Саңырауқұлақ жасушасының морфологиясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Ветеринария» факультеті
«Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Жануарлардағы микотоксикоз ауруын балау және емдеу»
Сызбалар мен көрнекті
материалдар саны:
Орындаған 6В09101 - «Ветеринариялық медицина» мамандығының 502 қ - топ студенті Сабуров Алибек
2021 ж. « » маусымда қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі,
в. ғ. д., профессор
Алматы 2021 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
«Ветеринария» факультеті
6В09101 - «Ветеринариялық медицина» мамандығы
«Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент Сабуров Алибек
Жұмыс тақырыбы «Жануарлардағы микотоксикоз ауруын балау және емдеу»
Университет бойынша 2020 ж. « » қазан №546 -К бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2021 ж. « » маусым
Жұмыстың бастапқы деректері
Жұмыстың бастапқы деректері: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Достық көшесі №11, Жеке ШҚ және Антиген ҒӨК зертханасында өзімнің дипломдық жобасын орындап шықтым. Ол жерде микотоксикоз ауруларына балау және емдеу шараларын қарастырдым
Дипломдық жобада қарастырылатын сұрақтардың тізімі
- Алматы облысындағы Жеке ШҚ жануарлар микотоксикоз ауруының этиологиясын зерттеу;
- Микотоксикозге Микотоксикоздың тышқандарға әсері М. П. СЕМЕНЕНКО, Е. В. ТЯПКИНА, Е. В. КУЗЬМИНОВА, А. Г. КОЩАЕВ лабороториялық зерттеуі бойынша тәжірибе жасау;
- Микотоксикозге балау
Графикалық материалдардың тізімі 6 - кесте, 3 - сурет
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
- С. В. Петрович. «Микотоксикозы животных» - Москва: РосАгропромиздат, 1991. -235с.
- Н. А. Спесивцева. «Микозы и микотоксикозы» второе издание - К. -Москва: 1964. -500с.
- С. В. Петрович. «Микотическое заболевания животных» - Москва: Россельхиздат, 1982. -187с.
- Б. Н. Хмелевский, З. И. Пилипец, Л. С. Малиновская, В. В. Костин, Н. П. Комарницкая, В. Г. Иванов. «Профилактика микотоксикозов животных» - М. : Агропромиздат, 1985. -271с.
- Cтeпyшин A. Е. «Пpoфилaктикa микoтoксикозoв» - M. : Колос, 1998. - l03с.
Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент
Дипломдық жұмысты орындау
КЕСТЕСІ
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
1
1. 1
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы
10
11
2. 6
2. 7
2. 8
2. 9
Микотоксиндердің әсер ету механизмі
Патогенезі.
Микотоксикоздар диагностикасы
Профилактикасы
31
34
37
38
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
бұл дипломдық жұмыста төмендегідей стандарттарға сілтемелер жасалды
ТШ ОСЧ 25-6 Дистильденген су
МЕМСТ 17206-84 Микробиологиялық агар
МЕМСТ 20730-89 Ет-пептонды сорпа
МЕМСТ 20730-75 Қоректік орталар. Хоттингер сорпасы.
МЕМСТ 12026-66 Сүзгіш қағаз
МЕМСТ 20292-74Е Шыны пипеткалар
МЕМСТ 23932 Спиртті шам
МЕМСТ 25336 Стакандар В - 1 - 250 ТС
МЕМСТ 25336 Воронкалар В - 56 (75) - 80 ХС
МЕМСТ 25336-82Е Лабораториялық шыны ыдыстар
ТШ 480-11-10-73 Шыныға жазатын карандаш
МЕМСТ 17206-84 Микробиологиялық агар
МЕМСТ 4. 452-86 Биологиялық микроскоп - Биолам
МЕМСТ 6672-59 18х18 мм көлемді жабынды шыны
МЕМСТ 6672-76 24х24 мм көлемді жабынды шыны
ТШ 64-1-909-80 Зертханалық ыдысты кептіретін шкаф
ТШ 94. 51-143-12517820-2003 Автоклав
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл дипломдық жұмыста мынандай терминдер мен анықтамалар қолданылды:
Антиген - антидене синтезі қабілетін тудырып, олармен спецификалық әрекеттесетін, организм үшін бөгде жоғарғы молекуларлы органикалық заттар.
Антидене - антигендердің әсерінен организмде түзілетін спецификалық белоктар.
Агглютинация - өзіне тән антидене әсерінен микроб, қан және басқа да жасушалардың бір-біріне жабысып, тұнба тұну немесе желімденуі.
Грам тәсілімен бояу - бактериалдық жағындыларды грамтеріс және грамоң топтарына ажырататын бояу әдісі
Зардаптылық - қоздырғыштардың зардаптылық тудыратын қабілеті.
Уыттылық- белгілі штаммның көбею барысында белгілі бір тіршілік иесінде зардапты жағдай туғызатын зардаптылық өлшемін көрсететін сандық деңгейі.
Идентификация - микроағзалардың белгілі бір түрге, туысқа т. б. Жататындығын анықтау, олардың биохимиялық белгілері жиынтығын (морфологиясы, биохимиялық белсенділігі, антигендік қасиеті, малға ауру тудыруы, т. б. ) Зерттеуге негізделген.
Серологиялық реакция - антиген мен антидененің әрекеттесуі нәтижесінде жүретін реакция.
Септицемия - сепсистің метастазсыз түрі.
Патология - дерттенген организмде туындайтын алуан түрлі өзгерістер туралы ұғымдар жиынтығы
Пастереллез (геморрагиялық қанталау) - барлық ауылшаруашылық және жабайы жануарлардың және құстың ішкі ағзаларының сірлі және кілегей қабаттарының қабынып, қанталап ауыратын ауруы.
Штамм - өзіне тән қасиеттері жағынан бекітілген, белгілі бір микроорганизмнің немесе вирустардың өсіндісі
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей қысқарылған сөздер қолданылды:
ҚазҰАУ- Қазақ ұлттық аграрлық университеті
БДҰ - бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
БСҰ - бүкіләлемдік сауда ұйымы
ЖТІИ - жіті түрдегі ішектік инфекциялар
ДНҚ - дезоксирибонуклеин қышқылы
ЛПС - липополисахарид
ЕПС - ет пептон сорпасы
ЕПА - ет пептон агары
ИД - иммундеуші доза
ЛД 50 - өлімге ұшырататын дозаның 50 %-ы
ИФТ - иммунды ферменттік талдау
ФТБ - фосфатты тұзды буфер
Ig - иммуноглобулин
ШТБ - шоғыр түзуші бірлік
ӨІА - өткір ішек аурулары
КБР - комплемент байланыстыру реакциясы
КҰБР - комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы
ИФТ - иммунды ферментативтік талдау
ЖСА - жартылай сұйық агар
ҚФ - құс фабрикасы
г - грамм
мкг - микрограмм
м. к. - микробтық клетка
м. д. - микробтық дене
мм - миллиметр
мкм - Микрометр
АР - агглютинация реакциясы
ЛАР - латекс агглютинация реакциясы
ДПР - диффузды преципитация
0 С-Сельций градусы
МЕМСТ-мемлекеттік стандарт
1 КІРІСПЕ
1. 1 Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы. Мемлекеттің экономикалық және социалды даму шекаралары өзінің міндеттерімен қатар, малдар мен құстардың өнімділігін көтеру болашағын мақсат етіп отыр. Мал шаруашылығын интенсификациясы мен концентрация шартымен индустриалды бағытқа ауыстыру жағдайы түбірлі өзгерістерге азықтық базаны да шалдықтырды. Мемлекеттің өнім программасы 1990 жылдары белгіленген. Ондағы пішен дайындау 110-112 млн. т., азықтық тамыржемістілер 60-63 млн. т. дейін жеткізу көзделген болатын. Бұл белгіленген мақсатқа жету үшін, азықтық базаны құруда ветспециалистер жануарлар азықтарын қатаң бақылауында ұстап тұрады. Өкінішке орай азық көп жағдайда малдардың ауру себебшісі болады. Оған жататын алиментарлық токсикоз - микотоксикоздар.
Осы жұмыстың зерттеу объектісі микотоксикоздар болып табылады.
Микотоксикоздар - саңырауқұлақтар бөлетін, токсинді метаболиттерден тұратын азықты жануарлар жеуден пайда болатын ауруларды айтады. Микотоксикоздар бүкіл үй жануарлары түрлерінде, жабайы аңдарда, құстар, балықтарда кездеседі және көптеген елдерде тіркелген.
Бұл ауруларды зерттейтін жас ғылым - ветеринарлық микотоксикология. Оның дамуына үлкен үлес қосқан профессор Н. А. Спесивцева, А. Х. Саркисов, К. И. Вертинский, В. Г. Дроботько, И. А. Измайлов, П. П. Ятель, Ф. М. Пономаренко, Н. М. Пидопличко, Украина ғылым-корреспонденті В. Н. Билай, ветеринарлық ғылым докторлары Х. А. Джиловян, И. А. Курманов, В. В. Титов, В. В. Рухляд, И. С. Елистратов, ветеринарлық ғылым кандидаттары Б. Н. Хмелевский, В. В. Костин, Л. И. Погребняк, Л. И. Карпова және т. б.
Микотоксиндер деген саңырауқұлақтардың алмасу үрдістерінің нәтижесінде қалыптасатын улы өнімдер. Саңырауқұлақтардың өсуі және олардың токсиндерінің қалыптасуы сыртқы қоршаған факторларына байланысты, көбінесе температурадан және ылғалдықтан пайда болады. Микотоксикоздар жыл маусымына қарай пайда болады. Азық сапасын нашарлататын жағдайлар және оларды сақтау шарттарының бұзылуы саңырауқұлақтардың өсуін және токсиндерінің бөлінуін үдетеді. Саңырауқұлақтармен ластанған азықты рационге қосқан жағдайда малдың өсіп дамуы нашарлайды және өлуі көбейеді. Микотоксикоздар этиопатогенезінде ең маңызды микотоксиндер (грекше mykes-саңырауқұлақ және toxicon-у) . Токсинді метаболиттерді продуцирлейтін 250 микромицеттер тіркелген. Бір саңырауқұлақ бірнеше микотоксиндер бөлуі мүмкін. Қазіргі кезде метаболиттердің 100 токсиндері белгілі. Токсикалық әсерімен қатар олардың мутагендік, карциногендік, тератогендік қасиеттері де болады.
Қазіргі кезде эрготизм, клавицепстоксикоз, стахиоботритоксикоз, афлатоксикоз, дендродохиотоксикоз сияқты алиментарлы уланулар белгілі. Осы топ ауруларға жататын қосымша жаңадан ашылған микотоксикоздар: миротециотоксикоз, патулинотоксикоз, слафраминотоксикоз және т. б., кейде цитринин әсерінен туындайтын микотоксикоздар кездеседі.
Микотоксиндер ішектен сорылады, содан кейін ағзаларға жиналып бауырды, бүйректі, бұлшық еттерді зақымдайды. Микотоксикоздар мал шаруашылығын үлкен экономикалық шығындарға әкеп соғады. Микотоксикоздарға тән белгі бірден пайда болып, үлкен аумақты жануарлар басын аурумен шалдықтыру тән болып келеді. Казіргіде 300-ден көп әртүрлі қарапайым саңырауқұлақтар белгілі. Оларға жататындар- афлатоксиндер, охратоксиндер, зеараленон, вомитоксин, патулин, цитринин және т. б. Біздің мемлекетімізде бидайді ластандыратын токсиногендік касиеттері бар саңырауқұлактардың ішінде ен кауіптісі және жиі кездесетіндері: Fusarium және Aspergillus тұқымдарының саңырауқұлақтары.
- ВВЕДЕНИЕ
Микотоксины - наиболее опасные для здоровья человека и животных природные экотоксиканты. Они повсеместно распространены, могут загрязнять продукты питания и корма на всех стадиях производства, хранения, транспортировки и реализации. Исследования, которые проводились как отечественными, так и зарубежными учеными, показывают высокую частоту и степень пораженности пищевых продуктов и кормов на всех континентах.
На сегодняшний день выделено около 250 видов микроскопических грибов, которые продуцируют около 200 микотоксинов, из них немало вызывают алиментарные токсикозы животных и человека. Значительное количество микотоксинов обладают имуннодепрессивными, мутагенными, аллергенными, тератогенными свойствами, способствуют снижению общей резистентности организма, развивитию инфекционных и незаразных болезней. Наличие микотоксинов в кормах приводит к ухудшению продуктивности, репродуктивности и иммунного состояния животных.
Наибольший интерес из известных на сегодняшний день микроскопических грибов представляют грибы из рода Fusarium и Aspergillus, в частности F. sporotrichiella, A. flavus, F. graminearum, A. parasiticus, которые выделяют опасные для животных и человека микотоксины: Т-2 токсин, афлатоксины В1, В2, Gl, G2, Ml.
Распространение микроскопических грибов, продуцирующих микотоксины недостаточно выяснено, что делает затруднительным прогнозирование возникновения того или иного микотоксикоза, разработку профилактических и лечебных мероприятий.
Целью данной дипломной работы является ознакомиться с основными микотоксикозами, изучить распространения микроскопических грибов и наиболее вероятных микотоксикозов, а так же пути их определения и профилактики.
1. 2 Зерттеу объектілері, базасы және мақсаты, міндеті
Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама
- Алматы облысы Жеке ШҚ малдарада микотоксикоз ауруының таралу себебі зерттелді. Малдар ауруының себебіFusarium sporotrichioides, Mucor анықталды.
- Малдарға азығына абсорбенттер беріп емдеу шараларын жүргізілді
Дипломдық жұмысты орындау мерзімі және базасы
Зерттеу жұмысы 2020 жылдан 2021 жыл аралығында Антиген ГӨК зертханасында және Алматы облысы, Қарасай ауданы Жеке ШҚ жүргізілді.
Жұмысты орындау барысында мынадай жануарлар түрлері және жас аралық топтары қолданылды: ақ тышқандар, жас, салмақтары 80-120 грамм шамасында
Дипломдық жұмыстың мақсаты және міндеттері
Зерттеудің негізгі мақсаты микотоксикоз ауруының жануарларда тудыратын ауруларын балау және емдеу шаралары
- Микотоксикозға этиологиялық сипаттама
- Микотоксикозды қоздырушысын бактериялогиялық балау
- Зертханалық жағдайда ақ тышқандаға тәжірибе жүргізу
2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
2. 1 Жануарлар микотоксикозына сипаттама және таралуы
Микология - саңырауқұлақтар жайлы ғылым (грекше mykes-саңырауқұлақ, logos-ілім), өз бастауын XVIII ғасырдың екінші жартысында алды. Кейін даму үрдісі бірнеше ғасырдан өтіп, қазір толығымен қалыптасқан болатын. Экспериментальді микология XIX ғасырдың соңында ғана пайда бола бастады. Соңғы жылдары еліміздің және шет ел ғалымдары мен практикалық специалистер саңырауқұлақтардың топырақта, суда, ауада кездесетін кең топтарына көңіл бөле бастады. Бұл саңырауқұлақтардың сапрофиттер болуымен қатар, көптеген адамдар мен жануарлардың ауру қоздырушысы болып табылатынына байланысты. Өзінің даму процесінде белгілі бір мүшелер мен ұлпаларды зақымдайды
Микологияда экспериментальды мәліметтер мен практикалық бақылаулардың жиналуына қарай, жеке микологиялық бағыттар қалыптаса бастады. Ғалымдар зерттеулеріне орай микологиялық ғылым аясында ветеринарлық микологияның жеке бағыты қалыптасып, ол екі үлкен тарамдарға бөлінеді: оның біреуі микоздарды зерттесе, екіншісі - микотоксикоздарға арналған. Микотоксикоздарды зерттеу приоритеті кеңес ғалымдарына тиесілі. Олар ең бірінші болып стахиоботриотоксикоз, фузариотоксикоз, дендродохиотоксикоз және т. б. сияқты аурулардың себебін ашқан болатын (П. Д. Ятель, Н. М. Пидопличко, В. И. Билай, А. Х. Саркисов, Н. А. Спесивцева және т. б. ) . Бірақ миктоксикоздар классификациясында бірлік номенклатурасы құрастырылмаған, ол болса аурулармен жұмысын біршама қиындатады.
Еліміздің әртүрлі аймағында микромицеттер түрлік құрамын анықтауда, азықтың токсикалығын айқындау әдістері, микотоксикоздар патогенезін және оны емдеу мен алдын алу шараларын жүзеге асыруға үлкен үлесін қосқан ғалымдар: И. А Курманов, Х. А. Джилавян, В. В. Рухляд, В. В. Костин және басқалар.
Біздің заманымыздың 70-ші жылдарына дейін микотоксикология микробиология ғылымдарының бір бағыты ретінде саналған. Жануар микотоксикозы кезінде ауруды анықтауда токсиногенді саңырауқұлақ түріне көп көңіл бөлінген болатын, ал оның продуцирлейтін токсині жайлы аз мәлімет болған соң, шамалы қарастырылатын. Қазіргі кезде микотоксикоздар пайда болу себебтеріне саңырауқұлақтар продуцирлейтін микотоксиндерге байланысын қарастырады. Бұл көзқарас қалыптасу себебі саңырауқұлақ-продуцент азықта өлген жағдайда да, бірақ онда сақталып қалған микотоксин болғанымен ауруды анықтау қиынға соғады. Микотоксикоздар тудырған аурулар әртүрлі тұқымдастарға жататын саңырауқұлақтардан болуы мүмкін.
Осыған орай микотоксикология ауыл шаруашылық жануарлардың белгілі бір микотоксиндерге сезімталдығын, жіті және созылмалы ағымдағы ауру тудыратын дозасын, мүшелерде таралуын, әсер ету механизмін, организмнен шығу мезгілін, кумуляциялық әсерін, микотоксиндердің канцерогендік, мутагендік, эмбриотоксикалық, тератогендік, гонадотроптық қасиеттерін зерттейді. Микотоксиндердің әсер ету мәліметтерін білу оның азықтағы қажет мөлшерде қолдануға, яғни организмге токсикалық әсерін алдын-алуға мүмкіндігін береді.
Микотоксиндер ежелден бері белгілі. Құрамында микотоксиндер бар өнімдерді тұтынған кезде адамдар мен жануарлардың улануы көп болды. 12 ғ Парижде 14 мың адамның қайтыс болуы микотоксин (эрготоксин) эргот дәндері бар нан жегеннен болды. Ресейде адамдар мен жануарлардың фузариум қоздырғышының микотоксиндері бар астық пен нанмен жаппай улану жағдайлары да байқалды.
20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап микотоксиндер мәселесі ауылшаруашылық дақылдарын қарқынды өсіру технологияларында экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты, сондай-ақ атмосферадағы (ауаның ластануы) фотоксиданттардың көбеюіне байланысты әлемдік проблемаға айналды. Ауылшаруашылық өнімдерінің микотоксикозының өсуі азот тыңайтқыштары мен пестицидтерді кеңінен қолданумен байланысты. Микроскопиялық саңырауқұлақтардың 350 ден астам түрлері бар, бірақ тек 20-ға жуық тамақ өнімдерін ластаушы зат ретінде практикалық маңызы бар. Олардың ішінде ең көп таралған және адам денсаулығы үшін қауіпті: афлатоксиндер В1, В2, G1, G2, М1 (өндірушілер- Aspergillus тектес саңырауқұлақтар), трихотецендік микотоксиндер (оның ішінде дезоксиниваленол) және зеараленон (өндірушілер - Fusarium тектес саңырауқұлақтар), охратоксиндер, цитринин, цитреовиридин (өндірушілер - Aspergillus және Penicillium тұқымдас саңырауқұлақтар), эргот алкалоидтары, оның ішінде лизергин қышқылы және агроклавин.
Микотоксиндер, егін жинау кезінде, сондай-ақ дақылдарды сақтау және өңдеу кезінде пайда болады, әсіресе дәнді және майлы дақылдарды жұқтырады. Бұған азық-түліктің дұрыс сақталмауы ықпал етеді. Саңырауқұлақтардан зардап шеккен ауылшаруашылық өнімдері мен жемдер сыртқы түрін өзгертеді, бұл олардың сапасыздығын көрсетеді.
Практикалық тұрғыдан алғанда, микотоксиндер-бұл адам мен жануарлар жұқтырған кезде жағымсыз әсер ететін саңырауқұлақ метаболиттері. Әдетте олар денеге ластанған тамақ немесе тамақ тұтынған кезде енеді. Микотоксиндер жануарларда көптеген биологиялық әсерлерді тудырады: бауыр мен бүйрек токсикозы, орталық жүйке жүйесіне әсер етеді
Бұл құсу, диарея, қан кету, салмақ жоғалту, жүйке аурулары, жүрек-тамыр жүйесінің жұмысындағы бұзылулар, иммундық жүйенің тежелуі, гомеостаздың бұзылуы, репродуктивті қабілеттің төмендеуі және сүйек кемігінің зақымдалуына әкелетін көптеген органдар мен жүйелердің зақымдалуына әкеледі
2. 2 Саңырауқұлақтардың биологиясы.
Саңырауқұлақ жасушасының морфологиясы.
Микроскопиялық саңырауқұлақтардың клеткалар мөлшері, көлемі бойынша әртүрлі, бірақ құрылымдық элементтері ортақ болып келеді. Осыған байланысты саңырауқұлақтар клеткалық қабырғасынан, цитоплазмалық мембранасы бар цитоплазмадан және эндоплазматикалық тордан, митохондриялардан, рибосомалардан, қосындылар мен вакуольдар, ядро немесе бірнеше ядролардан тұрады.
Саңырауқұлақтардың жасушалық қабырғасы көпқабатты және әртүрлі электрондық тығыздықты құрайтын 9-10 қабаттан тұрады. Аморфты матрикске кіретін микрофибриллалар жүйесін құрайды. Фибриллалар түр ерекшелігіне қарай целлюлозадан, глюкон, хитиннен тұруы мүмкін. Басқа полисахаридтер, ақуызда, пигменттер, липидтер құрылыстық қызметін атқарып, жасуша қабырғасының микрофибриллярлы бөлігімен химиялық байланыстар құрайды. Мұндай комплекстер кей заттардың өткізгіштігіне әсер етіп, басқа қосылыстарға блокада болып табылады.
Жасуша қабырғасының тіректік миофибриллалар және оның матриксі құрылу мен биосинтезі бойынша ерекшеленеді. Фибрилл мен матрикс құрылуы синхрондық емес, ең алдымен фибриллярлық арқау регенерацияланады. Бұл екі бөлік жасуша қабырғаларының биосинтезі ферменттер қатысында жүреді.
Жасушалық қабырғалар екі жолмен құрылады: жаңа материал қабырғаға поляризациялық жолмен қосылуы мүмкін, не оның беткейіне біркелкі жайылуы мүмкін. Бірінші жағдайда цилиндірлі жасушалар құрылуы, ал екіншісінде - сферикалық құрылуы байқалады.
Жасушалық қабырға қорғаныштық қызмет атқарып, саңырауқұлақ жасушаларын сыртқы орта факторларынан қорғайды. Мысалы осмостық барьер ретінде кей заттардың өткізгіштігіне жауап береді. Жасушалық қабырға вегетативті клеткаларға гиф пен жыныс мүшелеріне қалыпты формасын қалыптастырады. Маңызды фактор болып жасушалық қабырғасындағы беткейінде және цитоплазматикалық мембранада ферменттер орналасқандығы. Олар сіңірілмейтін клеткаларды (суда ерімейтін) полимерлерді мономерге дейін өзгертеді.
Саңырауқұлақтардың жасушалық қабырғасы лизистің нәтижесінде басқа жасушалардан құралатын және саңырауқұлақтың өзінде түзілетін ферменттер әсерімен бұзылуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz