Асқар Сүлейменовтің драматургиясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Бақыткелді Думан

Асқар Сүлейменовтің драматургиясы.

(Трагедия табиғаты)

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

Астана 2017

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 6

1 АСҚАР СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ДРАМАТУРГИЯСЫ

1. 1 Шығармашылығына шолу . . 9

1. 2 Драма - диалогтары 16

1. 3 Аударған драмалары 30

1. 4 Киносценарийлері . . . 35

2 ДРАМАЛАРЫНДАҒЫ ТРАГЕДИЯ ТАБИҒАТЫ

2. 1 Тарихи драмаларындағы трагедия 38

2. 2 Трагедиялық шешім 50

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62

КІРІСПЕ

Жұмыс тақырыбының өзектілігі. Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады демекші, өмір аламанында жүрген жолы мен қаламының қарымы қатарластарынан дара озған, әдебиеттің асқары - Асқар Сүлейменов еді. Бағалай білетін білімділердің біразы Асекеңді «ағынға қарсы жүзген » десе, енді бірі «жиған артық білімі өзінің соры болды» деп жатады. Кеңестік кезеңде туылып, толағай тектілерден төбелдей тек бір-екеуі қалған, бабасының бар байлығын ұрлағынымен қоймай баласының болашағын нұрландырудан қорыққан идеялогияға иланып, және өзгелерді де иландыруды міндет еткен жазушылық тұманды жолда адаспай өзі еліктейтін текті тұлпарлардай темір қазығын тауып отыратын даналардың да дарасы болатын.

Өзінен кейін жақсы атын қалдырып, өзінің көрнектілігі жоғары туындысын қалыдырып кеткен жазушыларымыздың бірі - Асқар Сүлейменов. Жолдарстарының, шәкірттерінің «Асқар атамыз қазақшыл, ал оның ішінде Созақшыл болған» дегендей пікірмен таныстық. Созақ жері - балалығы өтіп, өскен жері екен. Асекеңнің «Қазақтан өткен жершілді көрген жоқпын. Қазақ өзі қандай жершіл, жұртшыл болса, сөзі де, ойы да сондай жершіл, ұлып жұртқа қарай береді» дейтін де, «вообще быть казахом очень интересно!» деген әзіл-шыны аралас қайыратын кісі де осы Сүлейменов еді. Жеке пікір ұстанымы, білігі мен білімі, сірә адами - имани биіктігі басым болса керек, замандастарының онымен сөз таластыруға, ой жарыстыруға батылдары көп жете бермеген екен.

Қатарластарына айтқан қалжың сөздерінің өзі асқан өрлікті, ой жеткізудегі дәлдік пен шеберлікті, шешендікті, ойнап айтса да ойлап айтатыны тағы бар. Ойланып жазып, оқырманын ойландырып жазған шығармалары да қайталанбас ой мен өшпес шығарма иесінің білім дәрежесінен белгі берсе керек. Осындай ойы дара дана драматургтердің жан біткен шығармаларына қойылымдарына тоқталсақ. Дана деп қазақ Абайды айтады. Асқарда дана Абаймен шығармашылық ой мәресінде бір жерден шығады екен. Дана Абай драма жазған жоқ. Ал дана Асқардың драмалары бар. Бір емес бірегей. Кеңістік пен уақытты мекен мен мәселені, идея мен образды халықтың қалауын қалт жібермей қадағалап қажет кезінде жазып, алдау мен арбаудың қолбаласына айналдырмай шындықты шырылдатып, жүректі шымырлатып жазған.

Осынау кітаптың оқырманы азайып, көрермен көбейген заманда, тілдің қызметі жеңіл ауыз-екі сөйлесудің арғы бергі жағындағы шақта, әдебиетті әдебиетшілер ғана оқыған тұста, көркем тілді кемеліне келтіріп ой тереңдігімен тебірене жазатын автордың драмаларының сахнаға оралу жиілігі мен жас жазушылардың еліктеуіне ықпал етер деген елеңмен тақырыптқа тоқталдым. Атап айтқанымыздай автор драмалары дұрыс насихатталса, сахна мен теледидардан көрерменнің көзайымына айналса, санасы саудаланып ойы ойыншыққа айналған бүгінгі жастардың кей буынына өз әсерін тигізбей қоймас еді. Асқар Сүлейменов шығармашылығы ең алдымен ұлтсыздануға қарсы шығармашылық, қарсылық әдебиеті. Демек , оның қайнар көзі де ұлттық дүниетанымда, ұлттық философияда, салт-дәстүрде, сана-сезімде. Асқар драматургиясы қазақ руханиятының трагедиясы. Сыншылдығына сыршылдығын қосқан дара тұлғаның трагедиясының табиғаты да тұнған шер мен ой, шындық пен сұмдық.

Жұмыстың нысаны. Диплом жұмысында -жазушы, әдебиет сыншысы, драматург, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің драмаларындағы, драма - диалогтар мен аударған драмалары және киносценарийлеріндегі таным мен көркемдік тәсілдері нақтылы туындылар арқылы кең көлемде қарастырылады. Тарихи және көркем драмаларындағы кейіпкерлер жүйесі құрылып, олардың өзіндік ерекшеліктері анықталды. Жазушының шығармашылық зертханасы, терең философиялық өлшемі мен өмірлік тәжірибесі, көркемдік арнасы мен стиль даралығы да сөз етіліп, сыр-сипаттары сараланады. Осы жайларды айқындап, саралау үшін Асқар Сүлейменов драмаларындағы көркемдік принцип, таным және кейіпкер образдарын сомдаудағы драматург шеберлігі мен драмаларынның идеялық маңыздылығы және драмаларындағы трагедия табиғаты тақырыптың негізгі нысаны етіп алынды. Автор драматургиясының зерттелуінің бүгінгі деңгейіне де ден қойылды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Асқар Сүлейменовтің өзге де жоқ өзіндік жазу стильі мен «ағынға қарсы жүзген» өмірдегі, шығармашылығындағы ерекшеліктерін айқындау, тереңінен зерделеп ой елегінен өткізу. Осы мақсатқа жету үшін алға мынандай міндеттер қойылды:

  • Жазушының жалпы шағармашылығы, оның ішінде драмаларының тақырыбы пен мазмұны, кейіпкердің өзі мен сөзі, идеясы мен құндылығын талдау.
  • Драматургтің драмаларының қазақ әдебиетінен алатын орнын белгілеу.
  • Театр сахнасы мен көкжәшіктегі кинолары қаншалықты көрінді, көрерменге қандай ой салғанын анықтау.
  • Автор шығармаларының көркемдік ерекшеліктері мен ой қуатын айқындай отырып, Асқар Сүлейменовке тән қасиеттерді саралау.
  • Драмаларының зерттелуін зерделеу.

Жұмыстың теориялық және практикалық мәні: Диплом жұмысының нәтижелерін қазақ әдебиеті тарихына қатысты еңбектерде, «XX ғасыр әдебиеті» пәні бойынша семинарлық сабақтарда пайдалануға болады. Сонымен қатар әдебиеттанушылар мен өнертанушы, театр сыншалары да драматургия саласына қатысты, автор жайлы мол мағұлмат ала алады. Сондай-ақ ОСӨЖ сабақтары мен студенттер конференцияларында жасалар баяндамалар, әдеби мақала, курс жұмыстарын жазуда кәдеге асыруға жарайды. Диплом жұмысының ғылыми-көпшілік мәні де бар.

Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш тараудан (ішкі тараушалары бар) және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 АСҚАР СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ ДРАМАТУРГИЯСЫ

  1. ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ

Әр заманның өткенінің жақсылы жаманды болса да жемісті, келер күніне үлгі боларлық ерекше оқиғалар мен ерен тұлғалар арқылы, айрықша ашылулар мен тың табыстар танытатын тамаша сәттері болады. Қоғам - тарих тезінде жүріп түрлі сындардан өтеді. Өркениет өркендеп, заман зырғып, жылдар жылжып күллі адамзат ұлы көшпен әлі келеді. Өркениеттің дамуы қоғамның санасына тікелей байланысты. Ал қоғамдық сана рухани байлықтан бастау алып, ақылды білім арқылы өрістетіп отырады. Рухани білім әр ұлттар мен ұлыстарда өзінің тілі мен діні арқылы ділі дараланып әр деңгейді бастан кешіріп отырды. Кез-келген қоғам өкіліне өзін адам санаған индивидке дамуы үшін дұрыс ғұмыр кешуі үшін үш маңыз керек. Олар: тарихы мен діні, және әдебиеті. Осы үш тұғыр арқылы ұлт өзінің тілін сақтап, діл-дәстүрін өлтірмей ұрпаққа қалдырады.

Әдебиет әлемі сонау ерте заманнан бастау алып, халықтың рухани байлығының бірден-бір шырақшысы іспетті болды. Әдебиетте тарихтың көркем бейнесі мен рухы бар. Қазақ даласына кешігіп келсе де драма жанры сананы сауықтырып өрені өсіретін, ойыңдағы кейіпкерді көз алдыңда көруге мүмкіндік беретін театрдың кілті болды. ХХ-ғасырдың басында бастау алған бұл сала аз уақытта қарқынды дамып көрерменімен қауышып қазақ даласын әдебиет пен сахнаның биік деңгейіне көтерді. ХХ-ғасырды Рымғали Нұрғали айтпақшы «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» екендігін соншалықты аз уақыттағы қарқынды дамуымен халықтың қажетіне жарауынан, күллі қазақ даласын өз тіліндегі әдебиетімен тербеткенін анық байқаймыз. Соның ішінде драма саласы да өгей болып қалған жоқ. Өткенінен үлгі алып, заман талабына сай, қоғамдағы «қышып» тұрған тақырыптарды дер кезінде көрермен қауыштырып отырды.

Алдымен драма дегеніміз не, қазақ әдебиетіне кенжелеп келіп кенжесіндей еркелігімен халықты баураған қандай ерекшелігі бар, қайдан бастау алып, нені мақсат тұтады екен? Соған тоқталайық. Драма жанры - көркем шындықты ерекше өзіндік тәсілдерімен шиеленіскен, қиуласқан тартыстар желісіне тоғыттырып, жинақтап, оқиғаға қатысатын кейіпкерлердің сөзі мен іс-қимылы арқылы көрсететін сөз өнерінің күрделі түрі. Драмалық шығармаларда прозадағыдай баяндау болмайды. Болғ оқиға, яғни тартысы желісі репликалар (кейіпкер сөзі) арқылы дамиды. Автор кейіпкерлердің қимыл-қозғалысын білдіретін түсініктемелерді жақша ішіне бөлектеп жазып отырады. Оларды әдеби терминде «авторлық ремарка» не жай ғана «ремарка» деп атайды. Оқиғаның негізгі даму арнасы болып табылатын кейіпкерлер сөздері, яғни репликалар; көбінесе диалог, кейде монолог түрінде де болады. Қалай болғанда да репликалар шымыр, ондағы кейіпкер мүддесі мен құштарлығы, аласұрған сезім әлемі көрермендерді еліктіретіндей деңгейде құрылуы қажет. Олар жай ғана өлең түрінде, не болмаса қара сөз түрінде де бола береді. Драмалық шығармалардың құрылымы, ондағы оқиға мен тартыстардың даму қарқынына сонымен қатар ауқымына байланысты көріністерге, актілерге, бөлімдерге қарай бөлінеді. Ал, композициялық тұрғыдан драмада оқиғаның (тартыстың ) басталуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін табуы болады. Кейбір шығармалар мұндай классик үлгіден өзгеше. Яғни, бірден тартыстың шиеленіскен тұсынан басталуы мүмкін. Ежелгі грек трагедияларында сахналық шығармалардағы тартыс аяқталып, өз шешімін тапқан соң, міндетті түрде бас кейіпкердің азапты күйі көрсетілген. Мұны «катарсис», яғни күйіне отырып, күнәсінен арылу деп атаған. Сезім мен қайғы-қасіретке толы бас кейіпкер монологі көрермендерге қатты әсер еткен. Қазіргі заманғы драмаларда, әсіресе, қазақ драмаларында осы үрдіс қолданылып жүр.

Драматизмді сондай-ақ, әрі негізгі ұғым деп қарастыруға да болады. Қаһармандары өмір сүріп отырған заманның ағысы, қоғамның тынысы, кейіпкерлері атқарған әрекет - барлығы жағдайға байланысты дамиды. ХХ-ғасырдың басындағы жанр есебінде дүниеге келіп, өзге халықтардың драма жанры тарихымен салыстырып қарағанда, аз ғана уақыттың ішінде әлемдік деңгейдегі дамып үлгерген қазақ драматургиясының қалыптасу жолы күрделі, қиын кезеңдерден тұрады. Халықтың әділет, туралық, шындық, ақиқат ұранын басты алтын арқау еткен қазақ әдебиеті - қалың қауым арманының шапағаттыы нұрынан жаратылған, ең үздік дәстүрлерді ілгері жалғастырған, мәдениет қазынасына толымды қор қосқан жаңа сапалы құбылыс.

Ұлттық әдебиеттің үлгілерінің өзара әсері мен бірін-бірі құнарландыруы, жанрлық формалардың дамуы мен баюы, толысуы үздік жетістіктер мен дәстүрлердің ортақ игілікке айналуы, асылында, қазіргі кезеңдегі әдеби процестің негізгі тенденциясы екендігіне, ешқандай да дау жоқ. Ұлтымыздың рухани паспорты болып табылатын қазақ әдебиеті, аз уақыттың ішінде аса шапшаң даму кезеңдерінен өтіп, кемелденген өнерге тән жанрлық салалардың бәрін тудырып, жетілді. Өрлеу бағытында реализмнің кең, даңғыл айдынына шықты. Өнер мен әдебиеттің, күллі мәдени қазынаның көзі ашылып, драматургия, опера, балет, симфония сияқты барша өркениетті елдерге тән жанрлық формалар қаулап өсті.

Қазақтың ұлттық драматургиясы - бүгінгі күні жан-жақты даму үстіндегі жанр. Арнайы зерттеу нысанасына алынып және жекелеген белгілі қаламгерлеріміздің шығармашылықтарын қарастыруда да бірнеше құнды еңбектер жазылған. Қазақ драматургиясы өзінің даму жолын, сатысын - әлем, батыс драматургиясының озық шығармаларынан үлгі алып, сабақтастырады.

Арнайы драмалық ережелерді қалам қуатына сіңдіріп сол сызылған жолмен жүрмесе де, шын дүдүлге тұсаудың жоқтығындай, әдебиет пен мәдениеттің рухтың алыптары халыққа қажетті жанрды қолдарынан келгенше меңгеріп, өз идеялары мен ойларын ұсынып отырды. ХХ- ғасырдың 20-жылдарындағы отандық драматургияда әйел бостандығы мен теңдігі басты тақырыпқа айналды. Атап айтсақ, 1926 жылы Қошке Кемеңгеровтың «Алтын сақина» мен «Ескі оқу» пьесалары Қазақ драма театрының сахнасында қойылды. Театрдың алғашқы жылдарындағы репертуарынан Бейімбет Майлиннің шағын комедиялары, Жарылқасын Тілепбергеновтің «Сүйіскендер», «Перизат - Рамазан», Асқар Тоқмағанбетовтың «Екі заң», тағы да басқа пьесалары орын алды. Бұлардың ішінде театр репертуарында ұзақ сақталғаны - “Перизат - Рамазан” және А. Оспанов пен Е. Өтеулиннің “Зарлығы”. ХХ- ғасырдың 30-жылдарындағы драматургияда трагедия жанрының дамуы айқын байқалады. Драмалардың көбісінде тарихи-эпостық жырлардың негізіндегі сюжеттерді байқаймыз. Бірнеше тартымды саналған қойылымдардың тізбегінің сюжеттерінің желісі - қазақ ауыз әдебиетінің негізіне құрылған, қазақтың әйгілі қу сөзді әзілкештерінің төңірегінен өрбитін аңыз-әңгімелер мен олардың күлдіргі әрекеттерін сахналық нұсқаға жинақтап айналдырған. Комедия жанрына ерекше көңіл аударып, негізін қалаушылардың бірі - Бейімбет Майлиннің көптеген күлкілі шығармалары театр мен үйірмелердің сахна репертуарынан берік орын алды.

Қазақ даласының, әдебиет саласының драматургтарының жаңа тақырыптарды меңгеру жолындағы ізденістері Қазан төңкерісімен, төңкеріс тудырған әлеуметтік өзгерістерді, халық санасындағы айрықша құбылыстарды бейнелеу мақсатымен терең ұштасып жатыр. Алаш арыстарының бастауымен жазылған көптеген драмалар, өз сыншыларымен көрермендерінің санының аздығына қарамай ерекше қарқынмен даму үстінде болды. Сол кезеңдегі газета беттерінде жарияланып, я болмаса мүмкіндік болғанша қолжазба күйінде көшіріп жазу арқылы да оқырмандарының қолына тиіп отырды. Алаш алыптары, біреуі драма жазып, екіншісі оны қойып, енді бірі ойнап, түскен қаржыны жағдайы жоқ, алайда білімге құштар жастарға шәкіртақы көмек ақша ретінде көмектесіп отырған.

Драматургия жанры кез-келген қалам иесіне жалын сипатар жанр емес екені баршамызға белгілі. 1970-1990 жылдардағы драмашылар өздерінің драмалық шығармаларында тақырып, характер, тартыс, драма образдар, монологы мен диалогын, кейіпкер сөзін, психологиясын, драмалық жағдай тудыруда шеберліктерін айқын танытуда. Себебі, қазір халыққа бүгінгі күннің тақырыбын қозғайтын асығыс жазылған шығарма емес, оның ақыл-ойына, ар-ұжданына ықпал жасай алатын, жүрегінен мәңгі орын алатын асқан шеберлікпен жазылған құнды қойылымдар қажет.

Осынау 1970-90 жылдар аралығындағы жазушы-драматургтер арасында өзіндік ерекшелігімен дара жазып, дала таныған жаңа буын, жаңа көзқарас пайда болды. Ағынға қарсы жүре жазған солардың бірі Асқар Сүлейменов. Тұлғалар, ауылда туылып Алматыда қайтыс болады демекіші, Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданындағы Шорнақ ауылында дүниеге келіп, Созақ ауданындағы орта мектепте білім алған. 1959- жылы ҚазПИ-дің әдебиет-тарих факультетін, 1962 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих-филология факультетін және сол институттың аспирантурасын бітірген. «Жұлдыз» журналында, «Қазақфильм» киностудиясында, Қазақстан Жазушылар одағының аппаратында, М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында, «Парасат» журналында да қызмет істеген. Асқар Сүлейменов - қазақ даласында болған ұлт-азаттық көтерілістерді, онымен қоймай олардан кейін болған өзгерістерді шығармаларына арқау еткен жазушы. Жалпы, қазақ әдебиетінде бүкіл тыныс-тіршілігі, өмір сүру формасы аңыз болған жазушы көп. Соңынан жақсы атын қалдырып, өзінің көрнекті туындысын тастап кеткен жазушыларымыздың бірі - Асқар Сүлейменов.

«Өтірікті кешіруге болады, тек ақтауға емес» деп, келмейтін ажалына барғанынша өзі үшін мінсіз шығарма жазуды оңайға балап, ғұмырын мінсіз шығармаға айналдыратын қиындықты басынан кеше жүріп артына өшпес із, терең білім тастап кетті.

Сүлейменов жаңа тың идеяларды генерациялауға, әдебиетте, қоғамға, ұлтқа қызмет етуге, идеяшылдықтан мүлдем азат жаңа әдебиет жасауға, сондай орта қалыптастыруға ұмтылды, өз идеалы үшін талмай күресті. Сүлейменовтің шығармаларын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарауға болады:

Бірінші сыншылық кезеңі. Сыншылық кезеңде ол, көркем сын жанрына өзіндік жекелік сипат дарытуға тырысты, көркем шығарманы көркем мәтін қағидасынан бөлек талдады. Оның «Түр туралы бірер сөз» (“Жұлдыз” журналы, 1963 жыл) мақаласымен әдеби ортада үлкен айтыс тудырған. Сүлейменовтің көркемдік-эстетикалық принципті ұстанымдары негізінен осы кезеңде қалыптасып айқындалды. Ол, «Өнердің өмірден айырмашылығы - өнер өмірден үйренбейді. Өнердің өз өткені, өз бүгіні, өз логикасы мен динамикасы бар . . . Өнердің түбіне сорпа бетіндегі майдай қалқыған түсінікті идея жетеді» деп түсінген суреткер сыншы ретінде көркем шығармаға қояр биік талабын проза мен драматургияда жүзеге асырды. Ойы құнарлы, бағалы көркемдік құрылымы айрықша шығармаларды туындатты.

Екінші прозалық кезең. Бұл кезеңде Сүлейменов шығармаларында XX -ғасыр прозасының қағидалары толығымен дерлік көрініс берді, ол модернист қаламгер саналды. Қазақ әдебиетінде құбылыс ретінде бағаланған “Бесатар” повесі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс пен Созақ көтерілісін тың соны көзқараста зерттеп зерделеді.

Үшінші драматургиялық кезең. Осы суреткердің драматургиялық кезеңіндегі шығармалық өзгеше өнер философиясы аясында ұқыптылықпен талдауды қажет етеді. Ол өзбек драматургі Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі», Эрнест Хемингуэйдің «Бесінші колонна», М. Булгаковтың «Жендеттері» сияқты, Б. Брехттің «Сычуанның мейірі», Т. Уильямстың «Шыны хайуанат» сияқты өзгеде пьесаларын қазақ тіліне аударды.

Төртінші кезеңі эсселер мен ой-толғамдар. Таласбек Әсемқұлов айтқандай: Асқар Сүлейменов көркем әдебиеттен тыс көркем өнерде, өмірде де өзіндік ойларымен, әзіл қалжыңдары мен ұстанымдарымен ерекшеленіп тұрады. Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Тәкен Әлімқұлов сынды заңғар жазушыларымыз жайлы жазған эсселері, «Өлшеніп өнер тартылса», «Тәкеннің шаңқаңбоздары», «Дос», «Жанарына жарты әлемді сидырған», «Шашылып түскен тіркестер», ақпарат құралдары мен газет-журнал, кітап беттерінде жарық көрмеген жазбаларынан «Өмірге бергісіз қайран сөз . . . », «К драмату», «Плач о погибшей песне» сынды бүгінгі буын жаттап алып, сөзімен жазбасының көркін ашып, құнын кіргізіп жазатын қанаттты сөздерінің қатары осылар.

Уақыт пен санасының, сезім мен білімінің шабытымен қаламынан туған әр жылдағы шығармаларына үңілсек;

“Бесін” (1970 ж. ) , “Адасқақ” (1988 ж. ) . “Бесатар” (1996 ж. ) прозалық шығармаларының жинақтары.

“Кек” (2001 ж. ) драмалық жинағы. “Болмыспен бетпе-бет” (2001) сыни-эстетикалық, өнертанушылық жинағы. Төрт томдық шығармалар жинағы (2007-2009) . “Арғымақтар мен адамдар” деректі фильмінің (1977),

"Ас" ("Құлагер") көркем фильмінің (1976) сценаршысы. "Баянел" ("Қозы Көрпеш-Баян сұлу") сценарийін жазған. "Кек" драмасы Шымкент облыстық драма театрында 1980, режиссері Қ. Жетпісбаев.

"Төрт тақта-жайнамаз" (1989), "Жетінші палата" (1993), (Қыздай жесір-штата қысқарту" (1994) драма-диалогтары Қазақ Мемлекеттік М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында қойылды. Режиссері Әубәкір Рахимов.

Еңбектерінің ерекшелігі саны емес сапасына қарай жазылуында болып тұр. Бұл ойды замандастары да, кейінгі әдебиетшілерде қолдайды және өз пікірлерін білдіреді.

«Асқар Сүлейменов ғасыр бұрынғы 1917 жылғы революциялық төңкерісті, соның қарсаңындағы, сол тұстағы сонан кейінгі өзгерістерді басынан кешірген Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев сияқты тұлғалы жазушылардың бірден бір жалғасы», - дейді Мәмбет Қойгелді. Себебі, 20-30 жылдар тұсындағы реформа тұсында кеңестік билік қазақ қоғамына аяусыз үлкен қиянат жасады. Түрлі адам шошырлық зорлықтарды жүргізді. Сол кезеңде бізде қарсылық әдебиеті өмірге келді. Ол әдебиеттің басы - Жұмабай Мағжанның «Табалдырығы», сонан кейін «Нүсіпхан» деген тамаша поэмасы бар, тіпті ғажап. Ол да, сол қарсылық әдебиетінің ғажап көрінісі-тін. Ілияс Жансүгіровтің «Құлагері» де қарсылықтың қайталанбас тамаша көрінісі. Мұхтар Әуезовтің «Хан Кенесі» де сол қарсылық әдебиеттің ерекше үлгісі. Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілегі» де сол қарсылық әдебиеттің айқын белгісі. Қарсылық әдебиет бізде кейін, цензурадан соң сөніп қалды. Өшіп қалды. Тоталитарлық жүйе әдебиеттегі қарсылықты жойды, басып-жаншыды. 1960-жылдардағы орыстандыру саясаты, сондағы отаршылдық тоталитарлық идеология, соған қарсылық мынау Асқар Сүлейменовтің «Бесатары», мен солай бағалаймын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асқар шығармашылық тілге көп мән берген жазушы
Қазақ драматургиясының өркендеуі
Драмадағы тарихи тұлға.қазіргі қазақ комедиясы (конспект)
Қара шал сондай кейіпкер
Қазақ халқының ақиық ақыны - Олжас Сүлейменовтың өмірі және қоғамдық - саяси қызметі
Қазіргі қазақ комедиясы. Драммадағы тарихи тұлға
ХХ ғасырдағы қазақ баспасөзіндегі кітап сыны және жарнамасы
Драматургиядағы тарихи тұлғалар бейнесі
Қазақ тілі газеті
Олжас Сүлейменовтың өмірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz