Туризм саласында кластерлік жүйені дамыту
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Экономикалық теория және мемлекеттік басқару кафедрасы
Туристік нарық экономикасы пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Туризм саласында кластерлік жүйені дамыту
Орындаған: Т - 19-1 оқу тобының студенті: Өмірзақ Аружан
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., Умирзакова М.А
Қорғауға жіберілді: ___ _______________ 2020 жыл
Қорғалды: ___ _________________ 2020жыл
Қызылорда
Хаттама
Аты,тегі: Өмірзақ Аружан Қуанышқызы
Оқу тобы: T-19-1

Ғылыми жетекшісі: Умирзакова М.А
Комиссия құрамы: Абдимомынова А.Ш
Берікболова Ұ.Д
Сұрақтар: Қызылорда қаласында туризмді дамыту үшін не істеу керек?
Жауабы : Қызылорда қаласында туризмді дамыту үшін алдымен ішкі туризмді дамыту керек, біз болашағы зор туристік өнімдерді айқындап, көрсетуіміз қажет.Мысалға қолөнершілікті дамытуға мүмкіндігіміз бар деуге болады, жәнеде көптеген туристерді қызықтыратын өнімдерімізді зерттеп шығару қажет.Cонда ғана біз қаламызды дамыта аламыз!
Бағасы: ______________________
Комиссия мүшелерінің құрамы:
Абдимомынова А.Ш
Берікболова Ұ.Д
Қызылорда 2020
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Туризм саласында кластерлік жүйені дамыту
1. Кластерлік жүйені дамытудың экономикалық бағыттары ... ... ... .5
2. Туризм саласында кластерлік жүйенің негізгі міндеттері ... ... ... ... 7
3. Туризм кластерінің ерекшеліктері және әсер етуші факторлар ... ... ... ... ... .9
4. Қазақстанда туризм аясында кластерлік бастамалардың даму қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ..16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .20
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... 2 2
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезде кластерлер елдердің, сол сияқты жекелеген аймақтардың экономикасын дамыту мен бәсекеге қабілеттілігін көтеруде танымал әрі маңызды құрал болып табылады. Кластер - бұл қосымша құнды құру үрдісінде өзара байланысқан жабдықтаушылар, өндірушілер, тұтынушылар, өнеркәсіптік инфрақұрылым элементтері мен зерттеу институттарының жүйесі. Ол адам капиталы, ғылыми, инновациялық және өндірістік әлеуеттердің шоғырлануымен сипатталады, әйтпесе кластерлер тұрақты әрі бәсекеге қабілетті бола алмайды. Дәстүр бойынша кластерлер теориясы көп жағдайда қызметтер секторының, оның ішінде туризмнің, жоғары қарқынмен дамып келе жатқаны мен болашақтағы зор әлеуетіне қарамастан өндірістік өнеркәсіпке бағытталған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің ниетімен жасалған Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін бағалау жобасы нәтижесінде анықталған жеті салада кластерлік бастаманы енгізу жөнінде шешім қабылданды. Оның ішінде туризм индустриясының ел экономикасындағы перспективті салалардың бірі және осы саланың өркендеуі мен дамуы үшін нақты нарықтық мүмкіндіктердің бар екендігі анықталды. Қазақстанның туризм үшін қажеті табиғи ресурстары бар бола тұра оны дамытуда өзінің мүмкінідіктерін толығымен қолданбайды деуге болады. Сол себептен туризм пилоттық кластерін дамыту мен оның перспективаларын анықтау өзекті мәселе болып табылады. Еліміздің әлемдік туризм нарығында өзінің орнына ие болуына ерекше мүмкіндігі бар, ол үшін туристер үшін тартымды жаңа территориялар мен объектілерді ашып, оларды қамсыздандыру керек. Туризм кластерінің дамуына барынша қолайлы жағдай жасау осы мақсаттағы тиімді әрі жедел жолдардың бірі.
Қазіргі уақытта туризм әлемдік шаруашылықтағы неғұрлым қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі және ең табысты бизнестердің бірі болып табылады. Ол мемлекет экономикасы үшін маңызды болып табылады. Туризмнің негізгі үш оң әсерін байқауға болады: ол шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді, төлем балансы мен жиынтық экспорт сияқты маңызды экономикалық көрсеткіштерге жағымды әсерін тигізеді, халықтың жұмысбастылығын арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар туризм экономиканың 32 саласының дамуы мен елдің инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды. Сондықтан Қазақстандағы басымдықты кластерлердің бірі - туризм кластерінің дамуына баса көңіл аудару маңыздылығы сөзсіз.
Кластерлік теорияның негізін қалаушы Майкл Портер зерттеулері, сонымен қатар басқа да кластерлік зерттеулерде дәстүрлі түрде басты назар өндірістік өнеркәсіпке аударылған. Бұл басымдық қызмет көрсету секторының, оның ішінде туризм маңызының өсуі мен оның зор болашақ әлеуетіне қарамастан әлі де сақталуда. Туризмге тән осы салада қызмет етуші объектілердің дамуы мен табыс алуында бір-бірімен тығыз байланыста болуы мен туризм саласының басқа салалар дамуына тәуелді болуы сияқты ерекшеліктерді ескере отырып, оның кластерлік әдіспен дамуының маңыздылығы өзекті. Кластерлер туралы білімді өсіріп, кластерлік тұжырымдаманың не үшін керектігін түсіну түрлі деңгейдегі жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін маңызды, өйткені бұл механизмді іске қосу арқылы кез келген субъект кластер құраушысы бола отырып экономикалық өсу мен дамуға өз үлесін қоса алады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты :туризм индустриясын дамытудағы кластерлердің қалыптасу және даму үрдісін ғылыми және әдістемелік тұрғыдан негіздеп зерттеу және жалпы кластерлердің экономикалық өсуді қамтамасыз ететін, жаңашылдықтың жоғары деңгейі мен бәсекеге қабілеттілікті арттыратын құрал ретіндегі рөлін ғана емес, сонымен қызмет сферасы үшін маңыздылығын ашып көрсету, туризм кластерінің ел экономикасын дамытуда қолдану мүмкіндігін қарастырып, оның даму перспективаларын анықтау.
Көзделген мақcаттарға сәйкес курстық жұмыста келесідей міндеттер қойылған:
- кластерлердің түсінігін, құрылымын, даму ерекшеліктерін қарастырып және экономиканы дамытуда оларды қолдану маңыздылығын айқындай отырып, теориялық негіздерін ашып көрсету;
- мәліметтерге сүйене отырып Қазақстандағы туризм саласының даму жағдайын зерттеу және тенденцияларын айқындау;
- туризм кластерінің ел экономикасындағы даму персективаларын бағалау.
Зерттеудің пәні - туризм кластерін белсенді дамыту мен еліміздің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін негізгі бағыттарды анықтау және даму перспективаларын бағалау.
Зерттеудің нысаны - Қазақстанның туризм саласының көрсеткіштері, туризм кластерінің қатысушыларының қызметі мен осы салаға тиесілі инфрақұрылым жағдайы негізінде саланың бәсекеге қабілеттігінің деңгейі.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, төрт бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған .
1.Кластерлік жүйені дамытудың экономикалық бағыттары

Осыған байланысты Үкімет туристік кластерін құру және дамыту бойынша іс-шаралар қабылдауды Туризм және спорт министрлігінің алдына қойды. Үкімет туристік кластердің қүрылуының маңыздылығын ескеріп, Қазақстан аумағында туристік мүмкіндіктерге маркетингтік зерттеу жүргізу үшін 65 миллион теңге көлемінде қаржы бөлді. Туристік кластер дегеніміз -- туризм инфрақұрылымындағы салалардыңжиынтығы. кластер ұғымы математика, астрономия және музыка салаларында қолданылатын, қазіргі кезде экономикалық әдебиетте де кең қолданысын тапты. Кластер термині (ағылшын тілінен сіизіег жиынтық) типтес нысандардың жиынтығы деген үғымды білдіреді. Мысалы, жұлдыздар жиынтығы, атом кластері. Экономика саласында кластер дегеніміз экономиканың бір саласына жататын, бір-біріне салалас жақындығы бар кәсіпорындар, ғылыми орталықтар, университеттер тобы. Бір кластерге кіретін кәсіпорындар мен үйымдар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Туристік кластер -- туризм индустриясы, онда негізгі қозғаушы күш -- мемлекет тарапынан қолдауды қажет ететін туристік ұйымдар.
Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта туризмнің экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету жолымен алып тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда.
Туризмнің негізгі атқаратын 4 мақсаты бар. Олар:
1) Сауықтыру (рекреациялық);
2) Танымдық (экскурсиялық, топтық серуен);
3) Іскерлік;
4) Ғылыми (зерттеу жұмыстары).
Бұл мақсаттарды қысқаша ашып, талдап өтекен жөн. Сауықтыру - еңбек ету процесіндегі жұмсалған күшті қалпына келтірумен байланысты ұйымдастырылатын туризм түрі. Танымдылық - туристердің белгілі-бір жердің табиғи ерекшеліктерін, тарихи-мәдени орындарымен, ұлттық-этногендік ерекшеліктерімен танылуын қамтамасыз ететін туризм түрі. Іскерлік - белгілі бір уақытқа, белгілі бір мәселелерді шешуге, әр түрлі конференциялардың өтуін қамтитын туризм. Ғылыми - белгілі бір жерді танып білу, зерттеу, оның табиғатын сипаттау, этнос жағдайын зетртеумен ұйымдастырылатын туризм.
Туристік бизнес өте кең тараған бизнестердің бірі. Ол көптеген мемлекет - тердің басты табыс көзі болып табылады. Мысалы: Мысыр, Түркия, Тунис, Кипр, Иордания және тағы басқалар.
Туристік бизнесті ұйымдастыру алдымен туристік индустрияның дамуымен байланысты. Жалпы айтқанда туристік индустрия дегеніміз қонақ үйлер және басқа да орналастыру объектілерінің; көлік құралдарының; қоғамдық тамақтандыру объектілерінің; ойын - сауық орталықтарының; танымдық, когресстік, емдік, спорттық бағыттағы объектілердің; туроператорлық және турагенттік қызмет атқаратын ұйымдардың жиынтығы.
Туристік нарықтың ерекшеліктерін зерттей отырып, бәсекеге қабілетті туристік өнімді қалыптастыру нарықты талдау және болжаусыз (өндіруші, тұтынушы, бәсекелес, кең қоғамды); алдыға мақсат және тапсырма қоймай; стратегия және тактика құрмай; сұраныс пен шығынды қалыптастырмай; анализ және бақылау жасамай мүмкін емес.
Туризм индустриясында маркетингті эффектілі қолдану шарттары қазіргі кезде жақсы қалыптасқан,себебі:
− еркін нарықтық қарым-қатынас орнаған, яғни таңдау мүмкіндіктері мол (баға орнату, коммерциялық жұмыс жүргізу, серіктестік құру);
− фирманың мақсатын қоюда; стратегия, құрылымын анықтауда; қаражатты тиімді бөлуде ұйым басшыларының еркін жұмыс істеуі;
− туристік қызметтердің нарықта мол болуы; сатып алушылар нарығының болуы.
Қазақстан егемендік алғалы бері туризм дамуында жаңа мүмкіншіліктері пайда болды. Қазіргі күні республика шетелдік туристерді тарту үшін біраз әрекеттерді жасауда, бірақ жеткіліксіз жабдықталу, тозған материалды-техникалық база, төмен сервиз және көрсетілетін туристік қызметтің бағасы жоғары болуы потенциалды туристерді кері итереді. Туризм, өте мете халықаралық, бюджетке валюта кірісін көбейтеді, жұмыссыздықты азайтады, жұмыс орны нарығын кеңейтеді, халықтың табысын және өмір сүру денгейін жоғарлатады, сонымен бірге кез келген мемлекеттің тұрақты дамуына себеп болады.
2.Туризм саласында кластерлік жүйенің негізгі міндеттері
Кластерлік даму - бұл әлемдік нарықта Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін көтеру ауқымындағы негізгі бағыты. Оның кепілі - АҚШ, Жапония, Германия, Италия, Финляндия сияқты жоғары дамыған елдерде табысты қоданылуы. Мысалы, Финляндия сияқты шағын елдің экономикасы толық кластерленген және 9 кластерден тұрады. Кластерлеу нәтижесінде Германия типографиялық жабдықтардың, әсем автомобильдердің және химиялық реактивтердің және толып жатқан жетекші өндірушілердің базасына айналды, кіп-кішкентай Щвейцарияда фармацевтикалық өнеркәсіптің, шоколад өндірудің әлемдік жетекшілері шоғырланған, ауыр жүк машиналарын және тау-кен өнеркәсібі үшін жабдықтар шығару жөніндегі жетекші фирмалар Швецияны база жасаған, итальяндықтар керамикалық плиткалар, шаңғы ботинкалар, орайтын жабдықтар мен автоматтандырылған өндірістік жүйелер бойынша өте күшті болып келеді, Жапония тұрмысқа қажет электроника, робот, фото, көшірмелік қондырғылар саласында бірінші орынды мықтап ұстауда.
Туристік қызметтердің халықаралық нарығында лайықты орын алатын, шетелдіктер үшін тартымды және отандастарымыздың көпшілігі үшін қолжетерлік заманауи инфрақұрылымды құруға бағытталған оның қатысушыларының тиімді байланысы үшін туристік кластерді кешенді және кезеңдік қалыптастыру негізінде бәсекеге қабілетті туризм индустриясын құру және дамыту үшін келесі міндеттерді шешуіміз қажет:
* әлемдік стандарттардан қалыспайтын, қызметтері бойынша әртүрлі, бірегей инфрақұрылымды дамыту арқылы ұлттық туризм индустриясын қалыптастыру;
* нарықтық иннфрақұрылымның сегменті ретінде, әсіресе ішкі және келу туризмін дамыту басымдылығы негізінде туристік қызметтердің бәсекеге қабілетті нарығын қалыптастыру үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау;
* инвестиция тарту үшін жергілікті билік органдары мен жеке кәсіпкерлік арасында байланысты, үйлесімділікті орнатып қана қоймай, оны одан әрі нығайту, күшейту үшін шаралар қабылдау;
* Туризм аймақтық кластерін қажетті туризм түрлері бойынша дамытудың инновациялық және инвестициялық жобаларын жүзеге асыру;
* ақпараттық технология мүмкіндіктерін жоғары тиімділікпен қолдану;
* Жетісу аймағында туристік кластерді ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша Аймақтық үйлестіруші туристік ақпараттық орталық құру;
* балалар-жасөспірімдер туризмін қалпына келтіру, оны мектептерде жедел түрде қолға алу;
* аймақта емдік-шипажайлық, этнографиялық және экологиялық туризмді дамытуға жағдай жасау;
* аймақтағы туристік тартымдылықтың нысаны болып саналатын - ескерткіштер мен тарихи орындарға экспедиция ұйымдастыру, оларды кластерлік ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастыру;
* туристік кластер үшін материалдық базаны жаңарту және жаңа туристік нысандар құрылысын жеделдету бойынша кешенді шаралар жоспарлау;
* орналасу орындары мен көлік кәсіпорындары жұмысын жетілдіру, туристік сервисті жақсарту, қоғамдық тамақтану сапасын көтеру;
* туристер үшін қауіпсіздіктің жоғары дәрежесін көлікте де, рекреациялық нысанда да қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;
* туристер үшін сақтандырудың арнайы жүйесін барынша тиімді және міндетті түрде қолдану;
* қол жетпейтін туристік нысандарға жету үшін кіші авиацияны қолдану бойынша шаралар қабылдау;
* бәсекеге қабілетті туристік кластерді жоғары тиімділікпен басқарудың құрылымы мен тетіктерін әзірлеу;
* аймақтың туристік қызметтердің ішкі және халықаралық нарығындағы орнын айқындап отыру үшін тұрақты маркетингтік зерттеулер жүргізу;
* халықаралық және республикалық туристік көрмелер мен жәрмеңкелерде аймақтың қайталанбас туристік бірегей тартымдылығын инновациялық жолмен көрсетіп отыру;
* алыс және жақын шетелдің жетекші БАҚ-ы, ірі туроператорлары үшін пресс және ақпараттық турлар ұйымдастыру бойынша жұмыстарды ары қарай жалғастыру;
* аймақтағы табиғи, тарихи-мәдени рекреациялық ресурстарды игеру, туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында жеке капиталды тартуға жағдайлар жасау.
Осы міндеттерді шешкенде ғана біз шын мәнінде бәсекеге қабілетті, халықаралық талаптарға сай келетін ұлттық туризм индустриясын қалыптастыра аламыз.
3. Туризм кластерінің ерекшеліктері және әсер етуші факторлар
Дəстүрлі түрде кластерлік теориялар мен тұжырымдамалар негізінен өндіріс саласына қолданылған. Бүгінгі күнде де осы басымдық қызмет көрсету секторының, сонымен қатар туризмнің өсуі мен оның маңыздылығының артуына қарамастан əлі де бар. Дүниежүзілік туристік ұйым (дтұ), туризм жөнінен мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сонымен мемлекеттердің туризмді дамыту саясатына сəйкес туризм мемлекеттің əлеуметтік, мəдени жəне экономикалық өміріне тікелей əсер ететін қызмет ретінде түсініледі, сонымен қатар оның болашақта өз қызметінің аймақтар үшін бұл сала табыс пен жұмысбастылықтың маңызды құралы болып табылады. Қазіргі уақытта туризм əлемдік шаруашылықтағы неғұрлым қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі жəне ең табысты бизнестердің бірі болып табылады. Əлемде туризмнің алдыңғы позицияларды иеленуі экономиканың жаһандану үрдістері мен адамдардың басқа халықтардың жетістіктері мен өркениеттеріне қызығушылықтарының өсуімен шартталады. ДТҰ жəне туризм мен саяхаттардың дүниежүзілік кеңесінің бағалаулары бойынша туризм өнеркəсібіндегі бір жұмыс орнына басқа салаларда пайда болатын бес-тоғыз жұмыс орны сəйкес келеді. Туризм тікелей немесе жанама түрде экономикадағы 32 саланың дамуына əсерін тигізеді жəне мемлекеттің инфрақұрылымының дамуына жағдай жасайды.Туризм аймақтық жəне ұлттық дамуда маңызды құрал, табыс пен жұмысбастылықтың көзі болып табылады, сонда да бұл сала əлем экономикасындағы ең аз зерттелген өнеркəсіп түрі. Туризмге кластерлік тұрғыдан қарау тек қана қызмет көрсету секторының жалпы алғанда ұзақ мерзімді перспективасы болғандықтан ғана емес, оған ерекше сипаттар тəн болуынан қызықты. Туризм кластерлерінің шекаралары өте шашыраңқы, сондықтан оның аумағын анықтап өлшеу өте қиын. Ол өзіне үйден тыс жерде саяхат жасай отырып керек болатын өнімдер мен қызметтердің кең қатарын қамтитын басқа өндірістер сегменттерін қосады. Мейрамханалар, қонақ-үйлер, авижолдар, саяхаттар бюросы, дүкендер, т.б. секторларды біріктіретін туризмнен басқа осындай көпжақты өнеркəсіп түрі жоқ деуге болады. Туризм дамуына тікелей не жанама түрде экономиканың 30-дан аса секторы əсер етеді, бұл - көлік, сауда, коммуникация мен байланыс, қоғамдық тамақтану, мəдениет объектілері, сонымен ұлттық табиғи парктер мен демалыс орталықтары. Туристің өзінің өндіріс процесіне қатысып, соңғы өнімнің құрамдас бөлігінің болуы бұл салаға тəн ерекше сипат болып табылады. Тағы бір ерекшелігі: өндіріс сферасында жетекші компаниялар көбіне соңғы өнімнің сапасын жіберуге дейін бақылап, құн түзеуші тізбектегі басқа қатысушылардың қанағаттанарлық жұмыс атқаратынына сенімді болуға мүмкіндігінің бар болуы. Ал туризм индустриясында бұл мүмкін емес, өйткені туристік өнім өндірісі мен жеткізілуі бір уақытта жүзеге асырылады. Алайда туристтің тəжірибесі жалпы əсерге негізделуі мүмкін. Мысалы, турист қонақ-үйге оның жақсы қызмет арасындағы қатынастар клиенттердің сұранысын қанағаттандыру үшін қажет болып табылады.
Жоғары халықаралық бәсекелестік дәуірінде туристік сұраныс қарқынды өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты ішкі және сыртқы келуші үшін анағұрлым тиімді туристік тәжірибе жүйесін құру мақсатында барлық туристік кәсіпорындар тарапынан Қазақстан Республикасының туристік өнімін қалыптастыруға және ілгерілетуге жаңа қағидаттар мен тәсілдер әзірлеу қажет. Туристік өнімнің бірегейлігі мен сапасына қарамастан, жоғары дамыған инфрақұрылымның (көлік инфрақұрылымы, телекоммуникациялық, байланыс арналары, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.) болмауы саяхаттан қанағаттану деңгейін төмендетеді, соның салдарынан туристік келу санының қысқаруына және аумақтың ішкі және әлемдік туристік нарықтарда бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендетуіне әкелетінін назарға алу керек.
Осыған байланысты әртүрлі аумақтық деңгейлерде (ел, облыс, аудан, қала) туризмді ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу қажет. Осындай әдістердің бірі кластерлік тәсіл болып табылады.
Қазіргі уақытта отандық туризм үшін тиісті әкімшілік-аумақтық құрылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кластерлерді қалыптастыру міндеті неғұрлым өзекті болып отыр.
Туристік кластер - бұл туристік өнімді жасау, өндіру, ілгерілету және сатумен, сондай-ақ туризм индустриясымен және рекреациялық қызметтермен сабақтас қызметпен айналысатын өзара байланысқан кәсіпорындар мен ұйымдардың бір шектелген аумақ аясында шоғырлануы.
Туристік кластерді құрудың мақсаты - синергетикалық әсер есебінен туристік нарықта аумақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның ішінде:
кластерге кіретін кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру;
инновацияларды ынталандыру және жаңа туристік бағыттарды дамыту.
Туристік кластерді құру іс жүзінде аумақтың тұрпатын айқындайды және өңірдің оң имиджін қалыптастыруға әсерін тигізеді, бұл жалпы алғанда жоғары ықпалдастырылған туристік ұсыныстар мен бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді құрады. Қазақстанда бес туристік кластерін құру мүмкіндігі бар: Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан.
Астана кластері - бұл Астана қаласын, Ақмола облысын, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігін, Павлодар облысының батыс бөлігін және Қарағанды облысының солтүстік-шығыс бөлігін қамтитын кластер. Астана қаласы кластердің орталығы болады, мұнда мынадай басты туристік қызығушылық орындары орналасқан:
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-мен қорғалатын Сарыарқа деп аталатын Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері, аумақ бөлігі);
Бурабай МҰТП;
Көкшетау МҰТП;
Бұйратау МҰТП;
Қарағанды қаласы;
Қарқаралы МҰТП;
Баянауыл МҰТП.
Болашақта кластер ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген жаңа туристік қызығушылық орындарымен толықтырылуы мүмкін: мегалит дәуіріне жататын Беғазы-Дәндібай мәдениетінің қорымдары, Тасмола мәдениетінің жарқыншақ тастар қорғаны секілді туристер қызығушылығын тудыратын жаңа орындарымен, сондай-ақ Жібек жолы сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілер (Бозоқ қалашығы).
Астана маңындағы жерлермен және Бурабай курорттық аймағымен көшпелі мәдениет пен дала әртүрлілігінің орталығы болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдер: MICE-туризм, мәдени туризм, турне, таулар мен көлдердегі демалыс, қысқа мерзімді демалыс.
Алматы кластері - бұл Алматы қаласы мен Алматы облысының бір бөлігін қамтитын кластер. Алматы қаласы кластердің орталығы болады және онда мынадай басты туристік қызығушылық орындары айқындалған:
петроглифтері бар Тамғалы археологиялық ландшафты (ЮНЕСКО нысаны).
ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Алтынемел МҰТП.
Шарын шатқалы.
Қапшағай су қоймасы.
ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Іле-Алатау МҰТП-мен Алматы қаласы маңындағы тау шаңғысы аймақтары.
Жаңа Іле туристік орталығы.
Болашақта кластер Алматы облысының басқа бөліктерін қосуы, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген жаңа туристік қызығушылық орындарын - Балқаш көлі, Ешкіөлмес петроглифтері бар Жетісу Алатау тау сілемдері, Ыстықкөл қорғандары мен Жібек жолы Сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілер (Талғар қалашығы, Боралдай сақ қорғандары) секілді жаңа орындарды ұсынуы мүмкін.
Алматы халықаралық тау шаңғысы туризмі және іскерлік туризмнің орталығы болады және Қаладағы және таудағы ойын-сауық кластері ретінде сипаталады. Аталған кластер ұсынатын негізгі туристік өнімдерге MICE-туризм, мәдени туризм және турне, таулардағы және көлдердегі демалыс және қысқа мерзімді демалыс жатады.
Шығыс Қазақстан кластері Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс бөліктерін қамтиды. Өскемен қаласы кластердің орталығы болады, мұнда 6 маңызды туристік қызығушылық орындары айқындалған:
Бұқтырма су қоймасы;
Ертіс өзені - Зайсан көлі;
Қатонқарағай МҰТП;
Марқакөл көлі мен Қалжыр шатқалы;
Риддер - Анатау мен Иванов таулары;
Семей қаласы.
Болашақта бұл кластер Шығыс Қазақстанның қалған бөліктерін, оның ішінде Алакөл мемлекеттік табиғи қорығын, Берел мемлекеттік тарихи-мәдени қорығын қамти отырып кеңеюі мүмкін.
Шығыс Қазақстан кластері Табиғаттың ғажайып әлемі ретінде сипатталып, экологиялық туризмді дамыту орталығы болады.
Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге белсенді және қызық оқиғалы туризм, таулар мен көлдердегі демалыс жатады.
Оңтүстік Қазақстан Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктерін, Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік бөлігін, Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігін қамтитын кластер болып табылады. Шымкент қаласы кластердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz