Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын тапсырмалар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Павлодар педагогикалық университеті

Қорғауға жіберілді
БББ жетекшісі
ф.ғ.к

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда өздік жұмыстардың рөлі

Орындаған: Альмуратова Жадыра Сериковна

Ғылыми жетекшісі: Қ.С.Ерғалиев

Павлодар, 2021
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін
дамытудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Оқушылардың шығармашылық әрекетін ұйымдастырудағы ғылыми-педагогикалық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Өзіндік жұмыстар арқылы білім алушылардың
құзыреттілігін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2 Өзіндік жұмыс: талаптары мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Өздік жұмыстарды ұйымдастыру және оған қойылатын талаптар ... ... ...
2.2 Шығармашылық әлеуетті дамыту процесінде өзіндік жұмыстың маңызы ..
2.3 Оқушылардың шығармашылық әрекетіне бағытталған өзіндік жұмысты ұйымдастырудың дидактикалық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Қазіргі білім берудің басты мақсаты -- шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту -- мектеп мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.
Шығармашылықтың мәнін аша қарастырғанда оның әрекет ұғымымен тығыз байланысты екені анықталады. Шығармашылық және әрекет диалектикалық біртұтастық құрайды. Шығармашылық - өте күрделі психологиялық үдеріс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Оқушылардың шығармашылық үдерістерінің әр кезеңінде әртүрлі сапалық қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы, алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну, қайшылықтарға деген ілтипат, ал келесі сәтте шығармашылыққа деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Әрине шығармашылық жұмыстың түріне, мақсатына қарай бұл кезеңдер бір-бірімен астасып, қабысып жатуы мүмкін. Дегенмен, тұтас алғанда әр баланың бойындағы табиғи қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды. Оқушылардың шығармашылығын дамытудың тиімді жолы - белгілі бір нәтиже алуға бағытталған тұлға.

Тақырыптың өзектілігі. Білім берудің басты міндеттерінің бірі оқушы білімін әрі қарай жалғастыруға дайындығын сипаттайтын белгілі бір деңгейдегі эрудициясының болуын қамтамасыз ету. Осыған сәйкес оқушыға белгілі көлемдегі білік дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің талабы болып отыр. Шығармашылық- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол тауып кетуі үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.
Дипломдық жұмыстың міндеті.
Зерттеу пәні. Ұстаз жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке келтіру жолында тынымсыз ізденісте болу керек. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні - оқушыға өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі.

Зерттеу нысаны. Білім алушылардың өздік жұмыстарын орындау арқылы шығармашылық әлеуетін дамыту.
Бұл жұмыстың мақсаты. Оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыра, оқушылардың оқудағы танымдық әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үрдісінде бірлесе әрекет ете шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын, оның тиімділігін анықтау. Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда өзіндік жұмыстың мүмкіндіктерін айқындау және оны ұйымдастырудың жолдарын анықтап көрсету.
Бүгінгі таңда қоғамның дамуына ондағы болып жатқан үлкен өзгерістерге байланысты білім беру жүйесінің алдында жаңа талаптарға сай дайын білімді, дағдыларды қайталайтын емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін жаңа идеялар иесін, ашқан жаңалықтарын, алған білімдерін өмірлік жағдаяттарға сай қолдана алатын, ойлаудың сындарлық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру тұр.
Осы міндетті шешу жолында жүзеге асырылатын іс-әрекеттердің басында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің белсенділігі мен дербестігін кеңейту, танымдық қызығушылығын арттыру тұрғаны сөзсіз. Осы іс-әрекеттерді жүзеге асыру нәтижесінде біз біліктілігі қалыптасқан, қоғамға бейімді жас ұрпақ, жаңа буын тәрбиеленеді деп сенеміз. Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтаған заманында өмірге икемді, шығармашылық қабілеті жоғары, әр салада ойлау деңгейі қалыптасқан, тыңнан жол таба алатын белсенді азамат негізі мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде қаланады. Сондықтан оқушы әрекетін тек дайын білімді қабылдауға ғана емес, өз бетімен ізденуге, белсенділік танытуына, шығармашылық дағдыларын дамытуына бағыттау қажет. Шығармашылық дағдылардың қалыптасып, дамуы оқушының жаңа жағдаяттарға байланысты білім, біліктерін қолдана білуден, таныс объектілердің жаңа функцияларын көре алудан, мәселенің белгілі шешімімен қатар өзгеше, тиімді әдістерін іздестіруден және таба білуінен көрінеді.
Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау - өте күрделі үрдіс. Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде пайда болады. Баланың жас кезінен оның шығармашылық қасиеттерін дамытуға, логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге жағдай жасалуы тиіс. Сондықтан, оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланысы болуы, мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы ғана шығармашылық әрекетті қалыптастыруға болады. Оқу үрдісінің мақсаты болып оқушылардың білім, ептілік, дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, оларды өмірде қолдана білу, әрекет нәтижелілігін көздеу танылады. Оқушы мен оқытушы қарым-қатынасының жаңаша сипат қабылдауына байланысты шығармашылық бағыттағы оқушы әрекеті мен оқытушы әрекетін келесі түрде көрсетуге болады (1-кесте) [1, 8-9].
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді.Өйткені, адамның қоғамда алатын орны, қазіргісі, болашағы үнемі толғандыратын мәселелер қатарына жатады. Бұл қоғамның дамуына тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасы білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты: дүниетанымдық, құзырлық,шығармашылық деп атап көрсетеді. Қоғамда орындаушы адамнан гөрі шығармашылық адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Бұл мәселелер жайында жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, Әл-Фараби, ұлы Абайды ерекше толғандырған. Сондықтан ұлы ойшылдар өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған.
Шығармашылық білім деңгейі-бұл оқушылардың өз бетімен іздену іс-әрекетінде пайда болатын білімдер,біліктіліктер. Шығармашылық деңгейдегі білімдерге оқушылардың бойында өз бетімен шығармашылық іс-әрекетін оятатын эвристикалық және зерттеу әдістері арқылы қол жеткізуге болады. Осы білім деңгейін қамтамасыз ететін ойлау тәсілдері де шығармашылық болып табылады: оқушылар жұмыстың тақырыбын және міндеттерін айқындайды, болжамын және іздену жоспарын түзеді,ізденіс зерттеу іс-әрекетін жүзеге асырады.
Мінеки, осылайша өз бетімен шығармашылыққа бейімделген оқушыларға әр түрлі шығармашылық түрлерін мұғалім дұрыс таңдап, тиімді сәтте бере білсе, оқушылар өзідігінен жұмыс жасай отырып, шыңдалып жетістікке жетуге ұмтылады.Бұл берілетін шығармашылық тапсырмалардың бастапқы сатысы тест тапсырмаларынан басталады. Өткен материалдарды жинақтап қорытуда немесе жаңа сабақты бекіту кезінде тест түрлерін пайдалануда өте тиімді. Тест арқылы оқушылардың жауабы жалпылама емес, нақты берілетін болады. Тест сұрақтары педогогикалық басылымдарда және кітапшалар түрінде беріліп жүр. Дегенмен, әр мұғалім тест сұрақтарын өзі әзірлегені тиімді.
А.Байтұсыновтың пікірі бойынша; Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Балалар қиналмай, керек білімін кешікпей, кезінде алып отыруы үшін, балаға жұмысты әліне шағындап беріп, бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыруы керек. -деген.
Өзіндік жұмыс - арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің көмегінсіз орындалатын жұмыс. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеруіміз керек:
- Өзіндік жұмыстың мақсаты мен мазмұнын анықтау.
- Өзіндік жұмысты ұйымдастыру жоспарын жасау.
- Оқушының жұмыстарына бағыт беру.
Оқушының өзіндік жұмысы білік пен дағды қалыптастырудың тиімді жолы. Оқушылар өзіндік жұмысқа төселе келе, қазіргі өмір талабына сай өз қабілеттерін ашып, мүмкіншіліктерін кеңейте алады.
Негізінде баланың өзіндік жұмысы ең тиімді болып есептеледі. Ізденушілік бала табиғатына тән құбылыс. Жаңа мәлімет жинауға, білуге құштарлық жасайтын балалар баршылық. Өз бетімен жұмыс істеу барлық оқушының түрлі саладағы қызметіне қажет. Кез келген оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады.
Мысалы: Оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру. Жоғарыда айтқандай ізденіс жұмысына, өзіндік жұмысқа бастауыш сыныптан бастап баулу керек. Сол кезеңнен бастап баланы жетектеп, бағыт-бағдар беріп, оның дүниетанымына көңіл аударған қажет. Поляк ұстазы Янош Корчактың: Педогог тот, который не комкает, а формирует, не диктует, а учит... переживает вместе с ребенком много вдохновляющих минут....Сондықтан біздің жан-жақты қарым-қатынасымыз балаға өте үлкен әсер етеді. Жақсы, әдемі сөзіміз жүрегінде мәңгі қалады. Оның сабақ үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Сол себепті өзіндік жұмысты берерде түрлі тәсілдерді пайдалануға болады. Бір тапсырманың өзін бірнеше жолмен орындату.
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырғанда бір жұмысты келесі бір жұмыспен ұштастыра білу керек. Жұмыс мазмұны күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу. Өзіндік жұмыстарды үйде орындаған қолайлы, сонда мұғалімнің жұмысы белсенді емес, тек кеңесшілік. Оқушының ізденіп өзі орындап келген жұмысы өзінше бір жаңалық болады. Ең бастысы өз білім қорын молайтады, белсенділігін арттырады, ізденіс қабілеттерін жетілдіруге ықпалын тигізеді.

1.1 Оқушылардың шығармашылық әрекетін ұйымдастырудағы ғылыми-педагогикалық зерттеулер
Оқушының шығармашылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе педагог, психологтардың кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Көптеген ғалымдардың еңбектерінде жазылғандай шығармашылық адамның алдағы міндеттерді, тапсырмаларды шешу кезіндегі мақсатты еңбек іс-әрекетінің түрі және біріншіден, қандай да бір бар нәрсе жетілдіріледі, екіншіден, оң нәтиже беретін табиғатта кездеспеген қандай да бір жаңа объекті, құбылыс, т.б. пайда болады делінген.
Шығармашылық мақсат ету жеке тұлғаның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған, белгілі іс-әрекет түрін орындауға саналы емес даярлықтағы жеке тұлғаның психологиялық және интеллектуалдық жағдайы. Мақсат ету адамның алдағы еңбек іс-әрекеті және өмірлік тәжірибесі негізінде туындайды. - инт
Шығармашылықты зерттеген ғалымдардың бірі Г.С.Альтшуллер. Ол 50 жылға жуық шығармашылық тұлға іс-әрекеті заңдылығын зерделеумен айналысты. Ол ойлап табушылық міндеттерді шешудің теориясы деп аталатын өнертабыстық әдістемені әзірледі.
Педагогикалық әдебиеттерде мектептегі оқу-тәрбие процесінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері жөнінде кеңінен жазылған және жазылуда. Олар: шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін оқу мәтіндерін талдап: зерделенген ережелерді қосу (кіріктіру); ойлауды белсендіру әдістері; алгоритмдік әдістердің бірін жазған В.А.Бухалов.
Ғалымдар Г.С.Альтшуллер мен И.М.Верткин мыңнан аса шығармашылық тұлғалардың ақындар, суретшілер, композиторлар, инженерлер, дәрігерлер, ғалымдар және т.б. өмірбаяндарын талдай келе, шығармашыл тұлғалардың іс-әрекеттерінің түріне байланыссыз олардың төмендегідей негізгі сапаларды меңгеретіндігін анықтаған: шығармашылық мақсатты қою және оған жетуге өзінің іс-әрекетін бағындыру; өзінің іс-әрекетін жоспарлау және өзіндік бақылау; жоғары жұмыс жасау қабілеттілігі; мақсаттың негізін құрайтын мәселені табу және шешу іскерлігі; өзінің сенімін қорғай білуі.
Педагогикалық зерттеулерге сүйенсек бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы, оның белсенділігі арқылы көрініс табады. Белсенділік, қабілет тұрғысынан шығармашылық іс-әрекет-оқушының белгілі мақсатқа ұмтылған оқыту мазмұнын, көлемін қамтитын және қызығушылығын тудыратын, белсенділігін, шығармашылығын арттыратын және оларды тәжірибеде қолдануға бағытталған әрекеттер, білімді меңгерудегі өзіндік іс-әрекеті бар, дағдылар мен іскерліктердің бірлігі. - [Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - А., 2000]
Оқушылардың шығармашылық әрекетін ұйымдастырудың алғы шарттарының бірі олардың өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті болып табылады. Өзіндік жұмыс оқушыдан белсенді ой қызметін, танымдық ізденімпаздықты талап етеді. Өзіндік жұмысты оқушының оқу нәтижелеріне жету құралы деп есептеуге болады. Жұмыстың бұл түрі оқушының білімін, іскерлігін бекіте отырып, оның қабілеттілігін, белсенділігін, дербестігін дамытады. Өзіндік жұмысты оқу үрдісінің барлық буындарында қолдана отырып, шығармашылық оқу тапсырмаларын шешуге, игерілген білімді тәжірибе жүзінде қолдана білу біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға болады. Оқушының өзіндік жұмысы да ғылыми-педагогикалық мәселе ретінде жан-жақты зерттелген. Педагогика саласындағы ғылыми зерттеу нәтижелерінде өзіндік жұмыстың қырлары нақтыланды. Осы тұрғыдан алғанда педагогикалық әдебиетте өзіндік жұмыстың әр түрлі анықтамалары кездеседі. Р.М.Микельсон, Б.П.Есипов, Н.Г.Дайри, А.Х.Аренованың өзіндік оқу әрекетіне, өзіндік жұмысқа берген анықтамалары бір-біріне қайшы келмейді, қайта бірін-бірі толықтыра түседі. Өзіндік жұмыс ұғымының әр қилылығы оның күрделілігімен, көп жақтылығымен түсіндіріледі.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиетте өзіндік жұмыстың маңызы, оның оқу үрдісіндегі алатын орны мен түрлері, қалыптасуы сияқты маңызды мәселелер біраз қамтылған (А.Я.Голант, И.Я.Лернер, Т.И.Шамова, П.Я.Гальперин, К.Д.Ушинский, В.М.Распопов және басқалар).
Өзіндік жұмысты ұйымдастыру шарттары, оған қойылатын талаптар жөнінде Р.Г.Лемберг, И.А.Половникова, Л.П.Аристова және басқалар жазады. М.Н.Шардаков, Л.В.Занков, Ю.П.Азаров өзіндік жұмысты оқушының өзін-өзі тексеру тәсілдерін қалыптастыру және де ақыл-ой тәрбиесінің құралы ретінде қарастырады. Т.Сабиров өзіндік жұмыстың міндеттерін, Б.П.Есипов, В.В.Гузеев, Е.С.Рабунский, Н.А.Половникова, В.И.Орлов оның оқушының танымдық белсенділігіне, дербестігіне әсерін зерттесе, П.И.Пидкасистый, Л.П.Аристова, А.В.Усова, В.В.Завьялов өзіндік жұмысты әр түрлі белгілеріне қарай топтастырған.
Яғни, психологиялық-педагогикалық әдебиетке шолу жасай отырып, өзіндік жұмыстың түрлері мен ұйымдастыру жолдарының әр түрлі екенін анықтадық, бірақ, олардың көздейтін мақсаттары ортақ - оқушыларды саналылыққа, белсенділікке, дербестікке тәрбиелеу, нәтижесінде білім сапасы жоғары, жан-жақты азамат тәрбиелеу. Өзіндік жұмыс оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды тиянақтылыққа, ұстамдылыққа, бастаған істі аяғына дейін жеткізуге тәрбиелейді. Әр оқушының жас ерекшеліктеріне, тәжірибелеріне қарай өздігінен жұмыс орындау дағдысын қалыптастырудың танымдық, шығармашылық мәні зор[1].
Көрнекті педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин А.С.Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген М.Жұмабаев болатын (1923ж.).
Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, В.А.Ккрутецкий, Б.М.Тепловтың өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар: Т.Тәжібаев, М.М.Мұқанов, Ж.М.Әбділдин, Қ.Б.Жарықбаев. Т.С.Сабыровтың еңбектерін жеке тұлғаны дамытудың теориясы және практикасының алтын қоры деп білеміз.
Отандық психологияда қабілеттер жайлы ілім біркелкі дамып отырған жоқ. Мысалы: 1930-1940 жылдардың арасында тұлғаға деген тұрпайы-социолистік көзқарас қалыптасқан кезде қабілеттер жайлы мәліметтер психологиядан да, педагогикалық практикадан алынып тасталған болатын. Тек, 1950 жылдардың ортасынан бастап, бұл мәселе қайта көтеріле бастады. Бұдан кейін нақты қабілеттер жайлы іргелі зерттеулер жасалды. Олар: музыкалық қабілеттер Б.М.Теплов, бейнелеу өнеріне деген қабілеттер В.П.Ягункова, математикалық қабілеттер В.А.Крутецкий, педагогикалық қабілеттер Н.В.Кузьмина сияқты зерттеулер.
Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, О.С.Газман еңбектерінде қарастырылады.
Республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар Ә.Қоңыратбаев, С.Тілешева жоғары сыныптарда шығарма жазғызу, В.Д.Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, Қ.Ә.Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы-оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту, М.Мұхамедин ойын арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындайды.
Осы саланы тереңірек зерттеген дәрігер әрі психолог А.Н.Лук әрекет нәтижесінің шығармашылық деңгейге көтерілуі ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты деген пікір айтады.
Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:
oo Мәселені қарастырудағы қырағылық, көрегендік;
oo Ақпаратты жүйке жүйесіне қол арқылы хабарлауды;
oo Тасымалдай білуді;
oo Ақылдың икемділігін, ойдың орамдылығын;
oo Әрекетті бағалай білуді көрсетеді.
Әрекеттің шығармашылық қабілеттерді дамытуы үшін қажетті ахуалдың болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі шамадан тыс сынау сияқты психологиялық кедергілермен күресу қажеттілілігіне тоқталады.
Шығармашылық қабілеттердің жоғары деңгейі-дарындылық, таланттылық мәселесінің теориясына терең бойлаған В.Э.Чудновский, В.С.Юркевич, И.П.Волков осы феноменнің ерекшеліктері, олармен жұмыс түрлері, дарынды, талантты балалар экологиясы жайлы ой қозғап, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге байланысты тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныстар береді.
Дж.Гилфорд және оның ізбасарларының интелект туралы теориясының негізгі мәні - факторлық зерттеулер нәтижесінде шығармашылық ойлаудың балаларға, ересектергетән ортақ компаненттері анықталған. Олар кез-келген өнімді әрекетте болатындығы дәлелденген. Олар:
oo Интеллектуалдық шығармашылық бастамалылық,
oo Категоризациялаудың кеңдігі, заттарды пайдаланудағы оқыстылық, оларға мән берушілік;
oo Ойлаудың шапшаңдығы;
oo Ойлаудың соңылығы, шешімнің дәстүрлі шешіммен салыстырғандағы тапқырлығы;
Осы теория негізінде баланың шығармашылық қабілеттерін анықтауға арналған тесттер жүйесі өмірге келді. Соның бірі - тәжірибеде көп қолданылатын Е.Торренс әдістемесі. Зерттеулер нәтижесінде Е.Торренс баланың шығармашылық ойлауы 4-5 жастан басталады деген тұжырымға келеді.
Жоғарыда аталып кеткен еңбектерде шығармашылық қабілеттердің белгілерін анықтау, шарттарын айқындау, аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін құрайды. Шығармашылық педагогикасының басты мақсаттарының бірі де осы. Мақсатқа жету үшін берілетін оқу тапсырмалары да күрделі, өз ойын жетілдіруге, шығармашылыққа баулуға құрылуы тиіс [2].
Қабілеттер жайлы жазған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адамның басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген қорытындыға келеміз.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен қабілет ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді.
Қабілет ұғымына берілген психологияық анықтамалар саны баршылық. Қабілеттер деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.
Қабілеттер - іс-әрекеттің белегілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті т.б. Қабілеттер мәселесі көптеген зерттеушілердің назарын аударып келді, әлі де күн тәртібінен түскен жоқ деуге болады.
Кеңестік психологтардың қабілеттер жайлы еңбектерін шартты түрде 2 топқа бөлуге болады. Бірінішілер - қабілеттер мәселесін теориялық тұрғыдан талдаса, екінші топ өкілдері нақты қабілеттер құрылымын зерттейді. Ендсі сол еңбектердің кейбіреулеріне тоқтала кетейік.
Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтерген С.Л.Рубинштейн іс-әрекеттің қабілет дамуындағы рөлін нақтылады. Осыдан бастап қабілеттердің әрекетке дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі теория біртұтастыққа қарастырылатын болды.
Ерекше тоқталуды қажет ететін еңбектер қатарына Б.М.Теплов және оның шәкірттерінің еңбектері жатады. Олар қабілеттерді жеке адамның психологиялық айырмашылығы деп қарастырып, қабілеттер дамуындағы нышандардың рөліне ерекше назар аударады. Қабілеттер туа пайда болады деген пікірлерге қарсы, туа берілген тек табиғи алғышарттар, яғни нышандар деп қорытындылайды. [Лихачев Б.Т. Педагогика. - М.,1996]

1.2 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын тапсырмалар
Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.
Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру мектептердің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын.
Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеруі тиіс. Мұғалім ең алдымен сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек. Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына байланысты болуы керек. Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте,сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу. Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет, сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек. Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде түрлі лингвистикалық жаттығулардың да рөлі зор. Сабақ үстінде материалды салыстырып қарама-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді. Мұғалім сабақтарда әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға, өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілмен өткізілген әрбір сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын, ойын дағдысын, оларды сөйлесуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы балалардың ортасынан қабілеті жоғары бала іздеп онымен жұмыстану, оны жан-жақты білу, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру - әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.
Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.
Оқушының өзіндік жұмысын іске асырудың құралы - тапсырмалар дейтін болсақ, осы тапсырмалардың шығармашылық сипатын басты назарда ұстау қажет. Шығармашылық жұмыстар оқушының логикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін жетілдіру
Математиканы оқыту барасында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Биология сабақтарында проблемалық әдісті пайдалану
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың психологиялық ерекшеліктері
Дамыта оқыту арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту
Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Бастауыш сыныптардағы математика сабақтары
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың теориялық негіздері
Оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар
Пәндер