақ әдебиеті жазушыларының шығармаларын меңгертудің тиімді жолдары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиеті жазушыларының шығармаларын меңгертудің тиімді жолдары
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ЖАЗУШЫ ӨМІРБАЯНЫН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Аудио оқыту құралы ретінде
Көркем шығарманы талдау мен дамыту бағыттары
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Көркем шығарманы оқытудың әдістемесі
Мысал жанрын оқыту
Дамыта оқытудың идеясын таныту
Әдебиетті тереңдетіп оқыту
Мектепте Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларын оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz