Көбіне дата журналистер


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Data-журналистикадағы статистикалық мәлімет пен ақпараттың берілу әдісі
Орындаушы А. Амангельд «__»2021 ж.
Ғылыми жетекші филол. ғыл.
кандидаты, доцент Р. С. Жақсылықбаева «__»2021 ж.
Қорғауға жіберілді:
Баспасөз және электронды БАҚ
кафедрасының меңгерушісі:
Г. С. Сұлтанбаева «__»2021 ж.
АЛМАТЫ 2021
Data-журналистикадағы статистикалық мәлімет пен ақпараттың берілу әдісі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 7-8 бб
1. Дата журналистика - медиатренд ретінде
1. 1 Data-журналистиканың теориялық тұжырымдамасы: тарихы мен қалыптасу үрдісі . . . 12-15 бб
1. 2 Data-журналистиканың ғылыми негіздері . . . 12-15 бб
1. 3 Data-статистиканың медиа-зерттеу шеңберіндегі тәжірибелік орны. . 12-15
2. Дата журналистикадағы статистика мен мәлімет
2. 1 Статистика мен деректердің дата журналистикадағы ақпараттық айқындылығы . . . 12-15 бб.
2. 2 Қазақстан дата журналистикасында отандық статистика мен мәліметтің әдістері мен тәжірибелері . . . 12-15 бб.
2. 3 Шетел дата журналистикасындағы статистика мен мәліметтің берілу ерекшелігі . . . 12-15 бб.
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 6-7 бб
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 2-3 бб
ҚОСЫМША . . . 2-3 бб
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысы бүгінде ақпараттың үлкен көлемін өңдеуге, түсіндіруге және визуализациялауға негізделген журналистиканың ең инновациялық түрлерінің бірі дата журналистика ұғымы, оның тарихы мен қалыптасу үрдісі, отандық және шет елдік медиа шеңбердегі тәжірибелік орны мен айқындылығын, ондағы статистика мен мәліметтің берілуін зерттеуге арналады. Дата журналистика кейбіреулер ойлағандай журналистиканың заманауи жаңа түрі емес. Бар болғаны - интернеттегі ауқымды деректі сараптап, ішіндегі оқиғаның жайжапсарын түсіндіру. Бұған дейін инвестигейтив (ағыл. investigate, зерттеу) журналистер құпия құжаттың астарына үңіліп, ішінен қоғам үшін маңызы бар дерек тауып, соны баяндайтын. Қазіргі дата журналист анализ жасаумен қатар, күрделі сандардың арасынан қызықты оқиғаны көре білуі керек. Ол үшін көбіне компьютер бағдарламаларының көмегіне сүйенеді. Дата журналистика - кең көлемдегі мәліметті жинақтап, сараптап, визуализация құралдары арқылы немесе мақала көмегімен көпшілікке баяндау. Әрбір мәліметтің кішкентай бөлшегінің мағынасын ашу. Деректер журналистикасы фактілер мен статистиканы дұрыс қолданып, оқырманға, жалпы қоғамға пайдалы жобаны жасау арқылы өз феноменін қалыптастырып үлгерді
«Дата журналистика» медиа ортада сәнді сөзге айналып үлгерді. Шын мәнінде, деректер журналистикасы оқиғаға жақындаудың басқа бір әдісі. Дата журналистика үлкен көлемдегі деректермен тығыз байланыста екені анық. Дата мамандар бар дерек арқылы өз оқырманын нақты әрі дұрыс ақпаратпен немесе, керісінше жалған ақпаратпен «қоректендіреді». Ақпарат тасқынында сандарды орнымен пайдалана білу, одан оқиға табу дата маманның міндеті. Тақырып отандық және шетелдік дата журналистердің дата журналистикада статистика мен ақпаратты беру әдісін салыстырумен өзекті. Олардың статистиканы қалай қолданатыны зерттелді. Статистика кез келген оқиғаны негізді әрі есте қаларлықтай етеді. Бірақ бұл арсеналды мұқият және шебер қолданған жөн. Статистиканың көмегіне жүгінетін журналист мәліметтерді қайдан алып жатқанына, олардың нақтылығына, қандай мақсатта қолданатынына, оқырманды жаңылтпас үшін оларды қалай дұрыс ұсыну керектігіне үлкен мән беруі қажет. Санның артында не жасырынып тұрғанына, оның қайдан алынып, не туралы айтылғанына мән бермеу журналистердің қателіктерінің бірі болып отыр.
Зерттеудің бірінші «Дата журналистика - медиатренд ретінде» бөлімінде дaтa журналистиканың теориялық тұжырымдамасы: тарихы мен қалыптасу үрдісі, сол жанрдың ғылыми негіздері, медиа-зерттеу шеңберіндегі тәжірибелік орны туралы теориялық анықтамалар, салыстырулар, инсайттар айтылып, көптеген мысалдар келтіріледі. Екінші «Дата журналистикадағы статистика мен мәлімет » тарауында статистика мен мәліметтің дата журналистикадағы ақпараттық айқындылығы, Қазақстан дата журналистикасында отандық статистика мен мәліметтің әдістері мен тәжірибелері, АҚШ және Еуропа дата журналистикада статистика мен мәліметтің берілу ерекшелігі туралы сөз қозғалады. Тарауда шет ел тәжірибесіне көп назар аударылды.
Таңдалған тақырып дата журналистикада статистика мен мәліметтің берілуі және оны қолдануда қандай ережелер мен заңдылықтар бар екенін анықтауға арналған. Сонымен қатар отандық және шет елдік дата журналистиканы салыстыра отырып, сандарды сөйлетудегі ерекшеліктерге назар аударылады. Дата журналистика әрбір мәліметтің кішкентай бөлшегінің мағынасын ашу. Бұған дейін инвестигейтив (ағыл. investigate, зерттеу) журналистер құпия құжаттың астарына үңіліп, ішінен қоғам үшін маңызы бар дерек тауып, соны баяндайтын. Деректер журналистикасында ақпараттың не статистиканың берілуінде басты назарға коятын нәрсе оның - нақтылығы, өткірлігі. Осылайша, айқын, нақты фактілерге толы мәтінді визуализация құралдарымен өз оқырманына жеткізе білу дата журналистиканың мақсаты.
Зерттеу жұмысында статистиканы дұрыс қолданудың маңыздылығын, мәліметті берудің әдісін дұрыс қолдану туралы мәселелер қозғалып, мысалдар келтіріледі. Бұл тақырып дата мамандар арасында өзекті тақырып деуге болады.
Зерттеудің өзектілігі. Дата журналистикада деректер маңызды рөл атқарады. Қолда бар деректер жиынтығын талдау оңай шаруа емес. Деректерді дұрыс талдау теориясы мен әдістері бойынша табысты маман болу үшін статистика негіздерін білу қажет. Статистика - бұл деректерді зерттеу туралы ғылым. Статистика деректерді жинау мен талдау нәтижелерін тиімді ұсынуға, деректерге негізделген болжам жасауда маңызды рөл атқарады. Бұл зерттеу объектісін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Дата жобамен жұмыс істегенде жиі кездесетін шатасудың бірі осы статистикалық есепті дұрыс ескермегендіктен болып жатады. Мәселен, қылмыс санының көбеюі мен өлім санының артуы арасында статистикалық байланыс болғанымен, шынайы байланыс болмауы мүмкін. Яғни, өлім санының артуына қылмыстың көп болуы қатыссыз болуы мүмкін немесе өлім көп болғандықтан қылмыс жиі болады деген қорытынды жасауға болмайды.
Деректер ғылымының негізгі қағидаларының бірі - оларды талдаудан қорытынды алу дейтін болсақ, осы дата жуналистикадағы статистика мен ақпараттың берілуі арқылы оқырманға қорытынды материал береміз. Яғни, статистика мен ақпарат дұрыс берілмесе, оқырманды шатастырып алу қаупі бар. Дата журналисттер мен дата мамандар арасында осы проблема әлі күнге дейін өзекті болып отыр. Әлемдегі соңғы өзгеріс, яғни пандемия кезінде статистиканы дұрыс қолдану қаншалықты маңызды екені байқалды. Статистикамен шел ел және отандық журналистер қалай жұмыс істеп, ақпарат таратындығын салыстырып, елімізге дата журналист емес, дата маман мен статист маман керек екенін түсіндік. Жұмыстың өзектілігі мен зәрулігі де осы жерде жатыр.
Зерттеу мақсаты мен нақты міндеті. Бұл жұмыстың ең бaсты мaқсaты мен міндеті - тәжірибесі аз дата журналистерге статистикамен жұмыс жасаудың қаншалықты маңызды екенін жеткізу. Осы зерттеу арқылы мамандарға аталмыш қызметтің өзектілігін, маңыздылығын түсіндіріп, өзін дамытуына түрткі болу. Дата журналистиканың ғылыми негізіне сүйене отырып, деректің қалай берілетінін салыстырммалы түрде байқау. Статистика мен мәліметтің дата журналистикадағы ақпараттық айқындылығына көз жеткізу.
Диссертациялық жұмыстың міндеттері:
- Дата журналистиканың тарихына тоқталып, қалыптасуын түсіндіу;
- Батыс елдері мен ТМД елдеріндегі дата журналистика материалдарын жан-жақты қарастыру;
- Журналистік шығармашылықтағы құқықтары мен міндеттерін сараптау;
- Қазақ тілді басылымдарындағы статистика қолдану деңгейін саралау;
- БАҚ-тағы сататистиканың берілу ерекшелігін айқындау.
Зерттеу объектісі мен пәні. Дата журналистикаға жалпы түсінік, батыс және ТМД елдеріндегі деректер журналистикасының дамуы мен қалыптасуы туралы анықтамалар зерттеу объектісі болып табылады.
Зерттеу әдіснамасы мен әдістері. Ең алдымен отандық және шет елдік БАҚ-тағы, журналдардағы, оқу құралдары мен интернет-сайттардағы материалдарға шолу жасалынды. Жинақталған материалдарға салыстыру жүргізе отырып, қорытынды алу үшін анализ жасау әдісі қолданылды. Сондай-ақ журналистикадағы аталған жаңа бағыттың артықшылықтары мен кемшіл тұстарын практика жүзінде білу үшін отандық дата мамандар мен журналистердің пікірін интервью әдісі қарастырылады. Толық ақпарат жинау мақсатында сауалнама әдісі қолданылды.
Зерттеу жаңалығы. «Data-журналистикадағы статистикалық мәлімет мен ақпараттың берілу әдісі» магистрлік диссертация жұмысының ғылыми жаңалығы ретінде:
- алғаш рет ғылыми айналымға түсіп, зерттелініп отыр;
- алғаш рет қазақ тілінде зерттелінді;
- Қазақстандағы дата журналистикаға шолу жасалынған алғашқы зерттеу жұмысы;
- отандық және шетелдік медиа шеңберде статистикалық мәліметтің қолданылуын зерттеу;
- дата маман қызметінің маңыздылығын жеткізу;
Дата журналистика жанры ТМД елдерімен салыстырғанда батыста тез дамып келеді. Орта Азия елдері арасында Қырғыстаннан кейінгі орында Қазақстан тұр. Батыста секілді бізде ауыз толтырып айтатындай дата жобалар да көп емес. Жоғары оқу орындарында бұл сала пән ретінде енді енгізілуде. Маман дайындап шығатын профессионалдар саны аз. Сәйкесінше, дата журналистика саласында біздің еліміздің алатын өз орны жоқ. Біздің БАҚ-та дата журналистиканың ажырамас бөлшегі болып саналатын статистика мен үлен көлемдегі деректерді қалай дұрыс қолдану керектігін түсіндіретін көмекші құрал ретінде жазылды. Елімізде бұл ниша бос тұр. Сонымен қатар, статистикалық фактілер мен цифрлардың санын көбейту ақпараттық ортаның дәрежесін жақсартқанын анықтау зерттеудің жаңалығы.
Зерттеудің теopиялық және әдістемелік негіздеpі. Зерттеу барысында дата журналистика ұғымы туралы анықтамалар, видео материалдар, дата жобалар, ашық деректер қоры мен статистикалар қолданылды. Магистрлік диссертацияны жазу барысында жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері ретінде Филипп Мейер, Саймон Роджерс, Вудворд Кэтлин, Стивен және Джастин Льюис, Асхат Садырбай сияқты ғалымдар мен мамандардың ғылыми-теориялық еңбектері мен пікірлерін қарастырдық.
Зерттеудің құрылымы. Диссертация кіріспе, 3 бөлімнен тұратын 2 негізгі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. «Дата журналистика - медиатренд ретінде» деп аталатын 1 тарауда дата журналистиканың тарихы мен қалыптасуы, ғылыми негізі, статистиканың медиадағы орны туралы сөз қозғалады. Ал «Дата журналистикадағы статистика мен мәлімет» атты 2 тарауда Қазақстандағы және шетел медиасындағы статистиканың қолданылуы мен айқындылығы туралы айтылады. Кіріспеде зерттеу жұмысына жалпы сипаттама беріледі: тақырыптың өзектілігі, оның зерттеу объектісі мен пәні, ғылыми жаңалығы мен нәтижесі, әдістері, мақсаты мен міндеттері, зерттеу кезеңдері мен үрдістері анықталады. Материалдың теориялық және практикалық маңыздылығына қысқаша шолу жасалады.
- Дата журналистика - медиатренд ретінде
1. 1 Data-журналистиканың теориялық тұжырымдамасы: тарихы мен қалыптасу үрдісі. Дата журналистика - деректерге негізделген журналистика. Жаңалықтарды терең түсіну және тиісті деректерді бөлектеу үшін статистикалық деректерді пайдалану және зерттеу арқылы репортаждар мен жаңалықтарды жазуды жақсарту тәсілі. Деректер журналистикасын журналистиканың қалған бөліктерінен не ажыратады? Бұл дәстүрлі "жаңалықтар туралы" және қазіргі уақытта қол жетімді сандық ақпараттың кең ауқымы мен көлемді оқиғаларды жеткізуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Дата журналистика журналиске әлеуметтік ғылымдар, деректер және информатика, деректерді талдау, ақпараттық дизайн және сторителлинг сияқты бірнеше пәндер мен құралдарды біріктіру арқылы күрделі оқиғаны айтуға, жеткізуге көмектеседі.
Сандық журналистика дәуіріндегі кестелер, графиктер, карталар, инфографика, микросайттар және визуализациялау құралдары аталмыш журналистиканың бір бөлшектері болып табылады. Дата журналистика жаңалықтарды жариялау кезінде көзге ілінбейтін, көрінбейтін, жасырын мәселелерді ашуы мүмкін. «Дата журналистика» деген ұғым соңғы елу жылдың көлемінде пайда болғанымен, негізгі бастауын «Зерттеу журналистикасынан» алады. Сондықтан бұл кейбіреулер ойлағандай журналистиканың жаңа түрі емес. Бар болғаны - интернеттегі ауқымды деректі сараптап, ішіндегі оқиғаның жайжапсарын түсіндіру. Бұған дейін инвестигейтив (ағыл. investigate, зерттеу) журналистер құпия құжаттың астарына үңіліп, ішінен қоғам үшін маңызы бар дерек тауып, соны баяндайтын. Деректер журналистикасында ақпараттың не статистиканың берілуінде басты назарға коятын нәрсе оның - нақтылығы, өткірлігі. Осылайша, айқын, нақты фактілерге толы мәтінді визуализация құралдарымен өз оқырманына жеткізе білу дата журналистиканың мақсаты.
Деректер журналистикасы мен қарапайым мақалалардың басты айырмашылығы - деректер материалдың «жүрегінде» орналасқан. Инфографика, интерактивті карталар, хронологиялық графиктер, бүкіл журналистік тарих құрылған дөңгелек диаграммалар - бұл деректер журналистикасының өнімдері.
Дата журналистиканы көрсететін ең алғашқы толыққанды материал The Guardian-ның 1821 жылғы зерттеуі болып саналады. Аталған зерттеуде материал авторлары Ұлыбританияның әртүрлі университетіндегі білім алу құны көрсетілген жиынтық кесте жасап шығарады. Материал журналистік тәжірибеде алғаш рет «аудиторияға арналған барлық деректер ашық түрде ұсынылды» деген оң рецензияға ие бола алды.
Ал 1858 жылы Флоренс Найтингейл британ армиясының жағдайы мен жыл сайынғы адам шығынын талдауға арналған зерттеу жасады. 54 беттен тұратын материалында автор кесте мен диаграмма арқылы кең көлемді деректерді көрсетеді. Материалдың негізі ретінде сол кездегі қол жетімді ақпарат көздерінен алынған «шикі» деректер болатын. Найтингейлдің жұмысынан толыққанды журналистік зерттеу туындаған секілді. Себебі оның тұжырымы бейбіт уақытта да армиядағы өлім-жітім басқа шамалас жастағы азаматтардың өлімінен екі есе жоғары екенін айтады. Оның жұмысының жаңашылдығы графиктер мен диаграммаларды пайдалануында емес, «шикі» деректермен жұмыс істеуінде болып отыр. Осы деректердің көмегімен кез келген оқырман анализ жасап, мақалада жарияланған мәліметті пайдасына жаратып, өз бетінше талдай алады.
Дата журналистиканың пайда болуын журналистердің 1952 жылдан бастап жұмысына компьютерлерді қолдан бастауымен байланыстырады.
Журналистикада компьютерлерді қолданудың алғашқы мысалдарының бірі CBS-тің 1952 жылы президенттік сайлау нәтижелерін болжау үшін қолданған. Бірақ тек 1967 жылы деректерді талдау үшін компьютерлерді қолдану кең тарала бастады.
Detroit Free Press газетінің журналисі Филип Мейер бүкіл қалада болып жатқан тәртіпсіздіктерді анықтауға арналған материалына компьютерлік деректерді қолданады. Журналистикадағы Деректерді талдаудың жаңа прецедентін жасай отырып, Мейер 1970 жылдары Филадельфиядағы үкім шығару заңдылықтарын зерттеу үшін Дональд Барретт және Джеймс Стилмен жұмыс жасады. Кейінірек Мейер "Нақты журналистика" атты кітап жазып, журналистикадағы деректерді талдауды біріктіру үшін осы әдістерді қолдануға кеңес берді.
Деректер журналистикасы компьютерлік репортаждың практиктерімен ондаған жылдар бойы бейресми түрде қолданылып келгенімен алғашқы болып тіркелген The Guardian ірі жаңалықтар ұйымыны болатын. Олар 2009 жылы наурызда өздерінің Datablog жобасын іске қосқан. Бұл термин даулы болса да, Wikileaks-тің 2010 жылдың шілдесінде Ауғанстандағы соғыс туралы құжаттары жария етілгеннен кейін кеңінен қолданысқа ие бола бастады. The Guardian деректерді визуализациялауда Google Fusion Tables сияқты тегін визуализация құралдарын пайдаланды.
1980 жылдардың аяғында деректер журналистикасы үшін бірнеше маңызды оқиғалар болды. 1989 жылы The Atlanta Journal-Constitution компьютерлік деректерді өңдеуді қолданған репортаждар сериясы үшін Пулитцер сыйлығына ие болды. Миссури университеті жанындағы Журналистика мектебінде ұлттық компьютерлік Журналистика институты (National Institute for Computer Assisted Reporting (NICAR) құрылды. 1990 жылы бұл институт Индиана университетінде компьютерлік технологияны қолдана отырып, журналистикаға арналған алғашқы конференция ұйымдастырды. Содан бері бұл конференциялар жыл сайын өткізіліп келеді. Сонымен қатар, бұл конференция дата мамандар мен журналистердің ең үлкен кездесетін жеріне айналды.
Жалпы, дата журналистика ұғымы алғаш рет 2010 жылы Амстердамда өткен халықаралық конференцияда тұжырымдалған болатын. Содан кейін журналистиканың бұл саласы ресми түрде қалыптасты. 2010 жылдың екінші жартысынан бастап дата журналистика ұғымы конференциялар мен ғылыми журналдарда қолданыла бастады. Дата журналистика журналиске тартымды инфографика арқылы күрделі оқиғаны оқырманға жеткізуге көмектеседі. Ханс Рослингтің gapminder көмегімен әлемдік кедейлікті бейнелейтін қызықты материалдары бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдарды қызықтырды.
Бұл бағыттың пайда болғанына он жыл көлеміндей уақыт болғанымен, осы тұрғыдағы контентті XVIII ғасырдан табуға болады. Мысал ретінде, 1854 жылы Лондонда, дәлірек айтқанда Сохо ауданындағы тырысқақ ауруы туралы деректерді алуға болады. Британдық дәрігер Джон Сноу эмидемияның себебін білгісі келді. Ол үшін алдымен округтегі барлық індеттер туралы құжаттарды жинап, оларды картаға түсірді. Оларды сумен жабдықтау картасы және канализациямен салыстырды. Канализацияның су тарту құбырымен байланысып, ауру ошағымен сәйкес келгенін байқады. Зерттеу нәтижелері оған жоққа шығарылған «миазм теориясын», яғни қоздырғыштар атмосферада жүретінін дәлелдеуге мүмкіндік берді. Сноу дәрігердің зерттеу жұмысы деректер журналистикасының үлкен әлеуметтік маңызға ие екенінің бір дәлелі. Деректер негізіндегі репортаждар құнды қоғамдық жұмысқа айналды және журналистерге белгілі марапаттарға ие болуға мүмкіндік берді. Бірақ деректер журналистикасының толыққанды бағыт ретінде қалыптасуы бір ғасырдан кейін, яғни цифрлық революциядан кейін және ақпарат қол жетімді болған кезде. Бұлар: ашық деректер, электрондық үкімет, өңдеу және визуализация үшін резервтік шешімдерді тарату, сондай-ақ бигдаттың пайда болуы.
Ресейлік зерттеушілерінің арасында деректер журналистикасына қызығушылық тудыратындардан С. И. Симакова, А. Г. Шилина, И. В. Бегтин және Р. В. Жолудьті атап өтуге болады. Ресейлік зерттеушілер, соның ішінде, И. В. Бегтин деректер журналистикасы туралы былай дейді: «бұл деректер мен оқиғалардың бірге беріліп, заманауи интерфейстер арқылы ұсынылған түрі» дей келе, инфографикаға жақын болғанмен, кез келген инфографиканы дата журналистика деуге болмайды деген. Ал А. Г. Шилина бұл бағытты үлкен және ашық деректерге негізделген ерекше формат деп сипаттайды. Ол дата журналистік жобаларда мәтін де, визуациялық ақпарат та тең үлесте болады дейді. С. И. Симакова деректер журналистикасы - «бұл бірінші кезекте құрал ретінде қызмет ете алатын деректердің үлкен массивін жалпылау, оқиғаны көрсету» дейді. Р. В. Жолудь дата журналистік контенттің «қоғамдық маңызды процестерді анықтауға» әсер ететіндігіне баса назар аударады.
Осы анықтамаларға сүйене отырып, дата журналистиканың екі ерекшелігін атап өтуге болады. Ол ашық деректерді өңдеуге және ақпаратты берудің визуалды түріне негізделген. Көптеген танымал шетелдік медиа платформаларда дата журналистикаға арналған жеке бағандар мен бөлімдер бар. Ең танымалы ретінде төмендегілерді атап өтуге болады:
1) " Datablog " (The Guardian, 2009 жылы іске қосылды) ;
2) " Wonkblog " (Вашингтон пост, баған 2009 жылы іске қосылды) ;
3) " The Upshot " (the New York Times, 2014 жылы іске қосылды) ;
4) " TeleGraphs " (The Daily Telegraph, 2017 жылы іске қосылды) .
Бүгінгі таңда «деректер журналистикасы» термині тіпті журналистерді де шатастырып жатады. Тіпті кейбіреулері оны анықтау мүмкін емес десе, ал басқалары бұл журналистикадағы жаңа дәуірдің бастауы болуы мүмкін деп мәлімдейді (Роджерс, 2013) . Деректер журналистикасын сипаттауға арналған түрлі анықтамалар мен терминдер бар. Мысалы, деректер журналистикасы, деректерге негізделген журналистика, базалық журналистика немесе деректерді визуализациялау. The Guardian-дағы деректер редакторы Саймон Роджерс дата журналистика визуализациядан бастап ұзын сонар мақалаларға дейін стильдердің кең спектріне ие дейді. Ең бастысы, бұлардағы ортақ нәрсе бұл - олардың сандар мен статистикаға негізделген болуы. Сонымен қатар оқиғадан осыларды алуы маңызды болып саналады. Лоренц «Data ―driven journalism: What is there to learn?» іс-шарасында 2010 жылы дата журналистиканы деректерді талдаудың, визуализациялаудың және ең бастысы ― сторителлингтің негізі болатын жұмыс процесі ретінде сипаттайды. Деректер журналистикасы деректерден пайдалы ақпарат алу және мақала жазу процесінде оқырмандарға түсінуге көмектесетін визуализацияны енгізу.
Көпшілігі журналистиканың осы саласын компьютерлік есептеуге Computer Assisted Reporting (CAR) түбірімен енген деп топшылайды. Бірақ ол CAR-дан ерекшеленеді. Себебі оның атқаратын жұмысы журналистика мен есептеу техникасының арасында. Дегенмен де ол CAR-ға жақын. Оған себеп оның ең жақсы негізге негізделуінде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz