Әкімшілік құқықтық нормалардың түрлері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

[gl] Әкімшілік құқықтың түсінігі мен пәні. [:]

  1. Әкімшілік құқық - құқық саласы және ғылым ретінде.
  2. Әкімшілік құқық түсінігі, пәні және әдістері.
  3. Әкімшілік құқықтың басқа ғылым салаларымен байланысы.
  4. Әкімшілік құқықтың жүйесі және қайнар көздері.

ҚР Конституциясына сәйкес, мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары танылады. Адамдар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру үшін мемлекеттік билік-басқару органдарымен құқықтық қарым-қатынасқа түседі. Ал сол құқықтық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жүйесіне әкімшілік құқық ғылымы жатады.

Әкімшілік құқық ғылымы - Қазақстанның құқық ғылымының құрамдас элементі, әкімшілік құқық саласы және оның реттейтін пәні туралы ғылыми көзқарастар мен түсініктердің, білім мен теориялық ережелердің жүйесі.

Әкімшілік құқық ғылымының пәні - мемлекеттік басқарудың дамуы мен қызмет етуінің ең жалпы заңдылықтары болып табылады. Ол мемлекеттік басқарудың пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруының заңдылығын, ондағы санаттар мен ұғымдар жүйесін, мемлекеттік басқарудың негізгі принциптерін, әкімшілік құқықтық заңнамаларды, әкімшілік құқық субъектілерінің құқық қолдану тәжірибесін, сондай-ақ әкімшілік құқықты жетілдіру мен дамыту туралы болжамдар мен ұсыныстарды қамтиды.

Әкімшілік құқық - Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің жеке саласы ретінде қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттейді. Олар мемлекеттік басқару саласында пайда болып, дамып, жойылатын қатынастар. Мұндай қатынастарды басқарушылық қатынастары деп те атайды.

Әкімшілік құқық саласы - мемлекеттік басқару қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалардың жиынтығы.

Әкімшілік құқық саласының мынадай белгілері бар:

- әкімшілік құқық ҚР құқығының негізгі, жариялы салаларының бірі;

- әкімшілік құқықтың өзінің реттейтін пәні бар, сол арқылы ол басқа құқық

салаларынан ажыратылады.

- әкімшілік құқық өзінің құқықтық реттеу әдістеріне ие.

- әкімшілік құқық ішкі ұйымдастырушылық құрылымына ие.

- нормативтік базасына, яғни қайнар көздеріне ие.

2. Әкімшілік құқық түсінігі, пәні және әдістері.

Әкімшілік құқық атқарушы билік органдарының қызметін ұйымдастырумен байланысты қатынастарды реттейді. Олардың құрылымын, өкілеттіктері мен құзіретін, сонымен бірге олардың арасындағы өзара іс-қимылдарын анықтайды. Әкімшілік құқықпен, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының азаматтармен және өздерінің құзіреттеріне сәйкес мемлекеттік емес ұйымдармен өзара әрекеттесуі барысында туындаған қатынастары, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылықтармен байланысты қатынастар реттеледі.

ҚР әкімшілік құқығы мемлекеттік басқарудың негіздерімен байланысты мәселелерді қамтиды, атқарушы өкіметтің жүйесін ашады, сонымен қатар, жеке адамдардың мемлекетті басқарудағы ролін көрсетеді.

Әкімшілік құқықтың пәні - әкімшілік құқық нормаларымен реттелетін мемлекеттік басқару сферасындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танылатын азаматтардың мемлекеттік басқару саласындағы құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етіп, оларды құқықтық реттеп отыратын пән - әкімшілік құқық пәні болып табылады.

Әкімшілік (администрация) сөзі латын тілінен аударғанда -«басқару» деген мағына береді, сондықтан бұл саланы көбіне басқару құқығы деп те атайды.

Әкімшілік құқықтың негізгі мақсат-міндеттері мыналар:

- қоғамның, мемлекеттік аппараттың, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты құрал ретінде әкімшілік биліктің тиімді қызмет етуіне жағдай жасау.

- атқарушылық билікті демократиялық тұрғыда ұйымдастыру.

- азаматтар мен қоғамды атқарушы биліктің біржақты біржақты озбырлығынан қорғау.

- қоғамдық қатынастарды реттеу, нығайту.

- конституция талаптарына және қоғамдық даму заңдылықтарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды қорғау.

- басқару саласындағы қоғам, мемлекет, азаматтар мүддесіне сай емес қатынастарды ығыстыру.

- әкімшілік нормалармен өзге де құқық салаларымен реттелген қоғамдық қатынастарды қорғау.

Әкімшілік құқықтың басты мақсаты - мемлекеттік билік аппаратын заң мүддесіне қызмет етіп, оның талаптарын орындауға бағыттау.

Әкімшілік құқықтық әдістер - әкімшілік құқықтық қатынасқа ықпал ететін тәсілдердің, амалдардың, құралдардың жиынтығы. Құқықтық реттеу әдістеріне: рұқсат ету, тыйым салу, міндет жүктеу әдістері жатады. Рұқсат ету - адамдардың өздерінің белсенді әрекетін жасауға құқық береді. Тыйым салу - белгілі бір әрекеттерді жасаудан тартынуды талап етеді. Міндет жүктеу - адамдарға олардың тиісті мінез-құлық көрсету міндетін жүктейді.

Әкімшілік құқықтық әдістерге: императивті, диспозитивті, көтермелеу, ұсыныс жасау жатады. Императивті әдіс - құқықтық нұсқамалардан бұлтаруды болғызбайтын ықпал ету әдісі. Диспозитивті әдіс - субъектілерге өзара қатынастарын заңмен белгіленген шеңберде реттеуге мүмкіндік беретін әдіс. Көтермелеу әдісі - мінез-құлықтың белгілі бір түрі үшін көтермелеуге уәде беру жолымен белсенді мінез-құлықты ынталандыратын ықпал ету тәсілі. Ұсыныс жасау - басқару субъектілеріне қолданылып жүрген заң тұрғысынан мінез-құлықтың ең пайдалы түрін ұсынатын ықпал ету тәсілі.

3. Әкімшілік құқықтың басқа ғылым салаларымен байланысы.

Әкімшілік құқық басқа құқық салаларымен тығыз байланысты. - Әкімшілік құқықтың конституциялық құқықпен арасындағы байланыс жақын. Екеуінің де қайнар көзі Конституция. Айырмашылығы субъектілеріне байланысты, конституциялық құқық өкілді органдардың құрылуы мен қызметін реттесе, ал әкімшілік құқық атқару органдарының құрылуы мен қызмет етуін реттейді.

- Әкімшілік құқық қылмыстық құқықпен тығыз байланысты. Бұл екеуі де қоғамға қауіпті іс-әрекет-құқық бұзушылыққа қарсы күрес жүргізеді. Әкімшілік құқық бұзушылықта қылмысқа қарағанда іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі дәрежесі төмен болады, әкімшілік құқыққа барлығы орындауға міндетті тәртіптер кіреді (мысалы: жол қозғалысы ережесі, паспорттық жүйе, санитарлық, өртке қарсы және т. б. ) . Әкімшілік жаза қолдану сотталғандық болып есептелмейді, ал қылмыстық жазаға тартылу сотталғандық болып табылады. Әкімшілік құқық субъектісі жеке тұлғамен бірге заңды тұлға да болуы мүмкін, ал қылмыс субъектісі тек ғана жеке тұлға болады.

- Әкімшілік құқық мемлекеттік қызметкерлердің қызметін реттеу жолымен еңбек құқығымен де байланысты болады. Мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттің атынан және мемлекеттің тапсырысымен қызмет етеді, сондықтан ол әкімшілік құқық нормаларымен реттеледі. Ал қызметкерлердің өз еңбектері туралы басшыларымен болатын арақатынасын еңбек құқығы реттейді.

- Әкімшілік құқық азаматтық құқық саласымен де байланысты. Әкімшілік құқық нормаларымен басқару саласына қатысты мүлікті тәркілеу, мүлікті басқа субъектіге беру реттеледі, ал азаматтық құқық нормалары мүліктік қатынастарды реттейді.

- Қаржы құқығы басқарудың қаржыға қатысты мәселелерін реттейді.

4. Әкімшілік құқықтың жүйесі және қайнар көздері.

Әкімшілік құқықтың жүйесі дегеніміз - мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік-құқықтық нормалардың реттелген жиынтығы.

Әкімшілік құқық жүйесі жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімге мемлекеттік басқару жүйесіне жалпы сипаттама беретін әкімшілік құқықтың негізгі институттарын құрайтын нормалар жатады. Бұлар: мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары, әкімшілік құқық субъектілерінің әкімшілік құқықтық мәртебесі, мемлекеттік басқару нысаны мен әдістері, әкімшілік құқықтық жауаптылық, әкімшілік іс жүргізу тәртібі, мемлекеттік басқарудағы заңдылықты сақтау тәртібі.

Ерекше бөлімде әр сала бойынша басқару органдары, олардың нақты атқаратын функциялары туралы айтылады. Бұлар: сыртқы істерді басқару, ішкі істерді басқару, әділетті басқару, қорғанысты басқару, денсаулық сақтауды басқару, білім беруді басқару, көлік және коммуникацияны басқару, т. б.

Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады:

- нормативтік құқықтық акт

- әкімшілік шарт

- әкімшілік прецедент

- құқықтық әдет-ғұрып

- ғылыми-құқықтық доктрина

Нормативтік құқықтық акт дегеніміз - референдум немесе мемлекеттің өкілетті органдары мен лауазымды адамдары қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, өзгертетін немесе тоқтатын, белгіленген нысандағы нормативті құжат.

Әкімшілік шарт дегеніміз - екі не одан да көп субъектілер арасындағы келісім, оның ережелері тек сол субъектілер үшін ғана міндетті болады.

Әкімшілік прецедент дегеніміз - әкімшілік нақты іс бойынша қабылданған шешімінің осыған ұқсас істерді қарауда, шешуде қолданылуы. Бұл англосаксондық құқықтық жүйедегі елдерде кең тараған, Қазақстанның құқықтық жүйесіне құқықтың бұл қайнар көзі тән емес.

Құқықтық әдет-ғұрып дегеніміз - қоғамда мемлекеттік биліктен тәуелсіз қалыптасқан және көп қайталануының нәтижесінде адамдардың санасына бекіп қалған ережелер.

Ғылыми құқықтық доктрина - құқықтың қандай да бір саласында немесе жалпы құқықта қалыптасқан арнайы пікірлердің, ережелердің және принциптердің көпшілік мойындаған жүйесі.

Сонымен ҚР-да әкімшілік құқықтың қайнар көздері ретінде нормативті құқықтық актілер мен шарттар алынады. ҚР әкімшілік құқықтың қайнар көзінің иерархиясы:

1. ҚР Конституциясы, 30. 08. 1995ж.

2. Конституциялық заңдар;

3. Заңдар;

4. ҚР Президентінің Жарлықтары;

5. ҚР Үкіметінің қаулылары;

6. Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік актілері;

7. Парламент палаталарының қаулылары;

8. Әкімшілік құқық нормалары қаралған мемлекетаралық келісім шарттар;

9. Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Соттың қаулылары;

10. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативті актілері;

11. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативті актілері;

12. Локальдық нормативтік актілер.

[kgl]

[gl] № 2 ТАҚЫРЫП. Әкімшілік құқықтық нормалар мен қатынастар. [:]

1. Әкімшілік құқықтық нормалардың түсінігі мен құрылымы.

2. Әкімшілік құқықтық нормалардың түрлері.

3. Әкімшілік құқықтық қатынастардың ұғымы, құрылымы.

4. Әкімшілік құқықтық қатынастардың түрлері.

Әкімшілік құқықтық нормалар дегеніміз - мемлекеттік органдардың басқару-атқару жұмыстары процесінде пайда болатын, атқару билігі аясында қоғамдық қатынастарды реттеуші, мемлекеттік органдардың актілерінде көрсетілген, мемлекеттік заң шығару және атқару билігінің органдары тағайындаған жалпыға міндетті мінез-құлық ережелері.

Әкімшілік құқық нормалары басқару аясында пайда болатын қатынастарды ұйымдастыруға, реттеуге және жетілдіріп жоғары сатыға көтеруге негізделген.

Әкімшілік құқықтық нормалардың алдына қойған міндеттері:

-мемлекеттік басқару жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің өзара қатынасын реттеу және жөнге салу;

-басқару функцияларына ие субъектілер мен оларға бағынышты, объектілердің заңды талаптарын орындауға қатысты ғылыми тұрғыдан негізделген және мақсатқа сәйкес келетін орынды өзара қатынасын баянды ету;

-басқару қызметінің әр түрлі салаларының байланысын және мемлекеттік органдардың басқа да құқық субъектілерімен өзара әрекеттестігінің (қатынасының) тәртібін белгілеу.

Әкімшілік құқықтық нормалар басқару аясында пайда болатын қатынастарды ұйымдастыруға, реттеуге және жетілдіріп, оларды жоғары сатыға көтеруге бағытталған. Әкімшілік құқықты нормалардың көмегімен басқару органдарының көпшілігінің құқықтық мәртебесі мен құзыры анықталады, олардың қызметінің түрлері мен әдістері және басқарудың басқа да субъектілерімен өзара қатынастың тәртібі баянды етіледі. Сонымен бірге әкімшілік құқықтық нормалар кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және жеке тұлғалардың да мемлекеттік басқару аясындағы құқықтық мәртебесін анықтайды.

Әкімшілік-құқықтық нормалардың, құқықтың басқа салаларының нормалары сияқты, өзінің бөлімдерінің өзара орналасу тәртібі, яғни құрылымы бар. Әкімшілік құқықтық норманың құрылымы дегеніміз - оның ішкі құрылысы, негізгі құрамының (бөлшектерінің) өзара байланысының айқын тәртібі.

Әкімшілік құқықтық норманың ішкі құрылысы мынадай бөлшектерден тұрады:

- гипотеза;

- диспозиция;

- санкция;

Гипотеза норманы іс жүзінде асыру шартының сипаттамасы, яғни ережені қолдану шарты.

Гипотеза әкімшілік құқықтық норманың бөлшегі ретінде норманы іс жүзіне асыру шартына, яғни норманың өзі әсер етуге бейімделген және өз кезегінде нақтылы қатынастар туындауына себеп болатын қоғамдық қатынастарға жөн сілтейді. Демек, әкімшілік құқықтық норманың гипотезасын қамтитын жағдайлар әкімшілік құқықтық қатынастардың туындауына себеп болатын заңды маңызы бар фактілер болып табылады. Мысалы, азаматтың әкімшілік құқық бұзушылық жасауы, кінәліні өкілеттігі бар органдардың және лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілікке тартуына себеп болады. Гипотеза жорамал не болжам түріндегі пікірді білдіреді.

Диспозиция - норма тағайындаған мінез-құлық ережесінің мазмұны.

Диспозиция әкімшілік құқықтық нормаларда көбінесі құқық беру, өкілеттік беру, рұқсат ету және міндеттеу, бұйрық беру, сонымен қатар тыйым салу және шек қою түрінде баяндалады. Диспозиция әрдайым субъектілер өзін-өзі қалай ұстауы керек екеніне жөн сілтейді, олардың құқықтары мен міндетттерінің өзара тығыз байланысын қарастырады.

Санкция - норма тағайындаған мінез-құлық ережесін бұзудың салдары, яғни норманы бұзғаны үшін қолданатын шара. Санкция әкімшілік құқықтық норманың бөлшегі ретінде, тек қана нормада қарастырылған құқық бұзушылыққа байланысты құқық бұзушыға қолданатын әкімшілік жолмен ықпал ету шараларының мазмұнын білдіреді. Сондықтан, әкімшілік ескерту шаралары (мысалы, карантин, шекараны жабу, жер сілкіну, су тасқыны болған жерлерді қоршап алу) . санкцияға жатпайды. Себебі мұндай шаралар әкімшілік құқықтық норманың санкциясында емесе, керісінше диспозициясында көрсетіледі.

Әкімшілік құқықтық санкциялардың өзіне тән ерекшелігі әкімшілік жолмен ықпал ету әдістерінің, санкция түрлерінің көптігі, сонымен қатар өкілетті органдар мен олардың лауазымды тұлғаларына белгіленген шеңберде берілген ықпал ету шараларын қолданудың мол мүмкіндігі.

2. Әкімшілік құқықтық нормалардың түрлері.

Әкімшілік құқық нормалары мазмұны бойынша:

1. материалдық (қаржылық) нормалар

2. процессуалдық нормалар болып екіге бөлінеді.

Материалдық нормалар - азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін, атқарушы билік органы мен ұйымдарды біріктіретін ережелер. Мысалы: атқарушы билік органдары субъектілерінің қоғамға, тұлғаларға көрсететін заңды түрдегі құзіреті (компетенциясы) .

Процессуалды нормалар - мемлекетпен бекітіліп, санкцияланған материалдық нормаларды жүзеге асыру барысында және мемлекеттік басқару органдарының жаңа нормативті актілерді шығарумен сипатталады. Процессуалды нормалардың материалдық нормалардан айырмашылығы:

а) өзінің тағайындалуымен, яғни материалдық нормалар субъектілерінің әкімшілік құқықтық мәртебесін тағайындаса. ал процессуалдық нормалар олардың орындалуы мен міндеттелуін заңды түрде жүзеге асырады;

б) талап ету, яғни процессуалды нормалар, ең алдымен материалдық нормалардың орындалуын талап етеді;

в) іске асыру, яғни әкімшілік құқықтық материалдық нормалардың қабылдануын, олардың жүзеге асырылуын талап ету арқылы іске асыру.

Процессуалды нормалар материалдық нормалар сияқты классификациялау дәрежесіне байланысты жіктеледі. Мысалы: заңды күшіне байланысты, белгілі бір ортаға, яғни сфераға байланысты және т. б.

Субъектілердің мінез-құлқына әсер ететін әдістері бойынша нормалар 3-ке бөлінеді:

1. міндеттеуші;

2. тыйым салушы;

3. уәкілдік беруші әкімшілік құқықтық нормалар болып бөлінеді.

Міндеттеуші әкімшілік-құқықтық нормалар - тұлғаның белгілі бір ережелерді орындауын міндеттеп, талап етуі. Мысалы, заңды, тұлғалардың міндетті түрде Әділет органдарында тіркелуі, азаматтардың шағымдарын белгілі бір мерзімде басқару органдарының қарастыру міндеттілігі. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік салық жүйесі мен бюджеті» атты Президент Жарлығының 171-бабында салық жүйесін міндетті түрде салық қызметкерлері атқарады)

Тыйым салушы әкімшілік-құқықтық нормалар - норма көздеген мақсаттан тыс белгілі бір іс-әрекеттердің орындалуына тыйым салып, шектейді.

Тыйым салудың екі түрі бар:

а) жай тыйым салу;

б) арнайы тыйым салу.

Жай тыйым салу дегеніміз - әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар істердің орындалуы мен жүзеге асуын шектеуі.

Арнайы шектеу дегеніміз - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік салық жүйесі мен бюджеті» атты Президент Жарлығының 174-бабында көрсетілгендей, салық қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін өздерінің тікелей немесе жанама туыстығы бар салық төлеушілерімен қаржылық мәселелерді шешуге шектеу қоюы.

Уәкілдік беруші нормалар - субъектілердің әкімшілік-құқықтық қарым-қатынасында өз шешімі бойынша қатынастарды жүзеге асыру, бірақ нормалардың сақталуын бұзбау керек. Мысалы: «Қазақстан Республикасының банктері мен банк жүйесі» туралы Президент жарлығының 46-бабында былай делінген: Егер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі ІІ дәрежедегі экономикалық нормаларды бұзған жағдайда мынадай шаралар қолданылады:

а) міндеттеуші хатты талап етеді;

б) банкпен жазбаша түрде келісім жасайды;

в) ескерту, сөгіс береді;

г) жазбаша түрде береді;

Қолданыл шегіне байланысты:

а) жалпы міндетті;

б) ішкі жүйелік.

а) жалпы міндетті нормалар әкімшілік - құқықтық қатынасқа түсетін барлық субъектілерден талап етіледі.

б) ішкі жүйелік нормалар белгілі бір атқарушы биліктің талап етуіне байланысты қолданылуы.

Мекен жайға байланысты: белгілі бір ұйым мен атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеу арқылы бөлу, яғни қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік бірлестіктерге және азаматтарға байланысты қолданылуы.

Сонымен қорытындылай келе әкімшілік құқықтық нормалар - бұл конституцияда бекітілген белгілі бір қағидалар мен ережелердің жиынтығы. Ал әкімшілік-құқықтық қатынастар - бұл әкімшілік-құқықтық нормалармен реттелген, мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты, біріншісі мемлекет бекіткен қағидалар мен ережелердің жиынтығы болса, сол ережелер құқықтық қатынастарды реттеп басқарып отырады.

3. Әкімшілік құқықтық қатынастардың ұғымы, құрылымы.

Әкімшілік құқықтық қатынастар дегеніміз - мемлекеттік басқару саласында пайда болатын әкімшілік құқықтық нормалармен реттелген қоғамдық қатынастар. Әкімшілік құқықтық қатынастардың өзіне тән белгілері бар. Олар:

1/ әкімшілік құқықтық қатынастардың бір тарабы міндетті түрде билік субъектісі болуы тиіс. Азаматтар арасында әкімшілік құқықтық қатынас тууы мүмкін емес, өйткені оларға басқару не атқару құқығы мен міндеті берілмеген.

2/ әкімшілік құқықтық қатынастар атқарушы билік қызметінің аясында ғана пайда болады.

3/ әкімшілік құқықтық қатынастар көп кездесетіндігімен сипатталады, өйткені қоғамда басқарылмайтын сала жоқ.

Әкімшілік құқықтық қатынастардың құрылымы мынадай 3 элементтен тұрады:

- әкімшілік құқықтық қатынас субъектісі

- әкімшілік құқықтық қатынас объектісі

- заңды маңызы бар айғақтар (заңды фактілер)

Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері: ҚР азаматы, шетел азаматы, азаматтығы жоқ тұлғалар; мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық ұйымдар қызметшілері.

Әкімшілік құқықтық қатынас субъектілері субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерге ие болады.

Әкімшілік құқықтық қатынас объектісі: әкімшілік құқықтық қатынас бағытталған мақсаты оның мазмұнын құрайды, сол бағытталған мақсатқа жету барысында құқықтық қатынастар туындайды.

Заңды фактілер - әкімшілік құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әсер ететін мән-жайлар. Заңды фактілер 2 түрге бөлінеді: оқиға және іс-әрекет. Оқиға адамдардың еркінен тыс болатын мән-жайлар. Мысалы: адамның туылуы, белгілі бір жасқа толуы; жер сілкінісі, су тасқыны, т. б. Іс-әрекет адамдардың еркімен байланысты. Іс-әрекет заңды және заңсыз болып екіге бөлінеді.

4. Әкімшілік құқықтық қатынастардың түрлері.

Әкімшілік құқықтық қатынастар байланысы сипаты бойынша - тік және көлбеу болып бөлінеді.

Мазмұны бойынша - материалдық және процессуалдық болып бөлінеді.

Құқықтың функциялары бойынша - реттейтін және қорғайтын.

Заңды фактілерінің сипаты бойынша - заңды іс-әрекеттер туғызатын, заңсыз іс-әрекеттер туғызатын, оқиғалар туғызатын болып бөлінеді.

Қорғау тәсілі бойынша - әкімшілік тәртіппен қорғалатын, сот тәртібімен қорғалатын болып бөлінеді.

Әкімшілік құқықтық қатынастар мен нормалар болмаса қоғамның дамуы мүмкін емес, өйткені әкімшілік құқықтық нормалар бекітілуі арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Ал әкімшілік құқықтық қатынастар тек биліктік өкілеттікке ие болып қоймастан, сонымен бірге әкімшілік құүқық субъектілерінің түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қорғап, құқықтық қатынастарды тұрақтандырады. [kgl]

[gl] № 3 ТАҚЫРЫП. Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесі. [:]

1. Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің негіздері. Олардың әкімшілік құқыққабілеттілігі, әрекетқабілеттілігі, деликтқабілеттілігі.

2. Мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттері. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері.

3. Азаматтардың құқықтарының әкімшілік-құқықтық кепілі және олардың түрлері.

4. Азаматтардың жүгінулері. Жүгінулердің түрлері. Әкімшілік және соттық шағымдар.

Азаматтардың әкімшілік құқықтық қабілеті және әкімшілік құқықтық мәртебесі.

Жалпы барлық құқық саласының субьектісі мемлекет пен қоғамның, ұжымның өміріне араласу үшін құқықтық актілермен жүктелген сұраныстарды жүзеге асыру үшін белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болуы шарт. Өз кезегінде әкімшілік құқықтың субьектілерінде әкімшілік құқықтық нормалармен реттелетін құқықтары мен міндеттері бар болады. Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер, мекемелер мен ұжымдар мемлекетпен әкімшілік құқықтық қатынасқа түсу арқылы өздерінің субьективтік құқықтарын жүзеге асырады.

1. Әкімшілік құқық субъектілері деп ҚР заңдарына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарға қатысушы тұлғаларды айтамыз. Әкімшілік құқық субъектілері жеке және ұжымдық субъектілер болып екіге бөлінеді.

Әкімшілік құқықтың жеке субъектілеріне - ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, лауазымды тұлғалар жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқық нормаларының түрлері
Әкімшілік- құқықтық нормалар мен қатынастар
Әкімшілік-құқық нормалардың түрлері
Әкімшілік - құқықтық реттеу механизмінің түсінігі мен құрылымы
Әкімшілік құқықтық нормалар ұғымы
Құқық жүйесінің түсінігі
Әкімшілік құқық нормалардың ұғымы
Әкімшілік құқықтың пәні
Әкімшілік құқықтың субьектілері
Құқық туралы жалпы түсінік, құқық жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz