Шығармаларын анималистік жанрға арнаған суретшілер


КІРІСПЕ
Адам баласы есін білгелі бері өнермен бірге өзін-өзі жетілдіріп, мәдени игіліктерін жасап келеді. Бізге белгісіз, бұлыңғыр ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері байқала бастаған.
Мәдениеттіміздің бір бөлігі болатын көшпелілердің көне бейнелеу өнерінің тарихы да біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықта басталып, сол дәуірдің V-VI ғасырларында өте жоғары деңгейге жетті. Орта Азия, Қазақстан бейнелеу өнері сонау неолит және қола дәуірінен басталады. Атап айтсақ, Тарбағатай, Алтай, Жасыбай және Ұлытау тастарына ойып салған өшпес суреттер осыған дәлел бола алады. Сақ-скиф бейнелеу өнерінің «Аң стилі» сияқты озық формалары да сол кезде пайда болған.
Біздің дәуірімізге дейінгі VП-Ш ғасырлардағы сақ, савромат және скиф одақтастығының саяси ымыралылығы скиф-сібірлік «Аң стилінің» гүлденуіне себепші болды. Ежелгі сақ суретшілері сүйенген хайуанат образдарының триадасы (құс - тұяқты жануар - жыртқыш) бейбітшілік қоғам құрылысының салтанатты идеясын паш етті.
Бүгінгі таңда ғылыми-техникалық прогрестің мәні жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің байлығын адамзаттың мүдделері аясында көшбасшы позициядан ығыстырды.
Жануарлар әлемі - шексіз әр алуан және түрлі-түсті бояуға бай. Бірақ жануарлар суретін салу, оларды сол тұрған қалпында бейнелеу оңайға соқпайды. Олар бір орында тыныш тұрмайды, сондықтан анималист-суретшіге қажымай-талмай жұмыс жасауға, яғни олардың жүріс-тұрысын, қимыл-қозғалысын бақылап, зерттеу қажет.
«Аң стилі» - ежелгі өнер түрі, зерттеу ауқымы өте кең. Осыған орай аң стилінің зерттелмеген қырлары, айтылмаған сырларын зерттеу болашақтың еншімізде дей тұра, диплом жұмысын орындау барысында үлес қосқым келді.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, айрықша қорғауды қажет ететін аңдар мен жануарлар тіркеледі. Сол себептен жануарлардың таңғажайып, қайталанбас әлемін және бүгінгі таңда жойылып бара жатқан аңдарды, олардың сұлулығын көрсету.
Ғылыми жаңашылдығы: табиғи ресурстарды қорғау тақырыбы бойынша анималистік жанрда суреттер салғызудың әдіс тәсілдерін, бейнелеу өнерінің аралас техникасымен көрсете отырып, тамаша сезімдерін дамыту. Сонымен қатар отан сүйгіштік пен табиғатқа ұқыпты қарау туралы негізгі ұғымдар қалыптастыру. Бұл заманымыздың әлеуметтік белсенді тұлғасының негізгі қасиеттері болып саналады
Практикалық маңыздылығы: оқушыларды табиғат пен жануарларға деген ізгілікті қарым-қатынаста тәрбиелеу экологиялық тәрбиемен байланысты. Қазіргі жағдайда экологиялық тәрбие мәселесі мектеп назарында. Визуалды өнер арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосады. Оқушылардың бойына табиғатты қорғау сезімін үнемі дамыту керек. Табиғи ресурстарды қорғау тақырыбы бойынша әртүрлі техникада суреттер салғыза отырып, сезімдерін дамыту, сонымен қатар отансүйгіштік пен табиғатқа ұқыпты қарау туралы негізгі ұғымдар қалыптастыру.
Диплом жұмысының мақсаты: анималистік жанрды дамытушылардың арасында Ресей суретшілерінің бірі В. А. Ватагиннің үлесі аса зор деп санаймын, оның тұжырымдамасына келісе отырып "Табиғат ресурстарын зерттеу тек қана дүниетану сабақтарында ғана емес, визуалды өнер де бейнелеп салу сабақтарында да өзектілігін тұжырымдады". В. А. Ватагин "табиғатқа, жануарлар әлеміне ұқыпты қарау адамға адам болуға көмектеседі"-деген. Сондықтан хайуанаттар дүниесін қорғауды мектеп қабырғасынан бастай отырып, олардың әсем бейнесінін суреттерін салғызу және анималист суретшілердің туындыларымен таныстыру. Анималист жанрының қалыптасуы мен шетел суретшілерінің шығармаларын таныстыра отырып, талдау жасау.
Міндеттері:
- визуалды өнер сабақтарында, жыртқыш аңдарды бейнеудің әдіс
тәсілдері;
- аралас техниканы пайдаланудың мүмкіндіктері;
- анималистік жанр тақырыбында суреттер салғызу арқылы адамның
табиғатқа деген жақсы қарым қатынасы;
- оқушылардың экологиялық мәдениетін жоғарлату.
Дипломдық зерттеудің объектісі: арыстан, жолбарыс, геопарттың қимыл қозғалысы, өзіне тән мінезі мен ерекшелігі, табиғат өміріндегі рөлдері.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: В. А. Ватагин, Е. Чарушин суреттері және А. С. Щипанов, Е. Каменова, Б. Уәлиев, Қ. Иманбекова, М. С. Мұқашев, А. Ғ. Сейтімов, Қ. Е. Ералин., С. Ж. Турикпенова, Н. А. Хамзиннің оқулықтарындағы жан-жануарлар суретін салу туралы еңбектері сарапталып, анималистік жанрдың дамытушы суретшінің теориялары пайдаланылды.
Дипломдық жұмыс жазылуының тәжірибелік базасы: Шоқан Уәлиханов атындағы №1 негізгі орта білім беретін мектебінің 7 «а» сыныбында анималистік жанр тақырыбында эксперименттік сабақтар өткізілді. Диплом жұмысының практикалық бөлімі Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының 409 «Академиялық сурет» оқу шеберханасы, қалалық, институт кітапханаларымен оқу залдары. Институттың биология кешеніндегі және қалалық өлкетану мұражайлары мен қаламызға 20 тамыз айында келген, «Фортуна» Пятигорск атты, көшпелі хайуанаттар паркіндегі жартқыш аңдардың қимыл қозғалыстары мен мінез құлқы бақыланды.
Диплом жұмысының құрылымы: қарындаш және түрлі-түсті бояулармен салынған ізденіс эскиздер, фор эскиз, практикалық жұмыстың тұп нұсқалары, теориялық бөлімі.
1 БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ ЗАМАНАУИ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ
ЖЕТІСТІКТЕР
1. 1 Анималистік жанрдың тарихы мен дамуы
Қазақ халқы бейнелеу өнерінің мәдениеттанулық негіздерін, рәміздік ерекшеліктерін зерттеудің өзектілігі бірнеше мәдени факторлармен және Қазақстан Республикасында қабылданған мәдени даму бағдарламасымен үндес өтіп жатқан үрдістермен айқындалады. Бүгінгі таңда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстау мақсатында жүргізіліп жатқан рухани шараларға қатысты ұлттық философия мен мәдениеттің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туып, кеңінен жол ашылуда. Оған Республика президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Тарихи құндылықтарымызды барынша зерттеу мен қайта қалпына келтіру, сақтауға, зерттеуге мән беріп, өткен тарихымызды ұрпаққа жеткізуіміз керек. Өзінің тарихи, мәдени тамырларына қайта оралу - бұл әрине оң процесс. Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр, - деген сөзі айғақ.
Соның ішінде, қазақ бейнелеу өнері бір адам ғұмырына ғана жетерлік өте аз мерзімде өзгеру, өсу кезеңінен халықаралық ілтипатқа бөлену шағына дейін бүкіл даму сатыларынан өтті. Түптеп келгенде, бұл ортаға тарихи тұрғыда тән емес көркем ойлаудың жаңаша үрдісі, жаңаша ұлттық мектебі жасалды. Бұл мәдени құбылыс әлде де зерттеліп, саралана жатар, дегенмен, оның пайда болуы Еуропа мен Шығыстың (Азияның) көркемдік дәстүрлерінің өзара байланысының нәтижесінде мүмкін болғаны күмән тудырмайды.
Қазақстанның бүгінгі күнгі өнері туралы сөз қозғағанда, әдетке айналып кеткен қазақ бейнелеу өнеріндегі тұрмыстың мазмұндық мәселелері мен экзистенциалдылыққа тартымдылық тәрізді көріністерінің де жалғасып жатқанын атап өтпеуге болмайды. Кәсіби өнердің дамуының осы сәті суретшілердің осы заманғы тұтынушыға жеткізуге ұмтылатын идеялар кешенінен нақты байқалатыны оның шоғырланушылық сипатында. Бүгінгі күннің бейнелеу және мүсін өнері контекстік жағынан аса толықтырылған күрделі болып келеді, ол өз кезегінде қарапайым көрерменнің түсінбеуін тудырады. Бүгінгі күні суретшілер мектебінің қалыптасу сатысының алдыңғы кезеңіндегі тәжірибелерін толық түсіну болашақтың ісі. Түрлі түстер, композициялар, фактура немесе пластика көмегімен шығу көздері, жылдар бойы шыңдалған, әдеттегі құндылықтар мен түсінушіліктермен тығыз байланысқан, дүниенің құрылуы туралы ұлттық түсініктерді өнерде қалыптастыра, бейнелік шығармалар мен мүсіндік композицияларды қалпына келтіре отырып, суретшілер небір жиынтыққа, біртұтас жүйеге, шашырап қалған элементтер мен фрагменттерді жинайды деуге болады. Осы процесс барысында шығармалардың нысандарымен атқарылатын жұмыстар да жедел қойылғанын атап өтуіміз керек. Әр алуан түрлі стильдер, тәсілдер, қолтаңбалар бойынша қызмет атқаратын, сол бағыттарда тамаша туындыларды дүниеге әкелетін бейнелеушілер мен мүсіншілердің шығармаларында нысан рөлін әсемдік ерекшелік факторының күшеюі немесе күнделікті эстетикалық өлшемдерді жоққа шығару арқылы қарқындандыру жүзеге асырылуда. Осы үрдіс ұлттық менталитетке қатысты жаңа суретшілер тілін қалыптастырумен тығыз байланысты болып отыр. Ол өзінің сыртқы стильдік көріністерінде айтарлықтай шартты, орташалау, рәміздік, метафоралық немесе тіпті ашықтан - ашық метафизикалық сипатқа ие болды.
ХХ-ғасырдағы қазақ мәдениетінің басты ерекшелігі жаңалыққа сергектігі мен ашықтығы деу орынды. Мұның айқын бір көрінісі - Республикамызда «contemporary art», яғни қазіргі заман өнерінің тез арада әрі табиғи түрде пайда болуы. Алғашқы кезде бұл бағыттың жақтаушылары Қазақстан үшін ең маңызды және қажетті «contemporary art» деуге басқан. Бірақ, Қазақстанның бүгінгі өнері тек осы бағытпен шектелмейтінін, ол әр алуан және әр түрлі стильдік бағыттардан және әр түрлі шығармашылық ерекшеліктерден тұратынын уақыттың өзі көрсетіп отыр.
ХХ-ғасырдың ортасынан бастап әлемдік мәдениеттен өз орнын алған қазіргі заман өнері еліміз тәуелсіздік алғалы бері бізде де қанат жая бастады. «Сontemporary art» аталатын қазіргі заманауи өнердің (энвайронмент, преформанс, инсталяция, акция) республикадағы тұңғыштары деп Қанат Ибрагимов, Рустам Хальфин, Ғалым Маданов, Ербосын Мелдебеков, Елена және Виктор Воробьевтар, Юлия Сорокина тағы да басқа суретшілерді атау орынды. Өмірде жоқты жасауға ұмтылатын авангардистер сияқты олар да жаңаны тудыру үшін өнердің қайнар көздерін іздестіріп, қажет тұста көне де қарапайым дүниеге бет бұрады. Мысалы, К. Ибрагимовтың «Құрбандық шалу» акциясын (көрерменнің көз алдында құрбандық шалып, қойды бауыздау, қанын ішу екі тұрғыдан - біріншіден, өмірде жоқты жасау, екіншіден, көне дүниеден үйрену), ұмыт болған діни салт-дәстүрді тірілту деп қарастыруға болады. Аталмыш акция, демек қанша жаңа өнер десек те ата-баба дәстүрінен бастау алар табиғаты бар, өмір жалғастығының көрінісі дерліктей. Ал, Стамбулдағы биенналеге қатысып, шығармашылықтары жоғары баға алған белгілі суретшілер Елена және Виктор Воробьевтардың «Классиканың халықпен қоштасуы», «Мұнда болғандар» акциялары өткен қимастықпен қарап, жеңіл мұңға батуды және өмірде қандай да заттың өз орны бар екенін байқатады. Жалпы Воробьевтар шығармашылығының басты ерекшелігі айнала дүниеге, қоршаған ортаға жіті үңілу және оны қастерлей білуге үндеу деу керек.
Қазіргі Заман өнері бағытында «Көпір» ассоциациясының мүшелері табысты еңбек етіп жүр. Ассоциация жетекшісі Ғалым Мадановтың «Вавилон мұнарасы» энвайронменті күрделі дүние. Жоба белгілі мәдениеттануші, сәулетші А. Ордабаев пен белгілі өнер зерттеушісі Б. Барманқұлованың жетекшілігімен және аталмыш ассоциация мүшелерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Алматы да 80-90 жылдары саяси ағарту орталығы болған ғимаратта өткен бұл энвайронмент кеңестік кезеңнің келеңсіз тұстарын басқаша бір ракурста көрсетумен қатар қазіргі өміріміздегі қилы құбылыстарды айқындап аша түсті. Ең бастысы «Вавилон мұнарасына» заманауи сипат берілген.
Заманауи бейнелеу өнерінің республикалық көрмесі алғаш рет 1998 жылы болған еді. Соростың Қазіргі Заман Өнері орталығы ұйымдастырған көрмені бұл бағытта жұмыс істеп жүрген әр суретшінің өзіндік қолтаңбасы мен стилін анықтауға мүмкіндік бергендей. Сонымен қатар, қазіргі заман өнері мәдени өзіндігін іздестіру жолында. Бұл бағытта жұмыс істеушілер халықтық салт-дәстүрлерді жандандыруға ден қояды, әрі қазіргі заман өнеріндегі әлемдік процестерден тысқары қалмауға ұмтылады. «Сontemporary art»-тың ішінде ең көбірек көзге түсіп жүргені Перформанс. Шет елдерде перформанс концептуальді шығармашылық болып табылмайды. ол әлдеқашан көпшілік қауымның игілігіне айналған ХХ ғасырдағы ақыл-ой жүйесі үшін өзекті стиль сюрреализмнің эстетикасы мен философиясынан нәр алып, галереяларды, театр, кино, теледидарды жаңаша қырынан көрсеткен. Қазіргі заман өнерінің халық арасына кең тарағанының ең бір мықты дәлелі деп фэшн индустрия мен перформанс клиптерді жиі көрсететін MTV жаппай комерцияланудың символы болып отырған музыкалық телеарнаға әсерін атауға болады.
Қазіргі заман өнері айтарлықтай дамыған, әрі жаңалыққа толы, бүгінде ол халықаралық дәрежеде де жақсы танылып отыр. Өзіміздегі танылуына келетін болсақ, қазіргі заман өнері аз тиражбен шығатын басылымдарда ғана сөз болып келеді. Соның өзінде де әр түрлі орталарда бұл өнер туралы кеңірек білуге деген ықылас қалыптасуда. Қазіргі бейнелеу өнері жайын сөз еткенде, біз ең алдымен кеңес дәуіріндегі көркем туындыларды еске түсіріп, жаңа өнер үлгілеріне көңіл бөлеміз. Себебі сол кезеңнің өнер туындылары өз уақытының айнасы іспетті. Дегенмен, «Қазақстанның бейнелеу өнері Қазан төңкерісінен басталды» деген дәйексіз пікір әлі күнге дейін орын алып отыр.
Әлеуметтік жағдайлар өзгеріске ұшырап, мәдени ақпараттық алмасулар мен өзара әсер қатынастарының күшейіп, өнер тек қана рухани сұраныс болудан қалып, ол тауар ретінде де жұмыс істей бастаған кезде және оған деген сұраныс өлшемінің көпшілікке, жеке адамдарға, заман талғамына, көрмелер мен музейлерге арналған түрлі талап-тілектерін қанағаттандырып отырған шақта біздің бағалау өлшемдеріміз бейнелеу өнеріне ғана емес, дәстүрлі халықтық шығармашылыққа қалыптасқан көзқарасымыз өзгерді. Дәстүрлі өнерге деген көзқарасты бағытталған позициялық қатынас айқындайтындай өзгерістер байқалды.
Біріншіден, дәстүрлі өнерге бейнелеу өнері өз әсерін тигізді. Бұл жағдайда қол өнері, соның ішінде ою-өрнек еш нәрсені бейнелемесе де, бейнелеу өнерінде жетекші рөл атқаратын реңдік қатынастардың көркемдік өлшемі ретінде көрінуі және оның жарық-көлеңкелік пен бояу түстерінің өзара өте нәзік алмасуларында шешілуі, кейде жетекші рөл жеке немесе күрделі композициялық бейнелерге берілуі, суреттің элемент ретінде пайдалануы оны монументті графикаға, кескіндеме немесе мүсін өнеріне жақындатады.
Екіншіден, дәстүрлі өнерге деген сыртқы әсердің күштілігіне қарамастан ол өзінің тұрақты және синкретті сипатын сақтап қалуға ұмтылады. Бұл жағдайға сырмақ пен текеметке немесе алашаға салынатын ою өрнекті шатастыру мүмкін емес. Әрқайсысы өз функцияларын орындап, көркемдік ерекшеліктеріне байланысты шешіледі.
Үшіншіден, дәстүрлі өнердің әлем бейнесі ретіндегі көрінісіне тоқталатын болсақ, сонымен бірге дәстүрлі өнер, көбіне халықтық шығармашылықпен, дүниетанымдық көзқараспен бірлікте қарастырылатындықтан оны әлемнің ұлттық бейнесі де деп айтуымызға болады. Бұл жағдайда ондағы форма, бояу түсі тұрақты мазмұнға немесе мәнге ие. Форма белгілі бір рәмізді мағынамен байланысты болады. Сондықтан ол терең философиялық талдаулар арқылы оқылады.
Төртіншіден, дәстүрлі өнер сән, әшекей, декор қызметін атқаруы мүмкін. Мұндай жағдайда екпін оның синтездік қасиетіне жасалып, ол архитектуралық ғимараттың, дизайндік түзілімнің, адам киімінің бір элементі ретінде көрінеді.
Бесіншіден, дәстүрлі өнер өзінің тұрақты табиғи оқылуынан бас тартып, қол өнері немесе дәстүрлі сәулет өнері ретінде емес, өз алдына сонны композиция құрап, жеке өнер шығармасы ретінде ұсынылуы мүмкін. Оған абстракциялық кескіндемеге, графикаға немесе мүсінге ұқсас варианттарда шешілген киізден басылған, шиден тоқыған, күмістен сомдалған бұйымдар мысал бола алады. Бұл жағдайда да ол дәстүрлі өнердің оқылуы бейнелеу өнеріне жақындайды.
Алтыншыдан, дәстүрлі өнердің белгі ретіндегі көрінісі тек қана ою өрнектің немесе қол өнерінің, мысалы зергерлік өнердің, бірден-бір анықтаушысы болудан қалды. Себебі соңғы жылдары бейнелеу өнері де белгі ретінде қарастырылып, форманың тұрақты мазмұндық мәні арқылы оқылатын болып жүр. Оған Ә. Сыдыханов, А. Ақанаевтың кескіндеме бейнесі, Ғ. Маданов графикасы, А. Есенбаев мүсіндері мысал бола алады.
Жетпіс жыл ішінде халықтық мәдени мұраның бейнелеу өнеріне тигізген әсер сипаты әр кезеңде әр түрлі болды. Әрине, әлемдік бейнелеу өнері өзінің даму эволюциясында еуропалық классикалық реализм әдісімен шектелген жоқ. Әсіресе, ХХ ғасырда бейнелеу өнеріне керемет көркем экперементтер жасалды. Қазақстан бейнелеу өнерінің кешегісі, бүгінгісі және болашағы осы формальді көркемдік белгілерімен тығыз байланысты. Сөйтіп, оның мүмкіндіктерін халықтық дәстүрлік өнердегі секілді рәмізді мәнге айналдырып, оған эмоционалды екпінділік беруге тырысты. Біз қазіргі таңдағы Қазақстан бейнелеу өнеріне зер сала қарайтын болсақ, реализмнен трансавангардқа дейінгі әр түрлі бағыттарды байқаймыз.
Көркемдік түйсіну мәдениеті жөнінде сөз болғанда көрерменнің көркем образды толық мінді қабылдап, оған баға беру сапасы өз алдына бір мәселе болса, екіншіден ол осы образды жасаушы суретшінің көркемдік құндылықтарға деген қатынасымен, оның қоршаған ортаны, өмірдегі әсемдік пен келіссіздікті түйсіну ерекшелігімен, мәдени деңгейімен т. б. байланысты.
Дәстүрлі қазақ өнерінің тұрақты белгілері үшін еуропаның классикалық бейнелеу өнерінің көркемдік тілін құрайтын бейнелеуші және айқындаушы құрал-тәсілдері тікелей қызмет ете алады. Жер шарының әрбір нүктесінде қалыптасып өрбіген ұлттық өнерді былай қойғанда, өнер таихындағы әрбір кезеңде реализм жөніндегі өз түсінігі, қоршаған ортаны түйсініп қабылдаудағы өз шарттылық деңгейлері болды. Бейнелеу өнерінде барлық халықтардың мәдени тарихына ортақ кеңістік пен уақыт бірлігінің дүниетанымдық сипаттық белгілермен байланысы айқындалатын көркемдік түйсіну ерекшеліктерінің бейнелеу өнеріндегі перспективаның құрылымдық заңдылықтарының қалыптасуы мен құбылыстың не нұсқаның заттық қасиеттерінің көрініс сипаттарына әсер ету ықпалының бірдей болуы да мүмкін емес. Сондықтан да реализмнің бейнелеу өнеріндегі динамикалы құбылысы ескерілуі тиіс.
Жалпы айтқанда, бейнелеу өнерінің өткеніне зер салып, қазіргі таңдағы көрінісіне талдау жасасақ және оның болашағына көз жүгіртер болсақ, осы бейнелеу өнерінде қалыптасқан өзіміз білетін классикалық пікір мен қазақтың дәстүрлі шығармашылығы және осы шығармашылық негізінде пайда болған дәстүрлі халық өнері туындыларының өзіндік табиғатын, бейнелеу өнері мен дәстүрлі өнер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды, олардың өзара әсерлері мен жүйелі даму заңдылықтарын ескеруіміз керек. Ол үшін біз, бір жағынан, бейнелеу өнерінің бір аймағын қамтитын заңдылықтарға назар аударамыз. Оның реализм шеңберіндегі көріністері мен даму тарихында орын алған көркемдік, стильдік, жалпы халықтық сипаттағы бет-бейнесін анықтап алуға тиіспіз.
Осы айтылған мәселенің екінші жағы бейнелеу өнерінің жалпы халықтық қасиеті мен бірге оның ұлттық ерекшелігі болатыны даусыз. Ал, ұлттық сипаттың қалыптасуы - өнердегі күрделі құбылыс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz