Педагогикалық қабілет


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
ДИПЛОМДЫҚ ПРОЕКТ
Мамандық 5В010300 - «Үздіктерді анықтау ұстазға тән шеберлік»
Павлодар
КІРІСПЕ
Шeбep пeдaгoг -жoғapы дәpeжeдe тұрaқты мopaльдық және пcихoлoгиялық - пeдaгoгикaлық дaяpлықты қажeт eтeді. Нaғыз шeбep ұcтaз дeп oқушылapдың oйы мeн жүpeгінe жoл тaпқaн пeдaгoг шeбepлігінің қыp - сыpын мeңгepгeн ұcтазды айтaды. Зaмaн aғысынa сaй біліммeн қapулaнғaн oй-өpісі жoғapы, жaн-жaқты дaмығaн мaмaн - зaмaн тaлaбынa сaй бoлуы кeрeк.
Қaзaқстaн Pecпубликacының білім бepу жүйecін дaмытудың мaқсaттapы мeн міндeттepін, құpылымы мeн мaзмұнын жәнe нeгізгі стpaтегиялық бaғыттapын aйқындaйтын білім бepуді дaмыту тұжыpымдaмaсы мeмлeкeттік тәуeлсіздікті қaлыптaстыpу мeн нығaйтудың, eлдің пpoгpeсшіл дaмуының нeгізін құрaйды. Бұл тұжыpымдaмaдa көpcетілгeндeй aғымдaғы жaғдaй жәнe білім бepуді дaмытуды тeжeйді.
Бүгінгі тaңдa жaңaшa жұмыc жaсaу, oқу мeн тәpбиe үpдісін жaңaшa ұйымдaстыpу қaжeттілігі туындaп oтыр. Aл eгeмeн eліміздің дaмуы мeктeп жұмыc әдіcтepінің түбeгeйлі өзгepуінcіз, oның іс-әpeкeтінің жaңaдaн құpылуынсыз мүмкін eмeс. Өйткeні бүгінгі бaлa-eртeңгі дapынды білімді, жaстap тәуeлсіздігімізді бaянды eтіп, қoғaмдық әлeумeттік экoнoмикaлық дaмуынa үлec қосa алaды. Сoндықтaн мeктeп oқушылapы мұғaлім бepгeн білімді ғaнa игepіп қоймaй, oны әpі қapaй өзінің бeлсeнді, нысaнaлы, зeрдeлі, дapындық іс-әpeкeті мeн сaбaқтaстapы білуі тиіс. Осығaн oрaй, мeктeп оқушылapының интeлeктуaлдық мәдeниeтінің дaмуын apнaйы ұйымдacтыpу oқу үpдісін жeтілдіpудің нeгізгі шapты oқу бoлып тaбылaды.
Білім бepу мaқсaттapы өзгepудe, оқу aқпapaтының мaзмұны жaңapудa, пeдaгогикалық коммуникaция құpaлдaры, жәнe пeдагогикaлық әсep eтудің oбъектісі - oқушылap дa aйтapлықтaй өзгepудe. Осы фaктopлapдың бapлығы педaгoгикaлық кәсіби шeбepлігінің дeңгeйін жoғapлaтуды тaлaп eтeді. Oқу пpoцeсінің жaңapуынa қaжeтті шapт кeз-кeлгeн пeдaгoгикaлық жүйeнің бaсты тұлғaсы бoлып тaбылaтын оқытушылapдың пeдaгогикaлық шeбepлігін aрттыpу болып сaнaлaды.
«Тәуелсіз елге - білікті маман» демекші, педагогикалық шебеpліктің негізі, өткен пікіpімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәpбиені ұштастыpумен қатаp - педагогтаpдың жаңа технологияны меңгеpе білуінде және оны өз тәжіpибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқаpас бойынша, «технология » ұғымы - дәстүpлі оқыту әдістеpінен басқа, еpекше үлгіде ұйымдастыpылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдаp таpапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң біpте-біpте «педагогикалық технологияны» оқыту үpдісінің құрамдас бөлігі pетінде сипаттап, оны дидактикалық үpдістеp мен оқыту құpалдаpымен жабдықтауда жаңа ақпаpаттық технологияға негіздеу туpалы мәселе қозғалады.
Негізгі бөлім.
«Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» - деп әйгілі ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби атамыз бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет.
Қазақстан заңдары білім беруді қоғамның және мемлекеттің рухани, әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуының негізі деп жариялайды. Елімізде 1999 жылы қабылданған «Білім туралы» Заңда білім беру жүйесінің басым міндеттері көрсетілген:
1 - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;
2 - жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектілік байыту;
3 - азаматтық пен елжандылыққа, өз отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конститутцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4 - әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республикасының басқа да халықтарының тарихын, дәстүрлерін, тілдерін меңгерту;
5 - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;
6 - еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру.
Осы міндеттерді орындап, жүзеге асыруда мұғалімдердің рөлі өте зор. Бүгін мұғалімдердің еңбегінің нәтижесі қандай болса, ертең біздің қоғам сондай болады.
Қазіргі уақытта барлық жер тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог мамандардың қажеттігін мойындап отыр. Себебі, адам тағдырында мектептік кезең аса маңызды рөл атқарады. Балалардың өмір бастауында жетесіз педагог тұра, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни, педагог шебер болуы үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.
Педагогика кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік «педагогикалық шеберлік» деп аталады. Қазіргі заманғы өркениет талаптары білім берудің мазмұны мен формаларын жетілдіруді қажет етуде. Қандай да бір істі өзінің нақты деңгейіне жеткізіп атқару үшін шеберлік керек. Педагогтық мамандықты таңдаған әрбір маман үшін педагогикалық іс-әрекет барысында шеберлікті жетілдіру негізгі мақсат болып саналады. Өйткені мұғалімнің шеберлігі шәкіртті қалай, қалайша оқыту жолдарын меңгеру үшін оның психологиясын білу, екінші жағынан, оқытып, тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін терең білу және қолдана білумен сипатталады. Тәжірибеде осы талаптарға жауап беру арқылы мұғалім шеберлігі қалыптасып, жетіледі. Мұғалімге ең қиын жұмыс, баланы қырық бес минут бойы сабақта отырғызып, сабақ тыңдату. Қазіргі кезде балалар жан-жақты, ақпаратты тез қабылдайды. Сол үшін мұғалімге актерлық шеберлік керек. Актер болу ол шеберлікті талап етеді.
Мұғалім - шебер актер, әрі тәрбиелеуші. Бір уақытта бірнеше рөлге енеді.
Шебер мұғалім сабақты қалай өткізу керек екенін біледі, бірақ актер болуды көздемейді. Сабақта, сабақтан тыс уақытта да актерлік элементтерін пайдалана білу керек. Мысалы: сабақты нашар оқитын оқушы, бірақ ол ешбір дайындықсыз күнделікті сабаққа келеді. Мұғалім оны қалай қызықтыратынын білмейді. Бір сабақта оқытушы Ерболды мұғалім рөліне өзі оқушы болып сынап көрмекші болып шешті. «Сен бүгін мұғалімсің, ал мен оқушы рөлін ойнаймын. Ал кіріс», - деп оған орнын берді. Тақтада есеп шығару барысында «оқушы» қате жібереді. Ербол қатесін түзеп, ескерту айтады, сөйтіп алма-кезек рөл ауыстыру арқылы мұғалім оқушыны сабақ барысына араластыра білді. Бұл белсенділік принципінің бір элементі болып табылады.
Қоғам дамуының жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық шарттарына байланысты болған білім саласындығы түбірлі өзгерістер қазіргі маманның кәсіптік шеберлігінің жоғары деңгейде болуын талап етеді. Педагогтың жұмысына қажет маңызды шарттардың бірі - өз ісі үшін жауапкершілік қана емес, оның жұмыстағы бостандығы, еркіндігінің болуы. Педагог өзі істеген барлық жұмысына жауап бере алатын, дербес білімді маман болуы керек.
Шебер педагог - бұл жоғары мәдениетті, өз ісінің шебері, оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін білетін, психологиялық білімі бар, сонымен қатар әртүрлі ғылым саласынан хабардар маман.
Педагогикалық шеберлік - балаларды сүйетін, жүрек қалауымен жұмыс істейтін, әрбір педагогтың қолы жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріліп отырылатын өнер.
Педагогикалық үрдістің ерекшелігі, оның кұрылымы және мазмұны дамыту, оқыту, тәрбиелеу функцияларын тәжірибе барысында тарататын шеберліктің ашылу себептері болып табылады.
Шебер педагог үздіктерді анықтау барысында өзінің бойындағы ғылымилық, адамгершілік, диалектикалық теория мен жүйелілік, саналылық, қол жетерлік тәжірибелерді байланыстыра отырып анықтайды. Көбісі үздік оқушы бола алмайды, өйткені сабақтарда барлығы тыңдап, жазбалар жазып, сұрақтарға жауап беретін сияқты, бірақ үй тапсырмаларын орындауы мүмкін. Сондықтан үздіктерді анықтау барысында мұқият болу керек. Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің рөлін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептеймін.
Мектептегі үздік оқушы анықтау үшін не істеу керек?
- Біріншіден, білім - бұл жетістіктің жартысы екенін ұмытпау қажет. Үй тапсырмасын мұқият орындаған, қосымша дайындық жасайтын, сыныпта мұғалімнің түсіндірмелерін мұқият тыңдайтын. Оқып жатқан пәнге шын жүректен қызығушылық танытуға тырысатын оқушы.
- Екіншіден, мұғалімдер мен сыныптастарға сыпайы және мұқият болатын. Оқушылардың мінез-құлқы олардың үлгеріміне әсер ететіні белгілі. Мойынсұнғыш және ынталы студенттерге талантты, бірақ дөрекі және сауатсыз балаларға қарағанда жақсы жағын көрсете алатын оқушы.
- Үшіншіден, өз уақытын ұйымдастыра алатын. Мектепке қанша ақша жұмсау керектігін, үй шаруасына қаншалықты көңіл бөлу керектігін білетін. Егер мүмкін болса - ақпараттық және көркем әдебиетті оқитын. Бұл оқушыға қосымша білімнің қайнар көзін ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі дамытуға ерекше мүмкіндік береді.
- Төртіншіден, сәттілікке сену өте маңызды. «Кенеттен» «төрт» немесе одан да жаман «үшке» түседі деп қорықпайтын, сенімді және сабырлы бола алатын. Мұғалімдерді көз жасымен (қыздар ұнататын) айналып өтпейтін. Бұл көмектеспейді, және қарым-қатынастар мәңгіге бұзылуы мүмкін.
- Бесіншіден, өзі сияқты қызығушылықтарымен бөлісетін, білімге құштар достар іздейтін. Алайда мұндай компанияда бәсекелестік элементтері және тіпті қызғаныш пайда болуы мүмкін. Басқалардың жетістіктерінен ләззат алуға, бар күш-жігеріңмен жетістікке жетуді тырысатын, сонда оқушы өзінің дәлелді себеппен оқығаның білетін күн келеді.
Үздік, дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды: баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс - әрекетіне талдау жүргізу, дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану, баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай - ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау, жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата - аналардың сипаттамалық бағалары, түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез - құлқы мен іс - әрекетін жан - жақты бағалаудың кешенді сипаты.
Оқушылардың қабілеті мен дарындылығын дер кезінде айқындау, оларды тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі міндет болып табылады.
Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймын. Бастапқы негізді білу кез-келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін айқындалуы тиіс. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісі деңгейін бағамдау қажет. Бұл туралы Эйр де айтып кеткен болатын. Выготский бойынша «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген (2001) . Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын төмендетеді. Сол себептен, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады.
Дарынды және талантты балаларды зерттеу әдістері:
- сауалнама ұйымдастыру;
- психологиялық бақылау жасау;
- арнайы психологиялық әдістемелер жүргізу
- балалардың шығармашылық жұмысының нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау
- психодиагностикалық зерттеу жүргізу
- психологиялық тренингтер ұйымдастыру
Мұғалiм оқушының талантты немесе дарынды екенін анықтау мәселесінің шеңберінде жұмыс жүргізгенде бұл ұғымның мазмұндық жағына көңіл бөлуі қажет. Балалар бiр ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы ғажап емес. Дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы да мүмкін. Бұл дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін.
ХХ ғасырдың басында Ж. Аймауытов: «Сабақ беру үренікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген. Ең бастысы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту неігі ұстаным.
Педагогиалық шеберлік дегеніміз:
- Педагогикалық әдеп;
- Білімдіберу мен іс - әрекет тәжірибесін қалыптастыру шеберлігі;
- Педагогтың пәнді жетік білуі;
- Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс - тәсілдерін міндетті түрде білуі;
- Саяси сауатты, идея жағынан сенімді, мәдениеті жоғары;
- Педагоикалық техниканы шебер, оңтайлы қолдана алы;
- Сендіру, иландыру шеберлігі;
- Балаларды ұжымдық және жеке іс - әрекетін ұйымдастыру шеберлігі.
Жалпы педагогикалық шеберлік төрт компоненттері бар. Олар:
- Гуманистік бағыт
- Кәсібі білім
- Педагогикалық қабілет
- Педагогикалық техника.
Бұл аталған педагогикалық шеберлік компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады.
Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі ғылыми-зерттеу пайымдаулар мыналар:
- педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық;
- тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі;
- әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік;
- іс-әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.
Сонымен қатар әлеуметтік-қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс. Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттер:
1. Педагогикалық білім бірлігі.
2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі.
3. Ситуацияларды меңгеру.
4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру.
Білім алушылардың өзіндік дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде олармен педагогикалық ынтымақтастықты жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, кәсібіне деген сүйіспеншілікті арттыру, жұмыс әдіс-тәсілдерінің жаңаша түрлерін жүзеге асыру - педагогикалық шеберліктің басты сипаты болып табылады. Шеберлік негіздеріне педагог-ғалымдар педагогикалық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық, педагогтік кәсіби білгірлік, педагогикалық іс-әрекетке бейімділік, педагогтық техниканы жатқызады.
Сонымен, педагогикалық шеберлік дегеніміз - жүйелі процесс, педагогикалық іс-әрекетте табысты нәтижеге жеткізетін, кәсіптік ұстанымды қалыптастыратын жол.
Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі - мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.
Ұстаздың кәсіби білімі -ұстаздың әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білуі және өзін-өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу қабілетімен сипатталады.
Кәсіби білімді жоғары деңгейде меңгерген мұғалімнің шешуге тиісті міндеттері:
- жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту;
- оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету;
- оқушыны өзін өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету;
Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті басшылыққа ала отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа шығармаймыз.
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі оның өзіне деген сенімділігін, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен басталады.
Қазіргі заманғы құзырлылығы қалыптасқан мұғалімнің кәсіби әрекетінің құрамына енетін бөліктерді меңгеру мектептің әр мұғалімнің міндеті, олар:
- ақпараттық (біліктер: ақпараттық қабылдау, жинау, таңдау, жүйелеу, талдау, түзу, жалпылау, бағалау, бейімдеу, шолу) ;
- зерттеу (біліктер: проблема туғызу, мақсатты, міндетті, пәнді, обьектіні тұжырымдау, зерттеу әдістерін меңгеру жіне жоспарлау, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу нәтижелерін өңдеу, қорытындыны тұжырымдау және т. б. ) ;
- интеллектуалдық (біліктер: жүйелеу, жалпылау, талдау, жіктеу, салыстыру, мәнін түсіну, жалпы мен жекені айыра білу, мақсат қою, ой жүгірте алу. )
- креативті (біліктер: елестету, жалғастыра алу, негізін бөліп алу, алдын ала білу, жаңаша түрлендіру) ;
- диагностикалық (біліктер: диагностиканың тәртібі бойынша жүргізу, оның нәтижелерін өңдеу және т. б) ;
- болжау (біліктер: мақсат қою, ақырғы нәтижені болжау, болжамды, мақсатты, міндетті тұжырымдау, қор іздестіру, түзетулер жасау және т. б. ) ;
- коммуникативті (біліктер: байланыс орнату, ақпараттарды алмастыру, вербальды және вербальды емес қарым-қатынас, өзара әрекеттестік жасау және т. б) ;
- аксиологиялық (біліктер: обьект пен бақылау формаларын таңдау, параметрді таңдау, нәтижені қажетті мөлшерімен салыстыру, өзін-өзі ұйымдастыру, реттеу және т. б. ) ;
- басқару (біліктер: ұйымдастыра басқару, ынталандыру, мақсат қою, болжау, бақылау, әрекет нәтижелерін түзету және қадағалау) ;
- жобалау (мақсат қою, жоспарлау, жобалау, түзеу, модельдеу, құрастыру, технологияландыру) ;
- инновациялық (мәліметтер жинау, ой жүгіртулер арқылы бағалау, қадағалау, эксперимент жүргізу, өңдеу, енгізу) ;
Педагогикалық шеберлік - тек қана мұғалімнің жалпы, жанжақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік:
1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі;
2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі;
3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.
Педагогикалық шеберліктің негізі - балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар, жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады. Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі - мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.
Мұғалімнің бір ғана сыры - оның мамандығы. Бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам - кәсіби мамандығына құштар, оны жан-тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса, мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz