Допты билеу техникасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 104 бет
Таңдаулыға:   

Маңғыстау облысының білім басқармасы

1

Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің

оқу-әдістемелік кабинеті

«Баскетбол ойынының техникасы мен тактикасы»

Әдістемелік құрал

Ақтау 2021ж

«Бекітілді»
«Бекітілді»: Маңғыстау облыстық техникалық
«Бекітілді»: және кәсіптік білім берудің
«Бекітілді»: оқу-әдістемелік кабинетінің
«Бекітілді»: Әдістемелік кеңесінің
«Бекітілді»: №хаттамасы
«Бекітілді»: «»2021ж

Тақырыбы: « Баскетбол ойынының техникасы мен тактикасы»

Құрастырған: Адилбаев М. К., Өтеш Н. М. - Жаңаөзен политехникалық колледжінің дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары

Пікір жазған: Мұқатаев О. О. - педагог мастер, Қазақстан Республикасы «Өркениет» ғылыми- әдістемелік орталығының аға ғылыми қызметкері;

Буркутова Ж. Ж. - Жаңаөзен политехникалық колледжі директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

Джалгасбаева А. К. - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы

«Баскетбол ойынының техникасы мен тактикасы» әдістемелік құралдың 1 - курс студенттері үшін «Баскетбол ойынының техникасы мен тактикасы» курсының мақсаты: баскетбол ойынының негізгі тәсілдерін кезеңдер бойында қалыптастырудың педагогикалық технологиясы оқушылардың базалық қозғалыс және техникалық- тактикалық әрекеттерін меңгеру тиімділігін арттыруға бағытталған

«Ұсынылды»
«Ұсынылды»: Әдістемелік бірлестік
«Ұсынылды»: Отырысының №___ хаттамасы
«Ұсынылды»: «»2021ж
Түсінік хат

Дені сау халықтың ұрпағынан құралған сапалы қоғам - адамдардың еңбек және қоғамының іс-әрекетке жемісті қатысуының кепілі. Жан-жақты дамыған, ізгілікті тұрғыдан таза және рухани бай адамды қалыптастыру- мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті. Сондықтан да, жастардың дене бітімінің дамуы, дене дайындығы және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін дене шынықтыру сабағында, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.

Тәуелсіздік алғаннан бері республикамызда өзіндік дене шынықтыру жүйесі қалыптасқандықтан, салауатты ұрпақ тәрбиелеу де туындаған күрделі мәселелер шешімін тауып, халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетіп келеміз. Қазақстандық жүйенің тиімділігі көптеген факторлар арқылы анықталады, олардың арасында спортшы тұлғасының іргетасы қаланатын жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үдерісін құру және оның мазмұнын жақсарту маңызды рөл атқарады.

«Баскетбол ойынының техникасы мен тактикасы» курсының мақсаты : баскетбол ойынының негізгі тәсілдерін кезеңдер бойында қалыптастырудың педагогикалық технологиясы оқушылардың базалық қозғалыс және техникалық- тактикалық әрекеттерін меңгеру тиімділігін арттыру.

Міндеті:

  • динамикалық ойын жағдайлары түріндегі арнайы жаттығулар мен қозғалмалы ойындардың түрлері арқылы баскетболды үйрету;
  • баскетбол бойынша оқу үдерісіне деген технологиялық көзқарасты іске асыру әдістемесі оқушылардың ойын әрекетінде қосымша мүмкіндіктер қалыптастыруға жағдай жасау;

Баскетболда спорттық - техникалық дайындыққа салыстырмалы түрдегі көп уақыт бөлу қажет, өйткені, оқушылар дағдының көптеген техникасын игерулері тиіс. Баскетбол ойынын колледж студенттеріне үйретудің маңыздылығы, білім алушылардың қимыл-қозғалыс әрекеттерінің, дене бітімінің дұрыс дамуы мен салауатты өмір салтын сақтау үрдісін қалыптастыруда және (көптеген пайдалы қылықтарға) білімді, сау денелі, бәсекеге қабілетті, ұлтжанды, өмірді сүйе білетін, ертеңгі еліміздің жарқын болашақ иесі болатын сапалы ұрпақты өмірге бейімдеу болып табылады.

Кіріспе

Баскетбол ағылшын тілінен аударганда «basket» себет жане «ball» доп деген сөзді білдіреді. Баскетбол камандалық спорттық ойын, оның мақсаты қарсыластың торын қолмен доп түсіру, сонымен қатар қарсылас каманда допты салдырмау әрекетін жасайды.

Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған сурет тапқаннан кейін белгілі болды. Бұл суретті көріністің казіргі кездегі баскетболға ұқсастығы болған және Юкатан түбегінен төрт бұрышты алаң табылған. Алаңды қоршаған таста соғылған қабырғаның ортасында қарама-қарсы тор ілген.

Сонымен қатар 1603ж Дитрих Брустың салынған суретінде де қазіргі баскетболға ұқсастығы болған.

1818 жылы Фата энциклопедиясында Флорида тұрғындарының ойыны жазылған, онда бағанға ілінген торға допты көздегені тұр.

1891ж Джеймс Нейсмит 1-ші рет ойынның негізгі принціптерін құрастырды олар осы күнге дейін маңызын сақтады.

Қазіргі заман техникасы - ол күрестің формасы мен әдісінің тарихы даму қорытындысы. Уақыт өте келе, тәсілдердің саны да өзгерді. Әр бір тарихи уақыт кесіндісі көптеген ұтымды тәсілдерді ұсынды. Сондықтан, қазіргі заман әдістерінің керекті арсеналын білуі қажет және қазіргі заманғы ең тиімді әдістердің бастысын анықтайтын ойынның даму тенденция арсеналын білуі қажет.

Жіктеу-ол белгідегі барлық әдістер мен тәсілдер бөлім мен топ бойынша анықталған белгі негізінде топтастыру.

Техника-ол ойынның тәсілі, ойыншылардың қорғаны мен шабуылда нәтижені әрекеттерін қамтамассыздандырып, команда ішінде ойыншылардың бірігіп әрекеттесуі мен қарсылық көрсетіп ұйымдастырады.

Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасымен әдісінің тарихи даму қортындысы. Уақыт өте келе, тәсілдердің саны да өзгерді. Ойынның белсенді түрде дамуы қазіргі заман техникасының алуан түрлілігіне алып келеді. Ол ашық көрсетілген динамикалық шабуылының сипаты жай және рационалды, ауыспалы жылдамдық пен шапшаңдық, тиімділік пен дәлдікпен үйлестіреді.

Қазіргі уақытта белгілі бір шарадағы тактика әдістердің дұрыс орындалуы сипатын анықтайды, соның арқасында қозғалыста түрлі жағдайдағы ойыншылардың өзіндік бір ерекшеліктері пайда болып тұруы керек.

І. Ойын кездегі баскетболдың техникасын үйрету 1. 1 Баскетболдың даму тарихы.

Баскетбол ағылшын тілінен аударғанда»basket» себет және» boll» доп деген сөзді білдіреді. Баскетбол командалық спорттық, оның мақсаты қарсыластың торына доп түсіру, сонымен қатар қарсылас команда допты торға салдырмау әрекетін жасайды. Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында, бағытта, түрлі жылдамдықпен орындай отырып, адам ағза жүйесінде және ішкі құрлыстарына жақсы әсер алады.

Адам ойын үрдісі кезінде жоғары эмоционалды жүктелген және үлкен қуанышқа бөленіп, қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде баскетбол ойынының маңызы зор. Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды иемдей отырып, өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге, денсаулықты сақтауға, көңіл көтеруге және ұзақ өмір сүруге

мүмкіндік бар. Баскетбол ойынымен балалар 9-10 жасынан

бастап айналысуына болады (өз жастарына лайықты құрал жабдықтарды қолдана отырып) .

Баскетболдың шығу тарихы

Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған сурет тапқаннан кейін белгілі болды. Бұл суретті көрінісінің қазіргі кездегі баскетболға ұқсастығы болған және Юкатан түбегінен төрт бұрышты алаң табылған алаңды қоршаған тастан соғылған қабырғаның ортасында қарама-қарсы тор ілінген.

Майя және кейінірек ацтек құдайшыларды бұл ойынды өз тілінде «Пок-то-пок» деп атаған. Бұл ойын үнемі құдайдың құрметіне арнаған мейрамдарда өткізілген. Доп резеңкеден жасалған, ішіне шөппен толтырылған допты қарсыласының торына түсіру қажет болған.

Сонымен қатар1603 жылы Дитрих Брусьтың салған суретінде де қазіргі баскетболға ұқсастығы болған. 1818жылы Фата энциклопедиясында Флорида тұрғындарының ойыны жазылған, онда бағанға ілінген торға допты көздегені туралы жазылған.

1891ж Джеймс Нейсмит 1-ші рет ойынның негізгі принциптерін құрастырды, олар осы күнге дейін маңызын сақтады.

Бұл принциптері төмендегідей:

  • Қолмен доп ойнауға болады, бірақ допты ұстап жүгіруге болмайды:
  • Екі команданың барлық ойыншылары қай уақытта, қандай қалыпта болсын допты ұстай алады.
  • Екі команда да алаңның бір бөлігінде бола алады:
  • Ойыншылар бір-бірінің денесіне қай жері болмасын тиісуге болмайды.
  • Допты тастайтын орын көлденең жерде және белгілі бір биіктікте орналасқан. Баскетбол ойыны өте жылдам тарай бастады және бұл ойынды дүние жүзінің түкпір-түкпірінде ойнай бастады. 1-ші халықаралық кездесу 1919 АҚШ, Италия, Франция елдер армиясының командаларының турнирінде болды. 1923 ж Франция, Италия, Чехословакияның әйелдер командасының турнирі өтті.
  • 1932 ж Халықаралық баскетбол федерациясы құрылды. 1935 ж Женевада 1-ші Европа чемпионаты өтті, Ливия құрама командасы жеңімпаз атанды.
  • 1938 жылынан бастап әйелдер 1-шілігі өте бастады. Италия командасы 1-ші чемпион атанды. Қазір Европа чемпионаты 2 жылда 1 рет өткізіліп тұр.
  • 1950 жылы ерлер арасында әлем 1-шілігі өткен, 1953 жылынан бері әйелдер арасында өткізіліп келеді. Ерлер арасында әлем біріншілігінің 1-ші жеңінпаздары Аргентина ал әйелдер арасында АҚШ құрамалары болды. Қазіргі кезде әлем 1- шілікгі 4 жылда 1рет өткізілді.
  • 1936 ж Берлинде өткізілген олимпиадалық ойындарда ерлер арасында АҚШ құрамасы чемпион атанды. 1976 ж Монреальда әйелдер арасында КСРО құрама командасы чемпион атанды.
1. 2. Ойын техникасы

Техника-ол ойынның тәсілі, ойыншылардың қорғаныс пен шабуылдау нәтижелі әрекеттерін қамтамасыздандырып, команда ішінде ойыншылардың бірігіп әрекеттесуі мен қарсылық көрсетуін ұймдастырады.

Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасы мен әдісінің тарихи дамуы қорытындысы. Уақыт өте келе, тәсілдердің саны да өзгерді. Әр бір тарихи уақыт кесіндісі көптеген ұтымды тәсілдерді ұсынады. Сондықтан, қазіргі заман әдістерінің керекті арсеналын білу қажет және қазіргі заманға ең тиімді әдістердің бастысын анықтайтын ойынның даму тенденция арсеналын білу қажет.

Ойынның белсенді түрде қазіргі заман техниканың алуан түрлілігіне алып келді. Ол ашық көрсетілген динамикалық шабуыл сипаты жай және роционалды, ауыспалы жылдамдық пен шапшаңдық, тиімділік пән дәлдікпен үйлестіріледі. Қазіргі уақытта белгілі шарадағы техника әдістердің дұрыс орындалу сипатын анықтайды, соның арқасында қозғалыста түрлі жағдайға ойыншыларының өзіндік бір ерекшеліктері пайда болып әр түрлі, алуан түрлілігімен сипатталады. Яғни, барлық қозғалыстардың көмегімен әр түрлі әдістер жүзеге асырылады, ол былыққан сипат болмай, белгілі бір заңдылықпен қалыпты жағдайда қайталанады, оларды топтастыруға және жүйелеуге болады. Жіктеу-ол белгідегі барлық әдістер мен тәсілдерді бөлім мен топ бойынша анықталған белгі негізінде топтастыру. Бұрын осындай барлық белгінің санына қозғалыстың кинематикалық және динамикалық құрылымының өзгешелігі, әрекет сипатын белгілеуге қатысты еді.

Ауысу техникасы

Барлық ойын барысында баскетболшы кенеттен болатын, әртүрлі әрекет орындауға дайын болуы қажет. Сондықтан ол әрдайым дайындық кезеңде болуы керек, яғни бұл оған қажетті тапсырманы орындауға мүмкіндік береді. Мұның бастапқы рөлі алға 1. Техника-ол ойынның тәсілі, ойыншылардың қорғаныс пен шабуылдау нәтижелі әрекеттерін қамтамасыздандырып, команда ішінде ойыншылардың бірігіп әрекеттесуі мен қарсылық көрсетіп ұйымдастырады. Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасы мен әдісінің тарихи даму қортындысы. Уақыт өте келе, тәсілдердің саны да өзгерді. Әрбір тарихи уақыт кесіндісі көптеген ұтымды тәсілдерді ұсынады. Сондықтан, қазіргі заман әдістерінің керекті арсеналын білуі қажет және қазіргі заманға ең тиімді әдістерінің бастысын анықтайтын ойынның даму тенденция арсеналын білу қажет. Ойынның белсенді түрде дамуы қазіргі заман техникасының алуан түрлілігіне алып келеді. Ол ашық көрсетілген динамикалық шабуыл сипаты жай және рационалды, ауыспалы жылдамдық пен шапшаңдық, тиімділік пен дәлдікпен үйлестіреді. Қазіргі уақытта белгілі бір шарадағы тактика әдістерінің дұрыс орындалу сипатын анықтайды, соның арқасында қозғалыста түрлі жағдайдағы ойыншылардың өзіндік бір ерекшеліктері пайда болып тұруы керек. Кез- келген уақытта қарсыласынан допты алуға дайын болу қабілеттілігі мен бір қалыпты жағдайды сақтау негізгі талап болып табылады. Бір қалыпты жүгіру ойынның ауысу жұмсақтығымен оның еркіндігімен ерекшеленеді.

Жұлқыну-тез шапшаңдау. Жұлқұнудың көмегімен қарсыласынан жұлып алу және бағытты өзгерту іске асырылады. Жұлқыну үшін жақын қашықтықта жүгіру қолданылады.

Қосымша қадам-қимыл бағыты бойынша бірінші тұратын аяғы баскетболшының тік тұру қадамынан басталады. Бір уақытта жұмсақ, айнымалы қозғалыспен екінші аяқ оған тартыла түседі. Қорғаныста қарсы әрекетке тәсілдерді қолдануда олар ерекше кең пайдаланады.

Секіру-барлық үйлесімді тәсілдермен бірге қолданылады және оның еш қарсы әрекетсіз тиімді орындауына жақсы жағдай жасайды. Секіру екі аяқпен және бір аяқпен секіру болып бөлінеді. Екі аяқпен жұлқына секіру тік тұру негізінде орындалады. Секіріс сәл ғана шамалап отырып алаңнан аяқтың бүгілуімен қоса қолдың алға жоғары бағытта серпілуі арқылы орындалады. Секіріп жерге қайтадан түскенде, тізенің бүгілуі, жерге жайлап түсуге бір уақытта тік тұруына көмектеседі. Бір аяқпен жұлқына секіріп ол тек жүгіру кезінде орындалады. Жүгірудің соңғы қадамы жай қадамға қарағанда бір шама үлкенірек болады және алаңға бірінші өкше тиеді. Осы себептен отырыстың табиғи жағдайы қалыптасады, бұл алаңнан өзін итеру кезінде керек. Ұшудың жоғары нүктесінде бұлғанған аяқ жайлап жерге түседі, сонда баскетболшы толығымен ұзарады. Жерге түсу екі бүгіліп жасалған аяқпен жасалу керек, яғни бұл оған қажетті тапсырманы орындауға мүмкіндік береді. Мүның бастапқы рөлі алға 1.

Техника-ол ойынның тәсілі, ойыншылардың қорғаныс пен шабуылда нәтижелі әректтерін қамтамасыздандырып, команда ішінде ойыншылардың бірігіп әректтесуі мен қарсылық көрсетіп ұйымдастырады.

Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасы мен әдісінің тарихи даму қортындысы. Уақыт өте келе, тәсілдердің саны да өзгерді. Әрбір тарихи уақыт кесіндісі көптеген ұтымды тәсілдерді ұсынады. Сондықтан, қазіргі заман әдістерінің керекті арсеналын білуі қажет және қазіргі заманға ең тиімді әдістерінің бастысын анықтайтын ойынның даму тенденция арсеналын білу қажет. Ойынның белсенді тұрде дамуы қазіргі заман техникасының алуан түрлілігіне алып келеді. Ол ашық көрсетілген динамикалық шабуыл сипаты жай және рационалды, ауыспалы жылдамдық пен шапшаңдық, тиімділік пен дәлдікпен үйлестіреді. Қазіргі уақытта белгілі бір шарадағы тактика әдістерінің дұрыс орындалу сипатын анықтайды, соның арқасында қозғалыста түрлі жағдайдағы ойыншылардың өзіндік бір ерекшеліктері пайда болып тұруы керек. Кез-келген уақытта қарсыласынан допты алуға дайын болу қабілеттілігі мен бір қалыпты жағдайды сақтау негізгі талап болып табылады. Бір қалыпты жүгіру ойынның ауысу жұмсақтығымен оның еркіндігімен ерекшеленеді.

Жұлқыну-тез шапшаңдау. Жұлқұнудың көмегімен қарсыласынан жұлып алу және бағытты өзгерту іске асырылады. Жұлқыну үшін жақын қашықтықта жүгіру қолданылады.

Қосымша қадам-қимыл бағыты бойынша бірінші тұратын баскетболшының аяғы тік тұру қадамынан басталады. Бір уақытта жұмсақ, айнымалы қозғалыспен екінші аяқ оған тартыла түседі. Қорғаныста қарсы әрекетке тәсілдерді қолдануда олар ерекше кең пайдаланады.

Секіру-барлық үйлесімді тәсілдер мен бірге қолданылады және оның еш қарсы әрекетсіз тиімді орындауына жақсы жағдай жасайды. Секіру екі аяқпен және бір аяқпен секіру болып бөлінеді.

Екі аяқпен жұлқына секіру тік тұру негізінде орындалады. Секіріс сәл ғана шамалап отырып алаңнан аяқтың бүгілуімен қоса қолдың алға жоғары бағытта серпілуі арқылы орындалады. Секіріп жерге қайтадан түскенде, тізенің бүгілуі, жерге жайлап түсуге бір уақытта тік тұруына көмектеседі. Бір аяқпен жұлқына секіріп ол тек жүгіру кезінде орындалады. Жүгірудің соңғы қадамы жай қадамға қарағанда бір шама үлкенірек болады және алаңға бірінші өкше тиеді. Осы себептен отырыстың табиғи жағдайы қалыптасады, бұл алаңнан өзін итеру кезінде керек. Ұшудың жоғары нүктесінде бұлғанған аяқ жайлап жерге түседі, сона баскетболшы толығымен ұзарады. Жерге түсу екі бүгіліп жасалған аяқпен жасалады.

Аялдау-бұл әдіс, бір шама ауысуды тоқтатуға мүмкіндік береді, яғни қарсылас топтың уақытын немесе белсенді кедергісіз әрекеттердің орындалу арақашықтығын ұтуына мүмкіндік береді. Аялдаманын екі тәсілі бар:екі қадам секіру. Екі қадаммен аялдау, аялдамаға дейінгі сонғы қадам жүгірістен кейінгі үлкен болады, аяқтың қайырылыстан кейін аялдамадағы баскетболшының денесі біршама бір жаққа қарай ығысады, ол қарсы қозғалысқа байланысты болады. Жерге түсу аяқтың бүгілуімен яғни сәл отырынқырап орындалады. Екінші аяқ алға қарай яғни бастапқы қозғалыстың бағытына қарай қойылады, баскетболшы тірек алған жаққа қарай бұрылады. Тіреуші аяғы амортизация функциясы мен қозғалыстың жылдамдығын баяулату үшін қолданады. Жүгірістің жылдамдығы коп болған сайын жерге қону кезінде ол қатты бүгіледі. Екінші қадам тоқтату функциясын орындап дененің еш бір қалыптылығын жоғалтпайды, тіреу шегінде бір қалыпты ұстап тұру мен қамтамасыз етеді.

Секіру аялдау. Алаңнан денені итергенен кейін келесі жерге түскендегі жүгіріс қадамы, ал алдындағы тәсіл сияқты бірден екі аяқпен орындалады. Бұрылыстар арқылы ойыншы допты қарсылысынан қорғап қала алады және де сол шарттар бойынша ойыншы қарсыласына жақындай және алыстай алады. Бұрылыстар алға және артқа қарай болады. Келесі аяқ бұрыла қарсы қадам жасайды. Егер бұрылыс кезінде ойыншының кеудесі алға бұрылса, бұрылыс алға қарай болады, егер әрекет артқа қарай болса, демек бұрылыс артқа қарай болады. Тіреу болатын аяқтың бүгіліп тұрып тіке тербеліссіз ось айналасында айналуы негізгі талап болып табылады.

Допты билеу техникасы

Допты билеу техникасының қабылдануына тосып алып, қолға беру, допты басқару және жүгіріс жатады. Тосып алу-баскетболшының допты басқару тәсілі. Сәтті тосып алу басқа тәсілдердің сәтті орындалуын қамтамасыз етеді. Егер ойыншы өз әрекетін белгілеп алмаса, доп бел жаққа келіп тиеді. Екі қолмен тосып алу. Допты алу үшін қолдарды жарты шар тәрізді етіп доп сыйып кететіндей дөңгелек жасап, қарсы ұшып келе жатқан допқа қарсы денесін тосады. Допты тосып алысымен келесі тәсілді орындауға дайындалады. Қолдың иілуі доптың ұшу жылдамдығының амортизациясын қамтамасыз етеді.

Қолдар ертерек иілгендіктен доп қолға тигенде ұрылмауы керек.

Бір қолмен тосып алу. Бұл тәсіл екі қолмен тосу мүмкіншілігі болмаған жағдайда немесе келесі бір қолмен орындалатын болса қолданылады. Тосу соңында келесі қолмен тіреуге болады. Қолды доптың ұшу биіктігіне қарай сәйкес көтереді. Доптың ұшу траекториясын көріп бақылау маңызды шарт болып табылады.

Қолдан-қолға беру-ойыншылардың бір-бірімен бірігіп әрекет қылуына және допты торға жақындатуға көмектесетін ең басты тәсіл. Оны орындаудың түрлі тәсілдері бар, олар бастапқы қалыпқа және әрекет өзгешелігіне байланысты. Кез-келген қолдан-қолға беруді дайындау фразасы доптың бастапқы қалпына келуін қамтамасыз етеді. Негізгі фразаның әрекетін керекті бет бұрыс пен доптың ұшу жылдамдығын қамтамасыз етеді. Қолдан-қолға беруді топтастыруды оның алдынғы қалпына байланысты. Негізінде 3 құрылым бар:

а) Негізгі қалыптағы доп иықтан биік жерде тосылады. Бұл жағдайда саусақ бастары иін алдында немесе иінде сүйеніп болады. Бұл тәсіл қолдың сәл бүгілуі және білезіктің көмегімен орындалады 2 және 1 қолмен допты жоғарыдан беру жатады.

Екі қолмен жоғарыдан қолдан-қолға беру қарсыластың белсенді қарсы әрекетімен қолданылады. Бұл жағдайда доп бастан жоғарыда, ал шынтақ алда болады. Қолдың жай ғана бүгілуі арқылы доп ойыншының серігіне беріледі. Бір қолмен жоғарыдан қолдан-қолға беру доптың бір білезіктегі негізі қалпы. Алдыға қарай жасалған әрекет арқылы қол бүгіледі және білезік допқа шарпа тиуі арқылы доп қолға беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баскетболдағы ойын техникасы
Допты алып жүру
: Бақылау нормативтері (жалпы фитнес және баскетбол бойынша )
Ойын кездегі баскетболдың техникасын үйрету
Баскетбол
Допты билел техникасы
Баскетбол ойыны жайлы мәліметтер
Баскетбол секциясының маңызы
Дене шынықтыру сабақтарында 10-11 жастағы оқушыларды баскетбол ойыны техникасына үйретуді оңтайландыру
Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz