ҚАЗАҚ ЛИНГВОЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ЛИНГВОЭКОЛОГИЯ - ТІЛ БІЛІМІНІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
1.1 Ғылымдағы лингвоэкология ұғымы, қазақ лингвоэкологиясының дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Ақпарат кеңістігі тілін лингвоэкологиялық тұрғыда қарастыру ... ... ... ... 11

2 ТІЛДІК ОРТА - ЛИНГВОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕГІЗІ
2.1 Тіл басқыншылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Тілдік саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Лингвоэкология - метағылым, яғни лингвистика мен экологияның, әлеуметтанудың бір арнада тоғысуы. Лингвистика - тіл туралы ғылым екені белгілі, ал экология - тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара байланысы. ХХ ғасырда қоршаған ортаның тазалығы, адамның табиғатқа келтірген залалы бұрын соңды болмаған деңгейге жетті. Тіл біліміне жаңа бағыттың қосылуына осы әлемдік үдеріс әсер еткені анық. Экология - табиғаттың жай-күйін анықтаса, лингвоэкология - тіл тазалығын саралайды. Ол тілдің қалыптасқан жүйесін сақтау, қазіргі кезеңдегі жағдайын, ақпараттық кеңістіктегі орнын айқындау, дамуын, бөгде сөздермен ластанбауын бағамдау міндетін атқарады.
ХХІ ғасыр - ақпарат дәуірі. Жаһандану заманы. Қазақ тілін заманға сай бейімдеу өз кезегінде тілдің құнарын сақтап қалуға теріс әсерін де тигізіп жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Қазір сөз арасына орыс, ағылшын тілдерін қосып сөйлеу сәнге айналды. Бұл әрине тілдің тазалығына залал келтіретін жайт. Сан түрлі саясаттың кесірін, сан түрлі басқыншылықтардың зардабын көрген тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесін алған күннің өзінде жеткілікті деңгейде ұлықталмай келеді. Тіл жанашырлары, осы саладағы кәсіби мамандар мен ғалымдар ғана емес, барша халық болып өз тіліміздің өзге тілдің аясында ұмытылып кетпеуіне атсалысу - ортақ борышымыз, қастерлі парызымыз. Осы себепті лингвоэкологияның маңызы өте зор. Біз бұл жұмысымызда қазақ тілінің лингвоэкологиялық жағдайын саралауға, тілдік ортаны зерделеуге, тіл басқыншылығы мен тілдік саясат төңірегіндегі ғылыми пайымдарға жаңаша қарауға тырыстық.
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің заманауи кеңістіктегі тілдік бейнесі, лингвоэкология қарастыратын мәселелер зерделі зерттеулерді қажет етеді. Өкінішке қарай, бұл бағытта іздену жұмыстары әлі күнге кенжелеп тұр. Лингвоэкологиялық талдау нәтижелері - өзекті тақырыптың бірі. Жаһандану дәуірінде жаңа үрдістердің қазақ тілін жаңғыртуға тигізетін ықпалын лингвоэкология тұрғысынан зерделеу өте маңызды. Осы жұмыста тіл экологиясының басты даму тенденциялары, ұлттық тілдік орта қалыптастыру негіздері, тіл басқыншылығы мен тіл саясатының маңызды тұстары төңірегінде баяндалады.
Зерттеу мақсаты: лингвоэкологияның тіл білімінің жаңа бағыты ретіндегі орнын ашып көрсету; саланы зерттеудің теориялық аспектілерін ұсыну; ғылымның осы саласы мен ақпарат, интернет кеңістігінің байланысын зерделеу; тілдің лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктеріне лингвоэкологиялық талдау жүргізу; өзге тіл басқыншылығының кесірінен қазақ тілінің нормадан ауытқушылығына себеп болған жағдайларды анықтау; Қазақстандағы тіл саясаты туралы жаңа пайымдарға жол ашу;
Зерттеу міндеттері:
а) лингвоэкологияны тіл білімінің жаңа бағыты тұрғысында саралау;
ә) қазақ тілінің лингвоэкологиялық кеңістігін анықтау;
б) тіл басқыншылығы, тіл саясатының маңызды аспектілерін айқындау.
Зерттеу нысаны - қазақ ғылымындағы лингвоэкология, тіл басқыншылығы және тіл саясаты, бұқаралық ақпарат құралдары.
Зерттеу пәні - қазақ тілінің лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктері.
Тақырыптың зерттелуі. Лингвоэкология - тіл білімі ғылымының жаңа бағыты ретінде ХХ ғасырда қалыптасты. Тілдің дамуы, жаһандану дәуірінде тіл мәселесін шешу, тілдер арасындағы қарым-қатынас, лингвистикалық нигилизм, тілдің интеллектуалдық әлеуетіне ықпал ететін жағдайлар, ұлттық тілдің даралығын сақтап қалу мәселелері осы салада қарастырылады. Эколингвистика терминін алғаш қолданған ғалым - американдық лингвист Эйнар Хауген. Ол 1970 жылы Тіл экологиясы тақырыбында жасаған баяндамасында әлеуметтік лингвистика мен психолингвистиканың өзара байланысын айта келіп, тіл тазалығына айрықша мән беру керектігіне тоқталды. Хаугеннің идеясы бойынша тілдер тепе-теңдік жағдайында бір-бірімен бәсекеге түседі және олар мемлекет ішінде де, әлеуметтік топтарда және адам санасында өзара байланыста болады. Лингвоэкологияның зерттелуіне Э.Хауген, А.Филл, У.Маккей секілді шетелдік ғалымдар көп еңбек сіңірді. Орыс ғалымдары В.Виноградов, В.Порковский, А.Коваль, Л.Савельевтер де іргелі зерттеулер ұсынып жүр. Қазақ тіл білімінің зерттеушілері М.Балақаев, Р.Сыздықова, Н.Уәлиев, Г.Мамырбек, Қ.Дүсіпбаева, т.б. тіл экологиясы төңірегіндегі еңбектері осы саланың дамуына айрықша үлес қосты.
Теориялық және әдіснамалық негізі. Жұмыстың теориялық негізі - отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері, мақалалары мен тұжырымдамалары. Қоғам мен тілдің өзара қарым-қатынасы, лингвоэкологияның жалпы теориясы, тіл тазалығы туралы ілім - зерттеудің әдіснамалық негізі болып отыр.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыста лингвоэкологияның мәні мен мақсаты, қазақ тіл біліміндегі орны, ақпарат кеңістігіндегі тіл тазалығы, жаһандану дәуіріндегі қазақ тілін сақтау, дамыту жолдары, тіл басқыншылығы мен тілдік саясат жүйелі түрде зерттеліп отыр. Атап айтсақ, лингвоэкологиялық бағыттың тіл біліміндегі маңызы, тілдік орта, тілдік сана қалыптастыру негіздері, тілдің қоғамдағы орны айқындалады; қазақ лингвоэкологиясының қалыптасу, даму тарихы сараланады; ұлттық тілдік ортаға салқынын тигізетін тіл басқыншылығына қарсы күрес негіздері анықталады; мемлекеттік тіл саясаты зерделенеді.
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Лингвоэкология, тіл басқыншылығы мен тіл саясаты тақырыбы лингвистикалық тұрғыдан сараланады.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында жүйелеу, сипаттау, жинақтау, тарихи-салыстырмалы әдістер қолданылды.
Жоба құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЛИНГВОЭКОЛОГИЯ - ТІЛ БІЛІМІНІҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
1.1 ҒЫЛЫМДАҒЫ ЛИНГВОЭКОЛОГИЯ ҰҒЫМЫ. ҚАЗАҚ ЛИНГВОЭКОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУЫ
Қай ұлттың болмасын төлқұжаты - оның ана тілі. Ұлттың сақталуы да, тарих сахнасынан жоғалуы да тіліне байланысты. Тілі бай елдің рухани қуаты мықты. Зерттеулерге сүйенсек, әлемде әр екі апта сайын бір тіл жоғалып отырады екен. Қазір әлемде алты мыңнан астам тіл бар. Уақытқа жұтылмай, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалу - әр ұлттың мақсаты десек, бұл бағытта қолға алынып жатқан қандай жұмыстарды айрықша атап көрсете аламыз? Мысалы, тіл білімі ғылымына уақыт талабынан туындаған лингвоэкологияның енуі - осы сауалымызға лайықты жауап бола алады.
Американдық лингвист ғалым Эйнар Хауген 1972 жылы жасаған Тіл экологиясы атты баяндамасында алғаш рет осы тақырыпты күн тәртібіне шығарды. Ол тілдің мәдени-әлеуметтік маңызына тоқталды. Ағылшын ғалымы М.Холиддей 1990 жылы тіл және қоршаған ортаның арақатынасы туралы мәселе көтерді. 1. Шетелдік ғалымдар У.Маккей, А.Филлдер де осы тақырып төңірегіндегі зерттеулерін жариялады.
Жалпы экологияның ғылымның бір бағыты ретінде кең таралуы ХХ ғасырда басталды және оның зерттелу аясы кеңейді. Бұрын экология термині тек табиғатпен байланысты болса, енді енді ауқымы ұлғайып, тіл экологиясы, жан экологиясы секілді жаңа ұғымдар пайда болды.
Бұл бағыттағы теориялық-әдіснамалық зерттеу негіздерін қалыптастыруда орыс ғалымдары А.Сковородников, А.Бернацкий, В.Шаховский, Н.Белозеров, Л.Бухарева, В.Виноградов, В.Порковский, А.Коваль, Л.Савельевтердің, қазақ тіл білімінің зерттеушілері М.Балақаев, Р.Сыздықова, Н.Уәлиев, Г.Мамырбек, Қ.Дүсіпбаевалардың еңбектерін атап өтуге болады. Олар тіл экологиясына байланысты жаңа ұғымдар қалыптастарды.
Лингвоэкология тілді, тілдік сананы сақтап, дамытуды көздейді. Қазақ тіл біліміндегі бұл жаңа бағыт әлемдік лингвоэкологияның зерделенген тұжырымдарын негізге ала отырып, дербес пән ретінде айқындалып отыр. Ғалым Айша Жұмағұлова лингвоэкология тілдің екіжақты қызметін қарастыратынын айтады, яғни, дұрыс қолданылса, тіл мен адам денсаулығы сақталады, бұрыс қолданылса, тіл мен адам денсаулығы бұзылады. 2.
Тіл экологиясы төңірегіндегі зерттеулер әлемдегі барлық тілдердің лингвоэкологиялық ықпалға ұшырағанын көрсетіп отыр. Әр елдің тұрмыс салты әрқалай болғанымен, бәріне бірдей жағдай бар, ол - тілдік үдерістердің өзгеріске ұшырауы, әлем бойынша тілдік кеңістікке ағылшын тілінің енуі. Бұл өз кезегінде қазақ тілінің дамуына да әсерін тигізуде. Өркениеттер тоғысында орналасқандықтан бұл қауіптен сырт қала алмайтынымыз анық. Сол себепті де тіл тазалығын сақтау, лингвоэкология мәселесімен айналысу өзектілігін жоғалтпайды.
Қазақ тіл білімінде лингвоэкологияның негізін қалаған ғалымдардың бірі Н.Уәлиевтің пікірінше, тіл экологиясы қарапайым сөйлеу мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, адамзаттың рухани әлемін айшықтайды, яғни, әдепсіз лексикадан, варваризмнен қорғайды. Нұргелді Уәлиев Сөз мәдениетінің теориялық негіздері тақырыбындағы докторлық диссертациясында: Адамдар тілдік ортада өмір сүреді. Сол ортаны бүлдірмей, керісінше көркейтіп, өркендету - рухани жетілуге оң ықпал етеді,-деп жазады. 3
Ғалымдардың зерттеулеріне зер салсақ, лингвоэкологияда қазір назарға алынатын аспектілер - дәстүрлі аспект, яғни, тіл мәдениеті, дұрыс сөйлеудің бұзылуын зерттейді; және белгілі бір ұлт тілінің жойылып кетуі, көптілділік, тілдік алуантүрліліктің әлсіреуін айқындайды. Үшіншісі - транслингвалдық, бір тілдің бірліктері мен құралдарын өзге тілдің аясында қолдануды қарастырады.
Қазақ тіліне өзге тілдердің келтірген залалдарын зерттеу, тіл тәуелсіздігін қалыптастыру идеясынан туған тіл білімінің жаңа саласы ретінде лингвоэкология тілдік нормаларды меңгертуді мақсат етеді. Сонымен қатар, басқа тілдердің басқыншылығынан сақтану жолдары, тілдік дағдарыстың негіздері, сөз этимологиясы секілді ұғымдар сараланады. Ана тілдің дамуына кері әсерін тигізетін нигилистік көзқараспен күресу де осы саланың еншісінде. Сөздердің лингвомәденитанымдық даралығына мән бермей, мағыналық үйлесіміне зер салмай, стильдік қателіктер жіберу - тіл экологиясы күресетін міндеттер қатарында.
Қорыта айтсақ, лингвоэкология - тілдік ортаны, тілдің мәдениетпен, биосферамен, семиосферамен арақатынасын, сөз қуатын, рухани мәнін, сөздің халықтың тағдырымен, өмір салтымен байланысын қарастыратын ғылымның бір саласы.
Американдық ғалым Д.Уиллис: Тілдің өлуі - тұтас бір мәдениеттің өлуі,-дейді. Тіл - жанды құбылыс. Оны сақтап, қорғап, тіпті аялап отырмаса, күн санап көмескіленіп, санадан жоғала бастайды. Өткен жылдары ағылшындар сөздік қорының бір миллионға жеткенін арнайы мереке қылып, атап өтті. Жалпы әлемде ана тілдерін байытуды мақсат етіп, осы бағытта іс-шараларды қолға алып жатқан мемлекеттердің қатары артып келеді. Бұл ретте қазақ тілінің байлығын айтып мақтанудан бұрын, қасиетті тілімізді жаңа ғасырда қалай сақтап, дамыта аламыз деген сауал төңірегінде көбірек ойлануымыз керек. Жойылып кету қаупі бар тілдердің мысалын қарап отырсақ, олардың бәріне дерлік ортақ сипат - жазба түрі жоқ, ауызшада ғана қолданылады, әдеби тіл деңгейіне қол жеткізе алмаған, көркем әдебиеті жоқ, тек ауыз әдебиетінің ғана аясында қалғанын аңғарамыз. Бабаларымыздың аманатындай болып бүгінге жеткен ана тіліміздің қаншалықты бай екеніне осындай мысалдармен салыстыра отырып та көз жеткізуімізге болады. Ендігі міндет - осы байлықты көзіміздің қарашығындай сақтау. Тіл экологиясы, сөз экологиясының мәні де осында. Тіл тазалығына көңіл аудару - патриоттық сезімнің көрсеткіші. Сондықтан да отандық лингвоэкологияның дамуына айрықша назар аударылуы керек.

1.2. АҚПАРАТ КЕҢІСТІГІ ТІЛІН ЛИНГВОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАРАСТЫРУ
Лингвоэкология қарастыратын ұғымның бірі - тілдік орта. ХХІ ғасыр бүкіл әлемге жаңа түсінік әкелді, ол - интернет тілі. Қазір белсенді тілдік орта - цифрлы медиа. Ал медиакеңістік тілі эколингвистика тұрғысынан қарағанда жекелей зерттеуді қажет етеді. Адам-Қоғам-Табиғат үштігінің өзара байланысы, адам әрекеті, қоғам шындығы, табиғат тазалығы - ақпараттық кеңістікте күн сайын көрініс тауып келеді. Қазақтілді медиакеңістікте тіл тазалығының сақталуы, сөйлеудің ұлттық бояуының өңі кетуі - бүгінгі басты проблеманың бірі.
Жаһанданудың жақсылықтарын жоққа шығара алмаймыз, бірақ батыстан келіп, сыналап еніп жатқан кеселдердің қатарында бейәдеп лексиканың қалыпты жағдай болып саналуы да бар. Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі бұзылып бара жатқаны, жеке адам туралы қандайма болмасын ар-ұжданына тиетін сөздердің жазылуы сөз мәдениетіне кереғар жайт.
Тілдің экологиялық табиғатын ластайтын жаргон сөздердің де қазіргі БАҚ беттерінде, радио-телеарналарда жиі кездесетінін байқап жүрміз. Әлеуметтік диалектті, мысалы, тақырыпты-тема, суретті-фото, емтихан-сессия, несие-кредит, әрқашан-постоянно, балмұздақ-мароженое, айыппұл-штраф, ұялы телефон-сотка, аялдама-остановка, керемет-супер, сау бол-давай, асхана-сталовая, бітті-все, қысқасы-кароче деген секілді сөздерді әсіресе жастар көп қолданады. Төл тілімізде нақты атауы бола тұра, өзге тілде айтуды сән көретін ұрпақтың қалыптасуы - ойланарлық жайт. Тілге төнген қауіп - алдын алмаса қатерлі. Телеарналардағы шетелдік фильмдерде көрсетілетін арзан әзіл, былапыт сөздер жастардың санасын улайды. 1990 жылдардан басталған бұл үрдіс бүгінде әбден орнығып алды. Жастар жаргон сөздерге құмар болды. Бұл сөз экологиясының бұзылуына алып келді.
Көркемдік талғамға кері әсер ететін тағы бір жайт - радио, телеэфир жүргізушілерінің қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айта алмауы, мысалы, қ, ө, ң, ә, і секілді дыбыстарды бұрмалап айту.
Мерзімді баспасөз бен телерадиода, интернетте жарнама тілі әлі күнге дұрыс қалыптаспай келеді. Орыс, шетел тілдерінен келген кірме сөздерді қоспаса, жарнама өтпей қалатындай түсінік бар. Сондықтан, жарнама саласында ана тіліміздің беделін көтеруге, мемлекеттік тілде жарнама ісімен айналысатын маман даярлауға, басқа тілдерден аударылатын жарнамада әдеби тіл нормасының сақталуына маңыз берілуі керек деп есептейміз. 4
Тіл тазалығы - ана тілдегі сөзді өзге тілдегі тіркеспен шұбарламай, басқа тілдің сөзін қолданған кезде халыққа мағынасы түсінікті сөздерді алу,-деген еді Ахмет Байтұрсынов. Осы тұрғыдан келгенде тіл мәдениетіне мән беру - өрелі іс.
Отандық телеарналардың көшірме бағдарламаларды экранға шығаруы да тіл тазалығына дақ түсіруге үлес қосып отыр. Журналистердің орысша является дегенді - болып табылады, имело место дегенді - орын алды деп аударуы ешқандай тілдік нормаға сай келмейді.
Академик Рәбиға Сыздықова Тілдік норма туралы ұғым атты мақаласында ауызекі сөйлеу мен жазба тілдің шаршы топ алдындағы қолданысында айырмашылық болуы керектігін айтады. Мысалы, газет-журнал беттерінде ауызекі сөйлеу тілінде кездесетін диалекттер мен өзге тілдік сөз қатары, дөрекі сөздер жазылмауы тиіс. 5
Сондай-ақ, архаизмдерді, диалектілерді мағыналарын білместен сөз арасына қосу да БАҚ беттерінен көрініп қалады. Атап айтсақ, бөлек-салақ дегенді бөлтек-салтақ, меселі қайтты дегенді міселі қайтты, параны-пәре деп алу да сөзді уәжсіз қолдануға мысал бола алады.
Теле, радиожүргізушілердің қандайма болмасын ақпарат айтқанда үндестік заңын қаперге алмайтыны өкінішті. Журналистер Жезқазған, бір қатар, қол қойды деген сөздерді айтқанда аталған заңды белден басып, қ дыбысын сол күйінде қолданады. Орфоэпиялық нормаларды тыңдау, есту арқылы үйренеміз. Сол себепті радио, телеэфирлерде айтылатын ақпараттар мен әндер, көрсетілетін фильмдер мен бағдарламалар сөздерді дұрыс пайдалануға, дыбыстарды дұрыс айтуға үйретуі керек. Ал бізде керісінше дыбыстар әуезін сақтауға мән бермейміз. Әр тілдің өзіне ғана тән дыбысталу ерекшеліктері сақталмаса, сол тілдің экологиясына залал келгенін көрсетеді. Кез келген деген сөзді айтқанда дәл осы күйінде емес, кезгелген деп қолдану - нормаға сай болады. Орыс тілінен енген радио, роман секілді сөздер қазақша айтылғанда р дыбысының алдына ы қосылады. Төл дыбыстық жүйемізге тән емес, кірме сөздерде ғана кездесетін ф,х,һ, ц, в таңбаларын дыбыстау да сауаттылықты қажет етеді. Сөздің жазылуы мен айтылуы үнемі бірдей болмайды, сондықтан теле, радио журналистері қазақ орфоэпиялық заңдылықтарын сақтауды да ұмытпауы керек.
Дикторлардың қос сөздер мен біріккен сөздердің әр компонентін бөлек айтуы да нормаға сәйкес келмейді. Мысалы, Ықыластың күйі Керітолғау дегенде сөздердің арасын бөліп айту - қате. Сарыарқа Кішіайдай, Жылыой деген секілді сөздерді айтқанда екі сөз арасындағы бір дауысты дыбыс жұтылып кетуі керек, ал біз екеуін қосып айта береміз. Сондықтан қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын қаперге алып, орынды қолдана білу - журналистер қауымының міндеті болуы тиіс.
Тілді бұзып сөйлеу - тілді жоғалтуға алып баратыны қаперімізде болуы керек. Бұл әсіресе қазіргідей интернет кең қолданысқа ие заманда аса маңызды. Газет-журнал, теле-радио тіліне енді интернет тілі қосылды. Бүгінгі мектеп оқушылары мен жастардың әлеуметтік желідегі жазбаларына қарасақ, көңіліміз түсетіні жасырын емес. Үйден шығып келе жатырмын дегенді Үйден шығып кеатрмн, қысқасы дегенді - крч, сәлемді - пр, жақсыны - ок деп жазу әдетке айналды. Тілді бұлай шұбарлаудың ақыры неге апаратынын болжаудың өзі қорқынышты. Көркем әдебиеттен алыстап бара жатқан ұрпақтың туған тіліне деген ықыласы мен жанашырлығын қалай, қайтіп оята аламыз? Бұл - мемлекеттік деңгейде маңыз берілуі тиіс мәселенің бірі. Қарап отырсақ, қазір жастар жаргон сөздер мен сленгтерді елден айрықша көріну үшін, басқаларға заманауи деген әсер қалдыру үшін, өзгелерге түсініксіз болу үшін және әзіл үшін қолданады. Телеарналардағы арзан әзілдерге толы Жайдарман, КТК, Қосылайық секілді бағдарламалардың да жастар санасына, туған тіл тазалығының сақталуына кері әсерін тигізіп жатқанын айтуға тиіспіз. Екі сөздің бірін кірме сөзбен әрлеу ешқандай да сән емес, керісінше, ана тілімізді аяққа таптау екенін ұрпаққа ұғындыруымыз керек.
Тілдік қарым-қатынаста мәдениеттілік таныту, эстетикалық қағидаларға сай емес сөздерді айту ақпарат кеңістігінде болмағаны дұрыс. Бұл тұтас ұрпақтың тәрбиесіне де байланысты мәселе. Адамның ой-өрісі, білімі мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл экологиясының қалыптасуы
ЛИНГВОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«Үш қиян» баспасынан жарық көрген атақты адамдар хақындағы кітаптар ерекшелігі
Қазақ тілінің семантикасы
Мәдениет морфологиясы туралы
Тілдің дамуының заңдылықтары
Тіл дамуының заңдылықтары
Педагогикалық және мұғалімдер институттары
Түркі тілдерінің салыстырмалы гарамматикасы
Қазақ күресінің оқу пәні ретінде дамуы
Пәндер