Лептоспироз туралы мәліметтер


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

« Ветеринария және биоқауіпсіздік » жоғары мектебі

«Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы » институты

« Жануарлар патологиясы » пәнінен

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Лептоспироз

Орындаған: ВМ-33 топ студенті

Бексұлтанов М. Қ.

Тексерген: а. о. доктор PhD Монтаева Н. С.

Орал, 2021 жыл

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

I ӨЛЕКСЕНІ СОЮ БАРЫСЫНДА ЖАЗЫЛҒАН ПАТОЛОГИЯЛЫҚ - АНАТОМИЯЛЫҚ ХАТТАМА . . . 4

IІ АНЫҚТАЛҒАН АУРУДЫ ТАЛДАУ . . . 5

III ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . . 9

3. 1 Лептоспироз туралы мәліметтер . . . 9

IV НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 12
4. 1 Лептоспироз қоздырушысына биологиялық сипаттама . . . 12

4. 2 Індеттік ерекшеліктері . . . 17

4. 3 Дерттенуі . . . 19

4. 4 Лептоспироздың өтуі және симптомдары . . . 21

4. 5 Паталогоанатомиялық өзгерістер . . . 28

4. 6 Балау әдістері . . . 29

4. 7 Емі . . . 33

4. 8 Иммунитет . . . 34

4. 9 Дауалау және күрес шаралары . . . 35

V ҚОРЫТЫНДЫ . . . 37

VI ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 39

КІРІСПЕ

Қазіргі мал дәрігерлерінің алдында тіршілік ортасын қорғай отырып,

санитарлық жағдайларды ескеріп, халықты жеткілікті мөлшерде азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсаты тұр. Халқымызды мал өнімдерімен қамтамасыз етуәрдайым басты мәселелердің бірі болып табылады. Мұны орындау үшін ауыл шаруашылық малдарын әртүрлі жұқпалы аурудан аман сақтап, өлім-жітімді азайтуымыз керек.

Малдың жеке фермерлік ұстауға көшуге орай мал шаруашылығын

жүргізуді реформалау зооантропоноздар ошағының көп мөлшерінің пайда

болуына қолайлы жағдай туғызады және санитарлық - мал дәрігерлік

бақылауды қиындатады. Оның үстіне Қазақстан Республикасындағы табиғи климаттық жағдай табиғи ошақты инфекциялар мен зооантропоноздардың қалыптасуы үшін қолайлы. Мал мен адам өміріне қауіпті зооантропонозды аурудың бірі-лептоспироз. Лептоспироз табиғи ошақты зонозды індет ретінде Қазақстанның көптеген аймақтарында кездеседі. Соңғы кездері спорадия түрінде ғана емес індет ретінде де белең алып келеді. Лептоспироздың қоздырушысы әр түрлі (серотоптарға) лептоспиралар. Бұл тек ауыл шаруашылығы және үй жануарларын залалдандырып қана қоймай, жабайы аңдарды, табиғаттағы басқа да жәндіктерді зақымдайды.

Республикамыздағы малдардың инфекциялық патологиясында

лептоспироз белгілі бір орын алады. Отандық және шетелдік зерттеушілердің пікірінше, лептоспироз күрделі эпизоотиялық және эпидемиологиялық қауіп төндіреді және зоонозды аурулардың бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта лептоспироз қоздырушылары ауыл шаруашылығы мен үй жануарларының және жабайы аңдардың көптеген түрлерінен тіркелуде.

Қазақстанның бірқатар облыстары мал лептоспирозынан әлі күнге дейін таза емес жекелеген аудандарда аурудың пайда болу және таралу қаупі бар.

Бірқатар зерттеушілердің пікірінше м ал шаруашылығын лептоспироздан сауықтырудағы қиындықтар әр түрлі биологиялық факторлар болып табылады.

Осы аурудың т аралуы, диагностикасы, ауруды жою және оның алдын алу

мәселелері көптеген еңбектерді жарияланғандығына қарамастан, лептоспироз кезіндегі індетке қарсы шаралардың тиімділігі жөніндегі бірыңғай пікір жоқ.

I ӨЛЕКСЕНІ СОЮ БАРЫСЫНДА ЖАЗЫЛҒАН ПАТОЛОГИЯЛЫҚ - АНАТОМИЯЛЫҚ ХАТТАМА

Хаттама № 1

Мал түрі: Ірі қара.

Жынысы: еркек

Тұқымы: Қазақтың ақбасы

Жасы: 3 жас

Түсі: Қара

Ерекше белгісі: жоқ

Жеке номері: №582036

Мал иесі: Құсайынов Ерғазы

Өлген күні: 18. 09. 2017ж

Сойылған күні: 18. 09. 2017ж БҚО ветеринариялық лабораториясы

Союшы: Бексұлтанов Мейрамбек Қобланұлы

Өлексені союға қатысқан адамдар: Бексұлтанов Мейрамбек, көмекші Орынбай Асаубарақ

Мал қашан ауырған. 18. 09. 2017 жыл. Сиыр малы дене температурасы 41С-

қа дейін көтерілген. Азық жұту актісі бұзылған. Дем алысы мен жүрек тамыр соғысы жиілеуі байқалған. Терісі өлі еттенген. Қызудың аяқ кезінде көзге көрінетін барлық кілегейлі қабықтардың сарғаюы пайда болған. Мал қатты жүдеп, күйзеліске ұшыраған.

Қысқаша анамнез: Сиыр өз иесінің қорасында өлген. Ешқандай ем қолданылмаған.

IІ АНЫҚТАЛҒАН АУРУДЫ ТАЛДАУ

1. Сыртқы көрінісі.

Өлексенің жалпы сипаттамасы: Өлексе сол жағымен жатыр, жүні

үрпиіп қампиған, жүндері түскен, арып жүдеген.

Өлексе белгілері: Өлексе температурасы қоршаған орта температурасынан

төмен. Сырттай қарағанда көзге көрінетін кілегей қабықтары және ішкі ағзаларының барлығы дерлік сарғайған. Өлекседе сіресу жоқ. Құлағында,

басында, мойынында қоңыр түсі қабыршақтар пайда болады.

Сыртқы жыныс мүшелері: ойылым жара пайда болған.

Терісі: әртүрлі учаскелерінде некроз ошақтары, кілегей қабаттарының

сарғаюы.

Желін: үрпі жолдары - сыртқы кілегей қабығы некроздалған.

Дене құрылысы: Дұрыс.

Қоңдылығы: Өте нашар, төмен.

Тері астындағы шелі: Теріні сыпырғанда майда қан тамырларының

эндотелийі зақымданып тері шелінде лимон тәрізді сұйықтық жиналған, қан ұйыған.

Көзге көрінетін кілегей қабықтары мен көздің жағдайы: Көзге

көрінетін барлық дерлік кілегей қабықтары сарғайған. Конъюктивасында қасаң қабығы бозарған, , көздің кілегей қабықтары қансызданып кеткен, көз алмасы солғын, көздің маңайында ойылым жаралар байқалды.

Құлағы: Құлақ айналысының жүні түсіп, ойылым жаралар пайда

болған.

Бұлшық еттері мен сіңірлері: солғын тартқан және қою күлгін

түстес, ісік байқалады, майда қан тамырларының қабырғасы эндотелийі жұқарып қан элементтері сыртқа шығып, бұлшық ет тоқымалары бозарып кеткен, дәнекер ұлпасы қанталаған.

Сүйектер мен буындар: Буындары - үсті аздап ісінген, буын қуыстарында аздаған жылтыр сарғылт түсті созылған сұйықтық. Сүйектері - бүтін, жарылған жоқ, анатомиялық тұрғыдан алып қарағанда орналасуы дұрыс.

Сыртқы сөл бездері: Мойын шап бездері 2- 3 есе ұлғайған, бездер

төңірегіндегі тоқымаларда лимон тәрізді сұйықтық іркілген.

Ішкі қуыстар мен мүшелерді зерттеу.

Ауыз қуысы: Ауызында ойылым жаралар пайда болған.

Өңеш: ісік пайда болған.

Танау мен мұрын қуысы: кілегейлі cұйықтық табылды, жылтыр танауда

ойылым жара пайда болған.

Кеңірдек және көмей: кілегей қабықтары жылтыр, домбығу сұйығы іркілген ұсақ қан тамырларының эпилелийі жұқарып өткізгіштігі жоғарылаған, қызғылт -қоңыр түсті, қабынған.

Көкірек қуысы: Көкірек қуысының шымылдығы домбығу сұйығына толған.

Өкпеде: домбыққан, қан кернелген, паренхимасында нүкте және қанталаулар табылды. Бронхтары көбікке толы.

Бездер: Қатты ісінген.

Жүрек: бұлшық еті пісірілген ет түсіндей, түсі өзгеріп сұрғылт рең

алады, сарғыш тартады. Эпикард пен эндокардта қанатлаулар бар. Сол жақ

жүрекше эндокарды қабынған, ішінде ұйымаған қан іркілген.

Қан тамырлары: қан тамырларының эпителийі қабығы экзотоксиндер

әсерінен қабырғасы жұқарған, қан кернеген.

Құрсақ қуысы: Сарғайған, қанталаулар байқалады, сұйықтық іркілген

Қарыны:

Мес қарын: қарынның атониясы нәтижесінде астың жылжуы

азайып, құрғақ нығыздалған азыққа толған, кілегей қабығы қанталаған.

Жұмыршақ: қарынның атониясы нәтижесінде астың жылжуы

азайып, құрғақ нығыздалған азыққа толған, кілегей қабығы қанталаған.

Қатпаршақ: қарынның атониясы нәтижесінде астың жылжуы

азайып, құрғақ нығыздалған азыққа толған, кілегей қабығы қанталаған.

Ұлтабар: кілегей қабығы суланып қабынған.

Бүйрек: Бүйректе қан құйылу байқалады, ісіңкі, сыртқы қабықтары

сұрғылт тартқан, бозарған, болбыр, сарғайған, қабығы қолмен оңай

сыпырылады, көлемі ұлғайған. Бүйрек шумағының қауашағының астында серозды жалқақ жиналған.

Бауыр: көлемі ұлғайған, реңі сары балшық сияқты, қан элементінің

шоғырлануына байланысты кей жерлері қоңырқай. Консинтенсиясы болбыр, тіліп қараған кезде бөлшектік құрылымы байқалмайды, қауашағының ұлпалық бөлімі ұсақ өліеттенген ошақтар мен қанталаулар байқалды. Өт қабы - үлкейген.

Он екі елі ішек: Кілегей қабығы қатты қанталаған, қара қызыл

түстес, қан аралас қабынған.

Ащы ішек: Кілегей қабығы қанталаған, қара қызыл түстес, қан аралас

қабынған.

Мықын ішек: Кілегей қабығы қанталаған, қара қызыл түстес, қан аралас

қабынған.

Тоқ ішек және оның бөліктері: Кілегей қабығы қанталаған, қара қызыл түстес, қан аралас қабынған.

Бүйен: Басқа ішектерге қарағанда ерекше көрінген, кілегей қатты

қабығы қанталаған, қара қызыл түстес, қан аралас қабынған.

Тік ішек: Кілегей қабығы инвагинациясы, гемморагиялық гастроэнтерит

көптеген қанталаулар байқалады.

Талақ: тіліп қарағанда қан молайып қанталаған, сәл еті жұмсарған.

Қуық және несеп шығаратын жолдар: Қуық қою шие түсті зәрге толып

кернелген, кілегей қабығы ісініп, қанталаған.

Лимфа түйіні: аса үлкейген, күлгін қызыл түсті, сірілі инфильтрациялық

жасұнықпен қапталған, қан құйылуы байқалды.

Бас миы мен жұлын: сол түйіндері үлкейген, айналасында жалқақ

жиналған.

Қорытынды бөлім.

Патологиялық-анатомиялық диагноз:

Бауырдың майлану дистрофиясы

Аллопеция

Жалпы анемия

Интерстициальды гепатит

Интерстициальды нефрит

Жүректе түйіршікті және майлану дистрофиясы

Ағзалардың атрофиясы

Бүйректе майлану және түйіршікті дистрофиясы

Қарынның атониясы

Аллопеция

Гемоглобинурия

Уремия

Алдыңғы қарынның катаральды қабынуы

Қосымша лабороториялық зерттеу.

Лептоспирозға диагнозды микроскопиялық, бактериологиялық,

серологиялық және гистологиялық зерттеулер жүргізу арқылы және де

эпизоотологиялық, эпидемиологиялық, клиникалық, патологоанатомиялық

мәліметтер бойынша қояды.

Лептоспироздың диагносикасын арнайы зертханада микроскопиялық,

бактериологиялық, серологиялық зерттеулер жүргізеді.

Тірі малға диагноз қою мақсатында зертханаға цитратталған немесе таза

қанды, несепті, түсік тастаған төлді, шарана сұйықтығын жібереді, ал

өлген малға диагноз қою үшін ұсақ малдардың ұшасын, ірі қара малдың

паренхиматозды мүшелерінің бөлшегін, кеуде және құрсақ қуысынан, қуықтан транссудат жібереді.

Несепті мал табиғи отырып тұрған кезде жинайды, микроскоптың қараңғы

алаңында 6-12 сағаттан кем емес уақытта, қалған патологиялық материалды жазғы уақытта 6 сағаттан кеш емес, ал қысқы уақытта 10-12 сағат аралығында зерттейді.

Жолдама хатта патологиялық материалдың уақыты және де малдың өлген

уақыты, сынама алынған уақытта көрсетілуі тиіс.

Бактериологиялық әдістің негізі ол лептоспирлерді қараңғы алаңда

микроскоп астында иммунофлюоресценнттік әдіс арқылы немесе арнайы ортада боялған препараттар арқылы анықтау және де биосынамаларды зертхана жануарларында зерттеу жүргізу.

Микроскопиялық зерттеуді тамшылау әдісі арқылы анықтайды. Несепті,

кеуде қуысынан, құрсақ қуысынан алынған сұйықтықты таза күйінде немесе центрифугадан өткізгесін бүйректегі, бауырдағы, өкпедегі

суспензияларды алдын ала тұндырып, центрифугалағаннан кейін тұнбаны

зерттейді. Әрбір материалдан кемінде 10 препаратты қарайды 50 көру

алаңында қозғалыстағы лептоспирлерді анықтау үшін.

Қышқыл несепте рН 5, 0-6, 0 лептоспирлер аз қозғалып тез өледі.

Лептоспирлерді фибрин талшықтарынан, сынған спермия құйрықтарынан,

бүтіндігі бұзылған эритроциттерден, вибрионға ұқсас микроорганизмдерден ажырата алу қажет.

Бактериологиялық зерттеуде таза культураны алу мақсатында арнайы

ортаға патологиялық материалдан себінді жасайды. 28-30°С. 28-30°С температурада инкубациялап, ары қарай 5-10 тәулікте культураны зерттейді. Ол үшін зерттелетін қан сарысуын физиологиялық ерітіндімен араластырады 1:50 ден 1:1000 қатынасына дейін.

Антиген ретінде мұражайдағы культуралар пайдаланылады. Реакцияны

көлемі 0, 1 мл планшетте қояды, қан сарысуымен араласқан 0, 1 мл антигенмен бірге. 30°С термостатқа 1 сағат көлемінде пластинкаларды араластырып қояды. Бақылаушы ретінде физиологиялық ерітіндімен антигеннің ерітіндісі негіз болады. Реакцияны тексеру төрткресті жүйе бойынша оқылады.

Диагностикалық титр ретінде 1:50 және де одан жоғары болып саналады.

Өлім себебі туралы соңғы қорытынды:

Жиналған анамнездерге, патологиялық анатомиялық өзгерістеріне, қосымша зерттеулердің нәтижелеріне, белгілеріне сүйене отырып, өлім себебі- лептоспироз деген қорытындыға келдік.

Лептоспироз (Leptospirosis) - табиғи ошақты, дененің қызуы көтерілуі,

гемоглобинурия, кілегейлі қабықтар мен терінің сарғайып, өліеттенуі, ішек-қарынның қимылы нашарлап, буаз малдың іш тастауы, төлді шалажансар тууы арқылы ерекшеленетін жұқпалы ауру. Лептоспироз (Leptospirosis) - сан түрлі жануарлардың табиғи -ошақты

уақыт лихорадкамен, гемаглобинуриямен, кілегей және терінің некрозымен, қарындардың атониясымен, іштастаумен немесе клиникалық белгілерсіз өтетін жұқпалы ауруы.

III ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

3. 1 Лептоспироз туралы мәліметтер

Лептоспироз (Leptospirosis) - сан түрлі жануарлардың табиғи -ошақты

уақыт лихорадкамен, гемаглобинуриямен, кілегей және терінің некрозымен, қарындардың атониясымен, іштастаумен немесе клиникалық белгілерсіз өтетін жұқпалы ауруы.

1930ж. С. Н. Никольский, Ф. М. Десятов және Г. Ф. Марченко

пиропламидозды иктерогемоглобинурия деп ажыратты. Сол жылдары

Н. А. Михин адамдағы Вейль ауруын иктерогемоглобинурия қоздырушысы

спирохета болғандықтан ұқсастырды.

Ірі қара лептоспирозы АҚШ (1943), Аргентина (1947), Англия (1949),

Жапония (1949), Канада (1952), Италия (1951) елдерінің зерттеушілерімен

сипатталып жазылды.

Лептоспироздың таралуы туралы A. Elgersma, D. J. Peterse, K. P. Mallick,

S. K. Srivastana, R. Vetra еңбектерінде көрсетілген .

Көптеген авторлардың зерттеулерінің қорытындысы бойынша ІҚМ

лептоспирозы жаңбыр көп жауған уақытта тарайтыны анықталды. Сонымен қатар Квинслендте осындай жаңбырлы кезде L. Hardjo түрі таралған. A. G. Carrollмен R. S. F. Campbell осы елдегі лептоспирозды зерттей келе аурудың таралуына топырақтық-климаттық факторлар әсер ететінін анықтады. Жаңбырдан кейін көбінесе L. Hardjo түрі көп кездеседі. Аурудың таралуы жауын-шашынның көлеміне байланысты екенін анықтады.

Лептоспироздың этиологиялық құрылымы әртүрлі. ДДҰ эксперттерінің

мәлімдеуінше Европада көбінесе Pomona, Tarassovi, Icterohaemorrhagiae,

Canicola, Grippotyphosa, Australis, Bataviae, ал Ballum, Javanica, Autumnalis және Cynopteri сирек кездеседі. Азияда барлық серотип кездеседі. Австралияда -Pomona, Tarassovi, Australis, Icterohaemorrhagiae және Grippotyphosa, Америкада- Pomona, Hardjo, Tarassovi, Wolffi, Canicola, Icterohaemorrhagiae кездеседі.

ЧССР-да союға әкелінген ІҚМ 75, 8%-де лептоспирозға қарсы антидене

табылған. Жіті кезінде температура көтеріледі, пневмония, генатонефритті

синдром, репродукцияның бұзылуы (мастит, агалактия, іш тастау) байқалады.

Авторлар аурулардың таралуы лептоспироздың әсері бар екенін айтады.

Лептоспирозға жауап берген сиырларда нефриттің синдромдары көрінген. Польшада жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша 29%

малдың арнайы антиденелері табылған. Көбінесе ірі қараларда

лептоспиралардың Sejroe сероварына қарсы антиденелер табылған.

Бактериологиялық зерттеулердің барысында лептоспиралардың Hardjo

сероварына қарсы антиденелер табылған .

Бұрынғы СССР-дағы аудандары мен республикаларындағы деректер өте

құнды. Я. В. Нуйкин және А. А. Глушковтардың және СССР-дағы ірі қара

лептоспирзының эпизоотиялық процесстерінің даму көрсеткіштерін талдау жасай келе, союздың 14 республикасында ІҚМ лептоспирозы тіркелгені көрсетеді. Аурудың таралуының соңғы 10 жылдағы салыстырмалы көрсеткіштері Тәжікстан, Молдавия, Армения, Қырғыстан, Өзбекстан елдерінде жоғары екенін көрсетеді. Литва мен Түркменияда аурудың таралу көрсеткіші төмен .

РСФСР-да аурудың орташа көрсеткіші 2, 86%-ға тең. Аурудың жоғары

таралу көрсеткіші Чечено-Ингушетияда байқалған. Бұл аумақтардағы ІҚМ

лептоспирозының жоғары таралу көрсеткіші, адамдардың лептоспирозының жоғары көрсеткішіне сай келуі.

Башкурияда бұзаулардың арасында лептоспироздың жаппай таралуының

нәтижесінде 54%-ға дейін өліммен аяқталған. Ауырған бұзаулардың қанынан Pomona лептоспираларына қарсы антидене табылған .

А. А. Глушковтың деректері бойынша лептоспироздан кейін шығын өте

жоғары, себебі ауру кезінде малдардың өлімі 45%-ға дейін жоғарылайды, сүт өнімділігі 22-37%-ға дейін төмендейді, салмақтары 18-28%-ға дейін төмендейді, ұрпақтардың өлімі 90%-ға дейін жоғарылайды .

Б. К. Семко мен Ф. Н. Павлов РСФСР-да Белгородск облысындағы

лептоспирозды зерттей келе ІҚМ қан сарысуына Pomona, Tarassovi, Hebdomadis лептоспираларына қарсы антиденелерді тапқан. Клиникалық жағынан сау деп алынған ІҚМ Hebdomadis серотобына 1:400-1:1600 титрде оң нәтиже көрсеткені, ал ауырып жазылған малдардың Pomona және Tarassovi лептоспираларына оң нәтиже көрсеткені байқалған.

Қиыр Шығыста ІҚМ лептоспирозы мерзімді байқалады. Қыс айларында

ауырған жануарларың көлемі 2, 7%-ды құраса, жаз айларында 73, 2%-ға дейін өседі. Жаз айларында аурудың көп болуы ауруға бейім мал бас санының көбеюімен, қоздырушылардың активтілігінің жоғарылауы және таралу жолдарының көбеюімен байланысты.

А. Л. Бондаренко Киров облысындағы эпидемиологиялық және

эпизоотологиялық жағдайларды бағалай келе ІҚМ лептоспирозына оң

көрсеткіш көрсету 1993 жылы-16, 1%, ал 1999 жылы-40, 6%-ға дейін жеткен. Малдардан лептоспиралардың Sejroe (58. 75%), Grippotyphosa (22. 37%) және Tarassovi серотоптарына қарсы антиденелер бөлініп алынған . Солтүстік Кавказдағы малдардың лептоспираларға серологиялық зерттеу барысында, ірі қара арасында лептоспираларға оң көрсеткіш көрсету пайызы 1978-1987 ж. ж. 22, 5% құраса, ал 1988-1997 ж. ж. бұл көрсеткіш 32% дейін өскен. П. И. Барышников, З. М. Резниченко және В. А. Апалькин сынды ғалымдар 1965-1995 жылдары лептоспирозға эпизоотиялық талдау жүргізе келе 269 қауіпті пунктерін анықтаған. Бұлардың ішінен 214 ошақ ІҚМ тиесілі, ауырғандардың ішінде көбісін, яғни 56, 8%-ын ІҚМ құрайды .

Ресейде де жүргізілген серологиялық және бактериологиялық

зерттеулердің материалдары бойынша, зерттеу жүргізілген барлық

шаруашылықтарда ІҚМ лептоспирозы тіркелген .

ІҚМ лептоспирозы Кубан елінде кең таралған 100 мың бас ірі қараға

шаққандағы ауру көрсеткіші 16, 2%-ға жеткен. Сонымен қатар ІҚМ

лептоспирозының этиологиялық құрамын лептоспиралардың Pomona (32. 6%), Tarassovi (18. 5%), Grippotyphosa (15. 8%) және тек 21%-н Icterohaemorrhagiae серотоптары құрайды.

Литва аумағында ІҚМ лептоспирозының себебінің негізін Гриппотифоза

(36, 1%), Гебдомадис (20, 9%) серотоптары құрайды.

Серологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша Қырғыстандағы

серопозитивті малдардың саны 5, 7% -ға дейін жеткен. Оң жауап көрсеткен жануарлардың барлығынан Гебдомадиске-50%, Тарассова-22, 6%, Помона-17%, Гриппотифоза-10% антиденелер табылған .

ВГНКИ қызметкерлері А. И. Сергиенко, Б. Р. Омельяндар айтуынша

Ресейдегі ІҚМ мал лептоспирозының этиологиялық құрамын Гебдомадис, Сейро және Гриппотифоза серотоптары құрайды. Соңғы жылдары ІҚМ лептоспирозының негізгі себебі болып келген Помона лептоспирасының рөлі төмендеп оның есесіне иктерогеморрагия серотобының рөлі жоғарылауда.

Лептоспиралардың басқа серотоптары ІҚМ лептоспирозын қоздыруда аса

қауіпті емес.

Қазақстанда лептоспирозды зерттеу Барташевечтің атымен байланысты.

Ол 1938 жылы Алатау бөктерінде адамдар арасында шыққан лептоспирозды бақылаған. Лептоспироздың адамдар арасында шығуы 40-шы жылдарда да кездескен. Жануарлар арасында лептоспироздың таралуы соғыс кезінде ауыл шаруашылық жануарларын тасмалдау кезінде кездескен. Соғыстан кейінгі жылдарда еліміздің барлық аумақтарында адамдар мен жануарлардың лептоспирозбен жаппай ауруы байқалады, сонымен қатар аурудың табиғи және шаруашылық ошақтары анықталды .

М. Х. Агузарова лептоспироз ошақтарының классификациясын былай

бөлді: табиғи, ауылдық және қалалық. Сонымен қоса ол ауылдық ошақтарды инфекцияның бастауы болатын белгілі бір жануарлар түрін бөлуді ұсынды .

IV НЕГІЗГІ БӨЛІМ

4. 1 Лептоспироз қоздырушысына биологиялық сипаттама

Spirochetalis қатарының (порядок) Leptospiraceae тұқымдастығы

Leptospira туыстастығына жатады (lepto-нәзік, ұсақ, spira- грек тілінде иір,

серіппе деген сөз) . Leptospira туыстастығына екі түр енеді, паразиттік етуші- L. interogans және өзінше өсіп-өнетін (сапрофир) - L. biflexa. Барлық

лептоспиралар морфологиялық жағынын бірдей: денесі жіп тәрізді, екі ұшы имектеніп бітеді, өте белсенді қозғалыста болады. Олар бір-бірінен антигендік құрамы бойынша ажыратылады. Әр түрдің өзі көптеген серологиялық варианттарға жіктеледі. Сондай-ақ әр варианттың белгілі бір типті штаммы бар. Қазіргі уақытта L. interogans 23 топқа біріккен 202 сероварға, ал L. biflexa 38 топқа жататын 68 сероварға бөлінеді (Ю. Г. Чернуха, 1979) . Елімізде мал лептоспираларының 7 серотобы бөлініп алынды.

Қазіргі кезде лептоспиралардың негізгі токсономиялық бірлігі серовар

болып есептеледі, сондықтан қоздырушысының атауының соңында оның

варианты көрсетілуі тиіс. Мысалы L. interogans серовар hardjo. Лептоспироздың қоздырушысы лептоспиралардың бір ғана түрі L. interogans болғандықтан, арнайы әдебиеттерде серовар атауы ғана көрсетіледі.

Морфологиялық және тинкторияльды қасиеттері. Лептоспиралардың

бүкіл денесі бойында орналасқан ұзынша жіңішке болып келетін осьтің

көмегімен қозғалады, бұл жіпшелерге цитоплазмалық спираль бұранда

тәрізденіп оралады. Спиральдің алғашқы орамдары өте ұсақ болады, біріне-бірі тығыз жымдасып жатады. Алғашқы орамдарға қоса денесі де ирелең келеді. Осы ирелеңдерінің пішініне және көлеміне қарай леділері де кездеседі. Лептоспиралардың екі шеті қармақ тәрізденіп иілген, бірақ қармақсыздары да жоқ емес. Қайсы бір особьтарының шеткі буылтық болады. Клеткасының ұзындығы 7-15 мкм, бұдан ұзын особьтары да кездеседі (30 мкм және одан да астам), ені 0, 1-0, 25 мкм. Спора және талшық түзбейді. Жылдам қозғалғышты Leptospira микроорганизмдері тұқымдасының диагноз қою үшін пайдаланылатын ерекше қасиеттерінің бірі. Қоздырғыш кәдімгі анил бояуларымен нашар боялады. Арнайы әдістер (Левадити бойынша күмістен импрегнациялау, Романовский-Гимз бойынша бояу) жақсы нәтиже береді .

Культурасын өсіру. Лептоспиралар әдеттегі қоректік орталарда өспейді.

Оларды өсіру үшін Терскихдің, Ферворт -Вольфтің, Любашенконың нашар сілтілі сұйық орталарда (рН 7, 2-7, 4) пайдаланылады, бұлардың құрамында үй қоянының немесе қошқардың қанының сарысуы болады (5-10%) .

Лептоспиралар қатты қоректік ортада (лептоспиралардың колонияларын

бірінші рет 1952 ж. Цирони, Карлифанти, Воратц Картгофтың ортасына 1, 5-2% агар және 10% көлемінде қоянның қанын қосып дайындайды) колониялар құрады, олар күліңгір, мөлдір, күнгірт түсті гомогенді дискілер. Тыныс алу жағынан олар аэробтар қатарына жатады. Олар екіге бөлінуі арқылы көбейеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ит лептоспирозыауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Лептоспироздың экпресс - диагностикасына проф Б. К. Ильясовтың толық емес гемагглютинация тестісін қолдану
Ірі қараның лептоспирозы
Лептоспирозды зертханалық балау әдістері
Лептоспироз індетінің эпизотологиялық ахуалы
Лептоспирозды балау, дауалау және сақтандыру шаралары
Жануарлардың лептоспироз ауруын зертханалық балау
Лептоспироз иа кезіндегі иа сойыс иа өнімдерін иа ВСС иа және иа санитарлық иа бағалау
Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау.Басқа көлік түрлерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың ерекшеліктері
Вакцина егу профилактикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz