Қазақстан Республикасында Президенттік билік институты



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
АЛДЕБАЕВА ФАРИЗА НУРБОЛАТОВНА
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстан Республикасындағы Президенттік билік: қалыптасуы мен дамуы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
6В04245 (5В030100) - Құқықтану
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қызылорда 2021
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Қорғауға жіберілді
Құқықтанукафедрасының меңгерушісі
__________Л.М.Қаржаубаева

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы Президенттік билік:
қалыптасуы мен дамуы

6В04245 (5В030100) - Құқықтану мамандығы

Орындаған: Алдебаева Ф.Н.

Ғылыми жетекшісі: Мадалиева А.А.

Қызылорда 2021

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

Қорғауға жіберілді
Құқықтанукафедрасының меңгерушісі
__________Л.М.Қаржаубаева

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы Президенттік билік:
қалыптасуы мен дамуы

6В04245 (5В030100) - Құқықтану мамандығы

Орындаған: Алдебаева Ф.Н.

Ғылыми жетекшісі: Мадалиева А.А.

Қызылорда 2021

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ИНСТИТУТЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7 1.1. Президент тұжырымдамасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Қазақстан Республикасында Президенттік билік институты ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3. Қазақстан Республикасында Президенттік билік институтының дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 30

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПРЕЗИДЕНТТІК БИЛІК ТАРМАҚТАРЫНЫҢ БӨЛІНУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.1. Қазақстан Республикасында Президенттік билік тармақтарының бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.2. Қазақстан Республикасының атқарушы билігі ... ... ... ... ... ... ... . ... 40
2.3. Қазақстан Республикасының заң шығарушы билігі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
2.4. Қазақстан Республикасының сот билігі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
2.5. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы Президенттік биліктің дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... . 65

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы жеке, дара, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуында президенттік билік институтының рөлі ерекше болды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған күннен бастап, тарих сахнасы жаңаша сипатқа ие болды. Яғни, Қазақстан Республикасы тарихта тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанда Президенттік билік орнатуы, мемлекетіміз тәуелсіз, дербес, құқықтық, зайырлы, әлеуметтік жүйе ретінде қалыптасқан халық ретінде көріне бастады. Әрине, бұл жолға жетудің өзі оңай болған жоқ. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздікке қол жеткізу үшін көптеген қиындықтарды бастан өткерді. Осы жолда көптеген азаматтарымыз құрбан болды. Елі үшін құрбан болған азаматтарымыз мәңгілік біздің есімізде болмақ. Ендігі кезекте, осы тәуелсіздікке қол жеткізуде президенттік биліктің алтын орны, маңыздылығы туралы айтып өтейік.
Қазақстан Республикасында Президенттік билік институтын орнықтырудың өзі - үлкен бір тарихи оқиға болды.
Қазақстан республикасында Президенттік билік орнату туралы ойлар XX ғасырдың басында Алаш партиясының бағдарлама жобасында ...Үкімет басында Учредительное собрание мен Г.Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу... [1, 10 б.], - деп жарияланған болатын.
Алаш партиясының аңсаған тәуелсіздігіне Қазақстан Республикасы XX ғасырдың тоқсаныншы жылдарында жетті. 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР-нің 12 шақырылымы Жоғарғы кеңесінің I сессиясында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан Республикасының негіздері, заңдар жүйесі, реформалар қалыптаса бастады. Қазақстан Республикасында президенттік билік біртіндеп орнықтырыла бастады.
Бұл жерде Қазақстан мемлекетінің заң жүзінде бекітілген өзіндік құқықтары, міндеттері пайда болды.
Қазақстан Республикасы Президенттік басқару институтын тарихи тұрғыдан сипаттайтын болсақ, мемлекетіміздің басқарушылық, тәуелсіздік үшін күрес жолында көптеген үлесімізді қосар едік.
Қазақстан мемлекетінде билік тармақтары, президент өкілеттіктері, мәртебесі, жалпы азаматтар, ҚР халқына арналған Конституциясы, нормативтік құқықтық актілері, реформалары қалыптаса бастады.
Мемлекеттік билік жүйесінің қызмет атқаруы - ұлттық негіздегі татулықты, бірлікті көрсетіп тұр. Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекетті басқарудағы атқаратын рөлі, мәртебесі ерекше және ең маңызды жүйелердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін, үкімет органдарының халық алдында жауапкершілігін қамтамасыз етеді [2, 295 б.] - делінген. Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің қазақ халқы алдында үлкен жауапкершілікті арқалап, өз міндеттерін орындайтын, халық алдында абыройлы, құрметті тұлға екендігін көрсететін бап болып табылады.
Қазірде Президенттік басқарудың құқықтық негіздері айқындалғанмен, Қазақстан Республикасының саяси жүйедегі орны әлі де болса, белгіленген жоқ.
Президенттік басқару институтын қалыптастыру үшін бұрынғы өткен тарихымызды терең зерттеп, мемлекетіміздің дамуына үлес қосуымыз қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атыннан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға [3, 295 б.], - деп Конституцияда белгіленген.
Қазақстан Республикасының Президенттік билік жүйесінің қалыпты түрде жұмыс жасауын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Президентінің басты міндеті болып табылады.
Мемлекетімізде қабылданған реформаларды заңдық негізде қарастыратын болсақ, Қазақстан Республикасының заңнама негіздерін, жүйесін әлі де толықтыру қажет және осы заңнама қорлары нақты мәселелерді қамтуы тиіс.
Дипломдық жұмыстың обьектісі. Дипломдық жұмыстың негізгі обьектісін Қазақстан Республикасында Президенттік билік институты негіздері, жүйесі, Қазақстан Республикасында Президенттік биліктің қалыптасуы мен дамуы, билік тармақтарының бөлінуі, Қазақстан Республикасы Президентінің Парламент жүйесімен өзара қарым-қатынасы құрайды.
Дипломдық жұмыстың пәні. Қазақстан Республикасында Президенттік басқару негіздерінің қалыптасуы мен дамуы, ерекшеліктері, Қазақстан Республикасы Президентінің басқару жүйесіне қосқан үлесі дипломдық жұмыстың нақты пәні болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасының Президенттік басқару институтының негіздері, ерекшеліктері, билік тармақтарының маңыздылығы, Қазақстан Республикасында Президенттік биліктің қалыптасуы мен даму негіздерін ашып, нақты негізде көрсету болып табылады. Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін де көп еңбектер атқарылуы керек. Ол еңбектер мынадай пайымдауларды қамтуы тиіс:
Президенттік басқару институтының маңыздылығы, өзектілігі;
Президенттік билік тармақтарының заңнама негізінде саралануы;
Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекетіміздің дамуында қосып жатқан үлесі.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздер. Дипломдық жұмыс жазу барысында студент барлық ғылыми еңбектер, мақалалар, журналдар, президенттік басқаруға, билік жүйесіне қатысты әдебиеттерді зерттеп, жіті қарап, тақырыпқа байланысты нақты ақпараттар жүйесін қолданды.
Студент дипломдық жұмыс барысында ғылыми негіздегі жалпы және арнайы әдістер жүйесін, жұмыс методологиясы: анализ, синтездер жүйесін қамтыды.
Студент еңбегі Қазақстан Республикасының Президенттік билік негіздерін, Қазақстан Республикасының заңнамалық түсініктерін, Қазақстан Республикасы Президентінің басқарудағы рөлін, Парламент мүшелерімен тығыз байланысын, сондай-ақ тағы басқа ақпараттар көлемін қамтиды және жалпы көлемдегі пайдалануға ұсынылады.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, сегіз бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ИНСТИТУТЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ

Президент тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекет басшысы, мемлекеттік биліктің жəне халық татулығы, бірлігінің, тұрақты Конституция, заңнамалар негізінде қалыптасқан азаматтардың бостандығы мен құқығының кепілі.
Н.Ә. Назарбаев бүкіл әлемге белсенді реформатор ретінде танылды. Қазақстан халқы өз көшбасшысына көпшілік болып толық сенім білдіретіндіктерін Қазақстан Республикасы Президентін сайлау кезінде бүкіл әлемге паш етті. Елбасы саясатының бас жағында күшті мемлекетттік билік пен меншік көптүрлілігіне негізделген либералды экономикалық даму тұрды. Демократиялық даму жолында өз ұстанымдарын қалыптастырған еліміздегі ықпалды саяси күштер Елбасының саясатының дұрыстығын түсіне білді, өздерінің толық негіздегі қолдауларын қамтамасыз етті.
1993 жылғы Конституция бойынша Президент:
- Мемлекеттік егемендік, конститутциялық құрылысты қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, республика тұтастығы, азаматтар құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қажетті шараларды қабылдайды;
- Жоғарғы кеңестің келісімі негізінде Премьер Министр, оның орынбасарлары, ішкі және сыртқы істер министрлерін, дипломатиялық өкілеттіктер, Ұлттық қауіпсіздік комитет төрағасын тағайындайды;
Министрлердің қызметіне жетекші бола алады, министрліктер, ведомостволар мен мемлекеттік комитеттерді құрып және жоя алады;
Министрлер, министрліктердің, мемлекеттік комитеттер мен ведомоствалар қабылдаған актілер әрекетін тоқтата алады немесе жоққа шығарады;
- қауіпсіздік кеңесі мен басқа да консультативтік-кеңестік органдар құра алады;
- мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді;
- ұлттық валютаның қызмет ету алғышарттарын, тәртібі мен мерзімін анықтайды;
- Жоғарғы Кеңеспен ақылдасқаннан кейін, референдум өткізеді;
- Қазақстан мемлекетіне қатысты заңдарға қол қояды, екі аптадан кем емес мерзімде заңды өзінің наразылықтарымен Жоғарғы Кеңеске қайта талқылауға қайтарып бере алады;
- Халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасы атынан сөйлейді, келіссөздер жүргізіп және келісім-шарттарға қол қояды, республика атынан қол қойылған келісім шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасы халқына жолдау арнайды, Қазақстан еліне болы жатқан жағдайларды хабарлап отырады;
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесіне Жоғарғы, Конститутциялық, Арбитраждық Сот судьялары, төрағалары, Ұлттық банк төрағасы, Бас Прокурор лауазымдарын ұсынуға және оларды қызметтен босату туралы шешім қабылдауға құқығы бар;
- жалпы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша төтенше жағдайды енгізе алады;
- мемлекеттің қорғану қабілетін бекіту бағытында маңызды шараларды қабылдайды және Қазақстан Республикасының Бас Қолбасшысы болып табылады;
- азаматтарға рақымшылық жасауға толық негіздерде құқығы болады;
- Республика аумағында заңдық күші бар жарғылар, өкімдерді қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізін қалаушы және Қазақстан мемлекетін басқа елдерге танытушы ең жоғары қызмет иесі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы Президенттік билік интитуты

Қазақстан Республикасындағы Президенттік билік институты - бұл экономикалық, әлеуметтік, саяси, халықаралық жағдайларды қамтитын конституциялық құрылым.
Қазақстан Республикасындағы Президенттік билік негіздері, пайда болуы Кеңестік Социалисттік Республикалар Одағы кезіндегі демократиялық өзгерістерге байланысты болды. Ол 1936 жылдары Кеңестік Соцалисттік Республикалар Одағы Конституция жобасы жасалған кезде пайда болған.
Қазақстан Республикасында президенттік биліктің қалыптасуы жаңа дәуір басталғанын көрсетті. Бірақ, Қазақстан Республикасының Президенттік жүйесінің саясаттағы орнын анықтау қиын болды. Қазақстан Республикасында Президенттік негіздерінің болуы басқару жүйесінде өзгерістерге әкелмеді. Алғашқыда Қазақстан Республикасындағы Президенттік билікті Жоғарғы Кеңес өз қолына алды. Қазақстан Республикасының Президенті мен билік тармақтарының арасындағы қарым-қатынастың болмауы да біраз қиындықтар тудырды.

1995 жылы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті мен билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты реттеу үшін Қазақстан Республикасының Конститутциясы қабылданды. Жаңа Конститутция Президент мәртебесін көрсетті. Бұл жағдай ғалымдар арасында сыни пікірлер тудырды. Уақыт өте келе, Қазақстан Республикасының Конститутциясына қатысты оң пікірлер қалыптасты.
Президент институтының пайда болу, қалыптасу эволюциясын зерттеу егеменді мемлекетіміздің қалыптасуы, дамуы мен биліктегі өзара қарым-қатынасын жетілдіруде өте маңызды.

1.3 Қазақстан Республикасында Президенттік институтының дамуы

Қазақстанда Президенттік институттың дамуындағы басты оқиғаларға тоқталып өтейік:
1990 жылдардың басында Қазақстан Республикасындағы экономикалық жағдай қиындады, Кеңестік Соцалисттік Республикалар Одағы ауыр дағдарыс кезіндерін бастан өткерді.
Осы жылдары Кеңестік Социалисттік Республикалар Одағы құрамынан шығатын адамдар саны көбейді және осы кездері саяси қозғалыстар легі өрши басталды.
1989 мамыр айында Кеңестік Социалисттік Республикалар Одағы халық депутаттарының І съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деп мәлімдеген:
Одақтық билік қазір де экономика мен ұлттық саясатта қиындықты үстемелеп, Кеңес Одағы сияқты теңдессіз мемлекеттік құрылымды құрдымға жіберетін қателіктерін жалғастыруда.
Жергілікті жағдайды білмейтін, ұлттық ерекшеліктерді түсінбейтін, жергілікті халыққа абырой, беделі жоқ келімсектерді республикалардың басшылығына тағайындауға мүлдем болмайды. Бұл басқарудың өрескел қате тәжірибесі, төніп келе жатқан экономикалық апат осының тікелей салдары [4, 26 б.].
1989 жылы 22 маусымда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ Коммунисттік Партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болды және бұл сайлауда Елбасына 154 адам дауыс берді.
1990 жылы 24 сәуірде Қазақ Кеңестік Социалисттік Республикасының Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1990 жылы 25 қазанда Қазақ Кеңестік Социалисттік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Қазақстан Республикасының Декларациясы - символдық мәні бар саяси құжат ретінде қалыптасты. Ал, Қазақстан егемендігін көрсететін заңдық негіздегі құжат және бұл құжат - Қазақстан Республикасының Конститутциясы болып табылады.
1991 жылы Одақтық келісім жобасы тарихқа Ново-Огарево процесі деген атаумен енді. 1991 жылы 29 шілдеде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ресей Социалисттік Федеральдық Республикасының президенті Борис Ельцинмен және Кеңестік Социалисттік Республикалар Одағы президенті Михаил Горбачевпен кездесіп, Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құру туралы келісімге 20 тамызда қол қоюға шешім қабылдады. Бірақ бұл келісімге министрлер құрамынан тұратын төнкерілісшілер қарсы болып, Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды. Осы кезде Кеңестік Социалисттік Республикалар Одағының Президенті Михаил Горбачевті биліктен шеттеткен болатын.
1991 жылдары Қазақстан Республикасындағы жағдай шиеленісе бастады, ел басшылығына қарсылықтар, ереуілдер көбейе бастады. Осы жылдары Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ Кеңестік Социалисттік Республикасының Қауіпсіздік Кеңесін құру туралы, Одаққа бағынышты мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ Кеңестік Социалисттік Республикасы үкіметінің басқаруына көшіру туралы, Қазақ Кеңестік Социалисттік Республикасының алтын қоры мен алмаз қорын құру туралы, Қазақ Кеңестік Социалисттік Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету туралы [5, 31 б.] - бірнеше Жарлықтарға қол қойды.
Қазақ мемлекеті саяси құжаттарды қабылдап, елдегі жағдай өзгере бастады. 1991 жылы 8 желтоқсанда Ресей, Украина, Беларусь елдері Кенес Одағынан шықты.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ Кеңестік Социалисттік Республикасының президентін сайлау туралы заңы қабылданды.
Қазақстандағы тұңғыш бүкілхалықтық президент сайлауы 1991 жылы 1 желтоқсанда өтті.
Сайлау учаскелеріне 8 681 276 адам келді. 98,8 процент дауыспен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдің президенті атанды.
1991 жылы 10 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің ант беру салтанаты өтті. Біз дербес өмір сүретін жағдайдамыз [6, 33 б.] - ант беру салтанатында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев деп айтқан болатын.
1 желтоқсан ресми түрде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні, ал 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні болып белгіленді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңының жобасы жасалды. Қазақстан Республикасы сол күні құқықтық мемлекет ретінде қалыптасты.
1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңына қол қойылды.
1992 жылы 7 мамырда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Қарулы күштерінің әскери бөлімдері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрамына енгізілді.
1992 жылы қаңтарда ішкі және сыртқы шекара әскерлерін құру басталды. Кейінірек, алғашқы қорғаныс министрі болып армия генералы Сағадат Нұрмағанбетов болды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғашқы болып Түрік Республикасы мойындады. 1991 жылы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасын Ресей Федерациясы, 25 желтоқсанда Америка Құрама Штаттары мойындады. 1992 жылы 3 қаңтарда Қытай, жыл соңына қарай 102 мемлекеттер мойындады.
1993 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданды.
1992 жылы 6 қаңтарда Бағаны либерациялау шаралары туралы Жарлығы шықты. Тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасы көтерілді.
1991 жылы инфляцияның күшеюі жүз тоқсан пайызға көтерілсе, 1992 жылы үш мың пайызға деін жетті.
1993 жылы 130 ірі кәсіпорын жұмысы толық немесе жартылай тоқтады, зауыттар нормасыз жұмыс күніне көшті.
Өнеркәсіптің құлдырауы 1992-1993 жылдары 15% болса, 1994 жылы 28%-ды құрады.
Ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтіндер жаңа нарық жағдайына бейімделе алмады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ақшасы өсті.
Егіс алқаптарынан түскен өнімдер мөлшері азайды, мал басы қымбаттады. Ауыл жағдайы төмендеп, көбісі қалаға қоныс аударды.
1991 жылы Мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру туралы заңы шықты. Қейінірек, осы жоба бойынша Мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Бұл бағдарламада қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет, коммуналдық шаруашылықты жекешелендіру туралы айтылды.
1995 жылы жекешелендірудің екінші кезеңі басталды. Оның мәнісі: жаңа тауар нарығын көтеру, кәсіпкерлікті дамыту.
Жекешелендіруге жаңа экономикалық қарым-қатынас, реформа негізіндегі орта, ірі корпорациялардың пайда болуы жатады.
1990 жылы аграрлық салаға қатысты заңнамалық акт қабылданды.
Жекешелендірудің екінші кезеңінде жер нарықтық айналымға енгізілді және жер көлемін банкке несиеге салуға болатын болды.
1994 жылы Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау көрсету қоры құрылды.
1992 жылы 5 мамырда Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау туралы 1992 - 1994 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен пайда болды. Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы заңы шықты. 1992 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті кәсіпкерлермен форумда кездесіп, нарықтағы жағдайды талқылады.
Қазақстанда Акцепт, Астана-Моторс, Райымбек, басқа да фирмалар атауы кеңінен танылды..
1992 жылдың көктемінде ұлттық валютаға көшуге әзірлік жөніндегі құпия комиссия құрылды. Қазақстан Республикасында бір топ суретшілер банкнот пен монеталардың дизайнын жасады. Топта ақшаның атауына байланысты үлкен дау болды және осы кезде орта ғасырларда қыпшақ даласында айналымда болға теңге деген сөзге тоқталған болатын.
1993 жылдың 1 қарашасында Қазақстан Республикасының валютасы жайлы ақпараттар жарияланды.
12 қараша күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Осы оқиғаға байланысты қазақстандықтарға үндеуінде:
Осы сәттен бастап шынайы тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуының өтпелі сәті болған кезеңнен өтіп, жаңа уақыт басталғанын айтқан болатын. Оқиға біз үшін тек қана экономикалық емес, сондай-ақ саяси мәнге де ие еді. Қазір Қазақстанды ешкім осы стратегиялық бағыттан айныды деп жазғыра да алмайды [7, 64 б.] - деп айтқан.
Жаңа валюталар қалалар мен аудандарға сегіз күнде жетті, Қазақстан Республикасы өз валютасына ие болды.
1994 жылы митингілер мен ереуілдер жиеледі.
1994 жылдың 9 маусымында Жаңарған Қазақстанға - реформаларды тереңдету, Жалпыұлттық келісім арқылы Жолдауы жарияланды.
1991 жылдың 20 маусымында Қазақ Кеңестік Социалисттік Республикасының Мемлекеттік банкі Ұлттық банк атауын алды.
1991 жылы коммерциялық банктер саны 70, келесі жылы 150-ден асты, ал 1993 жылы 230-ға жуықтады.
Ұлттық банк Жоғарғы Кеңес Презедиумына экономиканы несиелеуді талап етті.
1993 - 1996 жылдары Ұлттық банктің төрағасы болып істеген Даулет Сембаев:
Құрамында он бес шақты адамы бар, макроэкономикалық процестерді түсінбейтін Президиум Үкіметпен келіспей әрекет етті. Мәселен, нақты бір жағдайларда Ұлттық банк төрағасын несие беруге міндеттеді, [8, 66 б,] - деп еске алды.
1993 жылдың 13 - 14 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы, Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы жаңа заңдар қабылданды. Бірақ, олар да Ұлттық банктің тәуелсіздігіне кепілдік бере алмады. Банк жүйесі үш деңгейге - Президентке, Үкіметке және Жоғарғы Кеңеске бағынды.
1994 жылы Қазақстан қаржысының жағдайын бағалаған ресейлік Независимая газета мынандай болжам жасаған:
Қазіргі экономикалық саясат сақталған жағдайда... Қазақстанды таяудағы болашақта гиперинфляция, нақтырақ айтқанда - ұлттық валютаның күйреуі және жалпы қаржылық-экономикалық апат күтіп тұр. Мұндай оқиғаның алдағы жылдың наурызына дейін жүзеге асуы мүмкін [9, 67 б.]. Көптеген шетелдіктер де осындай пікірде болды.
1995 жылы 30 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Жарлық шықты. Бұл заң бойынша Ұлттық банк тек қана Президентке бағынды және де басқа саяси қысымдар көрмейтін болды. 1995 жылы Салық жүйесінің заңнамасы да Қазақстан Республикасы Президентіне бағынатын болды.
1991 жылы Бюджет жүйесі туралы және Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы заңдар қабылданды. Саясат жүйесі қарама-қайшы қарым-қатынаста болды, бұл жағдай іскерлік дамуға кедергі келтірді және 40 шақты салық жүктемелері өзгеріске ұшырады.
1995 жылы 24 сәуірде Салықтар және басқа да бюджетке түсетін міндетті төлемдер туралы Жарлығы күшіне енді. Салықтардың саны 11-ге қысқарып, орнына коперативті салығы енді. Коперативті салығының мөлшері де төмендетілді. Салық жүйесіне қатысты көзқарастар өзгерді - мемлекет салық жүйесі арқылы мемлекеттік бюджетті толтыруды ғана емес, өндірісті дамытудың негізін көрді.
1994 жылы 27 желтоқсанда Шетелдік инвестициялар туралы заңы қабылданды. Инвесторлармен әріптестіктің өзі үлкен тәуекел болды. Шетелдік капитал экономикада маңызды рөл атқарды. 1994 - 1995 жылдары шетелден 3 миллиард доллардан астам қаржы тартылды. Қазақмыс, Еуразиялық топ, Қазмырыш және басқа да шетелдік капитал тартқан жеке корпорациялар пайда болды. Инвесторлармен бірге жаңа технологиялар және заманауи менеджмент келді. Инвестициялық жобалар арқасында Қазақстан Республикасында өндіріс дамып, дағдарыстан шығудың жолы көрінді.
Қазақ елі тіуелсіздікке қол жеткізген соң, өнеркәсіп өндірісі дамыды.
1995 жылы өнеркәсіп өндірісі 13%-ға дейін өсті.
Сыртқы сауда жүйесі дамып, экспорт импорттан 1 миллиард 250 миллион долларға дейін көтерілді. Отандық өнімдер экспорт жүйесінде долларға шаққанда 2,5 есеге өсіп, импорт жүйесінде 1,7 есе артық болды.
Әлеуметтік-экономикалық ахуалдың жақсарғанын қазақстандықтардың есепшотындағы ақша салымдарының өсу үрдісі дәлелдеді. 1995 жылы тұрғындардың банк салымдары 5-тен 12 миллиард теңгеге дейін өсті.
1995 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында Елбасы басшылығымен реформаның бірінші кезеңінің алдын ала қорытындылары жасалды.
Осы жылдар ішіндегі барша әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға қарамастан, олардан өту процесінде тәуелсіз Қазақстан өз болашағына сенімді еді.
1992 жылы жасалған тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен даму стратегиясы қазақ ұлтының бауырмалдық ниетінсіз, біріктірушілік қабілетінсіз жүзеге аспайтын, тұрақты азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім идеалдарын бекітті. Әртүрлі этностық тегіне қарамастан, елдің барлық тұрғындары ортақ шаңырақ астына біртұтас халық болып бірікті.
1992 жылдың желтоқсанында Қазақстан халықтарының форумында Елбасы біздің басты игілігіміз - халықтар достығын қазақстандықтардың бірнеше буыны қалыптастырған. Әрі біз сол құндылықты қастерлей білуге тиістіміз деп атап көрсеткен. Сол кезде Елбасы алғаш рет шешуші диалог алаңы және этносаралық диалог тиімділігінің кепілі ретінде Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы стратегиялық бастамасы жариялады.
1993 жылдың 11 мамырында мен республикалық жиында Қоғамның идеялық бірлігі - Қазақстандағы прогрестің алғышарты атты бағдарламалық баяндама жасап, елдің өтпелі кезеңде шешуі керек жалпыұлттық міндеттері көрсетілді.
1995 жылдың 1 наурызында мен Қазақстан Халық Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойылды. Осы кезде басты міндеті мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының әріптестігі негізіндегі этностар мүдделерінің бірігуін қамтамасыз ету, тиімді этносаралық қарым-қатынас жүргізу және ортақ саяси, құқықтық, мәдени орта қалыптастыру болып табылатын жаңа консультативті-кеңес органы құрылды.
Қазақстан 1980 - 1990 жылдары ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің іскер формуласын жасап, этносаралық және дінаралық жанжалдарға жол бермеді, посткеңестік оқшаулану дағдарысынан аман өтті.
Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) арасында еңбекшілердің құқығын қорғайтын кәсіподақ ерекше орын алады. 1993 жылы қабылданған Кәсіптік одақтар туралы заң қазақстандықтарға өздерінің еңбектегі мүдделерін заң тұрғысында қорғауға, әлеуметтік-экономикалық саясатты талқылау мен жасауда өз дауысы болуына мүмкіндік берді.
Барлық азаматтық қоғамның қалыптасуына 1995 жылы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы үлкен ықпал етті. Жаңа Конституция идеологиялық және саяси әртектілікті, қоғамдық бірлестіктердің заң алдындағы теңдігін паш етті.
1990-жылдардың бірінші жартысында баламалы ақпарат көздерінің пайда болуы, әлбетте, азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпал етті.
1992 жылдың 26 маусымында қабылданған Иммиграция туралы заң тарихи отанына оралғандарға репатриант мәртебесін беретін. Билік өз шешімі арқылы олардың орналасуына тиісті аймақтарды бөліп, материалдық-қаржылық көмек жасады. 1991 - 1994 жылдар аралығында Қазақстанға 122 мың қазақ, оның ішінде бұрынғы одақтас республикалардан - 57 мың, Моңғолиядан - 21 мың , Ираннан - 3,7 мың, Түркиядан 1,9 мың адам қоныс аударды.
Конституцияның 1-бабына сәйкес, Қазақстан - зайырлы мемлекет. Әрі оның рухани күші дәстүрлі діндерді, конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді құрметтеуіне негізделеді.
1990-шы жылдардың басында жаңа тәуелсіз мемлекеттерді қамтыған діни ренессанс Қазақстанды да айналып өте алмайтын. Халықтар өмірінде дін қашанда айрықша маңызға ие болды. Біздің елімізде этностық қана емес, сондай-ақ конфессиялық тұрғыда да ерекше жағдай қалыптасты.
Қазақ КСР-інің тәуелсіздігі туралы декларация, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң және 1993 жылғы Конституция жаңа тіл саясатының іргетасын қалады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып танылды, орыс тіліне ұлтаралық қатынас тілі мәртебесі берілді.
1995 жылғы Конституция қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін нығайтты. Билік бір кезеңде мемлекеттік басқару мен іс жүргізу саласында орыс тілінің пайдаланылуын тежемей-ақ, мемлекеттік тілдің позициясын айтарлықтай нығайта алды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елімізде мыңға жуық қазақ балабақшасы мен орта оқу орны ашылды, тілдік курс тарды оқыту тегін жүргізілді.
Мемлекеттің ойластырылған және прагматикалық тіл саясаты елді мекендейтін барлық этностық топтарды өзінің ұлттық ерекшелігін сақтау мүмкіндігімен қамтамасыз етті. Осының бәрі қоғамдық келісімге ықпал етті және елдегі сәтті қайта құрулар мен оның болашақ жетістіктерінің кепіліне айналды.
1992 жылдың 18 қаңтарында Білім туралы заң, 1993 жылдың 10 сәуірінде Жоғары білім туралы заң қабылданды. Олар ұлттық білім беру формаларының қолжетімділігін, зайырлы сипатын, үздіксіздігі мен әртүрлілігін базалық принцип ретінде көрсетті. Елдің
жаңа білім беру жүйесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш (1 - 4 сыныптар) және орта (7 - 11 сыныптар) мектептер, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім сияқты бес деңгей бойынша қарастырылды.
1990-шы жылдардың басында Қазақстанда 200-ден астам ғылыми мекеме жұмыс істеді. Бүкіл зерттеу жұмыстарын Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы үйлестірді. Қаржыландырудың қысқаруы мен экономикалық дағдарысқа қарамастан, мемлекет іргелі ғылымдарды дамытуға ерекше көңіл бөлді. 1992 жылы ғылым саласындағы басқару функциялары берілген Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі құрылды.
1993 жылдың қаңтарында оны жаңа қайта құру күтіп тұрған еді: жаңа Жарлыққа сәйкес қазақстандық ғылыми құрылымдар республиканың жоғары ғылыми мекемесі мәртебесіне ие болған Ұлттық ғылым академиясына біріктірілді.
1990-жылдардың бірінші жартысына көз салғанда, біздің ғалымдарымыздың, оқытушыларымыздың, инженерлеріміздің ең ауыр кезеңнің өзінде өз борыштарына адал болып, теңдессіз игіліктер - білім мен жарқын болашаққа деген сенімді сақтай білгенін аңғаруға болады.
1992 жылдың қыркүйек, қазан айларында өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы Қазақстанның мәдени өміріндегі жарқын оқиға болды.
Жер жүзінің әр түкпірінен атамекеніне танымал жазушылар, суретшілер, әртістер, бизнесмендер мен қоғам қайраткерлері келіп, мемлекеттік тәуелсіздік, ұлттық бірлік, ұлтаралық келісім, болашақ ұрпаққа салиқалы, саламатты тәрбие беру мәселелерін талқылады. Шетелдік қазақ диаспорасының өкілдері Алматыда, Шымкентте, Түркістанда және басқа да қалаларда болып, Қазақстанның өмірімен, тұрмысымен және мәдениетімен танысты.
1994 жылғы Норвегияның Лиллехаммер қаласындағы Қысқы олимпиада ойындарында қазақстандықтар тұңғыш рет өз мемлекеттік туы астында өнер көрсетті. Сол жолы тұңғыш рет Владимир Смирновтың жеңісі құрметіне олимпиада тарихында Қазақстанның мемлекеттік әнұраны орындалды. Біздің көрнекті шаңғышымыз 50 шақырым қашықтықтағы алтын жүлдемен қоса, 10 және 15 шақырымда екі күміс медаль иемденді. Жапонияның Хиросима қаласында 1994 жылдың қазан айында өткізілген Азия ойындары қазақстандық спортшылар үшін жеңіспен аяқталды. Ресми емес командалық есепте біздің құрама 25 алтын, 26 күміс және 26 қола медаль жеңіп алып, төртінші орыннан көрінді. Халықаралық жарыстарға қатысып, жеке және командалық табыстарға кенелген Қазақстанның үздік спортшылары өз елінің мәртебесін абыроймен қорғады. Олардың жеңістері бүкіл әлемнің назарын саясатта ғана емес, сондай-ақ әлемнің спорттық картасында да елеулі орынға көтерілген жаңа тәуелсіз елге аударды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еуразиялық кеңістіктің болашағы әзірге беймәлім болды, біз шетелдік үлгілерді көрсоқырлықпен қайталамай, керісінше, тек өзіміздің ұлттық мүдделерімізді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағыты қалыптасты. Бірінші бүкілхалықтық президент сайлауы өткеннен кейін, келесі 1991 жылдың 2 желтоқсаны күні Н.Ә.Назарбаев қазақстандық сыртқы саясаттың негізгі принциптері мен басым бағыттары белгіленді. Қазақстан өзінің гео-саяси жағдайы мен экономикалық әлеуетіне орай аймақтық тар ауқымда шектеліп қалмауға тиісті еді. Қазақстанның болашағы Азиямен де, Еуропамен де, Шығыспен де, Батыспен де байланысты болатын. Шығыс пен Батыс арасындағы өзара түсіністік бір-бірінің ерекшелігін білуіне және біздің елдеріміз бен халықтарымыздың игілігі жолында барлық мүмкіндіктерді есептеуге байланысты болатын. Дәл осындай саясат жүргізген Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның қауіпсіздігіне қатер төндіретін қандай да бір құбылыстың алдын алатынымызға сенімді болды.
Қазақстанның сыртқы саясатының негізі мемлекеттік деңгейде тұңғыш рет отандық дипломаттар үшін практикалық басшылыққа айналған Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясында қалыптастырылды.
Қазақстан алғашқы күндерден бастап барлық елдермен өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға әзірлігін және ниеттін білдірді. Бұл позиция өзгеріссіз қалды.
Нұрсұлтан әбішұлы Назарбаев тұңғыш рет еуразиялық бастаманы 1994 жылдың 22 наурызында Ұлыбританияға жасаған сапарым кезінде айттым. Менің бақылауым бойынша, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің сол кездегі дамуы екі басты тенденцияға - ұлттық мемлекеттің қалыптасуына және экономикалық ықпалдастықтың қажеттігіне байланысты болатын.
Британдық аудиторияға Қазақстанның ерекшеліктерін түсіндіре отырып, Нұрсұлтан Әбәшұлы Назарбаев біздің бір кезеңде еуропалық және азиялық аймақтық халықаралық ұйымдарға мүше екенімізді көрсетті. Сол кезде өзінің өзектілігін бүгінгі ХХІ ғасырда да жоймаған мына сөздер айтылған: Біз өзіміздің геосаяси жағдайымыздың маңызын түсінеміз және қауіпсіздікті нығайту жөніндегі орталық болуға әзірміз. Лондондағы осы сөзінен кейін, бір аптадан соң, Мәскеуге ресми сапармен барды. Дәл сол 1994 жылдың 29 наурызында Мәскеу мемлекеттік университетінің мінберінен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Еуразиялық одаққа бірігу қажеттігін мәлімдедім және Достастықтың зиялы элитасын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғаннан кейінгі екі жылда бір орында табандап қалған, көпқырлы ықпалдастыққа тың серпін беруге шақырды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1994 жылдың 29 наурызында Мәскеу мемлекеттік университетінде айтқан еуразиялық бастамасын қолдаған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрамындағы елдердің басшылары онша көп емес. Алайда посткеңестік кеңістіктегі мемлекетаралық қарым-қатынастардың одан арғы даму логикасы өте тиімді ықпалдастық қажеттігін растады. Арада алты жыл өткен соң, 2000 жылдың 10 қазанында, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Тәжікстан Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы құрылды. Қазақстан мемлекеті әлемдегі көптеген бірлестіктер өткен, қарапайым да түсінікті қисынмен жүріп келеді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ортақ экономикалық кеңістік құруды және бірлескен қорғаныс саясатын қамтамасыз етуді қашанда жаңа бірлестіктің шешуші міндеттері деп есептеген. Сондай-ақ, жаңа одаққа енетін барлық елдердің тәуелсіздігі мен ішкі мемлекеттік саяси құрылымы бір-бірінің ішкі шаруасына араласпау принципіне негізделген.
Қазақстанның еуразиялық жобасы жаппай қызығушылықпен қоса, үлкен резонанс пен қызу пікірталастар тудырды. Оны әртүрлі елдердегі ондаған партиялар мен қозғалыстар, белгілі қоғам қайраткерлері қолдады. Еуразия кеңістігінің әр қиырынан, қарапайым адамдардан бастап зияткерлік элитаға дейін көптеген азаматтардан менің атыма хаттар түсе бастады.
Еуразиялық бастама нағыз жаңашылдық болатын. 1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы күрделі ахуалды ескерумен қоса, болашақ та болжанған болатын. Сол кезде Қазақстанның креативті ниетін қабылдауға кейбір посткеңестік елдер басшыларының келіспеуі нәтижесінде болуы мүмкін. Солай дегенмен де, сол кезде жүзеге аспаса да, еуразиялық жоба жаңа мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттестіктің нығаюы мен дамуында үлкен рөл атқарды және еуропалық, сондай-ақ ортаазиялық аймақтың өзара әрекеттестік жүйесін қалыптастырудағы қазақ мемлекетінің батыл шешімін көрсетті.
Президенттік республика құру жөнінде берік байламға келе отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тек солай жасағанда ғана ел басқару ісін жаңа деңгейге көтере алатынымызды түсінді. Реформаны жүргізуде Президенттің жеке жауапкершілігі ұлғаюымен бірге, өкілеттік аясы да кеңейе түсері белгілі еді. Ендігі уақытта министрліктер мен ведомстволардың басшыларын Президенттің өзі тағайындайтын болғандықтан, Парламент бұл іске араласпайтын болды. Президенттің ұсынуымен және Парламенттің келісімімен тағайындалатын Премьер-Министрге елімізді дағдарыстан алып шығушы бас менеджер өкілеттігі берілді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың қолдауымен, нарықтық реформаларды аяқтау және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу, жас мемлекеттің іргесін нығайту, мемлекеттік құрылыстың алдағы стратегиясын әзірлеу үшін қажетті саяси мандат алды.
Парламент мінберінен сөз алған Мемлекет басшысы өз Жолдауын тек кәсіби саясаткерлерге ғана емес, бүкіл Қазақстан халқына арнап айтады. Бұл орайда, мен талдап түсіндірген "Жолдау" мемлекеттік саясаттың жаңа міндеттерін жалаң баяндау емес, нақты өмірлік жанды мәселелермен нәрленген, жоғары символикалық мәнге ие еді. Жолдаудан мемлекетіміздің және қоғамымыздың алдағы жылдардағы даму стратегиясының рухы есіп тұрады.
Экономикалық жағдайдың шынайы ахуалын сараптап, реформалар барысында жіберілген жекелеген ағаттықтарды мойындай отырып, мен сол уақытта ұлттық экономиканы сауықтырудың маңызды мәселелерін атап көрсеттім. Елде инфляцияны ауыздықтауға, алтын-валюта қорын құруға, оң сауда теңгеріміне, қаржы тапшылығын төмендетуге, нақты секторда жалақыны көтеруге қол жеткізілді. Әзірге айтарлықтай ауқымды болмаса да, өндірістің ұлғаюы, халықтың банктік салымдарының өсуі байқалды, тұтыну нарығы тауарлармен толтырылды.
1996 жылдың сәуір айында құрамына ғалымдар, мемлекеттік органдардың басшылары, сарапшылар кірген Жоғары экономикалық кеңес құрдым.
Олардың алдына Қазақстан экономикасының жай-күйін бағалау және оны қайта құру жолдарын ұсыну міндеттері қойылды. Кеңес мүшелері 1996 - 1997
жылдары шетелдік жұмыс сапарлары кезінде стратегиялық жоспарлау мен құрылымдық реформаның халықаралық озық тәжірибелерін зерттеді. Қазақстандық сарапшылар өзім ынтымақтастыққа тартқан шетелдік әріптестерімен тығыз байланыста еңбек етті. 1997 жылдың наурыз айында арнайы құрылған Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттік жұмысқа кірісті.
1997 жылдың маусым айында, енді ғана астана болуға дайындалып жатқан Ақмола қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзімде ел дамуының алдағы жиырма-отыз жылға арналған бағдарламасын құруға тапсырма берілді.
1997 жылдың 10 қазанында Қазақстан-2030: барша қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы атты бағдарламалық Жолдауында болашаққа батыл көз тастаған халқымыздың ауқымды істерге бел шеше кірісуден еш тайқымайтын тау қопарарлықтай қайраты мен саяси ерлігі біз күткеннен де асып түсті.
Қазақстан-2030 стратегиясының басты мақсаты - халқының әл-ауқаты жақсы, ынтымағы мықты, саяси тұрақтылығы мығым тәуелсіз мемлекет құру болатын. Стратегия қабылданған жылы азиялық қаржы дағдарысының күрмеуі де шешілді. Бұл жағдай - ұзақ мерзімге жоспарланған стратегияның құндылығын арттыра түсті. Міне, осылайша жаңа стратегия қоғамға, бизнеске дем берді, сондай-ақ әлемдік нарық сәт сайын құбылып тұрған кезде мемлекеттік сектордың өз бағыт-бағдарын айқындауына жәрдемдесіп, дағдарысқа қарсы тиімді құралға айналды. 2030 стратегиясында ұзақ мерзімге жоспарланған жеті негізгі бағыт бөліп көрсетілді. Олар: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның тұтастығы; қазіргі нарықтық қағидаларға сәйкес шетел инвестицияларының жоғары қарқыны және ішкі қорлардың көмегімен экономиканы одан әрі көтеру; денсаулық, білім беру мен қазақстандықтардың әл-ауқаты; инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс; кәсіби мемлекетті нығайту.
Бұл басымдықтар мемлекет бюджетін қалыптастыруға ықпал етті, стратегияның әрбір тармағы жылдық, үш және бесжылдық жоспарларды жүзеге асыруға байланысты нақты әрекеттерді көздеді. Сонымен, зейнетақы, жәрдемақы мен бюджеттік қызметкерлердің жалақысын уақытылы төлеу, шағын және орта бизнес, шаруа қожалықтары мен фермерлік қожалықтар үшін үстемақы мөлшерлемесін төмендете отырып, 100 миллион долларға несиелендіру; мектептерді, соның ішінде алдымен ауыл мектептерін, компьютерлендіру сияқты мәселелер алдағы жылдағы ел мен қоғамның таяудағы міндеттері болып белгіленді.
1998 жылдың 29 қыркүйегінде Елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары: қоғамды демократияландыру, жаңа ғасырдағы экономикалық және саяси реформа туралы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жолдауы халыққа жария етілді. Бұл еліміздің жаңа орталығы - Астанада жарияланған алғашқы Жолдау еді. Өткен жылдары етек алған, бүкіл әлемге алапат зардаптар әкелген азиялық қаржы дағдарысы Қазақстан экономикасына да әсер етпей қоймады. Ұлттық экономиканы қорғаудың шұғыл шараларын қабылдай отырып, мемлекет жүйелі әрекеттер жасауы тиіс еді, яғни 1998 жылғы Жолдауда жарияланған бағдарламаға сүйенуі керек болды.
Жоғарғы Кеңес аз ғана дауыс басымдығымен 1994 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы қаулы қабылдады. Үкіметке мегажобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу тапсырылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз егеменді мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол салып, республиканың мемлекеттік құрылысының негізгі қағидаларын бекітті. Дәл сол кездебіздің еліміздің заманауи бейнесі белгіленді - себебі біз он бес жыл бойы 1995 жылғы референдумның нәтижесі бойынша тұрып жатырмыз. Қазақстан тарихында алғаш рет халык жана ортақ референдумда мемлекеттік Ата Заңын өзі қабылдады. Жаңа Конституцины қабылдау үрдісі оның жобасын бүкілхалықтық талқылау үрдісін қамтыды. Ол бір ай бойы - 30 маусымнан 30 шілдеге дейін өтті. Ата Заңның жобасын талқылауда қоғам белсенділігі өте жоғары болды, бұған жобаның ұжымдық талқылауының саны куә. Жобаға түзетулер бойынша ұсыныстарды азаматтар, ұжымдар, тұрғылықты жері бойынша жиналыста, қоғамдық бірлестіктер енгізілді. Жалпы 30 мың ұсыныс пен ескертулер болды. Олар негізінде жаңа Конституцияның 55 бабына 1100 түзетулер мен толықтырулар енгізілді. Конституцияны осы тетік бойынша қабылдау, яғни бүкіл қоғаммен талқылау арқылы қазақ халқының мәдени және тарихи дәстүрлерінің бейнелеу пішіні болып табылады. Бүкілхалықтық жиналыстың дәстүрі - көшпенді демократияның өзіндік элементі, онда әр адамның сөзі беделді болып, барлығы үшін маңызы мәселенің соңғы шешіміне әсер еткен. Халықтың ойын білірудегі осы форманы қолдану сол кездегі қазіргі саяси институттар дәстүрінің дамымауын, олардың қызмет ету нормаларының әзірленбеуін, шамалы саяси қатысушылар пен саяси сананың енжарлығын түсіндірді. Осындай жағдайда референдум халықтың көзқарасын есептеуде ең қолайлы және сенімді тетік болып табылады. Сол себептен, бүгін біз өзіміз қабылдаған заңдар бойынша он бес жыл тұрып келеміз деп айтуға болады. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билік жүйесінде бірінші орынға президентті қойды. Осымен Республикада баскарудың Президенттік формасын бекіту туралы конституциялық ереже белгіленген. Басқарудың Президенттік формасы объективті фактілермен қабылданған. Республика тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында Қазақ Кеңестік Социалисттік Республикасы Президентімен ұсынылған атқарушы билік бағыты мен Жоғарғы Кеңес атынан заң шығарушы билік арасында қарама-қайшылық туды. Мемлекет өзіндік аралық сипатта болып, Кеңес типтері Президенттік республика атанды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқарудың конституциялық қағидалары
Конституцияда конституциялық құрылыс негіздерін бекіту мәселелерін зерттеу
Қазіргі кезеңнің демократиялық саяси институттары
Президенттік басқару жүйесі
Қазақстан Республикасы президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері
Мемлекеттік биліктің институттары
Қазақстан Республикасындағы Президент институты
Қазақстан Республикасы Президенті – мемлекет басшысы
Билік бөліну принциптері
Пәндер